АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Пневмониялар

Прочитайте:
  1. Пневмококктік пневмониялар.

Пневмония — өкпенің респирациялық бөлшектерінің басым зақымдануымен, альвеолалардың экссудациясымен сипатталатын, бірақ зақымдалған анатомиялық құрылымдардың бұзылысына әкелмейтін өкпенің жедел инфекциялық қабыну процесі.

Пневмония — жиі кездесетін, өлімге әкелетін себептердің ішінде алтыншы орындағы, ал ауруханаішілік инфекциядан болатын өлім себебі ретінде бірінші орындағы ауру. Соңғы 30 кылда оның жиілігі бес есе көбейіп, казіргі кезде 1000 адамға шаққанда даму саны 10-13,8 шамасында. Пневмониядан ауруханадағы өлім саны 8,0-8,7%.

Этиологиясы. Пневмонияның дамуына көптеген қоздырғыштар - бактериялар, микроплазма, хламидия, легионелла, саңыраукұлақшалар, қарапайымдар т.б. әкеледі. Этиологиясына карай пневмонияның 40-ка жуық түрлері белгілі. Бүл салада вирустардың тікелей әсері толық дәлелденбеген. Көптеген мәліметтер бойынша вирустар тыныс жолдарының жыбыр эпителиін зақымдау, қорғаныс қасиетін төмендету арқылы бактериялық флораның енуіне жол ашады. Грипптің, ЖРВИ эпидемияларында пневмония жиіленеді

Дерттің дамуында қоздырғыштармен қатар бейімдеушіықпалдардың да маңызы зор: суықтау (пневмония салқын мезгілдерде жиіленеді); кеуде сарайының жарақаттары; іш қуысының операциялары; дене қимылын шектейтін ауыр жағдайлар; аспирацияға алып келетін себептер (ингаляциялық наркоз, алкогольмен улану, кома, жуйке аурулары); балалық және көрілік жас (беске толмаған балалар және 65-тен асқан кәрі жастағылар); тыныс жолдарының фондық аурулары (бронхтық астма, бронхит, даму акдулары, ЛОР патология, болып өткен пневмониялар); шылым шегу; қоршаған ортаның зиянды әсерлері; жүрек шамасыздығы; иммундық супрессия, иммундық тапшылық жағдайлары: цитостатиктік, стероидтық ем, лейкопения, қантты диабет, ЖИТС

Патогенезі. Пневмонияның басты себепкері - инфекциялық қоздырғыштар. Оның дамуы инфекцияның сырттан түсуінен немесе ішкі флораның белсенділігінің артуынан болады.

Экзогендік инфекция немесе аутоинфекция өкпенің
респирациялық бөліктеріне бронхтар, қан, лимфа арқылы түседі,
бірақ инфекция түсуінің негізгі жолы — бронхтар. Ингаляция немесе
аспирация арқылы түсетін мұрынның, көмекейдің, жүгқыншақтың
микроорганизмдері. Мұрын, ауыз, жүтқыншакгың кілегей қабығын
мекендеген микроорганизмдер ласталған секретпен аспирацияланып өкпенің респирациялық бөліктеріне түседі. Осылайша, мұрынның, қосымша қуыстардың немесе бадамша бездерінің микрофлорасы пневмонияға соктырады

Инфекцияның қан арқылы түсуі екіншілік пневмонияға тән (сепсисте, жалпы инфекциялық ауруларда, тромбоэмболияларда дамитын). Инфекция лимфамен сирек түседі (кеуденің жарақатында). Инфекциялық емес, мәселен сәулелік дәрмектік, уыттық, кәсіптік пневмонияның өзінде де, басында қабыну асептикалык болғанымен, көп кешікпей инфекция қосылады. Сау адамның тыныс жолдарына инфекция түскенде оны жоюға дағдыланған қорғаныс механизмдері іске қосылады. Қорғаныс механизмдері көмекейден әрі орналасқан тыныс жолдарының стерильді күйін қамтамасыз етеді. Мәселен, көмекейге бөгде зат түссе - дауыс саңылауы рефлекторлы жабылады, ал трахея мен ірі бронхтардан бөгде денелер жөтелмен шығарылады ./ Көм екейден кейінгі ауа жолдарының ішкі беті, түпкі бөліктеріне дейін түкті эпилелиймен және кілегеймен қапталған. Түкті эпителий бөгде заттарды ұсақ, жіңішке бронхтардан ірі бронхтарға жылжытып, ақырында көмекейге түсіреді, содан кейін лас кілегей кақырылады немесе жұтылады

Тағы бір қорғаныс механизмі — иммуноглобулиндер. Соның бірі тыныс жолдарындағы вирустық инфекциядан қорғайды, бактериялардың аглютинациясын камтамасыз етеді, инфекцияның кілегей қабыкқа енуіне жол бермейді, микроорганизмдердің уытын бейтараптайды.

Сонымен қатар, альвеолалардың қабырғасында мекендейтін макрофагтар микроорганизмдерді жояды және фагоциттердің қорғаныс қасиетін арттыратын заттарды бөледі.. Инфекциямен күресу қажетті болса қанның нейтрофилдері, лимфоциттері өкпе паренхимасына келіп жиналады.

Аталған қорғаныс механизмдерінің біреуінің зақымдануы пневмонияның дамуына септігін тигізеді. Мысалы, мастық, бас миының жарақаты, эпилепсия, наркоз, наркотиктер мен ұйықтатқыш дәрілерді артық дозада қолдану, бас миы тамырларының аурулары, т.б. жөтелді, дауыс саңылауын жабатын рефлексті тежеп, ауыз-жұтқыншақ секретінің аспирациясына септігін тигізеді. Кейде тыныс шығару екпінінің және жөтел, рефлексінің әлсіреуі де пневмонияның дамуына алып келеді, мәселен кеуденің және іш қуысының операциялары, кифосколиоз, бұлшықеттің әлсіздігі, өкпенің обструкциялық аурулары, "Фахеостомия. Жасы ұлғайған адамдарда, шылым шегетіндерде респирациялық-вирустық кеселдерден кейін мукоциллиарлық транспорттың қызметі төмендейді. Қабыну салдарынан бронхтардың ісінуі, қою кақырықпен бітелуі олардың тазаруын нашарлатады. Жергілікті қорғаныс механизмдерінің осылайша әлсіреуінен, мәселен, созылмалы бронхитте трахея мен бронхтарда микроорганизмдер жайылып, көбейеді (әсіресе, пневмококтар,гемофильдік бактериялар). Сонымен инфекцияның тыныс жолдарының төменгі бөліктеріне түсуіне бірден-бір себепкерлері: мастық, салқындау, наркоз, тітіркендіргіш газдар, шаң, бронхит. Пневмонияда қабынудың экссудаттық компоненті басым.

Уыттың әсерінен капиллярлардың өткізгіштігі артады,альвеолалардың қуыстарында экссудат мол жиналады. Жиналған экссудат баска альвеолаларға таралады Экссудат альвеолаларға екі жолмен түседі — сұйықгықгың Кон тесіктерінен бір альвеоладан екіншісіне құйылуы және бронх арқылы өтуі. Паренхималық және интерстициялық тіннің қабынуынан және альвеолалардың экссудатқа толуынан зақымданған ошақга инфильтрат пайда болады. Ісінуінен кабынған аймақтың көлемі ұлғаяды, желденуі төмендейді және диффузиялық касиеті жойылады. Қабыну ошағы көлемді болса, онда тыныс жетіспеушілігі дамиды.

Қазіргі кезде 1995 жылғы ресейлік пульмонологтар конгресінде пневмония туралы келісім бойынша қабылданған жіктеме қолданылуда.

Пневмонияның жаңаша жіктемесі. ( Пулъмонологтардың 5-ші\ үлттық конгресі, Мәскеу, 1995).

I. Пневмонияның этиологаялық тұрлері.

II. Пневмония дамуының эпидемиологиялық жағдайларына қарай түрлері.

1. Ауруханадан тыс (біріншілік, амбулаторлық, үй жағдайында дамыған).

2. Ауруханалық (ауруханаішілік, нозокомиальдік).

3. Атипті пневмониялар.

4. Иммундық жетіспеушіліктің үстінде дамыған пневмониялар.

5. Нейтропения үстінде дамыған пневмониялар.

III. Пневмонияның орналасуы және көлемі (бір жакты ~ сол; оң жақты: а)тотальді; б) бөліктік; в) сегменттік; г)бөлшектік; д) орталық ("түбір маңы"); қос жақты (көлемін көрсетіп).

IV. Пневмонияның ауырлық дәрежесі (ауыр, орташа ауырлықты, жеңіл)

V. Асқынулары (өкпелік, өкледен тыс).

VI. Пневмонияның фазалары қызу, шешілу, реконвалесценция (сауығу),созылыңқы барыс.

Ауруханадан тыс дамыған пневмониялар

Егер де пневмонияға әкелетін инфекция ауруханадан тыс жағдайларда жұқса, ол ауруханадан тыс дамыған пневмония болып табылады. Сонымен, бұл топтағы пневмониялар - ауруханадан тыс, әдетте, үй тұрмысының жағдайында дамитын пневмония- Пневмонияның басқа топтарына қарағанда, оның қоздырғыштарън сәл ерекше, ең жиі қоздырғыштары: (60-95% -да) пневмококк, сирегірек - клебсиелла, стафилококк, стрептококк, гемофильді таяқшалар, микоплазма, хламидиялар, т.б. Жиілеу ауратын ер адамдар. Негізгі бейімдеуші факторлары - суықтау, жедел. респирациялық инфекция. Өкпенің зақымдану көлемі әр турлі.


Дата добавления: 2015-10-11 | Просмотры: 1130 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)