АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Тест №138. Верапамил

Прочитайте:
  1. А. Верапамил
  2. Верапамил
  3. Выбрать лекарственные препараты, применяемые для повышения артериального давления: 1. Верошпирон; 2 . Кофеин; 3. Экстракт родиолы жидкий; 4. Верапамил
  4. ЖТ, ЧУВСТВИТЕЛЬНАЯ К ВЕРАПАМИЛУ. ИДИОПАТИЧЕСКИЕ ПАРОКСИЗМАЛЬНЫЕ И ХРОНИЧЕСКИЕ ЖТ
  5. Общее для анаприлина и верапамила
  6. Почему верапамил НЕ сочетают с анаприлином (пропранололом)?
  7. Шаг 2б. Верапамил

1. Тәждік қан тамырлардың тонусын жоғарылатады

2. Қан тамырларда альфа-адренорецепторларды ынталандырады

3. +Жүректің жиырылу күшін төмендетеді

4. Жүректің оттегіге қажеттілігін арттырады

5. Калий каналын тежейді

Тест №139. Вазодилататорлық қасиет тән бета-адреноблокатор:

1. Пропранолол

2. Атенолол

3. +Небивалол

4. Бисопролол

5. Метопролол

Тест №140. Жүректің ишемиялық ауруында триметазидин қолданылады, ретінде:

1. Қан тамырларын кеңейтетін зат

2. Кардиотоникалық зат

3. Диуретикалық зат

4. +Кардиопротекторлық зат

5. Антиангиналды зат

Тест №141. Вазоспастикалық стенокардияда таңдамалы препараттарға жатады:

1. Триметазидин, изосорбид динитраты, валидол

2. Алинидин, морфин гидрохлориді, верапамил

3. Пропранолол, нитроглицерин, омнопон

4. Пармидин, никорандил, клофелин

5. +Верапамил, нифедипин, дилтиазем

Тест №142. Препаратты анықтау: брадикардиялық затқа жатады, миокардтың оттегіне қажеттілігін төмендетеді, әсер ету механизмі синустық түйіннің автоматизміне тікелей тежегіш әсер етуіне байланысты, антиангинальды қасиетімен қатар антиаритмиялық әсер көрсетеді. Стенокардияны емдеу үшін қолданылады:

1. Изосорбид динитраты

2. Дилтиазем

3. Триметазидин

4. +Алинидин

5. Пропранолол

Тест №143. Препаратты анықтау: миокардқа оттегінің келуін жақсартады, коронароспазмды рефлекторлы тежейді, қысқа уақыт әсер етеді, стенокардияның бірінші ұстамасын тоқтату үшін, сонымен қатар стенокардияның жеңіл түрлерінде қолданылады:

1. Верапамил

2. +Валидол

3. Омнопон

4. Изосорбид динитраты

5. Нифедипин

Тест №144. Изосорбид динитраты – келесі топтың антиангинальды заты:

1. Кальций каналының тежегіштері

2. Калий каналының активаторлары

3. +Органикалық нитраттар

4. Брадикардиялық заттар

5. Бета - адреноблокаторлар

Тест №145. Препаратты анықтау: бүйрек өзекшелерінде осмостық қысымды жоғарылатады, көктамырға енгізіледі, өкпе ісінуінде дегидратациялық зат және диурезді күшейтетін зәр айдағыш зат ретінде қолданылады:

1. Фуросемид

2. Гидрохлотиазид

3. Спиронолактон

4.+Маннит

5. Триамтерен

Тест №146. Ивабрадин:

1. Бета - адреноблокатор

2. Органикалық нитрат

3. +Брадикардиялық зат

4. Калий каналының активаторы

5. Миотропты спазмолитик

Тест №147. Кардиотоникалық затты анықтау: жүрек гликозиді, АІЖ нашар сіңіріледі, қан сарысуының белоктарымен мүлдем сіңірілмейді, тек көктамырға енгізіледі, максималды әсері 30-90 минуттан кейін басталады. Зәрмен өзгермеген түрде бөлінеді:

1. Дигитоксин

2. Дигоксин

3.+Строфантин К

4. Добутамин

5. Гидрохлортиазид

Тест №148. Антиагреганттық активтілік тән және тәждік тамырларды кеңейтетін әсер көрсететін препарат:

1. Клопидрогель

2. +Дипиридамол

3. Гепарин

4. Викасол

5. Варфарин

Тест №149. Жүрек гликозидтерінің теріс хронотропты әсерінің механизмі:

1. Жүректің бета-адренорецепторларын тежейді

2. L-типті кальций каналдарын тежейді

3.+ Атриовентрикулярлы түйінге атропинтектес әсер көрсетеді

4. Кезбе жүйкені рефлекторлы ынталандырады

5. Аорта доғасының барорецепторларын тежейді

Тест №150. Миокард инфарктында қолданылатын тікелей антикоагулянт:

1. Атенолол

2. Дипиридамол

3. Викасол

4. Сустак

5. +Фраксипарин

Тест №151. Айқын созылмалы жүрек жетіспеушілігі бар науқастарда тірі қалуын жоғарылатады:

1. +Бета-адреноблокаторлар, ангиотензинге айналдырушы ферменттің тежегіші

2. Ангиотензинге айналдырушы ферменттің тежегіші, бета-адреномиметиктер

3. Кальцидің антагонистері, диуретиктер

4. Спиронолактон, альфа-адреноблокаторлар

5. Альфа-адреноблокаторлар, жүрек гликозидтері

Тест №152. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде қолданылатын жүрек гликозидтері:

1. Нифедипин, гидрохлортиазид

2. Пропранолол, спиронолактон

3. Каптоприл, добутамин

4. +Дигитоксин, дигоксин

5. Лозартан, метопролол

Тест №153. Бета-адреноблокаторлардың қолданылуы:

1. +Қарыншалық және қарыншаүстілік аритмияларда

2. Тек қарыншалық аритмияда

3. Тек қарыншаүстілік аритмияда

4. Атриовентрикулярлық тосқауылда

5. Брадикардияда

Тест №154. Диуретиктердің гипотензивті әсер ету механизмі:

1. +Айналымдағы қан көлемінің төмендеуі

2. Қан плазмасында кальцидің төмендеуі

3. Қанда калийдің төмендеуі

4. Вегетативті ганглийдің тежелуі

5. Тамырқозғалтқыш орталықтың тежелуі

Тест №155. Ловастатиннің гиполипидемиялық әсер механизмі:

1. Холестериннің сіңірілуін тежейді

2. Ағзадан өт қышқылының шығарылуын жоғарылатады

3. Холестериннің катаболизмін активтейді

4. +Холестериннің синтезін тежейді

5. Қан тамырлары қабырғаларының зақымдануына кедергі жасайды

Тест №156. Атеросклерозда қолданылатын заттар тобы:

1. Кардиотоникалық заттар

2. +Эндотелиотропты заттар

3. Антиангиналды заттар

4. Гемостатикте

5. Психостимуляторлар

Тест №157. Сол жақ қарынша гипертрофиясының регрессін айқын шақырады:

1. Диуретиктер

2. Бета адреноблокаторлар

3. Кальций антагонистері

4. +Ангиотензин 2 рецепторларының блокаторлары

5. Альфа адреноблокаторлар

Тест №158. Қанда негізінен үшглицеридтердің деңгейін төмендететін гиполипидемиялық зат:

1. Никотин қышқылы

2. Пармидин

3. Токоферол ацетаты

4. Холестирамин

5. +Гемфиброзил

Тест №159. Пармидиннің атеросклерозға қарсы механизмі:

1. +Қан тамырлары қабырғаларының зақымдануына кедергі жасайды

2. Холестериннің синтезін тежейді

3. Холестериннің сіңірілуін тежейді

4. Ағзадан өт қышқылының шығарылуын жоғарылатады

5. Холестериннің катаболизмін активтейді

Тест №160. Қанда холестериннің және үшглицеридтердің деңгейін төмендететін гиполипидемиялық зат:

1. Пробукол

2. +Никотин қышқылы

3. Токоферол ацетаты

4. Холестирамин

5. Линетол

Тест №161. Өт қышқылының секвестранты:

1. Никотин қышқылы

2. Токоферол ацетаты

3. Пармидин

4. Арахиден

5.+ Холестирамин

Тест №162. Ангиопротектор:

1. Гемфиброзил

2. +Пармидин

3. Аскорбин қышқылы

4. Никотин қышқылы

5. Линетол

Тест №163. Статиндердің уытты әсерінің негізгі көріністеріне жатады:

1. Ауыр аритмия

2. +Ет тіндерінің зақымдануы (миопатия)

3. Өт тастарының пайда болуы

4. Жедел панкреатиттің дамуы

5. Асқазан ісігінің пайда болуы

Тест №164. Миокард инфарктының алдын алу үшін қолданылатын антиагрегант:

1. Гепарин

2. Фенилин

3. Стрептокиназа

4. +Клопидогрел

5. Лепирудин

Тест №165. Жүректің ишемиялық ауруында қолданылатын тіндік фибринолитик (тіндік профибринолизиннің активаторы):

1. Дипиридамол

2. Эпопростенол

3. +Алтеплаза

4. Фепромарон

5. Урокиназа

Тест №166. Жаңа түзілген тромбты еріту үшін қолданылатын антикоагулянт:

1. Пентоксифиллин

2. +Гепарин

3. Варфарин

4. Тиклопидин

5. Фенилин

Тест №167. Негізінен эфференттік иннервацияға әсер ететін антиаритмиялық заттар:

1. Натрий каналының тежегіштері

2. +Бета – адреноблокаторлар

3. Калий каналының тежегіштері

4. Хинидинтектес заттар

5. Кальций каналының тежегіштері

Тест №168. Брадиаритмияны тоқтататын заттар:

1.+Атропин, изадрин, эфедрин

2. Пропранолол, метопролол, атенолол

3. Верапамил, дилтиазем, изадрин

4. Дигоксин, дигитоксин, строфантин

5. Дизопирамид, новокаинамид, амиодарон

Тест №169. Мембранатұрақтандырғыш антиаритмиялық заттар:

1. Гепарин, индапамид

2. Пропранолол, фуросемид

3. Изадрин, дибазол

4. +Новокаинамид, хинидин

5. Адреналин, омапатрилат

Тест №170. Жедел миокард инфарктында қарыншалық тахиаритмияны емдеу үшін бірінші таңдамалы зат болып табылады:

1. Кордарон

2. Новокаинамид

3. +Метапролол

4. Лидокаин

5. Хинидин

Тест №171. Дифенин, антиаритмиялық әсерімен қатар, көрсетеді:

1. Антигипертензивті әсер

2. Антиангиналды әсер

3. +Эпилепсияға қарсы әсер

4. Паркинсонға қарсы әсер

5. Қабынуға қарсы әсер

Тест №172. Бета адреноблокаторлар стенокардияда қолданылады, себебі:

1. +Миокардтың оттегіне қажеттілігін төмендетеді

2. Миокард жасушаларының ишемияға төзімділігін жоғарылатады

3. Миокардқа оттегінің келуін төмендетеді

4. Кардиопротекторлық әсер көрсетеді

5. Анальгетикалық әсер тән

Тест №173. Тынысты ынталандырғыштар:

1. Кетотифен, линкомицин, метацин

2. Беродуал, теофиллин, атропин сульфаты

3. +Этимизол, бимегрид, кофеин

4. Ипратропий бромиді, преднизолон, метацин

5. Либексин, глауцин гидрохлориді, тусупрекс

Тест №174. Рефлекторлы әсер ететін тынысты ынталандырғыштардың әсер механизмі Н – холинорецепторларды қоздырумен байланысты:

1. симпатикалық ганглийлердің

2. парасимпатикалық ганглийлердің

3. қаңқа бұлшық еттерінің

4. +каротидті шумақтың

5. жүректің өткізгіштік жүйесінің

Тест №175. Орталыққа әсер ететін жөтелге қарсы заттар:

1. Бромгексин гидрохлориді, амброксол

2. +Глауцин гидрохлориді, кодеин

3. Термопсис шөбінің тұндырмасы, калий йодиді

4. Бемегрид, этимизол

5. Ацетилцистеин, либексин

Тест №176. Глауцин гидрохлориді артериялық қысымды төмендетеді, себебі, көрсетеді:

1. Аллергияға қарсы әсер

2. Қабынуға қарсы әсер

3. +Альфа адреноблокаторлық әсер

4. Бета адреноблокаторлық әсере

5. Альфа және бета адреноблокаторлық әсер

Тест №177. Муколитикалық заттар:

1. Кетотифен, цефазолин

2. Ацетилцистеин, уназин

3. Аугментин, эуфиллин

4. +Амброксол, бромгексин

5. Сальбутамол, экзосурф

Тест №178. Тікелей әсер ететін қақырық түсіретін заттарға жатады:

1. Фуросемид, бензогексоний, маннит

2. Термопсис шөбінің тұндырмасы, либексин

3. Калий йодиді, глауцин гидрохлориді

4. +Бромгексин гидрохлориді, амброксол

5. Этимизол, гентамицин сульфаты

Тест №179. Термопсис препараттарының қақырық түсіруші механизмі байланысты:

1. Бронх бездеріне тікелей ынталандырғыш әсеріне

2. Қақырық мукополисахаридтерінің деполимеризациясына

3. Бронхтың кірпекшелік эпителийі қызметінің күшеюіне

4. +Асқазан рецепторларын тітіркендіру және бронх бездері секрециясын рефлекторлы күшейтеді

5. Каротидті шумақтың Н – холинорецепторларды қоздыру және бронх бездері секрециясын күшейтеді

Тест №180. Өкпенің сурфактанттық жүйесін ынталандырады:

1. +Бромгексин, амброксол, этимизол

2. Теофиллин, этил спирті, фуросемид

3. Беродуал, маннит, натрий нитропруссиді

4. Метацин, бромгексин, пентамин

5. Кромолин натрий, амброксол, экзосурф

Тест №181. Экзосурфтың қолданылуға көрсетілуі:

1. Бронхоспазмды жою

2. Бронхоспазмның алдын алу

3. Өкпе ісінуі

4. Ауруханадан тыс пневмония

5.+ Респираторлы дистресс-синдром

Тест №182. Респираторлы дистресс синдром фармакотерапиясында қолданылады:

1. Фуросемид, аугментин

2. Пентамин, калий иодиді

3. Нитроглицерин, морфин

4. +Бромгексин, экзосурф

5. Этил спирті, уназин

Тест №183. Гипертониялық криз негізінде дамыған өкпе ісінуінде қолданылады:

1. Фентанил, беродуал

2. +Натрий нитропруссиді, фуросемид

3. Бензогексоний, аугментин

4. Бромгексин гидрохлориді, изадрин

5. Тиотропий бромиді, амброксол

Тест №184. Өкпе ісінуінде фуросемид:

1. Қабынуға қарсы әсер көрсетеді

2. Көбікке қарсы әсер көрсетеді

3. Айналымдағы қанның көлемін жоғарылатады

4. +Айналымдағы қанның көлемін төмендетеді

5. Кардиотоникалық әсер көрсетеді

Тест №185. Өкпе ісінуінде этил спиртінің ингаляциясы қолданылады, себебі препарат, көрсетеді:

1. Наркотикалық әсер

2. Диуретикалық әсер

3. Бронхолитикалық әсер

4. +Көбікке қарсы әсер

5. Кардиотоникалық әсер

Тест №186. Өкпе ісінуінің фармакотерапиясында қолданылады:

1. +Зәр айдайтын заттар, альфа - адреноблокаторлар

2. Лейкотриендік рецепторлардың блокаторлары, ганглиоблокаторлар

3. М-холиноблокаторлар, сульфаниламидтік препараттар

4. Альфа адреноблокаторлар, фторхинолондар

5. Бета адреноблокаторлар, сурфактант препараттары

Тест №187. Өкпе ісінуінде қолданылатын азот тотығының донаторы:

1. Экзосурф

2. +Натрий нитропруссиді

3. Нитроглицерин

4. Пентамин

5. Морфин

Тест №188. Өкпе ісінуінде қолданылатын ганглиоблокаторлар тобының препараттары:

1. Натрий нитропруссиді, морфин,

2. +Бензогексоний, пентамин

3. Монтелукаст, зилеутон

4. Нитроглицерин, таламонал

5. Фентанил, сальметерол

Тест №189. Сальбутамолдың бронхолитикалық әсері байланысты, қоздырумен:

1. +Бета 2 адренорецепторларды

2. Бета 1 адренорецепторларды

3. Гистаминорецепторларды

4. Дофаминорецепторларды

5. М-холинорецепторларды

Тест №190. Бронхиалды демікпе ұстамасының алдын алу үшін қолданылатын препараттар:

1. Эуфиллин, адреналин гидрохлориді

2.+ Кетотифен, монтелукаст

3. Кромолин натрий, ампициллин

4. Ипратропий бромиді, гентамицин

5. Изадрин, пропраналол

Тест №191. Бронхиалды демікпеде қолданылатын талғамсыз М-холиноблокаторлар:

1. Изадрин, сальметерол, кетотифен

2. Тиотропий бромиді, эуфиллин, фентанил

3. +Ипратропий бромиді, атропин, метацин

4. Этил спирті, фуросемид, сальметерол

5. Беродуал, монтелукаст, пентамин

Тест №192. Фосфодиэстеразаны тежей отырып бронхоспазмды жояды:

1. Тиотропий бромиді

2. Беродуал

3. Фентанил

4. Метацин

5. +Теофиллин

Тест №193. Мес жасушалардан бронхоконстрикторлы заттардың босап шығуын азайтады:

1. Преднизолон, гентамицин, метацин

2.+ Сальбутамол, преднизолон, кромолин натрий

3. Бромгексин гидрохлориді, зафирлукаст, изадрин

4. Кромолин натрий, азитромицин, монтелукаст

5. Ацетилцистеин, кларитромицин, зилеутон

Тест №194. Бронхиалды демікпе ұстамасының алдын алу үшін қолданылатын әсері ұзартылған М-холиноблокаторлар:

1. Эуфиллин, амброксол

2. Зафирлукаст, формотерол

3. Кромолин-натрий, изадрин

4. Фуросемид, тиотропий бромиді

5. +Ипратропий бромиді, тиотропий бромиді

Тест №195. Бронхиалды демікпеде қабынуға қарсы ем ретінде қолданылады:

1. Изадрин, кромолин-натрий

2. Сальбутамол, кетотифен

3. +Беклометазон, триамцинолон

4. Преднизолон, метацин

5. Зафирлукаст, эуфиллин

Тест №196. Препаратты анықтау: лейкотриендік рецепторларды тежейді, бронхиалды демікпе ұстамасының алдын алу үшін қолданылады, бауырдың микросомалды ферменттерін тежейді:

1. Ипратропий бромиді

2. Зилеутон

3. Кромолин-натрий

4.+ Зафирлукаст

5. Монтелукаст

Тест №197. Ингаляциялық кортикостероидтарды қолданғанда жиі дамитын жанама әсер:

1. +Ауыздың, жұтқыншақтың кандидозы

2. Дене салмағының жоғарылауы

3. Остеопороздың дамуы

4. Асқазан ойық жарасының дамуы

5. Артериялық гипертония

Тест №198. ЖИА бар науқастарда бронхиалды демікпенің ұстамасын жою үшін қолданылады:

1. Сальметерол

2. Изадрин

3. +Сальбутамол

4. Кромолин-натрий

5. Зилеутон

Тест №199. Бронхиалды демікпедегі глюкокортикоидтардың әсер механизмі

1. +Фосфолипазы А2 тежелуі нәтижесінде простагландиндер мен лейкотриендердің синтезінің төмендеуі

2. Фосфодиэстеразаның тежелуі нәтижесінде жасушада цАМФ жиналуы

3. β2- адренорецепторлардың қозуы

4. М холинорецепторлардың тежелуі

5. Лейкотриендік рецепторлардың тежелуі

Тест №200. Бронхолитикті анықтау: ингаляциялық жолмен тағайындалады, бронхоспазмның алдын алу үшін қолданылады, сілекей және бронхиалды бездердің өндірілуін төмендетеді, глаукомада қолдануға қарсы көрсетіледі:

1. Триамцинолон

2. Кромолин-натрий

3. +Ипратропий бромиді

4. Изадрин

5. Зилеутон

Тест №201. Бронхолитикті анықтау: көбіне бета 2- адренорецепторларды ынталандырады, негізінен бронхоспазмды жою үшін қолданылады, жүрекке әсері айқын емес:

1. +Сальбутамол

2. Монтелукаст

3. Эуфиллин

4. Беродуал

5. Метацин

Тест №202. Бронхолитикті анықтау: миотропты спазмолитик, бронхоспазмның алдын алу және жою үшін қолданылады, ішке және парентералды тағайындалады, тахикардия шақырады, тамырларды кеңейтетін, диуретикалық, антиагрегантты әсерлер тән:

1. Кетотифен

2. Сальметерол

3. +Эуфиллин

4. Ипратропий бромиді

5. Зилеутон

Тест №203. Токолитикалық әсер тән бронхолитик:

1. Триамцинолон

2. Кетотифен

3. Зилеутон

4. +Сальбутамол

5. Беродуал

Тест №204. Беродуал препараты келесі заттардың комбинацисынан тұрады:

1. +Ипратропий бромиді және фенотерол

2. Ипратропий бромиді және сальбутамол

3. Кетотифен және фенотерол

4. Преднизалон және сальбутамол

5. Сальметерол және ампициллин

Тест №205. Пневмонияның этиотропты емі келесі заттардан тұрады:

1. Глюкокортикоидтар, бронходилятаторлар

2. +Антибиотиктер, фторхинолондар

3. Қақырық түсіретін заттар, фосфодиэстараза ингибиторлары

4. Мембранатұрақтандырғыш заттар, антибиотиктер

5. Иммуностимуляторлар, сульфаниламидтік препараттар

Тест №206. Пневмонияның симптоматикалық емі келесі заттардан тұрады:

1. Сульфаниламидтік препараттар

2. Антибиотиктер

3. +Қақырық түсіретін заттар

4. Фторхинолондар

5. Иммунодепрессанттар

Тест №207. Өкпенің тығыздалу синдромында (пневмония) қолданылатын жұптастырылған антибиотиктер:

1. Цефтриаксон, кларитромицин

2.+ Аугментин, тиенам

3. Ампициллин, эритромицин

4. Меропенем, амоксициллин

5. Гентамицин, линкомицин

Тест №208. Пневмонияны емдеу үшін қолданылатын антибактериалды заттарға жатады:

1. +Амоксициллин, кларитромицин, левофлоксацин

2. Уназин, метацин, натрий нитропруссиді

3. Полимиксин М, эритромицин, морфин

4. Фурагин, беродуал, фентанил

5. Кларитромицин, тиотропий бромиді, эуфиллин

Тест №209. Ауруханаішілік пневмонияда қолданылатын кешенді антибиотик:

1. Амикацин

2. +Тиенам

3. Меропенем

4. Ципрофлоксацин

5. Метронидазол

Тест №210. Аурухана ішілік пневмонияда қолданылатын таңдамалы антибиотиктер тобы:

1. Биосинтетикалық пенициллиндер

2. Линкозамидтер

3. Циклді полипептидтер

4. +Карбапенемдер

5. Тетрациклиндер

Тест №211. Топты анықтау: антибактериалды әсер механизмі бактериалды фермент топоизомеразаны тежеуімен байланысты, пневмонияда кең қолданылады, негізгі жанама әсері - хондротоксикалық:

1. +Фторхинолондар

2. Тетрациклиндер

3. 8-оксихинолин туындылары

4. Нитрофуран туындылары

5. Циклді полипептидтер

Тест №212. Препаратты анықтау: антибактериалды зат, құрылымында бета-лактамды сақинасы бар, жасуша қабырғасының синтезін бұзады, кең спектрлі, тыныс алу мүшелерінің патологиясында қолданылады, жанама әсерлерінен тітіркендіргіш әсер, лейкопения, суперинфекция, интерстициалды нефрит байқалады:

1. Оксациллин

2. Стрептомицин

3. +Цефотаксим

4. Эритромицин

5. Азитромицин

Тест №213. Препаратты анықтау: антибиотик, рибосома деңгейінде белоктың синтезін бұзады, спектрі бойынша грам теріс кокктарға белсендірек, ұзақ әсер етеді, жиі «атипті» пневмонияда қолданылады:

1. Линкомицин

2. Имипенем

3. Эритромицин

4. +Азитромицин

5. Целастатин

Тест №214. Тыныс алу мүшелерінің патологиясында қолданылатын антибактериалды препараттар:

1. Оксациллин, монтелукаст, зилеутон

2. +Цефтриаксон, азитромицин, уназин

3. Амоксициллин, бромгексин гидрохлориді, метацин

4. Гентамицин, фуросемид, бензогексоний

5. Изадрин, аугментин, ипратропий бромиді

Тест №215. Ауруханадан тыс пневмонияда қолданылатын макролидтер тобының антибактериалды препараттары:

1. Доксициклин, меропенем

2. Амикацин, метациклин

3. Меропенем, ципрофлоксацин

4. +Эритромицин, кларитромицин

5. Линкомицин, гентамицин

Тест №216. Респираторлы фторхинолондар:

1. Ампициллин, моксифлоксацин

2. Эритромицин, ципрофлоксацин

3. Метронидазол, изадрин

4. Ко-тримоксазол, сальбутамол

5. +Левофлоксацин, моксифлоксацин

Тест №217. Пневмококкты пневмонияда тағайындау қажет:

1. Аминогликозидтерді

2. Макролидтерді

3. +Пенициллиндерді

4. Тетрациклиндерді

5. Полиминсиндерді

Тест №218. ҚР бақылауға алынған, медициналық мақсатта қолданылатын наркотикалық заттарды, психотропты заттарды және прекурсорларды қолдану ережесі бойынша ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі бұйрығының номері:

1. № 170

2. № 185

3. № 181

4. № 175

5. № +173

Тест №219. Құрамында наркотикалық заттары бар дәрілік заттарға жазылған рецепт - жарамды:

1. 3 күнге дейін

2. 5 күнге дейін

3. +7 күнге дейін

4. 10 күнге дейін

5. 15 күнге дейін

Тест №220. Наркотикалық заттарға рецепт жазуға арналған арнайы рецептің ерекшелігі:

1. мекеменінің аты және штампы, арнайы коды

2. +арнайы коды, үлгі номері, қорғаныш белгісі

3. бланк номері, мекеменің мөрі

4. емдеу мекемесінің штампы және шифры, үлгі номері

5. емдеу мекемесінің коды және штампы

Тест №221. 173 бұйрыққа сәйкес, арнайы рецептуралық үлгіні тіркейтін кітап арналады:

1. +12 айға дейін

2. 6 айға дейін

3. 3 айға дейін

4. 1 айға дейін

5. 15 күнге дейін

Тест №222. Наркотикалық және психотропты заттарға рецепт жазуға арналған арнайы рецепт үлгісіне, емдеуші дәрігермен қатар, кім қол қояды:

1. Емдеу мекемесінің бас мейірбикесі

2. Науқастың уческелік дәрігері

3. Мекеменің кезекші дәрігері

4. +Емдеу мекемесінің басшысы

5. Қабылдау бөлімінің дәрігері

Тест №223. Өкпе ісінуінде қолданылатын наркотикалық анальгетиктер:

1. +Морфин, фентанил, таламонал

2. Фуросемид, морфин, бензогексоний

3. Натрий нитропруссиді, пентамин, нитроглицерин

4. Этил спирті, преднизолон, маннит

5. Экзосурф, бензогексоний, морфин

Тест №224. Наркотикалық анальгетиктердің жанама әсерлері:

1. Миоз, тахикардия

2. Мидриаз, тыныстың тежелуі

3. Брадикардия, мидриаз

4. +Дәріге тәуелділік, обстипация

5. Тахикардия, дәріге тәуелділік

Тест №225. Теофиллиннің негізгі фармакологиялық әсерлері:

1. +Бронхолитикалық, антиагреганттық, диуретикалық

2. Қабынуға қарсы, антисекреторлық, муколитикалық

3. Аллергияға қарсы, микробқа қарсы, антиаритмиялық

4. Миотропты, жөтелге қарсы, қақырық түсіретін

5. Муколитикалық, антибактериалды, диуретикалық

Тест №226. Панкреатиттің септикалық асқынуларының алдын алу үшін қолданылатын фторхинолон:

1. Омепразол, амоксициллин

2. Магний тотығы, эритромицин

3. Ампициллин, гентамицин

4. +Ципрофлоксацин, офлоксацин

5. Бициллин 5, фуразолидон

Тест №227. Контрикалдың әсер механизмдері:

1. Хлорлысутек қышқылын бейтараптайды

2. +Протеолитикалық ферменттерді бейтараптайды

3. Калликреин-кининдік жүйенің белсенділігін күшейтеді

4. Өттің түзілуін күшейтеді

5. Өттің бөлінуін күшейтеді

Тест №228. Созылмалы панкреатитте орын басушы ем ретінде қолданылады:

1. Метоклопрамид, гепабене

2. Дротаверин, мезим форте

3. Эссенциале, адеметионин

4. Легалон, панзинорм форте

5. +Панкреатин, фестал

Тест №229. Құрамына өт компоненті бар ұйқы безінің ферменттік препараттары:

1. Магний трисиликаты, панкреатин

2. Контрикал, алюминий гидрототығы

3. +Панзинорм, фестал

4. Омепразол, ранитидин

5. Креон, лансопразол

Тест №230. Құрамына өт компоненті жоқ ұйқы безінің ферменттік препараттары:

1.+ Панкреатин, креон

2. Ранитидин, холензим

3. Панзинорм, бисакодил

4. Фестал, лансопразол

5. Метоклопрамид, домперидон

Тест №231. Ферменттік әсер тән препараттар:

1. Эссенциале, адеметионин

2. ЛИВ-52, гепабене

3. Метоклопрамид, домперидон

4. +Панзинорм форте, креон

5. Легалон, панкреатин

Тест №232. Тест №232. Препаратты анықтау: жұптастырылған препарат, құрамында панкреатикалық ферменттер (липаза, протеаза, амилаза) және өт компоненті бар. Созылмалы панкреатитте, гастритте, энтероколитте қолданылады:

1. Сукралфат

2. Панкреатин

3. Алмагель

4. +Фестал

5. Лоперамид

Тест №233. Контрикал:

1. Профибринолизиннің фибринолизинге өтуін тежейді

2. +Фибринолизинді және басқа да протеолитикалық ферменттерді тежейді

3. Витамин К эпоксиді редуктазасын тежейді

4. II, VII, IX, X факторлардың өндірілуін тежейді

5. Антитромбин III тежегіш әсерін күшейтеді

Тест №234. Өт жолдарының тонусы жоғарылағанда тағайындалады:

1. Адефовир, энтекавир

2. Ципрофлоксацин, бисептол

3. +Платифиллин, метацин

4. Фталазол, офлоксацин

5. Ранитидин, фамотидин

Тест №235. Өт жолдарының гипотониялық дискинезиясында қолданылатын дәрілік заттарға жатады:

1. Панкреатин, метоклопрамид

2.+ Домперидон, прозерин

3. Фестал, гентамицин

4. Контрикал, дигестал

5. Панзинорм форте, дротаверин

Тест №236. Жедел холециститте тиімділігі жоғары антибиотиктер тобы:

1. Тетрациклиндер

2. Аминогликозидтер

3. Пенициллиндер

4. +Цефалоспориндер

5. Циклдық полипептидтер

Тест №237. Хенодезоксихоль қышқылы келесі мақсатта қолданылады:

1. Ішекте майдың сіңірілуін жақсарту

2. Қан сарысуында холестериннің деңгейін төмендету

3. +Өт қапшығында холестериндік тастардың еруі

4. Ішекте көмірсудың сіңірілуін жақсарту

5. Қан сарысуында триглицеридтердің деңгейін төмендету

Тест №238. Өттас ауруын емдеу үшін қолданылатын препараттарға жатады:

1. +Хенодезоксихоль қышқылы, урсодезоксихоль қышқылы

2. Холензим, папаверин гидрохлориді

3. «Аллохол» таблеткалар, атропин сульфаты

4. Эссенциале, урсодезоксихоль қышқылы

5. Панзинорм форте, адеметионин

Тест №239. Магний сульфатының өт айдағыш әсерінің механизмі:

1. Өт құрамындағы өт қышқылының үлесін арттырады

2. Бауырдың секреторлы қызметін жоғарылатады

3. Өттің тұтқырлығы мен салыстырмалы тығыздығының төмендеуі

4. +12-елі ішектің шырышты қабығын тітіркендіру арқылы холецистокининнің өндірілуін ынталандырады

5. Өт қапшығының тонусының төмендеуі

Тест №240. Оксафенамидтің фармакологиялық әсерлері:

1.+ Өт айдайтын, спазмолитикалық, гиполипидемиялық әсер

2. Өт айдайтын, бактериостатикалық, гепатопротекторлық әсер

3. Өт айдайтын, спазмолитикалық, қабынуға қарсы әсер

4. Өт айдайтын, өт тасын ерітетін, гепатопротекторлық әсер

5. Өт айдайтын, бактериоцидтік, гиполипидемиялық әсер

Тест №241. Өттің түзілуін ынталандыратын заттар:

1. Панкреатин, аллохол,

2. +Холензим, оксафенамид

3. Фестал, атропин сульфаты

4. Контрикал, магний сульфаты

5. Сибутрамин, панзинорм

Тест №242. Өттің бөлінуіне ықпал ететін М-холиноблокаторлар:

1. Метацин, урсодеоксихоль қышқылы

2. Аллохол, папаверин гидрохлориді

3. Легалон, оксафенамид

4. +Атропина сульфат, платифиллин

5. Ипратропия бромид, холензим

Тест №243. Құрамында өт қышқылы бар холеретик:

1. +Холензим

2. Папаверин гидрохлориді

3. Атропин сульфаты

4. Магний сульфаты

5. Оксафенамид

Тест №244. Прокинетиктер, бұл:

1. +АІЖ моторикасына ынталандырғыш әсер ететін заттар

2. АІЖ моторикасына тежегіш әсер ететін заттар

3. Асқазанның секреторлық қызметін жоғарылататын заттар

4 Асқазанның секреторлық қызметін төмендететін заттар

5. Өттің секрециясын ынталандыратын заттар

Тест №245. Домперидонның әсер ету механизмі:

1. М1-холинорецепторлардың тежелуі

2. Дофаминдік Д2 және серотониндік 5-НТ3 рецепторлардың тежелуі

3.+ Дофаминдік Д2 рецепторлардың тежелуі

4. Серотониндік 5-НТ3 рецепторлардың тежелуі

5. Н2 гистаминдік рецепторлардың тежелуі

Тест №246. Ішектің тонусын және қозғалтқыштық белсенділігін төмендету үшін қолданылады:

1. Мизопростол, лактулоза

2. +Дротаверин, пинаверин бромиді

3. Лоперамид, домперидон

4. Бисакодил, папаверин гидрохлориді

5. Сенаде, амоксициллин

Тест №247. Антисекреторлық әсері белсендірек заттар:

1. Н2 гистаминдік рецепторлар блокаторларының 1 ұрпағы

2. +Протондық помпаның блокаторлары

3. Селективті холинолитиктер

4. Селективті емес холинолитиктер

5. Антацидтік заттар

Тест №248. Для эрадикационной терапии при язвенной болезни применяют:

1. Фамотидин, лансопразол

2. +Метронидазол, кларитромицин

3. Мизопростол, ранитидин

4. Атропина сульфат, амоксициллин

5. Фуразолидон, магния трисиликат

Тест №249. Helicobacter pylori тиімді әсер көрсететін антимикробты заттар:

1. Ампициллин, низатидин

2. Левомицетин, сукралфат

3. Эритромицин, мебеверин

4. +Кларитромицин, метронидазол

5. Лансопразол, фуразолидон

Тест №250. Асқазанның париеталды жасушаларында Н+, К+– АТФ-азаны тежей отырып секрецияны төмендетеді:

1. Циметидин, пирензепин

2. Лансопразол, фамотидин

3. Алюминий гидрототығы, фестал

4. +Рабепрозол, омепразол

5. Сукральфат, циметидин

Тест №251. Пирензепиннің антисекреторлық әсер механизмі:

1. Асқазанның париеталды жасушаларында Н2-рецепторды тежейді

2. Тұз қышқылын бейтараптайды

3. +Асқазан париеталды жасушаларының М-холинорецепторларын таңдамалы тежейді

4. Протондық насостың тежегіштері

5. Асқазанның шырышты қабатының төзімділігін жоғарылатады

Тест №252. Н2 гистаминдік рецепторларды тежей отырып париеталды жасушаларда тұз қышқылының өндірілуін төмендететін препараттар:

1. Атропин, пирензепин, бисакодил

2.+ Ранитидин, фамотидин, низатидин

3. Алюминий гидрототығы, сенаде, маалокс

4. Омепразол, ранитидин лансопразол

5. Низатидин, мизопростол, алмагель

Тест №253. Омепразолдың әсер механизмі байланысты:

1. Асқазанның Н2 гистаминдік рецепторларын тежеуімен

2. Асқазан сөлінің хлорлысутек қышқылын бейтараптауымен

3. Асқазанның М-1 холинорецепторларын таңдамалы тежеуімен

4. +Париеталды жасушалардың мембраналық Na-K-АТФазын тежеуімен

5. Парасимпатикалық ганглийлерді тежеуіне байланысты дамитын ганглиоблокаторлық әсерімен

Тест №254. Ранитидинннің жанама әсерлері:

1. Гиперпролактинемия, паркинсонизм, гипертензия

2. Іш қату, мидриаз, тахикардия

3. Алопеция, тромбоцитопения, васкулит

4. +Алопеция, аритмиялар, бауыр қызметінің бұзылысы

5. Іш өтуі, лоқсу, сарғаю

Тест №255. Антацидтік препараттарға жатады:

1. Натрий гидрокарбонаты, оксафенамид

2. Атропин сульфаты, бисакодил

3. +Магний трисиликаты, маолокс

4. Магний тотығы, прозерин

5. Лоперамид, папаверин гидрохлориді

Тест №256. Құрамында алюминийі бар антацидті заттар дамытатын жанама әсерлер:

1. Диарея, бастың айналуы

2. Энцефалопатия, остеопороз

3. +Дисбактериоз, іш қату

4. Гинекомастия, тәбеттің төмендеуі

5. Тәбеттің жоғарылауы, диарея

Тест №257. Асқазан сөлін СО2 түзбей бейтараптайтын антацидті заттар:

1. Циметидин, бисакодил

2. Пирензепин, дротаверин

3. +Алюминий гидрототығы, магний тотығы

4. Маалокс, натрий гидрокарбонаты

5. Ранитидин, фамотидин

Тест №258. Обстипация дамытатын антацидті зат:

1. Пантопразол

2. Фамотидин

3. Пирензепин

4. +Алюминий гидрототығы

5. Магния окись

Тест №259. Операциядан соң дамитын құсуда қолданылатын құсуға қарсы зат:

1. +Метоклопрамид

2. Аэрон

3. Морфин

4. Пирензепин

5. Магний тотығы

Тест №260. Натрий гидрокарбонатын антацид ретінде қолданудың артықшылығы:

1. +Хлорлысутек қышқылын басқа антацидтерге қарағанда жылдам бейтараптайды

2. Хлорлысутек қышқылын басқа антацидтерге қарағанда баяу бейтараптайды

3. Цитопротекторлы әсер көрсетеді

4. Ұзақ әсер етеді

5. Оңай сіңіріледі

Тест №261. Құрамында антрагликозидтері бар іш айдайтын заттарды тағайындағанда, ұсынылады:

1. +Кешке, ұйқы алдында қабылдау қажет

2. Препаратты таңертең қабылдау қаждет

3. Препаратты қабылдаған күні ештеңе жемеу қажет

4. Үлкен көлемде сұйықтық ішу

5. Антибиотиктермен жұптастырып қолдану

Тест №262. Алмагелдің әсерлері :

1. Прокинетикалық, антисекреторлық

2. Микробқа қарсы, ықылыққа қарсы

3. +Сорып алушы, антацидті

4. Гепатопротекторлық, микробқа қарсы

5. Қаптаушы, гепатопротекторлық

Тест №263. Алмагельдің құрамында Д-сорбиттің болуы:

1. +Өттің бөлінуін күшейтеді, іш жүргізетін әсер көрсетеді

2. Асқазан сөлін бейтараптап, пепсиннің секрециясын тежейді

3. Ішектің перистальтикасын төмендетеді және ішектегі ауру сезімін басады

4. Өттің түзілуін күшейтеді және гепатопротекторлық әсері бар

5. Асқазан сөлі мен пепсиногеннің секрециясын төмендетеді

Тест №264. Гастропротекторлар:

1. +Висмуттың үшкалий дицитраты, сукралфат

2. Холензим, де-нол

3. Оксафенамид, мизопростол

4. Алюминий гидрототығы, сукралфат

5. Ранитидин, висмут үшкалий дицитраты

Тест №265. Висмуттың үшкалий дицитраты, гастропротекторлық әсермен қатар, көрсетеді:

1. Антисекреторлық

2. Анорексигендік

3. +Антибактериалды

4. Гепатопротекторлы

5. Құсуға қарсы

Тест №266. Асқазан шырышты қабығының зақымдаушы факторларға тұрақтылығын жоғарылатады:

1. Холензим, магний тотығы, оксафенамид

2. +Карбеноксолон, сукралфат, мизопростол

3. Эссенциале, алмагель, «Аллохол» таблеткасы

4. Алюминий гидрототығы, низатидин, алмагель

5. Легалон, сукралфат, мизопростол

Тест №267. Висмут үшкалий дицитратының әсер механизмі:

1. Асқазан бездерінің секрециясын күшейтеді

2. +Асқазанда қорғаныш қабығын түзеді

3. Н1-гистаминдік рецепторларды қоздырады

4. Н2-гистаминдік рецепторларды қоздырады

5. М-холинорецепторларды тежейді

Тест №268. Диареяға қарсы зат:

1. +Лоперамид

2. Панзинорм форте

3. Контрикал

4. Пирензепин

5. Бисакодил

Тест №269. Лоперамид ішек моторикасын төмендетеді, себебі:

1. М-холинорецепторларды тежейді

2. +Опиоидты рецепторларды ынталандырады

3. α- адренорецепторларды ынталандырады

4. β-адренорецепторларды тежейді

5. Опиоидты рецепторларды тежейді

Тест №270. Өсімдік тектес іш айдайтын зат:

1. Мебеверин

2. Бисакодил

3. +Сенаде

4. Магний трисиликаты

5. Пирензепин

Тест №271. Тоқ ішекке әсер ететін препараттар:

1. Оксафенамид, прозерин

2. Лоперамид, атропин сульфаты

3. Магний сульфаты, холензим

4. +Бисакодил, сенаде

5. Метоклопрамид, лактулоза

Тест №272. Бисакодилдің іш айдайтын әсері байланысты:

1. Ащы және тоқ ішектің рецепторларын тітіркендіреді

2. +Тоқ ішектің рецепторларын тітіркендіреді

3. Ішекте осмостық қысымды жоғарылатады

4. Органикалық қышқылдарды түзеді

5. Нәжісті механикалық түрде жұмсартады

Тест №273. Препаратты анықтау. Макролидтер тобына жататын жартылай синтетикалық антибиотик. Рибосома деңгейінде белок синтезін тежей отырып Helicobacter pylori бактериостатикалық әсер көрсетеді. Асқазан ішек жолдарынан жақсы сіңіріледі. Ұзақ уақыт әсер етеді:

1. Амоксициллин

2. +Кларитромицин

3. Метронидазол

4. Тетрациклин

5. Фуразолидон

Тест №274. Өте жоғары концентрацияда өтке енетін антибиотиктер:

1. Левомицетин, пирензепин

2. Фталазол, омепразол

3. +Ампициллин, эритромицин

4. Ципрофлоксацин, ранитидин

5. Алюминий гидрототығы, низатидин

Тест №275. Созылмалы холециститте қолданылатын жартылай синтетикалық пенициллиндер тобының антибиотиктері:

1. Доксициклин, левомицетин, фталазол

2. +Ампициллин, пиперациллин, амоксиклав

3. Цефамандол, ампициллин, эритромицин

4. Бисептол, цефоперазон, ципрофлоксацин

5. Цефтазидим, цефуроксим, фуразолидон

Тест №276. Жедел вирустық гепатиттің фармакотерапиясы үшін қолданылады:

1. +Ламивудин, адефовир, энтекавир

2. Ампициллин, энтекавир, кларитромицин

3. Метронидазол, амоксициллин, тетрациклин

4. Доксициклин, клиндамицин, стрептомицин

5. Амоксиклав, цефамандол, цефаперазон

Тест №277. Құрамында табиғи немесе жартылай синтетикалық тікендік (расторопши) флавоноидтары бар гепатопротекторлар:

1. Адеметионин, холензим

2. ЛИВ-52, папаверин гидрохлориді

3. +Гепабене, легалон

4. Сирепар, оксафенамид

5. Легалон, атропин сульфаты

Тест №278. Катехоламинергиялық және серотонинергиялық жүйеге әсер ететін анорексигендік зат:

1. Легалон

2. Гепабене

3. Панкреатин

4. Орлистат

5. +Сибутрамин

Тест №279. Препаратты анықтау. Қуаттылығы төмен, органолептикалық және

консистенциясы бойынша майға ұқсайды, холестериннің және өт қышқылының

абсорбциясын тежейді, семіруде қолданылады:

1. +Олестра

2. Гепабене

3. Сибутрамин

4. Эссенциале

5. Легалон

Тест №280. Көк ірің таяқшысымен шақырылған зәр шығару жолдары инфекцияларында таңдамалы препараттар:

1. Преднизолон, меропенем, пемфлоксацин

2.+ Ципрофлоксацин, офлоксацин, цефтазидим

3. Налидикс қышқылы, цефепим, фурагин

4. Офлоксацин, нитроксолин, дексаметазон

5. Гентамицин, индометацин, тобрамицин

Тест №281. Ішек дисбактериозын дамытпайтын уроантисептик:

1. Гентамицин

2. Оксациллин

3. +Фурагин

4. Нитроксолин

5. Азитромицин

Тест №282. Зәр шығару жолдарының трихомонадалық инфекцияларында қолданылатын таңдамалы препарат:

1. Нистатин

2. +Метронидазол

3. Оксациллин

4. Нитроксолин

5. Ампициллин

Тест №283. Созылмалы пиелонефритті емдеу үшін қолданылады:

1. Глюкокортикостероидтар, нитрофурандар

2. Цитостатиктер, сульфаниламидтік препараттар

3. Пенициллиндер, глюкокортикостероидтар

4. +Антибиотиктер, нитрофурандар

5. Иммунодепрессанттар, цефалоспориндер

Тест №284. Зәр шығару жүйесінің инфекциялық ауруларында қолданылатын

антибактериалды препараттар:

1. Ампициллин, фуросемид

2. Цефотаксим, дипиридамол

3. Офлоксацин, гидрохлортиазид

4. +Фурагин, азтреонам

5. Цефуроксим, меркаптопурин

Тест №285. Зәр шығару жолдарының инфекцияларын емдеу үшін қолданылатын фторхинолондар тобының препараттары:

1. Амоксициллин, карбенициллин

2. Цефуроксим, фурагин

3. +Ципрофлоксацин, левофлоксацин

4. Нитроксолин, дексаметазон

5. Азтреонам, ципрофлоксацин

Тест №286. Фторхинолондардың антибактериалды әсер механизмі:

1. ПАБҚ конкурентті антагонисті

2. +Топоизомераза ферментін тежейді

3. Дегидрофолатредуктаза ферментін тежейді

4. Цитоплазматикалық мембрананың өткізгіштігін бұзады

5. Жасуша қабырғасының синтезін бұзады

Тест №287. Зәр шығару жолдарының инфекциясында қолданылатын жұптастырылған сульфанламидті препарат:

1. Цефтриаксон

2. Азтреонам

3. Сизомицин

4. +Ко-тримоксазол

5. Аугментин

Тест №288. Балаларда зәр шығару жолдарының инфекцияларын емдеуде қолдануға ұсынылмайды:

1. Биосинтетикалық пенициллиндер

2. Цефалоспориндер

3. +Фторхинолондар

4. Аминопенициллиндер

5. Нитрофуран туындылары

Тест №289. Нитроксолин:

1. +8-оксихинолин туындылары

2. Нитрофуран туындылары

3. Хиноксалин туындылары

4. Антибиотик - макролид

5. Антибиотик - аминогликозид

Тест №290. Созылмалы гломерулонефриттің патогенетикалық емі үшін тағайындалады:

1. +Глюкортикостероидтар, цитостатиктер

2. Нитрофурандар, цефалоспориндер

3. Сульфаниламидтік препараттар, пенициллиндер

4. Макролидтер, глюкокортикостероидтар

5. Цефалоспориндер, иммунодепрессанттар

Тест №291. Гломерулонефритте кортикоидты терапия қарсы көрсетілгенде

иммунодепрессант ретінде тағайындауға болатын препараттар:

1. Нимодипин, фуросемид

2. Винпоцетин, азатиоприн

3. Циннаризин, ницерголин

4. +Циклофосфан, меркаптопурин

5. Дексаметазон, аминалон

Тест №292. Созылмалы гломерулонефритте келесі антикоагулянттар қолданылады:

1. Нимодипин, эуфиллин

2. Дипиридамол, пирацетам

3. +Гепарин, варфарин

4. Циклофосфан, пентоксифиллин

5. Тиклопидин, аминалон

Тест №293. Созылмалы гломерулонефриттің аралас түрінде диуретикалық және гипотензивті әсер көрсететін препарат тағайындалады. Препаратты атаңыз:

1. Альдостерон

2. Леспенефрил

3. +Фуросемид

4. Пирацетам

5. Трентал

Тест №294. Созылмалы гломерулонефриттің гипертониялық түрінде таңдамалы препараттарға келесі топтың дәрілік заттары жатады:

1. Бета-блокаторлар

2. +ААФ ингибиторлары

3. Антикоагулянттар

4. Антиагреганттар

5. Фибринолитиктер

Тест №295. Созылмалы гломерулонефритте пульс-терапия үшін тағайындалады:

1. Фуросемид

2. Цианокобаламин

3. Дипиридамол

4. Аллопуринол

5. +Циклофосфан

Тест №296. Созылмалы гломерулонефритті емдеудің үшкомпонентті үлгісіне кіреді:

1. +Преднизолон+ дипиридомол + гепарин

2. Циклофосфамид+ азатиоприн +пентоксифиллин

3. Дипиридомол+ полиглюкин + фенилин

4. Гепарин+ фуросемид + преднизолон

5. Пентоксифиллин+ гипотиазид + гепарин

Тест №297. Гломерулонефритте қолданылатын цитостатиктер:

1. Диазепам, натрий оксибутираты

2. +Азатиоприн, меркаптопурин

3. Фенобарбитал, преднизолон

4. Тиопентал –натрий, циклофосфан

5. Карбамазепин, варфарин

Тест №298. Гломерулонефритте дипиридамолды қолдану оның келесі қасиетіне байланысты:

1. Қабыну медиаторларының бөлінуін азайту

2. Қабыну медиаторларының белсенділігін төмендету

3. +Тромбоциттердің агрегациясын төмендету

4. Бронхолитикалық әсер көрсетеді

5. Гипотензивті әсер көрсетеді

Тест №299. Препаратты анықтау: глкокортикостероид, қабынуға қарсы, иммунодепрессивті әсер көрсетеді, минералокортикоидты белсенділігі айқын емес. Гломерулонефритте пульс-терапия үшін қолданылады:

1. Варфарин

2. Меркаптопурин

3. Фраксипарин

4. +Метилпреднизолон

5. Пентоксифилин

Тест №300. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне байланысты дамыған анемияда қолданылатын препараттар:

1. Фуросемид, белсендірілген көмір

2. Цианокобаламин, темір лактаты

3. Леспенефрил, миокальцик

4. Аскорбин қышқылы, дипиридомол

5. +Реополиглюкин, эпоэтин альфа

Тест №301. Бүйрек жеткіліксіздігі дамығанда қарсы көрсетіледі:

1. +Гентамицин, индометацин

2. Амоксициллин, оксациллин

3. Фурагин, леспенефрил

4. Аугментин, преднизолон

5. Нитроксолин, ампициллин

Тест №302. Спиронолактонның калий сақтаушы механизмі байланысты:

1. Калий мен бикарбонаттардың реабсорбциясын күшейтеді

2. Магний ионының секрециясын күшейтеді

3. +Калий ионының секрециясын азайтады

4. Кальцийдің шығарылуын төмендетеді

5. Натрийдың шығарылуын төмендетеді

Тест №303. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде микроциркуляцияны жақсарту үшін тағайындалады:

1. Варфарин, дексаметазон

2. +Гепарин, пентоксифиллин

3. Меркаптопурин, дипиридамол

4. Эстрадиол, маннит

5. Преднизолон, нифедипин

Тест №304. СБЖ байқалатын екіншілік гиперпаратиреозды емдеу үшін қолданылады:

1. Натрий оксибутираты, аминалон

2. Сорбит, пентоксифиллин

3. +Кальций карбонаты, миокальцик

4. Пантогам, преднизолон

5. Трентал, аминалон

Тест №305. Препаратты анықтау: өсімдік тектес препарат, шумақтық фильтрацияны күшейте отырып диурезді жоғарылатады, ағзадан азоттық қалдықтардың шығуына ықпал етеді. Бүйрек жеткіліксіздігінде азотемияны азайту үшін қолданылады:

1. Преднизолон

2. Левофлоксацин

3. Меропенем

4. Каптоприл

5. +Леспенефрил

Тест №306. Уратты тастардан тұратын несеп- тас ауруында тағайындаған дұрыс:

1. Фраксипарин

2. Меркаптопурин

3. +Аллопуринол

4. Офлоксацин

5. Нитроксолин

Тест №307. Магурлиттің қолдануға көрсетілуі:

1. Жедел гломерулонефритте

2. Созылмалы гломерулонефритте

3. +Несептас ауруында

4. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде

5. Созылмалы циститте

Тест №308. Генле ілмегінің жоғарылағыш бөлігіне әсер ететін зәр айдайтын зат:

1. Гидрохлортиазид

2. Оксодолин

3. Маннит

4. Индапамид

5. +Фуросемид

Тест №309. Бүйрек өзекшелері эпителиінің қызметіне тікелей әсер ететін диуретиктер:

1. Спиронолактон, алтеплаза

2. +Триамтерен, фуросемид

3. Индапамид, стрептокиназа

4. Маннит, фибринолизин

5. Гидрохлортиазид, гепарин

Тест №310. Бүйрек өзекшелерінің өне бойына әсер ететін зәр айдайтын зат:

1. +Маннит

2. Оксодолин

3. Фуросемид

4. Триамтерен

5. Индапамид

Тест №311. «Калий - және магний«сақтаушы диуретиктер:

1. Циклометиазид, маннит

2. Спиронолактон, оксодолин

3. Гидрохлортиазид, фуросемид

4. +Триамтерен, амилорид

5. Клопамид, индапамид

Тест №312. Дихлотиазидтің диуретикалық әсері байланысты:

1. +Натрий және хлор иондарының реабсорбциясының төмендеуімен

2. Калий және бикарбонаттар реабсорбциясының жоғарылауымен

3. Магний реабсорбциясының жоғарылауымен

4. Кальцийдің шығарылуының төмендеуімен

5. Натрийдің шығарылуының төмендеуімен

Тест №313. Диакарбтың әсер механизмі:

1. Ісінген тіндерден сұйықтықты шығару арқылы айналымдағы қанның көлемін жоғарылату

2. Бүйрек өзекшелерінде осмостық қысымды жоғарылату

3. Альдостеронның антагонисті

4. Базалды мембрана арқылы иондардың реабсорбциясын жоғарылату

5. +Карбоангидраза тежегіші

Тест №314. Индапамидтің әсер механизмі:

1. Бүйрек өзекшелерінде осмостық қысымды жоғарылатады

2. +Натрий, хлор иондарының реабсорбциясын төмендетеді

3. Альдостеронның антагонисті

4. Карбоангидразаны тежейді

5. Холинэстеразаны тежейді

Тест №315. Спиронолактонның әсер механизмі:

1. Дисталды өзекшелерде Na+ және Cl- тасымалдануын тежеу

2. Карбоангидразаны тежеу

3. +Альдостеронның конкурентті антагонисті

4. Жинағыш түтікшелерде Na+ тасымалдануын тікелей тежеу

5. Генле ілмегінің жоғарылаған жуан бөлігінде Na, K және Cl белсенді тасымалдануын тежеу

Тест №316. Бүйрек өзекшелері эпителиінің қызметіне тікелей әсер ететін диуретик:

1. Маннит

2. Мочевина

3.+ Амилорид

4. Спиронолактон

5. Преднизолон

Тест №317. Альдостеронның антогонисті болып табылады:

1. Маннит

2. Фуросемид

3.+ Спиронолактон

4. Этакрин қышқылы

5. Амилорид

Тест №318. «Ілмектік» диуретикке жатады:

1. +Фуросемид

2. Дихлотиазид

3. Амилорид

4. Мочевина

5. Спиронолактон

Тест №319. Мидың ісінуінде таңдамалы препарат болып табылады:

1. Диакарб

2. Амилорид

3.+ Фуросемид

4. Спиронолактон

5. Триамтерен

Тест №320. Кальцийдің экскрециясын жоғарылататын диуретик:

1. Преднизолон

2. Дипиридамол

3. +Фуросемид

4. Гидрохлортиазид

5. Азатиоприн

Тест №321. Фуросемидтің негізгі жанама әсерлері:

1. +Гипокалиемия, ототоксикалық әсер

2. Агранулоцитоз, гиперкалиемия

3. Гинекомастия, гепатотоксикалық әсер

4. Көрудің бұзылыстары, гипертензия

5. Гипергликемия, лейкопения

Тест №322. Фуросемид қолданылады:

1. Гипотония, өкпе ісінуі, стенокардия

2. Пиелонефрит, уланулар, несептас аурулары

3. +Артериялық гипертензия, уланулар, ми ісінуі

4. Миокард инфаркты, созылмалы уланулар, өкпе ісінуі

5. Цистит, ми ісінуі, бүйрек жеткіліксіздігі

Тест №323. Дисталды өзекшенің бастапқы бөлігіне әсер ететін зәр айдайтын заттар:

1. Фуросемид, оксодолин

2. Маннит, эуфиллин

3. +Дихлотиазид, клопамид

4. Триамтерен, фуросемид

5. Спиронолактон, амилорид

Тест №324. Зәр шығару жүйесі патологияларында қолданылатын цитостатик:

1. Дексаметазон

2. +Азатиоприн

3. Фуросемид

4. Леспенефрил

5. Нитроксолин

Тест №325. Гестагендік белсенділік тән препарат:

1. Бусерелин

2. Эстрадиол

3. +Прогестерон

4. Тестостерон пропионаты

5. Метилпреднизолон


Дата добавления: 2015-08-14 | Просмотры: 785 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.269 сек.)