АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Бас-ми нервтерін зерттеу

Станция ОСКЭ №_____ Студент №____

Станция рейтингі

«Өте жақсы» ______ ______ балл

«Жақсы» ______ ______ балл

«Қанағаттанарлық» ______ _______ балл

«Қанағаттанарлық емес» ______ баллдан төмен

 

Экзаменатордың қолы _________________ Күні _______

ОРЫНДАЛУ АЛГОРИТМІ.

Бас-ми нервтерін зерттеу.

Қадамдар Орындалу критериилері
  Қолды жуу. Науқаспен инструкцияны қабылдаудың дұрыстығын бағалау. Қолды жуу және сүлгімен сүрту. Науқастың уақыт және кеңістіктегі жағдайын бағалау, сұрақтар қою (төл-құжат, мекен-жайы және т.б.)
  Көзқозғалтқыш нерв топтарын зерттеуді жүргізу: көзқозғалтқыш, блокты, әкетуші (3,4,6 жұптар) Зерттелушінің бетін тыныштықта карау. Көз саңылауының еніне, көз алмасының және қарашық формасының орналасуына назар аудару. Көз алмасының қозғалыс көлемін зерттеу үшін балғашықтың қозғалысымен жылжимыз. Балғашықты көзінін алдына қойып, балғашықтың бір нүктесіне қарауға сұрап, одан кейін балғашықты оңға, солға, жоғары, төмен апарған кезінде зерттеуші көз алмасының қимылын байқайды. Кейін қарашықтың жарыққа реакциясын зерттеу: тіке, қосалқы, аккомадация және конвергенция.
  Үштік нервінің сезімтал бөлігінің зерттеуін жүргізу (5 жұп) Үштік нерв бұтақтарының бетке шыққан нүктесін ұстап тексеру (көзүстілік, жоғарғыжақ және төменгі жақ), бұл нүктелер триггерлікке жатады ма, жатпайтындығын байқау керек. Беттегі Зельдер зонасының ауыру сезімін иненің көмегімен ортадан шетке қарай зерттеу. Науқастан аузын ашып-жабуын сұрап, шайнау бұлшықетінің күшін бағалаймыз.
  Бет нервінің зерттеуін жүргізу (7 жұп) Беттің қыртыстарының жазылғанын (мұрын-ерін қыртысы, әжімдердің бірдейлігін), беттің асимметриясын анықтау үшін зерттелушіні тыныштықта қараймыз. Мимикалық бұлшықеттің белсенді қимылының көлемін зерттей отырып анықтаймыз: «қасыңызды көтеріңіз» - маңдай бұлшықеті, «көзіңізді қатты жұмыңыз» - көздің айналдыру бұлшықеті, «ұртыңызға ауаға толтырыңыз» - беттік бұлшықет, «түтік тәрізді етіп ерніңізді алдыға шығарыңыз» - ауыздың дөңгелек бұлшықеті. Алынған симптомдарды интерпретациялаңыз. Тілдің алдыңғы үштен бір бөлігінің дәм сезуін анықтайды.
  Бульбарлы нерв тобының зерттеуі Зерттелушіден ауызын кең ашуын сураймыз, аңқаның тыныштықтағы қалпын көреміз (тілдің және жұмсақ таңдайдың доғашығының жағдайына назар аудару), сосын «А-А-А» дыбысын шығаруын сұраймыз (таңдайдың және тілдің қозғалыс дәрежесін бағалаймыз). Жұтқыншақтың артқы қабырғасына нығыздалған қағаздан жасалған түтікшені тигіземіз (жұтыну рефлексін тексеру). Жұтыну акті бақыланады. Зерттелушіден тілін көрсетуін сұраймыз және тілдің орналасуына назар аударамыз (тіл ортаңғы сызықта немесе бір жағына бұрылған). Пациенттен сұраймыз: қақалмайды ма, даусы өзгерген жоқ па.

 

Неврология, жалпы және медициналық психология кафедрасы

СТУДЕНТ үшін ақпарат


Дата добавления: 2015-08-26 | Просмотры: 821 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)