АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Жумагулова Салтанат
Жамаладин Инабат
Шаихыбек Ақерке
№
| Проект пункттері
|
| | Қантты диабет
|
|
|
| Әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізімін анықтайтын нормативті – құқықтық құжаттар
| Халыққа эндокринологиялық көмек көрсететін ұйымдардың штаттары «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 15 сәуірде № 6173 тіркелген) бекітілген штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
№90 17.02.2012 ж өзгертілген түрі 1.02.2013 №53амбулаторлық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінде тұрғындарды дәрілермен қамтамасыз ету тәртібі жайындағы инструкция
№907 бұйрық 23.11.2010 жДенсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы құжаттама нысандарын бекіту туралы
№89 бұйрық 27.02.2009 ж"Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы
«Кешенді мақсатты диабет бағдарламасы» ҚР үкіметінің 30.06.2000ж№978
|
|
|
| Пациентте әлеуметтік маңызы бар ауруларды тудыратын қауіп факторлар
| § Тұқымқуалаушылық /1тип/
§ Вирусты инфекция /2тип/
§ Дұрыс тамақтанбау
§ АГ
§ Гиподинамия
§ Жүрек-қантамырлар аурулары
§ Стресс, депрессия
§ 2 тип 45 жастан жоғары
§ Семіздік
|
|
|
| Медициналық – әлеуметтік көмек түрі мен көлемін және тізбесін, жеңілдіктер түрін анықтау
| Емханалық көмек.(Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы
«23» қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген)
№ 001-3/е нысанды медициналық құжаттама - Стационарға жатқызуға жолдама
№ 025/е нысанды медициналық құжаттама – Амбулаторлық пациенттің медициналық картасы
№ 063/е нысанды медициналық құжаттама – Профилактикалық екпелердің картасы
№ 279/е нысанды медициналық құжаттама – Диспансерлік бақылау картасы
№ 278/е нысанды медициналық құжаттама – Амбулаторлық науқастарды тіркеу журналы
Күндізгі стационар. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы
«23» қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген)
№ 003-3/е нысанды медициналық құжаттама - Күндізгі стационар (емхана, аурухана) науқасының картасы
Үйдегі стационар.
Стационарлық көмек.(Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы
«23» қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген)
№ 001/е нысанды медициналық құжаттама - Науқастарды қабылдау және емдеуге жатқызудан бас тартуларды есепке алу журналы
№ 201/е нысанды медициналық құжаттама – Қан талдауына жолдау
№ 211/енысанды медициналық құжаттама – Зимницкий бойынша несеп талдауы
№ 224/енысанды медициналық құжаттама – Қан талдауы
№ 228 /е нысанды медициналық құжаттама – Биохимиялық қан талдауы
№ 247/е нысанды медициналық құжаттама – Ультрадыбыстық зерттеу
Қант диабетімен ауыратын науқастарға арналған жыл сайын республикалық бюджеттен бөлінген қаражат бағдарламасы бар. Оның шеңберінде диабетпен ауыратын науқастарға республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен диабетке қарсы дәрі-дәрмектермен (инсулин, инелер) және диабетті бақылайтын құралдармен (зәр шығаруда гликемия деңгейі мен кетонды денені анықтайтын глюкометрлер, тест-жолақтары және микроальбуминурияны анықтайтын зәр шығару тесті) қамтамассыздайды.
|
| |
| Пациенттерге диспансерлік бақылау жүргізу, соның ішінде еңбекке жарамсыздығық түрін анықтау
| Аурулардың созылмалы нысандарымен ауыратын науқастарды диспансерлеу хаттамаларын (стандарттарын) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 885 бұйрығы
Қант диабеті I тип
ОМҚ медициналық қарауы:Зертханалық және басқада диагностикалық зерттеулерден өтуін, жиілігінің сақталуын, тағайымдалымы, және де мамандардың кеңес графигін бағыттау және бақылау.
Емделушінің маршрут бойынша әрекеті, аурудың үдеу белгілері пайда болса және зертханалық көрсеткіштері өзгерген жағдайда ЖТД жолдама беру. Бақылау жиілігі:Жылына 4 рет (жоспарлы)
Фертилді жастағы әйелдердің жанұя жоспарлауы:Жүктілік қарсы көрсетілмеген. Препараттардың қабылдауын жүктілік кезінде шектеуін ұсынады
Бір диспансеризация тобынан екінші топқа аударуда диспансеризацияның тиімділік белгілері:Ашқарынға гликемия көрсеткіштері – 4,4-6,1, ал астан соң 2 сағаттан кейін-8 ммоль/л.
Глюкозурияның болмауы.
Тәулік бойы гиполикемияның болмауы.
Науқастың еңбекке жарамдылығы және жақсы көңіл күйінің сақталуы. Содержание гликолиздік гемоглобин деңгейі 6,5%-дан аспайды.
Науқастың дене салмағы қалыпты.
Есептен шығару индикаторы және бақылау мерзімі:Өмір бойы бақылау
Қант диабеті II тип
ОМҚ медициналық қарауы:Зертханалық және басқада диагностикалық зерттеулерден өтуін, жиілігінің сақталуын, тағайымдалымы, және де мамандардың кеңес графигін бағыттау және бақылау.
Емделушінің маршрут бойынша әрекеті, аурудың үдеу белгілері пайда болса және зертханалық көрсеткіштері өзгерген жағдайда ЖТД жолдама беру.Бақылау жиілігі:Жылына 4 рет (жоспарлы)
Фертилді жастағы әйелдердің жанұя жоспарлауы:Жүктілік қарсы көрсетілмеген. Препараттардың қабылдауын жүктілік кезінде шектеуін ұсынады.
Бір диспансеризация тобынан екінші топқа аударуда диспансериза-цияның тиімділік белгілері:Ашқарынға гликемия көрсеткіштері – 4,4-6,1, ал астан соң 2 сағаттан кейін-8 ммоль/л.
Глюкозурияның болмауы.
Тәулік бойы гиполикемияның болмауы.
Науқастың еңбекке жарамдылығы және жақсы көңіл күйінің сақталуы. Содержание гликолиздік гемоглобин деңгейі 6,5%-дан аспайды.
Есептен шығару индикаторы және бақылау мерзімі:Өмір бойы бақылау
|
| |
| Бөлек пациенттерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру
| №9 диета - қант диабеті кезінде белгіленеді:(тамақ ішу жиілігі күніне 4-5 рет,)
-тағам рационында углевод пен май мөлшері шектеледі;
-күндік рационның химиялық құрамы емдеуші дәрігер беретін арнайы таблица арқылы мөлшерленеді;
-тағамды әр түрлі әдіспен дайындауға болады;
-тамақ ішу жиілігі күніне 4 реттен аз болмауы керек;
-қанттың орнына ксилит, сорбит ұсынылады;
-кебек қосылған арнай нандар;
-көкөністерді 8-12 сағат суда ұстап крахмалын азайту керек;
-қанттан басқа бал, қайнатпа, жүзім, інжір және қарбызды пайдалануға болмайды.
Қант диабеті кезіндегі аяқ күтімі:
1.Күнделікті табанды қарап,саусақ аралықтарын тексеру керек.Жаралар,жырылулар теріні зақымдайтын аурулар болмауын қадағалау.Табан астын айна арқылы қарау.
2.диабет кезіндегі аяқтағы кішкене қабынулар үлкен жараларға әкеліп соқтыруы мүмкін.Жаралар болған жағдайда эндокринолог дәрігерге қаралу.
3.Қолдағы саусақтар мен аяқтағы саусақтарда саңырауқұлақтардың пайда болуына мұқият болыңыз.Сіз бұны теріңіздің қызаруымен ақтаңдақтардың пайда болуымен білесіз.Тырнақтар мен теріңізде саңырауқұлаөқтар пайда болса дерматологтың кеңесіне жүгініңіз.
4.Жарақаттарда йод,марганцовка,зеленка,спиртпен өңдеу керек.Кесіп алу,жырулар кезінде 3% сутегі асқын тотығымен өңдеп таңу салу керек.
5.Күнделікті аяғыңызды жылы сумен жуып сүлгімен сүртіңіз,әсіресе аяқ саусақтарының арасын.Өзіңіздің терінізге сәйкес сабын қолданыңыз.Құрамында спирті бар сабындарды қолданбағаныңыз жөн.
6.Егер аяғыңыздын терісі жарылса немесе мазоль болса оны өндеу үшін пемзаны қолданыңыз.Саңырауқұлақтар шығып кетпеу үшін пемзаны ауыстырып отырыңыз.Қайшы немесе алмас болданбаңыз.
7.Мазольды басқан кезде ауырсыну байқалса дәрігерге қаралу керек.
8.Аяғыңыздың терілері қабыршақтанса,құрғақ болса кремдер/шабдалы,қызыл майды/ қолданыңыз.
9.Мұқият тазалау жүргізіңіз:тырнақты түзу кесіңіз.Тырнақ өскен кезде пилка көмегімен оған пішін беру.1-2мм қалындық қалдыру.
11.Аяқты жылыту үшін жылы шұлық кию керек.Ыстық су,жылытқыш қоймау керек,себебі сезімталдықтың төмендеуінен аяқ күйіп қалуы мүмкін.
Инсулин енгізу ережелері
1.Инсулиннің енгізу дозасын, сағатын және жиілігін қатаң сақтау.
2.Енгізер алдында флаконды жақсылап сілку және 25-30 0 С дейін жылыту.
3.Бір шприцте инсулиннің бірнеше түрін араластырып алуға болмайды.
4.Инъекция орнын спиртпен өңдегеннен кейін оның кебуін күту.
5.Инсулин енгізу орындарын 6-7 күнде бір рет ауыстырып отыру (липодистрофияның алдын алу).
6.Инсулин іштің алдың бөлігінен тез сіңеді.
7.Ыстық ванналар, жылытқыш қою сіңуді тездетеді.
8.Инсулин салғаннан кейін аурудың 15-20 мин көлемінде тамақтануын қадағалау қажет.
9.Инсулинді тоңазытқышта +4+60 С сақтау қажет.
http://www.mma.ru/article/74726/
Қант диабетімен ауыратын науқастар мектебі
54. Қант диабетімен ауыратын науқастар мектебі (бұдан әрі – диабет мектебі) республикалық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарының базасында құрылады. Диабет мектебі мемлекеттік емес құрылым ретінде де ұйымдастырылуы мүмкін.
55. Диабет мектебінің негізгі мақсаты қант диабетімен ауыратын науқастарды және олардың туыстарын өзін өзі бақылау әдісіне оқыту болып табылады.
56. Диабет мектебінде оқытуды «Диабет мектебі» тақырыбы бойынша оқыту курсынан өткен мамандар жүзеге асырады.
57. Диабет мектебінің негізгі функциялары құрылымдық бағдарламалар бойынша қант диабетімен ауыратын науқастарды оқыту ұйымдастырылады.
58. Диабет мектебінің дәрігері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен есепке алу-есептік құжатты жүргізеді.
«Диабеттік табан» кабинеті
59. «Диабеттік табан» кабинеті амбулаториялық-емханалық мекемелердің немесе стационарлардың эндокринологиялық бөлімшелерінің базасында ұйымдастырылады.
60. Кабинетте консультациялық және емдеу көмегін «Диабеттік табан» тақырыбы бойынша жетілдіру курсынан өткен «эндокринология» («диабетология»), «жалпы хирургия» мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласында жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандардың біліктілік талаптарына сәйкес маман жүзеге асырады («Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес маман атқарушылық тағайындалады (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5945, 2009 жылғы 30 қарашада).
61. Кабинеттің негізгі функциялары:
қант диабетімен ауыратын науқастардың аяқтарының нейропатиялық және ишемиялық зақымдануларын ерте диагностикалау;
әртүрлі деңгейде аяқ ампутациясын бастан өткерген қант диабетімен ауыратын науқастарды диспансерлік бақылау және есепке алу;
жеке жеңіл таңғыш дайындау және диабеттік остеоартропатиясы бар науқастарды тексеріп-қарау-емдеу болып табылады.
9. Диабеттік ретинопатия кабинеті
62.Диабеттік ретинопатия кабинеті амбулаториялық-емханалық ұйымдардың немесе стационарлардың эндокринологиялық бөлімшелерінің базасында ұйымдастырылады.
63. Кабинетте консультациялық және емдеу көмегін «офтальмология», сондай-ақ мүмкіндігінше қосымша «эндокринология» («диабетология») мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласында жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандардың біліктілік талаптарына сәйкес маман жүзеге асырады («Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес маман атқарушылық тағайындалады (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5945, 2009 жылғы 30 қарашада).
64. Кабинеттің негізгі функциялары:
қан диабетімен ауыратын науқастардың көз түбінің жағдайына талдау;
офтальмоскопия;
лазерфотокоагуляция және криокоагуляция торқабықтары;
диабеттік ретинопатиялық айқын сатысындағы және офтальмологиялық операциялық бастан өткерген науқастарды диспансерлік бақылау болып табылады.
http://adilet.zan.kz/
|
| |
| Жедел түрлерінде көмек көрсету алгоритмдерін меңгеру
| Гипогликемиялық кома- қанда қанттың мөлшері 3 ммоль/л-ден төмен.
Себептері:
• инсулин, сульфанилмочевина тобы препараттары дозасының жоғары болуы;
• көмірсулардың ағзаға аз түсуі;
• тамақты кеш немесе мүлдем ішпеу;
• ауыр жұмыс істеу;
• ішімдікпен әуестену.
Гипогликемияның белгілері: қалтырау, терлеу, жүрегінің қатты соғуы, аштық сезімінің болуы, ашуланшақтық, құрысу, кейін команың дамуы.
Басы ауырғанда, айналғанда, жалпы әлсіздік болғанда науқас қантты суға ерітіп iшcе кома дамымайды. Гипогликемияның ауыр түрінде (қанда қант мөлшері 2 ммоль/л төмен болса) ауруханаға жеткізу керек.
Гипогликемиялық команың белгілері: науқас ес-түссіз,терісі ылғал, бұлшық ет тонусы жоғарылайды, құрысу дамиды, көз қарашығы кеңейеді, ауызынан ацетон иісі шықпайды (жоқ), пульсі және қан қысымы қалыпты.
Гипогликемиялық комадан бірнеше сағаттан кейін гемипарез, гемиплегия, миокард инфаркты, ми қанайналымының бұзылуы дамуы мүмкін. Бірнеше күннен, аптадан, айлардан кейін энцефалопатия (басы ауырады, есте сақтау қабілетінің және ой өрісі төмендейді), эпилепсия, паркинсо-низм дамиды.
Жеңіл белгілерде: сырқатқа қанттың бірнеше түйірін, 100 г-дай балдың 2-3 қасығын тез арада беру керек.
Ауыр белгілерде: егер науқас жұта алатын болса ауызына жылы шәй (3-4 қасық қанты бар стақан) құйған жөн; шәй құярдан бұрын тістерінің арасына бекіткіш (фиксатор) қойылады. Бұл жақтың күрт қарысуынан сақтайды; сырқаттың жай-күйінің жақсару дәрежесіне сәйкес оны көмірсуға бай тамақпен тамақтандырады (жемістер, ұннан жасалған тағамдар және ботқалар); келесі ұстаманың алдын алу үшін ертеңгі күнгі таңертең инсулин дозасын 4-8 Бірлікке азайтады; гипогликемиялық реакцияларды жойғаннан соң дәрігерге қаралу керек. Егер команың дамуы естен танумен бірге өтсе, онда: венаішіне глюкозаның 40-80 мл енгізу; тез арада “жедел жәрдем” шақыру қажет.
Гипергликемиялық кома -қанда қанттың көбеюімен және май, көмірсулар метаболизмнің бұзылуы-мен сипатталатын науқастың ауыр жағдайы. Бұл кома инсулинге тәуелді қантты диабетінің түрінде кездеседі.
Себептері: инсулин инъекциясын уақытылы алмау, қантты диабеті-мен ауыратынын білмесе, жедел инфекциялар (тұмау).
Белгілері: ұйқышылдық, тәбеттің төмендеуі, лоқсу, шөл, ауызының құрғауы, бастың ауыруы, құлақтың шулауы, гиперемия, терінің құрғауы, ауызынан ацетон иісінің шығуы, бұлшықет тонусының төмендеуі, тахи-кардия, қанда гипергликемия 18-20 ммоль/л, кейін ес-түссіз қалып, Кус-смауль тынысы дамиды, пульсі жіп тәрізді, қан қысымы төмендейді, ерік-сіз зәр бөлінеді, кейде анурия болады.
Жедел көмек:
1. инсулинотерапия - тез әсер ететін және қысқа, ультрақысқа мерзімді инсулиндер қолданылады (гликемияны бақылауымен), ми ісінуін ал-дын алу шаралары жүргізіледі;
2. регидратация натрий хлоридінің көп мөлшердегі гипотониялық ері-
тіндісімен жүргізіледі.
Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/1128 KazMedic.kz
|
|
|
| Сәйкес емдік – диагностикалық шараларда қаражаттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру
| Мемлекет қаражатпен қамтамасыз етеді.Қазақстанда жылына қант диабетімен ауыратын бір адамға 655 доллар кетеді
|
|
|
| Әлеуметтік маңызы бар ауруларда пациенттердің құқығы мен көзқарасын қорғау
| 2006-2007 жылға ҚР Үкіметтің 28.12.05ж. № 1296 Қаулысына сәйкес тегін медициналық көмек көрсету көлемдік тізіміне диагноздық қызмет көрсету, алғашқы дәрігерлік кеңес бойынша жіберілетін медициналық-санитарлық көмек пен профилді мамандардың анықтамасы бойынша лабараториялық анықтаулары (қант құрамын анықтау) жалпы барлық санаттағы азаматтарға тегін емделеді. Емделушінің өз еркімен диагностикалық қызмет алу үшін ҚР Үкіметінің 06.10.06ж. № 956 шыққан Қаулысының №3 тарабына сейкес ақылы түрде жүргізіледі. Диабетпен ауыратын науқастарды тест-жолақпан қамтамассыздау Денсаулық сақтау Министрінің құзырына кірмейді. Бұл сұрақ облыс әкімшілігі мен Астана, Алматы қалалары, яғни жергілікті орындардың бюджет есебінен қарастырылады.
Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/1223 Материал көшіргенде, KazMedic.kz сайтына сілтеме міндетті
Денсаулық сақтау саласындағы құқықтар мен міндеттер және оларды қамтамасыз етудің кепілдіктері
88-94-бап.Пациенттердің құқықтары
91-бап. Пациенттердің құқықтары
1) диагностика, емдеу және күтім жасау процесінде өзіне лайықты ілтипат жасалып, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне;
2) қандайда бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық критерийлер негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмек алуға;
3) дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға;
4.Пациент өз денсаулығының жай-күйі туралы ақпаратты хабарлау қажет болатын адамды тағайындай алады. Пациенттің ақпарат алудан бас тартуы жазбаша ресімделеді және медициналық құжаттамаға енгізіледі.
5.Пациенттердің құқықтарын қорғауды денсаулық сақтау органдары, ұйымдары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
6. Пациенттің медициналық көмек алу кезінде тағайындалған дәрілік зат туралы толық ақпарат алуға құқығы бар.
7. Некелесетін азаматтардың медициналық және медициналық-генетикалық зерттеп-қаралуға құқығы бар
92-бап. Пациенттердің міндеттері
93-бап. Медициналық көмектен бас тарту құқығы
94-бап. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету
http://www.nrcmc.kz/kz/patient/rights/
|
|
|
| Әлеуметтік маңызы бар ауруларда жеке және жанұялық, популяциялық деңгейдегі профилактикалық шараларды ұйымдастыру
| Ауырған адамға: Диабетпен ауыратын толық адамдар алдымен артық салмақтан арылуы керек. Диабетшілер қант, кәмпит және басқа да тәтті тағамдарды ішпеулері қажет. Олардың ірі ұнтақты ұннан пісірілген нан, сондай-ақ крахмал қоспалы асбұршақ күріш, картоп және басқа да құрамында ақуыз бар тағамдармен тамақтанғаны жөн болады. Диабет ауруымен зардап шегетін ересек адамдардың алмұрт тектес тікенекті кактустың (нопал, опантиа) сөлін ішкені дұрыс. Бұл үшін кактусты ұсақтап турап, езіп, сөлін сығып алып, күніге тамақ алдында үш рет 1,5 кеседен қабылдау қажет. Тіс қызыл етін, таңдай қуысын инфекциядан сақтау үшін тісті тамақтан соң жуып тазалаған дұрыс болады. Аяқты дәйім таза ұстау қажет, жаралап, қажатып алмас үшін өзіңізге ыңғайлы да шақ аяқ киім кигеніңіз жөн. Аяқ қан тамырлары қызметін жақсартып, қан айналысын ретке келтіру үшін (аяқта қара дақтар болып, немесе ұйыған жағдайда) демалған кезде аяқты жоғары көтеріп қойып жату керек. Аяқ көктамырлары кеңейгенде (варикозное расширение вен) де осы ақыл-кеңеске ден қойған абзал
Ауырған адам жанұясына: жанұясына инсулинді уақытылы қабылдауын,инсулин салар алдында міндетті түрде тамақтануды қабылдауын қадағалауды үйрету.
Популяцияға:Дұрыс тамақтану. Майлы тамақты аз, өсімдік талшықтарын көп пайдаланыңыз. Күніне жеміс, жиделермен бес рет тамақтан. Көмірсутегіне бай азықтарын көп пайдаланыңыз. Бұл қанға глюкозанын жетуін бәсеңдетеді, холестериннің деңгейі төмендейді. Сондықтан ірі тартылған ұнның нанын, макарон өнімдерін, күріш, жемістер, сұлы, арпа, қырыққабат, қарақұмық, картоп жеңіз.
Кішкентай порциямен әр 4 сағат сайын тамақтаныңыз. Бұл ішкен тамақты қорыту үшін қанды қажетті инсулинмен қамтамасыз етудің ең жақсы тәсілі. Біздің мақсатымыз – ұйқыбезіне жоғары жүктемелер болдыртпау үшін күн бойы тамақты біркелкі реттеу.
Қант пен тұзды пайдаланбаңыз. Кішкентай жеген қанттың өзі қандағы қант деңгейін аспандатып жіберуі мүмкін. Ал тұзды тамақ тез қан қысымын көтеріп жібереді.
Өз салмағыңызды қалыпты ұстаңыз. Тез жүру – семірудің бірден бір емі. Аптасына 5 рет дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданатын кісілер қант диабетімен ауру қауіп дәрежесін 50 % дейін төмендетеді. Кез келген ауа райында күніне 4 километр жаяу жүріңіз. Дәрумендер қабылдап, күйземеңіз.
http://gp5-astana.kz/,http://www.arnapress.kz/
|
|
|
Дата добавления: 2016-03-26 | Просмотры: 888 | Нарушение авторских прав
|