n.peroneus communis, жалпы кіші жілік нерві.
Жалпы медицина
Анатомия - 1
Емтихан сұрақтары 208-233
1. Бет нерві, оның топографиясы, тармақтары, нервтеу аймақтары.
n.facialis (n.intermedio facialis), бет нерві – аралас нерв. Екінші желбезек доғасы нерві ретінде одан дамыған бұлшықеттерді – барлық мимикалық және тіласты бұлшықеттерінің бір бөлігін нервтендіреді және оның құрамында қозғалыс ядросының осы бұлшықеттерге баратын эфференті (қозғалыс) талшықтары мен сол бұлшықеттердің рецепторларынан шығатын афферентті (проприоцептивті) талшықтар болады. Оның құрамында аралық n.intermedius, нервке жататын дәм сезу және секреттік талшықтары бар. Құраушы бөліктеріне сәйкес n.facialis – тің көпірде жайғасқан 3 ядросы бар: қозғалыс ядросы – nucleus motorius nervi facialis, сезімтал ядросы - nucleus solitarius, секреттік ядрос - nucleus salivatorius superius. Соңғы екі ядро n.intermedius- ке жатады.
Бет нерві көпірдің артқы жиіегінің бүйір жағында кіреберіс – ұлу нервімен қатарласа, linea tregiminofacialis – тен шығады. Содан кейін соңғы нервпен бірге ішкі есту тесігіне өтіп, бет өзегіне canalis facialis енеді. Нерв өзекте алдымен горизонталды жазықтықта дабыл қуысының ішкі қабырғасының жоғарғы бөлігінде өтеді. Дабыл қуысының артқы қабырғасында нерв қайтадан иіліп, тік төмен түсіп, foramen stylomastoideum арқылы бассүйектен шығады. Нервтің артқа қарай бұрылатын жерінде бұрыш түзіледі (тізешік - geniculum). Оның сезімтал бөлігі кішкене нерв түйіншесін – ganglion geniculi түзеді. Бет нерві foramen stylomastoideum – нен шыққаннан кейін шықшыт безі қабатына еніп, өзінің соңғы тармақтарына бөлінеді. Самай сүйегіне аттас өзегі бойында бет нерві мынадай тармақтар береді:
1. N. petrosus major (секреттік нерві) – иін аймағынан басталып, hiatus canalis n.petrosis majoris арқылы шығада, содан кейін самай сүйегі пирамидасының алдыңғы бетінде аттас жүлгемен sulcus nervi petrosi majoris жүріп, симпатикалық нервпен, n. petrosus profundus – пен бірге canalis pterygoideus – қа өтіп, ол нервпен бірге n.canalis pterygoidei түзіп, ganglion pterygopalatinum – ге жетеді. Нерв түйінде үзіледі де, оның талшықтары rami nasals posteriores пен nn.palatini құрамында мұрын мен таңдайдың шырышты қабығының бездеріне барады. Талшықтардың бір бөлігі n.zygamaticus құрамында, оның n.lacrimalis – пен байланысы арқылы көзжасы безіне жетеді.
2. N.stapedius (бұлшеқттік) – m. stapedius – ті нервтендіреді.
3. Chorda tympani (аралас тармақ) – бет өзегінің төменгі бөлігінде бет нервінен бөлініп, дабыл қуысына өтіп, сол жерде дабыл жарғағының медиалды бетінде орналасып, содан кейін fissura petrotympanica арқылы шығады. Ол саңылаудан сыртқа шыға, төмен және алға қарай түсіп, тіл нервіне қосылады.
Дамыл шегінің сезімтал (дәм сезу) бөлігі тізешік түйінінде жатқан жасушалардың шеткі өсінділері тіл нервінің құрамында тілдің шырышты қабығына келіп, оның алдыңғы 2/3 бөлігін дәм сезу талшықтарымен жабдықтайды. Секреттік бөлігі ganglion submandibulare-ге келіп, ондағы үзілістен кейін төменгі жақсүйекасты және тіласты сілекей бездерін секреттік талшықтармен жабықтайды.
foramen stylomastoideum – нен шыққаннан кейін n. facialis мынадай бұлшықет тармақтарын береді:
1. N.auricularis posterior, m.auricularis posterior және venter posterior m. epicranii – ді нервтендіреді.
2. Ramus digastricus арқылы m.digastricus артқы құрсақасты мен m.stylohyoideus-ті нервтендіреді.
3. Беттің мимикалық бұлшықеттеріне баратын көптеген тармақтар шықшыт безінде өрім, рlexus parotideus, түзеді.
Олар бетке және мойынның жоғарғы бөлігіне барып, үшкіл нервтің теріасты тармақтарымен кеңінен анастомозданады.
Ол тармақтардың ішінде мыналарды ажыратады:
a) Rami temporales, олар: mm.auricularis anterior et superior, venter frontalis m.epicranius және m.orbicularis oculi-ге барады.
b) Rami zygomatici, олар m. orbicularis oculi және m.zygamaticus-ке барады.
c) Rami buccales ауыз шеңбері мен мұрын бұлшықеттеріне барады;
d) Ramus marginalis mandibulae – төменгі жақсүйек жиегімен жүріп, иек және төменгі ерін бұлшықеттеріне баратын тармақ;
e) Ramus colli – мойынға түсіп, теріасты бұлшықетін нервтендіреді.
2. IХ жұп ми -бас нерві, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
n.glossopharyngeus тіл – жұтқыншақ нерві үшінші желбезек доғасы нерві даму үрдісінде нервтердің X жұбынан (n.vagus) бөлінген. Онда 3 текті талшықтар болады:
1. жұтқыншақ, дабыл қуысы, тілдің шырышты қабаты (артқы 1/3-і), бадамшалар және таңдай доғалықтары рецепторларынан шығатын афферентті (сезімтал) талшықтар;
2.жұтқыншақ бұлшықеттерінің біреуін - m.stylopharyngeus нервтендіретін эфферентті (қозғалыс) талшықтыр.
3. glandula parotis үшін эфферентті (секреттік) парасимпатикалық талшықтар.
Құрам бөліктеріне сәйкес оның үш ядросы болады: nucleus solitarius, оған 2 афферентті түйін - ganglia superius et inferius – тердің жасушаларының орталық өсінділері келеді. Вегетативті (секреттік), парасимпатикалық ядро – төменгі сілекей бөлетін ядро – торлы құрылымында кезбе нервпен ортақ үшінші қозғалыс ядросының - nucleus ambiguus пен жанында шашыраған жасушалардан тұрады. Тіл – жұтқыншақ нерві түбіршіктері арқылы оливаның артында, кезбе нервтің үстінде сопақша мидан шығып, соңғы нервпен бірге мойындырық тесігі арқылы бассүйектен шығады. Осы тесік аймағында нервтің сезімтал бөлігі түйінді, ganglion superius, және тесіктен шыққаннан кейін, самай сүйек пирамидасының төменгі бетінде жататын тағы бір басқа түйін, ganglion inferius, түзеді. Нерв бас жағында ішкі мойындырық вена мен ішкі ұйқы артериясы арасымен төмен түсіп,содан кейін m.stylopharyngeus артынан айналып, оның латеральды жағымен еңіс доға жасай, тіл түбіріне келеді, сол жерде өзінің соңғы тармақтарына бөлінеді.
3. Кезбе нерві, оның ядролары, топографиясы, тармақтары және нервтендіру аймақтары.
n.vagus, кезбе нерв – бұл бассүйек нервтерінің ішіндегі ең ұзыны. Кезбе нерв тармақтары арқылы тынысалу ағзаларын, асқорыту жолының едәуір бөлігін, сигматәрізді тоқ ішекке дейін нервтендіреді, сондай-ақ ол жүрекке оның соғуын баяулататын тармақтар береді. N.vagus құрамында үш түрлі талшықтар бар:
1. Аталған ішкі ағзалар мен тамырлардың рецепторларынан, сондай-ақ мидың қатты қабығының кейбір бөлігінен және құлақ қалқанын қоса сыртқы есту жолынан сезімтал ядроға nucleus solitaries – ке келетін афферентті (сезімтал) талшықтар.
2. Жұтқыншақ, жұмсақ таңдай мен көмейдің ерікті бұлшықеттеріне баратын эфферентті (қозғалыстық) талшықтар және осы бұлшықеттер рецепторларынан шығатын (проприоцептивті) талшықтар. Бұл бұлшықеттер талшықтарды қозғалыс ядросынан nucleus ambiguus – тен алады.
3. Вегетативті ядродан, nucleus dorsalis n.vagi – ден шығатын эфферентті (парасимпатикалық) талшықтар. Олар жүрек миокардына (жүрек соғысын баяулатады) және тамырлардың бұлшықет қабықшасына (тамырларды кеңейтеді) келеді. Сонымен қатар кезбе нервтің жүрек тармақтарына n.depressor енеді, ол жүректің өзі мен қолқаның бастапқы бөлігі үшін сезімтал нерв және қан қысымын рефлекстік жолмен реттеуді басқарады. Сондай-ақ парасимпатикалық талшықтар кеңірдек пен өкпені (бронхыларды тарылтады), өңеш және colon sigmoideum –ге дейін ішекті (перистатиканы күшейтеді), аталған ағзаларда орналасқан бездер мен іш қуысы бездерін – бауыр, ұйқыбезін, бүйректі нервтендіреді. Кезбе нервтің парасимпатикалық бөлігі өте үлкен, сондықтан ол негізінен вегетативті организмнің өмірлік қызметтері үшін маңызды нерв болып есептеледі. Кезбе нервтің негізгі үш ядросымен байланысты талшықтардың барлық түрлері сопақшада мидан, оның sulcus lateralis posterior – нан тіл – жұтқыншақ нервінен төмендеу, 10-15 түбіршік түрінде шығып, жуан сабау түзеді. Ол тіл-жұтқыншақ және қосалқы нервтермен бірге foramen jugulare арқылы бассүйектен шығады. Мойындырық тесігінде нервтің сезімтал бөлігі кішкене түйін, ал тесіктен шыққаннан кейін төменгі түйінді ganglion inferius-ті түзеді. Екі түйінде де жалған бірполюсті жасушалар болады. Олардың шеткі өсінділері аталған түйіндерге баратын сезімтал тармақтардың құрамына енеді, олар ішкі ағзалар мен тамырлардың ganglion inferius және сыртқы дыбыс жолының ganglion superius рецепторларынан келеді. Ал орталық өсінділері сезімтал ядрода nucleus solitorius аяқталатын жеке будаға топталады.
Бассүйек қуысынан шыққаннан кейін, кезбе нерв алдымен v.jugularis interna мен a.corotis communis арасында тамырлардың артында, олармен бір қынапта орналасып, төмен түседі.одан әрі кезбе нерв кеуде торының үстіңгі тесігі арқылы кеуде қуысына өтеді. Ол жерде оның оң жақ сабауы a.subclavia – ның алдынан, ал сол жақ сабауы қолқа доғасының алдыңғы жағында орналасады. Екі кезбе нерв те төмен түсе, өкпе түбірін артқы жағынан айналып өтіп, өңешпен қосарлана жүріп, оның қабырғаларында өрімдер түзеді. Екі кезбе нерв те өңешпен бірге көкеттің hiatus esophageus арқылы іш қуысына өтіп, сол жерде асқаазан қабырғаларында өрімдер түзеді. Құрсақтағы кезінде кезбе нервтің сабаулары өңеш бүйірлерінде симметриялы орналасады. Асқазан солдан оңға қарай бұрылғаннан кейін, сол жақтағы нерв алға, ал оң жақтағы нерв артқа ығысады. Сол себепті алдыңғы бетте сол жақтағы нерв, ал артқы бетте оң жақтағы кезбе нерв тармақталады. N.vagus
құрамынан мынадай тармақтар шығады:
А. Бас бөлігінде (нерв басталатын жер мне төменгі түйін арасында):
1. ramus meningeus – артқы бассүйек шұңқыры аймағындағы мидың қатты қабығына барады.
2. ramus auricularis - сыртқы есту жолының артқы қабырғасы мен құлақ қалқаны терісінің бір бөлігіне барады. Бұл бассүйек нервтерінің ішіндегі үшкіл нервке жатпайтын жалғыз тері тармағы.
Ә. Мойын аймағы:
1. rami pharyngei - тіл – жұтқыншақ нерві және симпатикалық сабау тармақтарымен бірге өрім – plexus pharyngeus – ті түзеді. Кезбе нервтің жұтқыншақ тармақтары жұтқыншақ тарылтқыштарын, таңдай доғашықтары мен жұмсақ таңдай бұлшықеттерін (m.tensor veli palatini қоспағанда) нервтендіреді. Жұтқыншақ өрімі жұтқыншақтың шырышты қабығына сезімтал талшықтар береді.
2. n.laryngeus superior – дауыс саңылауынан жоғарылау көмей, тіл түбірі бөлігі мен көмей қақпағының шырышты қабығын сезімтал талшықтармен, ал көмей бұлшықетінің бір бөлігі мен жұтқыншақтың төменгі тарылтқышын қозғалыс талшықтарымен қамтамасыз етеді.
rami cardiac cervicalis superiores et inferiores – тің бір бөлігі n.laryngeus superior құрамынан шығып, жүрек өрімін түзеді.
Б. Кеуде бөлігінде:
1. n.laryngeus reccurens – қайтарма көмей нерві кезбе нервтің қолқа доғасының немесе бұғанаасты артериясының алдында жатқан жерінен шығады. Бұл нерв оң жағында a.subclavia – ны астынан артына қарай, ал сол жағында да астынан артқы жағына айналып өтіп, содан кейін өңеш пен кеңірдек арасындағы жүлгемен жоғары көтеріле, оларға көптеген тармақтар береді. Нервтің, n.laryngeus inferior, соңғы ұшы көмей бұлшықеттерінің бір бөлігін, оның дауыс байламдарынан төмендегі шырышты қабығын, тіл түбірінің көмей қақпағы жанындағы шырышты қабығының бөлігін, сондай-ақ кеңірдек, жұтқыншақ, қалқанша және айырша бездерін мойынның лимфа түйіндерін, жүрек пен көкірекаралықты нервтендіреді. 2. rami cardiaci thoracici -көмейдің қайтарма нерві мен кезбе нервтің кеуде бөлігінен басталып, жүрек өріміне барады.
3. rami bronchialis et trachialis – симпатикалық сабау тармақтарымен бірге бронх қабырғаларында өрім plexus pulmonalis – ті түзеді. Бұл өрім тармақтары кеңірдек пен бронхтардың бұлшықеттері мен бездерін нервтендіреді.
4. rami esophagei – өңеш қабырғасына барады.
В. Іш бөлігінде:
Кезбе нервтің өңештен жүретін өрімдері асқазанға созылып, алдыңғы және артқы сабаулар - trunci vagales -терді түзеді. Әрбір truncus vagalis парасимпатикалық ғана емес, сондай- ақ симпатикалық және афферентті анималды нерв жүйесінің нерв өткізгіштері кешені болып табылады және онда екі кезбе нервтің де талшықтары болады.
Өңештің алдыңғы жағынан асқазанның алдыңғы жағына қарай төмен түсетін сол жақ кезбе нервтің жалғасы негізінен қарынның кіші қисығы бойында орналасқан өрім plexus gastricus anterior – ды түзеді, одан симпатикалық тармақтармен араласа асқазан қабырғасынаrami gastrici anteriores – тер шығады. Кейбір тармақтар кіші шарбы арқылы бауырға барады. Оң жақ n.vagus асқазанның артқы қабырғасымен оның кіші иінінде өрім plexus gastricus posterior – ды түзеді, олар
rami gastrici posteriorеs – терді береді. Сонымен қатар оның талшықтарының көбісі rami coeliaci түрінде a.gastrica sinistra жолымен ganglion coeliacum - ға барып, одан кейін тамырлардың тармақтарын бойлай симпатикалық өрімдермен бірге бауыр, көкбауыр, ұйқыбезі, бүйрек, жіңішке ішек пен тоқ ішектің сигма тәрізді бөлігіне дейін барады.
4. XI жұп ми-бас нерві, ядролары, топографиясы, нервтендіру аймақтары.
n.accessorius – қосымша нерв эфферентті талшықтары және сопақша ми мен жұлында жайғасқан екі қозғалыс ядросы бар. Ядроларына сәйкес оның ми және жұлындық бөліктерін ажыратады. Ми бөлігі сопақша мидан, кезбе нервтің төменгі жағында шығады. Қосымша нерв жұлындық бөлігі (С2-С5) алдыңғы және артқы түбіршіктері арасында және жоғарғы үш мойын нервтерінің алдыңғы түбіршіктерінен құралып, нерв сабаушасы түрінде жоғары көтеріліп, ми бөліміне қосылады. Қосымша нерв кезбе нервтің бөлініп шыққан тармағы болғандықтан, ол онымен бірге бассүйек қуысынан мойындырық тесігі арқылы шығып m.trapezius –пен одан бөлінген m.sternocleidomastoideus екеуін нервтендіреді. Қосымша нервтің ми бөлігі n.laryngeus reccurens құрамында көмей бұлшықеттерін нервтендіруге барады. Қосымша нервтің жұлын бөлігі жұтқыншақтың қозғалыстық нервтендірілуіне қатысады.
5. ХII жұп ми нерві, ядролары, топографиясы, нервтендіру аймақтары.
Тіласты нерві (XII) – n.hypoglossus, бұлшықеттік болып табылатын тіласты нервісінің тіл бұлшықеттеріне баратын эфферентті (қозғалыс) және осы бұлшықеттер рецепторларынан шығатын афферентті (проприоцептивті) талшықтар бар. Онда сондай – ақ жоғарғы мойын симпатикалық түйінінен шығатын симпатикалық талшықтар да өтеді.оныңn.lingualis пен n.vagus-тың төменгі түйіні мен I және II мойын нервтерімен байланысы бар. Нервтің сопақша мида орналасқан жалғыз сомалық – қозғалыс ядросы ромбтәрізді шұңқырдың trigonum n.hypoglossi аймағында орналасады да, сопақша ми арқылы төмен түсіп,
I-II мойын сегменттеріне жетеді. Бұл ядро торлы формация құрылымына енеді. Ми негізінде пирамида мен олива арасында бірнеше түбіршік түрінде пайда юолған бұл шүйде сүйектің аттас өзегі canalis hypoglossalis арқылы өтіп, a.carotis interna – ның латералды жаңымен төмен түсіп, m.digastricus – тың артқы құрсағы астынан өтіп, дөңесі төмен қараған доға түрінде m.hypoglossus – тың латералды бетімен жүреді. Бұл жерде тіласты нервінің доғасы үстіңгі жағынан Пирогов үшбұрышын шектейді.
Тіласты нервісінің доғасы жоғары орналасқан Пирогов үшбұрышының ауданы үлкен, керісінше болады. m.hypoglossus – тың алдыңғы жиегінде тіласты нерві тіл етіне енетін соңғы тармақтарға ыдырайды. Тіласты нерві талшықтарының бір бөлігі бет нерві тармақтарының құрамында ауыздың дөңгелек бұлшықетіне барады. Нервтің бір тармағы radix superior төмен түсіп, мойын өрімінің radix inferior деген тармағына қосылып, сонымен бірге мойын ілмегі ansa cervicalis – ті түзеді. Осы ілмектен тіласты сүйегінен төмен орналасқан бұлшыққер мен m.geniohyoideus – ті нервn.тендіреді.
6. Жұлын-ми нервтің қалыптасуы, оның тармақтары.
Жұлын нервтері, nn.spinalis, дененің миотомдарына сәйкес орналасады, әрбір нервке оған жататын тері бөлігі сәйкес келеді. Адамда 31 жұп жұлын нерві бар. Әрбір жұлын нерві жұлыннан 2 түбіршікпен шығады: артқы (сезімтал) және алдыңғы (қозғалыс) түбіршіктері. Екі тұбіршік омыртқааралық тесік арқылы омыртқа тесігінен шығатын бір сабауға, tractus n.spinalis –ке қосылады. Қосылатын жердің жанында және одан артқа қарай артқы түбіршік – түйін, ganglion spinale, түзеді, оған алдыңғы қозғалыс түбіршігі қатыспайды.
Әрбір жұлын нерві омыртқааралық тесіктен шыққанда миотомның екі бөлігіне сәйкес екі тармаққа бөлінеді: ramus dorsalis және ramus ventralis.
Жұлын нервтерінің артқы тармақтары.
Барлық жұлын нервтерінің артқы тармақтары, rami dorsales, омырқалардың көлденең өсінділері арасымен, олардың буын өсінділері арасымен, олардың буын өсінділерін орай артқа қарай кетеді. Олардың барлығы желке терісін, мойын және арқаның артқы бетін, сондай-ақ терең арқа бұлшықеттерін жабдықтайтын, ramus medialis және ramus lateralis болып бөлінеді. І мойын нервінің артқы тармағы, n.suboccipitalis, шүйде сүйегі мен ауыз омыртқаның арасынан шығып, содан кейін mm. recti capitis major et minor, m.semispinalis capitis, m.obliqui capitis қамтамасыз ететін тармақтарға бөлінеді. N.suboccipitalis теріге тармақтар бермейді. ІІ мойын нервінің артқы тармағы, n.suboccipitalis major, ауыз омыртқаның артқы доғасы мен ІІ омыртқаның арасынан шығып, бұлшықеттерді тесіп өтіп, терасты тармығына айналып, бастың шүйде аймағын нервтендіреді.
Жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтары.
Жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтары, rami ventralis, денегің вентральді қабырғасының терісі мен бұлшықетін және қол-аяқтарды нервтендіреді. Жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтары тек кеуде бөлімінде ғана бастапқы метамерлі құрылысын сақтайды, n.intercostales. үлкен үш өрімді ажыратады: мойын, иық, бел-сегізкөз.
7. Мойын өрімі, оның топографиясы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
Мойын өрімі, plexus cervicalis, төрт жоғарғы мойын нервтерінің алдыңғы тармақтарынан түзіледі. Өрімді алдыңғы жағынан m.sternocleidomastoideus жауып тұрады. Өрімнен шығатын тармақтар терілік, бұлшықеттік және аралас болып бөлінеді.
Тері тармақтары: 1. n.occipitalis minor (С1 және С3тен) – шүйде аймағы латералды бөлігінің терісіне барады.
2. n.auricularis magnus (С ІІІ - тен) құлақ қалқаны мен сыртқы естуу тесігін нервтендіреді.
3. n.transversus colli ( СІІ және СІV-тен ) алдыңғы екі нерв сияқты m.sternocleidomastoideus – тің артқы жиегі ортасынан шығып, осы жиекті айналып, алға қарай өтіп, мойые терісін нервтендіреді.
4. n.supraclavicularis – ( СІІІ және СІV -тен ) үлкен кеуде және дельта тәрізді бұлшықеттердің үстіне келеді.
Бұлшықеттер тармақтары: mm.recti capitis anterior et lateralis, mm.longi capitis et colli, mm.scaleni, m.levator scapulae, m.intertransversari anteriores бұлшықеттеріне баратындар. Мойын өрімінің қозғалтқыш талшықтарына ansa cervicalis және тіласты нервінің төмендеген тармағы radix superior жатады.
Radix superior ansae cervicales-тен шығады да, төс-бұғана-емізік тәрізді бұлшықет астында-v.jugularis interna-ның алдымен шығып, n.hypoglossus-тан шығатын radix superior-мен қосылып, мойын ілмегін - ansa cervicalis-ті түзеді. Мойын өрімі талшықтары ілмектен шығатын тармақтар арқылы m. sternothyroideus, m.sternohyoideus, m.omohyoideus-ді нервтендіреді.
Аралас тармақтар. N.phrenicus – көкеттік нерв m.scalenus anterior бойымен бұғанасты артериясы мен венасы арасынан кеуде қуысына өтеді. Одан әрі оң жақтағы n.phrenicus тік дерлік оң өкпе түбірі алдына түсіп, жүрекқаптың бүйір бетімен көкетке барады. Сол жақ n.phrenicus қолқа доғасының алдыңғы бетін қиып өтіп, жүрекқаптың сол жақ бүйір бетімен көкетке барады. Көкеттік нерв симпатикалық сабаудың екі төменгі мойын түйіндерінен талшықтар қабылдайды. Ол аралас нарв, оның қозғалыс тармақтары көкетті нервтендіреді, ол тыныс алуды қамтамасыз ететін нерв болып табылады. Сондай-ақ өкпеқап пен жүрекқапқа сезімтал тармақтар береді.
8. Иық өрімінің бұғанаүсті бөлігі, қалыптасуы, топографиясы, тармақтары, нервтеу аймақтары.
Иық өрімінің бұғанаүсті бөлігі, pars supraclavicularis plexus brachialis, мойынның терең бұлшықеттеріне бұлшықеттік тармақтар, rr.musculares және иық белдеуі бұлшықеттеріне қысқа нервтер береді.
1. Бұлшықеттік тармақтар, rr.musculares, өрім тармақтарынан мойынның терең бұлшықеттеріне: mm.intertransversarii, m.scalenus anterior, m.scalenus medius, m.scalenus posterior, m.longus colli бағытталады.
2. Қысқа тармақтар. 1. N.dorsalis scapulae жауырынның медиалды жиегін бойлай өтеді. Ол m.levator scapulae және mm.rhomboidei-ні нервтендіреді.
2. n.thoracicus longus m.serratus anterior-дың сырқы бетімен түсіп, оны нервтендіреді.
3. n.suprascapularis incisura scapulae арқылы fossa supraspinata-ға өтеді. mm.supra- et infraspinatus пен иық буыны қапшы.ын нервтендіреді.
4.n.pectarales medialis et lateralis mm.pectoralis major et minor –ға барады.
5.n.subclavius m.subclavius –қа барады.
6.n.subscapularis m.subscapularis, m.teres major және m.latissimus dorsi-ді нервтендіреді. Жауырынның латералды жиегі бойымен m.latissimus dorsi –ге баратын тармақ n.thoracodorsalis деп аталады.
9. Иық өрімінің бұғанаасты бөлігі, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
Иық өрімінің бұғанаасты бөлігі, pars infraclavicularis plexus brachialis, қолдың бұлшықеттері мен терісіне ұзын тармақтар және бір қысқа нерв қолтық нервін, n.axillaris, береді. Иық өрімінің бұғанаасты бөлігі қолтық шұңқырында mm.pectorales major et minor артында m.subscapularis алдында, m.serratus anterior –дан латералды орналасады. Өрімнің бұл бөлігі қолтық шұңқырынан шыға берісінде m.coracobrachialis, m.subscapularis және m.latissimus dorsi арасында жатады. Иық өрімінің бұғанаасты бөлігінің үш будасы қолтық шұңқырында a.axillaris-ті медиалді, латералды және артынан қоршайды, артерияның тек алдыңғы беті жабылмайды. Қолтық венасы, v.axillaris, артерияның алдыңғы-медиалді бетінде жатады. Әрбір буда қолға ұзын тармақтар береді.
Латералді буда, fasciculus lateralis, бесінші, алтыншы,жетінші мойын нервтерінің алдыңғы тармақтарынан түзілген. Ол келесі тармақтар береді: 1)бұлшықет-терілік нерв, n.musculocutaneus 2)орталық нервтің латералді түбіршігі, radix lateralis n.mediani.
Медиалді буда, fasciculus medialis, сегізінші мойын және бірінші кеуде нервтерінің алдыңғы тармақтарынан түзіледі. Келесі тармақтарды береді: 1) шынтақ нерві, n.ulnaris; 2)иықтың терілік медиалді нерві, n.cutaneus brachii medialis 3)білектің терілік медиалді нерві, n.cutaneus antebrachii medialis 4) орталық нервтің медиалді аяқшасы, crus medialis n.mediani.
10.Бұлшықет-тері нерві, тармақтары, нервтендіру аймақтары. n.musculocutaneus, бұлшықет-тері нерві, иық өрімінің латералды будасынан шығып, m.coracobrachialis – ті тесіп өтіп, иықтың барлық алдыңғы бұлшықеттерін mm.coracobrachialis, biceps et brachialis-ті нервтендіреді. Соңғы екі бұлшықет арасынан иықтың латералды жағынан өтіп, n.cutaneus antebrachii lateralis деген атпен білекте созылып, оның кәрі жілік жағы терісін, сондай-ақ thenar терісін нервтендіреді.
11.Шынтақтық нерв, қалыптасуы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
n.ulnaris, шынтақ нерві, иық өрімінің медиалды будасынан шығып, иықтың медиалды жағынан медиалды айдаршықтың артынан өтеді, содан кейін ол sulcus ulnaris – ке өтеді, одан кейін canalis carpi ulnaris арқылы аттас артериялармен және веналармен бірге алақанға барады; retinaculum flexorum-нің бетінде өзінің соңғы тармағына, ramus palmaris n.ulnaris-ке жалғасады. Иықта тырмақтар бермейді.
Тармақтары: rami articulares шынтақ буынына барады.
rami musculares m.flexor carpi ulnaris және m.flexor digitorum profundus-тың көршілес бөлігін нервтендіреді.
ramus cutaneus palmaris hypothenar терісіне барады.
ramus dorsalis n.ulnaris m.flexor carpi ulnaris пен шынтақ арқылы қол ұшының сыртына келіп, сол жерде 5,4 саусақтар мен 3 саусақтың шынтақ жағына баратын бес сыртқы саусақтың тармақтарына nn.digitales dorsales-ке бөлінеді.
ramus palmaris n.ulnaris шынтақ нервісінің соңғы тармағы os pisiformis деңгейінде беткей және терең тармақтарға бөлінеді, олаодың беткейі, ramus superficialis, бұлшықеттік тармақтар мен m.palmaris brevis-ті, алақанның шынтақ жағындағы терісін жабдықтайды да, бөлініп, шынтақтың екі жағына және 4-саусақтың шынтақ жағына үш nn.digitales palmares proprii-ді береді.
ramus profundus шынтақ нервісінің терең тармағы a.ulnaris-тің терең тармағымен бірге m.flexor мен m.adductor digiti minimi аралығымен өтіп, терең алақан доғасына қосарланады. Ол сол жерде барлық hypothenar бұлшықеттерін, барлық m.interossei-ді, үшінші және төртінші mm.lumbricales-ді, ал thenar бұлшықеттерін mm.adductor pollicis пен m.flexor pollicis brevis-тің терең кішкене басын нервтендіреді. ramus propundus n.medianus-пен жіңішке анастомоз құрып аяқталады.
12.Кәрі жіліктік нерві, тармақтары, нервтендіру аймақтары
n.radialis, кәрі жілік нерві иық өрімі артқы будасының жалғасын құрайды. Ол иық артериясы артынан a.profunda brachii-мен бірге иықтың артқы жағына өтіп, тоқпан жілікті спиральды айнала canalis humeromuscularis-те орналасып, содан кейін арттан алға қарай латералды бұлшықетаралық пердені тесіп өтіп, m.brachioradialis пен m.brachialis аралығына шығады. Осы жерде нерв беткей ramus superficialis және терең тармақтарға бөлінеді. Мұның алдында n.radialis мынадай тармақтар береді.
rami musculares иықтағы жазғыш бұлшықеттер үшін m.triceps және m.anconeus-ке тармақ береді. Соңғы тармақтар шынтақ буыны қапшығы мен иықтың латералды айдаршығын нервтендіреді. Сондықтан бұл айдаршық қабығында бүкіл кәрі жілік нерві бойында ауыру сезімі болады.
nn.cutaneii brachii posterior et lateralis inferior иықтың артқы беті мен артқы латералды бетінің төменгі бөлігінің терісінде тармақталады.
n.cutaneii antebrachii posterior canalis humeromuscularis-те кәрі жілік нервісінен басталып, m.brachioradialis басталатын жерде тері астына шығып, білектің сыртқы жағында таралады.
ramus musculares - m.brachioradialis пен m.extensor carpi radialis longus-ке барады. ramus superficialis білекте - sulcus radialis-те a.radialis-тен латералды өтіп, содан соң білектің төменгі 1/3-інде шынтақ жілік пен иық-кәрі жілік бұлшықеттері арасымен қол ұшы сыртына ауысып, бес сыртқы тармақтар nn.digitales dorsalеs арқылы бүйір жақтарынан І және ІІ саусақтарды, сондай – ақ ІІІ саусақтың кәрі жілік жағын нервтендіреді. Бұл тармақтар әдетте соңғы бақайшақаралық буындар дейгейінде аяқталады. Әрбір саусақ екі жағынан өтетін екі сыртқы және екі алақан нервтерімен қамтамасыз етіледі. Сыртқы нервтер әрқайсысы екі жарым саусақты нервтендііретін n.radialis пен n.ulnaris-тен, ал алақан нервтері n.medianus пен n.ulnaris-тен шығады. Бірінші нерв үш жарым саусақты, ал екінші нерв қалған 1,5 саусақты нервтендіреді.
ramus prafundus m.supinator арқылы өтіп, оны нервтендіріп, білектің дорсалды жағынан шығып, m.extensor carpi radialis brevis-пен білектің барлық артқы бұлшықеттерін нервтендіреді. Терең тармақтың жалғасы n.interosseus antebrachii posterior бас бармақ жазғыштары арасымен кәрі жілік – білезік буынына келіп, оны нервтендіреді. n.radialis иықтағы, білектегі барлық жазғыш бұлшықеттерді нервтендіреді. Білекте бұған қоса бұлшықеттердің кәрі жілік топтарын да нервтендіреді.
13.Бел өрімі, қалыптасуы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
Бел өрімі, plexus lumbalis, үш жоғарғы бел нервтерінің алдыңғы тармақтарынан және IV нервтің жоғарғы бөлігінен, сондай-ақ XII қабырғааралық нерв тармақтарынан түзіледі. Бұл өрім бел омыртқаларының көлденең өсінділері алдында m.psoas major қабатында жайғасып, бірқатар тармақтар береді. Тармақтар: 1.rami musculares mm.psoas major et minor, m.quadratus lumborum және m.intertransversii lateralеs lumborum барады.
2. n.iliohypogastricus m.psoas major-дың латералды жиегінен шығып, XII қабырғааралық нервке параллелді бағытта белдің шаршы бұлшықетінің жоғарғы жағындағы алдыңғы бетінде жайғасады. XII қабырғааралық нерв сияқты сегменттік нерв болғандықтан, n.iliohypogastricus та сол сияқты іштің көлденең және ішкі қиғаш бұлшықеттері арасынан өтіп, оларды бұлшықеттік тармақтарымен қамтамасыз етеді және бөксенің жоғарғы жағы мен шап өзегінің беткей тесігінің терісін нервтендіреді.
3. N.ilioinguinalis бұл да сегменттік нерв, m.psoas major-дың латералды жиегі астынан шығып, n.iliohypogastricus –ке параллелді және оның төменгі жағында орналасады. Одан кейін тікелей шап өзегіне барып, беткей шап сақинасы арқылы шығып, қасаға және ен терісінде немесе үлкен жыныс ерінінде тармақталады.
4. N.genitofemoralis m.psoas қабатынан осы бұлшықеттің алдыңғы бетіне өтіп, екі тармаққа бөлінеді. Олардың біреуі - r.femoralis шап байламына барып, оның астына өтіп, осы байламның төменгі жағындағы сан терісінде тармақталады. Басқа тармағы - r.genitalis шап өзегінің артқы қабырғасын тесіп өтіп, ұрық шылбырына қосылып - m.cremaster мен атабез қабықтарын нервтендіреді.
5. N.cutaneus femoris lateralis m.psoas major-дың бүйір жиегі астынан шығып, m.iliacus бетімен spina iliaca anterior superior-ға қарай барып, сол жерде іш қабырғасын тесіп өтіп, санға шығып, теріастына тармақтала санның бүйір бетімен тізеге дейін түсіп, теріні нервтендіреді.
6. N.femoralis, сан нерві, бел өрімінің ең жуан тармағы lacuna musculorum арқылы санның алдыңғы бетіне шығады. Ол сан артериясынан латералды орналасып, одан fascia latae-нің терең жапырақшасы арқылы бөлініп, көптеген тармақтарға ыдырайды. Олардың біреулері rami musculares m.quadriceps, m.sartorius-ті, ал басқалары санның алдыңғы медиалды бетінің терісін нервтендіреді. Сан нервінің тері тармақтарының ең ұзыны n.saphenus canalis adductorius-те a.femoralis-тен латералды жатады. Hiatus adductorius-тің жанында нерв артериядан алшақтап, өзектің алдыңғы қабырғасын тесіп өтіп, беткей нервке айналады. Нерв сирақта v.saphena magna-мен қосарлана жүреді. Одан тізе терісінің төменгі бетіне ramus infrapatellaris және сирақтың медиалды беті мен аяқ ұшының медиалды жиегіне rami cutanei cruris medialis-тер кетеді.
7. N.obtoratorius, жапқыш нерв, тұйықтаушы өзек арқылы санға өтіп, m.obtoratorius externus–ты жамбас – сан буынын және барлық келтіруші бұлшықеттерді, сондай-ақ олардың үстіндегі теріні нервтендіреді.
14.Сан және жапқыштық нерв, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
N.femoralis, сан нерві, бел өрімінің ең жуан тармағы lacuna musculorum арқылы санның алдыңғы бетіне шығады. Ол сан артериясынан латералды орналасып, одан fascia latae-нің терең жапырақшасы арқылы бөлініп, көптеген тармақтарға ыдырайды. Олардың біреулері rami musculares m.quadriceps, m.sartorius-ті, ал басқалары санның алдыңғы медиалды бетінің терісін нервтендіреді. Сан нервінің тері тармақтарының ең ұзыны n.saphenus canalis adductorius-те a.femoralis-тен латералды жатады. Hiatus adductorius-тің жанында нерв артериядан алшақтап, өзектің алдыңғы қабырғасын тесіп өтіп, беткей нервке айналады. Нерв сирақта v.saphena magna-мен қосарлана жүреді. Одан тізе терісінің төменгі бетіне ramus infrapatellaris және сирақтың медиалды беті мен аяқ ұшының медиалды жиегіне rami cutanei cruris medialis-тер кетеді.
7. N.obtoratorius, жапқыш нерв, тұйықтаушы өзек арқылы санға өтіп, m.obtoratorius externus –ты жамбас – сан буынын және барлық келтіруші бұлшықеттерді, сондай-ақ олардың үстіндегі теріні нервтендіреді.
15.Сегізкөз өрімі, қалыптасуы, тармақтары, нервтендіру аймағы.
Сегізкөз өрімі, plexus sacralis, өрімдердің ішіндегі ең маңыздысы, IV және V бел нерві алдыңғы тармақтарынан және сегізкөз алдыңғы тесіктерінен шығатын төрт сегізкөз нервтерінің дәл осындай тармақтарынан құралады. Өрім нервтері бір-бірімен қосылып, foramen infrapiriforme арқылы жамбас астау қуысынан шығатын шонданай нервінің жуан сабауын түзеді. Сегізкөз өрімінен шығатын тармақтар қысөы және ұзын болып бөлінеді. Қысқа тармақтар аяқ-бел аймағын, ал ұзын тармақтар оның бел өрімі тармақтарымен жабдықталған бөлігін қоспағанда бүкіл аяқты нервтендіреді.
Қыақы тармақтар:
1.rami musculares m.piriformis, m.obturatorius internus, mm.gemelli және quadratus femoris пен mm.levator ani et coccygeus бұлшықеттерін нервтендіреді.
2.n.gluteus superior foramen suprapiriforme арқылы аттас артериямен бірге жамбас астауынан шығып, содан кейін m.gluteus medius, m.gluteus minimus және m.tensor fascia latae-де таралады.
3.n.gluteus inferior foramen infrapiriforme арқылы шығып, өзінің тармақтарымен m.gluteus maximus пен жамбас – сан буын қабын нервтендіреді.
4.n.pudendus, жыныс нерві, foramen infrapiriforme арқылы шығып, foramen ischiadicus minus арқылы кері қарай жамбас астауына барады. Одан әрі n.pudendus аттас аттас артериямен бірге fossa ischiorectalis-тің бүйір қабырғасымен өтеді. Осы шұңқырда одан сыртқы қысатын бұлшықетті, m.sphincter ani externus-ты және артқы тесік айналасындағы теріні нервтендіретін n.rectalis inferiorеs шығады. Шонданай бұдыры деңгейінде diaphragma urogenitale арқылы жиегі қасында n.pudendus екі тармаққа: nn.peronei және n.dorsalis penis болып бөлінеді. Бірінші тармақтар алға қарай өтіп, m.ischiocavernosus және m.bulbospongiosus, m.transversus perinei superficialis бұлшықеттерін, сондай-ақ бұтаралық терісін нервтендіреді. Соңғы тармақтар еннің артқы жағын nn.scrotales posteriores немесе үлкен жыныс ернінің nn.labiales posteriors терісін нервтендіреді. n.dorsales penis, diaphragma urogenitale-нің қабатында a.dorsalis penis-пен қосарланып, m.transversus peronei profundus пен m.sphincter urethrae-ге тармақтар беріп, жыныс мүшесі арқалығына өтеді, ол жерде негізінен glans penis терісінде таралады. n.pudendus құрамына көптеген вегетативтік нерв талшықтары өтеді.
16.Сегізкөз өрімінің ұзын тармақтары. Олардың топографиясы, тармақтары.
Ұзын тармақтар:
1.n.cutaneus femoris posterior жамбас астауынан шонданай нервімен бірег шығып, содан кейін төмен қарай m.gluteus maximus астымен санның артқы бетіне келеді. Өзінің медиалды жағынан ол бөксенің төменгі бөлігі nn.clunium inferiores-тер мен бұтаралық терілеріне баратын rami perinealis тармақшаларын береді. Санда артқы бұлшықеттердің бетінде орналасып, төмен қарай тақым шұңқырына жетіп, сан мен сирақтың артқы жағы терісінде таралатын көптеген тармақтар береді.
2. n.ischiadicus, шонданай нерві, бүкіл дене нервтерінің ең ірісі, барлық түбіршіктерінің талшықтары болатын сегізкөз өрімінің тікелей жалғасы болып табылады. Үлкен шонданай тесігі арқылы m.piriformis-тен сәл төмен жамбас астауы қуысынан шығып, m.gluteus maximus-пен бүркемеленеді. Нерв осы бұлшықеттің төменгі жиегінен шығып, санның артқы бетінде сирақ бүккіштерінің астымен төмен түседі. Ол тақым шұңқырында әдетте екі: жуандау медиалды n.tibialis және жіңішкелеу латералды n.peroneus communis тармақтарына бөлінеді.
Шонданай нерв тармақтары: 1. rami musculares санның артқы бұлшықеттеріне m.semitendinosus, m.semimembranosus, m.biceps femoris-тың ұзын басына, сондай-ақ m.adductor magnus-тың ұзын артқы бөлігіне барады. m.biceps-тің қысқа басына кіші жілік нервісінен тармақ барады. тізе буынына да осы жерден тармақ шығады. 2. n.tibialis, асықты жілік нерві
n.peroneus communis, жалпы кіші жілік нерві.
17.Отырықшалық нерв, оның тармақтары және нервтендіру аймақтары.
n.ischiadicus, шонданай нерві, бүкіл дене нервтерінің ең ірісі, барлық түбіршіктерінің талшықтары болатын сегізкөз өрімінің тікелей жалғасы болып табылады. Үлкен шонданай тесігі арқылы m.piriformis-тен сәл төмен жамбас астауы қуысынан шығып, m.gluteus maximus-пен бүркемеленеді. Нерв осы бұлшықеттің төменгі жиегінен шығып, санның артқы бетінде сирақ бүккіштерінің астымен төмен түседі. Ол тақым шұңқырында әдетте екі: жуандау медиалды n.tibialis және жіңішкелеу латералды n.peroneus communis тармақтарына бөлінеді.
Шонданай нерв тармақтары: 1.rami musculares санның артқы бұлшықеттеріне m.semitendinosus, m.semimembranosus, m.biceps femoris-тың ұзын басына, сондай-ақ m.adductor magnus-тың ұзын артқы бөлігіне барады. m.biceps-тің қысқа басына кіші жілік нервісінен тармақ барады. тізе буынына да осы жерден тармақ шығады. 2. n.tibialis, асықты жілік нерві
3. n.peroneus communis, жалпы кіші жілік нерві.
18.Үлкен жіліншіктік нерв, қалыптасуы, тармақтары, нервтендіру аймақтары. n.tibialis, асықты жілік нерві, тақым шұңқыры ортасында тақым тамырлары жолымен тік төмен түседі, содан кейін canalis cruropopliteus-ке енеді, онда және vv.tibialis posteriores-пен қосарланып, медиалды толарсаққа жетеді. Медиалды толарсақ артында n.tibialis табанның аттас жүлгелерінде өтетін соңғы тармақтарына nn.plantares laterales et mediales-ке бөлінеді. Тақым шұңқырында n.tibiales-тен m.soleus, m.gastrosnemius-ке және m.popliteus-ке бұлшықет тармақтары,сондай-ақ тізе буынына бірнеше тармақтар шығады. Сонымен қатар тақым шұңқырында асықты жілік нерві ұзын тері тармағын n.cutaneus surae medialis-ті береді. Ол v.saphena parva-мен бірге төмен жүріп, сирақтың медиалды бетінің терісін нервтендіреді. Сирақта n.tibialis-тен n.interosseus cruris шығады. Ол үш терең бұлшықетті m.tibialis posterior, m.flexor hallicis longus, m.flexor digitorum longus-ті, сирақ-аяқ ұшы буынын нервтендіріп, медиалды толарсақтың артында өкше мен аяқ ұшының медиалды жиегінің терісіне терілік тармақтар береді. n.plantaris medialis атта артериямен бірге m.flexor digitorum brevis-тің медиалды жиегімен sulcus plantaris medialis-те өтеді де, осы бұлшықетті және m.adductor hallucis пен m.flexor hallucis brevis-тің латералды басынан басқа медиалды топ бұлшықеттерін нервтендіреді. Содан кейін нерв ақыр аяғында n.digitales plantares proprii-ге бөлінеді. Олардың біреуі бас бармақтың медиалды жиегіне қарай барып, жол-жөнекей бірінші және екінші m.lumbricales-терді жабдықтайды. Ал қалған алтауы үлкен бақайдың латералды жағынан бастап, IV саусақтың медиалды жиегімен, саусақтардың бір-біріне қараған жақтарының терісін нервтендіреді. n.plantares lateralis аттас артерия жолымен sulcus plantaris lateralis-ке келеді. rami musculares арқылы табанның латералды тобының барлық үш бұлшықетін және m.quadratus plantae-ні нервтендіріп, екі терең және беткей тармақтарға бөлінеді. Бірінші тармақ ramus propundus табанның артериялық доғасымен бірге жүріп, үшінші және төртінші mm.lumbricales пен барлық m.interossei-ді, сондай-ақ m.adductor hallucis және m.flexor hallucis-тің латералды басын нервтендіреді. Беткей тармақ ramus superficialis табан терісіне тармақтар беріп, үш nn.digitales plantares proprii-ге бөлінеді. Олар V бақайдың екі жағынан және IV башпайдың V-ге қараған жағына барады. Жалпы алғанда, nn.plantares medialis et lateralis-тердің таралуы қол ұшындағы n.medianus-пен n.ulnaris-тің жолына сәйкес келеді.
19.Жалпы кіші жіліншіктік нерві, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
n.peroneus communis, жалпы кіші жілік нерві, n.tibialis-тен кіші жіліктің басына қарай латералды бағытта келіп, сол жерде m.peroneus longus-тың басын тесіп өтіп, беткей және терең тармақтарға бөлінеді. n.peroneus communis өз жолында сирақтың латералды жағының терісін нервтендіретін n.cutaneus surae lateralis-ті береді. Сирақтың ортасынан төмендеу жерде n.cutaneus surae lateralis-пен cutaneus surae medialis екеуі қосылып n.suralis-ті түзеді. Ол латералды толарсақты артқы жағынан айналып өтіп, өкше терісіне тармақтар rami calcanei lateralis беріп, содан кейін n.cutaneus dorsalis lateralis деген атпен аяқ ұшы үстінің латералды жиегімен жүріп, оның терісі мен кішкене бақайдың бүйір жағын нервтендіреді.
Кіші жіліншік нервісінің беткей тармағы n.peroneus superficialis кіші жілік бұлшықеттері арасымен canalis muscularis peroneus superior-ға түсіп, оларға бұлшықеттік тармақтар береді. Ол сирақтың ортаңғы және төменгі 1\3-і шекарасында, тек тері нервісі ретінде шандырды тесіп өтіп, аяқ ұшы сыртының ортасына келіп,екі тармаққа бөлінеді. Олардың біреуі, n.cutaneus dorsalis medialis үлкен бақайдың медиалды жағы мен II және III башпайлардың бір-біріне қараған жиектерін nervi digitales dorsales. Басқа тармаға n.cutaneus dorsalis intermedius II-V бақайлардың сыртқы бетінің бір-біріне қараған жақтарын нервтендіретін n.digitales-ке бөлінеді.
Кіші жіліншік нервісінің терең тармағы, n.peroneus profundus, асықты жілік артериясымен қосарлана өтіп, m.tibialis anterior, m.extensor digitorum longus және m.extensor hallucis longus-ке тармақтар, сондай-ақ сирақ-аяқ ұшы буынына тармақ береді. n.peroneus profundus өзімен қосарлана жүретін артериямен бірге аяқ ұшы сыртына шығып, қысқа бақай жазғыштарын нервтендіреді. Содан кейін екі nn.digitales dorsales-ке бөлініп, I және II бақайлардың бір-біріне қараған беттерінің терісін нервтендіреді.
20.Нерв жүйесінің вегетативтік бөлігі, оның бөлінуі және бөлімдеріне сипаттама.
Вегетативті нерв жүйесі, systema nervosum autonomicum, жүректі, қан және лимфа тамырларды, ағзаларды және құрамында бірыңғай салалы жасушалары мен безді эпителийі бар кейбір ағзаларды нервтендіретін нерв жүйесінің бір бөлігі. systema nervosum autonomicum барлық ішкі ағзалар жұмысына жауапты, алмасу, адам денесіндегі барлық ағзалар мен тіндердің трофикалық процесстерін реттейді, организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын қолдайды.
Вегетативті нерв жүйесін кейбір құрылыс ерекшеліктеріне байланысты былай ажыратады:
1. Орталық нерв жүйесінде вегетативтік ядролардың орналасу ошақтығы;
2. Эффекторлы нейрон денелерінің жиынтығы перифериялық нерв жүйесінің құрамында вегетативтік өрімдер түйіндері түрінде болуы;
3. Орталық нерв жүйесіндегі вегетативті ядролардан нервтендіретін ағзаға баратын нерв жолының екі нейрондылығы жатады.
Вегетативті нерв жүйесі орталық және перифериялық бөлімдерге бөлінеді. Орталық бөліміне: 1. Ми бағанасында (mesencephalon, pons, medulla oblongata) орналасатын ІІІ, VII, IX, X жұп ми нервтерінің парасимпатикалық ядролары; 2. Жұлынның VIII мойын, барлық кеуде және екі жоғарғы бел сегменттерінің бүйір аралық бағанасында орналасатын вегетативтік ядро; 3. Жұлынның үш сегізкөз сегменттерінің сұр затында орналасатын сегізкөз парасимпатикалық ядролары.
Вегетативті нерв жүйесінің перифериялық бөліміне: 1. Жұлын мен мидан шығатын вегетативтік нервтер, тармақтар және нерв талшықтары; 2. Вегетативтік өрімдер; 3. Вегетативтік өрімдер түйіндері, ganglia plexum autonomicum; 4. симпатикалық сабау және оның түйіндері, түйінаралық, дәнекер тармақтар, сипатикалық нертері. 5. Вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлігі – соңғы түйіндері, ganglia terminalia, жатады.
ВНЖ вегетативтік ядролары мен түйіндерінің топографиясына, эфферентті жолдың бірінші және екінші нейрондарының ұзындығы айырмашылығына, қызмет ерекшеліктеріне байланысты екі бөлікке: симпатикалық және парасимпатикалық болып бөлінеді.
21.Вегетативтік рефлекторлық доға.
Вегетативтік рефлекторлық доға құрылысы нерв жүйесінің соматикалық бөлігінің рефлекторлық доға құрылысынан айырмашылығы бар. Нерв жүйесінің вегетативті бөлігінің рефлекторлық доғасында эфферентті звено екі нейроннан тұрады. Жалпы қарапайым вегетативтік рефлекторлық доға 3 нейронмен көрсетілген. Рефлекторлық доғаның бірінші звеносы – сезімтал нейрон, оның денесі жұлын түйіндерінде немесе ми нервтерінің сезімтал түйіндерінде орналасады. Сезімтал нейронның перифериялық өсіндісіндегі сезімтал талшықтар-рецептор ағзалар мен тіндерден басталады. Орталық өсінді жұлынның артқы түбіршігі құрамында немесе ми нервтерінің сезімтал түбіршіктерінің құрамында жұлын немесе мидың сәйкес ядроларына бағытталады. Рефлекторлық доғаның екінші звеносы эфферентті, себебі импульсті жұлын немесе мидан жұмыс ағзасына апарады. Вегетативтік рефлекторлық доғаның осы эфферентті жолы екі нейронмен көрсетілген. Осы нейрондардың біріншісі, яғни қарапайым вегетативтік рефлекторлық доғадағы саны бойында екінші нейрон орталық нерв жүйесінің вегетативтік ядроларында орналасады. Оны сезімтал звеномен эфферентті жолдың екінші нейрон арасында орналасуына байланысты аралық деп атауға болады. Эффекторлы нейрон вегетативтік рефлекторлық доғаның үшінші нейронын көрсетеді. Эффекторлы нейрондар (үшінші) денелері ВНЖ-нің перифериялық түйіндерінде жатады. Осы нейрондар өсінділері ағзалық вегетативтік немесе аралас нервтер мен тіндерге бағытталады.
22.Вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлігі. Жалпы сипаттамасы, краниалды және сакралді бөліктері, түйіндері, тармақтарының таралуы.
Парасимпатикалық бөлім тарихи жағынан сегмент үстіндегі бөлім ретінде дамитындықтан, оның орталықтары жұлын ғана емес, мида да орналасады. Парасимпатикалық бөліктің орталық бөлігі бас немес краниалды бөлімнен және жұлындық немесе сакралдық бөлімнен тұрады.
Краниалдық бөлік ортаңғы мида және ромбтәрізді мида – көпір мен сопақша ми жайғасқан орталықтардан тұрады.
1. Мезэнцефалдық бөлікті nucleus accessories n.oculomotorii мен ортаңғы сыңар ядро құрайды, олар арқылы көз бұлшықеттері m.sphincter pupillae мен m.ciliaris нервтендіріледі.
2. Бульбарлық бөлікті nucleus salivatorius superior n.facialis, nucleus salivatorius inferior n.glossopharyngei мен nucleus dorsalis n.vagi құрайды.
Сакральдық бөлік. Парасимпатикалық орталықтар жұлында, II-IV сегізкөз сегменттері деңгейінде бүйір мүйіздің substantia intermedialateralis –те жатады.
Дата добавления: 2016-03-26 | Просмотры: 1178 | Нарушение авторских прав
|