АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Моноклонды антиденелер

Ғылыми зерттеулерде және медициналық практикада антидене қолдану аймағы үнемі кеңеюде. Мұнда белгілі бір антигенмен бай-ланысатын, яғни тар арнайы антиденелер бағаланады. Антиденені қарапайым әдіспен жануарларды егу арқылы алу жолында біртекті антидене препараттары алынбайды, ойткені иммунизацияланған жануарлар қанында әртүрлі арнайылы кең спектрлі антидене-лер болады, ал қосымша еккенде иммуноглобулиндердің әртүрлі класыиа жататын антиденелер синтезделінеді.

Бұл жағдайдың шешілуі - қажетгі арнайы антидене түзетін жіасуша клондарын бөлуі мен дақылдандыруы болып көрінді. Бірақ, антиденетүзүші жасушаньщ өмір сүру уақыты шектеулі, яғни 10 күйге дейін ғана. Өткен ғасырдың 50-ші жылдарындағы иммунохимиктер иммуногяобулин құрылысын зертгегенде монокловды антвдене қолдана бастаған, яғни олар лимфоидты ісік жасушаларының - миеломаның өнімдері. Миелома — ол сүйек кемегі жасушасынан дамитын ісік. Ол антидене түзетін шектеусіз көбейетін лимфовдты жасушалар клондары болып табылады. Бүл антиденелердід арнайылығын әркез табуы және негізі, құрастыруы қиын болып кеяеді.

Сонымен, біртекті, яғни моноклонды антиденелер алудьн мақсаты - берілген арнайы антиденелерді түзетін шектеусіз көбе-юші жасушалар клонын алу болды. Бүл мақсатгы 1975 жылы Г.Келлер мен Ц.Милъштейн қалыпты лимфоцитгер мен миелоидты жасушаларды қоректі орталарда қосып, гибрид алған. Гибридома алу бірнеше кезеңнен тұрады: миелоидты линиясын алу; көкбауыр жасушаларын организмнен алу; дақыл алу үшін екі жасушаларды бір-бірімен қосу; жасушалар қосылғаннан кейін, клондарды алу. Осы кезеңдерді азоттық сүлықга консервациялап, дайындайды. Миелоидты жасушаларды тышқандардан алады.

Селекция арқылы Г.Келлер жэне Ц.Мильштейн, керекті арнайьшығы бар антиденелер синтездеуге (алғашқьт- антидене өндіруші жасуша ретінде) және жасанды ортада шексіз өсуге (миелома жасушалары ретінде) қабілетті гибрид жасушаларьш беліп алған. Осылай, гибридтік жасушаларға өзгеше мәңгілік қасиеті пайда болған. Дэл осы жасушалық гибридтер түрін гибридома деп атаған. Индивидуалды гибридтік жасушаны бөліп алып, дақылдандырьш, клон алуыяа болады. Бұндай клон іп VIіго бір антигендік детерминантасына арнайы антвденелерді көп мөлшерде өндіреді.

Егер гибридома антиденелер синтездесе, оларды моноклонды аптиденелер деп атаймыз, Тәжірибелердің көрсетуіне қарай,

 

гибридомалар мен қолданған барлық жасушалар біркелкі антиденелер синтездеуін барлық параметрлер бойынша бұ л анти-денелер абсолютті ұқсас, яғни мококлонды антиденелерді тек ғаан моноклонның өнімі ғана емес, сонымен бірге бүл біркелкі муногбулиндердің таза препараты. Моноклонгонды антиденелер бір изотипке, бір аллотипке жатпады және оларда бірдей өзгермелі апмақтары, қүрамы жэне идиотипі болады.

1984 жылдың ақпан айында Г.Келлер мен Ц.Мильті. төйн «іп үііхо» моноклонды антиденелер алудың гибридомішык технологиясын ашқан үшін Нобель сыйлығына ие болған.

Қазіргі кезде моноклонды антиденелерді дүние жүзіндегі фармацевтикалық өндірістерінде шығарады, өйткені слар иммунологиялық зертгеулерде маңызды рөл агкарады. Оларды ерекшелі фенотиптік маркерлері бар жасушаларды іріктеуде: әр жасушалар бетіндегі молекулалардьщ қызметтерін анықтауда; антигендердің күрделі қоспаларын талдауда; әр даму кезеңідегі, сонымен қатар, эмбриогенездегі жасушалардың антигеңцік құра-мын талдауда және тағы басқа зерттеулерде пайдаланадьу,

Кейбір жағдайда, моноклонды антиденелер қолдануы — бірқатар ғылыми проблемаларды шешудің бір ғана тәсілі болып келеді. Мысалы, осы техниканы пайдаланып, вдиотиптер (антиденелердің активті орталығының антигендік детерминантталары) және иммундық жауаптың идиотиптік реттелуі туралы ілім дамыған.

Клиникада моноклонды антиденелер адамның нммундық статусын бағалауында, лимфоциттердің субпопуляцияларын іріктеуінде кең қолданылады. Белгілі бір антигендерге моноклонды анти-денелер адамдағы жедел лейкоздьң түрін дифференциялауында қолдаяыладьі. Ісік метастаздарын анықтауда, жасушалық улармен конъюгацияланған иммунотоксин ретінде қатерлі ісіктердің бірне-ше түрінде арнайы емдеуде қолданылады. Бүл көптеген қатерлі ісікті емдеуге арналған емде қолдакады. Ғс-үзіидісі жоқ мутантты МКА іп vitro жағдайында дэрілік заттардың зарарсыздандыруын-да қолданады. Мысалы, дигоксин немесе басқа дәрілік препараттармен уланғанда.

Қазіргі кезде гендік инженерия жетістіктері жаңа, гуманизацияланған моноклонды антиденелер дайындауга мүмкіндік береді.

 

 

Олар адамньщ әртүрлі патологиялық жағдайларында иммунды емде қолданатын жаңа арнайы дәрілік препараттарды дайындауъшда оте перспективті. Оларды тышқандардың моноклонды антиденелерінің V-гендері мен адамдардың иммуноглобулиндерінің керекті изотиптік С-гендерімен қосып, дайьндайды; ол гибридттік антиденелердің арнайылығы тышқанның, ал антигендік қасиеті негізі адамның гендерімен анықталады.

Моноклонды антиденелер қазіргі кезде зерттеу, диагностикалау және емдеу мақсаттармен кең пайдалануда және оларды эксперименталды және клиникалық медицинада қолдану аймақтары үнемі әлде де кеңейеді.

 


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1790 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)