АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Алдын алу

Прочитайте:
  1. Алдын алу вакцина егу кестесі

Емдеу.

Актиномикоздың емі комбинирленген болу керек яғни, келесі консервативті және хирургиялық шаруалар. Ленин бойынша теріішілік актинализатортерапия: 20-25 инъекция 2-3 күн аралық интервалымен. Алғашқы иньекция уақытында в0,5 мл, екіншіде — 0.7 мл, үшіншіде — 0.9 мл актинализат енгізіледі. Әр иньекция енгізілгенде мөлшері на 0.1 млге жоғарылатады, 14иньекцияға дейін екі мл болып емнің соңына дейін солай қалады. А.И.Евдокимов және Г.А.Василеев басқа ұтымдылау интенсивті актинолизатотерапия жүйесін ұсынды. Бірінші крстан кейінгі үзіліс бір екі ай. Теріішілік иньекциялар актиномикоздың терілік формасында көрсетілген, ал бұлшықеттік және теріастылық енгізу оданда терең зақымдануда көрсетілген, актинолизатты үш млден аптасына екі рет енгізу керек, барлығы он бес жиырма иньекция. Клиникалық жазылудан кейін актинолизатпен алдын алу емдеу курсы көрсетіледі. Жақ жақ бет актиномикозында осы ем жақсы нәтиже береді. Актинолизаттың әсер етуі ағзаның иммуногендік жағдайының жоғарлауымен түсіндіріледі. Актинолизаттан басқа спецификалық иммунотерапия ретінде актиномицетті полвалентті вакцина (АПВ) өолдануға болады, ол өзінің емдік қасиетімен актинолизаттан кем емес. Ал емдік мерзімді қысқаруына көңіл аударсақ тіптен одан жақсы. АПВ стационарлық және емханалық жағдайда жалғыз өзін немесе басқа да емдік әдістермен қосарландыруға болады. Әдіс. АПВ білектің бүккіш бетіне тері ішіне біртіндеп жоғарлаушы мөлшерде енгізеді: бірінші енгізуде 0.1 мл әрбір келесі енгізуде 0.1 млдан қосып отырады, мөлшерді 0.1 млға жеткізеді. (0.1 мл АПВда 1млрд микробты денелер бар). Әрі қарай осы мөлшерде курс соңына дейін қолданады. Әр бәр нүктеге 0.1 мл вакцина енгіземіз, әр бәр енгізгенде жаңа жерден енгіземіз, оныншы мөлшерді он нүкте болу керек, бір бірінен арақашықтығы төрт бес сантиметр. Клиникалық жазылу болған кезде прафилактикалық иммунотерапия жүргізіледі. Антибиотикотерапия екіншілік инфекцияға және актиномицеттерге бағытталған. Екінішілік инфекция адам реактивтілігін төмендетуі мүмкін, осы арқылы жалпы ауру ағымын ауырлатады. Антибиотиктер екіншілік инфекцияға әсер ете отырып, резервті күштерді белсендіреді. Сонымен қатар кең спектрлі антибиотиктер актиномициттердіңде өсуін тежейді. Сондықтан, хирургтар антибиотикті екіншілік инфекцияға және негізгі ауруға бағыттап көптеп қолданады. Тағайындағанда кең спектрлі антибиотиктерді таңдаған жөн, себебі инфекция ошағында актиномициттерден басқа әртүрлі микроорганизмдер бар. Хирургиялық емі абсцестермен жараларды кесіп емдеуден тұрады. Оны сорып алу арқылы қолданған жөн, себебі кескен кезде екіншілік инфекцияның қосылу қаупі бар. Іріңдеген лиифтүйіндері кесіп және қырып алады. Хирургиялық емге қоса банальді инфекцияға қарсы организм регенераторлық және қарыстыру қасиетін жоғарлату емдік комплектерді қолданады. ЕДШ комплексті емнің ішіне кіреді. Жаттықтырушы және науқастың өзі 11-12 кестеде көрсетілгендей жүйе бойынша жаттығулар жасайды.

Алдын алу.

Алдын алу ауыз қусының санациясына бағытталған, ауыз қуысын шаю т.б. себебі ауыз қуысында әрдайым актиномикоз қоздырғашы бар.

Диагноз және ажыратпалы диагноз.

Тек 8% ауруларда клиникадан тыс дұрыс диагноз қойылады. Себебі, көп дәрігерлер актиномикозды бір типті басталып бір типті аяқталады деп ойлайды. Бірақ, актиномикоз әртүрлі формада біз ойлағаннанда әртүрлі болады. Сондықтан әрбір дәрігер актиномикозды ауыз қуысының әртүрлі банальді бейспецификалық қабыну ауруларынан ажырата білуі тиіс. Ең алғаш болып бүкіл жедел одонтогенді процестер ерекше анамнезі болады, яғни, гангренозы тіс, жоғарғы температура, ауырсыну, қан анализінің өзгеруі, емдеген кезде тез кетуі. Жақ сүйегінің созылмалы остеомилитіне келесі симптомдар тән: жалғыш жыланкөз, остеопороз және секвестр немесе грануляция болуы. Тері көкшіл түске боялмайды ал инфильтрат ағаш тәрізді қатты болмайды және көптеген жыланкөздер болмайды. Секвестрэктомиядан кейін тез жазылады. Одонтогенді теріастылық грануллема әд дайым тяжы болады. Ол көбінесе гангренозді тістен болады, тісті жұлып тастағнда жазылады. Туберкулезге де өзіне тән спецификалық белгілер тән, яғни лимфатүйндерінің зақымдалуы. Жоғарыда айтылып кеткен симптомдардың айқындылығана қарамастан, көп жағдайда диагнозды негіздеу қиын болады, сондықтан дәрігерге арнайы зерттеулерге жүгінуге тура келеді(микробиологиялық, иммунологиялық, гистологиялық, т.б.).

 

36.Микробиологиялық диагностика. Туберкулез микобактериясы, ауыз куысының зақымдануы.

Туберкулез – адам организмінің ішкі ағзаларының (тыныс алу, сүйек, буындар, тері, несеп шығару - жыныстық) және тіндердің спецификалық зақымдануымен өтетін созылмалы инфекция. Бұл ауру бұрынан белгілі, ал оның қоздырғышын Mycobacterium tuberculosis- ті 1882 ж. Р.Кох тауып ашты.

Аурудың этиологиясы және қоздырғыштың сипаттамасы. Қазіргі таңда адамдарда туберкулез ауруын қоздыратын микобактериялардың бірнеше түрін ажыратады: Mycobacterium tuberculosis, M.bovis. Бұл грам-оң аэробты қозғалмайтын, таяқша тәріздес бактериялар Mycobacteriaceae тұқымдастығына Mycobacterium туыстастығына кіреді. M.tuberculosis – жіңішке, тік немесе сәл иелген, шеттері дөнгеленген, микроқабығы бар таяқшалар, өлшемі 1-10х0,2-0,6 мкм. M.bovis, M.africanum – жуан таяқшалар. Микобактериялар қышқылға, спиртке, сілтіліге төзімділігімен ерекшеленеді, бұл қасиет жасушалық қабырғасында майлар, фосфатидтер, балауыздың жоғары мөлшерімен байланысты (60 % дейін). Осындай химиялық құрамы себебінен микобактериялар анилинді бояуларды да нашар қабылдайды. Сондықтан бұларды анықтау үшін арнайы Циль-Нильсен бояу әдісін қолданады: қышқылға төзімді микобактериялар ашық қызыл түске, ал қышқылға сезімтал бактериялар – көгілдір түске боялады. Микобактериялардың цитоплазмасы құрамында қышқылға төзімсіз көгілдір түсті гранулалар (Мух дәндері) кездесуі мүмкін.

Туберкулез қоздырғыштары аэробты және факультативті анаэробты жағдайда да өсе алады. Қолайлы өсу температурасы 37-38 0С, рН 7,0-7,2. Қолданылатын қоректік орталар: глицериндік, өт қосылған қартопты орта, жұмыртқалы орталар, синтетикалық және жартылай синтетикалық орталар. БДҰ (ВОЗ) Левенштейн-Йенсен ортасы ұсынылған. Тығыз қоректік орталарда 14-40 тәуліктен кейін құрғақ әжімделген сарылау түсті жабынды тәрізді өсінді пайда болады. Жетілген колониялар түсті капустаға ұқсас болады, сумен араластырылмайды және жағымды иісті (R-колониялар) болады. Сұйық ортаның бетінде 7-10 тәуліктен кейін құрғақ әжімді қабық пайда болады.

Туберкулез қоздыратын микобактерияларды бір бірінен ниациндік тест (M.bovis теріс) және қояндарға қойылатын биологиялық сынама (M.tuberculosis төзімді) арқылы ажыратады.

Эпидемиологиясы. M.tuberculosis резервуары - ауру адам, негізгі жұғу жолы - аэрогендік, кейбір жағдайда тері және шырышты қабат арқылы жұғады.

M.bovis сүтқоректілердің 60 түрлерінен анықталған. Адамға эпидемиялық қауіпі барларға ірі қара мал, түйелер, қойлар, шошқалар, иттер, мысықтар жатады. Ауру мал микобактерияларды қоршаған ортаға сүтпен, қақырықпен, несеп, жыныс арқылы бөледі. Олар адамға ауру малды баққан кезде, қайнатылмаған сүт және сүттен жасалған тағамдарды, дұрыс пісірілмеген етті жеген кезде жұғады. Сары майда қоздырғыштар өз тіршілігін 240, сырда – 200 тәулікке дейін сақтауы мүмкін.

Ауыз қуысының зақымдануы. Туберкулез кезінде ауыз қуысында біріншілік және екіншілік зақымданулар байқалуы мүмкін. Біріншілік туберкулез кешені 2-3 жастағы балаларда ойық жара түрінде кездеседі. Микобактериялар ауыздың шырышты қабығына ұсақ жарақаттар немесе кариес бұзған тістер арқылы енеді, сол жерде жедел қабынуысыз инфильтрат пайда болады. 8-10 күннен кейін инфильтраттің бетінде ойық жара шығады. Жара тілде, қызыл иекте, ерінде орналасқан кезде жақ асты лимфа түйіндері ісінеді. Ойық жара 1-1,5 см дейін ұлғаяды, түбі мен шеттері қатаяды, лас-сұр түсті жабынды пайда болады. Кейін жара терең түсіп, лимфа түйіндер жұмсарып іріңдеуі мүмкін. Манту сынамасы аурудың 2-4 аптасынан бастап оң болады.

Ересектерде ауыз қуысының туберкулездік зақымданулар әдетте екіншілік болады, микобактериялар ауыз қуысына эндогендік лимфо- немесе гематогендік жолмен әкелінеді. Кең таралған зақымдану - туберкулезді қызыл жегі (волчанка) және миллиарлы-жаралы туберкулез.

45-сұрақ

ДНҚ-геномды вирустар-

В вирустық гепатиті - вирустық инфекция. Ол бауырың қатты зақымдануымен, уланумен, ауру сипатының және ақырының әркилы болуымен сиппаталады.

В гепатитті көбінесе 20-49 жастағы ересек тұрғындар арасында кездеседі. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы сыртқаттанушылықты балаларды жас кезінде жоспарлы түрде вакциналау есебінен азайту мүмкін болды.

Вакцина Ұлттық күнтізбеге сәйкес бала өмірінің 1-4 күні, 2 және 4 айларында жасалады. Иммунитет екпе жасалғалдардың 98%- де қалыптасады.

Ауру қалай жұқтырылады?

-Тұтынушылардың біреуі В вирустық гепатитімен ауыратын болса, есірткі тұтынуды бірлесіп жасаған кезде

-В вирустық гепатиті жұқтырған тұлғамен жыныстық қатынас жасаған кезде

-Салондар мен шаштараз дарда, пирсинг, татуаж жасағанда, тырнақ өндегенде,и құлақ тескенде ауру жұқтырылған қанды, қан алмастыратын заттарды құйған кезде, стоматологиялық және басқа да емшаралаоды жасау кезінде

-Босану барысында ауру жұқтырылған кезде (маникю жинағыр№ қырыну құралдары және т.б.).

 

Герпесвирустар жедел және латентті инфекцияны қоздыра алады, сонымен қатар онкогенді әсер көрсете алады.

Эпидемиологиясы. Герпесвирустар адамдарда қарапайым герпес (ұшық), жедел шешек, белдеме теміртеткіні, цитомегаловирустық инфекцияны және инфекциялық мононуклеозды қоздырады.

Қарапайым герпестін қоздырғыштары - ҚГВ-1, ҚГВ-2. Олар әрбір адамның ағзасында мекен етеді. ҚГВ-1 қатынастар арқылы жұғады, жұқтыру фактор - вирустар бар сілекей, мысалы, сүйісу нәтижесінде. Вирус сыртқы ортаның қолай-сыз әсерлеріне төзімсіз, сондықтан алғашқы инфекция вирус бар бөліндісімен тікелей қатынас болғанда дамыйды. ҚГВ-2 кобіне жыныстық жолымен жұғады, сонымен қатар перзентке анадан немесе туу кезінде жуғуы мұмкін.

Жедел шешекті, белдеме теміреткіні Уагісеііоуігиз қоздырады. Алғашқы вируспен кездесу балаларда жедел шешектің дамуына әкеледі (адамдардың 80-90 %), ал кейін 10 % адамдарда инфекция теміреткі тұрінде қайталанып тұрады.

Инфекциялық мононуклеозды Эпстайн Барр вирусы қоздырады. Ол Беркитт лимфомасына, мұрын жұтқыншақ карциномасына, Капоши саркомасына әкелу мүмкін.

Ауыз қуысының зақымдануы. Герпестік стоматит жиі иммундық тапшылығы бар адамдарда кездеседі. Әдетте зақымданулар шекара аймақтарда орналасады: тері мен шырышты қабықтын арасында, мысалы, еріндер айналасында (22 сурет). Сонымен қатар, ауыз қуысының шырышты қабығында, бадамша бездерде, жұтқыншақта (23 сурет). Бастапқы уақытында жергілікті гиперемия және шырышты қабықтың ісінуі байқалады. Сол жерде қышынуы сезінеді. Сонан соң тез арада бірнеше топтасып орналасқан майда домалақ везикулалар (сулы бортпелер) шығады. Везикулалар мальпигиев қабатындатуындайды, пустулага айналады, эрозия болдырады. Аурудың ауырлығына пародонтоз, кариес, алмалы протездер әсер етеді. Ауыр жағдайда науқастарда қызба мен дисфагия көріністері анықталады. 7-10 тәуліктен кейін ауру көріністері қайтады, науқас жазылады.

Этиотропты емдеуі. Май, гель, крем түрінде вирусқа қарсы химиопрепараттарды жергілікті пайдаланады. Екіншілік бактериялық инфицирлеуді болдырмайтын шараларды жұргізеді.

Рнк-геномды вирустар

Стоматит (көне грекше: στόμα – ауыз) – ауыздың шырышты-кілегей қабығының қабынуы. Клиникалық ағымына қарай стоматиттың жедел және созылмалы түрлері бар. Егер қабыну тілде болса – глоссит, ал қызыл иекте болса – гингивит деп атайды. Аурудың пайда болу себептері:

1. механика, физика және химия жарақаттану, улану (мысалы, темекіні көп тарту, мөлшерден тыс арақ-шарап қабылдау, өте ыстық не өте салқын, сондай-ақ, өте қышқыл не өте тұзды тағам ішу);

2. түрлі жұқпалы ауруларға (қызылша, кандидоз, тұмау, т.б.) шалдығу;

3. дәрі-дәрмек аллергиясы;

4. дәрумен жетіспеушілік (гиповитаминоз);

5. жүйке жүйелерінің, ішкі органдардың созылмалы аурулары, ағзада зат алмасу процесінің және ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы, т.б.

Қызылша (лат. Morbilli) — бұл өте жұқпалы ауру, әсіресе, тамаққа жарымайтын немесе туберкулез ауруына шалдыққан балаларға қауіпті. Ауру адаммен байланыста немесе қасында болғаннан кейін он күннен соң суық тию белгілері бойынша басталады: бұлар — қызу, тұмау, көздің қабынуы және жөтел. Ауру сәт сайын үдей түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін екі немесе үш күн өткен соң құлақта және мойында, сосын бетте және денеде, ең соңында қол мен аяқта бөртпелер пайда болады. Денеге бөртпелер шыққаннан кейін баланың жағдайы әдетте жақсарады. Бөртпелер 5 күннің ішінде шығып болады. Кейде тері астына қанның құйылуы (қара қызылша) салдарынан шашы-раңқы қара дақтар (көгерген жерлер) байқалады. Бұл дерттің өте күшті екендігін білдіреді. мұндайда дәрігерлік көмек кереқ

Тұмау немесе грипп (лат. grіppus, фр. grіpper, ағылш. influenza – “бас салу, шап беру”) – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.

Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар(микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады

АИВ- РНҚ құрамды вирус. АИВ-тің жетілген вириондары сфера пішінді, мөлшері 100-120 нм-ден аспайды (13-сурет). Сыртқы қабықшасы (суперкапсиді) гликопротеинді тікенекшелермен (gp 160) шаншылған липидті екі қабаттан тұрады. Тікенекшелері gp-41, gp-120 ақуыздарынан құрылған. Гликопротеин gp-120тікенекшенің капсидтен шығып тұрған бөлшегінде орналасқан және жасуша мембранасындағы CD-4 молекуласымен өзара әрекеттеседі. Гликопротеин gp41 (біріктіру ақуыздары) сыртқы қабатының ішкі жағында орналасады және жасушалық мембранасының қосылуын қамтамасыз етеді. Вирионның жүрекшесі цилиндр немесе конус пішінді, капсидтік р18 және р24 ақуыздардан тұрады. Матрикстік ақуыз (р17) вирион жүрекшесі мен сыртқы қабырғаның арасындағы қабықшаны қалыптастырады. Жүрекшеде РНҚ, ішкі нуклеокапсидтік ақуыздар (р7, р9), кері транскриптаза,интеграза, протеаза орналасады.

 

47.Онкогенді вирустар- (грек. onkos – масса, ісік, gennao – туғызушы және вирус) – қалыпты эукариот жасушаларын ісік жасушаларына өзгерте алатын қабілеті бар вирустардың бір тобы. Вирустардың қатерлі ісік тудыра алатын қасиеті бар екенін алғаш рет ғыл. тұрғыда француз ғалымы А.Боррель (1867 – 1936), т.б. зерттеген (1903). Одан сәл кейінірек (1911) америкалық онколог Ф.Раус (1879 – 1970) тауықтарда болатын саркома ауруын тудырушы вирусты алғаш ашты (Нобель сыйл., 1966). 1932 – 33 ж. америка ғалымы Р.Шоуп (1901 – 66) үй қояндарындағы вирусты фиброма мен папилломаны, 1936 ж. неміс онкологы Дж. Битнер (1904 – 1961) тышқандардың сүт безіндегі қатерлі ісік тудыратын вирусты, ал 1951 ж. неміс ғалымы Л.Гросс тышқандарда лейкоз тудыратын вирусты анықтап, сипаттап жазды. Онкогенді вирустардың сырын ашуға, орыс ғалымы Л.А. Зильбердің (1894 – 1966) қатерлі ісіктердің пайда болуының вирусты-генетик. теориясының ашылуы негіз болды (1949). Қазіргі кезде табиғатта 600-ден астам ауру тудыратын вирустар анықталған. Бірақ олардың 1/4-і ғана жануарларда ісік тудыра алатыны белгілі. І. т. в-ды биол. іс-әрекеттеріне қарай: ДНҚ және РНҚ құрамдас деп екіге бөледі. Көбінесе табиғатта РНҚ-құрамдас вирустар кездеседі. Олар морфологиясына қарай: А, B, С және D деп бөлінеді.

 

Ретровирустар — құрамында РНҚ бар зардапты ісік туғызатын вирустартұқымдастығы. Геномдары бір-біріне ұқсас екі сыңар тізбекті позитивті РНҚмолекулаларынан және осылармен байланысқан кері транскриптазадантұрады. Вирус бөлшектерінің диаметрі 70 — 120 нм липопротеид қабығы бар. Үш тұқымдастық тармаққа: онковирустарға, лентивирустарға жәнеспумавирустарға бөлінеді

Канцерогенез дегеніміз — рак (ісік) ауруының пайда болу процесі. Көптеген мутагендік факторлар канцерогендік те әсер етеді. Рак (ісік) ауруы XX ғасырдағы адамдардың ең қауіпті ауруларының бірі.

Рак (ісік) ауруының жасушаларының кәдімгі дене жасушаларынан 2 ерекшеліктері болады: 1) кәдімгі дене жасушалары санаулы рет қана бөлініп, содан кейін бөлінуін тоқтатып өліп қалатын болса, рак (ісік) жасушалары шексіз бөлініп өсуге қабілетті. Сондықтан да олар ағзаға механикалық зиян келтіріп, өсіп көбейе береді де ақырында оның өлуіне алып келеді; 2) рак жасушалары жайылып метастаз береді, яғни оның кейбір жасушалары лимфа не қантамырлар арқылы басқа мүшелерге, ұлпаларға таралып, сол жерлерде жаңа ісіктер пайда болады.

48. ЖҮРЕ ПАЙДА БОЛАТЫН ИММУНДЫҚ ТАПШЫЛЫҚ СИНДРОМЫ(ЖИТС), СПИД – Т-лимфотропты ретровирустар қоздыратын жұқпалы ауру. ЖИТС кезінде адамның иммундық жүйе қызметі бұзылуының нәтижесінде әр түрлі лимфааденопатиялар, инфекциялар және қатерлі ісіктер пайда болады. 1983 ж. француз ғалымы Л.Монтанье және американ ғалымы Р.Галло бұған дейін белгісіз вирус HIV (Human Immunodefіcіency Vіrus) тапты. Оның қазақшасы – АИВ (адамның иммундық тапшылық вирусы), орысшасы – ВИЧ (вирус иммунодефицита человека). Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы С-та 30 мин-ттан кейін, сондай-ақ, медицинада қолданылатын дезинфекциялық ерітінділер (мыс., 3% сутектің асқын тотығы; 0,2% натрий хлориды; 70% этил спирті, формалин, эфир, ацетон, т.б.) әсерінен толық жойылады. Вирус жұққаннан кейін дерттің инкубациялық кезеңі 2 – 3 аптадан 3 – 12 айға дейін созылады. Алғашқы кезде адамның дене температурасы көтеріліп, басы ауырады.°бұл ауруды AIDS (Acquіred Immune Defіsіency Syndrome) деп атады (орысша – СПИД, қазақша – ЖИТС). Әр жылдың 1 желтоқсаны Жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромымен күресу күні болып белгіленді (1986). Бұл ауру адамның жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына байланысты емес. Бүгінде бұл дерт дүние жүзінің 200-ге тарта мемлекетінде тіркеліп отыр, ЖИТС-ті жұқтырғандардың саны – 30 млн-дай, оның 10 млн-дайы ауырып, 6 млн-ы қаза тапқан (2000). ЖИТС ересек адамдарға жыныстық қатынас арқылы, вирус бірден қанға түскенде (әр түрлі инъекциялар жасаған кезде, қан құйғанда, т.б.), сондай-ақ нәрестеге анасы арқылы жұғады. Осының ішінде дерттің 80%-і жыныстық жолмен беріледі. Адамдар сөйлескенде, сүйіскенде, жөтелгенде, тағам арқылы, қол алысқанда, ортақ ванна, бассейнді пайдаланғанда ЖИТС вирусы жұқпайды. Ауру қоздыратын вирус 55 – 60 Лимфа бездері ісініп, теріде бөртпе шыға бастайды. Адам әлсірейді. 1 – 2 аптадан кейін ауру белгілері жоғала бастайды да, науқас өзін “сауығып” кеткендей сезінеді. Дерттің бұл кезеңін – жасырын сатысы деп атайды. Бұл жағдай бірнеше айдан 3 – 5 жылға дейін созылуы мүмкін. Осы уақыт аралығында мойын, қолтық, шап, т.б. бірнеше лимфа бездерінің бір мезгілде ісініп, мөлшері ұлғаюы мүмкін. Мұндай адамдаринфекция көзі (инфекция тасушы) ретінде айналасындағы адамдарға қауіпті деп есептеледі. Организмді жайлап алған вирус науқастың иммундық жүйесін біртіндеп әлсірете бастайды да, дерттің екінші сатысына – ассоциацияланған аурулар кешеніне ауысады. Бұл кезде адамның дене температурасы көтеріліп, іші өтеді, жүдейді, түнде қатты терлейді, ұйқышыл келеді. Дерт әбден асқынған кезде тыныс алу, асқазан-ішек жолдарының, жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, науқастың терісінде, шырышты қабаттарында, ішкі органдарында қатерлі ісік пайда болады. ЖИТС кезіндегі ауру белгілерін бірден анықтап, клиникалық дәл диагноз қою өте қиын. Қазіргі кезде қолданылып жүрген тәсілдер ауру вирусына қарсы пайда болған антиденелердің деңгейін және вирустың өзін, оның бөлшектерін анықтауға негізделген. Бұл дертті емдеу үшін азидотимидин (АЗТ), ставудин, диданозин, невиратин, саквинавир, т.б. препараттар қолданылады. ЖИТС-пен сақтанудың әлеуметтік, мемлекеттік, халықаралық, сондай-ақ, жеке адамды қорғауға арналған шаралары бар. Ауруды жұқтырмау үшін аурудың алдын алу шараларына мұқият көңіл бөлу керек. Олар: яғни салауатты өмір сүру; кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу; қан құйғанда немесе донор қанынан дайындалған препараттар қабылдағанда, олардың вирусқа қарсы тексерілгеніне көз жеткізу; маникюр және педикюр жасайтын аспаптардың стерильденгеніне көз жеткізу, т.б. ЖИТС вирусына қарсы тексерілу үшін Қазақстанда Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарында арнайы лаборатиялар ашылған. Оларда кез келген Қазақстан азаматы анализ тапсырып, толық тексерілуден өтуіне болады. Ондай адамдардың ЖИТС ауруынан тексерілуден өткендігі туралы мәліметтердің құпиялылығы сақталатындығына заң жүзінде кепілдік беріледі.

 


 

 


Дата добавления: 2015-09-03 | Просмотры: 1560 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.022 сек.)