АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Айырша безі

Айырша без-лимфоцитопоэз бен иммуногенездің орталық мүшесі. Ол тақ мүше, аяғына дейін бөліктерге бөлінбеген мүше, оның негізінде өсінділер эпителиальді ұлпа жатыр.

Эпителиальді клеткалар арасындағы кеңістіктер лимфоциттермен толықтырылған, негінінен Т-лимфоциттер, оларды тимоцит деп атайды. Бұл клеткалар тимустың барлық клеткаларының 90% құрайды. Без сыртынан капсуламен жабылған, одан аралықтар кетіп, безді бөліктерге бөледі. Әрбір бөлікте қыртысты және милы затты ажыратады.

Сурет №1

І-субкапсулярлық зона;

ІІ-ішкі кортикальді;

ІІІ-медуллярлық;

ІҮ-бөлшек ішкі пери-

васкулярлық кеңістік.

 

 

Препараттарда қыртыс заты қараңғы түсті, себебі көп ұсақ лимфоциттерден құралған.

Милы заты ашық түсті, онда лимфоциттер аз, шығу тегі эпителиальді ірі клеткалар орналасқан.

Милы затының, қыртыс затынан ерекшелігі тимус денешіктері немесе Гассаль денешіктерін құрайды.

1. Субкапсулярлық зона-базальді мембрананың астында орналасып, қыртыс енінің 0,25% құрайды. Бұл зонада ірі клеткалар-лимфобластар орналасқан (Т лимфоциттердің бастамасы, сүйек миынан келген).

Субкапсулярлық зонаның қызметі-Т лимфоциттер бастамасы жетілуінің алғашқы кезеңіне және көбеюіне қолайлы жағадй жасау.

2. Ішкі кортикальді зона.

Бұл зонада тимустағы 60-80% лимфоцит кездеседі. Ішкі кортикальді зонаның басты маңызы Т –лимфоциттердің дифференцировкасын қамтамасыз етеді. Ішкі кортикальді зонада лимфоциттердің жетілуі эпителиальді клеткалардың тығыз байланысымен, макрофагтармен, тимус гормондарының, интерлейкиндердің, простогландиндердің әсермен жүреді.

3. Тимустың милы затында Т лимфоциттер аз, олар 15-20%-н құрайды. Негізгі массада олар жетілген, функциональді белсенді және қан тамыр арнасына түсетін иммунокомпетентті тимоциттер.

Медуллярлық зона өзінің микрофагасы арқылы (милы эпителий, макрофагтар) Т-лимфоциттердің антигенге тәуелді жетілуін қамтамасыз етеді.

Милы затында фенестр капиллярлары бар, сондықтан гемато-тимикалық барьер жоқ. Осы жерде Т-лимфоциттер қан ағысына өтеді.

Гассаль денешіктері.

4. Бөлшек ішкі периваскулярлық кеңістік.

Ол бөлшек ішкі сектордың тарамы, паренхима өтіп, құрамында қан тамырлар.

Олар гемато-тимикалық барьерді қамтамасыз етіп, қыртыс затының жетілу лимфоциттерін уақыттан ерте антигенмен байланысуынан қорғайды.

Тимус ұлпасында 2%-ке жуық В-Лимфоциттер және плазмоциттер бар.

Тимустың гормоны-ТИМОЗИН.

Тимустың қызметтері:

1. лимфоциттердің түзілуі;

2. Т-лимфоциттердің жетілуі;

3. Б.Б.З-дың шығару

· Инсулинге ұқсас фактор;

· Қанда қант мөлшерін азайту;

· Кальцитонинге ұқсас фактор- кальций мен фосфор концентрациясын қанда азайтады- бұлшықет тонусы;

· Өсу факторын;

· Предпубертаттық кезеңде жыныс бездерінің дамуына әсер етеді.

Сонымен қатар, жыныс гормондары тимусқа кері әсер етеді.

Жыныстық жетілу басталған соң тимустың инволюциясы басталып, қартайған сайын ол майлы клетчаткамен және дәнекер ұлпамен алмасады.

 

Нәрестенің тимусының салмағы 15 г. (дене салмағының 0,5%). Жыныстық жетілу кезеңінде айырша бездің макс. салмағы 20-37 г.-ға жетеді, содан кейін кері дамиды (инволюциясы), 40 жаста тимустың салмағы 3 г. (0,005%-жалпы салмақтан).

 

Без дамуының 3 кезеңі.

1. ұрықтық даму-ең белсенді даму.

2. туғаннан-6-7 жасқа дейін-баяу даму.

3. 6-7 жастан жыныстық жетілуге дейін-ең баяу жетілу, кейін без кері бағытта дамиды.

 

5.Перифериялық иммун жүйесі мүшелері:

Лимфа түйіншіктері:

Ас қорыту трактысының, бадамшалардың лимфа түйіншіктері-АҚЖ құрамын екі иммунологиялық тексеріс.

1. деңгей-лимфа түйіншіктері;

2. лимфа түйіндері, лимфа ағысы жолдаында.

 

Лимфа түйіндері. Т-зона-паракортикальды зона

В-зона-лимфа түйіншіктері орталық көбейімен, милы заттың қоймалжың жолдары.

Сурет№2

 

 

Көкбауыр.

Көкбауыр-иммун жүйесінің ең күрделі перифериялық мүшесі, онда қанның иммундық тексерісі жүреді.

Капсула, тегіс бұлшықеттік элементтер, трабекулалар-қан тамырлар, нервтер.

Ақ пульпа, қызыл пулпа.

Ақ пульпа-әр түрлі популяциядағы лимфоциттердің жиынтығы, периартериальды лимфа муфтын (Т-зона) және лимфа түйіншіктерін (В-зона)-мальпигий денешіктерін түзетін.

Көкбауырдың қалған бөлігі, қан тамырлардан, синусоид капиллярларынан құралған бөлігі-қызыл пульпаға жатады.

Сурет№3

 

 

Көкбауыр-«эритроциттердің моласы»-көкбауыр зақымданған және ескі эритроциттердің осмос төзімділігін төмендету қабілетімен ерекшелінеді. Ол эритроциттердің өлуіне әкеледі. Ондай эритроциттер макрофагтармен жұтылады. Гемоглобинмен толықтырылған макрофагтар қан ағысына кетеді. Қақпа венасы арқылы бауырға өтіп, олар гемоглобинді бұзатын заттар бөледі, олар өттің түзілуіне қолданылады.

Гемоглобиннің темір молекуласы қызыл сүйек миында жаңа эритроциттердің қалыптасуына әсер етеді. Сүйек миының эритробластары жетілу процесінде құрамында темір фагоцитирующих эритроцит бар макрофагтарды қоршайды және гема-гемоглобин құрауға молекула болады.

Макрофагты-«эритроциттің қорегі» деп атайды., соның әсерінен темір әрдайым толықтырылады.

Көкбауыр артериясы

Сегментарлық

Трабекулярлық

Пулпарлық

Орталық арт. (лимфа түйіншігі)

Ұсақ артериолалар (эллипсоидты муфтылар)

Прекапиллярлар

Капиллярлар.веноздық синус

Жинағыш венулалар

Пульпарлық вена

Трабекулярлық вена

Көкбауыр венасы

 

Бадамшалар:

Бадамшалардың қызметтері:

· қорғаныш-патологиялық микроорганизмді белсенді лимфоциттермен бұзу.

· ақпараттық-организм бадамшалар арқылы жұтқыншақ микрофлорасының түс құрамын сақтау, жоғарғы тыныс алу жолдарының микрофлорасын қоса.

 

Бүйрек үсті безі.

 

Бүйрек үсті безі-жұп мүше, ішперде арты кеңістігінде орналасады. Ол ХІ-ХІІ кеуде омыртқаларының деңгейінде орналасады. Ересек адамдарда 12-13 г. салмағы, ұзындығы 40-60 мм., биктігі-20-30 мм., қалыңдығы 2-8 мм.. Оң бүйрек үсті безінің салмағы мен көлемі кішкене аз. Бүйрек үсті безі сыртынан фиброзды капсуламен жабылған, ол паренхимамен тығыз бітіскен. Фиброзды капсулаға ішінен қыртыс заты орналасып, 3 зонадан құралған:

1. шумақшалы;

2. будалы;

3. торлы.

 

Қыртысының гормондары:

· минералокортикоидтар-альдостерон;

· глюкокортикоидтар-гидрокортизон, кортикостерон, 11-дегидро және 11-дезоксикортикостерон:

· жыныстық гормондар: ерлерде –андрогендер, әелдерде-эстроген және прогестерон

 

Ортасында-милы заты, ірі клеткалардан құралған.

1. эпинефроциттердің негізгі массаны құрап-адреналин;

2. норэпинефроциттер-норадреналин түзеді.

 

 


Дата добавления: 2015-07-23 | Просмотры: 1116 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.007 сек.)