| №
 |  Қадамдар
 |  Орындау белгілері
 |  
  | 1.
 |  Емделушімен амандасып, сыртқы киімін белге дейін шешуді сұрадым, емшара мақсатын түсіндірдім. Кушеткаға емделушіні арқасына қаратып жатқыздым.
 |  Амандастым, ЭКГ толтырып жазу үшін сыртқы киімін шешуді сұрадым. Кушеткаға емделушіні арқасына қаратып, аяғы иықтың еніне қарай, қолдары қабырғаларына және денесіне тигізбей жатқыздым. Білезік, аяқ асығын ашып қойдым.
 |  
  | 2.
 |  Электродтарды жөндедім.
 |  Электродтарды ток жүргізуші гельмен қабаттап жақтым.
 |  
  | 3.
 |  Стандартты жалғамдарды толтырып жазу үшін электродтарды қойдым.
 |  Электродтарды аяқ-қолға келесі ретпен қойдым:
 - оң қол – қызыл электрод
 - сол қол – сары электрод
 - сол аяқ – жасыл электрод.
 - оң аяқ (жерге қосу) – қара электрод.
 |  
  | 4.
 |  Кеуде жалғамдарын толтырып жазу үшін электродтарды қойдым.
 |  Электродтарды кеудеге келесі ретпен қойдым:
 - V1 –оң жақ төссүйектін 4-і қабыртқааралығына;
 - V2 – 4-і сол жақ төссүйектін қабыртқааралығына;
 - V3 - парастернальды сызығы бойынша 4-ші қабырға деңгейінде
 - V4 –сол жақ ортабұғана сызығы бойынша 5-ші қабыртқааралығына;
 -V5 – сол жақ қолтық сызығы бойынша 5-ші қабыртқааралығына, V4 электрод жалғамдары сол көлденең деңгейінде
 -V6 – – орташа қолтық сызығы бойынша 5-ші қабыртқааралығына, сол V4 және V5 электрод жалғамдарындай.
 |  
  | 5.
 |  Емделушіге ЭКГ жүргіздім.
  
 |  Ақпарат беретін түймені қағазға бастым және емделушіге ЭКГ жүргіздім, әр жалғамдарда 4 жүректік цикл.
  
  
 |