омартадагы вет-сан тартип
Дезинфекция
Дезинфекция – сыртқы орта нысаналарындағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жиынтығы.
- Мұқият механикалық тазалау – беткей сипаты және түсі көрінетін, көзбен қарағанда қи, азық және басқада заттардың қалдықтары көрінбейтін тазалаудың деңгейі. Ластану сипаты, деңгейі, түріне және дезинфекция мақсатына қарай беткейлерді алдын ала ылғалдандырмай-ақ жуғыш немесе дезинфекциялағыш заттар көмегімен механикалық тазалаудан өткізеді.
- Дезинфекция алдында мал қорадан түгелдей немесе бөлшектеп малды шығарады.
- Судың және дезинфекциялық ерітінділердің әсерінен тозатын қондырғыларды полиэтилен пленкасымен жабады, беткейлерді дезинфекциялық ерітінділермен ылғалдандырыды, артынан кырғыш немесе судың көмегімен қидың негізгі бөлігін, азық және басқада лас заттар қалдықтарын алып тастайды (алдын ала тазалау).
94.Дезинфекциялық препараттар
Дезинфекцияның 2 әдісі (метод) бар: физикалық және химиялық.
Мал шаруашылығында дезинфекция мақсатында химиялық заттар және физикалық күштер қолданылады.
Физикалық дезинфекция – заттар мен объектілерді жоғары температурамен (қайнаған су, су буы, ыстық бу, отпен күйдіру) және әртүрлі сәулелермен өңдеу.
Химиялық әдіс әртүрлі химиялық заттарды қолдану арқылы іске асырылады.
Дезинфекцияның химиялық әдісі химиялық заттардың қолдану түрлеріне байланысты бірнеше тәсілдерге бөлінеді: ылғалды, аэрозольді, газды және көпіршікті.
Ылғалды (немесе құрғақ) тәсіл химиялық заттардың ерітінділерін немесе олардың ұнтақтарын пайдалану арқылы жүзеге асады. Бұл тәсіл ең кең тараған қарапайым тәсіл, алайда тиімділігі төмен.
95.Дезинфекция жүргізуде қолданылатын аппаратура мен қондырғылар
Мал шаруашылық нысандарында, ет және сүт өндіріс орындарында, транспортта ветеринариялық - санитариялық мамандар дезинфекциялық жұмыстарды әр түрлі техникалық қондырғылардың көмегімен жүргізуде. Мал шаруашылық орындарында ДУК, ГА-2, Аист-2 ал, ет немесе сүт өндіріс орындарында ЛСД, УДП, УДС пен ветгидропульт және т.б. қондырғылар кеңінен қолданылады. Қазіргі таңда зарарсыздандырғыш ерітінділердің аэрозолін алуға арналған әр түрлі техникаларды (ОРД. ЛСД, УДП-М. ДУК-1.САГ-1. ПЭГА-2. ПАГ-1.МАГ-3, АГЭ-1, Лома-Циклон, ГА-2 және т.б.) пайдаланылады.Бұл генераторлар өнімді, әмбебап, электр жарығын жұмсауда тиімді, бір фазалы электр көзімен жұмыс істейді. жоғары ақпанда сынбайды және тасымалдағанда дөңгелегі бар арбаның үстіне салып тасымалдауға болады (салмағы 30 кг-нан аспайды). Осы қондырғылардың ішіндегі ең тиімділерінің бірі - аэрозольді рекупациялау жүйесі бар үлгісі. Бұл үлгідегі генераторлар - дезинфектанттарды 20 есе үнемді қолдануды қамтамасыз етеді. Бұндай генераторларға - «Найтстар» (АҚШ). «Турбофор» (Германия), «Ванжет» (Швеция). «Лома» (Голландия). Осылардың ішінде ТМД елдерінің ауыл шаруашылық саласына кең қолдануға модифицирленген қондырғы Лома «Циклон - 4» үлгісі. Ол электр жүйесінің ауытқуы мен судың кермектілігіне есепке алынып жасалынған, яғни электр жарығы кенеттен өшіп қалса немесе ауытқыса оның тетіктері күймейді; бөлшектеріне судың қағы тұрмайды.
ЛОМА «Циклон - 4» қондырғысы тез қозғалатын ауа ағынында сұйықтықты турбуляциялап майдалайды, аз көлемді, майда аэрозоль түзеді. Қондырғы жүйесі - желдеткіш пен аэродинамикалық түтіктен тұрады және де ауаны белсенді айдауының арқасында аэрозоль біркелкі таралады.
96.Дезинфекция сапасын бақылау
Дезинфекция нысандары: мал шаруашылығы кешендері мен ферма территориялары, ондағы мал қоралары, көмекші және тұрмыстық бөлмелер, сою пунктілері, қи, азық, мал, мал өнімдерін және шикізаттарын тасымалдайтын көліктер, құрал-жабдықтар, қызметшілер аяқ-киімдері мен арнайы киімдері, қи.
Дезинфекцияны жалпы принцип бойынша ауру қоздырғышының түрлеріне, дезинфекциялық заттарға төзімділігіне байланысты ұйымдастырып өткізеді.
Дезинфекция көрсеткішіне (түріне) қарай екіге бөлінеді: профилактикалық және лажсыз. Профилактикалық дезинфекцияны аурудың алдын алу және патогенді микроорганизмдердің таралуын алдын алу мақсатында жүргізеді. Лажсыз дезинфекция (ағымдық және қорытынды) жұқпалы ауру тараған шаруашылықтарда инфекция ошағын жою және патогенді микроорганизмдердің сыртқы ортада жиналуын тоқтату мақсатында жүргізіледі.
Дезинфекция келесі операциялардан тұрады: алдын ала дезинфекция (қажет болған жағдайда), механикалық тазалау және дезинфекция.
Дератизация
Дератизация - әртүрлі ауруларды тасымалдаушы болып табылатын және шаруашылықтарға үлкен зиян тигізетін кеміргіштермен күресу шараларының жиынтығы.
Кеміргіштер 200-ден аса адамдар мен жануарлардың жұқпалы және паразитарлық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушы болып табылады (бруцеллез, туляремия, Ауески, Сібір жарасы, листериоз, токсоплазмоз, және т.б.). Кеміргіштердің адаммен және малмен тығыз байланыста болуы, олардың арасында барлығына ортақ қауіпті аурулардың таралу қаупі жоғары (оба, күйдіргі, және т.б.). Жалпы алғанда олар адамға 50 ден астам ауру түрлерін таратады.
1996 ж ғана әлемде обамен ауырған 1300 адам тіркелген. Бруцеллезге сау емес шаруашылықтарда кеміргіштердің зақымдануы 60% құрады, олар негізінен бактерия тасымалдаушылар. Кеміргіштер листериоздың және лептоспироздың негізгі таратушы көзі.
10-40% жағдайда олар тасымалдаушылар, ал эпизоотиялық ошақтарда олардың зақымдануы 85% жетеді.
Дератизация профилактикалық және жою шаралары болып бөлінеді.
Профилактикалық шараларға:
- Санитариялық-техникалық шаралар жүргізу:
құрылыс-техникалық нормаларының сақталып, кеміргіштердің ғимаратқа енуіне және індерін салуға кедергі жасау. Құрылыс жүргізгенде еден астында, төбе жабынында бос кеңістік қалдырмау;
- кеміргіштерді азықтан, судан айыру арқылы олардың көбеюіне кедергі жасау;
- азық пен суды кеміргіштерден қорғау.
- Санитариялық шаралар жүргізу (қораларды, территорияны ластамау және б.), тәртіп пен тазалықты сақтау, әсіресе ет сақтайтын және ет соятын жерлерде. Санитариялық шаралардың ең маңыздысы қалдықтарды дұрыс өңдеу (өртеу, компостау, өңдеу).
- Агротехникалық шаралар – кеміргіштердің өмірі мен көбеюіне кедергі жасайды (арамшөптерді жою, жерді дұрыс жоспарлау, уақытында егінді жинау).
98.Дератизациялық препараттар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТІРКЕЛГЕН ДЕРАТИЗАЦИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАР
Ракумин- көгілдір түсті ұнтақ. Әсер ететін заты: куматетраил -0,75%. Улылығы 3 класс. Шығару түрі ұнтақ.
Гельцин – сарғаш түсті гель тәрізді масса. Әсер ететін заты: техникалық трифенацин (0,2% мөлшерінде). Улылығы 3 класс. Шығару түрі: гель.
Индан-Флюид – жабысқық майлы сұйық концентрат. Әсер ететін заты: изоиндан -0,25% немесе хлорфацион – 0,25. Улылығы 3 класс. Шығару түрі: сұйық концентрат.
Клерат – қызғылт түсті гранулалардан тұрады. Әсер ететін заты: бродифакум - 0,005%. Улылығы 4 класс. Шығару түрі: гранула.
Протект Б. (Роденокс Б) – қызғылт түсті қолдануға дайын алдамыш. Әсер ететін заты: бромалидон - 0,005%. Улылығы 4 класс. Шығару түрі: гранула.
Протект ББ (Роденокс ББ) - қызғылт түсті қолдануға дайын алдамыш. Әсер ететін заты: бромалидон - 0,005%. Улылығы 4 класс. Шығару түрі: парафинді блок.
Бараки - қызғылт түсті қолдануға дайын алдамыш. Әсер ететін заты: дифетилон - 0,0025%. Улылығы 4 класс. Шығару түрі: парафинді блок.
Ларинат - 0,25% бромадилонның қара-қызыл түсті ерітіндісі. Әсер ететін заты: бромадилон - 0,25%. Улылығы 2 класс. Шығару түрі: сұйық концентрат.
Цинк фосфиді - өте улы қара сұр түсті ұнтақ. Әсер ететін заты цинк фосфиді 80%. Улылығы: 2 класс. Шығарылу түрі: ұнтақ.
99.Дератизация жүргізу үшін алдамыштарды дайындау әдістері
Дератизациялық тәсілдер
Алдамыш тәсілі – уланған алдамыштарды қолдануға негізделген;
Тозаңдау тәсілі – кеміргіш індерін умен тозаңдаумен іске асырылады;
Улы көпіршік тәсілі – ылғалды қора жайларда жүргізіледі;
Жабысқақ заттар тәсілі – жабысқақ желім сияқты заттарды қолдану арқылы іске асады;
Газдау тәсілі – кеміргіштерді жою үшін улы газдар қолданылады.
Биологиялық әдіс кеміргіштердің табиғи жауларын (ит, мысық) және адамға қауіпіз бактериалды культураларды қолдануға негізделген.
Бактериалды культуралар ретінде көбінесе сальмонеллалар қолданылады. Оларды ет пептон сорпасында, сүт немесе ашытқы сұйық ортасында, құрғақ және жартылай құрғақ сүйек үгінділері орталарында өсіреді. Бактерия өсінділерін азық алдамыштары ретінде қолданады.
Родентицидтер – (лат. rodentis –кеміргіш, caedo-өлтіремін) кеміргіштерді жоюға арналған улы препараттар.
Барлық улар шығу тегіне қарай өсімдік тектес және синтетикалық болып бөлінеді.
Барлық синтетикалық родентицидтер үлкен екі топқа бөлінеді: жіті және созылмалы (антикоагулянттар) әсер ететін препараттар.
Жіті әсер ететін препараттардан жасалған алдамыштарды бір рет жегеннен кейін кеміргіштердің өлімі туындайды. Оларға: күкіртқышқылды барий, мырыш фосфиді, сары фосфор, мышьяк қосылыстары, т.б. бейорганикалық қосылыстар жатады.
Сонымен қатар өсімдік тектес органикалық заттар: сциллирозид, крысид, тиосемикарбазид, промурит, барий және натрий фторацетаты, т.б.жатады.
Созылмалы (кумулятивті) әсер ететін препараттардың әсері ұзақ, латентті кезеңмен сипатталады. Бұл препараттар жануардың организмінде біртіндеп жиналып, уақыт өте келе организмде биохимиялық және патологоанатомиялық өзгерістерге, нәтижесінде өлімге әкеледі. Оларға: зоокумарин, кумахлор, дикумарол, дифенацин, фентолацин, т.б. препараттар жатады.
Біртіндеп әсер еткен жағдайда кеміргіштердің сақтанушылығын туғызбайды. Кеміргіштер желінген алдамышты улы жем мен ауру шығу аралығын аңдымай қалады да, жемді жей береді. Сол себепті антикоагулянттар жоғары нәтижелі болады.
Дезинсекция
Дезинсекция – жануарлардың тіршілік етуіне қауіп төндіретін, әр түрлі ауруларды таратын шыбын-шіркейлерді жоюға және санын азайтуға бағытталған шаралар жиынтығы. Дезинсекция профилактикалық және жою шараларынан тұрады.
Профилактикалық дезинсекция шараларына – батпақтарды кептіру, өзендерді тазалау және тереңдету, қораларды, қи каналдарын және су құбырларын үнемі тазалау, жазғы лагерьлерді дұрыс, яғни жоғары, құрғақ, жақсы желдетілетін учаскелерде орналастыру; репеллентерді қолдану;
Жою шаралары физикалық, биологиялық,, және химиялық және аралас әдістер арқылы жүзеге асады.
Биологиялық тәсіл. Бұл тәсіл шыбын-шіркейлерді табиғи жауларын (ауру тудыратын микробтар, вирустар, паразитті және жыртқыш бунақденелілер, гамбузия балығы, кейбір саңырауқұлақтар) қолдана отырып құртуға негізделген. Мезгілінде микробиологиялық препараттар қолданады: бактицид, турингин, сфероларвицид. Сонымен қатар, биологиялық белсенді заттарды (феромондар, гормондар) қолданған өте тиімді және келешегі мол.
Шыбын-шіркейлердің көбеюіне (тиотэф, диматиф) және өсуіне (метопрен, ювемон) кедергі келтіретін химиялық заттарды да қолдануға болады.
Физикалық әдіс. Олар бірнеше тәсілдерден тұрады: механикалық, сәулелік және дыбыстық. Бұл жерде механикалық тәсіл әр түрлі алдамыштардан (ловушки), үйшіктерден, тордан, жабысқақ жолақтардан (“Мухолов”)және басқалардан тұрады, бірақ олардың тиімділігі төмен. Химиялық тәсіл - шыбын-шіркейлерді инсектицидтер және акарицидтер көмегімен жояды. Инсектицидтер – шыбын-шіркейлерді өлтіретін табиғи немесе химиялық қосылыстар. Акарицидтер – кенелерді жоятын химиялық заттар. Инсектицидтерді эмульсия концентраттарының ерітіндісі, микрокапсулданған препарат, жақпа май, дуст, ұнтақ, аэрозольдер немес фумигаторлар түрінде қолданады.
Дезодорация
Дезодорация – органикалық заттардың шіріп-ыдырау нәтижесінде пайда болатын өткір, жағымсыз иісті газдарды жою. Дезодораторлар екіге бөлінеді: шірудің алдын алатын және жағымсыз иістерді жоятын. Мынадай дезодораторлар қолданылады: темір купоросы, хлорлы әк, формалин, марганец қышқылды натрий, 3 % хлорлы цинк, 2 % сутегінің асқын тотығы, сонымен қатар газдарды сіңіріп алатын әр түрлі сорбенттер, мысалы ағаш көмірі, торф, эфир майлары, төсеніштер, ағаш жапырақтары және т.б. Қазіргі кезде мал қораларын дезодорациялау үшін озон жиі қолданылып жүр.
Дезодорация екі сатыдан тұрады: 1) жағымсыз иіс көзін құрту. 2) ластанған территорияны, жерлерді дезодорациялық препараттармен өңдеу.
Мал қорасында ауада жағымсыз иістің жиналу көзі- ол малдың қиы мен зәрі. Осы қи мен зәр органикалық заттар бөліп, жағымсыз иіс береді.
Дезодорацияның мынадай әдістері бар: физикалық (адсорбциялық, абсорбциялық, термиялық, термокатализаторлық, озондық), химиялық, биологиялық.
Физикалық әдіс. Адсорбциялық әдісте жағымсыз иісті сіңіру үшін әр түрлі адсорбенттер (сіңіргіш заттар)қолданылады: төсеніштер (сабан, торф, ағаштың жапырақтары, ағаш ұнтақтары, т.б.) және ультракүлгін сәулелер. Осы заттар қора ішіндегі жағымсыз иісітерді өз бойына сіңіріп алады.
Термиялық әдіс – ауадағы әр түрлі қауіпті заттарды термиялық қышқылдандыру жолымен зиянды газдарды зарарсызданыдру.
Термокатализаторлық әдіс – каталитикалық тәсілмен ауадағы зиянды заттарды зияндылығы төмен, кейде пайдалы заттарға айналдыру.катализаторлар ретінде минералдар, металдар пайдаланылады.
Озондық әдіс – озонды(күшті табиғи қышқылдандырғыш) қолдану мал қора ауа ортасының дезодорациясында өте тиімді. Зерттеулер бойынша тазаланатын ауаның 1 м3 көлеміне 0,01 м3 озондалған ауаны жібергенде, ауадағы аммиак, күкіртсутек, көмірқышқыл газы және т.б. өткір иісті газдар мөлшері айтарлықтай азайған. Озондауға “Озон-5П”, “Озон-60П” озонаторлары қолданады.
Химиялық әдіс. Мал шаруашылығында қорадағы жағымсыз иістерді жою үшін көптеген химиялық заттар қолданылады: 2% сутегінің асқын тотығы (1 л/м2), 3 % жоғары молекулалы сірке қышқылы ерітіндісі (150-200 мл/м2), 0,3-0,5 % глутар альдегиді (150-200 мл/м2), фенолды заттар, аммоний хлориді, ферменттер. Едендер мен қора өткелдерін өңдеу үшін 2% калий перманганатының ерітіндісі (150-200 мл/м2) қолданылады.
Биологиялық әдіс. Бұл әдіс микроорганизмдердің әр түрлі қосылыстарды бұзып, пайда болдыру қабілетіне негізделген. Биологиялық тазалауды биосүзгі немес биоскрубберлер көмегімен жүргізеді.
Дезинвазия
Инвазиялық ауруларды жою және алдын алу мынадай шаралар кешенінен тұрады: жануарлардың резистенттілігін көтеру, оларды зақымданудан сақтау, тасымалдаушы шыбын-шіркейлерді, аралық иелерін және сыртқы ортадағы инвазиялық бастау тетігін жою.
Ұстау және азықтандыру жүйесін дұрыс ұйымдастыру – инвазиялық аурулардың профилактикасында ең маңызды шаралардың бірі болып табылады. Малды толық құнды азықтандырмағанда сыртқы ортадан келіп түскен паразитке организм қарсы тұра алмай, паразиттің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туады. Лас су көздері арқылы жауарлардың ас қорыту жүйесіне көптеген гельминттердің жұмыртқалары мен балаңқұрттары түсуі әбден мүмкін. Мал шаруашылығы кешеніне сырттан мал әкелінсе, міндетті түрде карантиндеу керек.
Химиопрофилактика – инвазиялық аурулармен күресу әдісі. Бұл әдіс қоздырушылардың дамуын тоқтататын арнайы препараттарды жануарларға беруге негізделген. Мысалы, шошқа аскаридоздарында гигромицин Б байытылған жем береді.
Профилактикалық дегельминтизация – гельминттердің биологиясын және эпизоотологиясын ескере отырып мал қорада ұсталған кезде жоспарлы түрде жасалады.
Дезинвазия – сыртқы ортадағы инвазиялық аурулардың қоздырушыларын жою. Дезинвазияның мақсатына қарай бірнеше түрі бар: профилактикалық, ағымдық және қорытынды. Дезинвазияны механикалық, физикалық, химиялық тәсілдер арқылы жүргізеді.
Механикалық тәсіл –қораны және ферма территориясын қи, саңғырықтан, қоқыстардан, лас төсеніш, азық қалдықтарынан тазарту және т.б.
Физикалық тәсіл – ивазиялық бастау тетігін жоғары температура (от, ыстық бу, қайнату, су буы), кептіру арқылы жою.
Химиялық тәсіл – қораларды химиялық препараттарды (бірхлорлы йодтың 10 % ерітіндісі, 5 % натрий гидроксиді, 5-10 % ксилонафт, ортохлорфенолдың 2 % сулы ерітіндісі) қолдана отырып іске асырылады.
Топырақты, еденді дезинвазиялау үшін 10% хлорлы әк ерітіндісін (белсенді хлор пайызы 2,7) 10 л/м2 есебімен қолдануға болады. Дезинвазияны жаңбырдан кейін, ыстық күндері жасауға болмайды. Ірі қара қиын қи сақтағыштарда 2 ай бойы ұстайды, ал құс саңғырығын кептіргіш қондырғыларда немесе биотермиялық әдіспен дезиваниялайды.
Ж
---4. жануарлардың бейімделуі мен жерсінуі.
Қоршаған орта әрдайым өзгеріп отырады, соған байланысты мал организмі дамып, жетілу процесінде ортаның өзгеруіне қарай бейімделу қабілеті де өзгеріп отырады. Адаптация дегеніміз организмнің ортаға бейімделуі. Бейімделудің екі түрі болады: туа біткен және жүре пайда болған. Жүре пайда болған бейімделудің туа біткен бейімделуден айырмашылығы оның қалыптасуына арнайы жағдай керектігінде. Бейімделу қабілеті төмен болса, түліктің өнімділігі кемиді, аурушаң келеді, тіпті өлім-жітімге де ұшырайды. Мұндайда зоогигиеналық, ветеринариялық – санитариялық және аурулардың алдын алу және емдеу шараларына көп шығын шығады.
Жерсіну (акклиматизация) – мал организмінің сыртқы ортаның жаңа жағдайларына (географиялық және климаттық жағдайлар, азықтандыру, күтіп – бағу сипаты, эпидемиялық, тіпті індетті аурулар және т.б.) бейімделу процесі. Жерсіну деп малдың жаңа ортаға бейімделуіне ықпал ететін факторлардың тұтас жиынтығын айтады. Былайша айтқанда, жерсіну бейімделіудің ең қарапайым түрі. Ал, мал бейімделген орта ұзақ уақыт, бірнеше ұрпақ бойы оның тіршілігін, өнімділігін анықтайтын көрсеткіші. Әр бір тұқымның оптимумы бар. Қазіргі кезде жерсіндірудің мына түрлерінің маңызы зор – жоғары және төменгі температураға, биік таулы аудандарға жерсіндіру.
16.Жоғарғы және төменгі ылғалдылықтың мал организміне әсері
Тікелей және жанама әсер
Тікелей әсер жылу реттеуге ықпал етеді,ауада ылғалдылық мол болуы жоғары температура жағдайында орг ге жиналуына (гипертермия)төменгі темп жылуды көптеп шығаруға (гипотермия)ықпал жасайды.Ылғал көп темп суық кезде ауа қозғалысының жылдамдығы төмен болса орг жылу шықпай қызады,ыстық өтеді.
66.Жоба құжаттарын тексеру(сараптау) ж\е құрылыстың сапасын бақылау.
Ветеринария мамандарымен мал өнімін өндіретін технологтар жобалау мен құрылыс салуға сол сияқты оларды қабылдау мен пайдалануға беру ісіне бақылау жасап отыруға міндетті.Бұл жерде олар жобалық шешімдерді қабылдаудың пайдалылығын ж\е жасалған сметаның дұрыстығын қадағалайды.Жобаларды сараптан өткізудің мақсаттары мыналар:малдың денсаулығын қорғауға ж\е өнімділігін арттыруға бағытталған вет.сан ж\е зоогигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып, жобалық шешімдердің жоғары техникалық дәрежесін қамтамасыз ету, фермаларды індеттен ж\е басқа да аурулардан сақтау, жұқпалы аурулардың алдын алу ж\е мал өнімдерін сақтандыру, ветеринариядағы ауру еңбекті механикаландыру, сол сияқты қоршаған ортаны қорғау, ағын суларды өндірістік қалдықтармен ластанудан сақтау.Жобаны сараптау барысында жобада белгілеп, бекітілген ж\е ветеринариялық бақылаушылармен келісілген шешімдерге сәйкестігіне, мал фермаларын құру, табындар құрау, оларды өсіру мен азықтандырудың негізгі көздерін айқындауға, фермалардың ауқымы мен құрылымдарына, жануарларды орналастыру ж\е ұстаудың қолданылып жүрген технологиясын ескере отырып тазалау, желдету үшін керекті технологияның қолданылатындығына ж\е жұқпалы мал ауруларының сырттан келуін сақтауға, ал пайда болған жағдайда оларды тез арада жоюға, мал фермаларында сүтті зиянды микробтардан сақтауға назар аудару қажет.
112. Жер шарындағы су көздері
Шығу тегіне қарай су атмосфералық, жер беті және жер асты суы деп бөлінеді.
120.Жумыс жылкыларын устау гигиенасы- қолда-жайылымда және табындық. Қолда-жайылымда әдісі жұмысшы аттарды және тұқымы жағынан аса бағалы емес аттарды 20-100 бас сыятындай етіп арнайы залдарда ұстайды Топтап ұстау ат қораларында биелер құлындайтын арнайы денниктер жасақталады. Жылқы зауыттарында және асыл тұқымды ат фермаларында жылқыларды серуендететін алаңдар бөледі.
Жылқыларды ұстаудың табындық әдісі. Бұл әдіс бұрыннан қолданылып келе жатыр, қазіргі уақытқа дейін сақталған әдіс. Жылқыларды ұстаудың табындық әдісін екіге бөледі: дәстүрлік (сұрыпталған)-табындық және жақсартылған-табындық.
122. Жылкыларды бордакылау ережеси Жылқыларды бордақыға қойғанда оларға ветеринариялық, зоотехникалық шараларды жүргізеді де олардың қоңдылығын анықтайды, өлшейді, құрт ауруларына қарсы емдік шаралар жүргізеді. Алғашқы күндері рациондағы ірі шөп және құрама жем 30 пайыз, шырында 40 пайызды құрайды да, ал бордақылаудың соңғы күндері шөп -30 пайыз, шырынды шөп 10 пайызды құрайды, құрама жем көбірек беріледі. Жылқыларды табында бордақылау кезінде оларды сумен қамтамасыз етуге аса көңіл бөлу керек. Табында семірткен жылқының етінің сапасы жоғары болады. Жылқы тез семіреді, салмағы тәулігіне 1,5-2 кг дейін өседі.
36. Жылу реттеу типтер і-физикалық және химиялық.Организмде жылудың өндірілуін химиялық жылу реттеу,ал организмнен жылудың шығуын физикалық жылу реттеу деп атайды.Жылу реттеу-орта темперетурасының өзгеруіне қарамастан организмнің дене қызуын тұрақты деңгейде ұстау қабілеті.
З
----1. Зоогигиена пәні және оның міндеттері
Жануарлар гигиенасы, ветеринариялық гигиена немесе зоогигена – малды дұрыс бағу, азықтандыру және күтіп-бағудың тиімді тәсілдерін пайдалана отырып, олардың тұқымына байланысты өнімділігін қамтамасыз ететін деңгейде денсаулығын сақтау және күшейту жөніндегі ғылым.
Ветеринариялық гигиенаның негізгі міндеттері:
- қоршаған ортаның мал организміне және денсаулығына тигізетін әсерінің заңдылықтарын зерттеу;
- қоршаған ортаның мал организміне қолайлы параметрлерін ғылыми-практикалық тұрғыдан негіздеу, зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық нормативтер, нормалар және ережелерді жасау және ұйымдастыру;
- мал қоралардың жобалық тапсырмасын жасау, мал тіршілігінің қамтамасыз ететін жүйелерді (желдеткіш, жылу, жарық, микроклиматты қолайландыру, көңді шығару және сақтау, сумен қамтамасыз ету, малды суару, азықтандыру және т.б.) жасайтын құрал-жабдықтарды іріктеу;
- табиғи ортаның бірқалыпты сақталуын қамтамасыз ету, зоогигиеналық нормативтер мен ветеринариялық -* санитариялық ережелерді енгізу есебінен экологияны сақтау.
2. Зоогигиена зерттеу әдістері.
Қоршаған ортаның мал организміне тигізетін әсерін зерттеу үшін зоогигиена әртүрлі тәсілдер қолданады: санитариялық зерттеу, клиникалық – физиологиялық байқаулар, эксперименталдық, санитариялық-статистикалық және т.б.
Санитариялық тексеру – мал қоралары мен су көздерінің, жайылымдар мен шаруашылық территориялының санитариялық жағдайларын анықтайды.
Қоршаған ортаның факторларының әсерінен мал огранизмінде болатын функционалды өзгегрістерді зерттеп білу үшін клинико – физиологиялық әдіс қолданады.
Экспериментальды әдіс – лабораториялық немесе өндірістік жағдайларда арнайы тәжірибелік малдарға қоргшаған орта факторларының әсерін зерттеу үшін қолданылады (қора-жай микроклиматына, бағып-күту технологиясына, азықтандыру жағдайына және т.б.). Эксперименталды әдіс физикалық, химиялық, бактериологиялық, токсикологиялық және басқа да зерттеулермен бірге жүргізіледі.
- санитариялық – статистикалық әдіс ветеринариялық – санитариялық шаралардың тиімділігін тексеру үшін қолданылады. Яғни, әр түрлі санитариялық – гигиеналық жағдайындағы жануарлардың ауру сырқауы мен өнімділігін салыстырғанда олардың тиімділігін анықтайды (микроклиматтың, бағып-күту технологиясының, азықтандырудың және т.б.).
7. Зоогигиеналық нормативтер, ветеринариялық-санитариялық нормалар және ветеринариялық-санитариялық ережелер. Ветеринариялық – гигиеналық нормативтер – ол қоршаған ортаның биологиялық, физикалық, химиялық факторларының минималды немесе сандық көрсеткіштердің жоғарғы шамасын сипаттайтын қажет немесе қауіпсіз деңгейін көрсетеді.
Ветеринариялық – санитариялық нормалар – арнайы нормативтік құжаттар түрінде ресми бекітілген ветеринариялық – гигиенлаық нормативтер (қора жайдағы ауа алмасу нормасы, жарықтану нормасы, жануарлар алаңының нормасы және т.б.).
Ветеринариялық – санитариялық ережелер – мал өсірумен, тасымалдаумен, сойыс малдарымен, олардың өнімдерін өңдеумен айналысатын барлық кәсіпорындарға және жеке тұлғаларға міндетті түрде орындалуы тиіс арнайы Үкімет органдары ресми түрде бекіткен ветеринариялық санитариялық нормалар мен талаптар жиынтығы.
И
----127.инкубациялау гигиенасы
Жұмыртқаларды инкубациялау үші инкубаторлар мен инкубаторийлерде санитариялық – гигиеналық режимді сақтаудың маңызы зор. Инкубатор құрамында инкубация залы, жұмыртқа салынтын орын, жуып тазартатынжәне қызмет істейтін бөлмелер кіреді. Бұл нысандарда әр түрлі микроорагнизмдердің өсіп – өнуіне жол бермейүшін бұларға құс жұмыртқалайтын маусымның қарсаңында және онан кейін айына 1 рет дезинфекциялап отырады. инкубаторға салынатын жұмыртқа 4-6 күнненартық сақталмау керек. Инкубатордағы темепратура тұрқты болады: +37 + 39 градус. Гигеналық норма бойынша инкубаторлар мен инкубатрийлердің ауасындағыкөмірқышқыл газыныңмөлшері 0,4-0,7 пайыздан аспауы тиіс. Балапандардың бір мезгілде жұмыртқаны жарып шығуы инкубаторийлер ойдағыдай жұмыс істеп тұрғанын көрсететеді.
К
--------- 75.Канализация және қи шығару жүйелері
Мал қоралары ішіндегі канализация қоймалжың қиды, қораның ішін тазалағаннан кейінгі су қалдықтарын, малдарды санитариялық тазалықтан өткізгеннен кейін шайынды суларды шығару үшін керек. Канализация құрамына кіретін жабдықтар: қоймалжың қи ағатын науа, (тік бұрышты, ені 30 см, тереңдігі 20 см), ал оны қи қабылдаушы траптарға қарай орналасу еңкіштігі кемдегенде 1 пайыз, қи қабылдайтын және қи ағатын құбырларға қосатын траптар, қи ағатын құбырлар, гидравликалық қақпа, бақылау құдықтары, қидың сұйық бөлігі жиналатын жинағыш.
Қорадан қиды шығарудың бірнеше тәсілдері бар: механикалық әдіс, гидравликалық әдіс.
Қ
11 Қорадағы ауа температурасын өлшеу үшін қолданылатын құралдардың құрылысы және пайдалану ережесі. Қоралар мен сырттағы ауа температурасын анықтау үшін сынапты, спирттік және электрлі термометрлерді қолданады.
Сынапты термометрлер кең тараған, олардың дәлдігі өте жоғары және –35 тен 375оС аралығындағы температураны өлшеуге болады. Спирттік термометрлердің дәлдігі төменірек, бірақ сынапты термометрлермен анықтауға мүмкін болмайтын (сынап –37,4оС температурада қатып қалады) –70оС дейінгі төменгі температураларды өлшеуге мүмкіндік береді.
Кез-келген уақыт аралығында барынша жоғары және ең төмен температураны тіркеу үшін арнайы минимальды, максимальды және аралас максимальды-минимальды термометрлер болады.
Максимальды термометрлер (сынапты) бақылау кезеңінде ауаның максимальды температурасын көрсетеді.
Сынапты максимальды термометрлер резервуардың капиллярға өтетін жерінде тарылады. Температура жоғарылауы кезінде сынап кеңейе отырып капиллярмен жылжиды. Ал егер температура төмендесе сынап бағанасы капиллярда қалады, өйткені тарылған жердегі кедергіні жеңе алмайды.
Сынапты резервуарға қайтару үшін термометрді қолданар алдында қатты сілкиді.
Минимальды термометр (спиртті) бақылау кезеңіндегі минимальды температураны көрсетеді. Бұл термометрдің резервуарын ауамен шектесу ауданын үлкейту үшін шаңышқы түрінде істейді. Термометр капилляры саңылауында шыны штифтик – көрсеткіш болады, оны температура өлшеуді бастар алдында спирттің жоғарғы деңгейіне апарып қояды. Спирт, температура жоғарылауы кезінде кеңейіп, орнында қалатын көрсеткіш жанынан еркін өтеді. Температура төмендегенде спирт сығылады да, үстіңгі тартылысқа байланысты, көрсеткішті өзімен ілестіріп әкетеді. Сондықтан көрсеткіштің жоғарғы ұшы әрқашан минимальды температураны бекітеді.
Аралас максимальды минимальды термометр мал қораларындағы температура ауытқуларын өлшеу үшін қолданылады. Термометр екі жағы иілген түтік түрінде болады, оның оң жақ ұшы шар тәрізді кеңейген, ал сол жағы цилиндр тәрізді болады.
Тегіс беттердегі (қабырға, еден және т.б.) температураны өлшеу үшін бетпен жанасу ауданын ұлғайтатын резервуарлары тегіс, спираль тәрізді иірілген термометрлерді қолданады.
Кез-келген уақыт аралығында (тәулік, апта) ауа температурасын тіркеу үшін термографтарды қолданады.
Термограф температуралық көрсеткіштен, биметаллды тақтадан, берілу механизмінен, қауырсынды тілден, сағаттық механизмді барабан мен корпустан тұрады.
----13. Қорадағы ауа қозғалысы жылдамдығын зерттеу реті:
1) кататермометр резервуарын 65 – 670 қыздырылған суға салады да, кеңейген спирт жоғарғы цилиндрлік кеңейген жерінің үштен бірін немесе жартысын толтырғанша тосады. Осыдан кейін құралды судан алып, резервуарды орамалмен құрғақтап сүртіп, зерттеу нүктесіне қозғалмайтындай етіп орналастырады.
2) құралдың 38 ден 350 салқындау уақытын секундпен анықтайды.
3) бақыланатын нүктедегі ауа температурасын тіркейді.
4) зерттеу нүктесінің 1 см2 -де секундына құралдың жылу жоғалтуын көрсететін “Н” катаиндексін:
H = F / сек (а)
және “Q” - кататермометрдің орташа температурасы мен зерттеу нүктесіндегі ауа температурасы арасындағы айырмашылықты анықтайды:
Q = ((38 + 35) / 2) – T = 36,5 – T
25.Қора ауасындағы зиянды газдардың шекті мөлшері және оларды төмендету шаралары зиянды газдарды азайту үшін мал төсеніштерін күнделікті ауыстырып тұру қажет,қалың қамыс немесе ағаш ұнтағын төсеу қажет,жақсы желдететін,құбырлары болу керек.аммиактың мөлшерін азайту үшін төсенішке суперфосфат қосу ұсынылған.гигиеналық санитариялық шараларды сақтау қажет.
39.Қоршаган ортадағы химиялық заттардың өлшем бірліктері- сыртқы орта факторлар құрамы жағынан химиялық,физикалық және биологиялық болып бөлінеді.Химиялық факторларға-химиялық элементтер мен ауа,су, топырақ,азықтағы қосылыстар жатады.
71.Қора еденіне қойылатын гигиеналық талаптар және төсеніштердің гигиеналық маңызы. Еденнің ешқандай саңылаусыз және еден астында кеңістік қалмауына ерекше көңіл аударады, себебі еден асты саңылауынан кіретін аммиак қосындысы қора жай ауасын 80 есе немесе оданда жоғары дәрежеде ластануы мүмкін. Төсенішке супер фосфат қосуды да ұсынған. Ол ауадағы аммиакты өзіне қосып алып байланыстырып, қиды азотпен байытып,сапасын жақсартады.
76.Қиды сақтау технологияларына қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар
Көңді өңдеу, сақтау және пайдалану қоршаған ортаны ластанудан қорғау және адам мен мал денсаулығына қауіпсіз ету мақсатында жүргізіледі. Қою және сұйық көңді дала аймағына тасу техникалық немесе санитариялық жағынан шектелсе, онда оларды арнайы көң сақтағышқа сақтайды.Көң сақтағыш конструкциясы, оның сиымдылығы және орналасу орны көңді шығару технологиясына, гидрогеологиялық көрсеткіштерге, малды ұстау әдістерге және т.б. байланысты.Көңсақтағыштарда қи органикалық тыңайтқыштар жжасау үшін сақталады. Оның бірнеше түрлері болады: жер үстінде, сәл тереңдетілген, терең апандардағы, сонымен қатар ашық және жабық түрлері болады. Жабық көңсақтағыш міндетті түрде желдетілу жүйесімен қаматамасыз етілуі тиіс. Сұйық қи үшін тереңдігі 2-5 м, ал қою ки үшін 1,5-2 м болу керек. Жер бетіндегі көңсақтағыш жан жағы 1,6 м бетондалып қоршалған алаңқай. Қою көңді сақтаудың екі әдісі бар: анаэробтық әдіс – анаэробты микроорганизмдердің қатысуымен ашу проценсі жүріп, температура 25- 30 градусқа дейцін көтеріледі. Ал, аэробты – ааэробты әдісте аэробты микроорганизмдердің қатысуымен ашу процесі жүріп, ондағы температура 65-70 градусқа дейін жетеді.
124. Қояндарды осиру гигиенасы -Қояндарды бағу жүйесі жергілікті климатына тікелей байланысты, себебі бұл жағдай қояндардың денсаулығына, өсімталдығына, ет және тері өніміне әсерін тигізеді. Қазіргі кезде қояндрды бағудың үш жүйесін қолданады: сыртқы торлық, шедтік және микроклиматты қолдан жасалатын жабық қоралар.
Сыртқы торлық жүйе. Бұл жүйеде қояндарды жыл бойы жылжымалы немесе тұрақты торларда ашық аспан астында күтіп бағады. Қояндарды күтіп – бағу үшін жеке және топтық әр түрлі конструкциялы торлар қолданылады.
Шедтік жүйе – бұл екі қатармен орналасқан бір немесе екі қабаттан тұратын, жалпы ұұзындығы ересек жануарлар үшін 50-65 м, жас төлдер үшін 58-85 м болатын торлы блоктар жиынтығы.
Енесінен айырған көжектерді алғашқы күндері енесімен бірге тұрағандағы азықты береді. Жаңа азықтарға бірте бірте үйретеді.
126.Қусты устау жуйелери мен адистери Қазіргі уақытта құстарды ұстаудың екі әдісі қолданылады: еденде бағып күту және торда бағып күту.
Еденде ұстаудың өзінің бірнеше әдістері бар: еденде ауыстырылмайтын төсеніште ұстау, ағаш еденде және торлы еденде ұстау. Бұл жүйе көбінесе асыл тұқымды тауықтарды өсіру шаруашылықтарында қолданылады.өндірістік бағыттағы тауықтарды ағаш немесе торлы еденде ұстаған жөн. Бұл жағдайда көбірек тауық ұстауға және саңғырықты жинауды механикаландыруға болады.
Ауыстырылмайтын төсенішті төсер алдында еденді жуып, дезинфекциялайды. Төсеніш ретінде сабан, жүгерінің майдаланған сабақтары, ағаш ұнтағы алынады.
Тауықтарды тақтайшада немесе торлы еденде ұстағанда төсеніштің қажеті жоқ, саңғырығы тордың астына түсіп отырады.
М
---5. Мал организмі резистенттілігінің гигиеналық маңызы.
Организмнің резистенттілігі-жануарлар организмнің сыртқы ортаның зақымдау факторларына қарсы тұру қасиеті.Бұл ретте иммуниеттің маңызы зор.Ол-организмнің бөгде заттардан,оның ішінде зардапты микробтардан қорғану қабілеті.Резистенттіліктің иммунитеттен айырмашылығы жұқпалы аурулар қоздырғыштарына,токсиндер және т.б. генетикалық қосылыстарға өте төзімді болып келуі,оның организм төзімділігін өте үлкен ауқымда сақтауы болып табылады. Табиғи төзімділік түрлік белгі болуы да мүмкін. Ол да биологиялық белгі сияқты тұқым қуалауы мүмкін. Сонымен қатар, жануарларда жалпы немесе бейарнамалық төзімділік қабілеті болады.
10. Мал қораларындағы ауа температурасы және оның мал организіміне әсері. Температура сыртқы ортаның мал организміне зат және жылу алмасу процестеріне әсер ететін ең басты фактор (бұл заңдылық).Температура организмнің анатомиялық-морфологиялық ерекшеліктеріне, физиологиялық процестерге, өсуіне, мінезіне әсер етіп, жануарлардың географиялық таралуын анықтайды.Температураның мал организміне әсері химиялық процестермен (ферменттердің активтілігі) әр малдың өсу ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Биохимиялық процестерді жүргізетін ферменттердің активтілігі тікелей температураға байланысты. Температура ауытқуларын мал организмі жылу реттеу (өз дене қызуын тұрақты ұстау қабілеті) арқылы өз тіршілігін қалыпты сақтап отырады.Зат алмасу мен жылу өнімдері аз, организм жүйелеріне күш түсірмейтін орта температурасы – қолайлы температура (5-20°С) деп аталады(жылу бейтараптық аймақ). Демек, мал азықты аз жұмсап өнімді ең көп беретін температура.Температураның жиі және күрт өзгерістері мал денсаулығына зиян(ыстық ұру немесе суық тию байқалады). Алайда белгілі мөлшерде оның ауытқуының организмге жақсы әсері дәлелденген.
15. Мал қораларындағы ауа ылғалдылығының көздері. Ауа ылғалдылығын анықтау үшін: гигрометрлер, психрометрлер және гигрографтарды қолданады. Қылды және металл гигрометрлер; психрометрлері Август (статикалық) және Ассман (аспирациялық); гигрографтар тәуліктік және апталық болады.
Ауаның ылғалдылығы оның температурасы сияқты, қораның дәл сондай нүктелерінде тәулігіне үш рет анықталады.
Ауаның ылғалдылығы үнемі өзгереді және әртүрлі өлшемдер немесе гигрометриялық көрсеткіштермен сипатталады.
Абсолюттік ылғалдылық (е) – берілген температурада бір м3ауадағы су буының мөлшері (г) немесе серпімділігі.
Максимальды ылғалдылық (Е) - берілген температурада бір м3 ауадағы су буының шекті серпімділігі немесе максимальды мөлшері (г).
Салыстырмалы ылғалдылық (R) – пайызбен берілген абсолюттік ылғалдылықтың максимальды ылғалдылыққа қатынасы:
R = e / E • 100
Қанығу тапшылығы (Д) - берілген температурадағы максимальды және абсолютты ылғалдылықтың арасындағы айырмашылық:
Д = Е – е
Шық нүктесі (Т) - ауадағы су булары қанығып, сұйық күйге ауысатын температура (суық беттерде ылғалдың шық түрінде шоғырлануы).
Құралдар: Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау үшін гигрометрді – жұмысы эфирде майсыздандырылған адам шашының салыстырмалы ылғалдылық артқанда ұзарып, төмендегенде қысқару қабілетіне негізделген құралдар. Салыстырмалы ылғалдылықты өлшегенде гигрометрді тігінен орналастырып, есепті тілшенің көрсеткіштері бойынша (%) орнатқаннан 3-4 сағат кейін немесе үнемі қолданғанда 20-30 минуттан кейін жүргізеді.
Ауаның абсолюттік ылғалдылығын психрометрлермен анықтайды. Әртүрлі температураларда ауаны қанықтыратын су буының серпімділік кестесінің көмегімен, арнайы формула бойынша салыстырмалы ылғалдылықты, қанығу тапшылығын және шық нүктесін анықтайды.
17.Мал қораларындағы жоғарғы ылғалдылықты жою шаралары
Мал қораларын жобалағанда және салғанда құрылыс материалдарын дұрыс таңдау,оларды пайдалану кезінде зоогигиеналық талаптарды сақтау,құрғақ сабаннан төсеніш төсеу,сөндірілмеген әк қолдану,асыл тұқымды мал шар.ы мен мал өсіретін өндірістерде қыста малды серуендетіп,жазда жайылымға шығарған дұрыс.
33. мал қора ауасының көрсеткіштерін сан-гиг/қ тұрғыдан бақылау және анықтау ережелері.
-малды күтіп-бағу мен азықтандырудың барлық ветеринариялық-санитариялық жөне зоогигиеналық нормалары мен ережелерін қатаң сақтау, дер кезінде орындау;
- қолайлы микроклиматтың қалыптастыру жүмыстарын үздіксіз және нақты үйымдастыру.
-шаруашылықтар территорияларының ауа бассейнінің ластану дәрежесін азайту үшін қораның бүйір қабырғасы жел өтіне қарсы салынады;
-санитариялық аралықтар соның ішінде елді мекендер арақашықтықтары сақталуы тиіс. Сондай-ақ ауа тасқыны жиналатын орын дұрыс анықталып, желдеткіш камералары ғимараттың бүйір жағына орналастырылады
41. Микроклимат және оның түрлері. Ауа ылғалдылығы қоршаған ортаның климаты мен микроклимат көрсеткіштеріне әсер етеді.
Ылғалдылық қоршаған орта арқылы мал организміне тікелей және жанама әсер етеді.
Егер ылғалдылық 10% көтерілсе (85-тен 95%), сиырдың сүттілігі 9-12 % азаяды. Мұндай жағдайда бордақылардың тәулік салмағы 12-25% төмендеп, азықтың шығыны 20-35% ұлғаяды, ал өлім-жітім 2-3 есе артады.
Микроклимат (грек. mіkros – кіші және климат) – жер бетінің шағын аймағына (мысалы, жотаның беткейі, көлдің жағасы, орман, т.б.) және оны қоршаған ауа қабатына ғана тән климаттық жағдай. Жер бетінің микромасштабтық айырмашылықтарына байланысты, мысалы, қалың орманды алқап климатынан сол орман ішіндегі жеке ашық алаңдар, бөлек шоқ тоғайлар Микроклиматын немесе үлкен қаланың қалыптасқан климатынан ірі кәсіпорын төңірегінің, не жасыл бақтың Микроклиматын ажыратуға болады. Жер бетінен жоғарылаған сайын Микроклимат ерекшеліктері сейіле береді. Микроклиматтың сақталуы ауа райына тығыз байланысты; тынық, ашық кезінде Микроклимат өте айқын байқалады, бұлыңғыр кезінде онша сезілмейді. Микроклиматтық жағдай жергілікті климат элементтерін бақылайтын метеорологиялық станциялардың деректері мен Микроклимат ерекшеліктерін салыстыру жолымен зерттеледі. Егістік жерді дұрыс таңдау, жерді мелиорациялау, өнеркәсіптік және жәй құрылыстар салу кезінде Микроклимат ерекшеліктерін ескеру қажет.
67.Мал нысандарын(құрылыс)салатын жерге қойылатын в.с талаптар.
Құрылыс салу үшін жер таңдауды ұйымдастыру, қажетті материалдар дайындаумен белгіленген жобалық шешімдерге толық келісімнің барлығына жобаға заказ беруші жауап береді.Таңдап алынған жер құрғақ, сәл биіктікте, тасқын н\е нөсерлі жаңбырдан соң, су баспайтын болуға тиіс.ол жер аймағына күн сәулесі мол түсіп тұруға ж\е желдетіліп тұратын, сондай-ақ, осындай орында қатты желден,құм дауылдан, бораннан қорғанған болуы керек.Таңдалған жердің топырағындағы дымқыл кемінде 5м тереңдікте болғаны жөн.Мал шарушылығы кәсіпорындарын салу үшін жер таңдалған кезде оның табиғи ауа райына да назар аударған жөн.Жер көлемін айқындау мал фермасының кеңейтілуін ж\е оны мал азығымен қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып жүргізеді.
72. Мал қоралары микроклиматын жақсарту жолдары. Жергілікті климатқа, ғимарат жақтауларының жылу сақтау қасиеттеріне,желдетуге, жылыту көздеріне, канализацияға, малдың орналасу тығыздығына, ұстау технологиясына баса назар аудару керек.
Мал шаруашылығы кәсіпорындарын сумен камтамасыз ету жүйе.. Су ресурстарын пайдалану сипаты бойынша шаруашылықтарды сумен қаматамасыз ететін мынадай жүйелер бар: суды жер бетіндегі жер көзінен (өзен, көл) алатын, жер асты су көзінен алатын (артезиан, бұлақ, т.б.) Және атмосфера суынан алатын (жауын-шашын, қар суы) жүйелер.
Сумен қамтамасыз ететін бір ғана жүйе бірнеше объектіге қызмет көрсеткен кезде топтық немесе аудандық жүйелер салынады. Ол бір жерге шоғырланған жүйе деп аталады.
Егер шаруашылықта әрбір су тұтынатын пункттің сумен қамтамасыз ететін жеке схемасы болса, ондай жүйе жергілікті жүйе деп атайды.
73.Мал суаруға арналған қондырғылар мен жабдықтар.. Ауру малды ашық су көздерінен суаруға болмайды. Өйткені, су ластанады, тіпті суға ауру қоздырғыштарының түсуі мүмкін.
Мал суды кешіп, былғамас үшін суару орындары арнаулы
Қоршаумен қоршалады. Сонда мал суды қоршау торынан басын сұғып қана ішеді.
Жайылымда суару пункттерінің алаңдары 4,8х2 м мөлшерінде салынып, темір бетон плиталары немесе үлкен қой тастар төселіп тасталады.
Астаулардың шамамен алғанда мөлшері (см) сиыр мен жылқы үшін 30-40 (үстіңгі бетінің ені), түбінің ені - 25-30, тереңдігі 25-30, қой мен ешкі үшін тиісінше: 25-30, 20-25, 20-25. Жоспарда астау П немесе Г әріптері тәріздес, немесе дөңгелек және үшбұрышты (бір жағынан суарғанда) етіліп қою қарастырылған.
Өріс пен суару пунктінің арасы 1-1,5 км аспау керек. Бір орныға мал саны мынадай: ірі қара 250, жылқы 250, қой 1000. Мал шалғай жайылымда жайылғанда олар тәулігіне бірнеше рет: жазда 2-3 ретке дейін, қыста 1-2 ретке дейін суарылып, жүрген мал кемінде 3 рет, түйе жаздың өзінде 1-2 рет суарылады. Отар, гурт пен табынды суару уақыты 1-1,5 сағаттан аспауы тиіс. Мал айдайтын үлкен жолдар бойында бір-бірінен 7-10 км аралықта мал суару пункттері болуы керек.
77.Микроклимат параметрлерінің өлшеу ержелері. Қора-жай микроклиматының жағдайын бағалау сезім мүшелері және арнайы приборлардың көмегімен қатар жүргізіледі. Көзбен көру арқылы ауаның сапасына, яғни, ыстық не салқындығына, құрғақ не ылғалдылығына, газ құрамына және мал тұрақтарының ылғал не құрағтылығына шамаммен сезімдік сипаттама бере аламыз. Ал нақты көрсеткіштерді арнайы приборлардың көмегімен анықтаймыз.
Өндіріс жағдайында микроклиматты екі күн қатарынан жұмыс басталар алдында және жұмыс аяғында әр декадада (10 күнде) бір рет анықтаймыз. Егер микроклиматтың шамадан тыс бұзылғанын анықтайтын болсақ, онда тексеруді күніне 3 рет, үш күн қатарынан жүргіземіз.
Сонымен бірге малдарды күтіп бағатын жұмысшылардың биіктігін есепке ала отырып еденнен 1,5-1,6 м биікте анықтау арқылы ағымды бақылау жасап отыру керек.
Микроклимат көрсеткіштерін екі жолмен анықтаймыз: тігінен және көлденіңінен.
Тігінен анықтау кезінде малдың тұрған кездегі және жатқан кездегі тыныс алу деңгейін есепке ала отырып, ірі қара малда еденнен - 0,5-1,2 м, бұзауханада - 0,3-1,0 м, шошқа қорасында - 0,3-0,7 м, құс қорасында еденде ұстап баққанда еденнен 0,2 м биіктікте, торда ұстап бағылатын құс қораларында әр ярус деңгейінде және батареялар аралығында жүргізіледі.
Көлденеңінен үш нүктеде жүргізіледі (қораның ортасымен екі бүрышы, қабырғалардан 0,8 - 1,5 м қашықтықта өлшейді)
Микроклиматты анықтау барысында приборларды 15минуттан – 1 сағатқа дейінгі уақытқа тексеру нүктерлеріне қоямыз. Өлшеуіш приборларды күн сәулесі түспейтін және желдеткіш құбырларынан, қабырғадан, терезден және жылу көздерінен алшақ жерге қоямыз. Көрсеткіштерді жазып алатын кезде приборлардың жұмыс тетіктерін, өзін орынан қозғауға және жанында тыныс алуға болмайды.
78. Мал азығына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар
Азыққа қойылатын зоогигиеналық талаптар
Малды азықтандыру олардың денсаулығына, өнімділігі мен өнім сапасына тікелей әсер ететін сыртқы ортаның маңызды факторларының бірі. Қорек арқылы организм ассимиляция процессінде өліні тіріге, ал диссимиляция кезінде, керісінше, тіріні өліге айналдыра отырып, сыртқы орта заттарын қабылдайды. Азықтандырудың аталған принциптері бұзылған жағдайда мал арасында әртүрлі аурулары тууы мүмкін. Мұндай аурулар азықтық немесе алиментарлық деп аталады. Бұл аурулардың себептері биотикалық (тірі) және абиотикалық (өлі) патогендер болуы мүмкін.
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 2660 | Нарушение авторских прав
|