АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Рефлекстер

Терең рефлекстер

Карпорадиалдық рефлекс анықталады.

Иықтың үшбасты бұлшық ет рефлексы екі жақтанда анықталады.

Иықтың екібасты бұлшық еті сіңірінің рефлексы екі жақтанда анықталады.

Тізе рефлексі екі жақтан неврологиялық балғамен ұрғанда қалыпты.

Өкше рефлексі екі жақтанда қалыпты.

Рефлекстердің бұзылуы

Үстірт сезімділікті зерттеу

Ауырсынуды сезіну басы доғал таяқшамен дененің екі жағын симметриялы тітіркегенде екі жақтанда сақталған. Ыстық-суықты сезіну қалыпты.

Терең сезімділікті зерттеу

Бұлшық ет-буын сезімі. Оң жағының саусақ буындарын науқас көзін жұмып отырғанда оң жақ қолын саусақтарын қозғағанда қай саусақ екенін дәл анықтады. Қолына салмағы бірдей тас ұстатып салмағын тексергенде, оң жақ қолындағы тастың қалыптыдан ауыр екенін сезді.

Менингиалды симптомдар теріс. Мойын регидтілігі сақталған.

Вегетативті нерв жүйесі

Жергілікті дермографизм ақ түсті, тұрақты. Ауырсыну жоқ. Рефлекторлы дермографизм өзгеріссіз. Тері температурасы қалыпты.

Ми қатпары қызметін зерттеу

Имперссивті сөйлеу сөздің мағынасын түсінеді, айтылған заттарды көрсете алады. Күрделі сөйлемдердің мағынасын түсінеді.

Экспрессивті сөйлеу естіген сөздерін ұғып, жауабын сөзбен жеткізе алады.

Жазуы, оқуы сақталған.

Психиканы тексеру

Есі анық, туыстарын, медицина қызметкерлерін тани алады. Тексерулерге қатынасы адекватты. Көңіл күйі қанағаттанарлық. Есте сақтау қабілеті мен назары аздап төмендеген. Ұйқысы тыныш.

 

Зерттеу жоспары:

ЖҚА, ЖЗА,жалпы белок, мочевина, АЛТ,АСТ, холестерин, триглицерид, глюкоза ЭКГ, Бүйрек УДЗ, КТ

Емдеу жоспары:

Режим 2

Диета 10

Гепарин 10000 NaCl 0,9% 200 ml

Mg2SO4 5% 5.0 NaCl 0,9% 100 ml

Гепарин 5000ХБ 3 рет/кун

Фозикард 10 мг азанда

Ретромбин 100 мг азанда

 

Клиникалық диагнозды негіздеу

 

Түскен кездегі шағымдары: көп реттік құсуға, жүрек айнуға, бас ауруына, бас айналуына, есінің есеңкіреуіне, жалпы әлсіздікке

Anamnesis morbi: Науқастың айтуы бойынша ауруы тез дамыды. Үш күн болған жана гипотензивті терапия қабылдаған. Конкор 2,5 мг,

Басының айналып, жалпы әлсіздік байқаған соң, участкелік дәрігерге қаралған, препараттар тоқтатылды. Жағдайы нашарлай түсіп, құсу, жүрек айну, есінің есеңкіреуі байқалған. ҚКБ №7 жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді.

Anamnesis vitae: Боткин ауруымен, туберкулез, тері венерологиялық аурулармен ауырмаған.Тұқымқуалаушылық, аллергоанамнез асқынбаған. Артериялық гипертензиямен көп жылдар бойы ауырады. Адаптирленген.

Гемотрансфузиялық анамнез: Науқастың айтуы бойынша қан немесе оның компоненттері құйылған жоқ.

Status praesens: Жалпыжағдайы орташа ауырлықта, есі анық, дене бітімі нормостеник, терісі боз, құрғақ, көзге көрінетін шырышты қабаттардың түсі қалыпты, таза. Варикозды кеңеюлер, бөртпелер байқалмайды. Мойын аймағы деформацияланбаған, қалқанша безі ұлғаймаған. Дене температурасы 36,6ºС. Лимфа түйіндері үлкеймеген, пальпацияланбайды.

Тыныс алу жүйесі: Мұрнымен еркін тыныс алады. Кеуде торының пішіні қалыпты. Кеуде торының оң және сол бөліктері тыныс алу актісіне бірдей, белсенді қатысады. Пальпациялағанда ауру сеімі жоқ. Перкуссия кезінде өкпе алаңынан ашық перкуторлы дыбыс естіледі. Аускультацияда везикулярлы тыныс, сықырлар мен сырылдар жоқ. Тыныс алу жиілігі 18 рет минутына.

Жүрек-қан тамыр жүйесі: АҚҚ оң қолда – 130/80, сол қолда – 130/80, PS 80.

Жүрек ұшы түрткісі қалыпты. Аускультация – жүрек тондары әлсіреген, ырғақты, шулар жоқ.

Асқорыту жүйесі: Ауыз қуысы қалыпты, шырышты қабатының түсі өзгермеген. Тілі ылғалды, таза. Бауыры мен көкбауыры үлкеймеген. Іші қалыпты формалы, симметриялы, пальпациялағанда жұмсақ, ауру сезімсіз.

Зәр шығару жүйесі: Ұрғылау симптомы 2 жақта да теріс, бел аймағында ауру сезімі жоқ. Үлкен дәретте аздап іш қату бар, қалыпты пішінді. Зәр шығаруы қалыпты, еркін.

Тірек-қимыл жүйесі: Сүйектері пішіні өзгеріссіз. Буындарының пішіні үйлесімді, ісіну, қызару жоқ. Бұлшықет күші,тонусы, даму деңгейі қалыпты. Тері асты шел қабаты біркелкі таралған.

 

 

Зерттеулер нәтижелері: 13.10.13

ЖҚА: HB 129 /л,; эритроциттер 4,2 *10;2; лейкоциттер 8,0 *109; ЭТЖ 7мм/сағ тромбоциттер 183 *109

БХА: Жалпы нәруыз 70,0; Несепзәр 4,8; Креатинин 51,0; Глюкоза 18,3; АлаТ 30,0; Асат 43,0; Билурибин 16,1 Амилаза 32,0

ЖЗА: меншікті салмағы 1,010, белок жоқ, эп.пл жоқ, лей жоқ, эритр жоқ. Қорытынды: қалыпты

Бүйрек УДЗ: Екі жақты нефроптоз. Созылмалы пиелонефрит ремиссия кезеңі

ЭКГ: Синусты брадикардия. Горизонтальды орналасу 70°С. Гисс шоғыры оң аяқшасының блокадасы. Сол жақ қарынша гипертрофиясы

КТ: жұмыс істемеді.(мейрамға байланысты)

Жоғарыда аталған мәліметтер бойынша келесі клиникалық диагноз қойылады:

ЦВА. Үдемелі тамырлық лейкоэнцефалопатия транзиторлы ишемиялық атакамен. Артериялық гипертензия 3дәрежесі, ФК4. Созылмалы пиелонефрит ремиссия кезеңінде

 


Дата добавления: 2015-08-26 | Просмотры: 1164 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.009 сек.)