АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

АСКАРИДОЗ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Прочитайте:
  1. АСКАРИДОЗ
  2. Аскаридоз
  3. Аскаридоз (аскариоз) свиней
  4. Аскаридоз, , трихоцефальоз, анкілостомідоз, некатороз
  5. Аскаридоз.
  6. Неоаскаридоз телят
  7. Параскаридоз (парааскариоз) лошадей
  8. Стриялар дегеніміз не?
  9. Токсаскаридоз (Toxascaridosis)

Аскаридоз (ascarіdosіs) бөсір — адам мен жануарлар денесінде тіршілік ететін жұмыр құрттардан (нематодтардан) пайда болатын ауру. Қоздырғышы — Ascarіs lumbrіcoіdes. Ол адам денесінде жұптасып өмір сүреді. Жұмыртқасы нәжіспен сыртқа шығады, бірақ 14 күнге дейін топырақта тіршілігін сақтайды. Жуылмаған көкөністерді, жеміс-жидектерді жегенде, қайнатылмаған суды ішкенде құрттар адам денесіне түсіп, ауру туғызады.

Аскарида (Ascarіdae) – жұмырқұрттар класына жататын дара жынысты құрт; нематод тұқымдасына жатады. Омыртқалы жануарларының ішек тоғышарлары.

Негізгі аскарида туысына 18 түр жатады. ТМД-да 8 түрі бар. Оның кейбіреулері: адамда (Ascarіs lumbrіcoіdes), жылқыда (Parascarіs eguorum), қасқырда (Toxocara canіs), т.б. кездеседі. Адам Аскаридасы паразиттік түрде тіршілік етеді. Оның ұрғашысының ұзындығы 25 – 40 см, еркегінің ұзындығы 15 – 25 см-ге жетеді. Ұрғашысы тәулігіне 200 – 250 мың жұмыртқа салады. Сыртқы ортада 20 – 30°С жылылықта дамыған жұмыртқадан 10 – 15 күнде дернәсіл пайда болады. Аскаридалар ішектегі қорытылған аспен қоректеніп, адам организмінде 7 – 10 айдай өмір сүреді. Организмде бірден бірнеше жүзге дейін Аскаридалар кездеседі.

Әсіресе Аскаридозбен балалар көп ауырады.

Аурудың алғашқы және асқынған кезеңдері болады. Аскаридоздың алғашқы кезеңінде баланың дене қызуы аздап көтеріліп, жөтеледі, кейде кеңірдек-өкпе қабынулары, сирек болса да аяқ-қол басында қызарған бөртпелер пайда болады. Аскаридоздың асқынған кезеңінде бала тәңертеңгілік жүрегі айнып құсады, іші өтеді. Кейде іші қатады, ішектері қатты ауырып түйіледі, денесін аллергиялық бөртпелер басып, демігеді. Аскаридозды серологиялық реакциялар, рентген т.б. қолдану арқылы анықтайды. Аскаридозды құрттарға қарсы препараттар ішкізу, асқазанға таза ауа жіберу арқылы емдейді. Аскаридоздан сақтандыру жолдары: қолды сабындап жуу, жеміс-жидектерді таза сумен жуып жеу, қоғамдық орындарда тазалық сақтау!


Дата добавления: 2015-09-18 | Просмотры: 2424 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.002 сек.)