АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Партограмманы толтыру

 

Қадам орындау критериі.

1. Паспорттық бөлімді толтыру. Партограмманың жоғарғы бөлігіне босанушының аты-жөні,акушерлік мағлұматтар(босану мен жүктілік саны,)босану тарихының номері,босану бөліміне түскен күні мен уақыты.

2. Жатыр мойнының ашылуын тіркеу. Тігінен,сол жағында 0-ден 10-ға дейін сандар орналасқан.Әрбір сан/торша жатыр мойынының 1 см-ге ашылуын білдіреді.Латентті фаза-бұл жатыр мойынының жай ашылуы 0-ден 3-ге дейін, біртіндеп мойынынң қысқаруымен бірге.Активті фаза-бұл жатыр мойынының тез ашылуы. Х әріпімен белгіленеді.

Активті фазада «Линия бдительности» бар,бұл-3-тен 10-ға дейін тіке сызық.Егер жатыр мойынының ашылуы 0-3 см болса,оны латентті фазада белгілейді.Босанудың активті фазаға ауысқанда,оны пунктир сызық арқылы Линия бдительности-ға ауыстырады.Х әріпінің астына уақытын қояды.

3. Толғақ күшін тіркеу. Жатыр мойынының жиырылуын «Сокращение матки за 10 минут» бөлігінде нүкте,қиғаш немесе тік штрихпен көрсетіледі.Әрбір торша 10 минут ішіндегі бір толғақт болғанын білдіреді.

4. Ұрық басын жылжуын тіркеу. Ұрық басын жылжуын О әрпімен «Прохождение головки плода» 5-тен 0-ге дейін деген сол жағында орналасқан бөлігінде жазамыз,ол ұрық басының жамбастың жиегінде орналасуы 5 саусақтың енімен анықталады.Басының өтуіне дейін ол толық алақан болады,содан кейін саусақпен өлшенеді.

5. Ұрық жүрек соғысын тіркеу. Ұрық жүрек соғысын партограмманың жоғарғы бөлігінде тіркейді.Әрбір клетка 30 минутқа тең.Қалыпты жағдай 120 - 160-тың арасы.

6. Қағанақ суының сапасын тіркеу. Қағанақ суының сапасын «Околоплодные воды» бөлігінде тіркейді.Түрін көрсетеді:таза *С*,қан аралас *К*,мекони аралас *З*,бүтін *Ц*.

7. Ұрық басының конфигурациясын тіркеу. Ұрық басының конфигурациясын қағанақ суының сапасын тіркеген жолақтың астына тіркейді.Егер жіктер бірікпеген,жеңіл сезілсе *0*;сүйектер сәл бір-біріне жақындаса *+*;сүйектер бір-бірінің үстінде*++*;сүйектер бір-бірінің үстіне тым қатты орналасса*+++* деп белгіленеді.

8. Босанушы әйелдің жағдайын тіркеу. Босанушы әйелдің жағдайын партограмманың төменінде тіркейді:ҚҚ мен пульсті әр сағат сайын,ал температура 4 сағатта өлшенеді.Несеп көлемі,белок пен ацетонның болуы сәйксе жолақта.

16.Жаңа туған нәрестенің алғаш өңдеу

    Тапсырма сатыларының нышандары:
  Ғимаратпен дәрігер қолын септикалық және антисептикалық өңдеу
  Нәрестені құрғатып сүртіп,жағдайын бағалаймыз
  «Тері мен тері»әдісімен анасының үстіне жатқызу және үстін жабу
  Термометрия.Босанудан кейін нәрестені электронды термометрмен дене температурасын 30 мин ішінде өлшейміз.(Т-36.0-37.5С)
  Емшекпен емізу.туғаннан кейін 1 сағат ішінде
  Профилактикалық шаралары.нәресте көзіне 1%тетрациклин немесе эритромициндік мазь жағамыз
  Кіндік сақинасын қысу және кесу.Кіндік шеңберінен 0,3 аралықта Роговин кысқышын кигіземіз,стерильді кіндік шеңберінің қалыңдығын 0,3-0,5 жоғары бөлігін кесеміз.Қатты қысып орауға болмайды.
  Қарауы,бойы мен салмағын өлшеу,киіндіру.2 сағ кейін бойы мен салмағын өлшейміз.2 сағ неонатолг қарайды және жағдайы жақсы болса палатаға ауыстырамыз.

17.Жаңа туған нәрестені апгар шкаласымен бағалау

  Тапсырма сатыларының нышандары:
  Жаңа туған нәрестені Апгар шкаласы бойынша бағалау критериі.туғаннан кейін 5 мин кейін жүргізеді
  Жаңа туған нәрестенің тынысын бағалау.0-болмайд,1-брадипноэ,2-қалыпты.шынғырып жылау
  Аускультация әдісімен нәресте журек соғысын таңдауы.0-болмайд,1-100рет аз,2-100көп
  Тері жамылғысын қарау.0-цианоз н/е бозару,1-розвая ж/е аяқ қолдары акроционоз,2-розвая
  Рефлекстерін анықтау.0-болмайд,1-гримаса,2-жөтел
  Бұлшық ет тонусын бағалау.0-болмайд,1-аяқтың жеңіл бугілу дәрежесі,2-активті бүгілу
  Жаңа туган нәрестенің тынысы,журек соғысын,Тері жамылғысын,бұлшықет тонусын,рефлекстерін 5 мин соң қайта бағалау
  Жаңа туған нәрестенің жағдайын қорытындылау

0-3 – өте төмен

7-8 орташа

9-10 қалыпты

18.Жатыр мойнын айнамен қарау

2айна бар:1Куско,2Симсн

  Тапсырма сатыларының нышандары:
  Дәрігер қолын дайындау
  Сыртқы жыныс мүшелерін қарау.қасаға аймағындағы түктену,патологиялық өзгерістер(ісіну,ісік,атрофия,пигментация ж/ет.б),аралықтың пішіні мен биіктігін 1.Үлкен ернеуін қараймыз:онда қызару,көгеру,жара бар жогын қарау 2.Бартоли бездерін карау: онда қызару,көгеру,жара,ісіну бар жогын қарау 3.кіші ернеу: онда қызару,көгеру,жара бар жогын қарау 4клитрді қараймыз 5.қыздық пердені қарау.егер қыздық перде бар болса айнамен карамаймыз, кыздық перде жок болса қалдықтарын қараймыз
  Қынып кіреберісін қарау.өзерістер бар ма жок па
  Қынаптық айналарды таңдау мен қолды орналастыру.куско айнасымен қараймыз.сол қолмен қынап ернеуін ашамыз
  Қынаптық айналарлы енгізу.куско айнасын қынапқа көлденең енгізіп,90®бұрамызда,бекіткішін ашамыз.
  Жатыр мойнын айнамен қарау.ондағы рак алды ауруларын және басқада патологиялық тузілістерді қараймыз
  Қынаптық айналарды шығару.айнаның бұрандаларын 0,5-1 см қалдырамыз,толық жаппаймыз.Бастапқы айнаны салған қалыптағыдай қайта бұрып шығарамыз
  Биялайларды утилизациялаймыз

 

 

19. Қынап тазалығына жағынды алу

Қадам орындау критериі.

1. Дәрігер қолын дайындауы. Асептикалық және антисептикалық ережелерге сәйкес дәрігер қолын жуып өңдейді.Стерильді биялай киеді.

2. Жүкті әйелді дайындау және жатқызу. Жүкті әйелге тексеру барысын және мақсатын түсіндіріп,оны керуетке жатуын өтінеміз.

3. Жағынды алуға көрсеткіштерді анықтау. Әйелдің шағымдарына байланысты: кез-келген инфекциялық ауруға күдік туған кезде.

4. Қынап тазалығына жағынды алуға қарсы көрсеткішті анықтау. Етеккір кезінде немесе кез-келген қынаптық қан кетулер кезінде.

5. Сыртқы жыныс мүшелерін өңдеу. Дезинфекциялық ерітіндіге батырылған мақталы шарикпен зәр шығару каналының сыртқы өзегі мен қынап кіреберісін сүртеміз.

6. Қынаптық айналарды енгізу. (Куско. Симпсон)

7. Қынап тазалығына жағынды алу. Қынаптың артқы күмбезінен алынады. Зерттеуге арналған материалды Фолькман қасығы арқылы алады, алынған жағындыны 2 заттық шыны бетіне жұқалап біркелкі етіп жағады. Кептірілген жағындылардың бірін-метилен көгімен, екіншісін-Грамм бойынша бояйды.

Зерттеу қорытындысы бойынша жағындының 4 дәрежесін анықтайды.

І. Етеккірі келмеген қыз балалар жағындысы. Бірен-саран лейкоциттер, таяқшалы флора (лактобациллалар)

ІІ. Етеккірі бар бірақ жыныстық қатынаста болмаған. Лейкоциттер 10-15 к.а. таяқшалы флора фонында бірен-саран кокктар.

ІІІ Етеккірі бар, жыныстық қатынаста болған. Лейкоциттер 30-40 к.а. лактобациллалар аз, кокктар басым.

ІҮ. Бірнеше жыныстық партнері бар. Лейкоциттер көп. Лактобациллалар жоқ. Флора әртүрлі микроорганизмдерден тұрады, гонококктар трихомонадалар болуы мүмкін.

8 .Зат шыныға жағуы мен қынаптық айнаны шығаруы.

9.Биялайларды утилизациялау. Биялайларды ережеге сәйкес шешіп, Б тобының қалдық заттар қорабына тастаймыз.Қолымызды жуамыз.

 

 

20. Бимануальды қынаптық тексеру

 

1. Дәрігер қолын дайындауы. Асептикалық және антисептикалық ережелерге сәйкес дәрігер қолын жуып өңдейді.Стерильді биялай киеді.

2.Дәрігердің орналасуы, сыртқы жыныс мүшелерін өңдеуі. Дәрігер жүкті әйелдің немесе босанушының оң жағында орналасады. Әйел бөкселері кең ашылып, аяғы аяқ тірегішке тіреледі. Керует жұмсақ болса астына валик койылады. Сол қолдың бас бармағы мен нұсқаушы саусақтарымен сыртқы жыныс ернеулері ашылады да, оң қолдағы дезинфекциялық ерітіндіге батырылған мақталы шарикпен зәр шығару каналының сыртқы өзегі мен қынап кіреберісін сүртеді.

3.Ішке қолды енгізу. Қынапқа бірінші оң қолдың ортаңғы саусағын енгізіп, қынаптың артқы қабырғасын басып үстіне екінші саусақты енгізіп, екі саусақты бірге қынапқа тереңірек енгіземіз. Осыдан кейін сол қолмен сыртқы жыныс ернеуін ашуды доғарамыз.


Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 3558 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)