АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Холиноблокаторлар дегеніміз не?
Холиномиметиктер дегеніміз не?
Холиномиметиктер жалпы екі топқа бөлінеді. Олар М,Н- холиномиметиктер.
М-холиномиметиктер ОЖЖ және ішкі мүшелердің М-холинорецепторларын таңдамалы қоздырады. Жалпы бұл топқа пилокарпин, ациклидин, мускарин дәрілер жатады.
Н- холиномиметиктер. Н- холиномиметикалық әсері каротидті шумақтың симпатикалық және парасимпатикалық ганглиилердің және бурек усті безінің ми қабатының нейрондық Н-холинорецепторларының агонистеріне тән.
Н- холиномиметиктер – тыныс орталығын рефлекторлы қуаттандыратын Н- холиномиметиктер өсімдік тектес болып келеді. Бұл топқа жататын дәрілер: цитизин, лобелин.
Холиноблокаторлар дегеніміз не?
М-холиноблокаторлар холиномиметиктер тобының дәрілік құралдарының және ацетихолин медиаторының бәсекелес антогонисті болып табылады. М-холиноблокаторлар холинергиялық синапстардың қызметин бұза отырып, медиаторлық жүйенің дисбалансын тудырады, парасимпатикалық жүйке жүйесінің мүшелерге әсерін тоқтатады, ол симпатикалық әсерлердің басым болуымен сипатталады.
13.Ганглиоблокаторлар. Әсерінің механизмі. Клиникада қолданылуы. Жағымсыз әсерлері.
Ганглиоблокаторлар вегативтік түйіндердің, бүйрек үсті безінің ми қабатының және каротидті шумақтардың нейрональдық - холинорецепторларына ацетилхолиннің әсер етуіне кедергі жасайды, қанқа бұлшық етінің - холинорецепторларына әсер етпейді.
Ганглиоблокаторлар артерияларды және веналарды кеңейтеді, ортостатикалық гиотензия тудырады, прекапиярлық қыспақтарды босаңсытады, шокта, инфекциялық уыттануда күйіктерде, пневмонияда, ұлпалардағы микроциркуляциямен қан айналымын жақсартады.
Жүрекке дейінгі және жүректен кейінгі күшті төмендетеді. Сол жақ қарыншаның жиырылғыштық қызметін жақсартады.
Ортостатикалық коллапс, стенокардия ұстамалары, атониялық іш қату,несептің іркілуі, терінің құрғауы, ауыз қуысының, жұтқыншақтың құрғауы, қарашықтардың кеңеюі, көз іші қысымының жоғарылауы, аккомодацияның салдануы. Үшіншілік аминдер ОЖЖ өтеді және діріл, ойлау және есте сақтау қабілетінің бұзылуын тудыруы мүмкін. Уланғанда психомоторлы қозумен тырысулар пайда болады.
14.Миорелаксанттар жіктелуі әсерінің механизмі. Клиникада қолданылуы. Дозасы көбейіп кеткенде (улану) көрсетілетін көмек.
Миорелаксанттар – жүйке-ет талшғы синапысындағы - холинорецепторларына таңдамалы әсер етіп, қаңқа бұлшық етінің қайтымды салдануына әкелетін дәрілер.Әсер ету механизмі бойынша Миорелаксанттар екі топқа бөлінеді: антидеполяриляризациялаушы және деполяриляризациялаушы топтар.
Клиникада қолданылуы:1. Өкпені жасанды желдету және ингаляциялық наркозда түтік енгізуді жеңілдету үшін өңеш пен жұтқыншақтың етін босаңсыту.
2.Шыққан сүйектерді салу, сүйек сынықтарын түзету.
3.Тырысқақ, ауыр тырысу ұстамалары электротырысу емінде.
4.Кеуде мен іш қуыстарындағы операцияларда өкпені жасанды желдету жүргізілетін наркозда.
5.Паркинсон ауруларындағы тырысуда, пирпмида мен экстра пирамида жүйесі жұмыстарының бұзылыстарында,арахноидитте,энцефилитте.
15.Адреномиметикалық дәрілер. Жіктелуі. Альфа- адреномиметиктер.Фармокодинамикасы.Қолданылуы.
Адреномиметиктердің фармокологиялық әсері симпатикалық жүйкелердің посианглионарлы талшықтарының қозу әсеріне ұқсас болып келеді, кейбір адреномиметиктер Орталық жүйке жүйесіне әсер етеді.
Жіктелуі:
Тікелей әсер ететін(а,в,в2адреномиметиктер)
жанама әсер ететін(эфедрин)
Альфа- адреномиметиктер. Адренорецепторлардың агонистері а-адренорецепторларға жалпы жіне таңдамалы әсер етеді.Бұл топтағы дәрілер артериялық гипотензия мен шырыш қабатының ісінуі кезінде қан тамырларын тарылтатаын құрал болып табылады. Препараттар:
Норадреналин, мезатон, галазолин, эстулик,клофелин
Фармокологиялық әсерлері:тамырдың тарылуы, АҚ жоғарлауы. Альфа-2-адреномиметиктер ОЖЖ тамырды тарылтатын импульстарын төмендетеді.
Қолдану көркеткіштері: шок,, коллапс,ринит, гипотензия. Альфа-2-адреномиметиктер гипертониялық ауру.
16. Адреномиметикалық дәрілер. Жіктелуі.Жағымсыз әсерлері. В1 және В2 адреномиметиктер
фармокодинамикасы. Қолданылуы. Жағымсыз әсерлері.
Адреномиметиктердің фармокологиялық әсері симпатикалық жүйкелердің посианглионарлы талшықтарының қозу әсеріне ұқсас болып келеді, кейбір адреномиметиктер Орталық жүйке жүйесіне әсер етеді.
Жіктелуі:
Тікелей әсер ететін(а,в,в2адреномиметиктер)
жанама әсер ететін(эфедрин)
В1 және В2 адреномиметиктер агонистері кардиологияда,пульмонологияда қолданады.Препараттар:
Добутамин, фенотерол, сальбутамол, тербуталин, кленбутерол, сальметер, изадрин.
Фармокологиялық әсерлері: миокардтың, мноиетридің, бронхолитикалық, токолитикалық
Қолдану көрсеткіштері: жүректің тоқтауы, кардиогенді шок, брадиаритмия, жүрек гликозидтерімен улану,түсік тастау қаупі, созылмалы демікпелі бронхит, бронх демікпесі.
21.Симпатолитиктер.Жағымсыз әсерлері.
Симпатолитиктер адренергиялық жүйке ұштарында норадреналиннің бөлініп шығуын тежейді.
-Жүрек жұмысын тежейді,миокардта норадреналиннің құрамын азайта отырып,брадикардия,атривентрикулярлық бөгет,стенокардия,ұзақ қолданғанда,бүйректің қан айналымының нашарлауымен және жалпы қан айналымдағы қанның көлемінің көбеюімен,гипотензивтік әсердің әлсіреуімен жүретін жүректің жетімсіздігін тудырады;
-Симпатикалық тонустың төмендеуі тұсында,парасимпаикалық тонусты жоғарылатады-қарашықтардың тарылуын.аккомодация түйілуін,бронхоспазм,жатырдың жиырылуы,ішектің перистальтикасының жоғарылауын тудырады;
-Октадин ортотоксикалық коллапс,құлақ маңы сілекей безінің ауырсынуын тудырады;
-Резерпин емге тұрақты тұнжырау,ұйқышылдық,қорқынышты түстер,паркинсонзим,ойық жара ауруын тудырады,мұрынмен тыныс алуды бұзады;
-Симпатолитиктерді ұзақ қолданғанда жыныстық дисфункция пайда болуы мүмкін;
Орталық әсерлі нейтропты дәрілер
1.Ингаляциялық наркозға арналған дәрілер. Әсерінің механизмі. Терапиялық кеңдігі бойынша салыстырмалы сипаттама. Жағымсыз әсерлері. Фторотан-артықшылығы тітіркендіргіш қасиеті жоқ, терең наркоз, наркоздың хирургиялық стадиясының тез болуы, айқын миорелаксация, тез ояну. Кемшіліктері тыныстың тежелуі, гипоксия, брадикардия, аритмия, гипотензия, коллапс, гепатит, бауырдың некрозы. Энфлуран-артықшылығы терең, тез наркоз, айқын миорелаксация, тез ояну, аритмия сирек байқалады. Кемшілігі әлсіз тітіркендіруші әсер, тырысу, еттің жиырылуы, тыныстың тежелуі, гипоксия, артериалық гипонтензия, бас іші қысымының жоғарылауы. Изофлуран-артықшылығы терең, тез наркоз, айқын миорелаксация, аритмия сирек байқалады, тәж тамырларының кеңеюі, қысым өзгермейді. Кемшілігі: тітіркендіргіш жедел иісті, тыныстың тежелуі, гипоксия, артериялық гипотензия. Азот тотығы-артықшылығы тітіркендірмейді, наркозға тез енужәне тез ояну, айқын анальгезия, тыныс алу орталығы мен тамыр қозғалтқыш орталықты тежемейді. Кемшілігі миорелаксация мен наркозға тереңдігі жетімсіз,жүректің жиырылуының бәсеңдеуі, қан түзілуінің бұзылуы, диффузиялық гипоксия.Ксенон- артықшылығы тітіркендірмейді, азот тотығы наркозынан терең, наркозға тез ену, тез ояну, төмен уыттылық. Кемшілігі диффузиялық гипоксия.
2.Бейингаляциялық наркозға арналған дәрілер. Салыстырмалы сипаттамасы нейролептоанальгезияға арналған дәрі (фентанил, дроперидол) пропанидин-ақыл-естен тандырады, субнаркотикалық мөлшерде баяу анальгетикалық әсер көрсетеді. Пропанидид таңдамалы түрде ми қыртыстарындағықозғалу аймақтарын күшейтеді. Пропанидидті шокта, бауыр ауруларында, ьүйрек жеткіліксіздігінде беруге болмайды, аса сақтықпен тәж тамырлары қан айналасы бұзылғанда, жүрек жетімсіздігінде, артериалық гипертензияда беру керек. Пропофол-көктамырға енгізілетін дәрі,анестезияны 30 сек кейін шақырады, егу орнында қатты ауырсыну болғанымен флебит тромбоз шақырмайды. Пропофол наркозынан ояну тез, аракідік тырысу, діріл, елестеу, астения, жүрек айну, құсу болвп, бас іші қысымы артады. Операциядан кеиін қызудың көтерілуі, сексуалдық тежелу, анафилактикалық реакция жағдайлары кездесетіні белгілі. Пропофолды аллергияда, гиперлемияда, ми қан айналасының бұзылуында, жүктілікте, 1 айға дейінгі нәрестелерге қолданылмайды.Кетамин-наркоз дамуында ауырсыну болмайды,есі жартылай бұлыңғырланады, рефлекстер жоғалмастан,қаңқа еттерінің тонусы сақталады. Кетамин рецепторлардың антогенистері ретінде нейрондардың иондар ауыртпалығын жеңілдетіп, осыған байланысты неврологиялық жетіспеушілікті болдырмайды. Қарсы көрсеткіштері: ми-қан айналасының бұзылуы, артериялық гипертензия, эклампсия, жүрек жеткіліксіздігі, қояншық және басқа да тырысу аурулары. Мидазолам-көктамырға енгізгенде наркоз 15 минут бойы,бұлшық етке енгізгенде 20 мин болады. Тырысуға қарсы әсер етеді, тыныс алу орталығын тежейтіндіктен мидазолам наркозын өкпені тек жасанды желдендірумен бірге жүреді.Гексенал, тиопентал натрий-гексенал бауырдағы цитохром 450-мен тотығып,алмасу өнімдері наркоздық әсер етпейді. Тиопентал май тіндеріне жиналып, сағатына оның 15% бауырда тотығады. Тоығу 40 сағатқа созылады. Гексенол мен тиопентал натрийді бауыр, бүйрек ауруларында, қызбада гипоксияда, жүрек жетімсіздігінде, мұрын жұтқыншақ қабынуында беруге болмайды.
3.Этил спиртінің фармакодинамикасы.Созылмалы алкоголизімді емдеуге арналған дәрілер.Әсерінің механизмі.Этил спирті- өзіне тән спиртті иісі,күйдіргіш дәмі бар мөлдір ұшқыш сұйық,тез тұтанады,жанады,кез келген қатынаста сумен,эфирмен,хлорформмен араласады.Этил спирті молекуласындағы полярлы,гидроксил мен полярсыз этил радикалының бірге болуының арқасында жақсы еріткіш болады,тұнбалар,экстракттар,сыртқа қолданатын дәрілер дайындауда пайдаланылады.Организмде аз мөлшерде эндогенді алкогол болады,оның қандағы концентрациясы 0,004-тен0,01% болады. Этил спирті терінің сезімтал талшық ұштарын тітіркендіріп,сегментарлы трофикалық рефлекстерді қоздырып,ауырсынуды басып,жеңілдетуші әсер береді.20-40%, мөлшерінде бронхиттерде,радикулитте жылытқыш компресс ретінде,отиттерде құлаққа тамызу үшін пайдаланылады.Этил спирті резорбтивті әсерінде наркозға арналған дәрілер тәрізді,ООЖ-не тежегіш әсер көрсетеді.Спирт наркоз үшін қолданылмайды,себебі наркотикалық әсерінің кеңдігі өте тар және наркоздың агональды кезеңіне тез өтеді,ал қозу кезеңі керісінше ұзақ болады.Сонда да спирттің анальгетикалық қасиетін медициналық тәжірибеде пайдаланады:этил спирті шокқа қарсы сұйықтықтардың құрамына кіреді.Спиртті жергілікті қолданғанда тітіркендіргіш,бырыстырғыш және антисептикалық әсері бар,сондықтан медицинада тек антисептикалық және тітіркендіргіш дәрі ретінде қолданылады.Этил спиртінің қайта сіңу әсері оның қандағы мөлшеріне әсері оның қандағы мөлшеріне әсері оның қандағы мөлшеріне әсері оның қандағы мөлшеріне,яғни уытты кинетикасына байланысты. Созылмалы алкоголизммен 5-10% ерлер,3-5% әйелдер ауырып,халықтың 1, 5%-да алкоголь психозының көріністері болып тұрады.Әсіресе әйелдер маскүнемдігінің әлеуметтік қаупі зор,себебі балалары да ішімдік ішуге тартылады.Алкоголді ішімдікке үйрену көбінесе 13-14 жастан басталады.60-80гр.әр тәулікте қабылдау созылмалы маскүнемдікке тез соқтырады.Ішімдікті шектен тыс қабылдайтын адамдар дейін жасай алмай,уланудан жараққаттардан,полииейроэнцефалопатия,геморрагиялық инсульт,кардиомиопатия,мұрын-жұтқыншақ қатерлі ісігі,жіті немесе созылмалы панкреатиттен қайтыс боладыСозылмалы маскүнемдікке психикалық,физикалық тәуелділік пен үйренгіштік тән.Эмоционалды тұрақсыздық,ауыр депрессия мен өзіне қол жұмсауға дейін,интеллект пен есте сақтау қабілетінің қарқынды нашарлауы байқалады.Қандағы спирттің мөлшері 3-4г\л болса да седативті нәтиже бермейді.
4.Ұйықтататын дәрілер,әсерінің механизмі.Ұйқының құрылысына әсер етуі. Ұйықтататын дәрілер ұйқыны,ұйықтауды және ұйқының қажетті тереңдігі мен ұзақтығын қамтамасыз етеді,ұйқысыздықты емдеу үшін қолданылады.Ұйқының 2 кезеңі болады:жылдам басталатын ұйқы және баяу басталатын ұйқы.Баяу басталатын ұйқыда ағзада зат алмасу,бездің секрециясы,биологиялық белсенді заттардың бөлінуі,артериялық қан қысымының төмендеуі байқалады.Бұл саты ұйқының 75% құрайды.Жедел ұйқы кезіңінде адам түс көреді,ол қайталанып отырып,ұйқының 25%құрайды.Ұйқысыздық әртүрлі психикалық ауруларды,невроздарды шақыруы мүмкін.Сол себептен ұйқысыздық жағдайда ұйқының тіртібін бұзбас үшін күндізгі ұйқыдан бас тартып және кешке ұйықтар алдында серуендеп,тыныш ұйықтауға жағдай қажет.Егер де бұл тәсіл тиімді болмаған жағдайда,ұйқы бұзылысын реттеу үшін ұйықтататын дәрілер қолданылады.Ұйықтататын дәрілер ұйқының қалыптасуын және дамуын қамтамасыз етеді. Ұйықтататын дәрілер ретінде әртүрлі фармакологиялық топтағы препараттарды қолданады.Ұйықтататын дәрілердің жіктелуі:а)Барбитур қышқылының туындылары:Фенобарбитал,Этаминал-натрий,Эстимал,Циклобарбитал.Циклобарбитал-диазепам.б)Бензодиазепин туындылары:Нитразепам,Флунитразепам,Триазолам,Мидазолам,Флуразепам,Лоразепам,Темазепам.в)Басқада.химиялық.қосылысты.дәрілер:Зопиклон,Золпидем,Доксиламин,Бромизовал,Метаквалон,Геминейрин,Хлоралгидрат,Натрий оксибутираты,Фенибут.Ұйықтататын дәрілік заттардың әсер ету механизмі ОЖЖ-ң табиғи тежеуші ГАМҚ(гамма-амино май қышқылы)медиаторының тежейтін әсерінің күшеюімен байланысты. Ұйықтататын дәрілік заттар ретикулярлы формациядан бас миының қыртысына өтіп жатқан белсенді импульстарды әлсіздендіреді.Ұйқы келу процесі бұзылуында әсері қысқа дәрілер белгіленеді.Ұйқы келу процессі бұзылуынан басқа,ұйқы шала және ол жиі оянып,қорқынышты түс көруде әсері ұзақ ұйықтататын дәрілер белгіленеді.Егер ұйқы тез оянумен өтетін жағдайға,оянған кезде әсері қысқа немесе ұйықтар алдында әсері ұзақ дәрілер белгіленеді.Фармакологиялық әсері-аз мөлшерде тыныштандыратын,ал орташа мөлшерде ұйықтататын,тырысуға қарсы,анксиолитикалық және бұлшық етті босаңсытатын әсер көрсетеді.Ұйықтататын дәрінің әсері-бұл екі жүйенің өзара байланысып,гипногенді жаққа ауысуымен болады.Шынымен көптеген ұйықтататын дәрілер,мыс барбитураттар ми бағанасының белсендіргіші жоғарылаған торлы құрылымына тежегіш әсер көрсетеді,бұл ұйқының дамуына әкелуі керек.Соңғы жылдары эндогенді заттар табылған-ол гипногенді,ұйықтататын әсері бар ағзадағы пептидтер.Ол пептидтер ұйқы механизмін ашуға және жаңа ұйықтататын дәрілер ісдестіруге мүмкіндік беріп отыр.
5.Ұйықтататын дәрілер.Химиялық құрылысы.Барбитураттармен жедел улану.Көмек көрсету.Ұйықтататын дәрілердің жіктелуі:Барбитур қышқылының туындылары. Фенобарбитал (люминал), этаминал-натрий (нембутал) Эстимал (амитал) Циклобарбитал (фенодорм) Циклобарбитал+диазепам («Реладорм»). Бензодиазепин туындылары. Нитразепам (радедорм, эуноктин, берлидорм). Флунитразепам (рогипнол, сомнубене). Триазолам (хальцион). Мидазолам (дормикум, флормидал). Флуразепам (далмадори) Лоразепам (толид) Темазепам. Басқа да химиялық қосылысты дәрілер. Зопиклон (имован) Золпидем (ивадал) Доксиламин (донормил) Бромизовал Метаквалон Геминейрин (хлометиазол) Хлоралгидрат Натрий оксибутираты Фенибут .Ұйықтататын дәрілермен жедел улану. Абайсызда, әдейі немесе қате артық мөлшерлеуде улануларға алып келеді. Белгілері: ұйқы келуі, апатия, миоз, брадикардия; әрі қарай коматозды жағдай: естүссіздік, рефлекстің және тыныс алудың тежелуі, АҚ-ң төмендеуі, ауырған жерін сезбеу, дене қызуының төмендеуі, қаңқа бұлшық еттерінің босаңсуы, қан айналымының бұзылуы және тыныс алу салдануынан өлімге алып келуі мүмкін. Жәрдем: асқазанды шаю, гемодиализ, гемосорбция және перитонеальды диализ жасау қажет. Барбитураттармен жеңіл уланғанда күре тамырға оның антогонисттері темегрид (0,5% -10мл ерітінді ампулада), флюманезил, оттегімен емдеу, пневманияның алдына алу үшін антибиотиктер; инфузиялық терапия – полиглюкин, витаминдер. Фенобарбитал – Phenobarbitalum (Б): 0,05 және 0,1 таб шығарылып, 1,2 таб.тағайындалады. Әсері 6-8сағ созылады. Фенобарбитал тырысуға қарсы және эпилепсияға қарсы қолданылады. Этаминал – натрий: ұнтақ; ұйықтардан 0,1-0,2 таб 30 мин алдын қабылдау қажет. Әсері 4-6 сағатқа созылады. 5% 5-10мл еріт к/т енгізіледі. Эстимал – Aesthimalum (Б) -0,1-0,2 таб ұйықтардан 15-30мин алдын қабылдайды. әсері 6-8 сағ созылады. Циклобарбитал – 0,1-0,2 таб, («Реладорм» таб) – этаминал – натрийге ұқсас.
6.Паркинсонизмге қарсы қолданылатын дәрілер. Әсерлерінің механизмі бойынша жіктелуі.Жағымсыз әсерлеріПаркинсонизмге қарсы әсер ететін дәрілік заттар. Пракинсон дерті қозғалуы, адамның қозғалысы тырысулар арқылы жүреді, тершең келеді, тез ашуланшақ болады.Бұл дәрілерді Паркинсон ауруын емдегенде қолданады. Паркинсон ауруы созылмалы келеді, өйткені экстрапирамидтік жүйенің ядролары бұзылады. Бұл аурудың белгілері: бұлшық еттің қысымы жоғарылап, тоқтамай дірілдейді, қимылы баяулайды. Себептері белгісіз. Зерттеулерге қарағанда базальды ядроларда, қара субстанцияда, дофаминнің құрамы төмендейді. Дофаминнің жетіспеушілігі қозғалыстың бұзылуына себеп болады. Оны толықтыру үшін L-Дофа – дофаминнің туындысын береді. Ол денеде (левадопа) гематоэнцефалдық тосқауылдан өтіп, Дофа-декарбоксилаза ферментінің қатысуымен дофаминге айналады. Дофаминергиялық жүйенің белсенділігін арттыру үшін -Левадопа (Levodopa), қара субстанцияның нейронымен дофаминді ұстауын тежеу үшін дофаминнің рецепторларын қоздырушы – Бромокриптин (Bromocriptine), моноаминоксидаза-В ферменті тежейтін – Селегилин (Selegiline). Глутаматергиялық жүйені тежейтін, соның арқасында дофаминергиялық әсердің белсенділігін арттырушы – Мидантан (Midantanum). Холинергиялық жүйені тежейтін, сондықтан дофаминергиялық және холинергиялық жүйелердің тепе-теңдігін сақтау үшін Циклодол (Cyclodolum) қолданылады.
7. Үлкен эпилепсияға қолданылатын дәрілер. Әәсерінің механизмі. Эпилепсиның үлкен тырысу ұстамаларының алдын-алу үшін қолданылатын негізгі дәрілер-карбамазепин, дифенин,натрий вальпроаты, феноборбитал.Үлкен ұстамаларды емдеуде көмекші заттар ретінде гексамидин, хлоракон қолданылады.Феноборбитал (люминал) айқын ұйықтататын әсер көрсетеді. Феноборбиталдың әсер ету механизмі ГАМҚ-ергиялық жүйені белсендендіруіне байланысты.макромолекуларлы ГАМҚ-рецепторлық кешеннің барбитураттары рецепторына ықпал ету арқлы ГАМҚ-ның әсерін жоғарылатады.Дифенин-ол натрий өзектерін тежеп, олардың инактивациялану уақытын ұзартады, сондай-ақ жоғары сапалы разрядтардың таралуына (генерациясына) және жайылуына кедергі жасайды.
8. Кіші эпилепсияда және психомоторлы эквиваленттерде қолданылатын дәрілер. Психомоторлық ұстамаларда дифенин, гексамидин, хлоракон, сондай-ақ феноборбитал қолданылады. Соңғы жылдарда эпилепсияның осы түрінде тиімді кең таралған препарат карбамазепин (стазепин, тегретол, финлепсин)психомоторлық ұстамаларды емдеу үшін ГАМҚ-ның жаңа аналогы-габапептин (нейронтин) ұсынылады. Оның әсер ету механизмі белгісіз. Препаратқа анксиолитикалық және ауыру сезімін басатын белсенділіктер тән.Эпилепсияның кіші ұстамаларын алдын-алуда негізінен этосуксимид, натрий ваальпроаты, сонымен қатар клоназепам, ламотриджин және тирметин қолданылады.
21.Синонимді препараттармен сәйкестендіріңіз: диклофенак-натрий-Ортофен. Фенилбутазон-Бутадион. Нимесулид-Нимулид. Ацетилсалицил қышқылы-Аспирин
22.Дәрілік.заттар.қасында-адреномиметиктерді.көрсетіңіз:1. Добутамин2.Фенилэфрин3. гидрохлорид+,4.Норэпинефрин+,5. Сальбутамол.6.Изопреналин.7.гидрохлорид, 8.Ксилометазол +9.нафазолина. 10.нитрат+ 11.Эпинефрин12.Фенотерол, 13.Мидодрин+. 14.Клонидин+
25. Наркотикалық анальгетиктер. Химиялық құрылысы және шығу тегі бойынша жіктелуі. Дәрілерге тәуелділік. Көмек көрсету және профилактикасы.Ж: Наркотикалық анальгетиктер ауырсынуды қабылдауды токтатады және оған деген шыдамды жоғарылатады. Дәрілік тәуелділікке әкеледі. Жіктелуі: 1.Опий алколоидтары: Морфин,Морфилонг, Омнопон, Суфентанил, Пентазоцин (Фортрал, лексир) Буторфанол (Бифорал, Морадол) Бупренорфин(Морфин, Темгезик) Нарколикалық анальгетиктерді қабылдауды тоқтатқаннан соң 6 айдан кейін үрей, ұйқысыздық, тыныс бұзылыстары байқалады. Үйренгіштік 0,25-0,5 гр Морфинді, жедел улану белгілерінсіз қабылдауға мүмкіндік береді. Бупреморфин, Буторпанол, налбуфин, пентазоцин опиоидты рецепторларға қарағанда дәрілік тәуелділікті сирек шақырады, Трамадолдың аз есірткі әсері бар. Жедел көмек көрсету шаралары тыныс алу бұзылыстарын жофға бағытталады. Оң қысыммен өкпенің жасанды вентилициясын жүргізеді,бронхтың бөліп шығарған секретін.сорып алады. Конкурентті антогонистер налоксон және налтрексон колданылады. Бұл препараттар кез-келген наркотикалық аналгетиктермен уланғанда тиімді. Налоксонды қолданғанда тыныс алу улануға дейінгіге қарағанда жиі болады 12-24мг дозасда налоксон орталық жүйке жүйесінің кызметіне әсер етпейді. Налтерексон улкен дозаларда бауырға улы әсер береді, жүрек айну, кұсу, бас аурулары, қорқыныш, тері бөртпелеріне әкеледі.Асказанды жуу үшін белсендірілген көмір немсе 0,05%калий перманганаты ерітіндісі колданылады. Екі антидоттың да кайталап колданылады.Дәріге тәуелділік – бұл наркотикалық әсері бар психоактивті дәрілерді қайталап қабылдауға ұмтылу, яғни эйфорияға жету мақсатында немесе физикалық дискомфортты азайту мақсатында қолдану.Көмек кқрсету:Асқазанды шаю;Адсорбциялаушы заттар;Іш жүргізетін заттар;Тынысты ынталандыратындар;Тыныс тоқтағанда жасанды тыныс;Антагонистер: налоксон, налтрексон.
26.Бейнаркотикалық анаьгетиктер.Химиялық құрылысы бойынша жіктелуі. Қолданылуы. Жағымсыз әсерлері.
Наркотикалық емес анальгетиктер Наркотикалық емес анальгетиктер ауырып тұрған сезімді басады, көтерілген дене температурасын түсіреді, қабынуға қарсы әсер етеді. Қолданылуы: оларды қабыну кезінде болатын ауырып тұрған сезімді алып тастау үшін қолданамыз: невралгияда, радикулитте, тіс, бас, буын бұлшық еттердің ауырғанда, ревматизмде, СЫНЫҚТАРДА ҚОЛДАНБАЙМЫЗ.Наркотикалық емес анальгетиктер жоғары дене температурасын түсіру үшін қолданылады. Наркотикалық анальгетиктерге қарағанда олар ұйқтатын және седативті әсері жоқ тыныс алу және жөтелу орталығын тежемейді, эйфария шақырмайды, дәрілік бейімдеушілігі жоқ. Классификациясы: а) анальгетиктер – антипиретиктер (анальгетикалық және дене температурасын төмендететін дәрілік заттар). 1) Салицил қышқылының туындылары: ацетилсалицил қышқылы (асперин), натрий салицилаты, салициламид. 2) Ацетилсалицил қышқылы – Acidum acetylsalicylicum: таб 0,25; 0,5 тамақтан кейін 1-4 мезгіл, ұсатып сүтпен бірге қабылдаймыз. Қабынуға қарсы, ауырып тұрған сезімді жояды, дене температурасын төмендетеді. Кері әсері: диспепсия, жүрек айниды, құсық болады, асқазанда ауру сезімі пайда болады, асқазан ішек жолдарынан қан ағуы мүмкін, аллергиялық реакциялар, бронхоспазм, бас айналады, есту қабілеті төмендейді, құлақта шу пайда болады, қанның ұюы төмендейді. Ацетилсалицил қышқылынан дайындалатын препараттар: тромбо АСС, аспирин-кардио, 0,05; 0,1г болып келеді, тез еритін таб түрінде «Асперин С», «АЦЦ+С-Меркле», «Форталгин С», «Алка-Зельтцер».
27. Бейнаркотикалық анаьгетиктер.Фармакодинамикасы.Қабынуға қарсы әсерінің механизмі. Қолданылуы. Жағымсыз әсері.
Наркотикалық емес анальгетиктер Наркотикалық емес анальгетиктер ауырып тұрған сезімді басады, көтерілген дене температурасын түсіреді, қабынуға қарсы әсер етеді. Қолданылуы: оларды қабыну кезінде болатын ауырып тұрған сезімді алып тастау үшін қолданамыз: невралгияда, радикулитте, тіс, бас, буын бұлшық еттердің ауырғанда, ревматизмде, СЫНЫҚТАРДА ҚОЛДАНБАЙМЫЗ.Наркотикалық емес анальгетиктер жоғары дене температурасын түсіру үшін қолданылады. Наркотикалық анальгетиктерге қарағанда олар ұйқтатын және седативті әсері жоқ тыныс алу және жөтелу орталығын тежемейді, эйфария шақырмайды, дәрілік бейімдеушілігі жоқ. Анальгетиктердің әсер ету механизмі: циклооксигеназдың ферментінің ингибиторы (тежегіш). Дененің жоғары температурасын төмендетуі: дене температурасының реттегіш орталығын сезімталдығын төмендетеді. Қабынуға қарсы әсері: простагландин медиаторының бөлінуін азайтады.
28.Бейнаркотикалық анаьгетиктер. Қызуды және ауырсыну сезімін басу әсерінің механизмдері.
Наркотикалық емес анальгетиктер Наркотикалық емес анальгетиктер ауырып тұрған сезімді басады, көтерілген дене температурасын түсіреді, қабынуға қарсы әсер етеді.
Дененің жоғары температурасын төмендетуі: дене температурасының реттегіш орталығын сезімталдығын
Антимикробты дәрілер. Жіктелуі. Салыстырмалы сипаттамасы. Микробтарға қарсы қасиеттері бар дәрілік заттарды 2 топқа бөледі. 1.антисептиктер және дезинфекциялайтын: детергенттер-церигель,нитрофуран туындылары-фурацилин, фенол топтары-таза фенол, резорцин, қайынның қара майы, бояғыштар-бриллиант жасылы, метилен көгі,хлоргексидин, метал қосылыстары-сынап дихлориді, күміс нитраты, мыс нитраты, мырыш тотығы, мырыш сульфаты,тотықтырғыштар-суттегі асқын тотығының ерітіндісі, калий перманганаты, анальдегидтер-этиль спирті, қышқылдар мен сілтілер-бор қышқылы, аммиак ерітіндісі. 2. Антибактериалды химиотерапевтикалық дәрілер: антибиотиктер-микроорганизмдерді таңдап азайтатын немесе жоятын әсер етуші биологиялық текті химиялық қосылыс, пеницилиндер, цефалосприндер, макролидтер, тетрациклиндер, левомицит, аминогликолиз, полимиксин, линкозамин, фузидин қышқылы.
Химиотерапиялық дәрілер. Химиотерапияның негізгі принциптері. Уросептиктер және антиспирохетозды дәрілер. Әсерінің механизмі. Қолданылуы. Химиотерапиялық дәрілер- белгілі бір жұқпалы және паразитарлық аурулардың қоздырғышына таңдап, улы әсер көрсететін дәрілік заттар. Оларға бактерияларға, вирустарға,саңырауқұлақтарға, құрттарға қарсы препараттар жатады. Химиотерапияның негізгі принциптері; 1.Қоздырғыштың белгілі бір түріне таңдамалы әсер етуі. 2.Адам мен жануарға уыттығы төмен. Химиотерапиялық препараттар топтары; - Антибиотик. – Сульфениламидтік препараттар. -- --Хинолон туындылары. –Синтетикалық заттар. –мерезге қарсы затар. –Туберкулезге қарсы заттар. Уросептикті дәрілер қолданылады; Цистит, уретрит, пиелонефрит.
Белок синтезін бұзатын антибиотиктер.Левомицетин.Сипаттамасы. Ақуыздың жасуша ішілік синтезін бұзатын:тетрациклиндер,макролипидтер,аминогликозидтер(бактерицидті әсер көрсетеді),левомицетин,линкомицин. Левомицетин. Әсер ету механизмі:рибосома деңгейінде ақуыз синтезін бұзып,бактериостатикалық әсер етеді.Әсер ету спектрі кең:грамм(+) және грамм(-)бактериялар,сонымен қатар ішек бактериялары,спирохеталар,риккетсиялар,хламидиялар,микоплазмалар.Қышқылдарға тұрақты микобактерияларға,көкірің таяқшаларына,клостридиялар мен қарапайымдыларға әсер етпейді.Қолдану көрсеткіштері:левомицетин улылығы жоғары антибиотик,АІЖ-да тез сіңеді,ағзаның барлық сұйықтықтары мен ұлпаларына тез таралады.Оларды басқа улылығы төмен антибиотиктердің әсері болмаған жағдайдағы ауыр инфекцияларда немесе басқа препараттарды көтере алмағанда,қоздырғыштың левомицетинге сезімталдығы жоғары болған жағдайда қолданылады.Левомицетин іш сүзегінде,паратифте,сальмоннелезде,бруцеллезде,туляремияда,риккетсиозда,менингитте,көздің жұқпалы ауруларында(0,25% көз тамшылары)қолданылады.Жанама әсері-қан түзілуінің бұзылуы,тері аурулары(экзема,псориаз,саңырауқұлақтармен зақымданулары) және жеке көтере алмаушылық.Жаңа туған балалар мен жүкті әйелдерге қолдануға болмайды.Laevomycetinum-левомицетин(Амбофен) (Б):0,25 және 0,5 таб.(капс.)шығарылып,тәулігіне3-4 рет тамақтан 20-30 мин.бұрын белгіленеді;әсері ұзартылған 0,65 таб.тәулігіне 2рет тамақтан 20-30 минут алдын белгіленеді.Левомицетиннің антибиотиктік бактериостатикалық әсерлерінің оның рибосомаға жасайтын ықпалымен және ақуыздың синтезіне қысым көрсететінімен байланысқан.Пептидилтрансферазаны да әлсіздендіреді.Микроорганизмдердің левомицетинге үйреншіктігі,төселуі біршама баяу дамиды.
Табиғи және жартылай синтездік пенициллиндер.Антимикробты әсерінің салыстырмалы спектрі және механизмі.Қолданылуы.Жағымсыз әсерлері.Табиғи пенициллиндер әсер ету спектрі: грамм(+)микроорганизмдерге:стафилококктар(пенициллиназа(пенициллиндердің)Вета- лактамдыы сақинасын бұзатын фермент)дифтерия коринобактериялары,сібір жарасының таяқшалары;анаэробты спора түзгіш таяқшалар(газды гангрена,тырысқақ,ботулизм клостридиялары); грамм(-)микроорганизмдерге:(гонококктар, менингококктар,спирохеталар);кейбір саңырауқұлақтар(актиномицеттер).Пенициллиндер микроорганизм-дердің вегетативті түріне ғана әсер етеді,ал спор түрінде әсер етпейді.Қолдану көрсеткіштері:пневмония,бронхит,ангина,дифтерия,тілме қабыну,жұмсақ ұлпалардың іріңді инфекцияларына(абцесс,флегмона,жара инфекциялары);отоларингологиялық,акушер-гинекологиялық және урологиялық тәжірибеде іріңді қабыну ауруларында,сепсистік эндокардит,іріңді
плеврит,перитонит,сепсис,остеомиелит,менингит,гонорея,бленнорея,мерез,сібір жарасы,көздің қабыну аурулары,актиномикоз және басқа да пенициллинге сезімтал микрофлоралардан туған жұқпалы аурулар.Жанама әсері:әртүрлі дәрежедегі аллергиялық реакциялар.Қарсы көрсеткіштері:пенициллинге жоғарғы сезімталдық,аллергиялық(бронхиальды демікпесі,сенна қызбасында,есек жем және т.б)аурулар. Жартылай синтетикалық пенициллиндер.Oxacillinum-natrium- оксациллин натрий тұзы(Б):0,25 және 0,5таб.және 0,25 капс.-1-2 таб.тәулігіне 4-6 рет тамақтан 1сағ.алдын немесе тамақтан 2-3сағ.соң қабылдау қажет.0,25 және 0,5 құрғақ зат флаконда шығарылып,тәулігіне 4-6рет б\е;флакон құрамын арнайы ерітіндіде ерітеді;5-10мл 0,9% NaCL еріт.ерітіп к\т баяу ағынмен,250мл 0,9% NaCLеріт.немесе 5% глюкоза еріт.ерітіп тамшылатып(1-2сағ.бойы)к\т енгізіледі.Оксациллин пенициллиназаға тұрақты,бензилпенциллиннен айырмашылығы пенициллинтүзгіш стафилококктармен шақырылған инфекцияларда қолданылады,сонымен қатар қышқылға тұрақты
Антибиотиктер.Әсер ету механизмі бойынша жіктелуі.Аминогликозидтер.Қолданылуы: Жағымсыз әсерлері Антибиотиктер – химиялық қоспалардан тұратын, микроорганизмдерді таңдамалы зақымдайтын және өлтіретін биологиялық заттар. Оларды актиномицеттерден, саңырауқұлақтардан және кейбір бактериялардан алады. Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынатын органикалық зат;микроорганизмдермен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроорганизмдерді және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді.[1]Антибиотиктерді бактерияларға, саңырауқұлақтарға және қатерлі ісіктерге қарсы деп бөледі. Бактерияларға қарсы антибиотиктер келесі топтарға бөлінеді: Құрамында β-лактон сақинасы бар антибиотиктер: пенициллиндер, цефалоспориндер, карбапенемдер, монобактамдар. Құрамында макроциклды лактон сақинасы бар а/ макролидтер: эритромицин, кларитромицин және б/ азалидтер: азитромицин. Құрамында төрт алтымүшелік циклден тұратын антибиотиктер: тетрациклиндер.Левомицетиндер.Аминогликозидтер: стрептомицин, неомицин, гентамицин және т.б. Аминогликозидтер – гентамицин, канамицин, сизомицин және жартылай синтетикалық аминогликозидтер – амикацин, нителимецин. Аминогликозидті антибиотиктердің молекулалары пенициллиндікі сияқты арнайы ақуыздардың әсерінен бұзылады. Химиялық алмастырылып өзгертілу (трансформация) арқасында канамициннің өнімі – ферменттердің әсерінен қорғалған және әсері жағынан осы топтың барлығынан күшті амикацин антибиотигі алынды.
Бета-лактамды антибиотиктер.Әсерінің механизмі.Қолданылуы Бактерияларға қарсы антибиотиктер келесі топтарға бөлінеді: 1.Құрамында β-лактон сақинасы бар антибиотиктер: пенициллиндер, цефалоспориндер, карбапенемдер, монобактамдар.т.бПеницилллиндер. Көптеген пенициллиндік антибиотиктер саңырауқұлақтардан алынады, олар биосинтетикалық пенициллиндер деп аталады. Бұлар оң грам бактерияларға әсер етеді, бірақ пенициллиназаға тұрақсыз. А/ Биосинтетикалық пенициллиндерді әсер ету уақытына байланысты екі топқа бөлуге болады: 1.Әсері қысқа: бензилпенициллиннің натрий тұзы, бензилпенициллиннің калий тұзы. 2.Әсері ұзақ: бензилпенициллин новокаин тұзы, бициллин-1, бициллин-5. Осы көрсетілген дәрілер тек парентеральді жолмен (егу ретінде) беріледі, өйткені олар асқазанның қышқылды ортасында ыдырап кетеді. Асқазанның қышқылына тұрақты тек қана пенициллин антибиотигі – феноксиметилпенициллин. Тек осы антибиотикті энтеральді жолмен (ішек арқылы) жас балаларға түймедақ ретінде тағайындайды. Пенициллиндер бактериоцидтік әсер етеді. Олар тек бөлінетін торшаларға әсер ете алады. Механизмі: торша қабырғасының құрамдас бөліктерінің синтезін бұзады да транспептидаза ферментін тежеп, пептидтік байланыстың пайда болуына кедергі келтіреді.
Макролидтер. Макролидтер туралы түсінік. Әсерінің механизмі. Бұл топтың антибиотиктері өздерінің молекулаларының негізіне әртүрлі қантпен байланысқан макроциклдік лактамдық сақинаны ұстайды. Макролидтердің негізгі өкілдері эритромицинмен олеандомицин болып табылады.Эритромицин (эримицин, эритран, эритроцин, любомицин) streptomyces eruthreycпен өндіріледі. Оған грам оң бактериялар мен патоендік спирохеталар сезімтал келеді. Алайда, оның әсерлерінің спектріне грам оң кокктар да, дифтерия таяқшалары, патогендік анаэробтар, риккетсиялар, пситтакозаның қоздырғыштары, трахомалар, амебалық дизентерия да т.б. кіреді. Осылайша, эритромицин әр түрлімикроорганизмдерге ықпал етуі бойынша бензилпенициллинді еске түсіреді, бірақ эритромицинннің спектрі елеулі түрде кең.Оның әсерлерінің механизмі бактерия рибосомасында ақуыз синтезіне қысым жасау болып табылады. Бұл-пептидтранслоказаның ферментіне қысым жасаумен байланысты болады.
Олеандомициннің өнімі streptamyces antibiotikus болып табылады. Олеандимицин белсенділігі жөнінде эритромициннен кем түседі. Олардың әсерлерінің антимикробтық спектрі мен механизмі ұқсас. Олеандимицин әсерлерінің ұзақтығы шамамен 6 сағат. Уыттылығы төмен. Эритромицинге қарағанда айқын білінетін тітіркендіргіш әсеі болады. Қордағы антибиотиктерге жатады.
Антибиотиктер. Әсер механизмі бойынша жіктелуі. Тетрациклиндердің педиатрияда қолдану ерекшеліктері. Антибиотиктер – әртүрлі микроорганизмдердің өмір сүру қабілетін жоюға бағытталған микробтан, өсімдіктен, жануарлардан алынған заттар немесе оның синтетикалық аналогтары.
Антибиотиктер – микроорганизмдерді таңдап азайтатын немесе жоятын әсер етуші биологиялық текті химиялық қосылыстар. Медицина практикасында қолданылатын антибиотиктер актиномицеттерден (сәулесі саңырауқұлақтармен), өнездік саңырауқұлақтардан және кейбір бактериядан өндіріледі. Дәрілердің осы тобына табиғи антибиотиктердің синтетикалық аналогтары мен туындылары да жатады. Әсер ету механизміне қарай жіктелуі: Бактерицидті әсер ететін антибиотиктер:Жасуша қабықшасының синтезін бұзатын: пенициллиндер, цефалоспориндер және басқа да β-лактамдар.Цитоплазматикалық мембрананың өткізгіштігін бұзатын: полимиксиндер, саңырауқұлаққа қарсы антибиотиктер.
Бактериостатикалық әсер ететін антибиотиктер:Ақуыздың жасуша ішілік синтезін бұзатын тетрациклиндер, макролидтер, аминогликолиздер (бактерицидті әсер көрсетеді), левомицетин, линкомицин.Нуклеин қышқылының (РНҚ) синтезін бұзатын: рифампицин, гризеофульвин. Тетрациклиндерде белгілі бір мөлшерде гепатоуытты (окситетрациклин) әсер болады. Жүктіліктің екінші жартысынжа және балаларға тетрациклиндерді абайлап тағайындаған жөн. Бұл тетрациклиндердің сүйектердің ұлпасына, оның ішінде тістердің ұлпасына жинақталып, кальций тұздарымен хелаттық қосылыстар түзуімен байланысты. Осы қосылыстар түзілгенде қаңқаның қалыптасуы бұзылады, тісте зақымданады.
Цитоплазматиккалық мембрананың өткізгіштігін бұзатын антибиотиктер. Қолданылуы.жағымсыз әсерлері. Полимиксиндер химия тобы құрылымы жағынан циклдық полипептидтер болып саналады. Біздің елімізде М-полимиксині (сулфат түріне)пайдаланылады.М-полимиксині антимикробтық әсері механизмі цитоплазма мембранасын зақымдаушы ықпалына байланысты. М-полимиксині сульфатын ішке және жергілікті тағайындайды.Оны парентеральды қоллданбайды, себебі, ол нейро және нефроуттық бұзылыстар туғызады. Көк ірің және ішек таяқшасына шигелламен тудырылатын, энтороклит кезінде сондай-ақ операция алдындағы ішектерді тазалау үшін дәрі энтерльды пайдаланылады. М-полимиксині сульфаты энтаральды және жергілікті қолданылады жанама әсерлері сирек байқалады, ал ішек қолданылғанда дәрілердің кейбір тітіркендіретін әсеріне байланысты диспепсиялық құбылыстар болуы мүмкін, кейде суперинфекция дамиды. Аллергиялық серпілістер іс жүзінде байқалмайды.
Антибиотиктер.Цефалоспориндер, аминогликозидтер, тетрациклиндер тобының жағымсыз әсері. Антибиотиктер – микроорганизмдерді таңдап айтатын немесе жоятын әсер етуші биологиялық текті химиялық қосылыстар. Антибиотиктердіңмикроорганизмге әсері шамалы ғана және тандамалы түрде микроб жасушасының құрылымдық және функционалдык жинақталу ерекшеліктерімен түсіндеріледі. Цефалоспориндер С Cephalosporinum acremonium саңырауқұлақтардан бөлініп шығады. Оларға цефалотин, цефепим, цефтриоксон, цефаклор, цефотаксим жатады. Цефалоспорин көптеген науқастарда бүйрек зақымдалуы, Аздаған лейкопения болуы мүмкін..Тетракцеклиннің біраз гепатотоксикалық әсері бар. Жүктіліктің екінші жартысында және балалрға сақтықпен тағайындау керек.Бұл тетракцелиннің сүйек тініне соның ішінде тіс тініне қорға жиналуына және кальци тұзарымен хеллатты қосылыс түзуіне байланысты. Бұл кезде қаңқаның қалыптасуы бұзылуы, тістің боялуы және зақымдалуы мүмкін. Аминогликозидтер жанама әсері көкірің таяқшаларына, бурцулезға,тағы басқа грамоң және грамтеріс бактерияарға жойғыш әсер етеді. Жағымсыз әсеріне аллерничялық аллергиялық емес қасиеттері бар. Ішке қабылдағанда дәрі нашар сіңеді, сондықтан ас қорыту жолында шектеліп қалады.
Сулбьфаниламид дәрілері. Фармакокинетикасы бойынша жіктелуі.Дозалау принципі. Сульфаниламидтер – микробқа қарсы әсері бар, сульфаниламид қышқылының амид туындысы болып табылады.Сулбьфаниламидтер практикалық медицинада қолданыс тапқан алғашқы кең спектрлі әсерлі химиотерапиялық антибактериялдық дәрі болып табылады.Химиялық тұрғыдан олар сулбьфаниламидтің (амид сульфанил қышқылдары) туындылары. Резорбциялық әсерлер үшін қолданылатын дәрілер (ішек-қарсы жолында жақсы сорылатын): Әсерлері қысқа уақытты: Сульфадемизин, Этазол, Сульфазин,Уросульфан Әсерлері ұзақ уақытты: Сульфапиридазин, Сульфадиметоксин Ішектер саңылауларында әсер ететін дәрілер(ішек-қарсы жолында нашар сіңірілетін): Фталазол Жергілікті қолданылатын дәрілер:Сулфацил, Сульфадиазин-күміКӨРСЕТКІШТЕРІ: Ішкі мүшелердің инфекциялық аурулары,(резорбтивті әсер ететін препараттар), зәр шығару жолдарының қабынуы (уросульфан), ішек инфекциялары (фталазол, сульгин, фтазин), көз аурулары (сульфацил натрии), терінің инфекциялық зақымдануы (стептоцид), күйгеннен кейінгі жарақаттар.
Сулбьфаниламид дәрілердің әсер механизмі.Жағымсыз әсерлері. Сулбьфаниламидтердің антимикробтық әсерлерінің механизмі олардың парааминобензой қышқылымен бәсекелестік антогонизміне байланысты болады.Әсер ету механизмі: сульфаниламидтер бактериостатикалық әсерге ие.ПАБК аналогының химиялық құрылымы бола тұра, олар микроорганизмдердің өмір сүрү қабілетінің басты факторы болатын дигидрофилді қышқылдың синтезін жауапты бактериялық ферментті бәсекелі түрде ингибирлейді. Ірің немесе тіндердің құлдырау өнімдері сияқты ПАБК көп мөлшерде болатын орталарда, сульфаниламидтердің микробқа қарсы әсері етеди.КЕРІ ӘСЕРЛЕРІ: Диспепсиялық көріністер, ОЖЖ бұзылыстары, қан жасалудың тежелуі,кристалурия, аллергиялық үрдіс. Триметоприммен біріктірілген сульфаниламид тобындағы препараттар. Ко - тримаксазол (бисептол, септрин, бактрим) Ко – тримаксазол сульфаметоксазол және триметоприм 5: 1 (400 мг. сульфаметоксазол, 80 мг. триметоприм) қатынасындағы біріктірілген препарат болып табылады.Триметоприм және сульфаметоксазол әр кайсысы бактериостатикалық зат болып табылады, оларды біріктірген кезде бір біріне синергист болып, микроб торшасына бактериоцидтік әсер көрсетеді. Ко – тримаксазолдың әсер ету спекторы кең, антибактериалды әсері бар, препарат грам теріс, грам оң, бактерияларға белсенділігі жоғары, энтерококктарға білсенділігі төмен. Ко – тримаксазол ішке қолданғанда жақсы сіңіріледі, тіндерге сіңірілуі жоғары, ГЭТ арқылы өтуі 40 % құрайды. Бүйрек арқылы шығарылады, t ½ - 10 сағ., күніне екі рет тағайындалады. Ко – тримаксазол әр түрлі инфекцияларды емдеуге қолданылады, эмпириялық химиотерапия түрінде тыныс алу, асқазан, бүйрек, зәр шығару жолдарының инфекцияларында жиі қолданылады.Препараттың өтімділігі жақсы, 3,5 % тері бөртпелпері, 1 % гематомалар болуы мүмкін. Жүкті әелдер, және екі айлық балаларға ко- тримаксазолды тағайындауға болмайды..
Сульфаниламидті дәрілер. Әсерінің ұзақтығы бойынша жіктелуі. Дозалау ерекшеліктері. Сульфаниламидтер практикалық медицинада қолданыс тапқан алғашқы кең спектрлі әсерлі химиотерапиялық антибактериялдық дәрі болып табылады. Химимялық тұрғвдан олар сульфаниламидтің туындылары. Неғұрлым тиімді ұзақ әсер ететін және уыттылығы аз сульфаниламидтерді жасап шығару амид тобындағы сутегі атомын алмастыруға негізделген. Әсерінің ұзақтығы бойынша жіктелуі: Сульфапиридазин, Сульфадиметоксин.Бұлар ішек- қарын жолында жақсы сіңіріледі, бірақ баяу болініп шығады. Плазмадағы ең жоғары мөлшері 3-6 сағаттан кейін плазмадағы молшерінің 50%-ға төмендеуі 24-28 сағаттан кейін анықталады.Сульфапиридазин және сульфадиметоксин тәулігіне 1-2 рет тағайындалады.
Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер. Әсерінің механизмі. Жағымсыз әсерлері. Туберкулездің медикаментоздық терапия кешенінде хмя-терапиялық дәрі-дәрмектер негізгі орын алады. Оларға мынадай дәрілер жатады:Синтетикалық дәрілер (изониазид, этамбутол, бепаск,пиранизамид, тиоацетазон).Антибиотиктер(рифампицин,циклосерин, канамицин сульфаты) Әсерінің механизмі. Туберкулезге қарсы дәрілер негізінен бактериостатикалық әсер етеді. Дегенмен кейбір дәрілер белгілі бір мөлшерде бактерицидтік әсер етеді.Туберкулезге қарсы әсерлері бар дәрілердің механизмі жеткілікті зерттелмеген. Жағымсыз әсерлері. Туберкулезді емдеуде өкініштісі барлық белгілі туберкулезге қарсы дәрілерде жанама әсерлері орын алады, дәрілердің жанама әсерлері аллергиялық та, аллергиялық емес те болуы мумкін. Сондай-ақ антибиотиктерді қолдану кезінде суперинфекция байқалуы мумкін.
Вирустарға қарсы және микозға қарсы қолданылатын дәрілер. Әсерінің механизмі.қолданылуы.
Вирустарға қарсы заттарды алу- инфекция химиотерапиясының өзекті мәселесінің бірі. Бұл РНҚ және ДНҚ құрамды вирустардың міндетті жасушаішілік паразиттер болуынан. Вирустар өздерінің көбею барысында микроорганизм жасушасының биосинтездік аппаратын белгілі бір түрге өзгерте отырып пайдаланылады. Бірақ кейбір вирустар жәй ұшық вирусы,белдеме теміреткі вирусы жасушаға енгеннен соң өзферментінің түзілуін күшейтеді. Вирустарға қарсы қолданылатын дәрілік заттар; Синтетикалық заттар Нуклеозидтердің аналогтары-зидовудин,ацикловир,видарабин, ганцикловир,трифлуридин, идоксуридин. Пептидтер туындысы-саквинавир. Адамантан туындысы-мидантан,ремантадин. Индолкарбон қышқылының туындысы-арбидол. Фосфонқұмырсқа қышқылының туындысы-фоскарнет. Тиосемикарбазон туындысы-метисазон. Микроорганизмдердің жасушаларымен өндірілетін биологиялық заттар. Интерферондар. Вирустарға қарсы әсерлі заттардың үлкен топтары нуклеозидтердің пуриндік және пириминдік туындылары түрінде ұсынылған. Патогенді және шартты патогенді саңырауқұлақтар кеңінен тараған ауруларды микоздар шақырады. Жүйелік немесе терең микоздарда (кокцидиоидомикоз,паракокцидиомикоз,гистоплазмаз,криптококоз) Антибиотиктер-амфотерицин В,микогептин. Имидазол туындылары-миконазол,кетоконазол. Триазол туындылары-итраконазол, флуконазол. Жүйелік әсер ететін имидазол туындыларына миконазол, кетоканозол жатады. Миконазол көк тамырға, энтеральды сирек жағдайда –ми қабатының астына енгізіледі.
Қатерлі ісікке қарсы қолданылатын дәрі. Жіктелуі. Жағымсыз әсері.
Өспеге қарсы белсенділігі бар антибиотиктер: Антиномициндер дектиномицин. Антрациклиндер-рубомицин, доксорубицин, карминомицин. Флеомицининдер-блеомицин, блеомицитин. Ауреол қышқылының туындылары-оливомицин. Әртүрлі химиялық қосылыстар-брунеомицин, митомицин.
Жағымсыз әсері. Бастомаға қарсы көптеген дәрілік заттар олардың қолдануын шектейтін бірқатар жанама әсерлер шаырады. Бұл асқынуларды қандай да бір дәрежеде жою үшін немесе олардың алдын-алу үшін, ісік ауруларының химиотерапиясында қолданылатын, көмкші заттардың толық кещені қолданылады. Әдетте цитотоксикалық заттарды қолданғанда қатерлі жанама және уытты әсерлермен қатар жүреді. Бұл кезде, әсіресе белсенді пролиферацияланатын тіндер (сүйек кемігі, ішектің шырышты қабаты) күшті зақымдалады. Көптеген дәрілер жыныс бездеріне де жағымсыз (ұрықсыздану шақыруы мүмкін) етеді.
Қатерлі ісіктерге қарсы қолданылатын дәрілер. Алкілдеуші дәрілер және әсерінің механизмі.Жіктелуі. Қатерлі ісіктерге қарсы қолданылатын дәрілер мынадай топқа бөлінеді:Алкілдеуші.Антиметаболиттер.Өспеге қарсы белсенділігі бар антибиотиктер.Өсімдік тектес препараттар.Ферменттік препараттар.Гормондар және олардың антагонистері.Цитокиндер.Моноклондық антиденелер.Алкилдеуші заттардың ДНҚ-мен өзара әсерлесуі,соның ішінде ДНҚ молекуласымен көлденең байланысуы,оның тұрақтылығын,тұтқырлығын және кейінірек бүтіндігін бұзады.Осының барлығы жасушаның өмір сүруінің бірден тежелуіне әкеледі.Олардың бөлінуі қабілеті басылады,көптеген жасушалары өледі.АЛКИЛДЕУШІ Заттар жасушаларға интерфаза кезеңінде әсер етеді.Әсіресе,олардың тез пролиферацияланған жасушалар жөнінде цитотоксикалық әсері айқын.Алкилдеуші қосылыстар жіктелуіХлорэтиламиндер - эмбихин,сарколизн,допан,хлорбутин,циклофосан,проспидин.Этилениминдер-тиофосфамид.Метансульфон қышқылының туындысы-миелосан.Нитрозомочевина туындылары-нитрозометилмочевина,ломустин,кармустин,нумустин.Триазиндер-дакарбазин,прокарбазин.Платина қосылыстары-цисплатин,карбоплатин,оксиплатин
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 6423 | Нарушение авторских прав
|