АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Белсенді Енжар Белсенді Енжар

инфекция д ан кейін плацента арқылы, вакцинация иммуноглобулин

эпидемияға қарсы емшек сүті арқылы енгізу қан сарысу

антидене

Вакцинация – бұл нақты жұқпалы ауруға қарсы вакцинаның көмегімен жасанды активті иммунитет қалыптастырып, оған жауап ретінде антидене түзуі.

Вакциналардың құрамында қоздырғыштардың антигендері болады. Микроорганизмдерден антигендер қандай тәсілмен бөлініп алуына байланысты вакциналар бірнеше түрлерге бөлінеді: тірі, инактивтендірілген (өлі), химиялық, анатоксиндер, жасанды, жаңа типті вакциналар,

антигендер санына байланысты- моновакциналар және ассоцирленген вакциналар.

Иммунитет пайда болуына әсер ететін факторлар:

  1. Жеке фактор - әр адамның физиологиялық өзгешеліктері, ерекше иммунитет түзу қабілеті. Мысалы, топта 5- 10% адамдарда иммунитет кеш түзеледі немесе мүлдем түзілмейді.
  2. Жасына байланысты фактор - өте жас нәрестелерде және егде жастағы адамдарда иммунитет кештеу қалыптасады.
  3. Ауа - райына байланысты фактор - жылы климат қалыптасқан аймақтарда иммунитет тез пайда болады, суық аймақтарда - керісінше.
  4. Құнарлы, витаминді тамақтандыру иммунитеттің тез, тұрақты түзілуіне оң әсерін тигізеді.

Ұжым ішінде жұқпалы аурулардың таралу-таралмауы вакцина егілгендер мен егілмегендердің санына, ара қатынасына немесе тұрғындардың иммунологиялық құрылымына байланысты. Вакцина егілген, жұқпалы ауруларды қабылдамайтын, иммунитеті жоғары ұжымдарда аурулар таралмайды. Керісінше, иммунитеті нашар ұжымдарда жұқпалы аурулар жаппай түрде таралады. Иммунитет деңгейін арнайы иммунологиялық тесттер арқылы айқындайды.

Ауру қоздырғыштарынан вакциналық штамдар алу үшін қолданылатын әдістер үш топқа бөлінеді:

1.Қолайсыз факторлардың әсері арқылы қоздырғыштардың вируленттілігін жасанды жолмен әлсіретіп және ыңғайлы (қажетті) штамдарды сұрыптау (селекциялау). Бұл әдіс негізінде бактериалардан тірі вакциналар алынады. Қолайсыз факторлар ретінде қолданылады: дақылды қайталап екпей, ұзақ сақтау; дақылдандырудың температуралық тәртібін өзгерту; қоректік сапасы төмен орталарда өсіру; дезинфекциялық заттармен әсер ету; өзіне тән фагтарды қолдану; иммунды сарысулармен, рентген және ультракүлгін сәулелермен әсер ету және т.б.

Вируленттілігі ең төмен, ал иммуногендігі жоғары штамдарды іріктеп алу өзгергіштік процесінің жылдам аяқталуына мүмкіндік береді. Өйткені ол микроорганизмдердің барлық популяциясының бірдей өзгеруіне жол бермейді. Мысалы, түйнеме ауруының қоздырғышын осындай әдіспен дақылдандыру нәтижесінде Н.Н. Гинсбург адамдарды иммунизациялауға жарамды жаңа вакциналық штамды тапты. Эльберт және Гайский (1947ж.) дақылды «қарайту» («ескірту») әдісімен туляремия қоздырғышының авирулентті штамын алды. Кальмет және Герен 1921 жылы туберкулезге қарсы (БЦЖ), Жирар және Робик - обаға қарсы вакцинаны (1963ж.) жасады.

2.Қабылдамайтын немесе қабылдаушылығы аз жануарлардың организміне қоздырғыштарды бейімдеу (адаптациялау) және микроорганизмдерді тауық эмбрионында немесе жасуша дақылдарында пассаждау (жұқтырып өсіру). Бұл әдіс вирустардан немесе риккетсиялардан тірі вакциналар дайындау үшін қолданылады. Осындай әдіспен вирустардан құтыру ауруына қарсы (Пастер, 1985), тұмауға қарсы (Соколов, 1966), қызылшаға (Смородинцев, 1960), полиомиелитке (Сэбин, 1957), сары қызбаға (пастер институты, 1938), риккетсиялардан – бөртпе сүзекке (Кампо және Каллардо, 1943), Ку-қызбасына (Генин, 1960) қарсы вакциналық штамдар алынды.

3.Тірі вакциналар дайындау үшін елеулі өзгеріссіз қолда бар микроорганизмдер коллекциясынан авирулентті штамдарды іріктеп алу. Бұл әдістермен шешекке қарсы вакцина, түйнеме ауруына қарсы – СТИ-1 вакцинасы және т.б. алынған.

Иммуннобиологиялық препараттарға сипаттама

Тірі вакциналар - вируленттілігі жойылған немесе әлсіздендірілген, макроорганизмде көбеюі және белсенді жасанды иммунитет қоздыру қабілеттілігі сақталған, бірақ ауру туғыза алмайтын микроорганизмдердің тірі штамдары болып табылады. Полиомиелитке, эпидемиялық паротитке, қызылшаға,туберкулезге, гриппке, бруцеллезге,туляремияға, обаға, күйдіргіге, бөртпе сүзегіне, сары қызбаға, Ку қызбасына, кене энцефалитіне, қызамыққа қарсы вакциналар тірі вакциналарға жатады.

Инактивтендірілген вакциналарды химиялық (фенол, формалин, мертиолит, спиртпен өңдеу) немесе физикалық(жоғары температура, ультракүлгін, гамма сәулелер) әдістермен микроорганизмдердің белсенділігін жою, яғни өлтіру жолымен алады. Микроорганизмдер инактивацияланғаннан кейін дайындалған препараттар химиялық агенттерден тазартылады. Тірі вакциналарға қарағанда инактивтендірілген вакциналардың иммуногенділігі төмен болады, сондықтан мұндай вакциналарды организмге бірнеше рет қайтара енгізу қажет (әдетте 2-3 қайтара). Бұл топқа көкжөтелге, іш сүзегі мен парасүзекке, құтыруға, лептоспирозға, гриппке, герпеске қарсы қолданылатын вакциналар жатады.

Анатоксиндер - улы қасиетінен айрылған, бірақ антигендік және иммундық қасиетін сақтаған бактериалардың залалсыздандырылған экзотоксиндері. Қазіргі кезде күл, сіреспе, газды гангрена, ботулизм, тырысқақ, стафилококты инфекцияларға қарсы анатоксиндер пайдаланылады.

Химиялық вакциналар – қоздырғыштың антигендерін ультрадыбыспен, хроматографиямен, химиялық заттармен өңдеу арқылы тазарту. Менингококты инфекция, іш сүзегі, бруцеллез, тырысқақ,бөртпе сүзегі, грипп, обаға қарсы.

Жаңа типті вакциналар: гендік –инженерлік (гепатит В-ге қарсы), рибосомды дизентерия, сальмонеллездерге қарсы), сплит – вакциналар (тұмауға қарсы «Инфлювак», «Ваксигрипп).

Құрамында бір микробтың антигені бар препараттарды моновакцина деп атайды, егер бірнеше микробтардың антигендері болса, оны поливакцина деп атайды.

Тәжірибеде қолданылатын комбинирленген препараттарға жатады: адсорбцияланған көкжөтел-күл-сіреспе вакцинасы (АКДС), адсорбцияланған күл-сіреспе анатоксині (АДС), іш сүзек және парасүзектің А және В түрлеріне қарсы үшвакцина (тривакцина), құрамында сіреспеге қарсы анатоксині бар, сүзекке және парасүзектің А және В түрлеріне қарсы төртвакцина (тетравакцина), ботулизмге қарсы үш анатоксин (трианатоксин). Кейбір зоонозды жұқпалы ауруларға қарсы (бруцеллез, түйнеме, туляремия, оба) және балаларда болатын жұқпалы ауруларға қарсы ҚҚП (қызылша + қызамық + паротит) комбинирленген вакциналар бар.

Вакцина енгізгеннен кейін иммунитет біраз уақыт өткеннен кейін пайда болады, сондықтан қандай да болмасын, жұқпалы аурудан жылдам қорғану қажеттілігі болған жағдайда жұқпалы аурулардың жедел профилактикасы үшін ж асанды енжар иммунитет қолданылады.

Жасанды енжар (пассивті) иммунитет микроорганизмге жұқпалы аурудың қоздырғышына немесе оның уына қарсы дайын антиденелер бар препараттар, яғни сарысулар мен иммунноглобулиндер енгізу жолымен атқарылады. Олар қысқа уақытқа жасанды пассивті иммунитет қалыптастырады.

Ондай қасиет тиісті жұқпалы аурумен ауырып тұрған немесе сол ауруға қарсы жасанды әдіспен иммунизацияланған адамдар мен хайуанаттардың қан сарысуларында болады.

Бұрын тиісті жұқпалы аурулармен науқастанған, кеселден айыққан, иммунитеті бар адамнан алынған сарысулар– гомологиялық деп аталады. Олардың барлық мөлшерін бірден тері астына, бұлшық етке немесе тамырға енгізуге болады.

Сарысулардың басқа түрін гипериммунизацияланған хайуанаттардың, көбіне жылқылардың қанынан дайындайды, ондай препараттарды - гетерологиялық деп атайды. Гомологиялық препараттар донорлардың қанынан, әйелдер босанғандағы плацента сығындысынан (экстрактысынан) және жасанды түсік жасағанда кететін қаннан дайындалады. Олардың сарысулары алынып, мұздатылады, сонан соң гамма-глобулиндік фракциясы бөлініп алынады.

Сарысуларды тамырға енгізгенде иммунитет бірден, ал тері астына және бұлшық етке енгізгенде – 12-24 сағаттан кейін пайда болады. Гомологиялық препараттар адам организмі үшін бөтен емес, реактогенді емес, толыө дозада бірден енгізуге болады, қолданғанда иммунитеттің ұзақтығы – 4-6 аптаға дейін созылады, ал гетерологиялық препараттар адам организмі үшін бөтен болғандықтан, парентеральді енгізу кезінде сақтықпен Безредко әдісімен жүзеге асады, қорғаушылық қасиеті 1-2 апта мерзіміне ғана жетеді.

 

Антивирусты Антибактериалды Антитоксикалық
гомологиялық иммуноглобулиндер   қалыпты гипериммунды қызылшаға қарсы шешекке қарсы гриппке қарсы кене энцефалитіне қарсы антирабикалық гетерологиялық иммуноглобулиндер   гипериммунды антирабикалық кене энцефалитіне қарсы   гомологиялық иммуноглобулиндер   қалыпты гипериммунды көкжөтелге қарсы менингококты инфекцияға лептоспирозға қарсы     гетерологиялық иммуноглобулиндер   гипериммунды күйдіргіге қарсы гомологиялық иммуноглобулиндер   гипериммунды сіреспеге қарсы стафилоккокты инфекцияға     гетерологиялық қансарысулар   гипериммунды газды гагренаға ботулизмге қарсы күлге қарсы

 

Жұқпалы аурудың алдын алу үшін қосымша биологиялық препараттар қолданылады.

Организмде қоздырғыштың көбейіп, дамуын интерферон, бактериофаг тоқтатады.

Бактериофаг – күл, іш сүзегі, сальмонеллез және т.б. ошақтарда инфекция көзімен қатынаста болғандарға профилактикалық мақсатпен қолданылады. Бактериофаг 5-7 күн бойы тиімді.

Интерферон- вирусты ауруларды алдын алу және емдеу үшін қолданады. Интерферон клеткадағы вирустың репродукциясын тежейді, яғни микроб жұққан организмдегі қоздырғыштың өсіп –өнуін тоқтатады.

Бактериалдық препараттарға қойылатын талаптар.

Егуге арналған препараттар ДДҰ талаптарына сәйкес тестіленген, Қазақстан Республикасында тіркелген болуы тиіс. Бак. препараттар иммуногенді (вакциналар), қауіпсіз, бөтен микроорганизмдер болмау керек, қолдану сақтау және тасымалдауға ыңғайлы қорапта болу керек. Егу алдында вакцинаның қолдану нұсқаулығымен танысып, оның таңбаланғанын және бүтіндігін тексеру қажет.

Бак.препараттар ампулада және флаконда шығарылады, әр препараттың сыртындағы жапсырмасында көрсетіледі:

1) дайындаған кәсіпорынның мекен-жайы мен аты;

2) препараттың аты;

3) препараттың саны мен дозасы;

4)серия нөмірі (дайындаған кәсіпорын береді);

5) мемлекеттік бақылау нөмірі;

6) препараттың жарамдылық мерзімі немесе дайындау мерзімі.

Қолданар алдында препарат мұқият тексеріледі.Нұсқаулығы жоқ немесе мәліметі толық болмаса, шынысы шытынаса немесе қорапшасы жарылса, ыдырамайтын түйіршіктер мен бөгде заттар болса, түсі өзгерсе, қолдану мерзімі асып кетсе, препарат жарамсыз деп есептелінеді. Жарамсыз препаратқа акт жасалынады, онда препараттың аты және саны, сериясы мен бақылау нөмірі, қолдану мерзімі мен жарамсыз болуының себебі көрсетіледі.

Бак препараттар құрғақ және сұйық түрде шығарылады. Егер құрғақ түрде болса, препарат сосуд бойымен (таблетка түрінде немесе сосуд бойына жабыса) өту керек, ал егер қолдану мерзімі өтіп кеткен болса, бак. препараттар шар түрінде немесе ұнтақ түрінде болады.Таблетканың бүрісуі, оның біркелкі болмауы, ылғалдануы, түсінің өзгеруі немесе еріткіш қосқанда біркелкі араласпауы ауа кіргенін және вакцинаның бұзылғанын көрсетеді. Егер бак.препарат сұйық түрде шығарылса, түбінде тұнбасы бар болса, ампулада (флакон) «қолданар алдында шайқау қажет», деген жазу жазылады, ал егер мөлдір болса, тұнба болмау керек.

Препараттың жарамдылығын анықтау мақсатында тексеру бракераж деп аталады.

Вакцинамен алдын алудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін вакциндық препараттарды дайындайтын кәсіпорыннан егілетіндерге дейінгі сақтау және тасымалдаудың температуралық тәртібін бұзбау өте маңызды, оны тәжірибеде «суық тізбек» деп атайды.

Осы тәртіптің бұзылуы, сонымен бірге күн сәулесінде немесе 10 °С-тан жоғары температурада сақталуы вакцинаның биологиялық белсенділігінің толық немесе жартылай жоғалуына соқтырады. Препараттарды 0 ° С - тан төмен температурада (полиомиелит, қызылша, паротиттен басқаларын) сақтағанда кері әсер етеді, әсіресе бірнеше рет мұздатып, еріткенде зиянды.Бак.препараттардың көпшілігі +4, +8° С температура жағдайында сақталады.

Полиомиелитті вакцинаны мұздатылған жағдайда сақтайды, паротитті, қызылшаға қарсы вакциналарды + 4°С-тан жоғары емес температурада сақтайды. Бак.препараттардың нақты сақтау ережелері нұсқаулықта көрсетілген. Вакцинаның тасымалдау жән сақтау температурасын бақылайтын индикаторлар вакцинамен бірге қораптың ішінде болу керек.

«Ашық флакон саясаты». Ампуланың тығыншығын алмай шприцті тесіп, вакцинаны инеге тартып алғаннан кейін ол «ашық» болып саналады. Ашық ампулаларды қолдануға болады, егер:

1. Дәрілердің қолдану мерзімі өтіп кетпесе;

2. Сақталу температурасы бұзылмаса;

3. Стерильді жағдай болса;

4. Вакцинада көзге көрінетін өзгерістер болмаса.

Полиомиелитті вакцинаға қарсы ашылған флакон +4° С-тан 5 күнге дейін сақталады.

Қайтадан мұздатуға рұқсат етілмейді.

Қызылша мен паротитке қарсы вакциналар – ашылған вакциналарды сақтауға болмайды. АКДС, АДС, БЦЖ, БЦЖ-М вакциналарын тез арада қолдану керек. Қолданылмаған вакциналарқайнатылып немесе дезинфекциялық ерітінділерде залалсыздандырылады.

Суық тізбек үш компоненттен тұрады:

1. Арнайы дайындалған қызметкерлер (вакцинаны сақтау, тарату,

тоңазытқышта дұрыс ұстау және қызмет ету соларға байланысты);

2. Вакциналарды сақтауға және тасымалдауға қажетті тоңазытқыш

жабдықтар;

3. Суық тізбектің барлық кезеңінде температуралық тәртіпті

бақылайтын жүйелер және жабдықтар.

Биологиялық препараттарды таратуындағы "суық тізбек"

№2 кесінді

Иммундық дәрмектер (препараттары) шығатын өндіріс
Республикалық СЭС, аймақтық, облыстық СЭҚД

 

 

Қалалық СЭҚБ

 

Аудандық СЭҚБ

 

 

 

 


Емдеу–алдын алу мекемелер, аймақтық емхана, босану үйі, ФАП

 

 

Суық тізбектің тиімді қызмет ету үшін барлық деңгейдегі Денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларымен қатар, егу жұмысын атқаруға тікелей қатысы бар қызметкерлердің көзқарасын өзгерту керек. Суықтық тізбексіз вакцинациялаудың тиімділігі туралы сөз болуы мүмкін емес екендігін оларға жеткізу керек. Оған тек қайта дайындықтан өткізу арқылы қол жеткізуге болады. Суық тізбек үшін тәжірибеде, әдетте, тұрмыста жиі қолданатын жабдықтар пайдаланылады. Сонымен бірге, ДДҰ және оған мүше көптеген елдердегі тәжірибеге қарағанда суықтық тізбегі табысты және вакцинациялау тиімді болуы үшін бір мәрте немесе бірнеше рет пайдаланылатын арнайы термоконтейнерлер, сөмке-тоңазытқыштар, т.б. қажет. Ондай аппараттарда температурасы +4, +8°С жағдайда сақталады. Осындай сиымдылық – ыдыстарға салынған мұздың немесе басқа суытқыш элементтердің есебінен температураны тұрақты ұстап тұрады. Бір мәрте қолданылатын контейнер дайындаушы – кәсіпорыннан республикалық, облыстық, аудандық, кей кезде қалалық МСЭҚБ-на вакцина тасымалдау үшін өте қажет. Отандық тәжірибе иммундық препараттарды жәшікке салып, поштамен жіберудің дұрыс емес екендігін көрсетіп отыр. Осыған орай, термоконтейнерлерді және басқа жабдықтарды өндірістік деңгейде шығару кешіктірмей қолға алатын мәселе.

ДДҰ ұсынысы бойынша вакцинаның тасымалдау жән сақтау температурасын бақылайтын әр түрлі индикаторлар кеңінен қолданылады. Көп жылдық тәжірибе олардың қарапайымдылығын әрі тиімділігін көрсетті. Сонымен бірге, мұндай әдіс, орындауға көп еңбек сіңіруді керек ететін биологиялық бақылауға қарағанда, әлдеқайда арзан және жедел қолдануға болады. Шет елдерде бақылаушы индикатор- картасы кеңінен қолданылады.Ондай әдісті денсаулық сақтау тәжірибесіне енгізу суық тізбектің тиімділігін көтеруде үлкен рөль атқарған болар еді.

Балалар емханасындағы егу кабинеті

Қазақстан Республикасында халықты тиімді жіне қауіпсіз иммунизациялау Денсаулық сақтау министрлігінің «Алдын ала егулерді ұйымдастыру және жүргізу» санитарлы–эпидемиологиялық нормалар мен ережелерді бекіту туралы бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Егу жұмыстарына алғашқы дайындықтан және жыл сайынғы инструктаждан, сынақтан өткен, куәлігі бар жоғары білімді дәрігер және орта білімді медицина қызметкерлері арнайы рұқсатпен жіберіледі. Егу жұмысына басшылық ететін дәрігер иммунолог барлық қызметкерлерге егу препараттарын сақтау тәртібі, оларды сұйылту әдісі, егу кезінде болуы мүмкін жағымсыз реакциялар мен асқынулар туралы түсініктеме беруге міндетті.

Вакцина егу бөлмесіне қойылатын талаптар. Вакцина арнайы егу бөлмесінде егіледі, ол бөлмеде басқа медициналық манипуляциялар жасауға болмайды. Егу бөлмесінің қабырғалары тегіс, ылғалды жинау және дезинфекция жасауға төзімді болуы керек. Егу бөлмесінде табиғи жарық, орталықтандырылған су, канализация, қол жуғыш және жылу жүйесі болуы қажет.

Егу бөлмесі міндетті түрде жабдықталуы қажет:

  1. Тоңазытқыш– вакцина сақтау үшін;
  2. Термоконтейнер немесе арнайы сумка - вакцина тасымалдауға және бір күндік вакциналарды сақтау үшін;
  3. Термоконтейнер – электр қуаты сөніп қалғанда вакциналарды уақытша сақтау үшін;
  4. Медициналық стол – вакциналарды егуге дайындау үшін;
  5. Жұмыс стөлі, орындық;
  6. Медициналық шкаф – дәрі-дәрмек және медициналық құралдарды сақтау үшін, онда алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрілер болуы тиіс;
  7. Медициналық кушетка және жөргектейтін стөл;
  8. Бикс – стерильді материалдарымен;
  9. Тонометр, термометр, бір рет қолданатын шприц, шпатель скарификаторлар;
  10. Анафилактикалық шокқа қарсы дәрі-дәрмектер: 0,1% адреналин, 1% мезатон ерітінділері, преднизолон, тавегил, супрастин, 2,4% эуфиллин, 0,05%строфантин, корглюкон, кордиамин;
  11. Вакцина қалдықтарын залалсыздауға арналған ыдыс;
  12. Бір рет қолданатын шприцтерді жинауға арналған қауіпсіз қатты қорап.

Вакцина егу бойынша төмендегі құжаттар болуы қажет:

а) № 26/у үлгі- баланың жеке картасы

б)№ 112/у үлгі – баланың даму тарихы

в) № 63/у үлгі –профилактикалық егу картасы

г) № 64/у үлгі – профилактикалық егулерді тіркеу журналы

д)тұрғындарға санақ жүргізу журналы;

е)вакциналардың қозғалысын тіркеу журналы;

ж)профилактикалық егулердің жылдық жоспары;

з) Вакцина егуге қарсы көрсеткіштері бар балаларды тіркеу журналы;

и) № 5 үлгі - «профилактикалық егулер мен вакцина қозғалысы туралы есеп беру» (айлық)

к))№ 5 үлгі - «профилактикалық егулер мен вакцина қозғалысы туралы есеп беру» (жартыжылдық)

л) № 6 үлгі - «профилактикалық егумен қамту туралы есеп беру»

м)Келіп түскен вакциналарды тіркеу және вакцина беруді тіркеу журналы

Вакцинамен егу жұмыстарын жүргізу

Балаларды алдын ала егулермен толық қамту мақсатында тұратын мекен –жайы бойынша аумақтық балалар емханасының қызметкерлері жылына 2 рет (көктем-күз) санақ жүргізіп, барлық балаларды тіркеуге алады. Ай сайын балалардың саны қайта тексеріледі, жаңадан туылғандар, келгендер, кеткендер, қайтыс болғандар тіркеу журналына жазылады. Ересек адамдардың тізімі аймақтық емханада жылына 1 рет қайта тексеріледі (тамыз-қыркүйек).

Балаларға санақ мына үлгіде алфавитті түрде жүргізіледі.

 

А.Ж.Т. жасы Адрес Қандай балабақшаға барады ескертпе
           

Балаларды егуге алдын-ала шақырады. Вакцина егу алдында дәрігер баланың денсаулығын толық тексереді, егуге қарсы көрсеткіштер жоқ болса баланың картасына вакцинаның атауын, егу мөлшерін, егу әдісін жазып, егуге рұқсат береді. Дәрігердің тағайындауы бойынша егу бөлмесінде вакцина егіледі, егу туралы мәліметтер тиісті құжаттарға тіркеледі. Егу құжаттарына вакцинаның егілген уақыты, вакцинаның сериясы, шығарылған мерзімі, кім дайындағаны және мөлшері мен егу әдісі жазылады.

Әрбір балаға арналған №63 үлгідегі «Профилактикалық егу картасы» картотека бойынша сақталады. Балалар емханасында 14 жасқа дейінгі балаларға арналады. Вакцина егілуге жататын балаларды картотека бойынша ай сайын белгілеп отырады. Картотекада егу карталарын 4 топқа бөледі:

1. Осы жыл бойы вакцина егілетін балалардың карталарын айлар бойынша қояды. Вакцина егуден кейін келесі егу жасалатын ұяшыққа қойылады.

2. Осы жылы егілмейтін балалардың карталары жылдар бойынша қойылады.

3. Уақытша кетіп қалған балалардың картасы.

4. Медициналық қарсы көрсеткіштері бар балалардың карталары.

Егуден кейін бала 30 минут емханада дәрігердің бақылауында болады. Инактивацияланған вакцина егуден кейін 3 күн, тірі вакцина егуден кейін 5-6-ші және 10-11-ші күндері үйінде бақылауда болады. Егуден кейін болатын асқынулар туралы ата анасына мәлімет береді.

Егер егуден кейін жағымсыз реакция пайда болса, жедел хабарлама МСЭҚБ-ға беріледі, асқыну себебін анықтау үшін толық тексеру жүргізіледі.

Егуден кейінгі реакция жергілікті және жалпы болып бөлінеді. Егу реакциясының интенсивтілігі мына критерийлер бойынша бағаланады:

 

Егу реакциясының интенсивтілігінің көрсеткіштері

 

Реакция Анықталу дәрежесі Жергілікті Инфильтрат диаметрі Температура
Теріс Әлсіз Орташа күшті Жоқ 2,5 206-5 5 және жоғары 37,1-ден жоғары емес 37,1-37,5 37,6-38,5 38,5- тен жоғары

 

Жалпы және күшті реакциялар орташа есеппен, АКДС вакцинаны енгізгенде 1%, қызылшада 4%-тен аспайды.

Медициналық қарсы көрсеткіштері болса, 1-6 ай бойы ауырған сырқаттары туралы мәліметтерді ескеру керек. Учаске бойынша жиі ауыратын балаларды, аллергиялық анамнезі бар балаларды,«қауіпті топқа» жататындарға жеке жоспар бойынша егуді ұйымдастырады.

«Қауіпті топқа» жататын балалар:

1-топ- Орталық нерв жүйесі зақымдалған балалар;

2 топ- аллергиялық реакциялары бар балалар;

3-топ- тыныс алу жолдарымен жиі ауыратын және басқа да аурулары;

4-топ- егуге патологиялық реакциялары бар және анамнезінде вакцинадан кейінгі асқынулары бар балалар;

Ересек тұрғындардың арасында егу жұмысын жалпы емдеу мекемелерінің немесе өндіріс орындарындағы медицина-санитарлық бөлімдердің қызметкерлері жүргізеді.

Егу жоспары әрбір емхана бойынша келісім үшін МСЭҚБ жіберіледі.

Бак.препараттарды есептеу. Егілетін тұрғындар санын біле отырып, қажетті материалды есептеп шығарады: ол үшін бір адамға шаққандағы вакцинаның дозасын егілетіндер санына көбейтіп, 15-20% рұқсат етілген төгілу мөлшеріне (0,5 г мақта, бір рет қолданатын шприцтер, бір иньекцияға қажетті спирт) қосамыз.

Қолданбаған вакцина қалдықтарын жою тәртібі. Қолданбаған ампула және шишадағы вакцина қалдықтарын егу жасаған медицина қызметкері төмендегі әдістердің бірімен залалсыздайды:

  1. 30 минут қайнату (сібір күйдіргісінде 2 сағат);
  2. Дезинфекциялық ерітіндіге толық батыру.

Қолданған шприц пен инелерді қауіпсіз қатты қорапқа жинап, өртеу арқылы жою қажет, оларды бөлшектеуге, жууға, тазалауға болмайды.

 

 

Егуді ұйымдастыру.

Біздің республикамызда халықты иммунизациялаудың жалпы басшылығы мен бақылауы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының нұсқауы бойынша атқарылады. Егу жүргізілуге тиісті жұқпалы аурулардың тізімі, халықты иммунизациялауға жататын контингенттің егу күнтізбесі, медициналық қарсы көрсеткіштері және т.б. мемлекеттік санитарлы–эпидемиологиялық қадағалау басқармасының нұсқауымен анықталады. Мемлекеттік, облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі СЭҚБ мекемелеріндегі эпидемиологтың біреуі егу жұмыстарын ұйымдастыруға және препараттармен қамтамасыз етуге жауапты болады.

Егуді жүргізу тәртібі бойынша иммунизациялау емдеу-алдын алу мекемелерінде атқарылуы керек. Медициналық қызметкері жоқ немесе шағын жерлерде және халықты емдеу-алдын алу мекемеге алып бару қиын немесе мүмкін болмаған жағдайда, құрамында кем дегенде бір дәрігер және орта дәрежелі медициналық қызметкер бар, көшпелі бригада егу жұмысын жүргізеді. Бригада барған жерде арнайы бөлме бөлінеді.

Егу жүргізілетін күн халыққа және де балалардың ата-аналары немесе қамқоршыларына алдын ала хабарлап, олардың арасында түсінік жұмысы жүргізілуі керек.

Ересек тұрғындардың арасында егу жұмысын жалпы емдеу мекемелерінің немесе өндіріс орындарындағы медицина-санитарлық бөлімдердің қызметкерлері жүргізеді.

Сіреспе мен құтыруға қарсы шұғыл алдын алу шаралары емханалардың жарақаттанғандарды қабылдау бөлмесінде немесе аурухана жанындағы жарақат емдейтін бөлімшелерде жасалады.

Дәрілермен қамтамасыз ету орталықтан атқарылады. Егу бөлмелері, жарақат емдеу пунктері мен бөлмелері, денсаулық пунктері қажетті препараттарды СЭҚБ –на берілген мәлімдемесі, сұранысы бойынша алады.

Вакцина егу бөлмесінің қабырғаларын, еденді және үстелді ыстық 2% сабынды сумен жуу, 0,2 % хлорамин, ол болмаса 2% лизол ерітіндісімен сүрту қажет.

Егуді жүргізуге терісі мен кілегей қабатында іріңді зақымдануы бар, баспамен және респираторлы жұқпамен, сонымен қатар егу жүргізуге арнайы рұқсаты жоқ медицина қызметкерлері жіберілмейді.

Егу жүргізуге жіберілген қызметкер залалсыздандырылған халатпен, қалпақпен немесе орамалмен қамтамасыз етіледі, тырнақтары тұғырланып қырқылуы керек, қолды сабындап жуып, саусақтары спиртпен немесе иод тұндырмасымен өңделуі қажет, қол жууды әр 12-15 инъекциядан кейін қайталап отырады.

Қызметкерлерге нұсқама жасалғаннан кейін, егілуге жататын адамдардың тізімін жасау керек. Ол үшін денсаулық пункті мен медициналық-санитарлық бөлімнің қызметкерлері тиісті кәсіпорындар мен мекемелердің мамандар бөлімімен байланысып, керекті мәліметтерді алады.

Препараттыі бұлшық ет ішіне енгізгенде үстел мен төсекшеге залалсыздандырылған жапқыш жабу керек, ал қолды хирургиялық ем дайындағандай жуу қажет.

Әрбір егілуші егуге қарсы көрсеткіші бар-жоғын анықтау үшін дәрігердің тексерілуінен өтеді. Сырт киімі шешетін немесе тіркеу бөлмесінде қалдырылады. Егілуге жіберілген жағдайда препарат енгізетін жерлер (тері ішіне, тері астына және бұлшық етке) 70% спиртпен, спирт және эфир қосындысымен, йодтың 10% спиртті ерітіндісімен өңделеді. Тері үстілік егуде спиртті немесе спирттің эфирмен қосындысын қолданады, себебі басқа дезинфекциялық заттар теріге жағылатын вакцинаға әсер етеді.

Егу тек қана бір рет қолданылатын шприцпен жүргізіледі. Қолданар алдында дәрмектер мұқият тексеріледі. Егер дәрмек ампулада болса жоғары жағын спирт сіңірілген мақтамен сүртеді, сонан соң ампуланың мойнын айналдыра арашамен сызаттайды да, спиртпен сүртеді. Ампуланың жоғарғы мойнын шағын дәкемен орап, сындырады. Ашылған ампуланың бетін залалсыздандырылған дәкемен жабады немесе бірден стерилді стаканға аударып құяды. Дәрмекті ампула ашылғаннан соң 2-3 сағаттан асырмай пайдалану керек.

Егер препарат резеңкелі тығыны бар ампулада болса, пинцетпен металдан жасалған қалпақшасын алып тастайды да, тығынын спирт сіңірілген мақтамен сүртеді, инемен шаншып, дәрмекті залалсыздандырылған шприцке сорып алады.

Тері астына және бұлшық етке егуді дәрігердің бақылауымен тәжірибелі медициналық мейірбике мен фельдшер жүргізеді. Тері үстіне және энтеральді әдіспен егуді орта буын медицина қызметкерлері жасай алады, бірақ дәрігер бақылауы керек.

Тері астына егу әдісі барлық өлтірілген және кейбір тірі вакциналарды енгізу үшін пайдаланылады. Теріастылық егу дененің теріастылық жасушалықтарға бай болғандықтан - жауырын, иық және кіндіктен төмен қарын терісінің астына енгізу арқылы жүргізіледі. Енгізілетін орынның терісін қысып ұстап тартады да, қатпарланған жерге 45 шамасындай қиғаштап инені кіргізеді. Шприцпен ауа кіріп кетпеуі үшін дәрмекті енгізген кезде инені төмен қаратып ұстау керек. Вакцинаны енгізіп болғаннан соң инъекция орнын иодтың спиртті ерітіндісін жағып өңдейді. Егілген адамдарды 20-30 минут бақылайды.

Тері ішіне енгізу әдісі дәрмектің аз көлемін (0,1-0,2мл) енгізгенде (мысалы, туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасы) қолданылады. Туберкулезге қарсы тері ішілік егу бір рет қолданылатын «туберкулиндик» шприцпен және шеті қысқартылып кесілген жіңішке инемен жүргізіледі. Егер адсорбцияланған дәрмек енгізсе, инъекция жасайтын жерді аздап уқалау керек. Дәрмектің дәл тері ішіне енгізгенін сол жерде шаш қапшықшалары ішке қарай батыңқыраған томпақша пайда болғанына қарай байқауға болады, томпақшаның беті лимон қабыршағының сыртына ұқсайды. Егер дпрепаратты енгізген жерде томпақша-көпіршік пайда болмаса, онда дәрмектің тері ішіне емес, тері астына түскені. Ол дұрыс енгізілмеген болып саналады.

Тері үстілік әдіс кейбір тірі вакциналарды (туляремияға, Ку-қызбасына, түйнемеге, обаға қарсы) еккенде және диагностикалық аллергиялық сынамалар жасағанда қолданылады. Тері сыртына егу иықтың, сирек жағдайда санның терісінің бетіне жағу әдісімен атқарылады. Терінің өңделген жеріне шыны таяқшамен немесе арнайы түтікшемен вакцинаны тамызады. Сонан соң медициналық қызметкер сол қолымен иықтың іш жағынан қысып ұстап, егілетін жердің терісін кереді. Оң қолымен дәрмек тамызылған жерді сызаттап тіледі де, скарификатордың тегіс жалпақ жағымен вакцинаны тілінген жерге ысқылап жағады. Онша терең кеспейді, қанның ұсақ тамшысы ғана көрінуі керек. Вакцина сіңіп кетуі үшін скарификацияланған жерді 10-15 минут ашық қалдырады.

Бұлшық ет ішіне АКДС вакцинасын, АДС, АДС-М, АД-М анатоксиндерін, иммунноглобулиндерді, құтыруға қарсы дәрмектерді енгізеді.

Медициналық әдебиеттердегі мәліметтерге қарағанда вакцинаны негізінде екі жерге енгізу дұрыс деп саналады: емшектегі балаларға санының жоғары бөлігінің алдыңғы-сыртқы жағына, бір жастан асқан балаларға иықтың жоғары бөлігінің дельта-пішінде бұлшық етіне енгізу керек.

Бұлшық ет ішіне инъекциялаудан кейін жиі кездесетін ауыр асқынуларға бұлшық ет тырысуы мен жүйкенің зақымдануы жатады. Осындай асқынулар кез-келген жерге енгізгенде болуы мүмкін, бірақ ондай жағдайлар нәрестелердің жамбас етіне енгізгенде жиі болады. Майда ерімейтін антигендер жақсы сіңбейді.

Жамбас бұлшық етіне инъекция жасағанда жиі кездесетін асқынуларға –сегізкөз нервісінің зақымдалуы жатады. Жамбасты инервациялайтын немесе сол арқылы өтетін басқа да бірнеше нервтер (жоғары жамбас нервісі, орта жамбас нервісі және тіптен жыныс нервісі) зақымдануы мүмкін.

Санына вакцина енгізген балаларда иығына инъекция салған балаларға қарағанда жергілікті жағымсыз реакция әлдеқайда аз кездеседі. Керісінше, реакцияның ауыр дәрежесі, аяқ қимылының шектелуі және жалпы дискомфорттық жағдайлар санға инъекция жасағанда әлде-қайда айқын байқалады. Зерттеулердің көрсетуі бойынша, вакцинаны санға салғанда ұзын ине қолданса, инъекция орнында ісіну және қызару аз болады, қысқа ине қолданғанда жергілікті реакциялардың дамуы жиілейді.

1,5 жастан асқан балаларға вакцина егу орны ретінде санға қарағанда дельта-пішінді бұлшық етке енгізу дұрыс деп есептелінеді. Делта-пішінді бұлшық етіне егуді балалар жақсы көреді, ата-аналары да қоштайды және мұндай әдісте жанама реакциялар аз және жеңіл түрде кездеседі. Дельта-пішінді бұлшық етке егу жауырын қырының латеральді ұшы мен дельта-пішінді бұлшық ет бұдырының арасына салынады, сонда қолтық асты нерві мен садақша нервтің зақымдану мүмкіндігі азаяды.

Санның жоғарғы бөлігінің алдыңғы-сыртқы жағындағы төрт білекті бұлшық еті адам денесінің ең ірі бұлшық еттеріне жатады және сол жерлерде тіршілікке маңызды нервтер мен қан тамырлары орналаспаған.

Ауыз арқылы полиомелитке қарсы тірі вакцинаны қабылдағанда қолданылады. Ауыз арқылы қабылданатын дәрмектер сұйық немесе таблетка түрінде болуы мүмкін. Таблеткаларды сумен ішу керек. Дәрмекті қабылдау медицина қызметкерлерінің бақылауымен өткізілу керек.

Мұрынішілік әдіспен арнайы бүріккіштің көмегімен ингаляциялау немесе тамызу арқылы тұмауға қарсы құрғақ тірі вакцина енгізіледі. Мұрынішілік иммунизация пульверизатордың немесе басқа аспаптардың көмегімен атқарылады. Вакцинаны тамызу үшін түтікшені қолданбаған дұрыс. Дәрмекті енгізудің алдында мұрын қуысы шырышты-кілегейден тазартылуы керек. Егілетін адам басын шалқайтып, вакцина енгізгенде терең дем алуы тиіс. Емшарадан кейін егілген адам шалқайып 2-3 минут отыруы және 30 минут мұрын жолдарын тазаламау керек. Тозаңдатқыш аспаптың басын әр пациенттен кейін спирт сіңірілген мақтамен сүртеді немесе от жалынында қыздырып өңдейді.

Сирек жағдайда, көбіне бұлшық ет ішіне дәрмекті енгізгенде егілгендер арасында шок болуы немесе талып қалуы мүмкін. Сондықтан осындай жағдайда алғашқы көмек көрсететін дәрілер (адреналин, эфедрин, кофеин, нашатыр спирті, преднизолон, мезотон және т.б.) дайын тұруы қажет.

Егу шараларын өткізгеннен соң 24-48 сағаттан кейін дәрмектің енгізілуіне ерекше реакциялардың болуын тексереді. Егілгендерді ішінара зерттеу кезінде вакцинациялауға дейінгідей дене температурасын өлшейді.

Иммунизация емшарасы мұқият тіркелуі керек, ол үшін балаларды «баланың даму тарихы мен алдын-алу егулер картасына», ересектерді-«егуді есепке алатын журнал мен амбулаторлық картасына» тіркеп жазады. Егілгендерді журналға алфавит бойынша тіркейді (№64 нысана). Медициналық кітапшасы болса, егілгендігі туралы мәліметтер соған да жазылады. «Алдын алу егулерді есепке алу журналында» егу күнін, дәрмектің сериясы мен мөлшерін жазады.

Емдеу жұмысын есепке алу емдеу-алдын алу және балалар мекемелерінің егу бөлмелерінде, денсаулық пунктерінде, дәрігерлік учаскелерде, медициналық және фельдшерлік пунктерде, балалар емханасы мен халыққа білім беру мекемелерінде жүргізіледі.

Тиісті емханалар қызмет көрсететін жерлердегі тұрғындардың иммунизациялауына сол емхананың бас дәрігері жауапты. Осындай жұмыстарды дәрігерлік учаскелерде (СВА), фельдшерлік пунктерде (ФП және ФАП) жүргізудегі жауапкершілік сол медициналық мекемелердің басшыларына жүктеледі.

Алдын ала егулерін дәл есепке алу келесі жылға егу жоспарын жасау үшін керек. Алдын ала егулердің жоспары әрбір медициналық–санитарлық бөлімдерде, денсаулық сақтау пункттерінде, емханаларда, т.б. мекемелерде бұрын жүргізілген егулерді есепке ала отырып, декреттелген топтар құрамының саны негізінде жасалады.

«Алдын ала егулер мен вакцина қозғалысы туралы» №5 статистикалық есеп беру ай сайын, әр бір ай ішінде жасалған алдын-алу егулерін тіркейтін жұмыс журналының негізінде жасалады (№064/у). Егуді есепке алу вакцинация жүргізілген жердегі медициналық мекемелер (тұрғын жер, аудан) бойынша жасалады.

Уақытша келген адамдарға жасалынған егулерді де есепке алу керек. Өйткені егуді тіркеу мен сол жерде жұмсалған вакцина көлемінің (санының) тікелей байланысы бар. Осындай есепке алуда егілген адамдардың саны, вакцинациялау мен ревакцинациялау ажыратылып, анықталмағанымен, тиісті медициналық мекемелер (жергілікті, аудандық, облыстық) бойынша бір ай ішінде жасалған егулердің саны ескеріледі және нысана бойынша вакцина қозғалысы туралы ай сайынғы есеп беру жүргізіліп отырады.

    Нысаның БҚСЖ бойынша коды__________ Код формы по ОКУД ҚҰЖЖ бойынша ұйым коды______________ Код организации по ОКПО
Қазақстан Респуликасы Денсаулық сақтау министрлігі Министерство здравоохранения Республики Казахстан   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы “23” қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген №063/е нысанды медиицналық құжаттама
Айналайын Наименование организации   ТОО “Городской центр ПМСП” Медицинская документация Форма №063/у Утверждена приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан “23” ноября 2010 года №907

Алдын алу екпелерінің


Дата добавления: 2015-09-03 | Просмотры: 3699 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.03 сек.)