АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Организмдегі стресске сипаттама

Прочитайте:
  1. Жедел пиелонефрит сипаттамасы

Лист

1. Антрометрия әдісіне анықтама беріңіз.

Антропометрия (anthropometria, грек. anthropos – адам, metreo – өлшеу). А. адам денесін өлшеу әдісі. А. әдісімен дене бөліктерінің, мүшелердің бір-біріне қатынасы дұрыс қалыптасуын және ауытқуларын бақылайды. А. әсіресе жастардың өсуін зерттеуде көп қолданылады. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы эмбриология, қалыпты физиология, геронтология, даму биологиясы, антропология, экологиялық физиология сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенсе, өзі валеология ғылымының теориялық түп негізін құрайды. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін қолданады:1) бақылау – сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме; 2) табиғи тәжірибе – мақсаты мен қойылған міндеттеріне байланысты зерттеуші табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін табиғи жағдайда қолданады. 3) лабораториялық тәжірибе арнайы жасалған жағдайда жүргізеді. Жағдайды өзгерту арқылы зерттеуші белгілі бір қызмет өзгерістерін тудырады да, оның сан мен сапалық сипатын анықтайды. Лабораториялық тәжірибе әдістерінің түрі:

-функциялық жүктеме немесе сынау әдісі;

-эргометрия;

-есепті шығару әдісі;

-телеметрия;

-антропометрия.

2. Даму көрсеткіштеріне анықтама беріңіз.

Балалар мен жастардың өсуі мен дамуы, олардың көрсеткіштері.

Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда боладыі Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының үлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын ө с у деп атайды. Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар:
б о й ы (адамның денесінің үзындығы), с а л м а ғ ы жене кеуде шеңбері.
Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Д а м у - сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сан көрсеткіштерінің сагіалық көрсеткіштерге айналыгі, үлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Организмнің дамуы екі түрлі болады: физикалық жөне функциялық дамуы.
Ф изикалық дамудың корсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің үзындығы, ені, тереңдігі, колемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орыны т.с.с. Адам өмірін негізінен үш кезеңге болуге болады: өсіп даму және жетілу, кемелдену, қартаю. Бүл үшеуінің айырмашылығын дене корсеткіштерін елшеп, организмнің даму дәрежесін анықтап жөне сыртқы ортамен байланысын тексеру арқылы білуге болады.

Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше зандылықтары бар:

1. өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды;

2. мүшелер мен мүшелер жүйелерінің осу мен даму қарқыны әртүрлі;

3. осу мен даму баланың жынысына байланысты;

4. функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;

5. осу мен дамудың түқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына теуелділігі;

3. Адамның жас кезеңдеріне анықтама.

Адам өмірін кезеңдерге бөлу.

Жас кезеңдері – бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады. 1965 жылы Москвада болған дүниежүзілік жиналыста адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген.

Жас кезеңдері Жас кезеңдерінің ұзақтығы
  Жаңа туған сәби 1-10күн
  Нәрестелік шақ 10 күн -1 жас
  Сәбилік шақ (ерте балалық) 1-3 жас
  1-ші балалық шақ 4-7 жас
  2-ші балалық шақ 8-12 жастағы ұл балалар, 8-11 жастағы қыз балалар
  Жеткіншектік немесе жасөспірімдік шақ 13-16 жастағы ұл балалар, 12-15 жастағы қыз балалар
  Жігіттік, бойжеткендік шақ 6-20 жастағы бойжеткендер, 7-21 жастағы жігіттер
  Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің 1-ші жартысы 21-35 жастағы әйелдер, 22-35 ерлер
  Ересектік мерзімнің 2-ші жартысы 36-55 жастағы әйелдер, 36-60 жастағы ерлер
  Егде жас 55-74 жастағы әйелдер, 60-74 жастағы еркектер
  Қариялар немесе кәрілік 75-90 жастағы әйелдер мен ерлер
  Ұзақ өмір сүрушілер 90 жас және одан жоғары

Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын «өзгеру мезгілі» немесе ауысу мерзімі деп атайды. Өзгеру мезгілі әр кезеңде де ауыр, организм көп күш жұмсайтын кез, ол денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама әлсіреп, сыртқы ортаның жағдайларының өзгерістерін қиналып өткізеді.

4. Акселерация түсінігіне анықтама беріңіз. Өсу мен даму акселерациясының белгілері.

Акселерация - жасөспірімдердің денесінің дамуының уақыттан бұрын, тез қарқынмен үдеп жүруі; балалармен жас өспірімдердің жыныстың жетілуінің өсуі мен дамуының күрт жылдамдануы.

Өсу мен дамудың акселерациясы. Өсу мен даму адам омірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланадьуТіпті бір жьглдың ішіңдегі бойдың осуі бірдей емес: бала жазда тез еседі, ал қыста нашар немесе түңде бой кобірек оседі, күндіз аз оседі. Мұны өсу мен дамудың гетерохрондылығы дейді (гетерос - әртүрлі, хронос - уақыт). Өсу қ а ртс_ы н ы адам емірінде үш рет күшейеді: 1. Туғаннан З жасқа дейін. 2. 3-7 жас арасында. 3. Жыныстық жетілу кезеңінде. Сонымен қатар, бала организміндегі жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің өсіп дамуы да гетерохронды түрде отеді. Баланың алғашқы жылғы өмірінде миы тез өседі: бір жьглдың ішінде салмағы 2-2,5 есе артады (жаңа туған бөбекте миының салмағы 360-390 г). 7 жасқа жеткенше оның миы ересек адамның миының 80-90 % шамасында болады. Мүның себебі – баланың сыртқы ортамен байланысы негізінен ми арқылы іске асады, барлық мүшелердің қызметі жүйке жүйесінің, өсіресе, орталық жүйке жүйесінің қызметіне тікелей байланысты. Ал лимфа үлпаларының осіп дамуы 10-12 жаста күшейеді, жыныс мүшелерінің осіп жетілуі 12 жастан әрі қарай болады. Сол сияқты, бір мүшенің осуі мен қызметінің дамуы да кезектесіп отырады: мүше өскенде қызметі онша дами қоймайды, мүшенің қызметі дамығаңца үзындыққа осуі баяулайды. Осыларға байланысты бала организмінің қажеттері үнемі озгеріп отырады. Мысалы, мидың осуі күшейгенде организм белокты кобірек қажет етеді. Сөйлеу қабілеті дамитын кезде бала басқа адамдармен қарым-қатынасты кобірек талап етеді, қимыл-қозғалыстары дамитын кезде -мазасыз болады, кеп қозғалады, кемірсутегісі кеп тағамды талғайды, т. с. с.

1960-1990 жылдары байқалган еліміздегі балалар мен жастардың өсуі мен дамуының олардың ата-аналарымен салыстырғанда жылдамрақ болуын есу мен дамудың а к с елерациясы деп атайды, яғни қазіргі балалар мен жастардың белгілі бір жас мерзімінде олардың ата-аналарының сол жасындағы денесінен ірі болып, ерте жетілуін айтады. Өсу мен дамудың акселерациясын анықтау үшін баланың немесе жас өспірімнің нактылы бір жас мерзімін алып, оның көрсеткіштерін баланың ата-анасының сол жастағы көрсеткіштерімен немесе сол жерде бүрын омір сүрген балалардың оңаша корсеткіштерімен салыстырады! Мысалы, 1979 жылғы Ресейдегі Мәскеулік 12 жасар ер балалардың бойы 1930 жылдағыдан 11 см, салмағы 10 кг артық болған. XX ғасырда омір сүрген Германиядағы балалар мен жас өспірімдердің белгілі бір жас кезіндегі керсеткіштері XIX ғасырдағылардан анағүрлым артық болган.

5.Тітіркену дегеніміз не? Физикалық, химиялық. Биологиялық физико-химиялық тітіркенгіштер.

Тітіркену, тітіркендіру – тірі тіндерге (ұлпаларға) әр түрлі тітіргендіргіштермен әсер ету. Тітіркену негізінде тітіркенгіштік қасиет жатады. Соның нәтижесінде клеткалар мен ұлпалардың өсу және көбею, тірі құрылымдардың қоршаған орта жағдайларына баяу морфологиялық бейімделу процесі жүреді. Тітіркенудің сипаты мен тірі тіндердің (ұлпалардың) арасында тығыз байланыс болады. Осыған байланысты тітіркенудің үш заңдылығы бейнеленеді.

· Күш заңы – тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, соғұрлым белгілі бір шекке дейін тіннің (ұлпаның) жауап реакциясы да күшті болады. Тітіркендіргіштің қозу процесін тудыратын ең аз күшін тітіркену табалдырығы деп атайды. Бұл күш тіннің (ұлпаның) қозғыштығына байланысты. Ол қозғыштық неғұрлым жоғары болса, оны қоздыру үшін тітіркендіргіштің аз ғана күші жеткілікті.

· Мерзім күші – тітіркендіргіш мерзімінің әсері неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым (белгілі бір шекке дейін) тіннің (ұлпаның) жауап реакциясы да күшті болады. Қозу процесі пайда болу үшін тітіргендіргіш әсері белгілі бір мерзімге созылуы керек. Тітіркену табалдырығының әсерімен қозу процесінің пайда болуы үшін қажет уақыттың ең аз шамасын тиімді мерзім деп атайды. Тітіркендіргіш күші мен оның әсер мерзімі арасында белгілі бір тәуелділік болады.

· Градиент заңы – тітіркендіру градиенті неғұрлым күрт, шапшаң болса, соғұрлым (белгілі бір шекке дейін) тірі тін (ұлпа) реакциясы күшті болады. Бұл үшін тітіркендіргіш күшінің өсу шапшаңдығы – градиенттің маңызы зор. Тітіркендіру градиенті баяуласа, қозғыштық табалдырығы жоғарылайды. Тітіркендіргіш күші баяу өссе, қозу процесі туындамай да қалады.

6.Биоэлектірлік құбылысқа анықтама беріңіз. Әрекет потенциалы.

Биоэлектірлік құбылыстар. Биоэлектірлік құбылыстардың ашылуы мен зертеуінің қысқашы тарихы. Иондық және электродтық биопотенциалдар. Тыныштық потенциалы. Әсерлесу потенциалы.

Электр тогының биологиялық әсерлері. Поляризациялық және электродтық процестер.

Биологиялық обьектілердегі тұрақты және айнымалы тоқтар. Электролиз заңдары. Электролиттердің транспорты.

Электромагнит өрісінің биологиялық әсері. Электрстатикалық және тұрақты магнит өрістері, олардың тірі организмдерге әсері.

7.Синапс дегеніміз не? Стинапс арқылы қозудың өту механизмі.

«Синапс деп өзара жүйке клеткалары не жүйкемен шеттегі кызмет клеткасы (эффектор) түйіскен жерінде серпіністерді өткі-зетін арнайы ұласуды (контакты) айтады. Синапс ұғымын физио-логняға енгізгеи ағылшын физиологы Ч. Шерингтон.

Синапстар ұласқан клеткалардыц түріне қарай нейронаралық (нейронейрональдық), ет-жүйкелік (мионевральдық) болып, әсе-ріне байланысты қоздыратын, тежейтін, ал қозуды өткізу әдісіне қарай химиялық (медиатордың қатысуымен), электрлік (эфапс-тық) больці үпі топқа бөлінеді. Кейде аралас электрлік-химиялық сннапстар да кездеседі.^

Жүйке тармағы мен миоцит түйіскен жерде ет-жүйкелік синапс кұрылады,'(11-сурет). Жүйке талшығы миоцитке жетісімен Шванн кабығынан айырылады да бірнеше тармаққа (бүтаққа) бөлінеді. Әр тармақтың үшы бүрпйк тәрізді жуандап барып миоцитпен түйіседі. Жалғыз жүйке талшығы бүтақтанып 3—3000 дейін синапс құ-рады. Осы синапс арқылы қозу процесі жүйке талшығынан мио-цитке өтеді.

Орталық жүйке жүйесіндегі шеткі түйіндер мен ағзалар ішінде-гі нейрондардың арасындары синапстарда жүйке бүршіктері бі-рімен бірі және нейрон денесімен ұласады.

Денедегі барлық синапстардың құрылысы біркелкі. Әрбір си-напс үш элементтен, атап айтқанда пресинапстық (синапсқа дейін-гі), постсинапстық (синапстан кейінгі) мембраналардан және си-напстық сацылаудан түрады. Жүйке талшығының ұшы синапс құ-рар алдында кеңейіп жуандап гүл шоғырына немесе бұтақ бүрші-гіне ұқсайды. Синапс саңылауы алдындағы жүйке бүршігінде мелиаторга толы көпіршіктср (везикулалар) мен митохондрийлер болады. Осы бүршіктің басқа жүйке бүршігімен не миоцитпен тү-йіскен бетін жабатын мембрана пресинапстық мембрана боп сана-лады, ал постсинапстық мембрана синапс саңылауынан кейінгі жүй-ке бүршігі не ет клеткасын қаптайды. Бұл жерде миоцит мембрана-сы клетканың ішіне қарай майысады да шұңқырға айналады. Шүң-қыр түбіндегі мембрана ет-жүйкелік синапстың постсинапстық мем-бранасы. Осы екі мембрананың арасындағы синапстық саңылау клеткааралык не плазма тәрізді сұйықтыққа толған. Саңылау диа-метрі шамамен 200—500 А°-дей.

8.Үлкен ми сыңарларына сипаттама

Үлкен ми сыңарлары бас миының ең үлкен және маңызды бөлімі. Мидың салмағының 80 пайызы ми сыңарларына келеді. Ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы жалғасқан екі жарты шардан тұрады. Ми сыңарларының бетінде көптеген сайлар мен иірімдер орналасып, оның пішінін күрделендіреді. Оның сыртында қалыңдығы 2-4 мм сұр зат – қыртыс қаптаған. Ми сыңарларының қыртысы ОНЖ ең жоғарғы бөлімі.

Үлкен ми сыңарлар қыртысы адамның психикалық іс-әрекетінің негізі болып табылады. Ағза мен сыртқы орта арасындағы байланысты жүзеге асырады. Үлкен ми сыңарлар қыртысында көптеген сайлар мен қатпарлар болады, соның арқасында қыртыстың жалпы ауданы үлкейеді. Адамдарда ми сыңарлары қыртысының ауданы 2200 см2-тан тұрады.Ми қыртысын құратын жасушалардың түрлері бірнешеу.Үлкен ми сыңарлар қыртысының сенсорлық хабарды тұжырымдауы тұралы көзқарасты микроэлектродтар әдісі кеңейте түсті.

9.Ми сыңарларының қызметін салыстырмалы сипаттама

Ми бөлімдерінің қызметі

Жұлындағы сияқты мида ақ және сұр заттар болады. Ақ заттан өткізгіш жолдар түзіледі. Олар миді жұлынмен,сондай-ақ ми бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Өткізгіш жолдардың арқасында бүкіл орталық нерв жүйесі біртұтас қызмет атқарады. Сұр зат өз алдында шоғырланып, ақ затқа ядролар түрінде орналасады. Мұнымен қатар сұр зат ми сыңарларымен мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді.

Сопақша ми мен көпірдің ядросы ас қорыту,тыныс алу, жүрек қызметін және басқа процестерді реттейді, сондықтан сопақша ми мен көпірдің зақымдалуы өмірге қауіпті. Шайнау, жұту, ему процестерінің реттелуі, сондай-ақ құсу, түшкіру, жөтелу сияқты қорғаныш рефлекстері мидың осындай бөлімдерінің қызметіне байланысты болады.

Сопақша мидің үстіңгі жағына мишық орналасады. Оның беті сұр зат — қыртыстан тұрады, қыртыстың астындағы ақ затта ядро болады. Мишық орталық нерв жүйесінің көптеген бөлімдерімен байланысады.

Ортаңғы мида ядролар орналасады, олар қаңқа бұлшықеттеріне үнемі нерв импульстарын жіберіп, олардың шыриғып тұруын — тонусын сақтауға мүмкіндік береді. Көру және дыбыс тітіркенуін қабылдайтын бағдарлау рефлекстерінің рефлекс доғалары ортаңғы ми арқылы өтеді. Бағдарлау рефлекстері бас пен денені тітіркендіргішке қарай бұрудан бөлінеді.Сопақша ми, көпір және ортаңғы мидан ми бағаны түзіледі. Одан 12 жұп бассүйек — ми нервтері таралады.Нервтер миды баста орналасқан сезім мүшелерімен, бұлшықеттер мен бездермен байланыстырады.

Нервтердің бір жұбы — кезкелген нерв миды ішкі мүшелер — жүрек, өкпе, қарын, ішектермен және т.б байланыстырады.

Жүйке жүйесі эволюциялық даму кезінде бірнеше негізгі кезеңнен өтті: І-кезең – торлы жүйке жүйесі (ішекқуыстыларда); ІІ- кезең – түйінді жүйке жүйесі (омыртқасыздарда); ІІІ-кезең – түтікті жүйке жүйесі (хордалыларда), ал омыртқалыларда ми пайда болды. Жүйке жүйесінің одан әрі дамып, мидың пайда болуы сенсорлық (иіс, жарық сезу) жүйенің жетілуіне байланысты.

Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Мидың орташа салмағы шамамен 1300-1400 г. Салмағы бұл көрсетілгеннен көбірек болатын адамдар да кездеседі. Жұлындағыдай ми да ақ зат пен сұр заттан құралған. Мидың ішінде ми сұйықтығы толған қуыстар бар. Оларды ми қарыншалары дейді, себебі ішінде мөлдір әрі тұтқыр сұйықтық болады. Ол қорғаныштық, ыдырау өнімдерін шығару және ми ішіндегі қысымды реттеу қызметін атқарады.

10.Соматикалық және вегетативті нерв жүйелеріне анықтама беріңіз

Нерв жүйесі қызметтік жағынан 2 бөлімге жіктеледі:

1) Соматикалық нерв жүйесі.

2) Вегетативтік нерв жүйесі.

Тірек – қимып аппаратын нервтендіріп, денеміздің сезімталдығын қамтамасыз ететін нерв жүйесінің бөлігін соматикалық нерв жүйесі деп атайды. Ішкі органдарды нервтендіріп, олардың қызметін реттейтін, ондағы зат алмасуға әсер ететін нерв жүйесінің бөлігін вегетитивті нерв жүйесі деп атайды.

Нерв жүйесі нерв ұлпаларынан тұрады. Нерв ұлпасын 2 түрлі жасушалар құрайды: нейрон жєне глиальдық немесе нейроглия жасушалары.

Нерв жасушылырының құрылымдық және қызметтік бірлігі нейрон болып табылады. Глиальдық клеткалардың саны нерв жасушаларынан 8-9 есе көп болады. Олар нерв жасушаларының қалыпты қызметтерінің іске асуында маңызды рольді атқарады. Нейрондардың барлық жағынан қоршай орналасқан нейроглия клеткалары (астроциттер, олигодендроциттер т.б.) және оның өсінділері – олар үшін бір жағынан механикалық функция – тірек қызметін атқарады; екінші жағынан, нерв жасушаларында электрлік оқшаулауды қамтамасыз етеді.

Бірақ информацияны қабылдау, өңдеу, сақтау, одан әрі беру үрдістерін нерв жасушалары (нейрондар) іске асырады. Нейрондардың пішіні, көлемі, құрылымы алуан түрлі болып келеді. Нейрон денесінен өсінділер шығад: аксон – ұзын, бір ғана өсінді; дендриттер — қысқа, көп тармақталған өсінділер. Аксон арқылы нерв импульсі (қозу) келесі бір нейронға өтеді, яғни аксонның ұшы басқа нейронға (немесе атқарушы органдар клеткаларына) сигнал беруге маманданған. Аксонның жасуша денесінен шығатын жері аксон төбешігі (холмик) деп аталады. Қысқа өсінділер – дендриттер арқылы қозу нейрон денесіне өтеді. Нейронныњ басқа нейронмен немесе ет талшығымен түйіскен жері синапсты(былайша айтқанда байланысты) түзеді

Әртүрлі нейрондар денелерінен шығатын өсінділердің саны бірдей болмайды. Осыған орай оларды униполярлы, псевдоуниполярлы, биополярлы, мультиполярлы деп бөледі. Униполярлы нейрондарда бір ғана өсінді болады. Мұндай нейрондар омыртқасыз жануарларда және омыртқалы жануарлардың эмбриональдық даму кезеңінде кездеседі. Псевдоуниполярлық нейрондарда да бір өсінді болады, бірақ ол әрі қарай екі тармақталып кетеді. Биополярлық нейрондарда екі өсінді бар. Мультиполярлық нейрон денесінен әдетте жуан, ұзын бір аксон және бірнеше дендриттер шығады. Бұлардың үлкендігі, пішіні, атқаратын қызметтері, орналасқан жерлері әртүрлі болады

 

11. Рефлекс және рефлекторлық доғаға сипаттама

Рецепторлар тітіркенуіне нерв жүйесінің қатысуымен организмнің қайтаратын жауап реакциясын рефлекс деп атайды. Рефлекторлық реакцияны кез келген сыртқы немесе ішкі ортаның өзгерісі туындатады. Рефлекс жасалуында қозу өтетін жол рефлекторлық доға деп аталады. Рефлекторлық доға – рефлексті іске асыратын, спецификалық ұйымдасқан және өзара әрекеттесетін нерв элементтерінің кешені. Рефлекторлық доғаның негізгі бес звеносын ажыратады: рецептор; афференттік нервтік жол; рефлекторлық орталық; эфференттік нервтік жол; эффектор немесе жұмыс органы.

Белгілі бір рефлексті тудыратын тітіркендіргіш әсерін қабылдайтын рецепторлар жиынтығын рефлекстің рецептивтік алаңы деп атайды. Рецептор – тітіркену энергиясын нерв импульс энергиясына айналдыратын сезімтал құрлым. Оларды негізгі 3 топқа бөледі: 1. эксерорецепторлар – тітіркендіруді сыртқы ортадан қабылдайды; 2. интеро- нмесе висцерорецепторлар - тітіркендіруді организмнің ішкі ортасынан қабылдайды; 3. проприорецепторлар – дененің кеңістіктегі қалпының өзгерісін қабылдайды.Ең қарапайым рефлекторлық доға екі нейроннан: афферентік және эфферентік нейрондардан түзеледі, аталық нейрон болмайды. Бұларда бір ғана синапс байланыстырады жєне оны моносинапстық доға деп атайды. Бірақ күрделі рефлекстердің барлығында рефлекторлық доғалар көп нейроннан түзеледі, яғни көптеген синапстық байланыстары болады. Сондықтан оларды полисинапсты доғалар деп атайды.

12. Бірінші және екінші сигнал жүйелерінің дамуы

Бірінші сигналдық жуйе – жануарларға да және адамға да тән қасиет. Оның орталығы ми кыртысында орналасады. Бірінші сигналдық жүйе аркылы ағза сырткы ортаның нақты тітіркендіргіштеріне қайтарады. Бүл кезде сыртқы ортада болатын заттар және құбылыстар шартты рефлекстің түзілуіне әсер етеді. Оған мысал ретінде, сәбидің тамаққа, ойыншыққа катысты рефлекстерін атауға болады.
Екінші сигналдық жүйе — тек адамға ғана тән касиет. Бұл жүйедегі негізгі шаррты тітіркендіргіш – сөз. Сөздің әсерінен пайда болған қозуды ми қыртысы қабылдап, талдап, жауап кайтарады. Сөз бірінші сигналдық жүйенің жұмысына түрткі болады. И. П. Павловтың пікірі бойынша, сөз «сигналдардың сигналы» болып есептелінеді.

13. Дыбыс талдағышының жас ерекшелігіне сипаттама

Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның терісінде түктер көп болады. Бір жасқа дейін құлақ түтігі өсіп, ұзарып, кеңейеді. Дабыл жарғаға жаңа туған нәрестеде ересек адамға қарағанда анағұрлым көлбеу орналасқан(ересек кісіде 45 градус, балада 15 градус) Жарғақтың екі жағындағы эпидермісі қалың болғандықтан қозғалысы нашар. Сәбидің ортаңғы ортаңғы құлағы сұйыққа толы болады да, біртіндеп барып ауаға толады. 1 жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу болады. Ішкі құлақ бір жылдың ішінде ересек адамның құлағымен теңеседі.

2-3 жаста сыртқы құлақ түтігі сәлш иіледі де, 4-6 жаста ересек адамның түтігіндей болады. Дабыл жарғағы 2-3 жаста-ақ ересек адамның жарғағына жақындайды, бірақ орналасуы 30-35 градус болып, тек 4-6 жаста 45 градусқа теңеледі. Ортаңғы құлақтың көлемі 2-3 жаста ересек адамның құлағынан кіші келеді. Ол 4-6 жаста ересек кісінң құлағының көлеміне жетеді. Евстахи түтігі 2-3 жаста ұзарып 6 жастан асқанда ғана ересек адамдай болады. Ішкі құлақ 2-3 жастың арасында ақ ересек адамның құлағымен теңеседі.

Жаңа туған сәбидің дыбыс нерві әлі миеленденіп болмаған, төрт төмпешіктің және басқа аймақтарының нейрондары дифференцияланбаған. Бір жаста дыбыс нерві жылдам дамып жетіледі де, 4-6 жаста ересек кісінің дыбыс нервімен бірдей болады. Есту талдағышының қыртыс бөлімінің сенсорлық зонасы алдымен дамып, ассоциативтік зонасы кейінірек жетіледі. 1 жастан 41ші сезгіш аймақ, 6 жастан 42 ші ассоциавтик, 7 жастан 22ші ассоциавтик аймақтар жетіледі.

14. Иіс сезу талдағышы және оның түрлеріне сипаттама

Иіс сезу ең ежелгі талдағыштардың бірі. Ол жануар әлемінің эволюциялық дамуындаонша өзгеріске ұшырамай сақталған. Бірақ шеткі бөлімі күрделі түрде өзгермегенімен, орталық бөлімінң ми қыртысындағы иіс сезімінің сезімталдығы жоғары дәрежеде дамыған.

Иіс сезімінің рецепторлары мұрын қуысының жоғарғы жағында орналасқан, оның жалпы аумағы 5см². Иіс-химиялық заттардың қасиеті, кеңістікке жайылып, мұрын қуысына жеткенде ондағы иісті қабылдайтын түкті бүрлерді тітіркегдіреді. Иіс сезімдері екі түрлі сенсорлық рецепторлар арқылы кабылданады.: иіс нервіменбайланысқан және үшкіл жүйкемен ұштасқан сенсорлық клеткалар. Тек қана иіс нервіне әсер ететін заттарды ольфактивті, ал үшкіл нервіне әсер ететін заттарды тригеминальды химиялық заттар дейді.

Ольфактивті заттарға анис, лаванда, бензол, қалампыр т.б ал тригеминалдыларға хлороформ, камфара сияқты химиялық заттар жатады. Иіс рецепторлары тек қана газ түріндегі жеңіл заттардың әсерін қабылдайды.

Иістің негізгі 5 түрі бар: жұпар, күйік, шірік, эфир және басқа ерекше иістер тобы. Мысалы, жемістің, шөптің, газдың иістері.

15. Жоғарғы жүйке әрекеті топтарының балаларда қалыптасуы. Шартты рефлекстердің пайда болуы әр адамның жоғары жүйке әрекетінің және жеке басының жүйке жүйелерінің қасиеттеріне байланысты. Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттері мен өмірден алған тәжірибесін, сыртқы ортадан алған мағлұматын, мінез-құлықтарын жоғары жүйке әрекетінің т о п т а р ы деп жинақтайды.И. П. Павлов жоғары жүйке әрекетінің топтарын ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізгі 3 қасиетіне байланысты 4 топқа боледі. Ол қасиеттер: қозу мен тежелудің күші, теңдігі және алмасуы.Қозу мен тежелудің к ү ш і деп ми қыртысындағы олардың өту дәрежесін айтады. Негізінен алғанда, ол ми қыртысындағы нерв клеткаларының қызмет қабілеті. Кейбір адамдардың миындағы нейрондарының жұмыс қабілеті жоғары болып, кейбіреулерде темен және нашар болады. Соған байланысты қозу мен тежелудің күшін И. П. Павлов к ү ш т і және ә л с і з деп екіге бөлген.Қозу мен тежелудің ми қыртысындағы т е ң д і г і деп олардың бір-біріне қатынасы мен даму дәрежесін айтады. Кей адамда олар бірдей дамыған, ал енді біреулерде не қозуы, не тежелуі басымырақ болады. Сондықтан қозу мен тежелудің тендігін т е ң және тең емес деп екіге бөлген. Егер қозуы басым болса - қозғыш, тежелуі басымырақ болса — тежелгіш болуы мүмкін.Қозу мен тежелудің а л м а с у ы деп олардың бір-біріне ауысу жылдамдығын, яғни қозудың тежелуге және, керісінше, тежелудің қозуға ауысу жылдамдығын айтады. Олардың алмасуы ж ы л д а м (ш и р а қ) немесе б а я у (и н е р т т і) болуы мүмкін.Қозу мен тежелудің ми қыртысындағы осы қасиеттеріне қарай И. П. Павлов жануарларда жоғары жүйке эрекетінің 4 түрлі топтарын атаған:

1. Күшті үстамсыз, қозуы тежелуден басым топ.

2. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы ширақ топ.

3. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ.

4. Әлсіз топ. Ми қыртысының нерв клеткаларының қызмет қабілеті томен, қозуы нашар дамыған, тежелуі басым.

И. П. Павлов өзінің ашқан жоғары жүйке әрекетінің жануардағы топтары дөрігер грек ғалымы Гиппократтың айтқан 4 темпераментіне сәйкес деп есептеген. Гиппократ денедегі 4 түрлі сүйықтардың өзара қатынасына байланысты адамның мінез темпераментін 4 топқа бөлген. Олар холерик (грек. холе — сары от), сангвиник (сангвине -қан), флегматик (флегма — кілегей шырын) және меланхолик (мелайне холе - қара өт). Күшті, ұстамсыз топ Гиппократтың холерик темпераментіне, күшті тең жылдам — сангвиник, күшті тең баяу -: флегматик, әлсіз тежелгіш топ — меланхолик темпераментіне сәйкес.Аталған 4 топтың аралас түрлері жиі кездеседі. Әсіресе, осіп дами келе, баланың жасы үлғайған сайын ержеткенде аралас топтар кобірек орын алады.Сигналдарды және оларды қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін 1-ші сигнал жүйесі деп, ал сол сигналдардың сөзбен белгісін "сигналдың сигналы" деп атады. Еңбектің және өлеуметтік дамудың нөтижесінде адамда сөз сигналдарына, сөйлеуге байланысты жай сигналдарды сөзбен белгілеу және оны қабылдау қабілеті дамыған, оны екінші сигнал жүйесі деп атайды.

16. Бала тілінің дамуындағы жас ерекшеліктеріне жалпы сипаттама

Бала тілінің дамуы дыбыс аппаратының бүлшық еттерінің күрделі шартты және шартсыз қозғалысына сәйкес қалыптасады. Тілдің дамуы үшін, басқа адамдармен болатын қарым-қатынастың маңызы зор. Жаңа туған бала дыбыс аппараттарының шартсыз қимыл рефлекстеріне байланысты мағынасыз үн шығара алады. 2-ші айдан бастап дауыстай алады, ересек адамға еліктеп кейбір дауысты дыбыстарды қайталай бастайды, 3-ші айға жеткенде гу-гулейді, былдырақтап сөйлегісі келеді. Гу-гулеу мен былдырақтау оның дыбыс аппаратын дамытып, сөйлеуге дайындайды .5-6 айдан кейін еліктеу арқылы жеке дыбыстарды, сөз буындарын айта бастайды. 6-7 айда ересектердің сөздерін қайталауға тырысады. Бірақ Бұл кезде, әсіресе жарты жарқа дейін, балаларда 1-ші сигнал жүйесі ғана дамығандықтан создің мағынасы жеке дыбыс ретінде қабылданады, бала создің нақты мағынасын түсінбей-ақ айта береді. Ал жарты жастан аса создің мағынасын түсіну қабілеті дами бастайды. 1,5 жаста сөз бен заттардың арасында байланыс туады, баланың тілі қалыптаса бастайды. Баланың ми қыртысында дыбыс орталығы мен сөйлеу орталығының арасында нервтік байланыс пайда бола бастайды. Кейіннен ол күшейіп, сөздерді құрастыру, 2-3 сөздің басын құрау қабілеттері пайда болады. Дені сау, жақсы дамып келе жатқан баланың бір жасында 6-10, екі жасында 250-300, үш жаста 1500, төрт жаста 4000, бес-алты жаста 4-5 мыңдай сөз қоры жиналады. Баланың тәрбиесіне, жоғары жүйке әрекетінің тобына, қозу мен тежелудің қасиеттеріне байланысты балалардың сөз қорының мөлшері әртүрлі.Баланың тілінің дамуына 3 пен 4 жастың арасының маңызы ерекше. Бұл кезде тіл байлығын көбейтуге, сөздің мағынасын дұрыс түсіндіруге көбірек көңіл бөлген жөн. Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл байлығын дамытуда түрлі ойыншықтардың, әңгімелердің, балалармен қыдырып жүрген кезде сыртқы ортамен танысуының маңызы үлкен. 7 жасқа дейінгі балалардың белтілібір жағдайға, иақтылы әсерге байланысты сөздері жақсы сақталады. Бұл кездегі баланың санасы нақтылы тітіркендіргіштің әсерінен дамиды.Бастауыш сынып оқушыларында жазбаша тілді дамытуда ауызша тіл маңызды орын алады. Баланы жауап беруге үйретуден бастап, оның "ішінен" сөйлеу қабілеті дамиды. Ішкі ойын дәл жеткізу қабілеті баланың жеке басының санасының, ақыл-ойының дамуына байланысты. Мұнд а баланы дұрыс сөйлетіп, ойын дәл айтуға үйретуде мүғалімнің, тәрбиешінің, орыны ерекше. Сондықтан оқушы тек кітаптағы сөздерді жаттап айтуды ғана машықтамай, оның ойлау қабілетін, дарынын дамыту керек. Жастардың ойы ішкі тіл байлығына байланысты, сондықтан мүғалім талапшыл болса, онда оқушылардың тілі дұрыс жаттығып, жақсы дамиды. Баланың жасы ұлғая келе абстрактылы ойлау жақсы дами бастайды, сөйтіп баланың сана сезімінің артуы күшейген сайын екінші сигнал жүйесінің маңызы арта түседі, бірінші сигнал жүйесінен басымырақ болады.Баланы оқыту барысында тіл байлығы дамып, сөйлеу қабілеті, санасы арта түседі. Оқу-тәрбие жұмысын дұрыс үймдастыру арқылы оның жоғары жүйке әрекетін жақсы дамытуға болады. Бұл кезде тәрбие жұмысын мүғалімдер мен ата-аналардың бір-бірімен келісіп, жөнге қойғаны аса маңызды болады.

17) Жарықты қабылдау. Гемералопия, дальтонизм түсінігіне сипаттама

Көздің кабылдағыш жүйесі. Көздің күрделі күрылымды ішкі қабатына торлы кабат жатады. Мүнда екі түрлі қабылдағыштар — таякша және сауыт пішінді қабылдағыштары мен көптеген өсінді бүтақтары бар жүйке торшаларының бірнеше түрлері орналаскан. Жарык сәулесінің әсерінен козу кабылдағышында фотохимиялык реакция жүреді. Одан пайда болған химиялык заттар кору кабылдағыштарын коздырады жэне одан әрі таяқшалар мен сауытшалар байланыскан нейрондарда козу тудырады. Осы торшалар көздін негізгі жүйке жүйесіне жатады, ол арқылы көру хабарларын мида орналаскан орталыққа жеткізеді және оның талдануы мен өнделуіне қатысады. Көздің торлы кабығын мидың шеткі бөлімі деп есептеуге болады. былданбайды. Көздің торлы қабығының жарық қабылдағыштар орналаскан қабатының ішкі жағында биполярлык нейрондар бар. Бүл нейрондарға ішкі жағынан ганглиоз- дык нейрондар жалғасады. Ганглиоздық нейрондардың аксондары кору жүйкесінің талшықтарын қүрастырады. Сондықтан жарықтын әсерінен фоторецепторларда козу туады да, ол биполярлык жэне ганглиоздық нейрондар аркылы жүйке талшыктарына өтеді. Жарык кабылдайтын сауытша торшалардын саны 6-7 млн, таяқшалардың саны 110-125 млн деп алдында айтып кеткеміз, яғни жалпы саны 120-130 млн шамасында. Ал осыншама жарык кабылдайтын торшаларға келетін жүйке талшықтарының саны небәрі 1 миллионнан сәл артық ганглиоздық торшалардын өсінділері. Олай болса, көптеген жарық кабылдағыштарынан келген қозу толқындары бір ғана 125ганглиоздық торшаға жиналады. Ал әрбір ганглиоздык торша коптеген биполярлык нейрондармен байланысады. Көзге түсетін сәулелердің спектрінің үзын толқынды шетінде толқын үзындығы 723-647 нм деңгейіндегі кызыл түсті, ал қысқа толкынды шетінде үзындығы 424-387нм күлгін түсті сәулелері орналаскан. Ал кызгылт сары, сарғыш жасыл, көгілдір жасыл, көк түсті сәулелер осы кызыл түс пен күлгін түсті сәулелердін спектрлерінің арасындағы толқындарға жатады. Заттың түсін сезуді түсіндіретін бірнеше кағидалар бар. Бірак солардын ішіндегі қазіргі кезде мига конымдырагы сауытшалардың үш түрлі болуына байланысты үш компонентті қағида. Таякшалар мен сауытша торшалардағы хромофорлар

Гемералопия – гемералопия, ақшам соқырлығы, суқараңғы, ымырт соқырлығы, тауық соқыр (грек. hemera – күй, ops – көз, н+alaos – соқыр). Әлсіз жарықта, ымыртта және түнде көздің көруінің өте нашарлауы. Тор қабықтың іштен туа болған пигменттік бұзылуы сәби кезден байқалады. Гемералопия - тағам құрамында, ағзада А дәрумені жетіспеуден пайда болады.

Дальтонизм – түсті ажырата алмау (daltonismus, J.Dalton, 1766–1844, ағылш. химик, физигі), іштен туа және туғаннан кейін заттың түсін (әсіресе қызыл түсті) ажырата алмау. Бұл жағдайда науқас адам қызыл түсті жасыл түстен, көкті-күлгін және күреңді-қызыл түстерден ажырата алмайды. Дальтонизммен азап шеккен адам барлық затты тек екі түсте: сары мен көк түсте ғана көреді.Дальтоник – түсті ажырата алмайтын адам. Мұндай ауруға әйелдерге қарағанда ер кісілер көп шалдығады. Ондай адамдардың машина айдауына болмайды. Өйткені олар бағдаршам мен семафорды ажырата алмайды

 

18) Дәм сезу талдағышының жас ерекшеліктері

Дәм сезімі тамақтанудың алгашқы кезеңі. Адам әуелі тағамның дәмін сезеді, мысалы, “түзы калай?” — деп байқап алып, тамақты іше бастайды. Дәм сезу баданасы көп қабатты эпителиден түрады. Олар ауыз куысының кабырғасында жапыракдда және сауытша тәрізді. Көпшілігі тілде, оның жан-жағында, түбінде және үшында орналаскан. Біразы тандайда, жүтқыншақтың басталатын жерінде кездеседі. Осылар-дың жиынтығы дәм қабылдағыштарын күрайды. Олардың көлемі мен пішіні әртүрлі болганымен жалпы үқсастығы бар.Дәм кабылдағышын жекелеп қарасақ мынадай қүрылымын байқауға болады. Үшында дәм сезгіш торша, оның айналасын коршаған дәнекер торшалар, арасында санлаушалар, эпителий торшалар, нерв үштары болады. Еріген затгар санлау аркылы бадананың ішіне енеді де нерв үштарын тітіркендіреді. Тіл астындағы, тіл-жүткыншақ жэне бет нервтері арқылы козу толқыны кезеген нервте жиналып сопакдіа мига откізіледі. Таламустың арнамалы жолдарымен ми қыртысына жетеді. Осында қозу толқындары ірікгеліп, талданып дәм сезімі туады.Тәтті заттьщ әсері тілдің үшындағы және жан-жағындағы дәм бүршіктерімен сезіледі. Ащы — тілдің түбіндегі бүршіктермен, кышқыл — тілдің шетімен және комеймен сезіледі. Тілдің алдыңғы бойына бет нерві, артқы бойына тіл- жүткыншақ нерві, көмей түсына кезеген нервтің үштары келеді. Әртүрлі заттардың әсері осы нервтермен орталық жүйке жүйесіне жіберіледі.

19)Ұйқы безі гормондарының бала организміне әсері

Ұрық пен жаңа туған баланың ұйқы безіндегі гормон өндіруші клеткалар жақсы дамыған. Жаңа туған нәрестенің ұйқы безінің әрбір грамынан 10 Е (халықаралық өлшем белгісі), ересек адамнан 2 Е инсулин бөліп алуға болады. 1 жастағы нәрестенің безінде 36 Е, 20 жаста 180 Е инсулин болады. Ұрық пен емшектегі сәбидің аралшаларының жайылған бөліктері қайтадан қалпына келеді, яғни регенерациялық қабілеті байқалады. 4 жастан әрі қарай Бұл қасиет жойылады. Лангерганс аралшаларының қызмет кемшілігіне байланысты жиі кездесетін ауру - қантты диабет. Бұл аурумен ауырған науқастың шөлі қанбайды, несебінің құрамында қант пайда болады, ал ауырмаған қалыпты жағдайда несептің құрамында қант болмайды. Науқастың қанындағы қанттың мөлшері 200-500 мг/% дейін көбейіп, тоулігіне несеп арқылы 100-150 г глюкөза денеден шайылады. Мұны мен қатар майдың алмасуы бұзыл ып, қанның құрамында холестерин мен кетондар көбейеді. Көп науқастардың шығарған демінде ацетоннның иісі сезіледі. Қан айналысының бұзылуына байланысты мұндай науқастарда тері аурулары, қызыл иек ауруы жиі кездеседі, гангрена оңай дамиды.

Баладағы қантты диабет ауруының пайда болғанын ең алғаш 1696 жылы Мортон жариялаған. Жер жүзінде бұл аурумен ауыратын науқастардың саны өте көп, жылдан жылға ұлғайып келе жатыр. Бұған тәтті тағамдарды көп пайдаланудың әсері бар деген мәліметтер кездеседі. Бұл аурудан өлгендердің саны да көп. Көпшілік зерттеулердің нәтижесіне қарағанда қантты диабет ауруы 6-8 жас және 11 -13 жас арасында көбірек. Дегенмен Бұл ауру жас молінерімен тұрақты шектелмейді. 1 жасар балалардың арасында да кездесетіні мәлім. Қазіргі кезде барлық аурудың 5%-дан артығы 10 жасқа дейінгі балалар. Оның 10-47 % тұқым қуалайды. Дәрігерлік бақылауларға қарағанда қантты диабет ауруымен ауырған әйелдер дені сау бала туады. Тіпті 5-6 айлық жүкті кезінде денсаулығы жөнделіп кеткені де мәлім. Мұндай анадан туған баланың инсулярлық аппараты ерте тозып, кейіннен қантты диабет ауруына шалдығады. Балаларда бұл ауру жедел басталып, тез асқынады. Ал ерерсек адамда біртіндеп дамиды. Ауырған балалардың гигиеналық тәртіпті сақтауының маңызы үлкен. Мұндай балалар дені сау балалармен бірдей еңбек еткені жөн. Оларға дене еңбегі тіпті қажет, сондықтан спортпен айналысу пайдалы. Шамасына қарай спортпен шұғылданатын науқастың дәрілерін азайтуға мүмкіндік пайда болып, қатты асқынудан сақтайды. Тек қана есінен танатын жағдайда ғана төсек тартып жатуына болады. Қазіргі кезде қант диабеті ауруының өзінен де, оның себебінен дамыған басқа мүшелердің ауруын емдеу қиынырақ болып отыр. Әсіресе жүрек, бүйрек, көз ауруларының көбеюі айтарлықтай орын алып, науқастың мезгілінен бұрын өлуіне себеп болып отыр. Дегенмен қантты диабет ауруымен ауырған адамдар ұзақ өмір сүре алады. Ол үшін ас ішерде инсулин гормонын немесе аурудың жеңіл жаңа басталған түрінде сол іспетті қызмет атқаратын дәрі-дәрмектерді қабылдау қажет.

 

20) Жыныстық жетілу және жыныстық тәрбие

ЖЫНЫС ТӘРБИЕСІ – балалар мен жастардың ақыл-ойының, адамгершілік құндылықтар туралы көзқарасының, дене бітімінің, эстетикалық талғамының дұрыс қалыптасып, дамуын қамтамасыз етуге бағытталған, жалпы тәрбие жұмысы процесінің құрамдас бөлігі. Жыныстық жетілу мерзімі қыздарда 12 – 13 жастан 16 – 17 жасқа, ұлдарда 13 – 14-тен 17 – 18 жасқа дейін созылады. Осы кезеңде Ж. т-не көп көңіл бөлінеді. Баланы дұрыс өсіру үшін әке-шеше, оқытушылар, дәрігерлер әр түрлі жұмыстар жүргізеді (жеке әңгіме, гигиеналық талап, дүрыс тамақтану, т.б.) Ж. т. баланың спортпен, еңбекпен шұғылдануын, қыз бен ер бала арасында шынайы достық болуын талап етеді. Ж. т. балалар мен жастарды әр түрлі әбестіктен, жыныс қасіретінен сақтандырады.

21) Вестибулярлық талдағыш және оның жас ерекшеліктері

Кіре беріс лабиринттің орталық бөлімі, ол екі жарғақты қапшықтардан тұрады: дөңгелекті және сопақшалы. Дөңгелек тәрізді қапшық ұлумен, ал сопақшалы қапшық жартылай айналмалы каналдармен байланысады. Жартылай айналмалы каналдардың саны үшеу: үстіңгі, артқы және сыртқы. Олар үш өзара перпендикуляр жазықтықта оналасқан. Әрбір каналдардың бір ұшы тегіс, ал басқа ұшы кеңейтілген (ампула түрінде) болады. Кіре беріс және жартылай айналмалы каналдар вестибулярлық аппаратты құрайды. Ол кеңістіктік талдағыштың, немесе тепе-теңдік мүшесінің перифериялық бөлімі болып табылады. Кіре беріс және жартылай айналмалы каналдарда вестибулярлық жүйкенің рецепторлық аппаратын құрайтын арнайы жүйке жасушалары орналасқан. Кіре берістің қапшықтарында осындай рецептор отолитті аппарат болып табылады, яғни рецепторлық жүйке жасушалары құрамында ерекше кристаллдары бар (отолиттер) қабыршақпенқапталған. Ал жартылай айналмалы каналдарда рецептор әрбір каналдың ампуласында айдаршықты құрайтын арнайы талшықты жүйке жасушаларынан тұрады. Тік жазықтықтағы қозғалыста кіре берістің қапшықтарында отолиттердің араласуы жүреді, ал айналмалы қозғалыста жартылай айналмалы каналдарда эндолимфаның араласуынан сезімтал талшықты жасушалар аппулярлы айдаршықтарға қозуды әкеледі. Рецепторлық аппараттың қозуы вестибулярлық жүйке талшықтары бойынша орталық жүйке жүйесіне жеткізіліп, оған жауап ретінде тепе-теңдікті сақтауға қабілетті рефлекторлық реакция пайда болады.

22) Шартты рефлекс түрлеріне анықтама

Шартты рефлекстердің түрлері. Шартты рефлекстер рецепторлардың тітіркенуіне және пайда болатын қызметіне байланысты, қозу мен тежелуге және олардың кезеңдеріне, пайда болу механизміне байланысты көптеген түрлерге бөлінеді.

Тітіркендіретін рецепторларына сәйкес экстерорецепті, пропиорецепті және интерорецепті шартты рефлекстер болып бөлінеді.

Экстерорецепті шартты рефлекс шартты тітіркендіргіштер сыртқы сезім мүшелеріне әсер еткенде пайда болады: көзге, құлаққа, иіс мүшесіне, дәм сезу мүшесіне, тері рецепторына.

Пропоирецепті шартты рефлекстер қаңқаның бұлшық еттерін тітіркендіргенде, яғни оның пропиорецепторларына әсер еткенде пайда болады. Бұл топтағы рефлекстерге адамның басы қозғалғанда тепе-теңдік (вестибулярлық) аппаратты тітіркендіру арқылы пайда болған теңдік сақтау рефлекстері де кіреді.

Интерорецепті шартты рефлекстер ішкі мүшелерді тіткендіргенде олардың рецепторларына әсер ету арқылы пайда болады. Бұл топқа қанға түрлі химиялық заттарды жібергенде туатын автоматты рефлекстер де жатады. Ондай жағдайда химиялық заттар интерорецепторларды (ішкі рецепторларды) тітіркендіріп жүйке жүйесіне тікелей әсер етеді.

23.Иіс сезу талдағышының жас ерекшеліктері

Балалардың иіс сезу талдағышы туғаннан кейін алғашқы күндерінде ақ жұмыс атқара бастайды. Олар хош иісті гүлдердің иісіне бет әлпетінің қимылымен немесе түшкіріп жауап береді. Кейде жағымсыз иіске қол аяқтарының қорғаныс қимылымен, бетін бұрып әкетіп, көзін ашып жұмып, не дауыстап қорғаныс әрекеттер жасайды. Жағымсыз иістер нәрестеге күшті әсер етеді, оның тынысы өзгеріп, жүрегінің соғуы жылдамдайды, маңдай еңбегінің пулсі қатты қатты соғады. Мезгілінен бұрын туған баланың иіс сезімі болғанымен мезгілінде туған баладан нашар болады. Жаңа туған баланың иіс сезу қабілеті өте тұрақсыз, тез өзгеріп, кейде сезімталдығы төмендеп, кейде мүлде жойылып кетеді. Сәби өсе келе иіс талдағышының сезімталдығы күшейеді де, 5-6 жаста толық жетіледі.

Иіске деген шартты рефлекстері балада 2 айлық өмірінде пайда болады, бірақ оның қарқыны баяу және әлсіз, рефлекстері тез, оңай жойылады. Нәресте өскен сайын оның шартты иіс рефлекстері нығаяды, баланың өміріндегі маңызы артады. Ажырату шартты рефлекстері пайда болып, әр түрлі заттардың иісін қателеспей ажыратуын қатысады. 3айлық бала бірнеше заттардың иісін қателеспей ажыратады, ал 4 айлығында өте нәзік иістерді де сезе алады.

4-5 жастағы балада ажырату шартты рефлекстерінің дәрежесі 31%-ға тең, ал 6-6,5 жасында 100%, яғни ересек адамдардың иіс сезу дәрежесіне жетеді.

24. Дәм сезу талдағышына сипаттама

Дәм – ауыз қуысы кілегей қабырғасы және тіл беткейінде орналасқан рецепторларға кез-келген заттың әсер етуіндегі сезім. Орталығы қыртыстағы прецентральді иірім.

Дәм сезімінің төрт түрі ажыратылады:

1. Тәтті – тілдің ұшы сезімтал

2. Қышқыл – тілдің екі бүйірі сезімтал

3. Ащы – тіл түбі сезімтал

4. Тұзды – тіл шеті сезімтал

Тілдің алдыңғы жағы n. Lingualis пен артқа жағы n.glossopharingeus пен, ал көмекей асты n.vagus-тың сезімтал жүйкесімен жүйкелендірілген. Осы жүйкенің кесілуі дәм сезімін жояды. Дәм хеморецепторлары контактылы рецепторларға жатады, сезгіштігі жағынан орташа денгейде, еріген затттардың аз шамасынан қозу күйіне келеді. Олар ауызға түскен заттар сипаты мен концентрациясы туралы ақпарат береді. Адамда дәм рецепциясының зонасы ауыз қуысында, тіл емізікшелерінде, көмекейде (бадамшада), жұтқыншақтың арт жағында, жұмсақ таңдайда орналасады. Дәм рецепторларының ең көп орналасқан жерлері - тілдің ұшы, бүйірлері және түбі (артқы бөлімі). Тілдің үстіңгі беті мен астыңғы жағында мұндай хеморецепторлар жоқтың қасында Дәм рецепторларының бүршіктері - ауызда топтасып орналасады, пішімі сопақша, микроскоппен қарағанда пиязга ұқсайды. Сондықтан оларды кейде дәм пиязшықтары деп те атайды. Дәм пиязшықтарының адамдағы саны 10000-дай. Әрқайсысының ұзындығы мен көлденеңі-70 мкм-дей (7-10м).

25. Көру талдағышынң құрылысына сипаттама

Көру талдағышы ең жақсы дамыған құрылым. Оның қызметі нәтижесінде организм қоршаған ортаны бағдарлап, айналасындағы заттардың түсін, пішінін, көлемін және оларға дейінгі ара қашықтықты ажыратадыөру талдағышының негізгі мүшесі — көз алмасы. Ол бас сүйектің аддынғы жағындағы екі ойықта — көз шарасында, орналасқан. Көру мүшесі оптикалық, фоторецепциялық жүйелерден және қосымша қорғағыш аппараттан құралады.

Көз алмасы шар пішінді құрылым. Онын алдына қарай шығыңқы келген бөлігін көздің алдынғы полюсі, ал артқы жағын — артқы полюсі деп атайды. Сырт жағынан көз алмасы үш қабықпен қапталған. Ең сыртқы фибриозды қабық — ақ қабық, ортаңғы -тамырлы қабық, және ішкі — торлы қабық.

Көру талдағышының өткізгіш жолын көру жүйкесі құрайды. Бұл жүйке арқылы импульстер латеральдық имек дене ядроларымен төрт төмпешіктің алдыңғы екі төмпешігіне бағытталады. Ал соңғы құрылымдар нейрондарының аксонымен импульстер үлкен ми жарты шарлары қыртысының шүйде бөлігіне орналасқан көру талдағышының орталығына беріледі.

Организмдегі стресске сипаттама

Стресс (ағыл. stress) қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі. Ғылымға ең алғаш ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.

Стресс үш кезеңнен тұрады:

1) үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;


Дата добавления: 2015-12-15 | Просмотры: 2296 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.028 сек.)