АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

А) Жергілікті иммунитет концепсиясы

Прочитайте:
  1. E) Клетка имеет диаметр 4,5-6 мкм, цитоплазма базофильна, содержит лизосомы; участвует в реакциях клеточного иммунитета и регуляции гуморального иммунитета.
  2. E) Клетка имеет диаметр 4,5-6 мкм, цитоплазма базофильна, содержит лизосомы; участвует в реакциях клеточного иммунитета и регуляции гуморального иммунитета.
  3. E) Клетка имеет диаметр 4,5-6 мкм, цитоплазма базофильна, содержит лизосомы; участвует в реакциях клеточного иммунитета и регуляции гуморального иммунитета.
  4. E) Клетка имеет диаметр 4,5-6 мкм, цитоплазма базофильна, содержит лизосомы; участвует в реакциях клеточного иммунитета и регуляции гуморального иммунитета.
  5. II. ИММУНИТЕТ, АЛЛЕРГИЯ
  6. IV. Иммунитет: исторические сведения.
  7. А. Иммунитет.
  8. Активного иммунитета?
  9. Анатомические факторы неспецифического иммунитета

І. Кіріспе.

II.Негізгі бөлім

А) Жергілікті иммунитет туралы түсінік

Ә) Шырышты қабықтың иммунитеті.

Б) Терінің иммунитеті.

В) Өкпенің иммунитеті.

III.Қорытынды.

 

1919 жылы А .М.Безредко иммунитет жүйесінін құрылысына сәйкес жергілікті иммунитет түрін бөліп шығарып, оның концепциясын ұсынды. Иммунитеттің жалпы түрімен салыстырғанда жергілікті иммунитет экзогендік антигендермен кздесуге кең мүмкіндігі бар. Жергілікті иммунитет қоршаған орта факторларымен тікелей түйісетін тері мен шырышты қабықтың аймағында құрылады. Жергілікті иммунитеттің негізгі атқаратын ролі – тін аймағында жергілікті, ықшамды иммунитетті қамтамасыз ету. Сонымен қатар жергілікті иммунитеттің факторы шырышты қабықтың кілгейімен ағзадан тыс терінің бетіне шығып (жайылып) өзінің пайдалы әсерін тигізеді. Жергілікті иммнитетті құрайтын жұйелер Бөгде заттардың ағзаға кіруіне бөгет болатын механикалық кедергілер: Тыныс алу мүшелерінде – сурфактант, тыныс алу жолдарының желпілдегіш эпителийі, шырыш, “мукоцилиарлы аппарат” (түшкіру, жөтелу); Асқорыту жолдарындағы сілекей мен шырыштардың секрециялануы және ішектердің перистальтикасы (инфекция кезінде іштің өтуі, т.б.); Тері сыртқы қабатының жаңарып тұруы (қышыну); Шырышты қабықтың иммунитеті Мукоцилиарлы аппарат - тыныс жолда-рындағы кірпікшелі эпителийдің және бронх, кеңірдек бездерінің бөліп шығаратын шырышты заттарының тыныс жолдарына түскен бөгде денелерді шығарудағы бірлескен қимылын түсінеміз. Сурфактант – өкпенің жергілікті қорғаныс факторы. Сурфактант липидті – белокты полисахаридті кешен болып, альвеоланың ішкі қабатын астарлап жатады. Шырышты қабықта дамыған лимфоидтық тін және көптеген иммунды компонентті клеткалар асқорыту, тыныс алу жүйесінің шырышты қабығының жергілікті иммунитеттің иммундық қорғанысын қамтамасыз етеді. Ішектегі лимфоидты тін және лимфоциттердің популяциясы Лимфоидтық тіннің пайда болу уақытына сәйкес ерте (реликтовты) және кеш

 

пайда болған құрылымдары деп б өлеміз. Ерте пайда болған құрылымдарға гамма, дельта Т – және В1 лимфоциттер жатады. Ауыз қуысының иммундық қорғаныс жүйесін жоғарыда айтылғандай жалпы шырышты қабық қамтамасыз етеді. Спецификалық және бей-спецификалық факторлар қатарласып іс ат-қаруымен ауз қуысын тіс жегі (кариес)және де басқа аурулар қоздыратын патогенді микроб-тардан сақтауды қамтамасыз етеді. Бейспецификалық қорғаныс факторларының қатарына шырышты қабықтың тосқауылдық қасиеті мен сілекейдің антимикробтық көрсеткіштері жатады. Сілекей - патогендер өте алмайтын кедергі болуымен қатар айқын бактериоцидтік қасиетке ие. Сілекейдің құрамынга лизоцим, лактоферин, лактопериоксидаза және комплементтің кейбір құрылымдары жатады. Сілекейден әр уақытта полиморфты лейкоциттер мен моноциттерді табуға болады. Бір мезгілде ауыз қуысында 100 000 - нан астам фагоциттоздаушы жасушалар табылады Ауыз қуысында қуатты бадамшалар, аса дамыған лимфоидты өзектер орналасқан. Сілекейде IgA – ның концентрациясы басым болады. Иммуноглобулиндердің концентрациясы төмендегенде ауыз қуысының шырышты қабықшасы іріңді ісік пен аллергиялық ауруларға тап болуы мүмкін. Терінің иммунит еті Тері - шекаралық қызмет атқарады. Механикалық қорғаныс факторы ретінде организмді сыртқы әсерлерден қорғап, зақымдалған кезінде оны өздігінен жойып, алғашқы қалыпқа келтіріп отырады. Теріде физика – химиялық қорғаныс факторлары да болады, мысалы, бактериоцидтік қасиеті бар тер және май бездері. Терінің әр қабатында иммунитетке қатынасы бар жасушалардың (дендритті – Лангерганс және Гренстейн жасушалары, лимфоциттер, тінді базофилдер, Т2– хелперлер, Т– киллерлер) түрлері орналасқан.

Жергілікті иммунитет деп белгілі бір ауру тудыратын микроорганизмге мүшенің немесе тіннің иммундық қасиетін айтамыз. Бұл жағдайда жалпы макроорганизм дәл сол патогендік факторға сезімталдығын жоғалтпайды.1919 жылы А.М.Безредко иммунитет жүйесінің құрылысына сәйкес осы жергілікті иммунитет түрін бөліп шығарып, оны концепциясын ұсынған. Иммунитеттің жалпы түрімен салыстырғанда жергілікті иммунитеттің экзогендік антигендермен кездесуге мол мүмкіндігі бар және қоршаған орта факторларымен тікелей түйісетін тері мен шырышты қабықтың аймағырнда құрылады. Жергілікті иммунитеттің негізгі атқаратын рөлі – тін аймағында жергілікті, ықшамды иммунитетті қамтамасыз ету. Сонымен қатар, жергілікті иммунитеттің факторлары шырышты қабықтың кілегейі мен ағзадан тыс терінің бетіне жайылып, өзінің пайдалы әсерін тигізеді.

Шырышты қабықтың иммунитеті.

Ас қорыту, тыныс алу жүйесінің шырышты қабығының жергілікті иммунитеті олардың иммундық қорғанысын қамтамасыз етеді. Өйткені шырышты қабықта дамыған лимфоидтық тін және көптеген иммунды-компонентті жасушалар болады. Лимфоидтық тіннің қалыптасу уақытына сәйкес ерте және кеш пайда болған құрылымдар болдып бөлінеді.

 

Ерте пайда болған құрылымға гамма, дельтаТ және В1 лимфоциттер жатады. Олар иммундық қорғаныстың бірінші шебінде іс атқарады. Кеш пайда болған құрылымдар иммундық жүйенің орталық органдарының бақылауымен дамиды. Альфа, бетта Т және СД5 В лимфоциттер олардың қатарына жатып, иммундық қорғаныстың екінші шебін қамтамасыз етеді. Көрнекті мысал ретінде, ас қорыту жолдарының лимфоидтық жүйесін келтіруге болады. Жергілікті иммундық қорғауға рет ретімен Т, В лимфоциттер, макрофагтар, дендритті жасушалар қатынасып, сапалы және жоғарғы деңгейлі жергілікті иммундық қорғаныс жүйесін қалыптастырады.

Терінің иммунитеті.

Тері шекаралық істі атқарады. Механикалық қорғаныс факторы ретінде ол макроорганизмді сыртқы әсерлерден қорғап, зақымдалған кезінде оны өздігінен жойып, алғашқы қалпына келтіріп отырады. Теріде физикалық, химиялық қорғаныс факторлары болады. Мысалы, бактериоцидтік қасиеті бар тері және май бездері. Сонымен қатар теріде жергілікті жауаптың жемісті жүйесі шоғырланған.

Терінің әр қабатында иммунитетке қатынасы бар жасушалардың түрлері орналасқан. Оларға дендритті Лангерганс және Гренстейн жасушалары, лимфоциттер, тінді базофилдер, Т2-хелперлер, Т-киллерлер жатады. Аталған жасушалар түрлері өздеріне тән іс-әрекетті кезектесіп немесе бірлесіп атқарады, біреуіне зақым тиген кезде оның ісін екіншісі атқаруы мүмкін. Теріде көбінесе жасушалық иммунды жауап дамиды. Терінің жергілікті иммунитеттінің кернеуін бүкіл иммунитет жүйесінің дәрежесін анықтағанға ұқсас тері сынамалары арқылы анықтайды.

Өкпе иммунитеті.

Өкпе (pulmo) – көкірек қуысының көп бөлігін алып жататын және тыныс алу кезеңінде ұдайы өз пішінін өзгертіп отыратын мүше. Өкпе ауа откiзужолдарынан-бронх жане альвеоладан турады. Бронхтын iшкi кiлегейлi кабыгы кiрпiкшелi эпителимен капталган калындыгы клеткага байланысты озгере бередi. Эпителиальды клеткаларынын iшiнде кiрпiкшелi, бокал тарiздi, эндокриндi, базальды турлерi, болады. Бронх тарамынын дистальды болiгiнде секреторлы клеткалар болады, кiрпiктi емес клеткалар да болады. Секреторлы клеткалар – микробурлерi мен кiрпiкшелерi жок кумбез тарiздi ушы болады. Оларда донгелек ядро, туйiршiксiз эндоплазмалык тор, Гольджи жиынтыгы бар. Осы клеткалар сурфактант ыдыратушы фермент болiп шыгарады. Кiрпiкшелi емес клеткалар бронхиолада кездеседi, призма тарiздi болады. Бронх кiлегейiнiн меншiктi пластинкасы эластикалык талшыктарга бай.

Өкпе тері сияқты микробтардың бөгеті болып табылады. Өкпе кіші бронхтар секретіне А класының иммуноглобулиндерін бөліп отырады. Ал өкпелік эпителий иммунитетке жауапты В-лимфоциттермен байланысады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

¢ Шортанбаев Ә.Ә., Қожанова С.В. “ Жалпы иммунология ” Алматы, 2008 ж.

 

¢ Р.В.Петров “Иммунология” Москва, 1987 ж.

 

¢ Хаитов Р.М. “Иммунология” Москва, 2006 ж.

 

¢ Вершигора А.Е. “Общая иимунология” Киев, 1990 ж.

 

¢ Шортанбаев А..А и др. “Общая иммунология” Алматы, 2009 ж.

 

Орындау критериі 0-0,1 0,2-0,3 0,4-0,5
  Рефератты рәсімдеу      
  Рефераттың жоспары      
  Иллюстративті материал      
  Өзектілігі      
  Мазмұны      
  Қорытынды / ұсыныстар      
  Әдебиеттер      
  СӨЖ кестесіне сай тапсырылу дер кезінде тапсырылуы      
  Қорытынды      

 


Дата добавления: 2015-08-14 | Просмотры: 3012 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.006 сек.)