АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Тура остеогенез

Әдіс мәні – сүйек тіні тікелей склеротомның мезенхималық жасушалары жиынтығынан дамиды. Бассүйек, ретикулофиброзды сүйек тіні, бұғана, саусақ дистальды бунақтарының дамуына тән.

4 этаптан тұрады:

1. Остеогенді аралшықтың қалыптасуы. Болашақ сүйек дамитын жерде белсенді көбейетін мезенхималық жасушалардың жиынтығы пайда болады. Қан тамырлары кіре өседі.

2. Остеогенді аралшық жасушаларының дифференц., остеоидтың қалыптасуы. Мезенхималық жасушалар бөлінуін тоқтатады, остеобластты аралшық құрайтын остеобласттарға дифференцияланады. Остеобласттар ЖАЗ орг.компоненттерін н/е остеоидты синтездеп, секрециялайды. Қалыптасқан остеоид жасушаларды итерип, бір-бірінен алыстатады, бірақ жасушалар анастомоздар құрып, байланыстарын үзбейді.

3. Остеоидтың минералдануы. Остеобласттар гидроксиапатит кристалдарының коллагенді талшықтарға шөгуіне қатысады. Олар минералданған ЖАЗ ішінде жан-жағынан қоршалып, постепенно остеоциттерге айналады. Остеоцит денесі лакуналарда, өсінділері сүйек өзекшелірнде орналасқан. Қалыптасқан біріншілік сүйек тіні жуан талшықты сүйек тіні сипатына ие болады және трабекулаларды құрастырады. Олардың бетінде остеогенді мезенхимадан дифференц. жатқан остеобласттар орналасқан. Соңғылар ЖАЗ синтездеп, оның ішінде қалып, остеоциттерге айналады. Осылай сүйектің аппозициялық өсуі өтеді. Қанның дің жасушаларынан қажет жағдайда трабекулдардың бөліктерін бұзатын остеокласттар дифференц. Нәтижесінде трабекулдық тор құрылып, олардың арасындағы кеңістіктер остеогенді тінге және қан тамырларына толады. Қалыптасушы сүйекті қоршаған мезенхимадан сүйекті қорректендіретін және регенерациясын қамт.ететін сүйек қабығы дамиды. Жуан талшықты сүйек тінінен тұратын мұндай сүйек біріншілік кемік сүйегі деп аталады.

4. Пластинкалы сүйек тінінің қалыптасуы. Эмбриогенездің кештеу кезеңдерінде жуан талшықты сүйек тінінің қайта құрылуы басталады: остеокласттар ЖАЗ резорбцияға ұшыратып, бұрынғы сүйектің тереңіне қан тамырлар кіре өседі. Тамырларды қоршаған остеобласттар, құрамындағы коллагенді талшықтары ретті орналасқан сүйек табақшалар түрде жаңа ЖАЗ бөліп шығарады. Осындай жолмен қалыптасқан сүйек екіншілік кемік сүйек деп аталады, кейін ол компактты сүйекке қайта құрылады.

2. Жазық бұлшықет тіні

Тегіс бұлшықет тіні (ТБТ) вегетативті нерв жүйесінен иннервацияланады, сондықтан оның қысқаруы еріксіз. Даму көзіне және морф.ерекшеліктеріне қарай 3 типке бөлінеді: 1. Мезенхималық; 2. Миоэпителиальды; 3. Мионейральді.

Мезенхималық – өзіндік ТБТ ас қорыту, несеп шығару, тыныс алу жүйелерінің қуысты мүшелері мен ұан тамырлары қабырғаларының бұлшық етті табақшасын және қабығын құрайды. Гистогенезі: Өзіндік ТБТ даму көзі спланхномезенхима. ТБТ дамуы басталған ұрық бөлігінде жұлдызша пішінді мезенхимоциттер өсінділерінен айырылады және ұршық тәрізді пішінге ие болады. Олардан дифференц., миобласттарда грЭПТ, Гольджи комплексі, митохондриялар дамиды. Осы органоидтарда миофиламенттерді құрастыруға қатысатын жиырылтқыш және көмекші ақуыздар мен миоциттің базальды мембранасын құрайтын V-типті коллаген синтезделе бастайды. Миобласттар тегіс миоциттерге дифференц., сайын коллагеннің синтезі төмендеп, актин және миозин ақуыздарының синтезі күшейеді.Миофиламенттер мөлшері өседі, жасушаның ұзын білігін бойлай орналасады. Тегіс миоциттің көпшілігі митоздық циклден шығып, дифференц., жасушаларға айналады. ТБжасушаларының бір бөлігі аз дифференц., күйінде қалып, пролиферацияға қабілеттілігін сақтайды. Регенерация көзі ретінде қызмет атқара алады. Өзіндік ТБТ құрылысы: ТБТ гистологиялық элементі тегіс бұлшықет жасушасы пішіні мен өлшемі орналасқан жеріне байланысты өзгереді. Тегіс миоцит көпшілігінің пішіні ұршық тәрізді. Олар бір-біріне тығыз жатады да, іргелес жасушалар арасына сына тәрізді кіріп, будалар құрайды. Будалар қуысты ағзалар қабырғасының бұлшық етті қабығының бойлық және циркулярлық қабаттарына бірігеді. Әрбір ТБЖ(тегіс бұлшықет жасушасы) сыртынан сарколеммамен және базальды мембранамен қапталған. Оларға қоршап тұрған дәнекер тіннің ЖАЗ коллагенді және эластикалық талшықтары бекітіледі. Тегіс миоциттің кеңейген орталық бөлігінде таяқша тәрізді н/е ұзартылған эллипс пішінді бір ядросы орн. Миоцит саркоплазмасы оксифильді боялады.

 

ТБЖ құрамында тропонин болмайды. Жіңішке актинді филаменттер бір ұшымен ТБЖның тығыз денешелері мен тығыз табақшаларға бекітіледі. Жуан миозинді жіпшелер тегіс миоцит саркоплазмасында тура жиырылу алдында пайда болып, одан кейін ыдырап кетеді. Сондықтан ТБЖ миофибрилдер құрылмайды. Тірек аппараттары: сарколемма, базальды мембрана, аралық филаменттер, тығыз денешелер, тығыз табақшалар.

Қозуды сарколеммадан жиырылтқыщ аппаратқа өткізетін ұсақ цистерналар мен көбікшелер жүйесі түрінде қалыптасқан саркоплазмалық тордың қалдық элементтерінен және кавеолдардан тұрады. Бұл құрылымдарда жиырылуды ынталандыратын Ca² иондары жинақталады.

Тегіс миоциттер жиырылуының негізгі кезеңдері:

1. Жиырылуды қоздыратын сигнал түсуі

2. Ca² ионының деподан шығуы

3. Ca² ионы кальмодулин ақуызымен байланысып, киназа ферментінің белсенділігін күшейтетін комплекс құрап, миозин өздігінен құрастырылады.

4. Миозин филаменттерінің бастары актинді филаментердің антивті орталықтарына бекітіліп, екі жіпше арасында көлденең көпіршелер қалыптасады.

5. Миозин басының конформациясы өзгеріліп, ескек ескендей қимыл жасау арқасында актинді филаментердің миозиндердің арқасында тартылуы.Нәт/де актинді филаменттерді бекіткен тығыз денешелер жақындасады. Тарту күші аралық филаменттердің торы және тығыз табақшалар арқылығы сарколеммаға беріледі. Сондықтан жасушаның білігі жиырылып, миоциттің үсті қатпарлы пішінге ие болады, яғни бүкіл жасуша жиырылады.

 

 

ТБТ регенерациясы. Физиологиялық регенерация жасушаішілік деңгейде жүзеге асады. Жасушаның ескі компоненттері үнемі алмастырылып отырады. ТБТ көтеріңкі физиологиялық жағдайлар н/е патология кезінде реакциясы гипертрофия(жасушаішілік рег.) не гиперплазия түрінде(жасушалық рег.). Репаративтік рег., тін зақымданғаннан кейін дамиды.

 

Миоэпителиальды ет тіні: миоэпителиальды ет тінінің жасушалары миоэпителиоциттер. Олар терілік эктодермадан дамиды. Миоэпителиоциттер тер, сүт, сілекей және көз жасы бездерінің құрамында кездеседі. Бұлар базальды мембранаға бекінеді. Пішіні жұлдызша тәрізді, кейде себет пішіндес. Регенерациясы аз маманданған жасуша түрінен қалыптасады. Миоэпителиоциттер без жасушаларының сыртын себет тәрізді қоршап, механикалық қызмет атқарады. Құрамында жиырылғыш элементтері болады, құрылысы жағынан миоциттерге ұқсас келеді.

 

Мионейральды ет тіні: көз алмасының ішкі қабырғасының құрамындағы нерв тінінен дамыған миоциттер. Миоциттердің денесі нұрлы қабық эпителиінің астында орналасқан. Бұл миоциттердің өсінділері нұрлы қабыққа бағытталған, құрамында жиырылғыш аппараттары болады. Өсінділерінің бағытына байланысты бұлар көздің қарашығына қарай перпендикуляр н/е параллель бағытталғандықтан көз қарашығының кеңейтіп н/е тарылтатын, миоциттер тобын түзеді.

 

 

Тикелей емес остеогенез -суйектин бастапкы калыптаскан шемиршекти модельдин орнындадамуы. Ол адам канкасы суйектеринин копшилигине(аяк кол,жамбас,омыртка т.б)тән. Тикелей емес остеогенез эмбриогенездин 2 – айында басталады жане 4 кезенннен турады.

1) болашак суйектин шемиршекти моделинин калыптасуы —шемиршек тининин гистогенези сиякты отеди.Жасушалардын генетикалык багдарламасы мен коршаган микроортасынын арекеттесуи натижесинде склеромдык мезенхимадан муше ретинде болашак суйектин пишинине ие болатын гиалинди шемиршек бастамасы дамиды.Шемиршекти моделди каптайтын шемиршек кабыгы шемиршектин аппозиялык осуин камтамасыз етеди.Шемиршекти моделдин орнын суйек тининин мунан былайгы басуы перихондриялдык жане эндохондриялдык суйектену процестери туринде отеди.

2) перихондралды суйектену—диафездин ортангы болигинин шемиршек кабыгына кан тамырлары кире осуинин аркасында басталады.Бул жагдай остеобласттар пайда болуына акеледи.Олар ондирген суйектин жасушааралык заты жжуан талшыкты суйектин трабекулдары туринде калыптасып,диафездин ортасын цилиндр пишинди перихондралды суйек манжетасы ретинде капсыра коршайды.Сонгысы эпифиздерге багыттап оседи.Шемиршек пен шемиршек кабыгы арасында суйек тоскауыл жайылып оседи.Сосын шемиршек кабыгы суйек кабыгына айналады.Булар шемиршектин коректенуин нашарлатып,диафиз шемиршегинин ходроциттеринде дистрофиялык жане некроздык озгеристер дамытады.Олар шемиршек матриксинин курылымынын бузылуына жане онда минералды туздардын болинип шогуине,ягни избескиленуине акеледи.

3) кезени- диафездин эндохондралды суйектенуи канн тамырларынын шемиршек кабыгы жагынан шемиршекке кире осуинен басталады.Васкуляризация матрикстин тез минералдануына жагдай жасайды.Сонан сон хондрокласттар избестелинген тыгыз шемиршекти бузады.Тамырга илескен остеогенди жасушалар остеобласттарга дифференцияланады.Остеогенди жасушалар суйек тинин калыптастырады.Эндохондралдык суйектенудин булл ошагы—суйектенудин бириншилик орталыгы деп аталады.Остеоидти болип шыгарган сайын остеобласттар онын ишине батып,остеоциттерге айналады. Пери жане эндохондралдык суйектер суйек трабекулдарынын торынан турады.олардын шеттери –остеобласттармен,ал резорбцияга ушыраган боликтери остеокласттармен коршалады.Кейиннен остеокласттар диафездин ортангы болигинде эндохондралды суйекти бузады,натижеде суйектин кызыл кемигинин куысы пайда болады.

4) кезен – эпифиздерге эндохондралды суйектин пайда болуы жане метаэпифизарлык осу табакшаларынын калыптасуы. Тутикти суйектердин жогары жагында «суйектердин екинши орталыгы» пайда болады.Бул жерде шемиршек минералданады жане бузылады,мунда остеогенди жасушалармен коршалган кан тамырлар кире оседи.Остеогенди жасушалар дифференцияланып остеобласттарга айналады.Суйектин дамуы мунан кейинги платинкалы кеуекти суйекке ауыстырылады.

2 теория. Рефлекторлык дога – нерв импульсин сезгиш нейроннын рецепторынан жумысшы агзадагы эффекторлык ушка дейин жеткизуди камтамасыз ететин,бир –биримен синапстар аркылы байланыскан нейрондар тизбеги.Ол бес болимнен турады:

1)рецепторлар—титиркендиргиштин асерин кабылдайды.

2)афференттик нейрондар- оз осиндилеримен рецепторларды ОЖЖ-мен байланыстырып,сигналдын орталыкка тебуин камтамасыз етеди.

3)ендирме нейрон немесе аралык—реф-к доганын орталык болиги немесе нерв орталыгы,афференттик нейрондар мен эфференттик нейрондарды байланыстырады.

4)эфференттик нейрондар-аксондары аркылы нерв импульсин орталыктан шетки жумысшы мушелер мен тиндерге жеткизеди.

5) эффекторлар- титиркендиргиштерге сайкес жауапты кайтаратын орындаушы агзалар- колденен жолакты канка булшыкеттери,ишки агзалардын тегис булшыкеттери жане бездер.

Сомалык нерв жуйесинин реф-к догасы еки болимнен турады:карапайым жане курдели

Карапайым-рецепторлык жане эффекторлык нейрондардан турады.бул реф-к догада нерв импульси мига жетпейди жане реф-к арекеттер мидын катысуынсыз отеди,ягни саналы шешимди кажет етпейди.

Курдели-сезгиш жане эффекторлык нейрондардан баска,сенсорлык аппаратты мига жеткизетин коптеген ендирме нейрондарды камтиды.Нерв импульси бир багытта бериледи.

 

 

 

 

 


Дата добавления: 2015-11-28 | Просмотры: 4525 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.006 сек.)