АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Анатомия кафедрасы
«Жалпы медицина» мамандығы бойынша І курс студенттеріне арналған дифференциальды сынақтың тест сұрақтары.
- Қандай мойын омыртқасының ұзын арқа өсіндісі бар: 7 мойын омыртканын
- ІІ мойын омыртқасының ерекшелігін атаңыз : тісті өсіндісі бар
- І мойын омыртқасының ерекшелігін атаңыз: денесі жок,бүйір массалары бар
- Тісті өсіндісі бар омыртқаны атаңыз : 2 омыртқа
- Атланттың алдыңғы және артқы доғаларын қосатын анатомиялық құрылымдарды атаңыз: бүйірлік масса
- Бүйір массалары бар омыртқаны атаңыз: 1 мойын омырткасында
- Нешінші мойын омыртқасының денесі болмайды: 1омыртканың
- Қандай мойын омыртқасының ұйқы төмпешігі бар екендігін атаңыз: 6 омыртканын
- «»Ортаңғы мойын омыртқаларының ерекшеліктерін атаңыз: колденен осіндінің тесігі бар, қосымша өсіндісінің болуы
- Бел омыртқасының ерекшелігін атаңыз: қосымша және емізіктік өсіндісі бар, денесі үлкен, арқа өсіндісі тік, сүйір өсінділері тура артқа қарай бағытталған буын өсінділері сагиталды орналасқан
- Жалған қабырғаларды атаңыз: 8, 9, 10
- Нағыз қабырғаларды атаңыз: 1-7
- Толқушы қабырғаларды атаңыз: 11-12
- Денелерінде толық қабырғалық шұңқыршалары бар кеуде омыртқаларын атаңыз: 11-12
- Көлденең өсінділерінде қабырғалық шұңқыршалары болмайтын кеуде омыртқаларын атаңыз: 11 - 12
- Қабырғаның бөлімдерін атаңыз: 1)сүйекттік және шеміршектік
a. 2) басы, денесі, мойны
- Сегізкөздің дорсальді бетінде неше қырқа бар: 5
- Сегізкөздің алдыңғы бетінде орналасқан анатомиялық құрылымдарды атаңыз: көлденең сызықтар, алдыңғы сегізкөздік тесіктер
- Төстіктің бөлімдерін атаңыз: тұтқасы, денесі, семсер тәрізді өсіндісі
- Бұғананың ұштарын атаңыз: төстік және иықтық
- Сегізкөз дің беттерін атаңыз: жамбас астуына қараған беті, дорзалді беті, бүйір беттері
- Сегізкөздің латеральді бөлімінің буындық бетін атаңыз: құлақ тәрізді буын беті
- Қандай мойын омыртқасының денесі болмайды: 1 мойын омыртқасының
- ІІ мойын омыртқасының ерекшелігін атаңыз: тісті өсіндісі бар
- Тоқпан жіліктің қай бөлімінде кәрі жілік нервісінің жүлгесі орналасады: денесінің артқы бетінде
- Тоқпан жіліктің қай бөлімінде шынтақтық нервтің жүлгесі орналасады: медиалды айдаршық үстінің артында. дистальді
- Қол ұшы қандай бөлімдерден тұрады: білезік, алақан, саусақ
- Алақан сүйектері неше сүйектен тұрады: 5 сүйектен
- Төмпешікаралық жүлгесі бар, сүйекті атаңыз: тоқпан жілік
- Кәрі жіліктік нервтің жүлгесі тоқпан жіліктің қандай бөлімінде орналасады: денесінің артқы бетінде
- Үлкен және кіші төмпешіктері бар сүйекті атаңыз: тоқпан жілік
- Тоқпан жіліктің дистальды ұшының артқы бетіндегі шұңқыршаны атаңыз: шынтақтық шұңқыр
- Тоқпан жіліктің дистальды ұшының алдыңғы бетіндегі шұңқыршаны атаңыз: тәждік шұңқыр,кәрі жіліктік
- Тоқпан жіліктің денесінде орналасқан бұдырды атаңыз: дэльта тәрізді бұдырмақ
- Анатомиялық және хирургиялық мойындары бар сүйекті атаңыз: тоқпан жілік
- Білек сүйектерін атаңыз: кәрі және шынтақ жілік
- Қол ұшының беттерін атаңыз: алақандық және дорзалді
- Қол ұшының жиектерін атаңыз: медиальді және латериальді
- Қол ұшының білезік бөлімі неше сүйектен тұрады: 8
- Қол ұшының білезік бөлімінің дистальді қатары неше сүйектен тұрады: 4
- Қол ұшының білезік бөлімінің проксимальді қатары неше сүйектен тұрады: 4
- Жапқыш тесік қай сүйекке тән: жамбас сүйек
- Мықын сүйек қанатының сыртқы бетіне қандай сызықтар тән: алдыңғы,артқы,төменгі бөкселік сызықтар
- Сирақ сүйектерінің қайсысы сирақтың медиальді жағында орналасады: асықты жілік
- Сирақ сүйектеріне жататын сүйектерді атаңыз асықты жілік,асықты жіліктің шыбығы
- Ортан жіліктің бұдырлы сызығының латеральді еріншесі проксимальді бағытта қандай анатомиялық құрылымға айналады: бөкселік бұдырға
- Ортан жіліктің дистальді ұшында қандай анатомиялық құрылымдар орналасады: медиалды және латеральды айдаршық, айдашықүстілік,
- Ортан жіліктің проксимальді ұшында қандай анатомиялық құрылымдар орналасады: басы, мойны, үлкен және кіші ұршық
- Жамбас сүйектің бөлімдерін атаңыз: мықын, шат, шонданай
- Латеральді толарсағы бар сүйекті атаңыз: кіші жіліншік немесе асықты жілік шыбығы
- Медиальді толарсағы бар сүйекті атаңыз: үлкен жіліншік немесе асықты жілік
- Төменде көрсетілген сүйектердің қайсысы тілерсектің проксимальді қатарының сүйегі болып табылатындығын атаңыз: топай(асықты) және өкше сүйегі
- Аяқ басы қандай бөлімдерден тұрады: тілерсек, табан,башпай бақайшықтары
- Көз ұясының латеральді қабырғасын құрайтын сүйекті атаңыз: сына тәрізді сүйектің үлкен қанатының көз ұясына қараған беті және бет сүйегі
- Көз ұясының төменгі қабырғасын құрайтын сүйекті атаңыз: бет сүйектің көз ұясына қараған беті, жоғарғы жақ суйегі, таңдай сүйектің көз шарасына бағытталған өсіндісінен
- Көз ұясының төменгі саңылауы көз ұясын немен байланыстырады: қанат таңдай шұңқырымен
- Қасүсті доғаларының арасында орналасқан анатомиялық құрылым қалай аталады: кеңсірік үстілік жазықтық
- Сына тәрізді сүйектің түрік ершігінің түбінде қандай анатомиялық құрылым орналасатындығын атаңыз: гипофиз безінің шұңқыры
- Мұрын қуысының төменг мұрын жолына не ашылады: иттістік тесік, мұрын көз жас каналы
- Сына тәрізді сүйектің қойнауы қайда ашылады: жоғарғы мұрын жолына
- Самай сүйектің бөлімдерін атаңыз: қабыршақтық, тастық, дабылдық
- Маңдай сүйектің ішкі бетінің сагитальді жиегін бойлай орналасқан құрылымды атаңыз: жоғарғы сагиталдық қойнаудың жүлгесі
- Самай сүйегінің пирамидасының артқы бетінде орналасқан тесікті атаңыз: ішкі есту тесігі
- Ұйқы өзегі бар сүйекті атаңыз: самай сүйек
- Самай сүйегінің бет өсіндісінің негізінде қандай шұңқыр орналасады: төменгі жақсүйектік шұңқыр
- Гайморов қойнауы қайда ашылатынын атаңыз: ортаңғы мұрын жолына
- Тор сүйектің алдыңғы және ортаңғы ұяшықтары қайда ашылатынын атаңыз: ортаңғы мұрын жолына
- Тор сүйектің артқы ұяшықтары қайда ашылатынын атаңыз: жоғарғы мұрын жолына
- Маңдай қойнауы қайда ашылатынын атаңыз: ортаңғы мұрын жолына
- Бас сүйектің дөңгелек тесігі арқылы қанат-таңдай шұңқыры немен байланысады: ми сауытының ортаңғы шұңқырымен
- Бас сүйектің сына- таңдай тесігі арқылы қанат-таңдай шұңқыры немен байланысады: мұрын қуысымен
- Төменгі көз ұясы саңылауы арқылы қанат-таңдай шұңқыры немен байланысады: көз ұясымен
- Төменгі жақтың бұрышының сыртқы бетінде орналасады: шайнау бұлшықетініңи бұдыры
- Жоғарғы жақтың қандай өсінділері бар: маңдайлық, альвеолярлық, таңдайлық, бетсүйекттік
- Жоғарғы жақтың алдыңғы бетін көз ұясынан шектейтін жиекті атаңыз: көз шарасының төменгіи жиегі
- Жоғарғы жақтың алдыңғы бетінде қандай шұңқыр орналасқан: иттістік шұңқыр
- Төменгі жақтың бөлімдерін атаңыз: денесі және бұтағы, өсінділерінен
- Үлкен таңдай өзегі арқылы қанат-таңдай шұңқыры немен байланысады: ауыз қуысымен
- Төменде көрсетілген сүйектердің қайсысы мұрын аралығын түзуге қатысады: желбезек, тор сүйектің перпендекулярлық табақшасы
- Мұрын қуысы хоаналар арқылы немен байланысады: жұтқыншақпен
- Бас сүйектің қандай сүйегінде сигма тәрізді қойнаудың жүлгесі орналасады: самай, шүйде, төбе
- Бас сүйектің қандай сүйегі көзұясының жоғарғы қабырғасын түзуге қатысады: маңдай сүйегі
- Бас сүйектің бет бөлімінің уақ сүйегін атаңыз: б ет сүйегі
- Бас сүйектің қандай сүйегі көз ұясының төменгі қабырғасын түзуге қатысады: жоғарғы жақ сүйегі
- Бас сүйектің самай асты шұңқыры төменгі көзұясы саңылауы арқылы немен байланысады: көз ұясымен
- Қанат-таңдай шұңқыры ауыз қуысымен не арқылы байланысады: Үлкен таңдай тесігі
- Қанат-таңдай шұңқырының медиальды қабырғасын түзеуге қатысатын сүйекті атаңыз: таңдай сүйектің перпендекуляры табақшасы
- Қанат-таңдай шұңқырының алдыңғы қабырғасын түзуге қатысатын сүйекті атаңыз: жоғарғы жақ сүйегі
- Бас сүйектің қандай сүйегінде әтеш айдары бар: тор сүйек
- Сүйектердің шеміршекті тін арқылы байланысы қалай аталады: синхандроз
- Буындар байланыстың қандай түріне жататындығын атаңыз: диартроз
- Буындарда сагитальдіі білік бойында жүзеге асатын қозғалыстарды атаңыз: әкелу, әкету
- Буындарда фронтальді білік бойында жүзеге асатын қозғалыстарды атаңыз: бүгу, жазу
- Сүйектердің шеміршекті тін арқылы байланысы қалай аталады: синхандроз
- Қабыршақты жіктер қай сүйектердің арасында кездеседі: самай және төбе
- Жалпақ жіктер қай сүйектердің арасында кездеседі: бет сүйектерінің арасында
- Тіс-ұяшықты байланыстар байланыстардың қандай түріне жатады: синдесмоз
- Байламдар байланыстардың қандай түріне жатады: синдесмоз
- Бас сүйек күмбезінің сүйектері өзара байланыстың қандай түрі арқылы байланысады: тісті жік
- Атлант және білікті омыртқалардың арасында неше буын бар: 3 буын бар
- Бүйірлі атлант-білікті буындар, буын беттерінің пішіні бойынша қандай: тегіс
- Атлант-шүйделік буыны, буын беттерінің пішіні бойынша қандай: элипс немесе айдаршық тәріді
- Атлант-шүйделік буын, буын беттерінің санына байланысты қандай болып табылады: қарапайым
- Ортаңғы атлант-білікті буын,буын беттерінің санына байланысты қандай болып табылады: бір білікті цилиндр тәрізді, қарапайым
- Самай-төменгі жақ буыны буын бетінің пішініне байланысты қандай буын болып табылады: айдаршықты
- Төбе сүйектері өзара байланыстың қандай түрі арқылы байланысады: синдесмоз
- Омыртқа доғаларының арасында қандай байлам орналасады: сары байлам(лигаментум флава)
- Төс – бұғана буыны буын бетінің пішініне байланысты қандай буын болып табылады: шар тәрізді буын
- Омыртқалардың денелері өзара қандай анатомиялық құрылымдар арқылы байланысады: омыртқа аралық дискілер
- Шынтақ буыны бетінің пішініне байланысты қандай буын болып табылады: шығыршықты
- Иық буыны буын бетінің пішініне байланысты қандай буын болып табылады: шар тәрізді
- Тізе буынын түзуге қандай сүйектер қатысады: ортан жілік, асықты жілік, тізе сүйегі
- Сирақ – топай буынын түзуге қандай сүйектер қатысады: үлкен және кіші жіліншік сүйектері, топай
- Буынның қосымша элементін атаңыз: буын байламдар, дискілер, миніскілер,буын ернеулері, сесама сүйектері
- Сирақ – топай буыны буын бетінің пішініне байланысты қандай буын болып табылады: шығыршықты
- Жақасты үшбұрышын түзуге қатысатын бұлшықетті атаңыз: қос қарыншалы және төменгі жақ тіл асты бұлшықеті
- В.Н.Шевкуненко бойынша неше мойын шандырлары бар: 5
- Шап өзегінің жоғарғы қабырғасы немен түзіледі: Ішкі қиғаш және көлденең бұлшықеттің төменгі жиегі
- Шап өзегінің төменгі қабырғасы немен түзіледі: Шап байламы
- Шап өзегінің алдыңғы қабырғасы немен түзіледі: Сыртқы қиғаш бұлш апоневрозы
- Шап өзегінің артқы қабырғасы немен түзіледі: Іштің көлденең шандыры
- Әйелдердің шап өзегі арқылы қандай байлам өтеді: жатырдың жұмыр байлам
- Еркектердің шап өзегі арқылы қандай анатомиялық құрылым өтеді: Тұқым шылбыры
- Көкеттің бөлімдерін атаңыз: Белдік,төстік,қабырғалық
- Сирақтың үшбасты бұлшықетін қандай бұлшықеттер түзеді: Балтыр(латералді және медиалді бастары) және камбала
- Тақым шұңқырын жоғарғы медиальды жағынан шектейтін бұлшықетті атаңыз Жартылай жарғақты
- Тақым шұңқырын жоғарғы бүйір жағынан шектейтін бұлшықетті атаңыз: Санның екі басты бұлш
- Тақым шұңқырын төменгі жағынан шектейтін бұлшықетті атаңыз: Балтыр бұлш
- Сан өзегінің алдыңғы қабырғасы немен түзіледі: Шап байламы
- Сан өзегінің артқы қабырғасы немен түзіледі: Қырқа бұлш фасциялық табақшасы
- Сан өзегінің латеральды қабырғасы немен түзіледі: Сан венасы
- Сан аймағында орналасқан өзекті атаңыз: Әкелетін өзек (Гунтер каналы) сан өзегі
- Сирақ аймағында орналасқан өзекті атаңыз: Сирақ тақым өзекшесі (Грубер каналы)
- Тақым шұңқырына қандай өзек ашылады: Әкелетін өзек
- Қолтық қуысының алдыңғы қабырғасын түзетін бұлшықетті атаңыз: Кеуденің улкен және кіші бұлш
- Қолтық қуысының артқы қабырғасын түзетін бұлшықетті атаңыз: Жауырын асты, Үлкен жұмыр,арқаның аса жалпақ
- Қолтық қуысының медиальды қабырғасын түзетін бұлшықетті атаңыз: Кеуденің алдыңғы тісшеленген
- Қолтық қуысының артқы қабырғасында орналасқан тесіктерді атаңыз: Үш жақты және төрт жақтылық тесік (Үш және төрт қабырғалы)
- Кіші жұмыр бұлшықет иық белдеуінің қай тобына жатады: Артқы
- Төменде көрсетілген бұлшықеттердің қайсысы иықтың артқы топ бұлшықеттеріне жатады: Дельта,Қылқан үсті, қылқан асты, кіші жұмыр, үлкен жұмыр, жауырын асты, аса жалпақ
- Төменде көрсетілген бұлшықеттердің қайсысы санның алдыңғы топ бұлшықеттеріне жатады: Тігінші, Санның төрт басты(тік, жалпақ медиалді, латералді, аралық), тізе буыны
- Төменде көрсетілген бұлшықеттердің қайсысы санның артқы топ бұлшықеттеріне жатады: Жартылай сіңірлі, Жартылай жарғақты, екі басты, тақым бұлш
- Төменде көрсетілген бұлшықеттердің қайсысы санның медиальды топ бұлшықеттеріне жатады: Нәзік, қырлы, әкелетін ұзын, қысқа және үлкен
- Төменде көрсетілген бұлшықеттердің қайсысы сирақтың артқы топ бұлшықеттеріне жатады: Үш басты (Камбала, балтыр), табан, бақайлардың ұзын бүккіші, бас бармақ бақайын бүккіш ұзын, асықты жіліктің артқы бұлш
- Иықтың екі басты бұлшықетінің қызметін атаңыз: Иық пен шынтақ бүгеді, супинациялайды
- Иықтың үш басты бұлшықетінің қызметін атаңыз: Білек пен шынтақты жазады
- Қай бұлшықет тізе буынында сирақты бүгеді: Жартылай жарғақты, жартылай сіңірлі, санның екі басты бұлш
- Санның жартылай сіңірлі бұлшықетінің қызметін атаңыз: Санды жазып, сирақты иеді, аздап ішке қарай бұрады
- Санның жартылай жарғақты бұлшықетінің қызметін атаңыз: Санды иеді, сирақты иеді,ішке қарай бұру
- Санның екі басты бұлшықетінің қызметін атаңыз: Сирақты бүгеді, ішке қарай бұрады
- Ауыз қуысының бөлімдерін атаңыз: меншікті және кіреберіс бөлімдері
- Тістің бөлімдерін атаңыз: мойыны, түбірі, сауыты
- Тіс сауыты сыртынан қандай қатты затпен жабылғандығын атаңыз: кіреуке (эмаль)
- Тіс түбірі сыртынан қандай қатты затпен жабылғандығын атаңыз: цементум
- Күрек тістердің жалпы санын атаңыз: 8
- Ит тістердің жалпы санын атаңыз: 4
- Кіші азу тістердің жалпы санын атаңыз: 8
- Үлкен азу тістердің жалпы санын атаңыз: 12
- Сүт тістердің санын атаңыз: 20
- Тұрақты тістердің санын атаңыз: 32
- Тіс сауытының ішінде не орналасқандығын атаңыз: Тіс қуысыны ішінде жұмсақ зат(пульпа)
- Тістің мойыны немен қоршалғанын атаңыз: қызылиектің шырышты қабығымен қапталған
- Екінші жоғарғы үлкен азу тістің деңгейінде, ауыз қуысының кіреберісіне қандай сілекей безінің түтігі ашылады: шықшыт
- Құлақмаңы сілекей безінің түтігі қандай бұлшықетті тесіп өтед: буксинатор (ұрт), шайнау
- Ауыз қуысының тіласты бүріне қандай сілекей безінің түтігі ашылады: төменгі жақасты без
- Тіласты сілекей безінің түтігі қайда ашылады: үлкені: тіл асты қатпарына, тілдің тіл асты бүртіктіге, кішісі: ұсақ тіласты бүртігінің бүйір қапталындаорналасқан майда түтіктер арқылы ашылады.
- Жұмсақ таңдайдың бұлшықеттерін атаңыз: Таңдай жұтқыншақ, таңдай тіл, таңдай пердесін көтеретін, таңдай пердесін керетін, тілшік
- Ауыз қуысы жұтқыншақпен қандай тесік арқылы байланысады: аран
- Жұтқыншақ бадамша безі қай жерде орналасады: жұтқыншақтың мұрындық бөлігінің жоғарғы қабырғаның артқы қабырғаға қткен жерінде
- Таңдай бадамша бездері қай жерде орналасады: Бадамшалар шұңқырында
- Таңдай –тілдік доғалардың артында орналасқан бадамша бездерді атаңыз: Таңдай бадамша бездері
- Тілдің науашық тәрізді бүрлерінің артында орналасқан, лимфа ұлпасының жиынтығы қалай аталады: Тіл бадамша
- Ауыз қуысының түбін түзуге қатысатын бұлшықетті атаңыз: Жақ тіласты бұлш
- Тілдің жиектерінде орналасқан бүрлерді атаңыз: Жапырақ тәрізді
- Жапырақша тәрізді бүрлер тілдің қай бөлімінде орналасады: Тілдің жиектерінде (Бүйіріне)
- Тілдің арқасымен түбірінің шекарасында орналасқан бүрлерді атаңыз: Науашық тәрізді
- Тілдің меншікті бұлшықеттерін атаңыз: Жоғарғы бойлық, төменгі бойлық, көлденең, вертикалді бұлш
- Тілдің қаңқалық бұлшықеттерін атаңыз: Біз тіласты, тіласты тіл, иек тіласты бұлш
- Аранды екі бүйірінен қандай құрылымдар шектейді: Таңдай тіл және таңдай жұтқыншақ доғалары
- Таңдайдың бөлімдерін атаңыз: Жұмсақ, қатты (Сүйектік)
- Қандай тістердің үш түбірі бар: Үлкен азу
- Ауыз қуысы жұтқыншақпен қандай тесік арқылы байланысады: Аран
- Жақасты сілекей безінің түтігі қайда ашылады: тіл асты бүртігіне
- Тіласты сілекей безінің түтігі қайда ашылады: тіл асты бүртігіне, немесе маңына(қатпарына)
- Тілдің арқасымен түбірінің шекарасында орналасқан бүрлерді атаңыз Науашық
- Тілдің латеральды жиектерінде орналасқан бүрлерді атаңыз Жапырақ тәрізді
- Тілдің қандай бүрлерінде дәм сезу нерв ұштары бар: Саңырауқұлақ тәрізді
- Тілдің қандай бүрлері жалпы сезімді тасымалдаушы болып табылады Жіп және конус тәрізді
- Пирогов-Вальдейер лимфо – эпителиальды сақинасын қандай бадамша бездер түзеді: Таңдай, тіл, жұтқыншақ және түтік
- Аранды екі бүйірінен қандай құрылымдар шектейді: Таңдай тіл және таңдай жұтқыншақ доғалары
- Жұтқыншақтың бөлімдерін атаңыз Мұрындық, ауыздық, көмейлік
- Жұтқыншақ бадамша безі қай жерде орналасады мұрындық бөлімінде
- Түтіктік бадамша бездер қай жерде орналасады Есту түтігі мен жұмсақ таңдай арасында
- Өңеш нешінші мойын омыртқасының деңгейінде басталады VI
- Өңеш нешінші кеуде омыртқасының деңгейінде аяқталады XI
- Өңеш қандай мүшелерді өзара байланыстыратын мүше болып табылады: Жұтқыншақ пен асқазанды
- Өңештің асқазанға өтетін жерінде қандай тесік орналасады: Асказаннын кіреберіс тесігі
- Өңештің анатомиялық тарылымын атаңыз Жұтқыншақтық, бронхтық, көкеттік
- Өңештің физиологиялық тарылымын атаңыз Қолқалық және кардиалді
- Өңештің бөлімдерін атаңыз Мойындық, кеуделік, құрсақтық
- Өңештің құрсақтық бөлімі сол жағынан қандай мүшемен жанасады: Көкбауырдың жоғарғы шеті
- Асқазанның төмен және солға қараған ойыс жиегі қалай аталады Кіші иіні
- Асқазанның жоғары және оңға қараған ойыс жиегі қалай аталады Үлкен иіні
- Асқазанның бөлімдерін атаңыз: кардиальді, күмбезді, денесі, қақпалық (пилорикалық)
- Асқазанның он екі елі ішекке өтетін жерінде қандай тесік орналасады: қақпалық тесік немесе дөңгелек қақпа
- Асқазанның бұлшықетті қабығының ішкі қабатының талшықтарының бағыты қандай: қиғаш
- Асқазанның бұлшықетті қабығының сыртқы қабатының талшықтарының бағыты: бойлық
- Асқазанның бұлшықетті қабығының ортаңғы қабатының талшықтарының бағыты қандай: дөңгелек (циркулярлы)
- Он екі елі ішек неше бөлімнен тұрады: 4
- Жіңішке ішектің бұлшықетті қабығының ішкі қабаты бағытына сәйкес қандай: бойлық
- Жіңішке ішектің бұлшықетті қабығының сыртқы қабаты бағытына сәйкес қандай: дөңгелек (циркулярлы)
- Жіңішке ішектің қандай бөлімдерінің шажырқайы бар: мықын және аш ішек
- Шоғырланған лимфа (Пейер) түйіншелері қандай ішектің шырышты қабығында: мықын ішекте
- Тоқ ішектің таспаларын атаңыз: бос, шарбылық, шажырқайлық
- Тоқ ішектің қандай бөлімінің шажырқайы бар: көлденең жиек, соқыр ішек
216. Тоқ ішектің соңғы бөлімін атаңыз: тік ішек
- Үлкен және кіші он екі елі ішектік бүртіктер он екі елі ішектің қай бөлімінде орналасады: төмендеген бөлігінің медиалды бетінде
- Тоқ ішектің бөлімдерін атаңыз: соқыр ішек,жиек ішек(жоғарылаған, көлденең, төменденген, сигма тәрізді), тік ішек
219. Тоқ ішектің соңғы бөлімін атаңыз: тік ішек
- Сигма тәрізді жиекті ішек ішастарға байланысты қалай орналасады: интраперитонеалды
- Сол жақ мықын шұңқырында қандай мүше орналасады: Сигма тарізді ішек
- Құрт тәрізді өсінді бар ішекті атаңыз: соқыр ішек
223. Сигма тәрізді ішектің жалғасы болып табылатын ішекті атаңыз: тік ішек
- Тік ішектің төменгі үштен бір бөлігі ішастарымен қалай жабылған: экстраперотенальді
- Тік ішектің жоғарғы үштен бір бөлігі ішастарымен қалай жабылған: интрапериотенальді
- Тік ішектің ортаңғы үштен бір бөлігі ішастарымен қалай жабылған: мезопериотанальді
- Ішастармен мезоперитонеальді жабылған ішекті атаңыз: жоғарлаған және төмендеген тоқ ішек, тік ішектің ортаңғы бөлімі
- Ішастармен интраперитонеальді жабылған ішекті атаңыз: сигма тәрізді, соқыр, көлденең тоқ ішек, тік ішек жоғарғы бөлімі
- Ішастармен экстраперитонеальді жабылған ішекті атаңыз: тік ішектің төменгі бөлігі, он екі елі ішектің жоғарлаған, төменгі, төмендеген
- Тоқ ішекке тән сыртқы айырмашылық белгілерін атаңыз: қампайма, таспа, шарбылық өсінді
- Сигма тәрізді жиектік ішек ішастарға байланысты қалай орналасады: интрапериотанальді
- Жіңішке ішектің шырышты қабығында қандай анатомиялық құрылымдар орналасқан: бүр, дараланған, шоғырланған лимфа түйіндері
- Тік ішектің иілімдерін атаңыз: сегізкөздік, шат иілімі
- Оң жақ жиектік иілім қай мүшемен жанасады: бауыр
- Сол жақ жиектік иілім қай мүшемен жанасады: көкбауыр
- Бауыр қақпасынан шығатын анатомиялық құрылымдарды атаңыз: лимфа тамырлары, өт жолдары
- Бауыр қақпасына кіретін анатомиялық құрылымдарды атаңыз: меншікті бауыр артериясы, қақпа венасы, нерв
- Бауырдың беттерін атаңыз: көкеттік бет, висцеральді беті
- Бауырдың жиектерін атаңыз: төменгі, артқы
- Бауырдың висцеральді бетінде орналасқан байламды атаңыз: бауыр жұмыр байламы
- Бауырдың орақ тәрізді байламының бос жиегінде орналасқан байламды атаңыз: бауыр жұмыр
- Бауырдың оң жақ бөлігінің висцеральды бетінде қандай бөлімдер ажыратылады: екеу,өт куык шұқнкыры,куысты венанын жүлгесі
- Бауыр неше сегменттен тұрады: 8
- Бауырдың шаршы бөлімі қандай анатомиялық құрылымдардың арасында орналасады: өтқуық шұңқырымен, жұмыр байламы
- Бауырдың құйрықты бөлімі қандай анатомиялық құрылымдардың арасында орналасады: төменгі қуыс вена жүлгесі, веналық байлам саңылауы
- Бауырдың құрылымдық қызметтік бірлігін атаңыз: гепатацит(гепатон)
- Бауыр бөліктерін өзара ажырататын байламды атаңыз: орақ тәрізді
- Бауырдың меншікті оң және сол жақ бауыр түтіктерінің қосылуы нәтижесінен қандай түтік түзіледі: жалпы бауыр түтігі
- Жалпы бауыр түтігімен өтқуық түтігінің қосылуы нәтижесінен қандай түтік түзіледі: жалпы өтшығарушы түтік
Өтқуықтың бөлімдерін атаңыз: түбі, денесі, мойыны, түтігі
- Өтқуық бауырдың қандай бетінде орналасады: висцералды
- Өтқуық ішастарға байланысты қалай орналасатындығын атаңыз: мезопеританальді
- Өтқуықтың пішінін атаңыз: алмұрт тәрізді
- Ұйқы безінің бөлімдерін атаңыз: басы, денесі, құйрығы
- Ұйқы безінің құйрығы қай мүшемен жанасады; көкбауырмен
- Ұйқы безінің денесінің жиектерін атаңыз: жоғарғы, алдыңғы, төменгі
- Ұйқы безінің денесінің беттерін атаңыз: алдыңғы, артқы, төменгі
- Ұйқы безінің басын орап жатқан ішекті атаңыз: он екі елі ішек
- Ұйқы безінің негізгі түтігі қай ішекке ашылады: он екі елі ішек төмендеген
- Ішастардың жапырақшаларын атаңыз: паретальді, висцеральді,
- Несепқуық ұшымен кіндік арсында қандай қатпар орналасады: орталық кіндік қатпары
- Қандай байлам өз құрамында бауыр триадасын (қақпа венасын, бауыр артериясын, жалпы өт өзегін) өткізеді: бауыр- 12 елі ішек
- Ішастардың қандай туындысы бауырдың оң жақ бөлігін қаусырады: бауыр қабы
- Әйелдерде кіші астауда орналасқан, қуықпен жатырдың арасындағы ұңғыл қалай аталады: жатыр -қуық ұнғылы
- Әйелдерде кіші астауда орналасқан, жатырмен тік ішектің арасындағы ұңғыл қалай аталады: тік ішек -жатыр ұнгылы
- Ер адамдарда кіші астауда орналасқан, тік ішекпен қуықтың арасындағы ұңғыл қалай аталады: тік ішек – қуық ұнгылы
- Төменде көрсетілген байламдардың қайсысы кіші шарбыны түзуге қатысады: 12 елі ішек бауыр, 12 елі ішек асқазан
- Ішастар көкеттің төменгі бетінен бауырдың көкеттік бетіне бұрылып қандай байлам түзеді; орақ тәрізді байлам
- Ішастар қандай қабық болып табылады: сірлі
- Ішастар қуысының жоғарғы қабатында неше қалта бар: 3 қап
- Іш қуысының артқы қабырғасына аш ішек қандай құрылым арқылы бекінеді: шажырқай
- Ішастар туындысы үлкен шарбы неше жапырақшадан тұрады: 4
- Ішастардың жоғарғы қабатының туындыларын атаңыз: қап, шарбы, байлам
- Ішастардың төменгі қабатының туындыларын атаңыз: қатпар, ұнғыл
- Ішастардың ортаңғы қабатының туындыларын атаңыз: шажырқай, қалта, қойнау
- Шажырқайлар ішастардың қай қабатының туындысы болып табылады: ортаңғы
- Кіші шарбы ішастардың қай қабатының туындысы болып табылады: жоғаргы
- Бауыр асқазандық және бауыр он екі елі ішектік байламдардың қосылуы нәтижесінен қандай анатомиялық құрылым түзіледі: кіші шарбы
- Мүшенің ішастармен үш жағынан жабылуы қалай аталады: мезоперотанальді
- Мүшенің ішастармен бір жағынан жабылуы қалай аталады: экстрперотанальді
- Мүшенің ішастармен барлық жағынан жабылуы қалай аталады: интроперотанальді
- Бауыр ішастармен қалай жабылған: мезоперотанальді
- Асқазан ішастармен қалай жабылған: интраперотанальді
- Ішастар туындысы бауырлық қаптың ішінде қандай құрылым орналасады: бүйрекүсті безімен оң жақ бүйректің жоғарғы шеті
284. Сыртқы мұрынның бөлімдерін атаңыз: түбірінен, қырынан, ұшынан, танауынан
- Мұрын қуысының жоғарғы мұрын жолына ашылатын мұрын маңы қойнауын атаңыз: сына тәрізді сүйек қойнауы, артқы торлы ұяшықпен
286. Мұрын қуысының шырышты қабаты немен жабылған: кірпікшелі эпителиймен, шырышты бездермен, шырыш-сірлі бездермен
287. Мұрын қуысының шырышты қабығының аймақтарын атаңыз: тыныс алу, иіс сезу
288. Мұрын қуысы хоаналар арқылы қандай мүшемен байланысады: жұтқыншақ
289. Мұрын қуысы алдынан қандай тесіктер арқылы ашылады: танау
- Тыныс алу жүйесінің көмекші элементтерін атаңыз: б.е, байламдар, буындар
- Көмейдің қалқанша шеміршегі қандай шеміршекпен байланысады: жүзік тәрізді
- Тіласты сүйегімен байламдар арқылы байланысқан шеміршекті атаңыз: қалқанша шеміршегі
- Жүзік тәрізді шеміршек қалқанша шеміршегінің қандай анатомиялық құрылымдары арқылы байланысады төменгі мүйізі арқылы
- Ожау тәрізді шеміршектің қандай беттерін ажыратады: алдыңғы-латеральді, медиальді-артқы
- Қалқанша шеміршек қандай құрылымдардан тұрады: табақшалардан, мүйіздерден,көмей шодырынан, жоғарғы төменгі тіліктерден
- Ожау шеміршекке тән анатомиялық құрылымды атаңыз: дауыс, бұлшықеттік өсінділері
- Жүзік тәрізді шеміршекке тән анатомиялық құрылымды атаңыз: доғасы, табақшасы, буын беттерінен
- Көмей кірісін артынан шектейтін анатомиялық құрылымды атаңыз: ожау тәрізді шемір. ұшы, ожаралық қатпар
- Көмейдің тақ серпімді шеміршегін атаңыз: көмей қақпашығының шеміршегі
- Көмейдің тақ гиалинді шеміршегін атаңыз: жүзіктәрізді
- Көмей қуысының ең тар бөлігін атаңыз: ортаңғы бөлігі
302. Мұрын аралығының бөліктерін атаңыз: сүйікті, шеміршекті
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 2979 | Нарушение авторских прав
|