Фёдор Григорьевич Углов
1 г фуксин қышқылын 200 мл дистилденген суда ерітеді және 32 мл 1 N сілтілі натрий ерітіндісін қосады да, 370С термостатқа 24 сағатқа қояды, содан кейін қағаз сүзгіш арқылы сүзеді. Қара түсті ыдыста салқын қараңғы жерде сақтайды. Қышқыл ортада индикатор қызыл түске боялады.
Тырысқақтың зертханалық диагностикасы бойынша әдістемелік нұсқауға
16-шы қосымша
Қойлардың эритроциттерін алу және оларды консервілеу
Консервіленген эритроциттерді Грейг сынамасында тырысқақ вибриондары штамдарының гемолитикалық белсенділігін анықтау үшін қолданады. Қойлардың эритроциттері жаңадан дайындалған болу керек және тоңазытқыш жағдайында 5-7 күннен көп емес сақталады. Сапасы жағынан жаңадан дайындалғаннан кем түспейтін қойлардың консервіленген эритроциттерін де қолданады.
Жануардан алынған қанды шыны моншағы бар стерильді сауыттарға салады және 10-15 мин бойы сілкілейді. Дефибринделген қанды басқа стерильді сауытқа құяды және консервант қосады. Шайылған эритроциттер езіндісінің ертіндісін дайындау үшін консервіленген қанды центрифуга пробиркаларына құйып 2-3 мың айналымда 10-15 минут бойы центрифугалайды. Тұнбаның бетіндегі сұйықтықты төгіп тастайды. Пробиркаға стерильді физиологиялық ерітіндіні қосады және қайтадан центрифугалайды. Осылай мөлдір тұнба үсті сұйықтығын алғанша 2-3 рет қайталайды. 1% эритроцит езіндісінің ертіндісін алу үшін 0,1 мл жуылған эритроциттерге 9,9 мл физиологиялық ерітіндісін қосады. 1% эритроциттер езіндісінің ертіндісін +4 °С 2-3 күн сақтайды.
1.Бор қышқылы бар консервант рецепті:
бор қышқылы - 40,0 г.
глюкоза - 50,0 г.
физиологиялық ерітінді -1 л.
100 мл дефибринирленген қойдың қанын консервілеу үшін бор қышқылы бар 15 мл консервантты алады. Консервіленген эритроциттерді тоңазытқыш жағдайында 3-4 ай сақтауға болады.
2. Алсевер консервантының рецепті:
сахароза - 20,5 г.
хлорлы натрий - 8,0 г.
натрий цитраты - 4,2 г.
дистилденген су - 1 л-ге дейін.
Консерванттың 10% лимон қышқылымен жеткізілетін, рН-ортасы 6,1 болуы керек. Алсевер консервантында глюкозаны сол мөлшерде сахарозамен алмастыруға болады. Консервілеу үшін қан мен консервантты бірдей мөлшерде алады. Консервіленген қанды тоңазытқышта +4°С-де 2-3 ай сақтауға болады. Консерванттарды стерилизициялау оларды дайындап болғаннан кейін су моншасында немесе 3 күн бойы ағынды буда 100°С температурасында күніне 20 минут жүргізеді.
Тырысқақтың зертханалық диагностикасы бойынша әдістемелік нұсқауға
17-ші қосымша
топтама
тырысқаққа күдікті науқастан материал алу үшін
(денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық көмек көрсетуінің барлық этаптарында)
| Тығыз жабылатын қақпағы бар кең мойынды стерильді банкілер
| 2 дана
|
| Шыны түтікшелер
| 4 дана
|
| Түтігі бар резеңкелі үрімше
| 1 дана
|
| Анализге жіберу (бланкілер)
| 4 дана
|
| Лейкопластырь
| 1 қорап
|
| Қарандаш
| 1 дана
|
| Полиэтиленді пакеттер
| 3 дана
|
| Дәкелі сүрткілер
| 6 дана
|
| Металды бикс
| 1 дана
|
| Пакеттегі хлорамин
| 1 дана
|
| Пробиркадағы алюминий ілмектер
| 3 дана
|
| 70%-ды спирт
| 200 гр
|
| 1%-ды пептонды су
| 50 мл
|
| Материалды алудың нұсқауы
| 1 дана
|
| Медициналық клеенка
| 1 м.
|
Фёдор Григорьевич Углов
Дата добавления: 2014-12-11 | Просмотры: 534 | Нарушение авторских прав
1 | 2 |
|