АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

ВИЧ/СПИД. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.

Гонорея. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.

Гонорея - бұл классикалық венереологиялық аурулардың ең кең таралған түрі. Гонорея басқа венереологиялық аурулар сияқты ең алдымен жыныстық жолмен беріледі.

Этиологиясы. Гонорея – қоздырушысы гонококк (Neisseria gonorrhoeae) болып табылатын инфекциялық ауру. Neisseriaceae тұқымдастығы, Neisseria туыстығына жатады. Бұл инфекцияны 1879 А.Нейссер ашқан. Ұзындығы 1,25 ден 1,6 мкм, ені0,7-0,8мкм, кофе дәніне ұқсас. Гонорея несеп жолын, тік ішекті, жатыр мойнын, аузын және көзді зақымдауы мүмкін, бұл жұқтыру қандай жағдайда болғанына байланысты.

Эпидемиологиясы.

Гонорея кең таралған ауру: жыл сайын дүние жүзінде гонорея бойынша 25млн науқастар тіркеліп отырады. Әйелдерде гонорея көбіне симптомсыз өтеді, яғни тек қана жатыр мойнының шырышты қабатын зақымдайды. Әйелдерде гонореяның даму жиілігі 15-24-29 жас аралығында 70-80%-да кездеседі. Ал ер адамдарда әйелдерге қарағанда кездесу жиілігі 1,5:1 қатынасында болады. Гонореяның басты жұғу жолы – жыныстық қатынас арқылы. Көбіне жұғу ерлерге қарағанда әйелдерде жоғары. Мысалы: ауру адаммен қатынаста болған жағдайда ер адамдарға жұғу қауіптілігі 20-25% болса, әйелдерде бұл 50-90%.

Гонорея. Классификациясы. Клиникасы.

Гонорея - бұл классикалық венереологиялық аурулардың ең кең таралған түрі. Гонорея басқа венереологиялық аурулар сияқты ең алдымен жыныстық жолмен беріледі.

Классификациясы.

Гонореяның классификацясы аурудың ұзақтығына қарай жіктеледі: жаңа 2 айға дейін(свежая) және созылмалы 2 айдан көп.

Клиникалық көрінісіне қарай гонореяның жаңа (свежая) түрі: - жедел;

- өткір;

- торпидті

болып бөлінеді.

Созылмалы түрі: торпидті және жасырын болып бөлінеді.

Сонымен қатар гонореялық инфекция: а сқынған және асқынбаған;

Таралуына (локализация) генитальді және экстрагенитальді болып жіктеледі.

Клиникасы.

Ер адамдарда гонорея несеп каналының зақымдалуымен сипатталады- уретрит. Клиникалық белгілері: несеп каналының ауырсынуымен, несепағардан іріңнің бөлінуімен көрінеді. Уретрит: жедел, өткір және торпидті болып бөлінеді.

Жедел уретрит несепағардың ісінуімен, қызаруымен, несепағар каналынан сарғыш-жасыл түсті іріңнің ағуымен, интенсивті ауырсынумен көрінеді.

Жедел уретрит емделмесе ол өткір түріне ауысуы мүмкін. Бұнда ісіну, қызару белгілері болмайды. Азаңғы уақытта мардымсыз қою– іріңді бөлінді бөлінеді.

Торпидті гонорея өткір түрден дамуы мүмкін. Клиникалық белгілері: кіші дәретке отырған кездегі ашу сезімі, азаңғы уақытта немесе күш түскенде несепағардан кішкене мөлшерде бөлінді бөлінуі мүмкін. Ер адамдарда гонореяның асқынуы периуретральді және қосалқы бездердің зақымдалуымен жүреді. Инфекцияның таралуына байланысты келесідей асқынулар болуы мүмкін:

1) Литтреит- несепағардағы альвеолярлы түтікті бездің қабынуы. Бұл кезде қабынған бездерде инфильтрат, үлкен көлемдегі ауырсынумен көрінетін абцессті жолақтар пайда болады.

2)Тизонит – жыныс мүшесінің екі жағында жүгендерден латеральді орналасқан тизонидті бездердің қабынуы. Пальпация кезінде қабынулық жолақтар анықталады. Басу кезінде жыныс мүшесі түтігінен іріңді бөлінді бөлінеді және бездердің абцесі дамуы мүмкін.

3) Параутерит – уретрит дамуымен көрінетін парауретральді каналдың қабынуы. Бұл түрінде гонореяның рецидиві (қайталануы)болады. Инфильтрат, қызарған ойықтар және парауретральді абцесс дамиды.

4)Колликулит – қабынулық процесс ұрықтық іскке өтіп, ауырсынудың иррадиациялы таралуы (бел аймағы, жамбас, іштің төменгі бөлігі, жыныс мүшесі).

5) Простатит- кең таралған гонореяның асқынуы(еркектік бездің қабынуы). Бұл түрі несепағардың артқы бөлігіне гонокктардың енуінен дамиды. Простатит жедел немесе созылмалы болып өтуі мүмкін. Жедел түрінде біркелкі өтетін ауырсыну, интоксикация, әлсіздік, температураның 39С қа дейін жоғарылауы, пальпация кезіндегі тығыздалып, бір орынға жинақталған қатты ауыратын іріңді абцестердің болуы. Жедел простатит созылмалы түрге ауысуы мүмкін.

Әйел адамдарда гонорея асимптомды және көп ошақты болып өтеді. Түрлері:

1)зәр шығару жүйесінің төменгі бөлігінің гонореясы (уретрит-несепағар каналының қабынуы, эндоцервицит-жатыр мойны шырышты қабатының қабынуы, бартолинит-бартолинді бездердің қабынуы, вульвит-әйелдің сыртқы жыныс мүшесінің қабынуы, вагинит-қынаптың шырышты қабатының қабынуы);

2)зәр шығару жүйесінің жоғарғы немесе кіре беріс бөлігінің гонореясы (гонококкты эндометрит-жатырдың ішкі шырышты қабатының қабынуы, сальпингит-жатыр түтігінің қабынуы, оофорит-аналық бездің қабынуы).

 

Гонорея. Гонореяның лабороторлы диагностикасының әдістері.

Гонорея - бұл классикалық венереологиялық аурулардың ең кең таралған түрі. Гонорея басқа венереологиялық аурулар сияқты ең алдымен жыныстық жолмен беріледі.

Диагностикасы анамнез жинау, шағымдарын тыңдау, обьективті қарау, тексеруге материал алумен жүзеге асады.

Лабораторлы әдістер: бактериологиялық, серологиялық, топическая диагностика әдістері жүргізіледі.

- бактериологиялық әдіс грам әдісімен бояу арқылы гонококкты инфекцияны табуға болады;

-серологиялық әдіс Борде-Жангу реакциясына бағытталған. Яғни аурудың басталағ күнінен бастап 3-4апта нәтижесі оң болады және бұл көрсеткіш 10 жылдай сақталуы мүмкін.

- топическая диагностика әдісі қабынулық процестің локализациясын анықтауға бағытталған. Ер адамдарда екі шынылы ыдысқа Томпсон сынамасын, уретроскопия, еркектік бездің УЗИ жүргізіледі.

Екі шынылы сынама – ең қарапайым және қорытындыны нақты бере алатын әдіс болып табылады. Яғни бұнда зәрді алып зерттейміз, бірінші порцияда зәрдің қарайып, ал екінші порцияда зәр түсінің ағаруы оң нәтижені береді.

Уретроскопия ер адамдарда гонореяның тек созылмалы түрінде ғана қолданылады. Ал әйелдерге кольпоскопия, бимануальді тексеру, ректоскопия әдістері жүргізіледі.

Гонорея. Жалпы және жергілікті терапия принциптері.

Гонорея - бұл классикалық венереологиялық аурулардың ең кең таралған түрі. Гонорея басқа венереологиялық аурулар сияқты ең алдымен жыныстық жолмен беріледі.

Жалпы және жергілікті терапия принциптері.

Гонорея емінің сәтті өтуі дұрыс қойылған этиологиялық фактор мен уақытылы басталған емге байланысты. Жалпы емнің ұзақтығы аурудың сатысына және асқынуына байланысты болып келеді. Негізінен гонореяның өткір және жаңа (свежий) түрі амбулаторлық жағдайда антибиотикотерапия арқылы жүргізіледі. Ал егер созылмалы түрге немесе асқынға түрге ауысқан болса ем стационарда жүргізіледі. Этиотропты емнің құрамына: иммунотерапия, жергілікті емдеу және физиотерапия кіреді. Антибиотикотерапия жүргізбес бұрын гонореяның серологиялық реакцияларына аса көңіл бөлген жөн.

Антибиотикотерапия құрамына кіретін препараттар: цефтриаксон – 250мг бұлшық етке; ципрофлоксацин -500мг ішке; бензилпенициллин -600 000 ЕД бұлшық етке, кейінгі дозаны - 400 000 ЕДазайтып әр ЕД азайтып әр 3 сағат сайын салып тұру, емдеу курсы 3,4млн ЕД. Антибиотикотерапиямен емдеу курсының ұзақтығы 5-7 кунге созылады, осы күндер аралығында жақсы нәтиже беруі мүмкін. Асқынған жағдайда бензилпенициллинмен қатар аутогемотерапия жүргізіледі.

Бұдан басқада антибиотиктер қолданылады: Рифампицин, Цефалоспориндер, Азалидтер: азитромицин, рокситромицин, т.б

Гонореяның қоғамдық және индивидуальді профилактикасы.

Индивидуальді профилактиканы жеке адам өзі жүзеге асырады, яғни жеке бас гигиенасын сақтау, уақытылы тексеріліп жүру, уақытылы ем қабылдау,дәрігерлік консультацияларға барып тұру.

Ал қоғамдық профилактика ол дәрігерлер тарапынан іске асырылады, яғни гонореямен ауыратын науқас табылған жағдайда оны тез арада оңашалау, стационарға жеткізу, олмен қатынаста болған адамдарды уақытында табу, диагностика жүргізу, аурудан сауыққан науқасқа ай сайын консультация жүргізіп, тексерістен өткізіп тұру.

ВИЧ/СПИД. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.

ВИЧ/СПИД – ретровируспен шақырылатын, адамның иммунды және нерв жүйесін зақымдайтын, екіншілікті инфекция мен қатерлі ісіктердың дамуына алып келетін қауіпті созылмалы инфекциялық ауру.

Этилогиясы. Қоздырғышы 1983 жылы идентификацияланған және адам иммунодефицитімен - ВИЧ деп аталынған (human immunodeficiency virus - HIV). Вирус ретровирус тұқымдастығына жатады. Көлемі 100 нм дей ядро. Ал ядроның құрамында РНК және негізгі фермент бар,ол ДНК клеткасының құрамын бұзады. Қазіргі таңда адам иммунодефицитінің антигендік қасиеті бар екі штамы белгілі, олар ВИЧ-1 және ВИЧ -2.

ВИЧ вирусы қоршаған ортаға төзімсіз, 56 С температурада 30мин ішінде күші жойылады, ал қайнатқанда 1-3мин өледі. Вирус сонымен қатар УФА сәулелеріне, радиацияға төзімді. Құрғақ күйінде ол сұйық орталарда (қан, сперма)бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін сақталады. Қанда вирус жылдар бойы, ал қатырылған спермада бірнеше ай сақталуы мүмкін.


Дата добавления: 2015-11-28 | Просмотры: 1261 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)