АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Максималды балл - 20. Стандартталған әртіске (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның рөлінің сипаттамасы

Стандартталған әртіске (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның рөлінің сипаттамасы

Шағымы: көңіл-күйінің төмендеуі, үрей, ұйқысыздық, өзінің «керек еместігі» туралы ойлар, өмір сүргісі келмеу туралы тұрақты ойлар.

Сұрақтың мәні Әртіске арналған сұрақтың құрастырылуы Жауап
Аурудың басталуын нақтылау Сіз ауырғанға дейін мінез-құлық бойынша қандай болдыңыз? Психикалық жағдайының өзгеруіне дейін науқас ақ жарқын, тез тілтабысқыш болған, ешқандай шағым болмаған.
Симптомдарды анықтау Сіздің жағдайыңыз қашан өзгерді? МҚЖБ кейін үш аптадан кейін науқасың психикалық жағдайы өзгерді – көңіл-күйі төмендеді, ұйқысыздық, жылауықтық, әлсіздік, тітіркенгіш. Жазылатынына күмәнмен қарай бастады, жақындары масыл боламын деген ойлар пайда болды.
Симптомдарды және синдромдарды анықтау Қазіргі уақытта сізді не мазалайды? Сырт келбеті көңілсіз, жабырқаңқы. Көзінде жас, қайғылы. Нашар көңіл-күйге, ұйқысыздыққа, жылауықтыққа, әлсіздік және тітіркенгіштікке, бас ауруына шағымданады. Өз ауруының ауырлығы, оның емделмейтіні туралы ойлар пайда болады. Осыған байланысты жақындарына масыл болатынын, сондықтан өмір сүргісі келмейтінін айтады.

Анамнезінде: психикалық аурулармен тұқымқуалаушылық асқынбаған. Науқастың анасы МҚЖБ кейін 62 жасында ұзақ уақыт төсек тартып жатқан, өз-өзіне қарай алмаған, күтімді қажет еткен. Ауырғанға дейін белсенді, тіл табысқыш, мақсатқа ұмтылғыш болған, бірақ үрейлі-күмәнді мінездері байқалған. Бас есепші болып жұмыс істеген, ажырасқан, екі ересек балалары бар.

Объективті: Есі анық. Бағдары дұрыс. Дәрігермен ықыласты әңгімелеседі. Сырт келбеті көңілсіз, қайғылы, жылағыш. Әңгімелесу басында жауаптар бір буынды, қысқа, бірақ әңгімелесу барысында тынышталады, жылауын тоқтатып, өз жағдайы туралы ықыласпен және толық айтады. Оны нашар көңіл-күй, ішкі мұңаю, жылауықтық, ұйқысыздық, тітіркенгіштік және әлсіздік, бас ауруы, емделмейтіні, еңбекке қабілетсіз, күтімді қажет ететін болу туралы ойлар мазалайды. Осыған байланысты өмір сүргісі келмеу туралы ойлар пайда болады.

Клиникалық жағдай бойынша жауап эталоны

«МҚЖБ (бас миының инфарктынан) кейінгі органикалық депрессивті бұзылыстардың диагностикасы».

 

  Жауап эталоны
Анамнез жинау Субъективті анамнестикалық мәліметтерін жинау.
Ауру басталуын нақтылау Науқастың психикалық жағдайының өзгеруі неврологиялық симптомдар пайда болуымен сәйкес келеді.
Аурудың ауырлық критерийін анықтау Өз ауруының ауырлығы, оның емделмейтіні туралы ойлар пайда болады. Осыған байланысты жақындарына масыл болатынын, сондықтан өмір сүргісі келмейтінін айтады.
Науқастың сырт келбетін, мимикасын және жүріс-тұрысын, байланыс бар-жоқтығын психопатологиялық бағалау, қойылған сұрақтарға жауап беруін бағалау Науқастың жүріс-тұрысын, қойылған сұрақтарға реакциясы, орынға, уақытқа, тұлғалық бағдарын бақылау Психикалық жағдайдың сыртқы көріністерін талдау толық жүргізілді (мимикалық, сөйлеу, эмоциональды реакцияларын, науқастың вербальды қатынас дәрежесін ескеру).
Психикалық жағдайын синдромалды бағалау Науқастың көңіл-күйін, сырт келбетін, мимикасын, сөйлеуін бағалау керек
Шағымдарын және науқас әңгімесін жинау Шағымдарын және жазылатынына, аурудың қолайлы ағымына күмәнданатын әңгімелерін тыңдау.
МҚЖБ кейінгі депрессивті (органикалық) бұзылысты негіздеу (психикалық бұзылыстың алғашқы белгілерінің басталуы) Бағалады: МҚЖБ кейінгі психикалық бұзылыстар өзгеруінің және сомато-неврологиялық жағдайының нашарлауының алғашқы белгілерінің басталуы.
МҚЖБ кейінгі депрессивті (органикалық) бұзылысты негіздеу (депрессивті синдром айқындылығы) Бағалады: Өзгерген соматикалық және неврологиялық синдром фонында депрессивті синдром айқындылығы, оның ерекшеліктері (жылауықтық, әлсіздік, бас ауруы, гиперестезия).
МҚЖБ кейінгі депрессивті (органикалық) бұзылысты негіздеу Бағалады: Көңіл күйі және жалпы жағдайы өзгерген науқасты түсіну дәрежесі, дәрігердің аурудың болжамы оң болатынына көндіруіне реакциясы.
МҚЖБ кейінгі депрессивті (органикалық) бұзылысты негіздеу (МҚЖБ байланысы) Бағалады: Депрессия құрылымындағы астеникалық бұзылыс басымдығы, МҚЖБ тығыз байланысы.
Ажырату диагностикасы (обьективті мәліметтерді талдау) Науқастың көңіл-күйінің төмендеуі, жылауықтық, ұйқысыздық түріндегі психикалық жағдайының өзгеруі туралы медициналық қызметкердің обьективті мәліметтерін талдай отырып.
Ажырату диагностикасы (жалпы қарау мәліметтерін бағалау) Жалпы қарау мәліметтерін, науқастың қарым-қатынасқа түсуін, мимикасын, көңіл-күйін, көңілсіздік, жылауықтық, тітіркенгіштік, әлсіздік, бас ауруы, ұйқысыздық, депрессивті ойлар, өзінің физикалық жағдайына көңіл аударғандығын бағалай отырып синдромалдық диагноз қойылады.
Ажырату диагностикасы Органикалық депрессивті бұзылыс және көңіл-күйдің аффективті бұзылыстары кезіндегі депрессивті эпизод түрлерімен (МДП) ажырату диагностикасы жүргізіледі.
Мүмкін болатын асқынулар Суицидальды ойлардың болуына байланысты суицидальды әрекеттер болуы мүмкін
МҚЖБ кейінгі органикалық депрессивті бұзылыстың емдеу тактикасын анықтау. Емдеу тактикасы: 1. Негізгі ауруды емдеу; 2. Невропатолог нұсқауларын толық орындау; 3. Науқас жүріс-тұрысын бақылау (суицидальды ойлар даму қаупі); 4. Реланиум 2 мл б/і түнде, ұйқысыздықты ескеріп; 5. Антидепрессанттар тағайындау (флуоксетин 20 мг күніне 1 рет таңертең); 6. Психотерапия (рационалды психотерапия)  
Тағайындалған препараттарды негіздеу Науқастың жалпы жағдайын және МҚЖБ кейін дамыған астено-депрессивті синдром айқындылығын бағалай отырып.
Науқасты жүргізу тактикасын дұрыс тағайындау 1. Науқас жүріс-тұрысын қатаң бақылау (суицидальды ойлар даму қаупі) 2. Рационалды калориялы тамақтану
Науқасты кейінгі емдеу тактикасын дұрыс тағайындау 1. Ұйқысыздық және айқын үрей кезінде түнде реланиум ер-сін 2мл б/і енгізу 2. Антидепрессанттар қабылдау 3. Негізгі ауруды белсенді емдеу 4. Психиатр кеңесі 5. Невропатолог кеңесі 6. Психотерапевт кеңесі ·

Симуляцияның жабдықталуы:

  1. Интернге арналған тапсырма;
  2. Стандартталған науқасқа арналған сценарий;
  3. Емтихан алушыға арналған ақпарат (қадамдарды бағалау критерийі, жауаптар эталоны);
  4. Әртіс – науқас.

 

Жағдай: оқу бөлмесі – қабылдау бөлімі.

1. Кушетка – 1

2. Медициналық шкаф препараттармен (реланиум, антидепрессанттар)

 

Құрастырған: Психиатрия және наркология бойынша интернатура және резидентура кафедрасының доценті, м.ғ.к. Беспалов Ю.И., ассистенті, м.ғ.к. Ситаканова А.С.

 

Рецензент №1: «ППНРҒТО» РМКМ Директоры,

м.ғ.д. Алтынбеков С.А.

 

Рецензент №2: Психиатрия, психотерапия және наркология

кафедрасының доценті, м.ғ.к., Калиева Ж.Д.

 

 

Ішкі аурулар және ЖТД бойынша Оқу бағдарламалары Комитетінің отырысында бекітілді №5 29.01.2015 ж.

 


Дата добавления: 2015-09-18 | Просмотры: 415 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.007 сек.)