Иммунопрофилактика
Тапсырма (8): 4 айлық балаға АКДС+Нів+ВГВ екпесі жасалды. Екінші күні терісінде 15 см-ге дейінгі гиперемия мен жергілікті температурасының жоғарлауы, қимылының шектелуі байқалды. Келесі күні көрініс күшейе түсіп, ісіну және гиперемия, дене қызуы 38С жоғарылап, интоксикация белгілері күшейген.
Анамнезінен: бала екінші жүктіліктен, бірінші жедел босанудан. Физикалық және нервті-психикалық дамуы жасына сай. Аллергоанамнезі өзгеріссіз.
1. Болжам диагноз?
2. Бала госпитализациялауды қажетсінеді ме?
3. Анасының мед.персоналға қарсылықтары дұрыс па?
4. Жедел хабарламаны (ф. 058у) жеткізу керекпе?
5. Болашаққа егу тактикасы?
«АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
№1 балалар аурулар кафедрасы
Іс әрекет алгоритмі
№ 10 ОСКЭ станциясы
Иммунопрофилактика
Тапсырма (9): 2 жасар балаға дене қызуының 37,3°С қа жоғарылауына және сол жақ құлағының ісінуіне шағымданып, бөлімшелік дәрігерге шақыру түсті. Балаға 9 күн бұрын паротитке қарсы егу жасалынды. Бір ай бұрын бала ЖРВИ мен ауырған. Анамнезінен баланың өмірінің бірінші жылында атопиялық дерматит белгілері байқалған. Бала жеке күн тізбесі бойынша егілген. АКДС, полимиелитке қарсы және ВГВ екпелерін асқынусыз қабылдаған.
Қарап тексерген де: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза. Араңы аздап қызарған. Лимфо түйіндері ұлғаймаған. Сол жақ құлақ маңы бездері мен тері қатпары ісіңіп қалыңдаған. Ішкі ағзалар бойынша патологиясыз. Менингеальді белгілері анықталмаған.
1. Болжам диагнозы?
2. Науқас госпитализациялануды қажетсінеді ме?
3. СЭС ке жедел хабарлама беру қажет пе?
4. Баладағы анықталған өзгерістерді қандай аурулардан ажырату қажет?
5. Болашаққа паротитке қарсы егу тактикасы?
«АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
№1 балалар аурулар кафедрасы
Іс әрекет алгоритмі
№ 10 ОСКЭ станциясы
Иммунопрофилактика
Тапсырма (10): Бөлімшелік педиатрға егу мәселесі туралы 7 жасар баласымен анасы келді, себебі бала мектепке дайындалып жатыр. Анамнезінен – баланың өсуі мен дамуы жасына сай дамыған, диспансерлік тіркеуде тұрмайды, ата-анасы егуге рұқсат бермеуі себебінен жоспар бойынша балаға вакцинация жүргізілмеген. Бала екі жасында полиомиелитпен ауырған.Басынан өткен ауруының қалдық белгілері сол жақ балтыр бұлшық еттерінің аздаған атрофиясы, сол жақ аяғының сіңірлі рефлекстерінің болмауы байқалды.
1. Осы баланы қандай егуден бастаймыз?
2. Паротитке, қызамыққы қарсы вакцианцияны қандай жоспар бойынша өткіземіз?
3. Дифтерияға қарсы баланы қандай препаратпен еккен дұрыс?
4. Баланы полиемиелитке қарсы қандай препаратпен еккен дұрыс?
5. Б гепатитіне қарсы баланы қандай жүйе бойынша егеміз?
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 677 | Нарушение авторских прав
|