АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

C. оксипролин

A. антифиброзды препараттармен емдеу

B. СЕҚҚП қолдану

C. иммунодепрессанттармен емдеу

D. микроциркуляцияны жақсартатын дәрілерді қолдану

E. метилцеллюлозаны қолдану

52. Түйінді приартеритті емдеу бағдарламасына не кірмейді:

A. гормональды иммунодепресанттармен емдеу

B. гормональды емес иммунодепресанттармен емдеу

C. экстракорпоральдық терапия

D. антикоагулянттар мен антиагреганттар

E. колхицинмен емдеу

53. Базистық емінің тиімділік критерийлеріне жатпайды:

A. дене қызуының қалыпқа келуі

B. дене салмағының қалыпқа келуі

C. миалгия, артралгия, оссалгия жоғалуы

D. АҚҚ қалыпқа келуі

E. лейкоциттер құрамының жоғарылауы

54. Өзін саумын деп есептеген 57 жастағы ер адам, әлсіздікке, дімкәстікке, физикалық жүктеменден кейінгі ентікпеге, іштің ауыруына, аяқ басының үдемелі ұюына шағымданады. 2 ай ауырған, осы уақыт ішінде 10кг арықтаған, жақында айқын қол артриті болған. Оң жақ ортаңғы нервтің мононеврит белгілері анықталады. Кеуде клеткасы рентгенограммасында: кардиомегалия және басталып келе жатқан өкпедегі қан іркілісінің белгілері. Емді төмендегі көрсетілгендердің қайсысынан бастаған жөн:

A. СЕҚҚП

B. антибиотиктер

C. циклофосфамид және кортикостероидтар

D. малярияға қарсы препараттар

E. циклоспорин

55. Өзін саумын деп есептеген 57 жастағы ер адам, әлсіздікке, дімкәстікке, физикалық жүктеменден кейінгі ентікпеге, іштің ауыруына, аяқ басының үдемелі ұюына шағымданады. 2 ай ауырған, осы уақыт ішінде 10 кг арықтаған, жақында айқын қол артриті болған. Оң жақ ортаңғы нервтің мононеврит белгілері анықталады. Кеуде клеткасы рентгенограммасында: кардиомегалия және басталып келе жатқан өкпедегі қан іркілісінің белгілері. Сіздің диагнозыңыз:

A. ревматоидтық факторға қан тапсыру

B. тері-бұлшық ет биопсиясы

C. антиядролы антиденелерді анықтау

D. оң қол тамырларының ангиографиясы

E. кардиолипинге антиденелерді анықтау

56. 30 жастағы ер адамда склеродактилия, тырнақтық фалангалардың остеолизі, буындар маңындағы терілерде көптеген кальциноздар, өңештің төменгі бөлімінің моторикасының бұзылысы, орта бөлігінде дилятациясы анықталды. Зерттеу жоспарында қанда анықтау маңызды:

A. жегі клеткалары

B. ревматоидтық фактор

C. оксипролин

D. HBs AgE. С-реактивты белок

 

57. Подаграның жедел ұстамасында қандай препаратты таңдар едіңіз:

A. бутадион

B. индометацин

C. бенетазон

D. аллопуринол

E. колхицин

 

58. 25 жастағы науқаста, инсоляция процедурасынан кейін қызба пайда болды, бетте эритема, лимфотүйіндерінің ұлғаюы, буындар және бұлшықеттердегі ауырғандық, анальгинді дәрілік көтере алмаушылық. 6 айдан кейін беттегі, аяқтағы ісікті байқады. Жалпы несеп анализінде: белок 1,5 г/л, лейкоциттер 8-10 көру аймағында, көп мөлшердегі сілтілік эритроциттер көру аймағында, цилиндрлер 5-6 көру аймағына дейін. Аурудың маркері болып табылады:

A. оң мәнді туберкулин сынамасы

B. оң мәнді Конго-рот сынамасы

C. қан клеткаларында LE болуы

D. қандағы РФ титрі 1/128

E. қанда оң мәнді HBsAg

 

59. Науқас В., 50 жаста, жедел жәрдем бригадасымен туберкулезге қарсы диспансерге қан аралас қақырық және жөтелге шағымданумен жатқызылды. Оң өкпенің инфильтративті туберкулезі қойылды, сонда неғұрлым ақпаратты болғаны:

A. физикалды тексеру

B. сәулелі әдістермен зерттеу

C. лабораторлық зерттеу

D. иммунологиялық зерттеу

E. сыртқы тыныс алу қызметтін зерттеу

 

60. Науқас В., 50 жаста, жедел жәрдем бригадасымен туберкулезге қарсы диспансерге қан аралас қақырық және жөтелге шағымданумен жатқызылды. Туберкулез процессінің орналасуы анықталды:

A. флюорография арқылы

B. екі прекцияда рентгенография арқылы

C. өкпе аускультациясы арқылы

D. бронхография арқылы

E. бронхоскопия арқылы

 

61. Науқас В., 50 жаста, жедел жәрдем бригадасымен туберкулезге қарсы диспансерге қан аралас қақырық және жөтелге шағымданумен жатқызылды. Ыдырау фазасы келесі зерттеу кезінде объективті дәләлденді:

A. клиникалық

B. сәулелік әдістер

C. бронхоскопия

D. лабораторлық

E. иммунологиялық

 

62. Науқас В., 46 жаста, СОӨА (ХОБЛ) ауыратын, аз мөлшерлі қақырықты таңертең тұрақты бөледі, соңғы 2 апта бойы оның мөлшері көбейді. Және де қарапайым физикалық жүктемеде шаршау белгілері пайда болды. Сәулелік әдістермен тексергенде тыныс мүшелерінің туберкулезіне күдікті болған және диагнозды шешу үшін тексеру тағайындалған. Бактерия бөлуі келесі әдіс арқылы табылды:

A. биопсия

B. бронхоскопия

C. Сабуро ортасына қақырықты себу

D. Циль-Нильсен бояуымен қақырықты үш мәрте микроскопия

E. плевроскопия

 

63. Науқас В., 46 жаста, СОӨА (ХОБЛ) ауыратын, аз мөлшерлі қақырықты таңертең тұрақты бөледі, соңғы 2 апта бойы оның мөлшері көбейді. Және де қарапайым физикалық жүктемеде шаршау белгілері пайда болды. Сәулелік әдістермен тексергенде тыныс мүшелерінің туберкулезіне күдікті болған және диагнозды шешу үшін тексеру тағайындалған. ТМБ адамдық типі келесі анықтау кезінде табылған:

A. қақырық жұғынын микроскопиямен зерттеу

B. бронх шайынды суын флотация әдісімен тексеру

C. қоректі ортаға қақырықты себу

D. лабораторлы жұқтыру

E. қақырық жұғынын люминесценттік микроскопиямен тексеру

 

64. 45 жасар, бақылаудағы ер адам К., 3 жыл бұрын туберкулезден сауыққан, диспансерде кезекті тексеру кезінде қақырық жұғынында ТМБ–ға оң мәнді нәтиже анықталды. Соған байланысты дәрігерлік іс-әрекеттер жасалды, соның біреуі дұрыс емес. Дұрыс емес іс-әрекетті көрсетіңіз.

A. амбулаторлық жағдайда тексеруді жалғастыру

B. өкпенің рентгенография және томогрофиялық зерттеуін тағайындау

C. негізгі химиотерапия курсын жедел бастау

D. бактериоскопия әдісімен қақырық жұғынын қайта зерттеу және жасанды қоректі ортаға себу

E. бронхоскопия

 

65. 50 жасар, С. науқаста, туберкулезге қарсы емнің негізгі курсын нәтижелі жүргізу үстінде қан анализінде ЭТЖ 50 мм/с дейін жорғарылауы, рентгенограммада – оң өкпенің жоғарғы бөлігінде үшбұрышты қараю анықталды. Тағайындалған тексеру ішінде ең нәтижелі болатыны:

A. қақырықты ТМБ-ға зерттеу

B. бронхоскопия

C. иммунологилық зерттеу

D. қандағы бактериостатикалық белсенділікті анықтау

E. Манту сынағы

 

66. 25 жасар, Н. науқаста, идиопатикалық оң жақты плевритпен экссудат анализі жасуша құрамында лимфоциттер басым болуы анықталды. Ең нәтижелі дәрігерлік іс-әрекеттер болуы мүмкін:

A. кең спектрлі антибиотиктерді плевра ішіне енгізу

B. арнайы туберкулезге қарсы емді тағыйындау

C. бүйректі УДЗ

D. іш қуысы мушелерінің рентгенографиясы

E. тамыр арақылы урография

 

67. Науқас ауруханада емделіп жатыр, рентгендік тексеруде өкпенің шашыранды зақымдалуына күдік болған. Диагноз дәлелдеуге қандай зерттеу неғұрлым пайдалы?

A. өкпенің көлемін анықтау

B. бронхоскопиялық зерттеу

C. бронх альвеолярлық лаваждық сұйықтық алу

D. ФӨӨС анықтау (Вотчал-Тиффно сынамасы)

E. өкпенің вентиляция көрсеткіштерін анықтау

 

68. Науқас С., 40 жаста, шашыранды өкпе туберкулезінің инфильтрация фазасы БК-, клиникалық белгілерімен туберкулезге қарсы бөлімшесіне түсті. Туберкулин сынамасына реакция теріс болды. Науқас бөліністерінде ТМБ анықталғаннан, туберкулин сынамасының нәтижесі алдынғы қойылған диагнозын дәлелдеуге тура келді:

A. гипоэргия

B. оң анергия

C. парадоксалді аллергия

D. теріс анэргия

E. гиперэргия

 

69.Науқас А, 37 жас, қабылдау бөлімшеге ессіз жағдайда түсті. Ертіп келгендердің айтуына қарағанда саңырауқұлақ соусын жегеннен кейін 3 сағаттан соң жедел ауырған. Жағдайы ауыр. Дене қызуы бір қалыпты. Акроцианоз, коллапс. Ауру іштің қатты ауруымен және қайталамалы құсықпен басталған, кейін іштің өтуі болған. Нәжіс сұйық, сулы. Науқас 3 күн бұрын Үндістаннан келген.

Алғашқы диагноз?

А – дизентерия, IV дәр.дегидратация

В – тырысқақ

С – саңырауқұлақпен улану

D – сальмонеллез, ИТШ III дәр.

Е – тағам токсикоинфекциясы, ИТШ III дәр

 

70. Науқас Б., 22 жаста, қалтырау, эпигастрий аймағындағы ауырсыну, іштің өтуіне шағымданады. Қарағанда: дене температурасы 390С, көп реттік құсу, сулы көп мөлшерде сасық иісті, «батпақты балшық» тәріздес нәжіс. 4 сағат бұрын ет қосылған салат жеген. Алғашқы диагноз?

А – дизентерия

В – тырысқақ

С – амебиаз

D – сальмонеллез

Е – тағам токсикоинфекциясы

 

71. Науқас М., 25 жаста, 5 күн бойы ЖРА (жедел респираторлық ауру) бойынша дәрігерге қаралып емделген, соңғы 2 күнде температура қалыпты, дегенмен жағдайы нашарлаған: тәбеті жойылған, жүрек айну пайда болған, әлсіздік күшейген, несептің қоңырлануын байқаған. Алғашқы диагноз?

А – созылмалы холециститтің өршуі

В – вирусты гепатит

С –аденовирусты инфекция

D – тұмау

Е – созылмалы гастриттің өршуі

 

72. Науқас К., 30 жаста, жедел ауырған, қалтырау, бас ауыруы, жүрек айнуы пайда болған. 6 сағаттан соң 3 реттік құсу, дене температурасының 38,60С дейін жоғарылауы қосылған. Келесі күні іштің ауырсынуы сол жақ мықын аймағында байқалған, нәжісі сұйық, аз мөлшерлі, кілегейлі. Алғашқы диагноз?

А – дизентерия

В – сальмонеллез

С – тағам токсикоинфекциясы

D – тырысқақ

Е – амебиаз

 

73. Ауру жедел басталған. Көп мөлшердегі нәжіспен дефекацияға шақыру, құсу пайда болған. Кейін құсу, нәжіс «күріш суы» сипат алды, аяқ-қолдардың құрысуы пайда болған. Температура бастапқыда субфебрилді, диарея дамуына қарай 350С дейін төмендеді. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

А – дизентерия

В – сальмонеллез

С – тырысқақ

Д – балантидиаз

Е – тағам токсикоинфекциясы

 

74. 30 жастағы науқас инфекциялық ауруханаға дене температурасы 39ºС жоғарылағанына, тершеңдік, әлсіздік, тәбетінің жоғалуына шағымданып түсті. Науқас 7 ай бойы ауырған, дене салмағының төмендеуін байқаған. Тұмау, жедел бронхит бойынша амбулаторлы ем алған, нәтижесі болмаған, 6 ай бұрын беттің тілмелі қабынуымен ауырған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы бозғылт. Ауыздың кілегей қабығында ақшыл ұсақ жаралар пайда болған, ақ жабындымен жабылған, гингивит көріністері бар. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, қанағаттанарлық. Тілі қою, ақ жамылғымен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры 1 см. дейін ұлғайған, ауырсынбайды. Нәжісі сұйық, патологиялық қоспасыз, тәулігіне 3 ретке дейін. Несеп шығаруы еркін. Эпиданамнезінде:10 ай бұрын жамбас жарақатымен операция жасалған, бірнеше рет қан құйылған. Алғашқы диагноз?

А – стоматит

В – дизентерия

С – гепатит

D – ЖИТС

Е – анемия

 

75. 40 жастағы науқас аурудың 1-ші күні келіп түсті, шағымдары: жүрек айну, құсу, іштің ауырсынуы, сулы нәжіс. Қарағанда: температурасы 380С, бет әлпеті бозғылт, тілі ақ жабындымен жабылған, эпигастрий және кіндік аймағындағы ауырсыну сезімі бар. Ауруды базардан сатып алған бәліш жеуімен байланыстырады. Алғашқы диагноз?

А – амебиаз

В – дизентерия

С – тағам токсикоинфекциясы

D – тырысқақ

Е – балантидиоз

 


Дата добавления: 2015-11-26 | Просмотры: 323 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.014 сек.)