АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Ажырату диагнозы

Прочитайте:
  1. Ажырату диагнозы

Диагностика

· диагноз шағымдары

· анамнез мәліметттері

· отоскопия т.б. зерттеу нәтижелеріне негізделіп қойылады.

Қарау: егер фурункул сыртқы есту жолының кіреберісінде орналасса, оны ешқандай құралдар көмегінсіз көруге болады, ал басқа жағдайларда тар құлақтық астауша көмегімен қарайды.

Отоскопияда: сыртқы есту жолын тарылтып тұратын, домалақ, томпайған, гиперемияланған, қабынған тері көрінеді.Дабыл жарғағы өзгермеген(93-сурет).

Ажырату диагнозы

· жіті отиттың асқынуы мастоидиттен ажырату

· ісіну және ауырсыну ең бірінші айқын құлақ қалқанында, мастоидит кезінде емізік тәрізді өсінді маңындакөрінеді;

· рентгенограммада самай сүйегінің қараюы көрінеді;

· дабыл жарғағы қалыпты және есту қабілеті төмендемейді.

Емі:

1. қабыну процессінің абортивті ағымына қол жеткізу үшін антибиотиктер қолданылады. Антистафилококкты әсері бар оксациллин, ампициллинді –тәулігіне 4 рет тамаққа дейін 1 сағат бұрын 0,5 г-н ішке қабылдайды. Ауру ағымы ауыр болған жағдайда аугментин 0,375 г күніне 3 рет немесе цефалоспориндер тобының препараттары-цефалексин, цефазолин тағайындалады.

2. жергілікті қабынуға қарсы терапия. Сыртқы есту жолына 3% бор қышқылы және глицериннің спиртті ерітіндісіне батырылған турунданы енгізеді.

3. дене қызуын түсіретін және қабынуға қарсы препараттар-панадол, эфералган тағайындалады.

4. рецидивирлеуші фурункулдарда аутогемотерапия қолданылады.

5. кейбір жағдайларда стафилококкты анатоксин тағайындалады.

6. медикаментозды терапиямен физиоемді: УФО, УВЧ, СВЧ қатар жүргізіледі.

Фурункулды ашуға көрсеткіштер:

- фурункулдың пісіп (көбінесе 4-і күні), жетілуі;

- ауырсынудың күшеюі;

- қоршаған тіндердің инфильтрациясы;

- регионарлы лимфадениттің күшею кезі.

Фурункуезді тілу тактикасы:

1. кесуді жергілікті инфильтрационды анестезиямен фурункулдың үлкейіп тұрған жерінен бастайды;

2. іріңді алып тастап,дренаж мақсатымен сыртқы есту жолына гипертониялық ерітіндімен турунданы енгізеді;

3. Оны әр 3-4 сағат сайын ауыстырады.

Диффузды сыртқы отит (otitis externa diffusa)

Анықтамасы:

Сыртқы дыбыс жолы терісінің іріңді жайылған қабынуы, сүйекті бөлігіне, теріасты қабатына және көп жағдайда дабыл жарғағына таралады (96-сурет).

96-сурет. Сыртқы отит

 

Этиологиясы:

· механикалық жарақат

· жылулық жарақат

· химиялық жарақат

· іріңді ортаңғы отит кезінде инфекцияның түсуі

· қоздырғыштар:грам оң Pseudomonas aerugenosa, S. Pyogenes

· саңырауқұлақтар

· организмдегі көмірсу алмасуының бұзылысы

· организмнің тұрақтылығы төмендегенде, аллергиялық жағдайлардың әсер етуі.

Клиникасы:

Ағымы бойынша:

· жіті

· созылмалы

Жіті сатысында:

- тері қышуы

- емізікшені басқанда ауырсынуы

- құлақтан іріңді бөліністердің бөлінуі

Отоскопияда жіті сатысында сыртқы дыбыс жолының жарғақты –шеміршекті бөлігінде:

· айқын көрінетін тері гиперемиясы мен инфильтрациясы анықталады (96-сурет).

· ісінген тері дыбыс жолының тесігін әртүрлі дәрежеде тарылтады.

· десквамацияға ұшыраған эпидермис және жағымсыз иісі бар іріңнен тұратын ботқа тәрізді масса көруге болады.

· дабыл жарғағы біраз гиперемияланған және ыдыраған эпидермиспен қапталады.

Аурудың созылмалы ағымында белгілері:

- айқын көрінбейді

- бірінші орында дыбыс жолы терісінің және дабыл жарғағының қабыну инфильтрациясы нәтижесінде қалыңдауы

Дифференциальды диагноз:

· ортаңғы құлақ аурулары;

· саңырауқұлақты отит;

· вирусты отитпен;

Сыртқы отит кезінде ортаңғы отитке қарағанда есту төмендейді. Саңырауқұлақты қабыну жоқ екенін көз жеткізу үшін саңырауқұлаққа тексеру жүргізеді. Сондай-ақ, вирусты инфекция кезінде өзіне тән герпестік бөртпе және артқы құлақ кеуілжірі беткейінде,сырғалықта және дыбыс жолының артқы қабырғасында көпіршіктер, ал тұмау кезінде –өзіне тән буллалар болады. (97-сурет)

Емі:

1. Диетотерапия: ащы және бұрышталған тағамдары жоқ, көмірсуды шектейтін, витаминдерге бай емдәм тағайыналады.

2. Қабынуға қарсы терапия. Гипосенсибилиздеуші (димедрол супрастин, товегил кларитин, кальций препараттары) және флораға себу

. 97-сурет Отоскопия

нәтижесін ескере отырып және оның түрлі антибактериальды заттарға сезімталдығын анықтап өткізеді.

3. Процесс өршіген кезде және құлақтан бөліністер болғанда 1:5000 фурацилин ерітіндісімен дұрыстап жуады және құрғатады. Құлаққа тамшылар, ал қышыну кезінде 2-5 % ақ сынаптық май, 1% шабдалы майындағы ментол, 2-3 % салицилді спирт тағайындалады.

4. Жергілікті гликокортикостеройдтармен емдеу. Құрамында глюкортикоиды бар майларды қолдану жақсы нәтиже береді, ол майларға: белогент, белодерм, белосалик, целестодерм және т.б.

5. Физиоем. УФО, УВЧ, гелий –неонды лазермен сыртқы дыбыс жолының қабырғасын сәулелендіреді. Үнемі рецидивирлеуші ағымда стафилококқа қарсы анатоксин,аутогемотерапия қолдану көрсетілген.

Дабыл жарғағының зақымдалуы.

Эпидемиологиясы:

Ортаңғы құлақ жарақатындағы дабыл жарғағының жарылуы науқастардың 90% - да кездеседі.

Этиологиясы:

- құлақтан соққы алған кезде;

- есту жолындағы қысымның кенеттен жоғарлағанда немесе төмендегенде;

- суға секіргенде;

- механикалық зақымдалулар кезінде: дабыл жарғағының тура зақымдалуы құлаққа манипуляция жасағанда, әртүрлі заттармен құлақты шұқығанда, яғни шимен, түйреуішпен тазалағанда байқамай жарып алуында;

Дабыл жарғағының жарылуы жиі ортаңғы құлақтың отитіне әкеледі.

Отоскопия:

- дабыл жарғағында қан құйылу

- гематома

Дабыл жарғағыныңтолық зақымдалуы:

· ыстық сұйықтық немесе химиялық заттар құйылып кеткенде болады.

· самай сүйегінің пирамидасының көлденең сынығында болуы мүмкін, яғни сыну сызығы дабыл сақинасы арқылы өткенде пайда болады.

· дабыл жарғағының жарылуында құлақта ауырсыну, шуылдар мен естудің бұзылуы болады (98-сурет).

Емі:

1. Біріншілік көмек: есту жолына стерильді турунда немесе бор спиртіне малынған мақталы шарикті енгізумен шектелу керек.

2. Ортаңғы құлаққа қабыну тарамас үшін антибиотиктер тағайындалады.

3. Ал тесікті жабу үшін әртүрлі көлемдегі пластикалық материалдар қолданылады: меатотимпанальды лоскут, самай бұлшықетінің фасциясы және т.б.

Отогематома – құлақ қалқанының шеміршек аралығына және шеміршек арасына қанның құйылуы мен гематоманың пайда болуы.

 

Әсер етуші ықпал: құлақтан соққы алғанда немесе құлақ қалқаны ұзақ жаншылғанда пайда болады.

Типтік локализациясы – құлақ қалқанының алдыңғы бетінің үстіңгі үштен бір бөлігі.

Отгематома кезінде:

· теріде жұмсақ көгерген ісіктер

· жиі флюктуация

· кейде терінің түсі қалыпты

· науқасты кейде ауырсыну мазалайды

· жайсыз күйде сезінеді. (99-сурет)

Болжамы:

· өзінен өзі жазылуы мүмкін

· ұзаққа созылса іріңдеуі мүмкін

· хориперихондритке, одан кейін құлақ қалқанының әжімденуіне ұшырауы мүмкін.

Ортаңғы жарақаттық отит және мастоидит.

Анықтамасы:

Ортаңғы жарақаттық отит –бұл жарақаттың әсерінен пайда болатын дабыл жарғағының әрбір бөлімінің және емізікті өсіндінің жіті қабынуы.

Ортаңғы жарақатты отитте қабыну белгілерімен қоса, диагностика мен емінде ескеретін өзінің ерекшеліктері бар.

Ықпал ететін факторлар:

Бассүйектің, мидың, омыртқаның зақымдануы. Патогенезі:

· дабыл жарғағы зақымданбағанда инфекция ортаңғы құлақ қуысына есту түтігі арқылы енеді;

· дабыл жарғағының үзілуімен қоса жүреді;

· дабыл қуысының екіншілік инфицирленуі және жіті ортаңғы отиттің дамуы;

· есту сүйекшелерінің зақымдануы, балғашықтың, төстіктің сынығы шығуы мүмкін.

· жарақаттан кейін тін реактивтілігінің төмендеуі, мастоидиттің дамуы;

Диагностикасы:

· отоскопия

· отомикроскопияның

· импедансометрия

· тимпанометрия және тимпанопластика

· невропотолог пен нейрохирург кеңесі

Емі

1. ашық жарада біріншілік хирургиялық өңдеу, есту жолына бор спиртіне малынған турунда салынады;

2. антибактериальды терапия;

3. тампонопластика, есту сүйекшелерінің және дабыл жарғағының жарақаттарында қабынудан кейін дабыл жарғағының трансформациялық механизімін қалпына келтіру мақсатында қолданады.

Жіті талаураған ортаңгы отит

Анықтамасы:

Талаураған ортаңғы отит – ортаңғы құлақтың іріңсіз қабынуы.

Бұрын бұл ауру әртүрлі атаулармен аталғандығы белгілі:

- Евстахий түтігінің талаураған кабынуы;

- ортаңгы құлақтың сірнелі талаураған кабынуы;

- секрегорлы отит;

- тубоотит;

- талаураған сальпингоотит;

- туботимпаналды қатар;

- Евстахий түтігінің жабылуы және т.б.

Осылардың біреулері этиологиясын (ауру тудыратын себепті), ал кейбіреулері оргаңғы құлақтағы және есту тутігіндегі морфологиялық өзгеріс ерекшеліктерін анықтайды.

«Талаураған ортаңғы отит» термині бұл процестің маңызын әбден толықтырып, яғни есту түтігі жабылғаннан кейінгі ортаңғы құлақтағы өзгерістерді сілемейлі қабықтағы талаураған өзгерісті және жиналған сірнелі транссудатты көрсетеді (108-сурет).

Аурудың пайда болуына әсер ететін факторлар:

· Мұрын қуысы мен мұрын-жұтқыншақ қуысындағы қабыну процестерінің есту түтігі мен дабыл қуысының сілемейлі қабықтарына таралуы; Әдетте бұл ауру кезінде жалпы организмде катты езгерістер байқалмайды.

· есту түтігінің өткізгіштік қызметінің жіті бұзылуы.

Евстахий түтігінің қызмпеттері:

1. ауа алмастыру (вентиляциялык) қызметі: қалыпты жағдайда есту түтігі шеміршекті-жарғақты бөлігінде бір-біріне тиіп жатады, сондықтан жабық күйде болады және есту түтігінің саңылауы жұтыну қимылында, есінегенде ашылады да ауа ортаңғы құлаққа енеді. Бұл жағдайда ортаңғы құлақтағы сыртқы және ішкі ауа қысымы теңеседі.

2. дренаждық қызмет і: ортаңғы құлақта жиналған сұйықтықты немесе іріңді мұрын куысына қарай жіберу.

Аурудың дамуы (патогенезі):

· мұрын және оның қосалқы қойнауларының, мұрын-жұтқыншақ қуысының қабыну процестері (мысалы ринит, синусит, аденоидит) есту түтігіне таралып, қабыну тудырады.

· есту түтігі кабынғанда, түтіктің саңылауы бітеледі де, дабыл қуысына ауа өтпейді, яғни дабыл қуысында ауа алмасу қызметі бұзылады.

· қалған ауа біртіндеп капиллярға сорылу (оттегі) әсерінен азаяды, дабыл қуысының ауа қысымы біртіндеп сиреп, төмендейді.

· дабыл жарғағы ішке тартылады.

· дабыл куысындағы және сырқы есту жолындағы дабыл жарғағына түсетін ауа қысымдарының айырмашылықтары пайда болады.

· дабыл қуысындағы кысым азаяды, дабыл қуысындағы ауа кысымының бәсеңдеуі әсерінен сілемейлі қабықтың қан тамырларының қанға толуы, қанның іркілуі (стаз) пайда болады.

· тамырлардың ішіндегі қанның сұйық бөліктерінің дабыл қуысына шығып, транссудат пайда болады.

· жіті талаураған ортаңғы құлақтың қабынуы пайда болады. Дабыл куысының сілемейлі қабығының қабынуының салдарынан транссудат экссудатқа айналады.

Клиникасы:

Біріншіден:

· науқас кұлағының ішінде бөгде зат тұрғандай,

· құлақтың бітелуі,

· есту қаблетінің төмендеуі.

Екіншіден:

· құлағының ішінде ызың пайда болуы,

· басын қимылдатқанда құлақтың ішінде сұйық заттектің қозғалысын сезінуі.

· қатты сіңбіргенде және түшкіргенде есту қаблетінің кенеттен жақсаруы (Евстихий түтігі арқылы ауаның ортаңғы құлаққа баруының салдарынан).

· суық және ылғалды ауада болған уақытта есту қаблетінің төмендеуі.

· аутофония, науқас өз даусының ауырған құлаққа дүңгірлеп, қатты естілетінін айтады (ауырған құлағы бірге сөйлейді немесе жаңғырады).

Отоскопия кезінде:

Ø дабыл жарғағының ішке қарай тартылуы;

Ø балғашаның қысқа өсіндісі сыртқы есту жолына қарай шығып түруы (109-сурет);

Ø балғашаның үлкен сабы горизонтальды қалыпта орналасып, отоскопиялық қысқаруы;

Ø дабыл жарғағының алдыңғы және артқы балғаша қатпарларының айқын көрінуі;

Ø конус тәрізді сәуле кейде көрінбей, өте қатты қысқарып кетуі;

Егер дабыл куысында транссудат көп мөлшерде жиналса, ол дабыл жарғағының сыртқа қарай томпаюына әкеледі. Дабыл қуысының төменгі бөлігінде жасыл-сарғыш түсті сұйықтық дабыл жарғағы арқылы айқын көрініп тұрады, кейде басын әртүрлі бағытта қозғап – ауыстырғанда сұйықтық козғалып, естуінің жақсарғаны байқалады. Дабыл жарғагының түсі көбінесе көрініп тұрған транссудаттың түр- сипатына байланысты.

Отоскопияда транссудаттың жиналуына байланысты дабыл жарғағының түсі:

- сарғыштау,

- ақшыл сұр,

- коңыр,

- көкшіл.

Көп жағдайда мысалы, транссудат букіл дабыл куысын толтырмаған жағдайда сұйықтықтың денгейін аңғаруға болады және бұл сұйықтықтың деңгейі науқас басын козғалтқанда ауысатындығын аңғаруға болады.

Диагностикасы:

· Аудиометриялық тексеру: есту қаблетінің нашарлауы көбінесе дыбыс өткізгіш аппаратының зақымдалғандығын көрсетеді, әсіресе ауа арқылы өткізудің төменгі жиілігінде.

· Аурудың толық белгілерін анықтау:

- анамнезді мұқият жинау

- жоғарғы тыныс жолдарын карау(риноскопия)

- отоскопиялык қарау

- есту қабілетін зерттеу әдістері. Барлық жағдайда да, мысалы құлақтың есту қабілеті кенет төмендегенде, бұл кезде құлағы қақсап ауырмаса, онда жіті талаураған ортанғы отит деп ойлауға болады (кұлақ құлыгының жоқтығына көз жеткізгеннен соң).

Емі:

1. негізгі мақсат есту түтігінің өткізгіштік қабілетін қалпына келтіру

2. дабыл қуысындағы транссудатты алу. Ол үшін: мұрын қуысына тамыртарылтқыш тамшыларды тамызамыз: галозалиннің 0,05-1% ерітіндісін, нафтизин ертінділерін т.б бұл кезде есту түтігінің қуысы кеңейеді. Полптцер әдісі бойынша мұрын арқылы құлақты үрлейміз, бұл кезде есту түтігі ашылады да дабыл куысының ішіндегі сұйық заттек мұрын қуысына келуі мүмкін.

3.физиоем (УВЧ, соллюкс). Дабыл қуысында жабыспалар мсн тыртықтардың пайда болуын болдырмау үшін дабыл жарғағына ауамен массаж жасау керек (вибро және пневмо-массаж).

4. жасалған емдеу әдістері көмектеспесе, мұрын және мұрын-жұтқыншақ қуысындағы әртүрлі патологиялық өзгерістерді операция жасау арқылы қалпына келтіреміз (мұрын далдасының қисаюы, мұрын полиптері, мұрын-жұтқыншақ бадамша безінің ұлғаюы т.б). Кей жағдайда дабыл қуысындағы сұйықтық кетпейтін болса, дабыл жарғағын қолдан тесіп, дабыл қуысын ашуға тура келеді (парацентез).

- арнайы парацентез инесі арқылы дабыл жарғағының артқы төменгі ширегіне жасайды.

- парацентез дабыл қуысындағы транссуддатты қайтарып қана қоймайды, сонымен бірге дабыл қуысында жабыспалар мен тыртықтырдың пайда болуынан сақтандырады,

- жарғақтың өзінше жарылуынан, тесілуінен сақтайды, өйткені парацентез жасаған жердің тегіс шеттері өте тез бітіп кетеді. Мұндай операциядан кейін науқастың есту қабілеті жақсарады.

5. аллергияға карсы дәрілерді, мұрын қуысының сілемейлі қабықтары да аллергиялық өзгерістерге ұшыраған жағдайда қолданамыз (супрастин, тавигиль, кальций хлориді т.б.).

 

Ортаңғы құлақтың ірінді жіті қабынуы.

Анықтамасы:

Дабыл қуысының шырышты қабығының іріңді жіті қабынуы, қабыну процессіне ортаңғы құлақтың барлық бөлімдері қатысады(синонимы – жіті ортаңғы іріңді отит) – жиі кездесетін, кең таралған және катты көңіл аударатын отиатриялық аурулар қатарына жатады.

Ортаңғы құлақтың барлық аурулары:

- қабынудан кейінгі дабыл жарғағындағы тыртық,

- дабыл қуысының жабысып қалуы,

- әртүрлі дистрофиялық кұбылыстар (есту сүйекшелері құрылымының өзгеруі),

- аурудың созылмалы түрге ауысуы

Америка авторларының мәліметтеріне қарағанда, Америка халқының 60 % жағдайдағы кұлақ мүкістігі, бала кезіндегі ауырған жіті іріңді отитпен байланыстырылады.

Жіті ортаңғы іріңді отит – жалпы аурулар қатарына жатады, инфекциялық қабыну процесі ортаңғы құлақтың барлық ауа тасығыш қуыстарының сілемейлі қабығын қамтиды.

Талаураған ортаңғы отитпен салыстырғанда, жіті ортаңғы іріңді отитке мынандай ерекше белгілер тән:

1.Басталуы кенет, дамуы қарқынды, құлағы қатты қақсап ауы-
рады, есту қабілеті шұғыл төмендейді, дабыл жарғағында өзгерістер
пайда болады.

2.Ірінді экссудат-бұл ортаңғы құлақтың сілемейлі қабығындағы қабыну процестерінің ақырғы өнімдерінің пайда болуы.

3.Ағзада жалпы өзгеріс реакциялары байқалады.

Этиологиясы:

Жиі монофлора- әртүрлі патогенді микроорганизмдермен шақырылады (стрептококк, стафилококк, пневмококк, күл таяқшасы, протей т.б).

Ең жиі қоздырғышы – гемолитикалық стрептококк және пневмококк.

Патогенезі:

Ортаңғы құлаққа инфекцияның ену жолдары:

1. Ең жиі жол – ринотубарлық жол (есту түтігі арқылы).

2. Тым сирек жол – гемотогенді (қан арқылы әртүрлі жұқпалы ауруларда –қызылша, қызамық, күл, сүзек, туберкулез)

3. Ең сирек жол – жарақаттық (травмалық).

Жіті отитте және оның асқынулар патагенезінде келесі жағдайлардың маңызы (ролі) зор:

1. Микробтың түрі мен оның биологиялық қасиеті

2. Ағзаның иммунобиологиялық жағдайы (ағзаның реактивтілігінің ерекшелігі)

3. Науқастың жас шамалары (жаңа туған және емшек жасындағы балалардың дабыл қуысында, антрумында миксоидты (эмбрионалды) тіндер болады

4. Емізік тәрізді өсіндінің кұрылысы

5. Бұрынғы ауырған аурулардың әсерінен, құлақта пайда болған морфологиялық өзгерістерге байланысты.

6. Мұрынмен және мұрын-жұтқыншақтың жағдайы.

7. Жалпы аурулармен және әлеуметтік- тұрмыстық жағдайлар. Емізік тәрізді өсіндінің құрылысы ортаңғы құлақтың жіті қабыну барысына өз әсерін тигізеді және мастоидиттің, субпериосталдық іріңдіктің даму және инфекцияның бассүйек куысына таралу мүмкіншілігін анықтайды.

 

Барысы:

Жіті отиттің клиникалық көріністері әралуан, осыған байланысты белгілерін және барысын жеке топтарға сәйкес орынды көрсете білу керек, бірақ бір-бірінен патогенезінде және клиникалық көріністерінде айырмашылықтары бар.

 

Сондықтан практикалық тұрғыда келесі топтарға бөледі:

1. Дағдылы немесе әдеттегі отиттер.

2.Жұқпалы аурулар және қатты ауыр аурулар кезінде кездесетін отиттер.

3.Зақымдалу салдарынан пайда болған отиттер.

4.Жаңа туған және емшек жасындагы балалар отиттері.

 

Патологоанатомиялық тұрғыдан: асқынған және асқынбаған отиттер деп бөлінеді. Асқынған отиттер – кабыну процесінің сүйекке өтуімен түсіндіріледі.

Клиникасы

Жіті отиттің барысында:

· субьективтік белгілер

· жалпы белгілер

· обьекгивтік белгілер

Бірінші кезеңнің субъективтік белгілеріне мыналар жатады:

а)құлағының ауруы, ауруы құлақтың тереңінен сезіліп,
біртіндеп көбейіп және ауру сезімі әр алуан түрлі болып келеді:

· шаншып,

· қақсап,

· бұрғылап,

· сұққылап,

· атқылап ауруы,

· кейде сондай мазасын кетіріп, тыныштығын бұзады,

· түнге қарай күшейіп ұйқысын қашырады.

Бұндай құлақтың қатты ауру себебі
- дабыл қуысының сілемейлі қабығының ісінуі және ондағы іріңді
экссудаттың тіл-жұтқыншақ жүйкесінің дабыл тармағын және үшкіл
жүйкені кернеп-қысуыэкссудат әсерінен болады (110-сурет). Дабыл жарғағы өздігінен тесілсе немесе парацентезден кейін ауырсыну азаяды.

Б)құлақтың есту қабілетінің төмендеуі, кейде науқас адам
бұл белгіге көп көңіл бөледі.

Бұл белгінің пайда болу себебі: дабылжарғағының және есту сүйекшелері тізбектерінің қимылдауының шектелуіне байланысты, сондықтан бұл кезде негізінен дыбыс өткізгіш аппарат белгілерінің зақымдалғаны көп көрініс береді.

В) құлақтың шыңылына, бітіп қалу және бірдеңеге толып тұру сезіміне науқас бірінші күні-ақ көңіл бөледі. Құлақтың шыңылы, әдетте пульспен бірге соғып тұрады, өйткені бұл қан тамырлары қызметінің бұзылуы нәтижесінде, соларды нервтердің тітіркендіруі әсерінен пайда болады.

Жалпы белгілері;

а) Жіті отититтің бірінші сатысында науқастың жалпы жағдайы:

· нашарлайды

· дене ыстығының көтерілуі байқалады

- жеңіл түрінде 37-38° С,

- ауыр түрінде 38-39°С

· дененің қалтырауы, бұл жағдайда дене қызуын әрбір 2-3 сағат сайын тексеру отыру керек. Өйткені дененің қалтырап-тітіркенуі әдетте аурудың асқынуы кезінде байқалады (мастоидитте, синустромбозда).

б) Көбіне қан тамыр соғысы жіті ортаңғы отиттерде дене
кызуына сәйкес келеді. Қантамырының соғу жиілігі жылдамдаса,
немесе соғуы сиректеніп бәсеңдесе, мүмкіншілік асқынулардың ха-
баршысы ретінде дәрігерлердің назарының қырағы болуын талап
етеді. Өйткені қан тамыры соғысының жылдамдауы – дененің канта-
мыры арқылы улануында (сепсисте), ал бәсеңдеуі ми іріңдіктерінде
байқалады.

в) Науқас адамның көңіл-күйі. Көбінесе жіті отитте дене
ыстығының көтерілуі байқалсада, науқастың жалпы көңіл-күйі
жақсы жағдайда болып тез арада жазылып кетуі мүмкін. Кейбір
уақытта дене ыстығы қалыпты немесе субфебрильді болып, ал жал-
пы көңіл- күйі жаман жағдайда болса, (тамаққа тәбеті жоқ, жаман ма-
засыз ұйқы және т.б. жағдайлар) онда ауруы көпке созылып, әртүрлі
асқынулар беруі мүмкін, (мастоидит, эпидуральды немесе перисину-
озды іріндіктер).

г) Қан құрамы өзгерісінің жіті ортаңғы отиттің өту барысын және жалпы ағзаның жауабын бағалауда маңызы зор.

· қаннын қызыл түйіршіктері (эритроциттер) саны азаяды

· ал ақ түйіршікгері (лейкоциттер) саны көбейеді.

· егер кабыну қатты немесе асқынған жағдайда өтетін болса, онда лейкоциттер саны 15-20 мыңға дейін жетуі мүмкін.

· ЭТЖ айтарлықтай көтеріледі.

Емі:

Жіті оттиті емдеу барысында алға мынандай мақсат қоямыз:

1. қабыну процесін шектетіп, тоқтату негізінен консервативтік емдеу түріне бағытталған және оның самай сүйек ішіне, ортаңғы құлақтың ауа тасығыш қуыстарына таралып жайылуына кедергі жасау.

2. субъективтік және объективтік белгілерін жеңілдету (азайту).

3. тұрақты анатомиялық өзгерістердің және есту қызметінің бұзылуына жол бермеу, оның пайда болуының алдын алу.

Ең алдымен:

· науқас адамға тыныштық беру керек, төсек режимін сақтап және жеңіл тамақ берілуі шарт.

· мұрынға тамыр тарылтқыш тамшылар тағайындаймыз (әртүрлі пайыздағы галозолин, нафтизин, эфедрин ерітінділерін), бірінші кезеңдегі құлақтың қақсап ауырғандығын басу үшін сыртқы есту жолына ауру сезімін басатын дәрілерді тамызған жөн (кокаин қосылған карболды-глициринді тамшылар, камфор майы, глицерин, 1-3% бор қышқылы, 70% спирт т.б.).

· құлақ зондымен және мақта аркылы сырткы есту жолынан іріңді тазарту (3 % сутегінің асқын тотығымен немесе әртүрлі дезинфекциялық дәрілермен жуған жөн). Әр түрлі антибиотиктер қосқан спиртпен жуу немесе құлақ ішіне дәрілерге малынған дәкемен тығын қою керек (диоксидин, иодинол, софра-декс ерітінділерін, күрделі эмульсия).

· антибиотиктер, сульфаниламидтер, дене қызуын түсіретін және сезімталдықты төмеңдететін дәрілерді тагайындаймыз (пенициллин, норсульфазол, аспирин, аналгин, супрастин т.б.).

· парацентезді 1-2 тәулік ішінде ауру саябырламай қайта ұлғайса, дабыл жарғағы өз бетінше жарылмаса және асқыну белгілері болса жасаймыз, яғни дабыл жарғағын қолдан тіліп дабыл қуысын ашамыз.

Шварц-Левин ұсынысы бойынша парацентез жасауға үш көрсеткішдердің бар болуы шарт:

1. Құлақтың қатты ауыруы (қақсауы).

2. Дене қызуының көтерілуі (38,5 – 39° С)

3. Дабыл жарғағының томпаюы

Емнің соныңда Политцер немесе катетер әдістері арқылы құлақты үрлеу және дабыл жарғағына ауамен массаж жасау керек.

Жұқпалы аурулар кезіндегі отиттер

Отиттің бұл түрлерін айырмашылығы бойынша арнаулы топқа

бөледі:

1.Жалпы жұқпалы ауруларда жіті отит ағза әлсіреген жағдайда өтеді.

2.Аурудың барысында инфекция өзінің ерекше арнайы

таңбаларын калдырады.

Барлық жұқпалы аурулар (грипп, кызамык, кызылша, күл) көбінесе жоғарғы тыныс жолдарының қабыну процестерімен бір уақытта басталады немесе бірге жүреді. Бұл жоғарғы тыныс жолдарының қабыну процестері әдетте жіті отитті тудыратын бірден-бір себеп болып табылады. Арнаулы қоздырғыштар (инфекциялар) ортаңғы кұлаққа есту түтігі аркылы беріледі. Инфекциялық аурулардың алғашқы сатысында қоздырғыштар ортаңғы құлаққа қан аркылы беріледі.

Жұкпалы аурулар кезінде жіті отиттің екі түрін айырады:

1.Бірінші түрі, дағдылы – отиттерден айырмашылығы есту барысы көбіне ауырлау болады.

2.Екінші түрі, жұқпалы ауруларға тән белгілер мен

ерекшеліктер айқын көрінеді.

Гриппозды отит (тұмаудан кейінгі отит) - қанды отит (геморрагиялық).

Этилогиясы:

· фильтрлі вирус ортаңғы құлаққа кан арқылы түсуі

Патогенезі:

Гриппозды отит кезінде ерекше гриппке тән – дабыл жарғағында, сыртқы есту жолдарының терісінің астына қан кұйылғандығын және көпіршіктердің пайда болатындығын көруге болады. Егер бұл процеске 2-3-ші күндері есту түтігі арқылы кіретін микробтар косылса, онда бұл қабыну өте ауыр өтеді, көп жағдайда бір уақытта ішкі кұлақтың қабынуы мумкін.

Клиникасы:

· аурудың басталуы қарқынды

· кұлағы қатты ауырады

· басы ауырады

· үшкіл нерв және үлкен шүйде нервтер бойымен ауырсыну байқалады

· бір уақытта есту қабілетінің төмендейді

· құлақтың шуылы байқалады

· кейде науқас басы айналғандығын, лоқситындығын айтып шағымданады

· дабыл жарғағы тесілгеннен кейін құлақтан қан араласқан экссудат ағады. Бұл аурудың тағы бір ерекшелігі, онда қабыну процессі және пайда болатын тесік дабыл жарғағының жоғары шрапнельді (керілмеген) мембрана бөлігінде орналасады.

Қызылша кезіндегі отит - некроздық отит.

Қызылшамен ауырғандардың ішінен жіті отитпен ауыратындар аз мөлшерде кездеседі, көбінесе аурудың бірінші немесе екінші аптасында.

Ауру барысы: отиттің белгілері және барысы жалпы инфекцияның ауырлығына байланысты. Көп жағдайда өту барысы -

· ауыр және өте ауыр субьективтік белгілсрімен бірге жүреді.

· қабыну жылдам басталып, дабыл жарғағы спонтанды тесіледі.

· және катты ірінді-сілемейлі бөлініс байқалады.

· өту барысы созылмалы түрде болады.

Туберкулезді отит бірінші реттік ауру түрінде өте сирек кездеседі,

Этиологиясы:

- өкпе, сүйек туберкулездерінен кейінгі туберкулездік процесстер салдарынан;

- спецификалық лифма түйіндеріндегі туберкулездік процестердің салдарынан Таралу жолдары: - есту түтігі арқылы

- сирек гематогенді

- лимфогенді жолмен.

Клиникасы:

- дабыл жарғағы тесілгенге дейін де, тесілгеннен кейін де науқаста ауырсыну сезімі және дене қызуы болмайды

- алғашқыда дабыл жарғағы бірнеше жерден тесіледі, кейін біртіндеп қосылады. Ортаңғы құлақта жиі грануляция, сүйектің шіруі кездеседі.

- іріңсіз бөліністің жағымсыз иісі болады

- жиірек алғашқы сатысында бет нервісінің салдануы байқалады.

Жарақаттан кейінгі пайда болған ортаңғы құлақтың жіті қабынуының айырмашылығы, бұл қабыну бірінші сатысыз өтеді. Жарақаттың салдарынан-

- құлақтан қан кетеді,

- құлақтың есту қабілеті күрт төмендейді.

Бұл қабыну да созылмалы түрде жалғасуы мүмкін.

Емізік тәрізді өсіндінің жіті қабынуы (мастоидит)

Анықтамасы:

Мастоидит – емізік тәрізді өсінді жасушаларының жіті ауруы, қабыну процесі сүйек элементтерін де қамтиды. Мастоидит көбінесе ортаңғы құлақтың жіті қабынуы аскынғанда немесе екінші реттік ауру болып есептеледі.

Мастоидитгің дамуына және оның қабыну процестерінің сүйек элементіеріне таралуына келесі жағдайлар әсер етеді:

- Инфекция вируленттілігінің жоғары болуы.

- Жалпы ағзаның әлсіреуі, мысалы келесі аурулардың болуынан: диабет, туберкулез, нефрит т.б.

- Ортаңғы құлақтың іріңді ошағын – ағызғыш қою арқылы толық сыртқа ағызып-тазартудың жеткіліксіз болуы салдарынан (эпитимпанит, дабыл жарғағындағы болымсыз кішкентай тесік).

- Жіті отитті орынды емдемеудің (рационалды емес) салдарынан: ағызғыш қоюды кешіктіріп ұйымдастыру, ягни дабыл жарғағының өз бетінше тесілуінің кешігуінен немесе дабылжарғағын қолдан тілудің кешіктіріліп жасалуынан болады.

- Емізік тәрізді өсінді қуысынан іріңді – экссудаттың сыртқа жөндеп шыкпауы немесе онда калып қоюы әсерінен, өйткені өсінді жасушалары және тұрақты үңгір (антрум) арасындағы катынастың бұзылуы немесе үңгірмен (антруммен) және дабыл куысы арасындағы байланыс жолының бұзылуы нәтижесінде: ягни қабынып ісінген сілемейлі қабықтың байланыс тесігін бітеп қалуы әсерінен пайда болады.

Клиникасы:

Мастоидит кезіндегі клиникалык көрініс организмнің жалпы қызметінің бұзылуымен және жергілікті субъективтік, объективтік белгілерінің пайда болуымен сипатталады.

Мастоидит кезінде жалпы көрініс мынандай:

а) жалпы жағдай күйінің өзгеруі

б) дене қызуының көтерілуі

в) қан құрамының өзгеруі

г) бүйрек қызыметінің бұзылуы (зәрде әр түрлі патологиялық
элементтер пайда болады).

Субьективті белгілер:

1. Спонтанды кұлақтың ауруы. Бұл өз бетінше кездесуі мүмкін немесе емізік тәрізді өсіндісін қолмен басқанда пайда болады. Құлақтың кақсап ауырғандығының қай уақытта пайда болуының да маңызы зор: жіті отиттің бастапқы кезіндегі құлақтың қақсап ауруы мастоидиттің белгісі емес, егер біраз уақыт өткеннен кейін немесе 3 апта, бұдан кейініректеу пайда болса, онда,ол мастоидиттің белгісі болып табылады (жіті отитпен ауырғаннан кейін біраз уақытөткенде құлақтың, құлақ арты аймағының қақсап ауыруы қайтадан күшейеді). Ауру кенет басталып, емізік тәрізді өсіндінің сыртынан басқанда, жайлап ұрғанда ауыру сезімі байқалады және үдей түседі.

2. Есту қабілетінің төмендеуі, көбінесе жіті отитпен ауырып өткеннен кейін көп уақыт бойы қайтпаса, 3-4 аптаға дейін созылса, бұл мастоидиттің бір белгісі болып саналады және дыбыс өткізгіш аппараты қызметінің бұзылу түрімен сипатталады.

3. Құлақтан іріңінің пульстің соғуымен бірге ағуы, егер науқас жіті отитпен ауырса, бұл белгі бірінші күндері кездеседі, яғни бұл қан тамырларда қысымның жогарылауымен деп түсіндіріледі. Еғер 2-3 аптадан кейін мұндай көріністер қайтадан болса, ол мастоидиттің белгісі екенін дәлелдейді, өйткені сілемейлі қабықтың үлкейіп-ісінуі жоне қысымның жогарылауы тек дабыл қуысында ғана болып қоймайды, сол сияқты емізік тәрізді өсіндіде де және тұрақты үңгірде де (антрумда) кездеседі.

Обьективті белгілер:

1.Құлақтан ірің ағуы. Жіті отит кезінде құлақтан ірің ағу әдетте
бір аптаның ішінде аяқталады. Егер ірің ағу көбейіп, қоюланып,
қайтпай, тазалаған бетте қайтадан жылдам толып калса және 2 аптаға созылса, онда мастоидиттің белгісі болып табылады. Бұл
жағдайда қосымша ірің корының көзі болып – тұрақты үңгірмен (ан-
труммен) және емізік тәрізді өсінді жасушалары саналады.

2. Дабыл жаргағының түр-түсі әр түрлі болып келеді. Көп жағдайда дабыл жарғағы мастоидит кезінде қызарып, ісініп-қанталап, қалыңдайды, тесіктен ірің ағады.

4. Емізік тәрізді өсіндінің жұмсақ ұлпалары мен терісінің өзгерісі байқалады: ісінгені, қалыңдағаны және терісінің қызарғаны көрінеді. Ісінген бөлімді қолымен басқанда шұңқыр ізі қалады, кейбір жағдайда инфильтрациясына байланысты қаттылау болады. Айқын мастоидитпен ауырған науқасты сыртынан тексеріп қарағанда құлақ қалқанының алға қарай қалқиа-тікірейіп тұрғанын көреміз, сол сияқты кұлақ қалқаны бекітілген жердегі құлақ арты қыртыстарының жазылғандығын байқаймыз.(112-сурет)

5.Мастоидиттің нағыз отоскопиялык белгілерінің бірі – сыртқы есту жолының сүйек бөлігіндегі – артқы-жоғарғы кабырғасының түсіп кетуі: осының аркасында дыбыс жолының сүйекті бөлігінің тарылғанын көреміз. Бұл сүйек айналасының қабынуы – периостит құбылысына байланысты. Емізік тәрізді өсінді үңгіріндегі (антрумындагы) ірің оның алдыңғы кабырғасын бұзып жайыла сыртқы есту жолының қабырғасына жетеді. Бұл есту жолының артқы-жоғарғы қабырғасының қалыңдап ісінуін, томпаюын, төмен түсу белгісін – Шварц белгісі деп атады. Бұл белгіні алгаш байқаған Шварц деген ғалым болатын.

6. Левиннің оң белгісі – бұл белгі екі жақтағы емізік тәрізді өсінділердің сыртқы тұстарын саусақ аркылы ұрғанда пайда болатын айырмашылықтар: ауырған жақты ұрғанда пайда болатын дыбыстың дауысы нашарлау естілетіндігі байкалады.

7. Термоөзгешіліктер – екі жақты салыстырғанда, ауырған
жақтағы емізік тәрізді өсінді терісі қызарып көтерілгенін байқаймыз.

Емізік тәрізді өсінді құрылысының түрлері:

1. Пневматикалық

2. Диплоэтикалық

3. Склероздық (қатаю)

4. Аралас

 

Емі:

1. Консервативтік ем

2. Хирургиялық ем

Консервативтік жолмен емдеу әдісі ортаңғы жіті отиттің 2-ші кезеңін емдеу тәртібі схемасына ұқсас келеді. Мысалы, сыртқы құлақ жолын іріңді экссудаттан тазарту, әртүрлі дсзенфекциялык дәрілердің ерітінділерін тамызу, қабынуға қарсы антибиотиктер, сульфаниламидтер, аллергияға қарсы және дене қызуын түсіретін дәрілер тағайындаймыз және физиотерапиялық емшаралар қолданамыз.

Хирургиялық жолмен емдеу, егер дұрыс қолданған консервативтік емдеу әдісі 2-3 апта көлемінде толық жазылуға әкелмеген жағдайда қолдану көрсетілген: емізік тэрізді өсіндінің трепанациясы (сүйек қуысын ашу операциясы).

Операцияның аты – антротомия, мастоидотомия немесе антромастоидотомия деп аталады.

Бассүйек ішілік отогендік асқынулар – ортанғы және ішкі құлақтағы қабыну процестерінің бассүйек ішіне таралуы нәтижесінде пайда болатын асқынулар

Бассүйек ішілік отогендік асқынулар қатарына мыналар жатады:

· Экстрадуралды және субдуральды абсцестер

· Отогенді менингит

· Мидың және мишықтың отогенді абсцестері

· Отогенді сигма тәрізді қойнаудың тромбозы

· Отогенді арахноидит

· Отогенді сепсис

 

Этиологиясы:

Этиологиялық факторы созылмалы және жіті іріңді ортаңғы отит кезіндегі әр түрлі бактериалды флора болып табылады.

· Стрептококк

· Стафилококк

· Пневмококк

· Көк ірінді таяқша

· Протей және т.б.

 

Патогенезі:

Инфекция бассүйек ішіне ену жолдары (113- сурет):

1. Жанама немесе контактылы жол.

2. Қалыптасып салынған жолдар арқылы.

3. Лабиринттік жол.

4. Гематогендік жол.

5. Лимфогендік жол.

6. Дегисценциялық жол.

Инфекцияның таралу кезеңдері

Бірінші кезең – инфекция бассүйек қуысына өтіп, экстрадуральды немесе эпидуральды абсцесс пайда болады.

Ø перисинустық абсцесс – абсцестің венозды синустың маңында орналасуы, яғни оның сыртқы қабатымен және сүйектің аралығында жиналуы.

Ø синусфлебит немесе синустромбоз – қабыну процесі венозды қуыстың қабырғасына таралып, сол жерде дамиды.

Ø шектелген сыртқы пахименингит – экстрадуральды абцесс кезінде қабыну процесіне шалдығуын атайды.

Екінші кезің – инфекция мидың қатты қабығы мен жұқа торлы қабат аралығынан өтеді, мұны субдуралды абсцесс деп атайды.

Үшінші кезең – инфекция мидың тор қабығы асты кеңістігіне өтеді, бұл менингитке әкеледі.

Төртінші кезең – ми заттектерінің қабынуы.

Отогенді менингит мидың ішкі жұқа қабаты мен торлы қабаттарының жайылған іріңді қабынуы.

Отогенді менингит 2 топқа бөлінеді:

1. Бірінші реттегі – инфекцияның құлақтан әртүрлі жолдар арқылы ми қабықтарына таралуы нәтижесінде п.б.

2. Екінші реттегі – бассүйікішілік асқынулардың басқа түрлері салдарынан п.б. (синустромбоз, субдуральды және миішілік абсцесс)

Патологоанатомиялық көрінісі:

· Ми қабаттары қызарады

· Ісініп домығады

· Қан тамыр қабырғалары ісінеді

· Іріңді экссудат п.б.

· Бассүйек ішілік қысым жоғарылайды

· Ми қатпарларының қыртыстары жазылады

 

Клиникасы:

· жалпы инфекциялық белгісі

· менингиальдық белгілер

· ошақтық белгілері бар

 

Үш сатыдан тұрады: 1) қозу сатысы

2) тежелу сатысы

3) салдану сатысы

 

Отогенді менингит

 

 

Айқын түрі Айқын емес түрі

Жалпы белгілер:

· жалпы жағдайы ауыр

· сандырақтап, есінен тану

· түрі боз

· тілі құрғайды, ақ жабынмен жабылған

· тахикардия

· дене қызуы 38,5-39°С

 

Менингеалды белгілер:

· бастын ауруы

· құсу, лоқсу

· менингиалдық белгілер

1. Желке шүйде бұлшықеттерінің сіресуі

2. Керниг белгісі оң

3. Брудзинский белгісі оң

Қан құрамындағы өзгерістер

· лейкоциттер, оның ішінде нейтрофильдер көбеюі

· ЭТЖ-ның жоғарлауы

Ошақты белгілер

       
   

 


Ми бөліктерінің зақымдалуы Бас милық нервтерінің белгісі

 

Диагностикасы:

· Науқас шағымы

· Сырқат жайында алынған мәліметтер

· Қарау кезінде өзгерістер

· Жұлын сұйықтығын тексеру

· Құлақтағы қабыну процестерін анықтау

· Лабораториялық зерттеулер

· Рентген арқылы тексеру

· Операция кезінде табылыстарға қарау


Дата добавления: 2015-09-18 | Просмотры: 3182 | Нарушение авторских прав



1 | 2 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.096 сек.)