Тестер травматология , ортопедия 4курс ОМ
1.Қай бұлшықет байламы шынтақ өсіндісіне бекиді?
а. бицепс
б. трицепс
в. білек пронаторы
г. жалпы бүккіш саусақ бұлшықеті
д. шынтақ бүккіш бұлшықеті
2.Кәрі жілік нервінің зақымдануы кезінде қай бұлшықет қызметінің бұзылуы байқалады?
а. білек пронаторы
б. саусақтарды бүгетін терең бұлшықеттер
в.саусақтарды бүгетін беткей бұлшықеттер
г. қол басын кәрі жілікке қарай жазатын бұлшықет
д.қол басы теноры
3. Қандай жарақаттарда кәрі жілік мойнының резекциясы мүмкін?
а. Монтеджи сынығы
б. басының ығысуымен жүретін кәрі жілік мойнының сынығы
в. ығысусыз жүретін кәрі жілік сүйек мойнының шеттік сынығы
г. кәрі жілік басының бөлшектенген сынығы
д. кәрі жілік басының оқшауланған шығуы
4.40 жасар ер адам кәрі жілік басының резекциясы операциясын өткерді.Операциядан кейін білезікті бүгіп, білезіктің I саусағын алып кете алмайды.Қандай диагноз болуы мүмкін?
а. кәрі жілік нервінің травматикалық зақымдануы
б. орталық нервтың травматикалық зақымдануы
в. кәрі жілік нервінің операция кезінде жарақаты
г. орталық нервтың операция ішілік жарақаты
д.шынтақ нервінің операция ішілік зақымдануы
5. Әкесі баласының жоғары көтерген қолынан құлап қалмаудан ұстап қалғаннан кейін, 4 жасар бала оң қолын көтере алмайды, қолы дене тұсында салбырап тұрып қалады. Қандай диагноз жиі болуы мүмкін?
а. иықтың шығуы
б. шынтақ буының капсула –байламдық аппаратының тартылуы
в. жауырынның үстіңгі және астыңғы сүйек бұлшықетінің тартылуы
г. кәрі жілік басының пронациялық шығуы
д. бұғана шығуы
6. Буын ішілік тоқпан жілік сынуына жатады:
а. үлкен бұдырмақ сынығы
б. хирургиялық мойын сынығы
в. кіші бұдырмақ сынығы
г. бұдырмақтан кейінгі сынық
д. анатомиялық мойын сынығы
7. Тоқпан жіліктің төменгі 3\1 сынғанда остеосинтез неден басталады
а. Тоқпан жілік артериясын жекелеп алудан
б. шынтақ нервін жекелеп алудан
в. ортаңғы нервті жекелеп алудан
г. кәрі жілік нервін жекелеп алудан
д. сынық бөлшектерін жекелеп алудан
8. Тоқпан жілікті қаңқалық тарту немен жүргізіледі?
а. Титов доғасы
б. Кузмин шинасы
в. Кожукеев шинасы
г. ЦИТО алып кету шинасы
д.Каплан шинасы
9. Тоқпан жіліктің травматикалық шығуын түзегеннен кейін иммобилизация уақыты:
а. 3 тәулік
б. 7 тәулік
в. 10 тәулік
г. 14 тәулік
д. 21 тәулік
10. Тоқпан жіліктің травматикалық шығуынан кейінгі ойналмалы шығудың пайда болуына әкелетін ең мүмкін болатын себебі
а. шығуды наркоз жағдайында салу
б. Куленкамф бойынша салу
в. Тоқпан жілікті жарақаттан кейін 4 тәулік бойына иммобилизациялау
г. Тоқпан жілікті жарақаттан кейін 3 тәулік бойына иммобилизациялау
д. шығуды салғаннан кейін иммобилизацияның болмауы
11. Тоқпан жіліктің шығуы ескірген болып саналады,егер науқас дәрігерге трмвмадан соң қанша уақытта көрінсе?
а. 3күн
б. 7күн
в. 10күн
г. 14күн
д. 21күн
12. 40жастағы ер адам қабылдау бөліміне травма алған күні ауру сезіміне, сол жақ иық буынының қимылының бұзылуына шағымданады. Анамнезінде құқық қорғау органдары қызметкерлері жұмыс барысында оған миллициялық қайырып ұстау әдісін қолданған. Жалпы қарап тексергенде: Жауырынның акоомиальді өсіндісінің ерекшеленуі және өсіндіасты жұмсақ тіндердің батып түруы, пассивті қимылда буынның серіппе тәрізді кері ығысуы. Қандай диагноз нақты болып келеді?
а. Тоқпан жіліктің басының сынуы
б. Тоқпан жіліктің хирургиялық мойынының сынуы
в. Тоқпан жіліктің үлкен төмпешігінің сынуы
г. алдыңғы тоқпан жіліктің шығуы
д.артқы тоқпан жіліктің шығуы
13. Тоқпан жіліктің проксимальді бөлігінің жиі кездесетін сынығы
а. басы
б.үлкен бұдырмағы
в.кіші бұдырмағы
Дата добавления: 2015-02-05 | Просмотры: 804 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
|