АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Б) Цилиарлы дене

В)Хориоидея

Г) Нұрлы қабық

Д) Жас безі

 

2. Көз алмасының қандай құрылымы арқылы сұйықтық алдыңғы камерадан ағып шығады?

А) Қарашық

Б) Цилиарлы дене

В) Қасаң қабық

Г) Трабекула аймағы

Д) Көздік вена

 

3. 56 жастағы науқасты оң көзінің ауыру сезімі мазалайды. Ауыру сезімі сол ауырған көзінің жарты басына берілген, лоқсиды, құсады. Көзі кенеттен күйзелістен кейін ауыра бастаған. Объективті: ОД – блефароспазм, іркілісті инъекция, қасаң қабық ісінген, кедір-бұдыр, алдыңғы камера саяз, қарашық кең, жарыққа әсері жоқ. Қасаң қабықтың ісінуінен көз түбі көрінбейді. Көру жітілігі ОД – жарықты сезуі дұрыс емес. Көзішілік қысым – 41мм.с.б. Төменде аталған қандай диагноз сәйкес келеді? Консервативті ем нәтижелі болмағанда, хирургиялық емді жүргізу мерзімі қандай?

А) Тор қабықтың орталық венасының тромбозы,12сағат

Б) жедел иридоциклит, 12сағ.

В)глаукоманың жедел ұстамасы, 78сағ.

Г)жедел кератоувеит, 24сағ.

Д)глаукоманың жедел ұстамасы, 24сағ.

 

4. Жанаспайтын тонометр арқылы қандай қысымды анықтауға болады?

А) тонометриялық көзішілік

Б) эписклералды веналардағы

В) шынайы көзішілік

Г)тонографиялық көзішілік

Д) тор қабықтың орталық артериясының

 

5. Алдыңғы камераның бұрышындағы өзгерістерді анықтау үшін қандай зерттеу тәсілдері қолданылады?

А) офтальмоскопия

Б) гониоскопия

В) циклоскопия

Г) периметрия

Д) тонометрия

 

6. Төменде аталған қандай көрсеткіштер арқылы глаукоманың сатысы анықталады?

А) көру жітілігі және көзішілік қысымның деңгейі

Б) көру кеңістігінің жағдайы мен көру нерві дискінің экскавациясы

В) көру нервінің экскавациясы мен көзішілік қысымның деңгейі

Д)сұйықтықтың ағып шығу жеңілдігі мен көру кеңістігінің жағдайы

Г)көру кеңістігінің жағдайы мен көру жітілігі

 

7. Тонометрлік көзішілік қысымның қалыпты жоғарғы шегі нешеге тең?

А) 21мм.с.б.

Б) 24мм.с.б.

В)25мм.с.б.

Г)26мм.с.б.

Д) 37мм.с.б.

 

8. 60 жастағы науқас сол көзінің көру жітілігінің төмендеуіне және басының қатты ауыруына, ауыру сезімі сол ауырған көз жақтағы басына берілгеніне шағымданды. Бұл белгілер түнде пайда болған, лоқсыған және құсқан. Бірнеше күн бұрын қатты күйзеліс болған. Бұрын көзі ауырмаған. Объективті: Vis OD – 0,5sph 2,0 = 1,0; Т – 19мм.с.б.; VIS OS – 0,04түзетілмейді; Т – 47мм.с.б. Сол көз – көз саңылауы тарылған, көз алмасының іркілісті инъекциясы, қасаң қабық ісінген, алдыңғы камера өте саяз, қарашық кең, диаметрі 5мм., сопақ пішінді, көз түбінен рефлекс әлсіз, көру нерві дискі көрінбейді. Оң көз жасқа байланысты қалыпты жағдайда. Төменде аталған қандай диагноз сәйкес келеді?

А) гипертониялық криз

Б) глаукоманың жедел ұстамасы

В) жедел конъюнктивит

Г)жедел иридоциклит

Д) ісінген катаракта

 

9. Науқасқа гониоскопия жасағаннан кейін, алдыңғы камераның бұрышы жабық екені анықталып, дәрілер берілді. Төменде аталған дәрілердің қайсысын беруге болмайды?

А) ß- блокатор

Б) миотиктер

В) мидриатиктер

Г) нейропротекторлар

Д) диуретиктер

 

10. Ашық бұрышты глаукома патогенезінің негізгі себептері:

А) алдыңғы камера бұрышының нұрлы қабықтың түбімен жабылып қалуы

Б) қарашықтың жабысып қалуы

В)алдыңғы камера бұрышында мезодермалді тіннің сіңбей қалуы

Г)нұрлы қабықтың бомбажы

Д) көздің дренаждық жүйесінің дистрофиялық өзгерістері

 

11. Төменде көрсетілген қандай белгілер бұршақтың дислокациясына тән?

А) гифема, иридодиализ

Б) иридоденез, алдыңғы камераның біркелкі болмауы

В) қарашықтың пішіні дұрыс емес, қасаң қабықтың ісінуі

Г) көз түбінен сұрғылт рефлекс, қарашықтың эктопиясы

Д) нұрлы қабықтың бомбажы, қарашықтың шетінің жыртылуы

 

12.Көз алмасының сұқпалы жарақатының қандай жағдайларында рентгендік шолу суреті жүргізіледі?

А) көз жарақатының барлық жағдайларында

Б) егер анамнезінде көздің ішіне бөгде дене болуы мүмкін жағдайда

В) егер орбитаның сынған белгісі болған жағдайда

Г) егер бөгде дене көздің артында болса

Д)егер Комберг-Балтин протезін қолдану мүмкін болмағанда

 

13.Қандай патологияда бір көз ауырғанда, екінші көз ауыруы мүмкін (симпатикалық офтальмия)?

А) жарақаттық кератит

Б) екіншілік глаукома

В) жарақаттық кератоконъюнктивит

Г) жарақаттан кейін болған увеит

Д)жарақаттық катаракта

 

14.Төменде аталғандардың қайсысы гемофтальмге тән?

А) алдыңғы камерада қан

Б) тор қабыққа қан құйылу

В) шыны тәрізді денеге қан құйылу

Г) конъюнктива астына қан құйылу

Д) ретробульбарлы аймаққа қан құйылу

 

15.Көздің химиялық күйігінде қандай көмек көрсету керек?

А) көзге түскен бөлшектерді алып тастау, антибиотик тамызу

Б) көзге түскен бөлшектерді алып тастау, көзді сумен ұзақ жуу

В) көзге түскен бөлшектерді алып тастау, көзге бинокулярлы таңғыш тағу

Г) көзге түскен бөлшектерді алып тастау, антисептиктермен жуу

Д) көзге түскен бөлшектерді алып тастау, кортикостероидтарды тамызу

 

16.Жарақат алған науқаста жоғарғы қабақтың птозы, офтальмоплегия, мидриаз, қасаң қабықтың сезімталдығының төмендеуі байқалады. Айтылған белгілерге төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

А) склера конъюнктивасының жыртылуы

Б) көз шарасының эмфиземасы

В) көру нервінің үзілуі

Г) көз шарасының тромбофлебиті

Д) жоғарғы көз саңылауының синдромы

 

17.Қасаң қабықтың эпителиінің бүтіндігін анықтау үшін қандай дәріні қолданамыз?

А) Алкаин 0,5%

Б) Флюоресцеин 1%

В) Колларгол 1%

Г) Сульфацил-натрий 30%

Д) Левомицетин 0,3%

 

18.Науқас оң көзінен жас ағуына, жарықтан жасқануына, ауыруына шағымданды. Анамнезінен белгілі болғандай, кешке таман бақшада жұмыс істеу барысында ағаштың бұтағымен көзін зақымдап алған. Қарап шыққанда: ОД – 0,4түзетілмейді, OS – 1,0. Объективті: ОД – айқын қасаң қабықтық синдром, перикорнеалді қызару, қасаң қабықтың оптикалық маңы айнадай жылтырлығын жоғалтқан. Алдыңғы камера орташа тереңдікте, біркелкі. Қасаң қабықтың 2,0х1,5мм аймағы жасыл түске боялады. Алдын – ала диагноз қандай? Төменде көрсетілген қандай емдеу тактикасы дұрыс?

А) қасаң қабықтың жалақтануы, антисептиктер, антибиотиктер және витаминдер тамызу

Б) қасаң қабықтың жарақаттық ноғаласы, емдік кератопластика

В) қасаң қабықтың өршіме жарасы, антибиотиктер мен кортикостериодтарды тамызу және парабульбарлы аймаққа егу.

Г) қасаң қабықтың эрозиясы, кортикостероидтар мен регенеративті процестерді жақсартатын дәрілерді тамызу

Д)қасаң қабықтың тесіп өтпеген жарақаты, анестетиктерді тамызып, ауруханаға жатқызу.

 

19.Төменде аталған қандай клиникалық белгілер орбита қабырғасының сынығына тән?

А) көрудің төмендеуі, ауыру сезімі

Б) энофтальтм, экзофтальм

В) гипотония, гипертония

Г) көзден жас ағу және жарықтан жасқану

Д) птоз, блефароспазм

 

20.Төменде аталған қандай емдеу тәсілдері симпатикалық офтальмияны алдын-алу үшін маңызды?

А) дезинтоксикациялық терапия

Б) күшті антибактериалды терапия

В) жарақаттанған көздің энуклеациясы

Г) қабынуға қарсы ем

Д)десенсибилизациялық ем

 

21.Көру нервінің үзілуіне сәйкес белгі?

А) көздің қызаруы

 

Б) зағиптық(соқырлық)

В)көрудің төмендеуі

Г)көзішілік қысымның жоғарылауы

Д) гипотония

 

22.Офтальмологқа 1,5жасар баласымен ана келді. Анасы баласының сол көзі қарашығының сары түсті жарқырағанын байқады, қарашығы кең. Тексергенде: оң көзінің көз түбінен рефлекс қызғылт, ал сол көзінен рефлекс сарғыш. Сол көзін офтальмоскопия жүргізгенде тор қабықтың көп бөлігін алып жатқан, шыны тәрізді денеге шығып тұрған сары-алтындай түсті түзілім анықталды. Төменде аталған диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

А) тор қабықтың сылынуы

Б) ретинобластома

В)хориоидеяның меланомасы

Г)Коатс ретиниті

Д) токсоплазмозды хориоретинит

 

23.Алдыңғы камера бұрышындағы ісікті анықтау үшін қандай зерттеу тәсілі керек?

А) тонометрия

Б) офтальмоскопия

В) периметрия

Г) гониоскопия

Д) кампиметрия

 

24.Көз түбіне құйылған қанды қандай тәсілмен анықтауға болады?

А) көз ішіне жарық енгізу

Б) офтальмоскопия

В) жанынан жарық түсіру

Г) биомикроскопия

Д) рентген

 

25. 14 жастағы науқас көзінен жас ағуға және қабақтың астында бөгде зат тұрғандай сезімге шағымданды. Бір аптадай ауырып жүр. Объективті: OU – жоғарғы қабақтың конъюнктивасы ашық сүт тәріздес, ірі тығыз бүртіктермен жабылған, жұмыр тас тәріздес, лимб маңында бірең-саран сұрғылт –ақ түсті бүртіктер бар, көз алмасы конъюнтивасының беткейлік инъекциясы, оптикалық орталар мөлдір. Қандай диагноз сәйкес келеді?

А) жедел бактериалды конъюнктивит

Б) аденовирусты конъюнктивит

В) эпидемиялық кератоконъюнктивит

Г) пневмококкты конъюнктивит

Д) көктемгі конъюнктивит

 

26. 5 жастағы баланың көзі қызарған, жарықтан қорқу, жас ағу, көз алмасы конъюнктивасында тамырлары бар түйін бар. Қандай диагноз сәйкес келеді?

А) фликтенулезды

Б) вирусты

В) көктемгі

Г) бактериалды

Д) хламидиялық

 

27. Науқаста антибактериалды дәрілерді көп тамызғаннан кейін, қабақтары ісінген, қызарған, конъюнктива бүртіктенген, фолликула түзілген, терісінде папулезды-көпіршікті бөртпелер бар. Қандай диагноз сәйкес келеді?

А) көктемгі катар

Б) фликтенулезды конъюнктивит

В)дәрілік конъюнктивит

Г) поллинозды конъюнктиивт

Д)аденовирусты конъюнктивит

 

28.Жедел эпидемиялық конъюнктивиттің қоздырғышы қайсы?

А)Corynebacterium diphteriae

Б)Кох -Уикса таяқшасы

В)Neisseria gonorrhoeae

Г)Herpes simplex

Д)хламидии

 

29. Жаңа туылған нәрестеде гонобленнорея қай күннен бастап дамиды?

А)6-7

Б)13-14

В)2-3

Г)21-22

Д)30-31

 

30. Науқаста айқын қабақтың ісінуі, конъюнктивалық инъекция, іріңді бөлініс және алып тастағанда орнында жара қалатын ұлпа (пленка) байқалады.

Қандай алдын-ала диагноз сәйкес келеді?

А)бактериалды конъюнктивит

Б)дифтериялық (күл) конъюнктивит

В)вирустық конъюнктивит

Г)пневмококкты конъюнктивит

Д)хламидиялық

 

31. Науқас 23 жаста, екі көзінде бөгде зат тұрғандай сезімге және іріңді бөлініске шағымданады. Ауырғанына 2 күн болған, алдымен оң көзі ауырған, содан кейін сол көзіне өткен. Объективті көрінісі: OU - кірпіктерінде қатып қалған былшықтар бар, қабақтарының конъюктивасын қан кернеген, борпылдақ, ісінген, шеміршектің мейбомий безінің суреті байқалмайды, склерада әлсіз конъюнктивалық инъекция байқалады.

Қандай алдын-ала диагноз барынша сәйкес келеді?

А)жедел бактериалды конъюнктивит

Б)аденовирустық конъюнктивит

В)эпидемиялық конъюнктивит

Г)пневмококкты конъюнктивит

Д)диплобациллярлық конъюнктивит

 

32. Науқас 14 жаста, көзінің қатты қышуына, ашып күйген тәрізді сезімдерге, ауыру сезімімен жүретін жиі көзін жыпылықтауына шағымданады. Ауырғанына бір апта болған. Объективті көрінісі: OU – қабақ терісінің сыртқы бұрышы былжыраған, экзематозды өзгерген, ылғалданған тіліктер көрінеді; көз саңылауының бұрышындағы қабақ конъюнктивасын қан кернеген, көзден созылыңқы кілегей тәрізді аз мөлшерде бөлініс ағады.

Қандай алдын-ала диагноз барынша сәйкес келеді?

А)жедел бактериялық конъюнктивит

Б)аденовирусты конъюнктивит

В)эпидемиялық конъюнктивит

Г)пневмококкты конъюнктивит

Д)диплобациллярлы конъюнктивит

 

33. Нәрестенің туылғаннан кейін 3 күн өткен соң қабақтары көкшіл түсті болып айқын ісінді. Көз саңылауынан еттің жуындысы тәрізді бөлініс ағады. Конъюнктива қызарған, инфильтрацияланған, қанталайды.

Қандай алдын –ала диагноз сәйкес келеді?

А) жедел бактериалды коньюнктивит

Б) нәрестелердің гонобленнореясы

В) Эпидемиялық кератоконьюнктивит

Г) Пневмококты коньюнктивит

Д) Диплобацилярлы коньюнктивит

 

34. Науқас 27 жаста, көзінің қызаруына, ауыруына, жарықтан жасқанып, жас ағуына шағымданады. Клиникалық көрінісі: қабақтар ісінген, конъюнктива қызарған және инфильтрацияланған, бөртпелер мен қанталау байқалады. Лимфа түйіндерінің аденопатиясы бар.

Қандай алдын-ала диагноз барынша ықтимал?

А) бактериалды коньюктивит

Б) басыр

В) Эпидемиялық геморрагиялық конъюнктивит

Г) Аденовирустық

Д) Аллергиялық

 

35. Науқас 59 жаста, негізгі клиникалық көріністерінен паратрахома диагнозы қойылды.

Ересектерде паратрахоманы қандай аурулардан ажырату керек?

А)Хламидиялық коньюктивит

Б) Бактериалдық коньюнктивит

В) аденовирусты коньюнктивит, басыр

Г) Аллергиялық коньюнктивит, басыр

Д) күлдік коньюнктивит

36. Науқас 5 жаста, 3 күннен бері ауырады. Ата – анасының айтуынша бала-бақшадан жұқтырған. Объективті: OU- көп мөлшерде шырышты бөлініс, күмбез және қабақ конъюнктивасының қызауы, ісінуі, петехиалды қанқұйылу. Дене қызуы 38градус, басының ауруы, мұрнынан су ағу.

Қандай алдын-ала диагноз сәйкес келеді?

А)Жедел эпидемиялық коньюнктивит

Б)Гонобленнорея

В)Дакриоцистит

Г)Аденовирусты коньюнктивит

Д)Дифтериялық коньюнктивит

 

37. Нәресте туылғаннан кейін 3 күн өткен соң гонобленнореяның клиникалық көріністері байқалды.

Нәресте қандай жолмен ауруды жұқтырған?

А) Қарым- қатынастық жолмен кір киім, жуылмаған қол арқылы

Б) гонобленнореямен ауыратын анасының туу жолдарынан өткенде немесе баланы күту барысында зат арқылы

В) Кір қолдан, ластанған су арқылы

Г) Ауа- тамшы жолмен

Д) Қарым – қатынас арқылы, жалпыға қолдану заттарымен, медициналық қызметкерлердің кір қолдарынан

 

38. Қандай симптом орбитаның патологиясына жатады?

А) Эктропион

Б) экзофтальм

В) Миоз

Г) Буфтальм

Д) Гемофтальм

 

39. Науқас 22 жаста. Жедел ауырған. Жалпы жағдайы өзгермеген. Науқас көз шарасы жағынан қысым сезінеді, көз алмасын қимылдатқанда, ауырады. Объективті: ОД – экзофтальм, көз алмасының қимылы аздап шектелген, диплопия, қабақтары мен көз алмасы конъюнктивасы аздап ісінген.

Қандай алдын-ала диагноз сәйкес келеді?

А) Қабақтың абсцессі

Б) иридоциклит

В) блефарит

Г) тенонит

Д) катаракта

 

40. Диабеттік ретинопатияның ерте болатын белгілері:

А) тор қабық алдындағы витреалды қанқұйылулар, тор қабықтың венасының тромбозы

Б) көптеген қанқұйылулар, жаңадан түзілген қантамырлар

В) микроаневризмалар, май қанқұйылулар

Г) дәнекер тіннің өсуі, тор қабықтың фиброзы

Д) тор қабықтың сылынуы

 

41. Диабеттік ретинопатияның пролиферативті кезеңінің басталуы қандай өзгерістермен сипатталады?

А) тор қабық пен шыны тәрізді денеге қан құйылу

Б) гемианопсия

В) неоваскуляризация

Г) артқы синехия, артерия мен артериоланың тарылуы

Д) макро және микроаневризмалар

 

42. Қасаң қабықтағы қабыну ошағы қалай аталады?

А) абсцесс

Б)инфильтрат

В) флегмона

Г) фликтена

Д) гипопион

 

43. Науқас 49 жаста. Көруінің төмендеуіне шағымданады. Обьективті: OU – оптикалық орталар мөлдір, көз түбінде көптеген қан құйылулар және жаңадан түзілген қан тамырлар байқалады.

Қандай алдын-ала диагноз барынша ықтимал?

А) диабеттік ретинопатия

Б) гипертониялық ретинопатия

В) глаукома

Г) тор қабықтың орталық артериясының түйілуі

Д) Гиппель-Линдау ауруы

 

44. Науқас 20жаста. Көрудің нашарлауына, әсіресе ымырт түскенде шағымданады. Объективті: OU – оптикалық жүйе мөлдір; офтальмоскопиялық ретиналді қантамырлардың бойымен қара – қоңыр түсті пигментті түзілістер анықталады, пішіні мен көлемі әр түрлі «сүйек денешіктері» анықталды, қан тамырлары тарылған, көру кеңістігі концентрлі тарылған.

Қандай алдын-ала диагноз барынша ықтимал?

А) тор қабықтың пигментті дистрофиясы
Б) Бест сары дистрофиясы
В) ретиношизис
Г) Штартгард дистрофиясы
Д) Франческетти дистрофиясы

 

45. Көз алмасының ортаңғы қабығы тұрады?

А) нұрлы қабық, цилиарлы дене, хориоидеядан

Б) қасаң қабық, тор қабық, шыны тәрізді денеден

В) нұрлы қабық, тор қабық, хориоидеядан

Г) склера, хориоидеядан

Д) склера, нұрлы қабықтан

 

46. Көру нерві неше бөліктен тұрады?

А) 2

Б)3

В)4

Г)5

Д)6

 

47. Бұршақтың ядросы пайда болады?

А) 10жаста

Б) 15 жаста

В) 25жаста

Г) 40жаста

Д) 45жаста

 

48. Науқаста бас-ми жарақатынан кейін қабақтардың ісінуі, крепитация. Орбитаның қандай қабырғасының сынығы болу мүмкін?

А) сыртқы және ішкі

Б) ішкі және төменгі

В) жоғарғы

Г) төменгі және сыртқы

Д)жоғарғы және сыртқы

 

49. Науқаста блефароспазм, жас ағу, жарықтан жасқану, көзде бөгде дене тұрғандай сезім. Көз алмасының қандай бөлігінің зақымдануы мүмкін?

А) қасаң қабық

Б) конъюнктива

В) нұрлы қабық

Г) хориоидея

Д) склера

 

50. Қандай құрылымдар алдыңғы камераның қабырғалары болып табылады?

А) қасаң қабық, нұрлы қабық, цилиарлы дене

Б) қасаң қабық, нұрлы қабық, шыны тәрізді дене

В) нұрлы қабық, бұршақ, цилиарлы дене

Г) цилиарлы дене, нұрлы қабық, тор қабық

Д) бұршақ, шыны тәрізді дене, нұрлы қабық

 

51. Глаукомамен сырқаттанатын науқастың көру нерві дискінің экскавациясы. Склераның қандай ерекшелігінің үлкен мәні бар?

А) барлық жерінде қалыңдығы бірдей

Б) көру нерві дискінің шығатын жерінде құрылысы кереге тәріздес

В) көру нервінің шығатын жерінде склера жоқ

Г)көру нервінің шығатын жері қалың

Д) көру нервінің шығатын жері жұқа

 

52.Науқаста экзофтальм. Анамнезінде тиреотоксикоз. Көздің қандай бөлігінің патологиясы болуы мүмкін?

А) ретробульбарлы тін

Б) орбитаның төменгі қабырғасының ақауы

В) склераның созылуы

Г) орбитаның жоғарғы қабырғасының ақауы

Д) айналма бұлшықеті

 

53. Науқаста айқын аккомодацияның түйілуі. Көздің қандай бөлігінің патологиясы болуы мүмкін?

А) қасаң қабық

Б) нұрлы қабық

В)цилиарлы дене

Г) шыны тәрізді дене

Д) трабекула

 

54. Дәрігер нәрестені қарау кезінде қарашығының ақшыл –сұр түсті екенін анықтады?

Көздің қандай бөлігінің патологиясы болуы мүмкін?

А) қасаң қабық

Б) бұршақ

В) шыны тәрізді дене

Г)хориоидея

Д) тор қабық

 

55. Науқаста бас-ми жарақатын алғаннан кейін, сол көзінің қимылы сыртқа қарай жоғалды. Көру нервінің қай бөлігінің зақымдануы мүмкін?

А) n.Abducens

Б) n.Trochlearis

В) n. Oculomotorius

Г) n. facialis

Д) n. Trigeminus

 

56.Науқастың оң көзінде лагофтальм («қоян көз»). Қандай бұлшықет зақымдануы мүмкін?

А) жоғарғы қабақты көтеретін

Б) қабақтың айналмалы бұлшықеті

В) төменгі қиғаш

Г)төменгі тік

Д) ішкі тік

 

57. Науқастың көру жітілігін тексергенде Сивцев кестесінен 10 –шы қатарды көреді. Бұрыш қашықтығы неге тең?

А) 5мин.

Б) 2мин.

В) 1мин.

Г) 1сек.

Д) 3мин.

 

58.Гельмгольцтың түсті ажырату теориясына байланысты, тор қабықта үш түсті сезетін рецепторлар бар. Қандай түстер негізгі түс болып саналады?

А) қызыл, көк, жасыл

Б) көкшіл, сары, қызғылт

В) көк, сары, жасыл

Г) жасыл, қызыл, сары

Д) көк, сары, қызыл

 

59.Мектепке дейінгі балалардың көру жітілігін анықтау үшін қандай құрал қажет?

А) төртнүктелі түсті тест

Б) Сивцев кестесі

В) Орлов кестесі

Г) Рабкин кестесі

Д) синаптофор

 

60.Көру кеңістігін анықтау үшін қандай құрал қажет?

А) Рот аппараты

Б) Периметр

В) Орлов кестесі

Г) Сивцев кестесі

Д) синаптофор

 

61.Көз түбін тексеру үшін қандай құрал қажет?

А) рефрактометр

Б) периметр

В) кампиметр

Г) офтальмоскоп

Д) синаптофор

 

62.Бинокулярлы көруді бағалау үшін қандай құрал қажет?

А) Рот аппараты

Б) Сивцев кестесі

В) Рабкин кестесі

Г) Төртнүктелі түсті тест

Д) Орлов кестесі

 

63.Ширмер сынамасын жүргізгенде қалыпты жағдайда ылғалданғыш қағаз 5мин. ішінде неше см.-ге ылғалдануы керек?

А) 0,5см

Б) 1см

В)1,5см

Г) 2см

Д)3см

 

64.Көз түбіндегі артерия мен вена калибрының қатынасы неше?

А) 1:2

Б) 4:5

В) 1:5

Г) 2:3

Д) 2:5

 

65.Науқаста көз алмасының алға қарай шығуы байқалады. Қандай тәсіл көз алмасының сыртқа қарай шығуын нақты анықтайды?

А) гониоскопия

Б) биомикроскопия

В) офтальмоскопия

Г) офтальмохромоскопия

Д) экзоофтальмометрия

 

66.Науқаста көзішілік қысым жоғары, жетілген катаракта. Қандай тәсіл бұршақтың ісінгенін анықтай алады?

А) гониоскопия

Б) биомикроскопия

В) офтальмоскопия

Г) офтальмохромоскопия

Д) ультрадыбысты зерттеу

 

67.Науқаста көзішілік қысым жоғары. Глаукоманың түрін анықтау үшін қандай зерттеу тәсілі керек?

А) гониоскопия

Б) биомикроскопия

В) офтальмоскопия

Г) офтальмохромоскопия

Д) экзофтальмометрия

 

68.Жарақат алған науқастың оң көзінің көру жітілігі төмендеген. Тор қабықтың жағдайын қандай зерттеу тәсілі нақты анықтай алады?

А) циклоскопия

Б) биомикроскопия

В) диафаноскопия

Г) гониоскопия

Д) электроретинография

 

69.Науқаста кератит. Инъекция қалай көрінуі мүмкін?

А) күмбезге қарай көкшіл түсті

Б) ашық қызыл түсті, тамырлар барлық жерді қамтуда

В) қасаң қабықтың айналасы қызыл-көкшіл түсті

Г) көздің конъюнктивасының біркелкі қызаруы

Д) конъюнктиваның өтпелі қатпарлары көкшіл-қызыл түсті

 

70.Науқаста ұшықтық кератит. Қандай құрал қасаң қабықтың сезімталдығы жайлы толық ақпарат береді?

А) алгезиметр

Б) экзоофтальмометр

В) саңылаулы шам

Г) диафаноскоп

Д) синаптофор

 

71.Науқастың көзінің ішінде бөгде дене бар. Қандай тәсіл толық ақпарат береді?

А) офтальмоскопия

Б) рентгенлокализация

В) экзоофтальметрия

Г) диафаноскопия

Д) биомикросокпия

 

72.Науқастың көзінен 2 жылдан бері жас ағады. Қандай тәсіл жасты әкететін аппарат туралы толық мәлімет береді?

А) колларгол сынамасы

Б) жас-мұрын жолдарын жуу

В)контрасты рентгенография

Г)жас жолдарын сүңгілеу

Д)эхография

 

73.Науқаста жетілмеген катаракта. Қандай тәсіл бұршақтың жағдайы туралы нақты мәлімет береді?

А) биомикроскопия

Б) офтальмоскопия

В) периметрия

Г) гониоскопия

Д) рентгендиагностика

 

74.Көздің физикалық рефракциясын анықтайды?

А) бұршақтың сындыру күші

Б) көздің оптикалық орталарының сындыру күші

В) қасаң қабық пен бұршақтың сындыру күші

Г) бас фокустың тор қабыққа қатынасы

Д) қасаң қабықтың сындыру күші

 

75.Көздің клиникалық рефракциясын анықтайды?

А) бұршақтың сындыру күші

Б) көздің оптикалық орталарының сындыру күші

В) қасаң қабық пен бұршақтың сындыру күші

Г) бас фокустың тор қабыққа қатынасы

Д) қасаң қабықтың сындыру күші

 

76. Ересек адамның физикалық сындыру күшінің орташа көрсеткіші:

А) 18Д

Б) 44Д

В) 15Д

Г) 50Д

Д) 60Д

 

77.Көздің аккомодациялық аппаратына не жатады?

А) шыны тәрізді дене және артқы камераның сұйықтығы

Б) қасаң қабық және алдыңғы камераның сұйықтығы

В) тор қабық және көру нерві

Г) бұршақ және хориоидея

Д) бұршақ және цилиарлы дене

 

78.Науқастың көру жітілігі сфералық шынылармен түзетілмейді. Толық түзету цилиндрлік шынылармен жақсы. Оның себебі қандай?

А) шыны тәрізді дененің бұлыңғырлануы

Б) бұршақтың бұлыңғырлануы

В) әлсіз дәрежелі амблиопия

Г)бір көздің екі меридиандарының клиникалық рефракциясы біркелкі емес

Д) бір көздің екі меридиандарының клиникалық рефракциясы бірдей

 

79.Науқаста жақыннан көргіштіктің орташа дәрежесі, тұрақты аккомодацияның түйілуі. Қандай топтағы дәрілерді берген дұрыс?

А) миотиктер

Б) кортикостероидтар

В)мидриатиктер

Г) салицилаттар

Д) анестетиктер

 

80.Науқастың оң көзінің қасаң қабығының ноғаласы (бельмо). Көру жітілігі нөлге тең. Қандай ота жасаған дұрыс?

А) оптикалық мақсатта кератопластика

Б) тектоникалық мақсатта кератопластика

В) кератопротездеу

Г) косметикалық мақсатта кератопластика

Д) кератомилез

 

81.Қабақтардағы қабыну процесінің тез жазылуы байланысты:

А) қабақтардың қанмен қамтамасыз етілуі бай

Б) қабақтардың құрылысы қабатты

В) қабақ терісінің иннервациясына

Г) ірі венозды тамырлардың болмауы

Д) қабақтардың лимфа жүйесінің ерекшелігі

 

82.Блефариттің дамуына әкелмейді?

А) диабет

Б) авитаминоз

В) гипертония

Г) ішек құрттары

Д) рефракцияның ақаулары

 

83.Моракс- Аксенфельд диплобацилласынан болады?

А) жәй блефарит

Б) мейбомий блефариті

В) бұрышты блефарит

Г) қабыршақты блефарит

Д) демодекозды блефарит

 

84.Кірпік түптерінің қабынуын қалай атайды?

А) халазион

Б) теріскен

В) сыздауық

Г)қабақ абсцесі

Д) қабақ шемені (флегмона)

 

85. Науқаста құрғақ кератоконъюнктивиттің көрінісі:

А) склерит

Б) блефарит

В) Съегрен ауруы

Г) эписклерит

Д) аденовирусты конъюнктивит

 

86.Науқаста қасаң қабықтың сезімталдығының төмендеуі. Қандай себеп?

А) саңырауқұлақты кератит

Б) ұшықтық кератит

В) цитомегаловирусты кератит

Г) бактериалды

Д) қасаң қабықтың өршіме жарасы

 

87. Науқастың қасаң қабығы ағаштың бұтағы тәріздес боялды. Қасаң қабықтың қандай қабаты зақымданған?

А) эпителий

Б) боумен табақшасы

В) десцемет табақшасы

Г)қасаң қабықтың өзіндік заты

Д)эндотелий

 

88. Ұшықтық кератитте қандай дәрі көмектеспейді?

А) ацикловир

Б) офтальмоферон

В) полудан

Г)пилокарпин

Д)интерферон

 

89.Саңырауқұлақты кератитпен науқасқа қандай процедура керек емес?

А) инфильтратты өткір қасықпен алып тастау

Б)5% йод ерітіндісімен күйдіру

В) леворин тамызу

Г) левомицетин тамызу

Д) нистатин беру

 

90.Артқы увеитке жатады:

А) ирит

Б) циклит

В) парспланит

Г)иридоциклит

Д) хориоидит

 

91.Науқаста көз алмасының тамырлы қабығының артқы бөлігінің зақымдануы. Қандай диагноз?

А)хориоидит

Б) циклит

В) иридоциклит

Г) парспланит

Д)ирит

 

92.Науқаста көз алмасының тамырлы қабығының барлық артқы бөліктерінің қабынуы. Қандай диагноз?

А) артқы циклит

Б) хориоидит

В) панувеит

Г)шеткі увеаретинит

Д) парспланит

 

93.Науқаста қасаң қабық пен тамырлы қабықтың ұшықтық қабынуы. Қандай дәрімен емдеу керек емес?

А) гентамицин

Б) Зовиракс көз майы

В) ацикловир көз майы

Г) мидриацил

Д) ацикловир таблетка түрінде

 

94.Увеитпен сырқаттанатын науқаста көзішілік қысым жоғары. Оның себебін анықтау үшін қандай шаралар жүргізу керек?

А) гониоскопия жүргізу

Б) көздің алдыңғы-артқы өлшемін анықтау

В) көздің рефракциясын анықтау

Г) бинокулярлы көруді анықтау

Д) басты рентгенге түсіру

 

95. Гетчинсон триадасына кереңдік пен тістердің өзгерісінен басқа кіреді:

а) фасцикулярлы кератит

б) паренхиматозды кератит

в)терең жайылған кератит

г)диск тәріздес кератит

д) нейропаралитикалық кератит

 

96. Көздің контузиясында болатын Фоссиус шеңберінің көрінісі:

а)қасаң қабықтың орталық маңының диск тәріздес бұлыңғырлануы

б) нұрлы қабықтың жарақаттық колобомасы

в)бұршақтың алдыңғы қапсуласындағы нұрлы қабықтың қарашықтық жиегінің ізі

г) бұршақтың артқы қабының қабаттарындағы домалақ пішінді бұлыңғырлану

д) макулярлы аймақтағы сақина тәріздес қан құйылу

 

97.Иридодиализ – бұл:

а) нұрлы қабықтың болмауы

б)қарашықтың пішінінің және көлемінің өзгеруі

в)нұрлы қабықтың түсінің өзгеруі

г)нұрлы қабықтың айналып кетуі

д) нұрлы қабықтың түбінен ажырауы

 

98. Метил спиртімен уланғанда болады:

а) қасаң қабықтың дистрофиясы

б)катаракта

в)увеит

г)тор қабықтың сылынуы

д)көру нервінің семуі

 

99. Кератиттің нәтижесінен болмайды:

а) қасаң қабықтың ноғаласы

б) қасаң қабықтың дегенерациясы

в) қасаң қабықтың васкуляризациясы

г) қасаң қабықтың бұлыңғыры

д) екіншілік катаракта

 

100. Астигматизмді түзету жүргізіледі:

а) цилиндрлік шынылармен

б) жанаспалы линзалармен

в) жәй шынымен

д) призмалық линзалармен

г) рефракциялық хирургия арқылы

 

101. Көздің басты оптикалық сындыру орталығы:

а) ақ қабық

б) қасаң қабық

в) нұрлы қабық

г) шыны тәрізді дене

д) тор қабық

 

102. Аметропияға жатады:

а) эмметропия

б) пресбиопия

в) аккомодацияның түйілуі

г) гиперметропия

д) псевдомиопия

 

103.Аккомодацияның түйілу белгілеріне жатады:

а) диплопия

б) анизейкония

в) конвергенция

г) астенопиялық шағымдар

д) макулопатия

 

104. Рефракцияның объективті тексеру әдісіне жатады:

а) офтальмометрия

б) периметрия

в) кампиметрия

г) биомикроскопия

д) рефрактометрия

 

105.Көз алмасының ішке қарай ығысуын атайды:

а) анофтальм

б)энофтальм

в)экзофтальм

г) гемофтальм

д) нанофтальм

 

106.Көз алмасының жоқ болуын атайды:

а) анофтальм

б)энофтальм

в)экзофтальм

г)гемофтальм

д)нанофтальм

 

107. Клиникалық рефракция – бұл:

А) қолайсыз жағдайлардың әсерінен рефракцияның түзілуі

Б) организм өскен сайын көздің оптикалық жүйесінің өзгеруі

В) алыстан жақсы көретін нүктенің орналасуы

Г) диоптрияпен өлшенетін оптикалық жүйенің күші

Д) тор қабыққа бас фокустың орналасуының қатынасы

 

108. Қасаң қабықтың сезімталдығы төмендейді:

А) қасаң қабықтың жалақтануында

Б) қасаң қабықтың өршіме жарасында

В) туберкулезді аллергиялық кератитте

Г) мерездің кератитте

Д) ұшықтық кератитте

 

109. Тор қабықтың ауруларында болмайтын белгі:

А) орталық көрудің төмендеуі

Б) шеткі көрудің тарылуы

В) ауыру сезімі

Г) көру кеңістігінің өзгеруі

Д) түсті ажыратудың бұзылысы

 

110. Туберкулезді – аллергиялық кератитте лимбтің маңында орналасқан жартылай мөлдір, домалақ, сұр түсті түйін қалай аталады?

А) инфильтрат

Б) фликтена

В) жара

Г) пустула

Д) пингвекула

 

111. Аккомодация қандай жаста төмендейді?

А) 60 жасқа таман

Б) 20 жасқа таман

В) 40 жасқа таман

Г) жасөспірім жаста

Д) 3 жастан кейін

 

112. Бұршақты алып тастаудың жаңа жетік тәсілі?

А) ИОЛ қондырумен факоэмульсификация

Б) қасаң қабықты тілу арқылы интракапсулярлы экстракция

В) экстракапсулярлы экстракция

Г) бұлыңғыр бұршақтың люксациясы

Д) конъюнктивалық қиықпен қасаң қабықтағы тілік арқылы

 

113. Науқаста бастапқы катаракта, оның бұлыңғырлану процесін азайту үшін не істеу керек?

А) көзілдіріктік түзету

Б) мидриатиктер тамызу

В) метаболизмді жақсартатын дәрілер

Г) хирургиялық ота жасау

Д) миотиктер тамызу

 

114. Науқаста катарактаның экстракциясынан кейін астигматизм дамыды. Қандай себеп әкелді?

А) экстракапсулярлы экстракция

Б) кіші тілік жасау

В) интракапсулярлы экстракция

Г) үлкен тілік жасау

Д) катарактаның факоэмульсификациясы

 

115. Нұрлы қабық қандай қантамырлармен қоректенеді?

А) артқы қысқа цилиарлы артериямен

Б) жас артериясымен

В) тор қабықтың орталық артериясымен

Г) алдыңғы цилиарлы артериямен

Д) көздің артериямен

 

116. Көз шарасының төменгі қабырғасы немен шекараласады?

А) самай шұңқырымен

Б) торлы лабиринтпен

В) гаймор қойнауымен

Г) фронталді қойнауымен

Д) ортаңғы ми шұңқырымен

 

117. Төменде аталған қандай дәрілер көзішілік қысымды төмендетеді?

А) 1% атропин ерітіндісі

Б) 0,5 % тимолол

В) ципролет

Г) 0,25% левомицетин

Д) 0,5% тропикамид

 

118.Ересек адамдарда көз алмасының өлшемі неше?

А) 20мм

Б) 25мм

В) 23мм

Г) 24мм

Д) 22мм

 

119.Дренажды жүйеге кіретін анатомиялық түзілім:

А) трабекула

Б) макула

В) жас безі

Г) Краузе безі

Д) бұршақ

 

120. Қандай жарақаттар орналасуы бойынша көздің сұқпалы жарақаттарына жатпайды?

А) қасаң қабықтық

Б) конъюнктивалық

В) корнеосклералді

Г) склералық

Д) лимбтік

 

121. Жарықты сезу қызметі морфологиялық немен қамтамасыз етіледі?

А) биполярлы жасуша қабатымен

Б) нерв жасушалары қабатымен

В) сауытшамен

Г) таяқшамен

Д) ганглиозды жасушалармен

 

122. Көру анализаторының шеткі бөлігіне не жатады?

А) сыртқы тізелік дене

Б) көру нерві

В) көру жолы

Г) тор қабық

Д) бас ми қыртысының шүйде бөлігі

 

123. Скотома дегеніміз не?

А) көру кеңістігінің концентрлі тарылуы

Б) көру кеңістігіндегі шектелген ақау

В) көру кеңістігінің сыртқы жарты бөлігінің түсіп қалуы

Г) көру кеңістігінің тарылуы біркелкі емес

Д) көру кеңістігінің ішкі жарты бөлігінің түсіп қалуы

 

124. Қасаң қабықтық синдромға жатады?

А) ауыру сезімі, көзінің алдында кемпірқосақ тәрізді шеңбер бейненің пайда болуы

Б) фотопсия

В) жарықтан қорқу, жас ағу, ауыру сезімі, бөгде дене сезімі, блефароспазм

Г) қабақтардың астында бөгде дене тұрғандай сезім, көздің ауыруы

Д) заттардың қисайып көрінуі

 

125. Мадароз дегеніміз не?

А) нұрлы қабықтың болмауы

Б) кірпіктердің болмауы

В)бұршақтың болмауы

Г) кірпіктердің дұрыс өспеуі

Д) қабақтың бір бөлігінің болмауы

 

126. Ұшықтық кератиттің терең түріне жатады?

А) диск тәрізді кератит

Б) көпіршікті

В) паренхиматозды

Г) ағаш тәріздес

Д) склерозды

 

127. Катаракта кезінде электрофизиологиялық зерттеу не үшін керек?

А) катарактаның экстракциясынан кейін көруді болжау үшін

Б) хирургиялық емдеу тактикасын анықтау үшін

В) ота алдында консервативті емді жүргізуді анықтау үшін

Г) отадан кейінгі емдеу такикасын анықтау үшін

Д) ИОЛ таңдау үшін

 

128. Жасқа байланысты катарактаның клиникалық ағымында келесі кезеңдер бар?

А) клиникалық көрініске дейін, бастапқы, жетілмеген, жетілген

Б) бастапқы, жетілмеген, жетілген, өте жетілген

В) бастапқы, дамыған, алысқа өршіген, терминалді

Г) бастапқы, жетілмеген, сүтті, өте жетілген

Д) бірінші, екінші, үшінші, төртінші

 

129. Жасқа байланысты катарактада консервативті емнің көрсеткіші:

А) бастапқы сатысында

Б) жетілмеген сатысында

В) жетілген сатысында

Г) өте жетілген сатысында

Д) консервативті ем жүргізілмейді

 

130. Артифакия бұл?

А) бұршақтың бұлыңғырлануы

Б) бұршақтың болмауы

В) көзде жасанды бұршақтың болуы

Г) бұршақтың орнынан жартылай таюы

Д) бұршақтың орнынан толық таюы

 

131. Ядролық катарактасы бар науқасқа тән:

А) 1% пилокарпин ерітіндісін тамызғанда көру жітілігінің жақсаруы

Б) 1% атропин ерітіндісін тамызғанда көру жітілігінің жақсаруы

В) күндізгі мезгілде көру жітілігінің жақсы болуы

Г) квинакс ерітіндісін тамызғанда көру жітілігінің жақсаруы

Д) түнде көру жітілігінің жақсы болуы

 

132. Ісінген жетілмеген катарактада қандай асқыну болады?

А) факолизистік глаукома

Б) факотоксикалық иридоциклит

В) факоморфиялық глаукома

Г) бұршақтың алдыңғы капсуласының жыртылуы

Д) бұршақ ядросының алдыңғы камераға шығуы

 

133. Афакияны түзетудің жетілген тәсілі:

А) интраокулярлы линзаны имплантациялау

Б) жанаспалы линза

В) көзілдірікті түзету

Г) бифокалді көзілдірік

Д) телескоптық көзілдірік

 

134. Афакия бұл?

А) бұршақтың бұлыңғырлануы

Б) бұршақтың болмауы

В)көзде жасанды бұршақтың болуы

Г) бұршақтың жартылай орнынан таюы

Д) бұршақтың толық орнынан таюы

 

135. Аккомодация мезанизмі жақыннан іске қосылғанда, жалпы рефракциямен не болады?

А) көздің жалпы рефракциясы әлсірейді

Б) көздің жалпы рефракциясы күшееді

В) көздің жалпы рефракциясы эмметроптарда өзгермейді

Г)көздің жалпы рефракциясы миоптарда өзгермейді

Д) көздің жалпы рефракциясы гиперметропарда өзгермейді

 

136. Жақыннан көргіштіктің дамуына әкелмейтін себеп?

А) склераның әлсіздігі

Б) аккомодацияның әлсізігі

В) тұқым қуалайтын фактор

Г) көзішілік қысымның төмендеуі

Д) жалпы созылмалы ауру және ошақты инфекциялар

 

137. Аккомодация түйілуін қандай дәрілермен босатуға болады?

А) сульфацил-натрий

Б) левомицетин

В) атропин

Г) пилокарпин

Д) дексаметазон

 

138.Көздің қандай құрылымы көзішілік сұйықтықты бөліп шығарады?

А)шыны тәрізді дене

Б) цилиарлы дене

В) хориоиея

Г) нұрлы қабық

Д)бұршақ

 

139.Ашық бұрышты глаукоманың патогенезі:

А) алдыңғы камера бұрышының нұрлы қабықпен жабылып қалуы

Б) көздің дренажды жүйесінің дистрофиялық өзгерістері

В) алдыңғы камера бұрышында мезодермалді тіннің толық сіңбеуі

Г) нұрлы қабықтың бомбажы

Д) қарашықтың жабысып қалуы

 

140. Қабақтардың даму ақауы:

А)эпикантус

Б)поликория

В)кератоконус

Г) лентиконус

Д) афакия

 

141. Алдыңғы увеит кезінде көздің тамырлы қабығының қандай бөлігі зақымданады?

А) нұрлы қабық және цилиарлы дене

Б) тек қана нұрлы қабық

В) тек қана цилиарлы дене

Г) тек қана хориоидея

Д) тор қабық

 

142. Аталғандардың ішінде қайсысы көз алмасының тамырлы қабығына жатады?

А) қасаң қабық

Б) көру нерві дискі

В) склера

Г)цилиарлы дене

Д) тор қабық

 

143. Гранулематозды увеит жиі кездеседі?

А) стафилакоккты конъюнктивиттерде

Б) экзогенді ауруларда

В) пневмококкты кератитте

Г) стрептококкты кератоконъюнктивитте

Д) эндогенді ауруларда

 

144. Алдыңғы увеиттің емі басталады?

А) көзге мидриатиктер тамызумен

Б) этиологиясын анықтаумен

В)этиотропты еммен

Г) анестетик тамызумен

Д) аллергияға қарсы дәрілермен

 

145. Салюс – Гунн белгісі қандай ауруға тән:

А) диабеттік ретинопатияға

Б) жүкті әйелдердің ретинопатиясына

В) гипертониялық ангиопатияға

Г)тор қабықтағы жедел қанайналымның бұзылысына

Д) уытты (токсикалық) хориоретинит

 

146. Электроретинография тәсілімен нені зерттеуге болады?

А) тор қабықтың функционалдық жағдайын бағалау үшін

Б) көз түбінің қантамырларын

В) тор қабықтың тамырларындағы жылдамдықты анықтау үшін

Г) алдыңғы камера бұрышын зерттеу

Д) қасаң қабықтың сезімталдығын анықтау үшін

 

147. Конъюнктиваны зерттеуге арналмаған тәсіл?

А) биомикроскопия

Б) сыртқы байқау

В) бифокалді жарықтандыру

Г) офтальмоскопия

Д) бактериологиялық, цитологиялық зерттеу

 

148. Қасаң қабықтың негізгі қызметі:

А) жарықты өткізу, сұйықтық бөліп шығару

Б) жарықты өткізу, жарықты сындыру, қорғаныш

В) тіректік, жарықты сындыру, сұйықтық бөліп шығару

Г) түсті ажырату, жарықты сезу

Д) трофикалық

 

149. Қасаң қабықтық синдромға жатпайды?

А) жарықтан жасқану

Б) жас ағу

В) блефароспазм

Г) бөгде дене сезімі

Д) фотопсия

 

 

150. Алдыңғы камерадағы іріңді қалай атайды?

А) гифема

Б) лейкома

В) гипопион

Г) гемофтальм

Д) халькоз

 

151. Дәрігерге науқас оң көзінің көру жітілігінің төмендеуіне, қызаруына, ауыруына шағымданады. Ауыру сезімі түнде күшейіп, жас ағумен, жарықтан жасқанумен бірге жүреді. Объективті: көз алмасының айқын перикорнеалді инъекциясы, гипопион, қарашықтың тұсында сұр түсті экссудат, артқы синехиялар байқалады. Көзішілік қысым 21мм.с.б. Диагноз қойып, ем тағайындаңыз:

А)жедел иридоциклит, миотиктер тамызамыз

Б) глаукоманың жедел ұстамасы, мидриатиктер тамызамыз

В) жедел иридоциклит, мидриатиктер тамызамыз

Г) глаукоманың жедел ұстамасы, миотиктер тамызамыз

Д) жедел хориоидит, гормондар тамызамыз

 

152.Цилиарлы дененің қабынуы қалай аталады?

А) циклит

Б) ирит

В) увеит

Г) хориоидит

Д) хориоретинит

 

153. Преципитат бұл?

А) қасаң қабықтың артқы жағындағы нүктелі бөліністер

Б) шыны тәрізді дененің бұлыңғырлануы

В) бұршақтың алдыңғы капсуласының нұрлы қабықпен жабысып қалуы

Г) алдыңғы камерадағы ірің

Д) алдыңғы камерадағы қан

 

154. Артқы синехия бұл:

А) нұрлы қабық пен бұршақтың жабысуы

Б) қасаң қабықтың артқы бетінде нүктелі түзілімдер

В) шыны тәрізді денеде жүзіп жүрген бұлыңғырлану

Г) бұршақтың алдыңғы бетінде қабыну түзілімдері

Д) алдыңғы камерада ірің

 

155. Гемералопия дегеніміз не?

А) көру кеңістігінің өзгеруі

Б) бір түстің түсіп қалуы

В) көру кеңістігінің екі жақты түсіп қалуы

Г) ымырттық көрудің бұзылысы

Д) аккомодация бұзылысы

 

156. Скотома бұл?

А) көру кеңістігінің ошақты ақауы

Б) көру кеңістігінің тарылуы

В) ымырттық көрудің бұзылысы

Г) көру кеңістігінің концентрациялық тарылуы

Д) түсті ажыратудың бұзылысы

 

157. Хориоидея нені қоректендіреді?


Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 429 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.295 сек.)