АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Тура будандастыруды талдау.

ТАРАЗ 2016 ж

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 1-2

Тақырыбы: Клеткалардың жыныссыз көбеюінің цитологиялық негізі. Митоз. Кариотиптерге анализ. Хромосомалардың морфологиясы. Адам идиограммасын жасау.

Сабақтың мақсаты: Әр түрлі организмдердің кариотиптері – мен, клетканыңмитоздық бөлінуімен танысу және хромасома - лардың нәзік құрылысын зерттеу.

Қажетті құрал – жабдықтар: Лупалар (тиімдісі бинокулярлы),

Жарық микроскопы, заттық және жабын шынылар, өткір пре - параттық инелер, пипеткалар, ацетоарсеин бояуы, сорғыш қағаз.

Жұмыстың барысы:

Әрбір студент митоздың барлық стадияларының, өсімдік және жануар клеткаларына тән митоз кезеңдерінің, түрлі организмдердің кариотиптерінің суреттерін салып, олардың астына обьектілердің атын жазып қоюы керек. Дрозофиланың алып хромосомаларының препаратын дайындап, оны зерттеп суретін салу керек.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Неліктен митоздық хромосомалардың көпшілігі анафазада

U – тәріздес болады?

2. Егерде клеткада хромосомалар көрінсе, ал ядро мен ядро –

шық жоқ болса, бұл митоздың қай стадиясына жатады?

3. Егерде клеткада бөліну ұршығы жақсы көрінсе, ал хромосо -

малар центромералары бір жазықтықта орналасса, мұны ми -

тоздың қай стадиясына жатқызуға болады?

4. Митоздың қандай екі стадиясы олардың өту процестеріне

Байланысты бір – біріне қарама – қарсы болып келеді?

5. Клетканың қай стадиясында ДНҚ – ның екі еселенуі өтеді?

6. Кариотип дегеніміз не?

 

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 3-4

Тақырыбы: Жынысты көбеюдің цитологиялық негіздері. Мейоз.

Сабақтың мақсаты: Мейоздың редукциялық және эквациялық жолдармен бөліну ерекшеліктерімен танысу.

Құрал – жабдықтар: Микроскоптар.

Қысқаша түсініктеме:

Клеткалардың митоз жолмен бөлінуі кезінде хромосома -лардың тұрақты сандары сақталады. Сонымен қатар хромосо -малар жиынтығы бастапқы клеткалар мен жаңадан пайда бол- ған екі жас клеткалар да тең болып кетеді. Егер жыныс клет- каларының түзілуі осы көрсетілген жолмен жүретін болса,

ұрықтанудан кейін хромосомалар саны әрдйым екі еселеніп отырар еді. Бірақ олай емес.

Әр түрдің өзіне ғана тән белгілі хромосома саны мен жиынтығы (кариотип) болады. Мұндай процесс жүзеге асу үшін гаметалар түзілерде хромосомалар саны редукциялануы, яғни екі есе кемуі керек.

Редукциялық бөліну жануарларда гаметалар және өсімдік -терде споралар түзілу кезінде жүреді. Екі бөліну: редукциялық пен эквациялық немесе теңесе бөліну деген арнайы атауға ие болған митоз екеуі бірігіп мейозды құрайды. Мейоз бірқатар фазалардан тұрады. Мейоздың алдында интерфаза жүреді, ол кезде ДНҚ синтезделеді, яғни хромосомалар редупликацияланады. Көптеген өсімдіктер мен жануарларда бірінші мейоздық бөліну редукциялық, ал екінші эквациялық болып келеді. Оларды рим цифрымен І,ІІ деп белгілейді. Ре

Дукциялық бөліну профазадан басталады. Мейоздық профаза

І – дің митоздағыдай айырмашылығы – бұл фазада ДНҚ синтезі

жалғасады.

Жұмыстың барысы:

Әрбір студент барлық қаралған препараттардың суреттерін салып, обьектілерді көрсетіп, сипаттап жазулары қажет.

 

Бақылау сұрақтары:

1. І мейоздың профазасының стадияларын ретімен айтып

беріңіз?

2. Нағашы әкесінің барлық 23 хромосомасы немересіне берілуі

Мүмкін бе?

3. Егерде бастапқы клеткада 14 хромасома болса, редукциялық

бөлінудің анафазасында әр полюсте қанша хромосомадан

болады?

4. Бастапқы клетка мен мейоз нәтижесінде түзілген төрт клетка-

лардың ғана хромосомалар саны жағынан айырмашылығы

бар деп тұжырымдауға бола ма?

5. І мейоз профазасындағы қандай екі стадия оларда өтетін

процестер бойынша бір–біріне қарама – қарсы болып келеді?

6. Мейозда гомологты хромосомалар конъюгациясы қандай роль

атқарады?

 

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 5-6

Тақырыбы: Жануарлар гаметогенезі, өсімдіктер спорогенезі мен гаметогенезі және ұрықтану процесі.

Сабақтың мақсаты: Жануарлардағы сперматогенез, оогенез және ұрықтану кезеңдерімен жоғары сатыдағы өсімдіктердің тозаң түйіршіктерінің құрылысымен, мегаспорогенез және ұрық қапшығының қалыптасу кезеңдерімен танысу.

Қажетті құрал – жабдықтар: Жарық түсіргіші бар микроскоп.

Жұмыстың барысы:

Әрбір студент қарап шыққан препараттың суретін салып, обьектінің атын жазып көрсетулері керек.

Бақылау сұрақтары:

1. 46 хромосомасы бар бір спермотогонийден қанша спермато-

зоид түзіледі және олардың хромосома саны қанша болады?

2. 4 хромосомалы бір аналық микроспора клеткасынан тозаң

түйіршіктерінің қанша сорты түзіледі?

3. Бір аналық микроспораның клеткасынан қанша микроспора

және тозаңдықтар түзілуі мүмкін?

4. Жұмыртқа клеткасының қанша типі түзілуі мүмкін, егерде

бастапқы клеткаларда І жұп, 12 жұп хромосома болса?

5. Тозаң қапшығында қанша тозаңтүзілуі мүмкін, егерде бас –

тапқы клеткада І жұп хромосома болса, 4 жұп хромосома

болса ше?

6. Көпшілік өсімдіктерге тән бір аналық мегаспора клеткасынан

Тіршілік қабілеті бар қанша мегаспора түзілуі мүмкін?

 

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 7-8

Тақырыбы: Моногибридті будандастыру.

Сабақтың мақсаты: Моногибридті будандастырудағы тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтарымен танысу.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар: кестелер.

Жұмыстың қысқаша мазмұны:

Моногибридтік будандастыру – сырт пішіні бір-бірінен бір ғана белгіден өзгешелігі бар аталық-аналық жұптарын қосуды моногибридтік будандастыру деп атайды. Мысалы: аналық өсімдік сары, аталық жасыл немесе керісінше. Осы белгілердің сырт көрінісін фенотип, ал нәсілдік қасиеттердің, яғни гендердің жиынтығын – генотип деп атайды.

Жұмыстың барысы:

Есептер шығару.

№ 1. Тригетерозиготалы сары, тегіс дәнді, бүршақ қабы да тегіс өсімдік, үш белгісі бірдей рецессивті өсімдікпен будандастырылған. Ұрпақта қандай фенотиптік кластар түзіледі?

№2.Сары тегіс дәнді бұршақты, жасыл бұдырлы дәнді бүршақпен будандастырғанда бірінші ұрпақ түгел сары тегіс дәнді болған. Екінші ұрпақта 575 сары тегіс, 199 сары бұдырлы, 197 жасыл тегіс және 62 жасыл қатпарлы өсімдіктер алынған.

Ата-анасының генотипін тап.

№ 3. Бидайда қылтанақсыздық (А) қылтанақтылыққа (а) қарағанда, масақтың қызыл түсі (В) ақ түске (в) қарағанда доминантты болады.

а)Мына будандастырулардағы ұрпақтың және ата-аналарының фенотипін анықта;

1) ААвв х ааВВ; 2) АаВв х ааВВ; 3) АаВв х ААвв; 4) АаВв х аавв; 5) АаВв х АаВв; 6) АаВВ х ааВв;

б) Қылтанақсыз ақ масақты өсімдікті қылтанақты қызыл масақты өсімдікпен будандастырғанда үрпақта 21 қылтанақсыз қызыл масақты және 22 қылтанақсыз ақ масақты өсімдіктер алынған.

Ата-анасының генотипін тап.

№4. Сұлыда қалыпты өсу алып өсуге қарағанда, ерте пісу кеш пісуге қарағанда доминантты болады.

Екі жұп белгінің гендері әртүрлі жүп хромосомаларда орналасқан.

а) Гомозиготалы қалыпты бойлы, кеш пісетін сұлыны ерте пісетін, алып бойлы сұлымен будандастырғанда қандай ұрпақтар пайда болады?

б) Екі белгісінен бірдей гетерозиготалы (дигетерозиготалы) өсімдіктерді өзара будандастырғанда ұрпақтың қанша проценті ерте пісетін, алып бойлы болады?

№ 5. Жеміс шыбындарында (дрозофила) қалыпты қанат пен дененің сұр түсі доминантты А және В гендерімен анықталады, ал қысқа қанат пен дененің қара түсі рецессивті а және в гендерімен анықталады.

Мына будандастырулардағы ата-аналары мен ұрпақтарының фенотипін анықта.

1) ААвв х ааВВ; 2) АаВв х аавв; 3) АаВв х ааВВ; 4) АаВв х ААвв; 5) АаВв х АаВв; 6) АаВВ х аавв;

№ 6. Біреуі қалыпты қанатты, екіншісі қысқа қанатты екі қара шыбынды будандастырғанда ұрпақтың бәрі қара түсті болған, бірақ жартысының қанаты қалыпты, ал қалған жартысы қысқа қанатты болған. Ата-анасының генотипін тап.

№7. Біреуі сұр түсті, екіншісі қара түсті қысқа қанатты екі шыбынды будандастырғанда ұрпақтың бәрі сұр түсті қысқа қанатты болып шыққан.

Ата-анасының генотипін тап.

№ 8. Теңіз шошқаларында сабалақ жүнділік (А) тегіс жүнге (а) қарағанда, тері жамылғысының қара түсі (В) ақ түске (в) қарағанда доминантты болады.

Мына будандастырулардағы ұрпақтың фенотиптерін анықта:

1) ААвв х ааВВ; 2) АаВв х ааВВ; 3) АаВв х аавв;

4) АаВв х ААвв; 5) АаВВ х АаВВ; 6) АаВв х АаВв;

№ 9. Гетерозиготалы сабалақ жүнді ақ шошқаның аналығы гетерозиготалы сабалақ жүнді ақ шошқаның аталығымен будандастырылған. Ұрпақтың генотипін тап.

№10. Сабалақ жүнді қара аналықты тегіс жүнді ақ аталықпен будандастырғанда ұрпақта жартысы сабалақ жүнді қара, ал қалған жартысы сабалақ жүнді ақ особьтар алынған. Ата-анасының генотипін тап.

№ 11. Ұзын сабақты жасыл тегіс дәнді хош иісті бұршақты, ұзын сабақты сары тегіс дәнді өсімдікпен будандастырғанда ұрпақта: 28 ұзын сабақты жасыл тегіс дәнді, 11 ұзын сабақты жасыл бұдырлы дәнді, 10 ергежейлі жасыл тегіс дәнді және 3 ергежейлі жасыл бұдырды дәнді өсімдіктер алынған.

Ата-анасының генотиптерін анықта.

№12. Қызанда жемістің қызыл түсі (R) сары түске (г) қарағанда, сабақтың үзын бойлылығы (Н) ергежейлілікке (һ) қарағанда доминантты болады.

Дигетерозиготалы қызыл жемісті ұзын сабақты өсімдік, сары жемісті ергежейлі өсімдікпен будандастырылған.

Ұрпақтың генотипі мен фенотипін тап.

Бақылау сұрақтары:

Үшгибридтік будандастыру дегеніміз не?

Полигибридтік будандастыру кезіндегі тұқым қуалау, ажырау формулалары.

Генотиптік ажырау формуласы қандай?

Фенотиптік ажырау формуласы қандай?

(3+1)4 формуласына фенотип бойынша ажырау қай будандастыруға тән?

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 9-10

Тақырыбы: Дигибридті будандастыру.

Сабақтың мақсаты: Дигибридті будандастырудағы тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтарымен танысу.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар: Әрбір білімгерге ас бұршағы өсімдігінің жеке бумалары: аналық іріктеме (сары бұдырлы) тұқымды, аталық іріктеме (жасыл тегіс) тұқымды Ғ2 будандары беріледі.Әр білімгерге 7 Петри табақшасы таратылып беріледі.

Жұмыстың қысқаша мазмұны:

Организмдердің бір – бірінен көптеген белгілерінде айырмашылықтары болады.Мұндай жағдайда будандастыру полигибридті будандастыру деп аталады.Оның қарапайым түрі – дигибридті будандастыру.Дигибридті будандастыруда аталық және аналық организмдердің бір – бірінен екі жұп айқын ажыратылатын белгілерінде айырмашылықтары болады.Мысалы, бұршақ өсімдігінің тұқымдарының түсі жасыл, пішіні тегіс ал екіншісінің тұқымдарының түсі сары, пішіндері бұдырлы болып келеді,яғни бұл өсімдіктердің екі жұп белгілерінде тұқымдарының түстері (жасыл? сары) және пішіні бойынша тегіс болған, яғни Мендельдің бірінші заңы Ғ1 ұрпағының біркелкілігі немесе доминантылық заңы көрініс береді.

Дигибридті будандастыру ең алдымен әр жұп белгілердің тұқым қуалауын бөлек қарастыру керек.Ғ1 – дің тұқымдары фенотипі бойынша сары болғандықтан сары түс жасыл түске қарағанда доминантты, сондықтан бұл аллельді А – мен жасыл түсті а-мен белгілейді.Тұқымның бұдырлы пішінің анықтайтын аллель Ғ1 – де көрініс бермейді, олай болса рецессивті болғаны, ал тегіс пішінді доминантты.Генетикада әр түрлі ген аллельдерінің түрлі әріптермен көрсету қабылданған.Тегіс пішіннің аллелін – В, ал бұдырлы пішінді в әріпімен белгілейміз.Енді бастапқы сорттармен Ғ1 будандарының генотиптерін келтіруге болады.Жасыл тегіс тұқымды өсімдіктің генотипі ааВВ, ал сары бұдырлы тұқымның генотипі ААвв болады.Бұл сорттардың гаметалары аВ және Ав болып келеді.

Жұмыстың барысы:

Бұршақ тұқымы түстерінің тұқым қуалауын анықтау.

Бумадағы аналық өсімдіктің тұқымдарын үгітіп алып, содан соң Петри табақшасына салып, барлығының түсі сары екендігіне көз жеткізу. Алынған мәліметтерді кестеге жазып қою.Содан соң бумадағы аталық өсімдітердің тұқымдарын да үгітіп, оларды Петри табақшасына салып, бәрінің түсі жасыл екендігіне көз жеткізіп, оны да кестеге жазу керек. Асбұршақтың Ғ1 будан бумасындағы тұқымдарды үгітіп, олардың барлығының түсі сары екендігіне көз жеткізу. Тұқымның сары түсінің жасыл түсіне қарағанда доминантылығын белгілеу, нәтижелерді кестеге жазу.Ғ2 будан бумасындағы тұқымдарды үгітіп, олардың түстерінің әр түрлі болғандығына көз жеткізу. Ас бұршақ тұқымының түсі бойынша ажыраудың болғандығын көрсету сары және жасыл тұқымды әр түрлі Петри табақшасына жеке салып санау және нәтижелерін кестеге жазу.

Тұқым пішіндерінің тұқым қуалауына талдау жасау.

Аналық өсімдіктердің тұқымдарын қарап шығып олардың барлығы бұдырлы пішнді екендігіне көз жеткізу.Содан аталық өсімдіктің тұқымдарын да қарап шығып бәрі тегіс пішінді екеніне көз жеткізу. Нәтижелерді кестеге түсіру.

Тегіс пішнді бұдырлыға қарағанда доминантты екендігін нақтылау. Ғ2 – дегі буданның үгітілген тұқымдарын қарап шығып сары және жасыл тұқымдардың екі типінің де тегіс және бұдырлы пішіндері бар екендігін анықтап пішіні бойынша ажыраудың орын алатындығы көрсету.Сары тұқымдарды екі Петри табақшасына бөліп беруіне сары тегістерді екіншісіне сары бұдырларды салып қою керек. Алған мәліметтеріне статистикалық талдау жүргізіп, нақты алынған ажырау 3: 1 арақатынасындай болып ажырауға сәйкес екендігін дәлелдеу.

Бақылау сұрақтары:

1. Тұқымның түсі мен пішіні бойынша гетерозиготалы өсімдік осы екі белгі бойынша да рецессивті гомозиготалы өсімдікпен будандастырылған.Алынатын ұрпақтың генотиптері мен фенотиптерін анықтау керек.

2. Сары тегіс тұқымнан өсіп шыққан екі бұршақ өсімдігін будандастырғанда, сары тегіс тұқымдар алынған.Олардың ата – аналарының генотиптерін анықтау керек.

3. Тұқымның түсі мен пішіні бойынша гетерозиготалы ұрпақта фенотип және генотип бойынша белгілердің ажырауы қалай болуы мүмкін?

 

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 11-12

Тақырыбы: Гендердің өзара әрекеттесуі.

Сабақтың мақсаты: Дрозофила шыбынының көзі түсінің тұқым қуалауын зерттеу барысында аллельді емес гендердің комплементарлы әрекеттесуімен танысу.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар: әрбір білімгерге дрозофиламен жұмыс жасауға арналған құрал - жабдықтар таратпасы.

Жұмыстың қысқаша мазмұны:

Кез – келген организмнің кейбір белгі қасиеттері бір емес бірнеше гендер арқылы анықталады.Мұндай жағдайда әр түрлі гендердің аллельдері бір – бірімен әрекеттеседі.Соның нәтижесінде дигетерозиготалы Ғ2 – дегі ұрпақта белгілердің ажырауының арақатынасы әдеттегіден басқаша болады.Яғни 9:3:4; 9:7; 13:3; 12:3:1; 15:1 т.с.с және мұндай ажырау гендердің өзара әрекеттесуінің сипатына байланысты болады.Генетикалық талдаудың нәтижесі Ғ2 – дегі будан ұрпақтың фенотип бойынша жоғарғыдай арақатынаста ажырауы 9:3:3:1 формуласының өзгерген түрі екендігін көрсетеді.

Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің 3 түрі бар: 1) комплементарлық, 2)эпистаз және 3) полимерия.Екі аллельді емес гендер бір генотипте бірігіп келгенде жаңа белгінің дамуын қуаттаса гендердің мұндай әрекеттесу жолын комплементарлық деп атайды.Гендердің өзара әрекеттесуінің келесі типі – эпистаз кезінде бір ген өзіне аллельді емес екінші бір геннің қызметін тежейді.Басымдылық көрсететін ген ингибитор деп аталады.Доминанттылық эпистаз кезінде ингибитор доминантты ген, ал рецессивті эпистаз кезінде рецессивті ген болады.Гендердің өзара әрекеттесуінің тағы бір типі – полимерия немесе гендердің біртекті әсері.Әр түрлі аллельді емес гендердің әсерінің бірдейлігін көрсету үшін оларды біркелкі әріптермен белгілейді де әр түрлі индекстер қояды.Полимерияның 2 түрі болады: куммулятивті және куммулятивті емес.

Жұмыстың барысы:

Көздерінің түсі қызыл және ашық қызыл шыбындарды

будандастыру нәтижесін талдау.

(Бірінші будандастыру)

1 – ші білімгерге дрозофиланың таза линияларымен танысып, олардың көздерінің түсі қызыл және ашық қызыл екендігіне көз жеткізу. Кесте сызып, алған нәтижелерін сол кестеге толтыру.Осы будандастырудың нәтижесінде алынған Ғ1 ұрпақты талдап, олардың барлығының көзінің түсі қызыл екендігіне көз жеткізу.Дрозофила көзінің қызыл түсі ашық түсіне қарағанда доминантты екендігін анықтау.Қорытындыларды кестеге жазу. Ғ2 будан ұрпаққа талдау жасап, оларды екі фенотиптік класқа бөлу, яғни белгілердің ажырау заңдылығының байқалатындығына көз жеткізіп, әр бір кластағы особьтарды санап, нәтижесін кестеге жазу керек.Барлық білімгерлердің алған нәтижелерін Х әдісімен статистикалық есептеулер жүргізіп, белгілердің ажырауы 3:1 екендігін және бұл будандастыру моногибридтіге жататындығын дәлелдеу.Өзінің тобындағы басқа білімгерлер жүргізген 2 және 3 будандастырудың нәтижелерімен танысып, қорытындысын кестеге жазу.Мәтінде және суретте көрсетілген үлгі бойынша үш будандастырудың сызбасын жасау.

Қызыл және қоңыр көзді шыбындарды будандастыру.

(Екінші будандастыру)

Екінші білімгерге – шыбындардың таза линияларымен танысып, олардың көздерінің түсі қызыл және қоңыр екендігіне көз жеткізу.Ғ1 будан ұрпаққа талдау жасап, олардың барлығының көзінің қызыл түсі қоңыр түсіне доминантты екенін дәлелдеу.Қорытындыларды кестеге жазу.Ғ2 будан ұрпаққа талдау жасап, оларды екі фенотиптік класқа бөлу: яғни белгілердің ажырауы болатындығына көз жеткізу.Әрбір кластағы шыбындарды санап, қорытындыларын кестеге жазу. Барлық білімгерлердің алған мәліметтері бойынша Х2 әдісімен бұл будандастыруға статистикалық есептеулер жүргізіп, белгілері 3:1 ажырайтын моногибридті будандастыру екендігін дәлелдеу. Өзінің тобындағы басқа білімгерлер жүргізген 1 және 3 будандастыру нәтижелерімен танысып, қорытындыларын жазу.

Көздері ашық және қоңыр шыбындарды будандастыру

нәтижесін талдау.

(Үшінші будандастыру)

Үшінші білімгерге дрозофиланың таза линияларымен танысып, олардың көздерінің түсі қоңыр және ашық қызыл екендігіне көз жеткізу.Ғ1 ұрпақ будандарына талдау жасап, олардың барлығының көздерінің түсі қызыл, яғни ата – аналық формалар белгісіне ұқсамайтын жаңа белгінің жарыққа шығуын анықтау.Ғ2 ұрпақ будандарына талдау жасап, оларды 4 фенотиптік класқа бөлу.Көздері қоңыр, ашық қызыл, қызыл және ақ шыбындар.Тағы бір жаңа белгісі бар,яғни ақ көзді шыбындардың ажырап шыққандығын дәлелдеу.Әрбір кластағы шыбындарды санап, кестеге жазу.Барлық білімгерлердің алған мәліметтерін Х2 әдісімен статистикалық жолмен есептеп, белгілердің ажырауы 9:3:3:1 болғандықтан соған сәйкес бұл будандастыру дигибридтіге жататындығын дәлелдеу.

Бақылау сұрақтары:

1. Екі доминантты гендер бойынша гомозиготалы өсімдік рецессивті гомозиготалы ақ гүлді өсімдікпен будандастырылған.Алынған ұрпақ генотипімен фенотипін анықта.

2. Екі сары жемісті өсімдіктерді будандастырғанда алынған барлық ұрпақтың да жемістернің түсі сондай болып шыққан.Ата – аналық генотиптерін анықтаңыз.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 13-14

Тақырыбы: Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауы.

Сабақтың мақсаты: Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауының негізгі заңдылықтарымен танысу.Ғ1 және Ғ2 ұрпақтардағы реципрокты будандастырудың айырмашылықтары, крис – кростық тұқым қуалау.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар: Тірі объектілер: екі білімгерден тұратын шағын топқа 6 пробирка беріледі.Олар дрозофилланың бастапқы линиялары салынған 2 пробирка (ақ және қызыл көзді шыбындар): Әрбір білімгерге дрозофиламен жұмыс істеуге арналған құралдар жиынтығы таратылып беріледі.

Жұмыстың қысқаша мазмұны:

Организмдердің аталық және аналық жыныстарын анықтайтын хромосомаларды жыныстық хромосомалар деп атайды. Олардың ішінде аталық және аналық особьтардың екеуінде де бірдей кездесетін және жыныстардың біреуінде ғана жұп болып келетін хромосома Х – хромосома деп аталады.Организмдердің тек бір ғана жынысында болатын тақ У – хромосома деп аталады.Ал жыныстық хромосомалардан басқа, аталық және аналық жыныстарда бірдей ұқсас болып келетін хромосомалар аутосомалар деп аталады.

Жыныстық хромосомалар бойынша біртекті гаметалар түзетін жыныс – гомогаметалы, ал гаметалардың екі типін түзетін жыныс – гетерогаметалы деп аталады.

Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауын дрозофила шыбыны көзінің ақ және қызыл түстерінің тұқым қуалауының мысалында қарастырайық.Дрозофила генетикасында қабылданғандай көздің қызыл түсін анықтайтын ген аллелін W+, ал ақ түсін w таңбаларымен белгілейміз. Қызыл көзді аналықты ақ көзді аталықпен будандастырғанда алынған бірінші будан ұрпақтың барлығы да қызыл көзділер болып шығады.Демек, көздің қызыл түсін анықтайтын аллель – доминантты, ал ақ түстікі – рецессивті.Екінші будан ұрпақта 3 қызыл көзділердің 1 ақ көзділерге қатынасындай болып белгілердің ажырауы байқалады.Бірақ қызыл көзділердің барлығы аналықтар, ал аталықтардың жартысы қызыл көзділер, жартысы ақ көзділер болады.Бастапқы аталықтың жыныстық хромосомалары ХУ және оларда көздің ақ түсін анықтайтын тек бір ғана рецессивті аллель болады.Геннің мұндай күйі гомо және гетерозиготадан басқаша гемизигота деп, ал соған сәйкес генотип гемизиготалы деп аталады.

Енді кері будандастыруды қарастырайық. Ақ көзді аналықтарды қызыл көзді аталықтармен будандастырғанда бірінші буынның өзінде – ақ белгілердің 1:1 арақатынасындай ажырауы байқалған.Көздің ақ түсі шешелерінен ұлдарға, қызыл түсі әкелерінен қыздарына беріледі. Белгі лердің мұндай тұқым қуалауын крис – кростық тұқым қуалау деп атайды.

Жұмыстың барысы:

Тура будандастыруды талдау.

1 – ші білімгерге шыбындардың бастапқы линияларымен танысып, аналық линиялардың қызыл көзді, ал аталықтардың ақ көзді екендігіне көз жеткізу.Ғ1 ққа талдау жасау.Барлық шыбындардың қызыл көзді екендігіне көз жеткізу.Ғ1 будан белгілерінің біркелкі болатындығын және көздің ақ түсіне қарағанда қызыл түсінің доминанттылығын белгілеу.Шыбындарды жынысы бойынша ажырату, аналықтар мен аталықтарды санау.Осы будандастырудан барлық білімгерлер алған будан ұрпақтардың жынысы бойынша ажырауына Х2 әдісімен статистикалық есептеулер жүргізіп, оның теория бойынша болады деп күтілетін 1:1 арақатынасқа сәйкестігін дәлелдеу.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Гетерозиготалы қызыл көзді аталық, қызыл көзді аналықпен будандастырылған.Бірінші ұрпақтағы аталық пен аналық көздерінің түсі қандай болады?

2. Гомо зоготалы қызыл көзді аналық ақ көзді аталықпен будандастырылған.Бірінші және екінші ұрпақтағы аналық пен аталықтардың көздерінің түсі қандай болады?

3. Ақ көзді аналық қызыл көзді аталықпен будандастырылған. Бірінші және екінші ұрпақтағы аналық пен аталықтардың көздерінің түсі қандай болады?

 

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 15-16

Тақырыбы: Тіркес тұқым қуалау заңдылықтары және кроссинговер.

Сабақтың мақсаты: Тіркес тұқым қуалау заңдылықтарымен танысу және гендерді тіркескен гетерозигота ұрпақтары белгілерінің ажырауын есептеу.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар: тірі объектілер: әрбір білімгерге 4 пробиркадан беріледі.1 пробиркада шыбындардың бастапқы линиясы, қызыл көзді, сұр денелі және қалыпты қанатты формалар.2 пробиркада ашық қызыл көзді, қара денелі және қысқа қанатты бастапқы линиялар. 3 және 4 пробиркаларда Ғ1 және Ғқ будан ұрпақтары.

Жұмыстың қысқаша мазмұны:

Белгілердің тіркесіп тұқым қуалауы ата – анасына ұқсас ұрпақтар санының, белгілердің жаңа үйлесіміне ие болған формалар рекомбинанттар санынан басым екендігінен байқалады.

Тіркес тұқым қуалау кезінде тіркесу дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Толық тіркесу кезінде будан ұрпақтар ішінде рекомбинанттар болмайды тек белгілері ата – аналық формаларға ұқсас организмдер ғана болады.Ал жартылай тіркесу кезінде белгілері ата – аналық формаларға ұқсас будандар біршама болады.

Гендер арасындағы тіркесу күшін білдіретін кроссинговер мөлшері рекомбинанттар санын талдаушы будандастырудан алынған ұрпақтың жалпы санына шағып есептеліп, процентпен белгіленеді.

Жұмыстың барысы:

Будандастыру үшін алынған бастапқы линияларды талдау.

Жабайы тип линиялармен танысып, олардың белгілері: көзі ашық қызыл түсті, қара денелі және қысқа қанаттылығына көз жеткізу.

Бірінші ұрпақ будандарын талдау.

Ғ1 ұрпақ будандарын талдап, барлық шыбындардың қызыл көзді, сұр денелі, қалыпты қанатты екендігіне көз жеткізу.Көздің қызыл түсі ашық қызыл түсіне, дененің сұр түсі қара түсіне, қанатының қалыптылығының қысқалығына қарағанда доминантты болатындығын анықтау.

Бақылау сұрақтары:

1. Бір жұп гомологы хромосомалардың бір сыңарына А, ал екінші сыңарына а және В гендері бар өсімдік кроссоверлі емес гаметалардың қандай типтерін түзе алады?

2. А және В гендерінің арақашықтығы қандай болады, егер осы гендер бойынша дигетерозиготалы особъты рецессивті гомозиготамен будандастырғанда алынатын рекомбинанттардың мөлшері 6,4 % болса?

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 17-18

Тақырыбы: Кроссинговерге генетикалық талдау жасау. Генетикалық карталар құрастыру.

Сабақтың мақсаты: Кроссинговерге генетикалық талдау жасау. Генетикалық карталар құрастыру.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар: кестелер.

Жұмыстың қысқаша мазмұны:

Кроссинговер. Табиғатта толык емес тіркесу гендердің бірге тұкым қуалау сипатына байланысты кейде жиі, кейде сирек көрініп отырады. Т. Морган гомологтік хромосомалар жұбында гендер үнемі алмасып отыратындығън көрсетті. Кроссинговердің жиілігі бір хромосомада орналасқан гендердің арақашықтығын және гендердің өзара орналасқан орнын көрсетеді.

Генетикалық карталар. Кроссинговер кұбылысының ашылуы Т.Морган жөне оның шәкірттеріне хромосомалардың генетикалық картасын жасауға мүмкіндік туғызды. Картаны жасауға хромосоманың үзына бойына гендердің тізбектеле орналасуы негіз болды. Генетикалық карталар гомологтік хромосомалардың әр жұбы үшін жасалады. Тіркесу тобын нөмірлейді. Картаны қүрастыру үшін көптеген гендердің түқым қуалауын зерттеп білу қажет. Мысалы, дрозофила шыбынының төрт тіркесулер тобына жинакталған 500-ден астам гендері, ал жүгері өсімдігінің 10 тіркесу тобына жинакталған 400-ден астам гендері зерттелген

Жұмыстың барысы:

Хромосома модельін пластилиннен конъюгация кезінде, хроматидтің айқасуын, және хроматидтердің алмасу аудары болатынына көз жеткізу, аллельдердің жаңа комбинациясының түзілуіне көз жеткізу. (әрбір хроматиданың ұшытарын қағазбен орап, гендерді әріппен белгіле).

Генетикалық есептер шығару.

№1. Жеміс шыбынында (дрозофила) рудиментті қанат (vg) рецессивті белгі және аутосомада орналасқан, ал дененің сары түсін анықтайтын ген (у) де рецессивті, бірақ жыныстық хромосомада орналасқан.

Екі белгісінен бірдей гомозиготалы аналық шыбынды қалыпты аталықпен будандастырса, мен ұрпақтарында қандай фенотиптік кластар түзілуі мүмкін?

№2. Көзі қалыпты көретін еркек пен Х - хромосомалары ажырамаған дальтоник - әйелдің некесінен қандай балалар тууы мүмкін? Балалардың соматикалық клеткаларында Барр денешігінің саны нешеу болады?

№ 3. Қаны АВ тобына жататын дальтоник жігіт, қаны 0 тобына жататын қалыпты көретін қызға үйленген. Қыздың әкесі дальтоник, қаны А тобына жатады. Бұл некеден екі бала туған: қаны А тобына жататын, қалыпты көретін қыз бала, және қаны В табына жататын, қалыпты көретін ұл бала.

Барлық отбасы мүшелерінің генотиптерін аяықтандар.

Осы некеден дальтоник - балалар тууы мүмкін бе?

Қан топтары ата-анасына тартқан балалар тууы мүмкін

№ 4. ӘкесІ және ұлы гемофилик, шешесінің қаны қалыпты. Ата-анасының және баланың генотиптері қандай болуы мүмкін?

№ 5. Дені сау (гемофилик емес), қаны АВ тобына жататын еркек, дені сау, қаны 0 тобына жататын әйелге үйленген. Әйелдің әкесі гемофилик болған. Осы некеден туған балалардың фенотиптері туралы не айтуға болады?

№ 6. Жеміс шыбындарында (дрозофила) көздің қызыл түсіне доминантты ген (W+), ал ақ түсіне рецессивті ген (W) жауап береді. Бүл аллельдер жыныстық хромосомада орналасқан.

Гомозиготалы қызыл көзді аналық шыбын гаметалардың қандай түрлерін түзеді?

Гетерозиготалы қызыл көзді аналық және гетерозиготалы қызыл көзді аталық гаметалардың қандай түрлерін түзеді?

№ 7. Гемофилия гені (һ) адамда жыныспен тіркес рецессивті ген.

Қаны қалыпты ұийтын әйел гаметаның қандай түрлерін түзеді?

Гетерозиготалы әйел ше?

Бақылау сұрақтары:

Хромосомдық теорияның авторы кім?

Кроссинговер дегеніміз не?

Кроссинговер бөлінудің қай фазасында жүреді?

Хромосоманың генетикалық картасы дегеніміз не?

Гендер арақашықтығы қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?

Интерференция дегеніміз не?

Эукариот және прокариот организмдерде генетикалық карта құру методикасы қалай (Дрозофила және E.Coli мысалында)

Адам хромасомаларының генетикалық картасы қалай жасалады?

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 19-20

Тақырыбы: Өзгергіштік және оны зерттеу әдістері.

Сабақтың мақсаты: Көп аллельділік құбылысымен, көп аллельдер сериясындағы тұқым қуалаумен және аллелизмнің функционалды критерийімен танысу.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар: ақ жоңышқа жапырақтарының гербарийі, көздерінің түсі бойынша айырмашылығы бар дрозофилла линиялары коллекциясы, үй қояндары, дрозофиламен жұмыс жүргізуге арналған кәдімгі құрал – жабдықтар.

Жұмыстың қысқаша мазмұны:

Өзгергіштік дегеніміз – организмнің сыртқы ортаның әсерінен өзгеруі, яғни оның жаңа белгі қасиеттерге ие болуы немесе бұрынғы бар қасиеттерден айырылуы.Өзгергіштік тұқым қуалаушылыққа қарама – қарсы құбылыс.Өзгергіштіктің 2 түрін ажыратады: 1) генотиптік немесе тұқым қуалайтын, 2) фенотиптік немесе тұқым қуаламайтын.Генотиптік өзгергіштік бұл генотиптің өзгеруінен туындайтын организм белгілерінің өзгерісі және олардың келесі ұрпақтарда сақталып қалуы.Фенотиптік өзгергіштік тұқым қуаламайды және организм генотипіне әсер етпейді.Оны генотиптері бірдей особьтардың белгілерінің әр түрлі болып келетіндігінен көруге болады.Геннің әр түрлі жағдайында болуын аллельдік деп атайды.Нақты бір геннің екі немесе бірнеше түрлі болып келуін көп аллельділік деп атайды.

Жұмыстың барысы:

1. Көп аллельділік құбылысымен және ол жағдайындағы тұқым қуалаумен танысу.

2. Берілген гербарийдегі жапырақ дақтарын суреттегі көріністермен салыстыра отырып, әр бір өсімдіктің генотипін анықтау.

Бақылау сұрақтары:

1. Егер шешесінің қан тобы А, ал әкесінікі В болса, онда балаларының қан топтары қандай болады?

2. Егер ақ және қара үй қояндарын будандастырудан алынған гибрид аналықты горностай түсті аталықпен будандастырса, олардың ұрпақтары қандай болмақ?

3. Көп аллельділіктің қандай эволюциялық маңызы бар?

 

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 21-22

Тақырыбы: Модификациялық өзгергіштік

Сабақтың мақсаты: Модификациялық өзгергіштік құбылысы, оның заңдылықтары және зерттеу әдістерімен танысу.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар: Гербарийлер: қағаз бетіне жабыстырылған құлпынайдың бірнеше түрлерінің жапырақтары 5 талдан, әрбір білімгерге осындай он қағаздан, яғни құлпынайдың 50 тал жапырағы беріледі.Сызғыштар мен мм – к қағаз таспалары.

Жұмыстың қысқаша мазмұны:

Сыртқы ортаның әр түрлі жағдайларында дамып, жетілген генотиптері бірдей организмдердің фенотиптері түрліше болуы мүмкін.Особьтар фенотиптерінің осындай әр түрлілігі модификациялық өзгергіштік деп аталады.Өзгергіштіктің мұндай түрінің болуы организм белгілері мен қасиеттері өздері ғана тұқым қуаламай, олардың дамып қалыптасуын анықтайтын гендердің тұқым қуалайтындығымен түсіндіруге болады.Бірақ белгінің іс жүзінде дамуы үшін белгілі бір сыртқы орта жағдайы керек.Сондықтан өсімдіктердің жасыл болуы үшін хлорофильдің синтезін бақылайтын генмен қатар жарық та қажет.Сол сияқты адамның физикалық және психикалық жағынан қалыпты дамуы үшін, организмдегі барлық зат алмасу процестерінің қалыпты өтуін қадағалайтын генотиппен қатар ішкі және сыртқы ортаның белгілі бір жиынтығы да қажет.

Жұмыстың барысы:

1. Құлпынайдың ортаңғы жапырақтарының ұзындығын және оның тісшелерінің санын есептеу. Жапырақтың ұзындығын өлшеу 1 мм дәлдікте, ал тісшелерін есептеу 1 – ге дейінгі дәлдікте жүргізілуі тиіс. Нәтижесін мына кестеге жазу керек.

 

Жапырақ ретінің номері   Жапырақтың ұзындығы (см) Тісшелер саны
       

2. Алынған нәтижелерге статистикалық талдау жасау.

Бақылау сұрақтары:

1. Орташа арифметикалық шамалардың айырмашылығы шындыққа жуық, анық дегеніміз нені көрсетеді?

2. Табиғаттың және адам өмірінің қандай құбылыстары олардың қалыпты таралу мүмкіншіліктеріне ықпал етеді?

3. Қалыпты таралуға қандай заңдылықтар тән?

4. Егер орташа арифметикалық шамалардың айырмашылығы анық болмаса, оны анық етудің қандай жолдары бар?

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 23-24

Тақырыбы: Геномдық мутациялар (полиплодия).

Сабақтың мақсаты: Геномдық мутацияның жүруіне көз жеткізу.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар: хромосома бейнеленген фото материалдар, кестелер.

Жұмыстың қысқаша мазмұны:

Геном деп бір түрге жататын организмдердің хромосомаларының гаплоидті жиынтығын айтады. Хромосома санының ауытқуынан туатын өзгергіштікті геномдық мутациялар дейді. Олардың екі түрі бар: полиплоидия және гетероплоидия (анеэуплоидия).

Жұмыстың барысы:

1. Өзгергіштік түрлеріне жеке тоқтала отырып, осы тақырып бойынша презентациялық слайд дайындау.

2. Қалыпты және мутантты формадағы әртүрлі жануарлар мен өсімдіктерді салыстыра отырып сипатта.

 

2-ші тапсырманы орындауда кестені толтырыңыз:

Организм түрі Қалыпты форма (норма) Мутант форма
Өсімдік (таңдау)    
Өсімдік (таңдау)    
Жануар (таңдау)    
Жануар (таңдау)    

 

Бақылау сұрақтары:

Геномдық мутацияны көру үшін митоздың қандай фазасын зерттеу керек?

Митоздың анафазасындағы көпірлер қалай түзіледі?

Митоз телофазасындағы микроядра туралы не айтуға болады?

Гендік мутация кезінде митоздың бұзылуы мүмкін бе?

Қандай генетикалық зерттеулер жүргізу барысында митоздың метафазалық әдіс анализін қолданады?

Жасуша бөліну барысында мейоздың қандай ерекшелігі бар?

Мейоз жүру барысына инверсияның гомозиготалығы әсер ете ме?

Мейоз жүру барысына парацентрлік инверсияның гетерозиготалығы әсер ете ме?

Делеция бойынша гомозигота және гетерозиготаның организмге әсері?

Инверсия бойынша гомозигота және гетерозиготаның организмге әсері?

Автополиплоидтарда мейозда ерекшелігі не?

Автополиплоидияның өнімділікке қандай ықпалы бар?

Аллополиплоидтар мейозының ерекшелігі бар ма?

Гетероплоидия түрлерін ата, мысалдар келтір.

Қандай жасушаларда политенді хромасомалар көрінеді?

Политения дегеніміз не?

Эндомитоз дегеніміз не?

Диск дегеніміз не?

Дискаралық деген не?

Пуфф деген не?

Хромоцентр деген не?

Дрозофила кариотипінде неше хромосома бар?

Политенді хромасомалардың қандай ерекшелігі бар?

Политенді хромосомаларды хромасомалық абберрацияларды идентификациялауға қалай болады?

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 25-26

Тақырыбы: Хромосомдық мутация

Сабақтың мақсаты: Хромосомдық мутацияның жүруіне көз жеткізу.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар: хромосома бейнеленген фото материалдар, кестелер.

Жұмыстың қысқаша мазмұны:

Генетикалық материалдың өзгеруіне гендік мутациямен қатар хромосомдық мутация да жатады.Оны хромосомалық өзгерістер немесе абберциялар деп атайды.Бұл жағдайда кариотиптегі хромосомалардың құрылымы өзгереді.Абберциялар хромосома ішілік және хромосома аралық болып келеді.

Хромосома ішілік өзгерістерге мыналар жатады: дефишенсия – хромосома ұштарының жетіспеушілігі; делеция – хромосоманың бір бөлігінің үзіліп түсіп қалуы; дупликация – хромосома бөлігінің 1800 – қа бұрылуына байланысты гендердің орналасу ретінің өзгеруі.

Хромосомалық өзгерістерге хромосома бір бөлігінің басқа бір оған гомологты емес хромосомамен ауысып ауысып кетуі жатады, оны транслокация деп атайды.

Цитологиялық тұрғыдан алғанда, абберацияны хромосомалық және хромотидтік деп бөледі.Бұлайша жіктелу хромосоманың өзгеру уақытына яғни репликацияға дейін немесе репликациядан кейін жүзеге асуына байланысты.

Жұмыстың барысы:

1. Хромосомалар бейнеленген фото материалдарды пайдалана отырып мутацияларға көз жеткізу.

2. Делеция кезінде бұзылысты анықтау.

3. Дефишенция кезінде бұзылысты анықтау.

4. Дупликация кезінде бұзылысты анықтау.

5. Инвенрсия кезінде бұзылысты анықтау.

6. Хромосомалық мутацияны тудырушы факторларды анықтау.

Бақылау сұрақтары:

1. Адам сперматазоидындағы хромосоманың біреуінде жетіспеушілігі бар, осындай хромосомаға ие болған адам ауруға шалдығады.Бұл индивид ұрпақтардың қандай типтері және қандай пропорцияда дүниеге келуі мүмкін.

2. Даун синдромымен ауыратын балада 46 хромосоманың орнына 47 хромосома болады. Зерттеу кезінде оның 15 – ші хромосомасы қалыптан ұзын екендігі анықталған.Аурудың анасында және әпкесінде ұзарған №15 хромосоманың бар екендігі анықталған.Осы отбасында байқалған оқиғаны қалай түсіндіруге болады?

3. Хромосома ішілік және хромосома аралық өзгерістерді ата.

4. Қандай объектілерде хромосомалық өзгерістерді зерттеу қолайлы болады?

 

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 27-28

Тақырыбы: Популяциялар генетикасы.

Сабақтың мақсаты: Популяциядағы тұқым қуалау заңдылықтарымен танысу.Өздігінен ұрықтану организмдегі популяция қозғалысын, гаметалар әр түрлі арақатынаста болатын модельді популяциядағы генотиптердің арақатынасын анықтау.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар: үш білімгерге қара материалдан тігілген екі қапшыққа, дм 15 мм болатын қара және ақ түсті картон дөңгелектер.

Жұмыстың қысқаша мазмұны:

Популяция деп – мекен ету ортасы және оған бейімделу қабілеті бірдей бір түрге жататын дарақтардың жиынтығын айтады.Популяция тіршілік ортасына сәйкес негізгі эволюция факторлары: тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, сұрыптаудың әрекеті нәтижесінде қалыптасады.Жануарлар тұқымы мен өсімдіктердің сорттары адам баласы қолдан жасаған, жасанды популяциялар болып табылады.

Негізгі генетикалық заңдылықтар бүкіл тірі табиғатқа ортақ болғандықтан, адамның әлеуметтік өмірі оның тіршілігіндегі биологиялық факторлардың ролін жоққа шығармайды.Адам баласы түр ретінде жекелеген популяциялардан тұрады. Популяциядағы тұқым қуалау заңдылықтарын білудің эволюциялық ілімі, селекция, антропогенетика және медицинада үлкен маңызы бар.

Жұмыстың барысы:

1. Өздігінен ұрықтанатын организмдер популяциясындағы генотип динамикасымен танысу.

2. Гаметалардың белгілі – бір жиілігі негізінде модельді понимикциялық популяция құрастыру.

3. Популяциядағы фенотиптер арақатынасы бойынша аллельдердің жиілігін анықтау.

Бақылау сұрақтары:

1. Тұқым қуалаушылығы жағынан адамның басқа жан – жануарлардан айырмашылығы бар ма?

2. Адам генетикасын зерттеу жолдары.

3. Адамдағы тұқым қуалаушылықты анықтайтын әдістерге сипаттама беріңіз.

 

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 29-30

Тақырыбы: Селекцияның генетикалық негізі.

Сабақтың мақсаты: Селекцияның генетикалық негізі.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар: кестелер.

Жұмыстың қысқаша мазмұны:

Генетика селекцияның теориялық негізі болып табылады. Солай бола тұра оның өз алдына тұрған міндеттері, пәні және зерттеу әдістері бар.

«Селекция» деген сөздің өзін қазақ тіліне аударғанда сұрыптау деген мағына береді. Бірақ оның мәні тек сұрыптаумен шектелмейді. Селекция жануарлардың жаңа тұқымдарын, өсімдіктердің сорттарын және микроорганизмдердің штаммдарын жаңартып жақсартудың теориясы мен әдістерін қалыптастырады. Сөйтіп, қоғамның өндіргіш күштерінің дамуына үлес қосады.

Н.И.Вавиловтың пайымдауынша селекция мынандай негізгі бөліктерден тұрады:

1. Селекциялық жұмыстың объектілері болып есептелетін өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің тұқымын, сорттарын, штаммдарын және түрлі құрамын жан-жақты зерттеу.

2. Гибридизация және мутациялық процесі кезінде пайда болатын тұқым қуалайтын өзгерткіштіктің заңдылықтарына талдау жасау.

3. Өсімдіктер мен жануарлардың және микроорганизмдердің белгілі қасиеттерінің дамып, қалыптасуында сыртқы ортаның атқаратын ролін зерттеу.

4. Организм бойындағы пайдалы белгілер мен қасиеттерінің бекіп тұрақтануына мүмкіндік беретін қолдан сұрыптаудың жүйесін жасау.

Бақылау сұрақтары:

1.Селекциядағы будандастыру жүйесі

2.Туыстық будандастыру (инбридинг, инцухт),

3.Алыстан будандастыру.

4.Гетерозис дегеніміз не. Оның түрлері.


Дата добавления: 2016-03-26 | Просмотры: 3724 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.073 сек.)