АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Акушерия бойынша тестілер.

Прочитайте:
  1. Гастроэнтерология бойынша тесттік тапсырмалар
  2. Кардиология бойынша тесттік тапсырмалар

1. Нәрестенің жеке бөліктерінің өзара қарым-қатынасы –бұл:

Орналасуы;

Позициясы;

Түрі;

*Мүшеикемділігі;

Қондырылуы.

 

2. Леопольд-Левицкийдің бірінші тәсілінің көмегімен анықтайды:

Нәрестенің жатуын;

Орналасуын, нәрестенің позициясын;

Нәрестенің жату бөлігінің кіші жамбасқа кіру жазықтығына қатынасын;

*Жатыр түбінің тұру биіктігінің деңгейін және оның түбіндегі нәресте бөлігінің жатуын;

Нәрестенің жату бөлігінің кіші жамбас жазықтықтарына қатынасын.

 

3. Нәрестенің арқасының жатырдың алдыңғы немесе артқы қабырғасына қатынасы:

Мүшеикемділігі;

*Түрі;

Жатуы;

Позициясы;

Қондырылуы.

 

4. Нәресте білігінің жатыр білігіне қатынасы:

Мүшеикемділігі;

* Орналасуы;

Позициясы;

Түрі;

Жатуы.

 

5. Нәрестенің басы жатыр, арқасы артқа қараған-бұл:

Баспен жатуы, алдыңғы түрі;

Бірінші позиция, артқы түрі;

*Баспен жатуы, артқы түрі;

Баспен жатуы, бірінші позиция, артқы түрі;

Баспен жатуы, екінші позиция.

 

6. Леопольд-Левицкийдің үшінші тәсілінің көмегімен анықтайды:

Нәресте салмағын;

Орналасуын, позициясын;

Жату бөлігін;

*Жату бөлігін және оның кіші жамбастың кіру жазықтығына қатынасын;

Нәрестенің жату бөлігін және оның кіші жамбас жазықтығына қатынасын.

 

7. Нәресте арқасының жатыр бүйір қабырғаларына қатынасы:

Түрі;

Қондырылуы;

Мүшеикемділігі;

Жатуы;

*Позициясы.

 

8. Нәрестенің ірі бөліктерінің (бас немесе бөксе) кіші жамбастың кіру жазықтығына қатынасы:

Мүшеикемділігі;

Орналасуы;

Түрі;

*Жатуы;

Позициясы.

 

9. Леопольд-Левицкийдің екінші тәсілінің көмегімен анықтайды:

Жату бөлігін;

Жату бөлігінің кіші жамбастың кіру жазықтығына қатынасын;

Нәресте салмағын;

Жату бөлігінің кіші жамбас жазықтықтарына қатынасын;

*Орналасуын, позициясын,түрін.

 

10. Леопольд-Левицкийдің төртінші тәсілінің көмегімен анықтайды:

*Жату бөлігінің кіші жамбас жазықтықтарына қатынасын;

Жату бөлігінің кіші жамбастың кіру жазықтығына қатынасын;

Нәресте салмағын;

Орналасуын, нәрестенің позициясын;

Жатыр түбінің тұру биіктігінің деңгейін және оның түбіндегі нәресте бөлігінің жатуын.

 

11. Нәрестенің бөкселері жатыр, арқа алға қараған-бұл:

Бірінші позиция, алдыңғы түрі;

*Жамбаспен жатуы, алдыңғы түрі;

Бірінші позиция, артқы түрі;

Жамбаспен жатуы, бірінші позиция;

Жамбаспен жатуы, екінші позиция.

 

12. Нәресте басының сагитталды жігінің кіші жамбас кіру жазықтығының қасаға симфизі және мүйіске қатысты орналасуы:

Мүшеикемділігі;

Жатуы;

*Қондырылуы;

Орналасуы;

Позициясы.

13. Бөкселері жатыр, нәрестенің арқасы солға қараған –бұл:

Бірінші позиция, артқы түрі;

*Жамбаспен жатуы, бірінші позиция;

Жамбаспен жатуы, алдыңғы түрі;

Бірінші позиция, алдыңғы түрі;

Жамбаспен жатуы, артқы түрі.

 

14. Мүйіспен және қасаға симфизінің төменгі шеті арасындағы арақашықтық:

11 см;

13,5 см;

20-21 см;

*12,5-13 см;

25-26 см.

 

15. Кіші жамбас қуысының кең бөлігінің түзу өлшемі:

11 см;

12 см;

13 см;

*12,5 см;

10,5 см.

 

16. Мықын сүйектерінің алдыңғы жоғарғы қылқандарының арасындағы арақашықтық:

24-25 см;

27-32 см;

30-32 см;

*25-26 см;

23-24 см.

 

17. Мықын сүйектерінің қырларының арасындағы арақашықтық:

11 см;

20-21 см;

25-26 см;

30-32 см;

*28-29 см.

 

18. Кіші жамбас қуысының тар бөлігінің түзу өлшемі:

*11,5 см;

12 см;

12,5 см;

13 см;

10,5 см.

 

19. Оң қиғаш өлшем- бұл арасындағы арақашықтық:

Қасаға симфизі және мүйістің жоғарғы шетінің;

Сол сегізкөз- мықын буынының және оң қасаға төмпесінің;

Аты жоқ сызықтарының ең қашық нүктелерінің;

*Оң сегізкөз –мықын буынының және сол қасаға төмпесінің;

Ұршық бас ойдымдарының түптерінің.

20. Қасаға симфизінің жоғарғы шеті және сегізкөз үсті шұңқыр арасындағы арақашықтық:

11 см;

13,5 см;

*20-21 см;

30-32 см;

25-26 см.

 

21. Кіші жамбастың кіру жазықтығының оң қиғаш өлшемі:

11 см;

*12 см;

13 см;

11,5 см;

10,5 см.

 

22. Кіші жамбас қуысының тар бөлігінің жазықтығының көлденең өлшемі:

11 см;

12 см;

13 см;

12,5 см;

*10,5 см.

 

23. Диагоналды конъюгата:

20-21 см;

13,5 см;

11 см;

9,5 см;

*12,5-13 см.

 

24. Жамбастың қай өлшемдері 20-21 см-ге тең:

Шын конъюгата;

Диагоналды конъюгата;

*Сыртқы конъюгата;

Бүйірлі конъюгата;

Қиғаш конъюгата.

 

25. Кіші жамбастың кіру жазықтығының сол қиғаш өлшемі:

11 см;

*12 см;

13 см;

11,5 см;

10,5 см.

 

26. Шын конъюгата:

9,5 см;

10,5 см;

*11 см;

12 см;

13 см.

 

27. Қалыпты үлкен жамбастың өлшемдерін көрсетініз:

22-25-29-18-9 см;

*25-28-31-20-11 см;

27-27-32-18-9 см;

23-25-28-17-8 см;

25-25-28-20-11 см.

 

28. Сан сүйектерінің үлкен ұршықбастарының арасындағы арақашықтық:

*31-32 см;

28-29 см;

20-21 см;

23-25 см;

26-27 см.

 

29. Кіші жамбастың шығу жазықтығының түзу өлшемі:

11 см;

*9,5-11,5 см;

12 см;

12,5 см;

10,5 см.

30. Кіші жамбастың кіру жазықтығының көлденең өлшемі:

*13,5 см;

12 см;

11 см;

10 см;

9 см.

 

31. Шүйдемен жатуы, алдыңғы түрі:

Сагитталды немесе жебетәрізді жік көлденең өлшемде, кіші еңбек сол жақта;

Сагитталды немесе жебетәрізді жік көлденең өлшемде, кіші еңбек оң жақта;

*Сагитталды немесе жебетәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек алда;

Сагитталды немесе жебетәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек артта;

Сагитталды немесе жебетәрізді жік оң жақ өлшемде, кіші еңбек алда.

32. Сагитталды немесе жебетәрізді жік түзу өлшемде, нәрестенің арқасы алға қараған:

Бірінші позиция, алдыңғы түрі;

*Баспен жатуы, алдыңғы түрі;

Екінші позиция, алдыңғы түрі;

Баспен жатуы, артқы түрі;

Екінші позиция, артқы түрі.

33. Шүйдемен жатуы, артқы түрі:

Сагитталды немесе жебетәрізді жік көлденең өлшемде, кіші еңбек сол жақта;

Сагитталды немесе жебетәрізді жік көлденең өлшемде, кіші еңбек оң жақта;

Сагитталды немесе жебетәрізді жік түзу өлшемде, кіші еңбек алда;

*Сагитталды немесе жебетәрізді жік түзу өлшемде, кіші еңбек артта;

Сагитталды немесе жебетәрізді жік көлденең өлшемде, артқа ығысқан.

34. Шүйдемен жатуы, бірінші позиция:

*Сагитталды немесе жебетәрізді жік көлденең өлшемде, кіші еңбек сол жақта;

Сагитталды немесе жебетәрізді жік көлденең өлшемде, кіші еңбек оң жақта;

Сагитталды немесе жебетәрізді жік түзу өлшемде, кіші еңбек алда;

Сагитталды немесе жебетәрізді жік түзу өлшемде, кіші еңбек артта;

Сагитталды немесе жебетәрізді жік көлденең өлшемде, артқа ығысқан.

 

35. Нәресте басының түзу өлшемі:

9,5 см;

10,5 см;

11 см;

*12 см;

13,5 см.

 

36. Нәресте басының үлкен қиғаш өлшемі:

9,5 см;

10,5 см;

11 см;

12 см;

*13,5 см.

 

37. Нәресте басы маңдайының шашты бөлігінің және шүйдеасты шұңқырының арақашығының шекарасы-бұл:

Кіші қиғаш өлшем;

*Ортаңғы қиғаш өлшем;

Үлкен қиғаш өлшем;

Түзу өлшем;

Тік өлшем.

 

38. Нәресте басының үлкен көлденең өлшемі:

*9,5 см;

10,5 см;

11 см;

12 см;

13,5 см.

39. Нәресте иықтарының көлденең өлшемі:

8,5 см;

9,5 см;

10,5 см;

11 см;

*12 см.

 

40. Нәресте басының тік өлшемі:

*9,5 см;

10 см;

11 см;

12 см;

13 см.

41. Нәресте бөкселерінің көлденең өлшемі:

*9-9,5 см;

10,5 см;

11 см;

11,5 см;

12 см.

42. Distantia spinarum:

*25-26 см;

23-24 см;

22-23 см;

21-22 см;

20-21 см.

 

43. Distantia сristarum:

29-30 см;

*28-29 см;

27-28 см;

26-27 см;

25-26 см.

 

44. Distantia trochanterica:

25-26 см;

28-29 см;

*30-31см;

20-21см;

27-28 см.

 

45. Conjugata externa:

*20-21см;

29-30см;

25-26см;

27-28см;

30-31см.

 

46. Босану каналының жұмсақ тіндеріне не кіреді, біреуінен басқасы:

Жатыр;

Қынап;

Жамбас түбі;

Сыртқы жыныс мүшелері;

*Аналық бездер.

 

47. Кәріжілік-білезік буынының шеңбері:

11 см;

12 см;

13 см;

15 см;

*14 см.

 

48. Жүктіліктің соңында іштің шеңбері:

*90-100 см;

80-90 см;

70-80 см;

50-60 см;

60-70 см.

 

49. Жүктіліктің соңында баспен жатуы кезінде жатыр түбінің тұру биіктігі (ЖТТБ):

*32-34 см;

30-32 см;

27-28 см;

30-31 см;

25-26 см.

50. Баспен жатуы кездеседі:

*96 %;

95 %;

90 %;

85 %;

80 %.

51. Жамбаспен жатуы кездеседі:

*3,5%;

3%;

4%;

5%;

4,5%.

 

52. Нәрестенің қалыптыда жүрек жиырылуының жиілігі (ЖЖЖ):

*120-160 соққы 1 минутына;

170-180 соққы 1 минутына;

180-190 соққы 1 минутына;

100-110 соққы 1 минутына;

90-100 соққы 1 минутына.

 

53. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде босану биомеханизмінің бірінші негізгі сәті:

* Бастың кіші жамбас кіру жазықтығына өзінің жебетәрізді немесе сагитталды жігімен қиғаш немесе көлденең өлшемде қондырылуы;

Бастың жазылуы;

Бастың түсуі;

Бастың барынша бүгілуі;

Бастың ішкі бұрылуы.

 

54. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде босану биомеханизмінің бірінші қосымша сәті:

*Бастың болмашы бүгілуі;

Бастың жазылуы;

Бастың түсуі;

Бастың барынша бүгілуі;

Бастың ішкі бұрылуы.

 

55. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде босану биомеханизмінің екінші негізгі сәті:

*Нәресте басының кіші жамбас қуысына түсуі;

Бастың ішкі бұрылуы;

Бастың бүгілуі;

Бастың жазылуы;

Бастың кіші жамбас кіру жазықтығына қондырылуы.

 

56. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде босану биомеханизмінің екінші қосымша сәті:

*Нәресте басының шүйдемен алға қарай ішкі бұрылысы;

Нәресте басының шүйдемен артқа қарай ішкі бұрылысы;

Бастың болмашы бүгілуі;

Бастың жазылуы;

Нәресте басының кіші жамбас қуысына түсуі.

 

57. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде босану биомеханизмінің үшінші негізгі сәті:

*Нәресте басының жаруы және жарып шығуы;

Нәресте басының шүйдемен алға қарай ішкі бұрылысы;

Нәресте басының шүйдемен артқа қарай ішкі бұрылысы;

Бастың бүгілуі;

Бастың жазылуы.

 

58. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде босану биомеханизмінің үшінші қосымша сәті:

* Нәресте басының жазылуы;

Нәресте басының жаруы және жарып шығуы;

Бастың бүгілуі;

Нәресте басының шүйдемен алға қарай ішкі бұрылысы;

Нәресте басының шүйдемен артқа қарай ішкі бұрылысы.

59. Бастың ішкі бұрылысы аяқталғаннан кейін сагитталды немесе жебетәрізді жік жамбас түбінде қандай өлшемде орналасады:

Оң қиғаш;

Көлденең;

*Түзу;

Түзу немесе көлденең;

Сол қиғаш.

 

60. Босанудың қалыпты биомеханизмі кезінде бастың кіші жамбас қуысының кең бөлігіне түскен кезде сагитталды немесе жебетәрізді жік қай өлшемде орналасады:

Оң қиғаш;

Көлденең;

Физиологиялық асинклитизм жағдайда;

Сол қиғаш;

*Жоғарғыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

 

61. Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезінде өту нүктесі болып есептеледі:

Үлкен еңбек;

*Кіші еңбек;

Шартты түрде үлкен еңбек;

Үлкен және кіші еңбектердің орта арасының арақашықтығы;

Шүйде.

62. Нәрестенің иық белдігі қандай өлшеммен жарып шығады:

*Түзу;

Оң қиғаш;

Көлденең;

Түзу және көлденең;

Сол қиғаш.

 

63.Шын конъюгатаны төмендегі көрсетілген барлық өлшемдер бойынша анықтауға болады,біреуінен басқасы:

Сыртқы конъюгата;

*Соловьев индексі;

Диагоналды конъюгата;

Михаэлис ромбасының ұзыншасы;

Франк өлшемі.

64. Жүкті әйелдің ерте токсикозының ауырлық дәрежесінің қандай кезінде амбулаторлық ем мүмкін болады;

*Жеңіл;

Орташа;

Ауыр;

өте ауыр;

Токсикоздың ауырлығына қарамастан ауру ауруханаға жатуы қажет.

65. Жүкті әйелдің құсуының ауырлық дәрежесінің қандайы үшін зәрде ацетонның жоқтығы тән;

* Жеңіл;

Орташа;

Ауыр;

Өте ауыр;

Зәрдегі ацетонның болуы токсикоздың ауырлық дәрежесіне байланысты емес.

66. Жүкті әйелдің құсуының емі үшін қолданылатын инфузиялық емінің құрамына кіреді;

Электролиттер және микроэлементтер бар ерітінділер;

Нәруызды препараттар;

Микроциркуляцияны жақсартатын ерітінділер;

Уытсыздандыру препараттары;

*Жоғарыда көрсетілген барлық инфузиялық орталар.

67. Жүкті әйелдің құсуына төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы:

*Таңертеңгі бір рет құсу;

Күніне қайталанатын 3-5 ретке дейін құсулар;

Организмде функциялық өзгерістермен жүретін көп ретті құсулар;

Организмде дистрофиялық өзгерістермен жүретін көп ретті құсулар;

Тамақ ішумен байланысты емес көп ретті құсулар.

 

68.Төмендегі көрсетілген барлық симптомдар жүктіліктің I-жартысындағы токсикоздың ауырлығы туралы көрсетеді, біреуінен басқасы:

Дене массасының азайғаны;

Зәрде ацетонның болуы;

Гипотония;

*Бас ауруы;

Субфебрильді температураның болуы.

69.Эклампсия талмасы дамуы мүмкін:

Жүктілік уақытында;

Босану уақыттында;

Босанғаннан кейінгі ерте кезеңде;

Босанғаннан кейінгі кеш кезеңде;

*Жоғарыдағы көрсетілген кезеңдердің қайсысы болсада.

 

70.Гестоздың ауыр түрінің қарқынды терапиясы кезінде акушерлік шара-тәсіл мәселесін шешеді;

*Бірнеше сағат ішінде;

Бір тәулік ішінде;

Үш тәулік ішінде;

Жеті тәулік ішінде;

Барлық жауаптары дұрыс емес.

 

71.Гестоздар кезінде өкпені жасанды желдендірудің көрсетулері болып есептеледі:

Эклампсиялық статус;

Жедел тыныс алу жеткіліксіздігі;

Бауыр-бүйрек жеткіліксіздігі;

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс;

Гестоз өкпені жасанды желдендірудің қарсы көрсетулері болып табылады.

72. Гестоздың ерте белгісі болып есептеледі:

Жүктіліктің екінші жартысында дене салмағының патологиялық және біркелкі емес ұлғаюы;

Артериялық қысымның ассимметриясы;

Никтурия;

Тромбоцитопения;

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

73. Эклампсия кезінде шұғыл босандырып алу мақсатында төмендегі көрсетілген барлық әдістерді қолданады, біреуінен басқасын:

Акушерлік қысқыштарды;

*Вакуум-экстракцияны;

Кесар тілігін;

Жамбас жағынан нәрестенің экстракциясын;

Нәрестені бөлшектен шығару операциясын.

 

74. Жүктілік кезіндегі эклампсияда дәрігердің оңтайлы шара-тәсілін көрсетіңіз:

Реанимация бөлімшесі жағдайында кешенді қарқынды терапия;

Кешенді қарқынды терапиядан кейін босануды қоздыру;

*Шұғыл жағдайда кесар тілігі;

Босандыруды қоздырудан кейін табиғи жыныс жолдары арқылы босандырып алу;

Кешенді кезаралы ауыртпау.

 

75. Жүктіліктің қай мерзімінен бастап ана организмінде темірдің қажеттілігі артады:

12-аптаға дейін;

*16-аптадан 20 аптаға дейін;

12-аптадан 16 аптаға дейін;

20-аптадан 24 аптаға дейін;

24-аптадан 32 аптаға дейін.

 

76. Жүктілік кезінде тамақпен бірге түсетін темірді:

Нәресте пайдаланады;

Плацента қалыптасқан кезде пайдаланады;

Жатыр бұлшық етіне жиналады;

Қосымша гемоглобинді өндіру үшін пайдаланады;

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

77.Қант диабеті кезінде жүктіліктің ең жиі асқынуын атаңыз:

Көпсулық;

Гестоз;

Мезгілінен бұрын жүктілікті үзу;

Нәрестенің даму ақаулары;

*Нәрестенің ірі өлшемдері.

78. Жүктілік кезінде дамитын сарғаю, байланысты болуы мүмкін:

Ерте токсикоздың және кеш гестоздың ауруы түрімен;

Холестаздық гепатозбен;

Өт-тас ауруымен;

Вирустық гепатитпен;

*Жоғарыдағы көрсетілген патологиялармен.

79. Нәрестенің антенаталды инфекциялануының мүмкін болатын патогенетикалық механизмін көрсетіңіз:

трансплаценталық;

өрлеме;

трансдецидуалық (трансмуралдық);

төмен түсу;

*жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

 

80. Құрсақ ішілік инфекцияның клиникалық көрінісі осылардан тәуелді:

инфекцияланудың болғанындағы жүктіліктің мерзіміне;

қоздырғыштардың вируленттілігіне;

инфекциялану жолдарына;
қоздырғыштың түріне;

*жоғарыдағы көрсетілген факторлардың барлығына.

81. Жүктіліктің ерте мерзімінде инфекцияланудың тератогендік әсерін көрсетеді:

қызамық вирусы;

цитомегаловирус;

жай ұшық вирусының II -түрі;

желшешек және құрсау теміреткі вирусы;

*жоғарыдағы көрсетілген вирустардың барлығы.

82. Жүктіліктің екінші жартысында төмендегі көрсетілген барлық антибактериялық препараттарды қолдануға болады, біреуінен басқасын:

эритромицин;

*левомицетин;

фурагин;

оксациллин;

цефазолин.

83. Жедел плаценталық жеткіліксіздігінің негізгі себебі болып табылады:

*плацентаның бөлінуі;

мезгілінен бұрын босанудың түсу қаупі;

кәсіптік зияндылықтары;

гениталды инфантилизм;

жатыр миомасы.

 

84. Нәресте дамуының іштен болған ауытқуларының тікелей (ұрықтық немесе нәрестелік) әдістерінің диагностикасына төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы:

кордоцентез;

хорион және нәресте терісінің биопсиясы;

*жүкті әйелдің зәрінде және қанның сары суындағы эстриолды анықтау;

ультрадыбысты сканирлеу;

амниоцентез.

85. Ультрадыбысты зерттеудің бірінші скрининг міндеті болып есептеледі:

жүктілік мерзімін дәлелдеу;

көпнәрестелі жүктілікті табу;

нәрестенің дамуының қатқыл ақауларын анықтау;

плацентаның орнын анықтау;

*жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

 

86. Антенаталды кардиотокографияны жүргізудің негізгі мақсаты болып есептеледі:

нәрестенің жүрек ырғағының бұзылыстарының диагностикасы;

*жүрек жиырылуының жиілігі бойынша нәресте гипоксиясының ауырлық дәрежесін анықтау және дәлелдеу;

миометрияның жиырылу белсенділігін анықтау;

нәрестенің биофизикалық кескінін бағалау;

нәресте жүрегінің даму ақауларын анықтау.

87.Жүктіліктің қай мерзімі өткен соң ұзаққа созылған деп айтуға болады:

280 күндей;

275 күндей;

285 күндей;

*287-290 күндей;

Тек 294 күннен соң.

88. Мезгілінен кеш босанудың бірінші кезеңінде нәрестенің созылмалы гипоксиясының ауырлығы арта берген жағдай кезінде дәрігердің іс-әрекеті:

Нәресте жағдайын кардиомониторлық бақылаумен бірге босануды ары қарай жалғастырып жүргізу;

Нәресте гипоксиясын емдеу,босануды жүргізуді ары қарай консервативті жалғастыру;

Акушерлік қысқыштар салу;

*Шұғыл түрде кесар тілігі операциясын орындау;

Босану әрекетін окситоцинмен ынталандыру.

89.Босанудың бірінші кезеңінің басталуының белгілерін атаңыз:

Қағанақ суының ағуы;

Жатыр мойнының «жетілген»белгісінің болуы;

*Ретті толғақтық пайда болуы;

Кіші жамбастың кіру жазықтығына бастың қондырылуы;

Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

90.Бірінші босанатын әйелдің босануының бірінші кезеңінің орташа ұзақтығы болады:

*10-12 сағат;

3-4 сағат;

5-7 сағат;

13-18 сағат;

19-24 сағат.

 

91.Қайта босанатын әйелдің босануының орташа ұзақтығы болады:

3-5 сағат;

6-8 сағат;

*8-10 сағат;

15-18 сағат;

19-24 сағат.

 

92. Перинеотомияға көрсетулер:

Бұтаралықтың жоғары сіреспелігі;

Бұтаралықтың жыртылу қаупі;

Мезгілінен бұрын босану;

Нәрестенің жедел гипоксиясы;

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.

 

93. Босану кезінде қынаптық тексеру жүргізіледі:

Босанатын әйел стационарға түскен кезде;

Босану кезінде әр 4 сағаттан кейін;

Қынаптық босандырып алатын операцияны жасау алдында;

Жыныс жолдарынан қанды бөлінділер пайда болған кезде;

*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

 

94.Босанудан кейін жатырдың жиырылуын бақылауды іске асыруға болады:

Сантиметрлік таспамен қасаға үстінен жатырдың түбінің тұру биіктігін өлшеу жолымен;

Ультрадыбысты зерттеу көмегімен;

Қынаптық тексеру кезінде;

*Жоғарыда көрсетілген барлық әдістердің көмегімен;

Жоғарыда көрсетілген барлық әдістердің біреуінде қолдануға болмайды.

 

95.Жатырдың субинволюциясының клиникасының сипаттамасы:

Жатырдың ұлғаюының болуы;

Жатыр тығыздылығы бойынша қаттылығының жеткіліксіздігінің болуы;

Қоңыр түсті лохиялардың бірталай мөлшерінің болуы;

Жағымсыз иісті лохиялардың болуы;

* Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

96.Лохиометра – бұл:

Жатыр денесінің алға қарай қатты бүгілуінің нәтижесінде жатыр қуысында лохиялардың кідіруі;

Мойын каналының қабықтарымен механикалық бітеліп қалу салдарынан;

Плацентаның бөліктерімен;

Қанды түйіншектермен;

* Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс.

97.Босанғаннан кейінгі жатырдың инволюциясының бұзылыстары қай жағдайда әбден анық көрінеді:
Босанғаннан кейін босану әрекетінің бірінші немесе екінші әлсіздігімен асқынғанда;

*Кесар тілігінен кейін;

Мезгілінен бұрын босанудан кейін;

Босанғаннан кейінгі жатырды қолмен тексеру жағдайында;

Егіз немесе ірі нәресте кезінде.

98.Физиологиялық босанудан кейін қай уақытта жаңа туған баланы емшек емізуге апаруға болады:

*Босанғаннан кейін тікелей;

Босанғаннан кейін бірінші 2 сағатта;

Босанғаннан кейін 12 сағаттан кейін;

Лактация басталғаннан кейінгі кезде;

Босанғаннан кейін бірінші тәулікте.

 

99.Босанғаннан кейінгі бөлімшеде ана мен баланы бірге ұстау мүмкіндік туғызады:

Іріңді-сепсистік аурулардың жиілігін төмендетуге;

Сүт шығуға;

Ана мен оның баласының арасында психоэмоциялық байланысты қалыптастыруға;

*Жоғарыда көрсетілгендердің барлығына;

Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы ештеңе мүмкіндік туғызбайды.

100.Жаңа туған баланы ерте емшек емізуге апаруға болмайды:

Мезгілінен бұрын босанудан кейін;

Оперативтік болсандырып алудан кейін;

Жаңа туған баланың жарақаты кезінде;

Нәрестенің ауыр гемолиздік ауруы кезінде;

*Жоғарыда көрсетілген барлық клиникалық жағдайларында.

 

 


 

 


Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 3549 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.086 сек.)