АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Элективті орталар

TCBS агары – тырысқақтың диагностикасы үшін коммерциялық құрғақ орта (рН 8,6). Өлшемдер және дайындау әдісі нұсқамада көрсетіледі.

Агарлы түрлі-түсті дифференциалды орта – АТДО.

Келесі жазба бойынша дайындалады:

1) казеин гидролизаты - 83 – 166 мл (50 – 60 мг% аминдік азотқа дейін)

2) жүгері экстракты (20% концентрацияда) - 25 мл (2,5%)

3) өт (нативті, стерильді) - 50 мл (5%)

4) натрий хлориді - 10 г (1%)

5) натрий бикарбонаты - 4 г (0,4%)

6) натрий тиосульфаты - 10 г (1%)

7) натрий цитраты - 10 г (1%)

8) темір цитраты - 1 г (0,1%)

9) сахароза - 20 г (2%)

10) бромтимол көгі - 0,04 г (0,004%)

11) тимол көгі (сілтілі қатардың) - 0,04 г (0,004%)

12) агар – агар (тафуинді ұнтақ тәріздес) - 15 г (1,5%)

13) дистилденген су - 1 л-ге дейін

14) рН 8,5 – 8,7

Казеинді гидролизатты алдын ала дәкелі фильтр арқылы өткізеді., 50-60 мг% аминді азотқа дейін дистилденген сумен сұйылтады. Содан кейін қоспаны қайнатады және қайнап жатқан ерітіндіге индикаторлардан басқа ортаның барлық компоненттерін қосады. Қоспаны агар-агардың толық еруіне дейін қайнатады, содан кейін 20% сілтілі натрий ертіндісімен сілтілейді рН деңгейі 8,5 – 8,7, индикаторлар қосады да 2-3 мин тағы да қайнатады. Содан кейін ортаны мақта-дәкелі фильтр арқылы өткізеді, құяды және 20 мин 0,5 атм. (1100) қысымында стерилдейді.

Вибриондарды идентификациялауға арналған орталар.

Лактозды-сахарозалық орта:

Келесі жазба бойынша дайындалады:

1) пептон - 5 г (0,5%)

2) хлорлы натрий - 5 г (0,5%)

3) лактоза - 10 г (1%)

4) сахароза - 1 г (0,1%)

5) агар-агар* - 10 г (1%)

6) Андреде индикаторы - 40 мл (4%)

7) Дистилденген су - 1 л

8) рН7,2-7,4

Суық суға пептон, хлорлы натрий, агар-агар қосады. Қоспаны агар-агардың толық еруі үшін қыздырады, содан кейін лактоза мен сахарозаны қосады да, тағы да 5 мин қайнатады. Қоспаны араластырады және 20% сілтілі натрий ертіндісімен сілтілейді рН деңгейі 7,4 – 7,6 жеткізіліп, Андреде индикаторын қосады. Содан соң ортаны мақта-дәкелі фильтр арқылы өткізеді және 5-7 мл-ден стерильді пробиркаларға құяды да, 20 мин 0,5 атм. (1100)-да стерилдейді. Дайын ортаны Рессель бойынша қиялап қатырады, агарда бағана және қия беті болу қажет. Ортаның түсі ашық болады.

Рессел ортасы: лактозды-сахарозалық орта сияқты дайындалады, бірақ сахарозаның орнына сол мөлшерде глюкозаны алады.

Гисс ортасы:

Келесі жазба бойынша дайындайды:

1) пептон - 10 г (1%)

2) хлорлы натрий - 5 г (0,5%)

3) көмірсу - 5-10 г (0,5 – 1%)

4) дистилденген су - 1 л

5) Андраде индикаторы - 10мл (1%)

6) немесе бром-тимол көгінің 1,6% спиртті ертіндісі - 1 мл (0,1%)

7) немесе бром-тимол көгінің 0,4% ерітіндісі - 1 мл (0,1%)

8) рН7,2-7,4

1% пептонды суға (рН 7,2-7,4) калий нитраты жоқ (селитралар), 0,5% натрий хлориді бар 1% Андреде индикаторын (немесе бром-тимол көгінің 1 мл 1% спиртті ерітіндісін, немесе бром-тимол көгінің 1 мл 0,4% ерітіндісін) қосады. Ортаны қалтқысы бар пробиркаға құяды және 0,5 атм. (1100) кезінде 20 минут немесе 3 күн қатарынан тепе-тең уақытта 30 минуттан ағынды бумен стерилдейді.

Хью-Лейфсон ортасы:

Келесі жазба бойынша дайындайды:

1) агар – агар * - 3 г (0,3%)

2) пептон - 2 г (0,2%)

3) хлорлы натрий - 5 г (0,5%)

4) екіалмастырылған калий фосфаты - 0,3 г (0,03%)

5) глюкоза - 10 г (1%)

6) бромтимол көгі - 0,03 г (0,003%)

7) дистилденген су - 1 л

8) рН 7,0-7,2

Суық суға пептон, хлорлы натрий, агар-агар қосады. Қоспаны агар-агардың толық еруі үшін қыздырады, содан кейін калий фосфаты мен глюкозаны қосады да, тағы да 5 мин қайнатады. Қоспаны 20% сілтілі натрий ертіндісімен сілтілейді рН деңгейі рН 7,4 – 7,6 жеткізіледі бромтимол көк индикаторын қосады. Содан соң ортаны мақта-дәкелі фильтр арқылы өткізеді және 4-5 мл-ден стерильді пробиркаларға құяды да, 20 мин 0,5 атм. (1100)-да стерилдейді.

* - агар-агар мөлшері оның сорты мен сапасына тәуелді болады. Сондықтан, агар-агардың жаңа партиясымен жұмыс істер алдында, оның мөлшерін айқындау үшін ортаға қосылатын қайнату сынамаларын жүргізу керек.

Аминқышқылдарының декарбоксилазалар мен дигидролазаларын анықтауға арналған орталар

Меллер орталары:

Келесі жазба бойынша дайындайды:

1) пептон - 5 г (0,5%)

2) жас бұзау етінің құрғақ экстракты - 5 г (0,5%)

3) қызыл күрең бромкрезолдың 1,6 % ерітіндісі - 0,6 мл (0,06%)

4) қызыл крезолдың 0,2% ерітіндісі - 2,5 мл (0,25%)

5) глюкоза - 0,5 г (0,05%)

6) пиродексаль - 5 г (0,5%)

7) немесе B6 витамині - 0,1 мл 5% раствора

8) аминқышқылдары (лизин, аргинин, орнитин) - 10 - 20 г (1 – 2%)

9) дистилденген су - 1 л

10) рН 6,0

Барлық ингредиенттерді (аминқышқылдарынан басқасы) ерітіп, индикатор қосады және ортаны 4 бөлікке бөледі: біріншісіне 1% (10 г) лизинді, екіншісіне - 1% (10 г) аргининді, үшіншісіне 1% (10 г) орнитинді (егер аминқышқылдары DL–изомерлерінде болса, оларды 2%-дан (20 г) қосады) қосады, төртінші бөліміне аминқышқылдарын қоспайды (ортаны бақылау). Стерилизациялау алдында аминқышқылдарды қосқаннан кейін, қажет жағдайда ортаның реакциясын 0,1% тұз қышқылы ерітіндісімен түзетеді. Орталарды 1-2 мл-ден стерильді пробиркаларға құяды және 0,1-0,2 атм. (1000 - 1050) қысымда 20 мин стерильдейді. Ет экстракты жоқ болған жағдайда, 1: 1 қатынасындағы етті және дистилденген суды қолданады.


Дата добавления: 2014-12-11 | Просмотры: 2367 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)