АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

B) Герпестік инфекция клиникасы,диагностикасы

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:

A) Цитомегаловирусты инфекция клиникасы,диагностикасы

b) Герпестік инфекция клиникасы,диагностикасы

III. Қорытынды

Цитомегаловирусты инфекция – бұл қоздырушысы ұшық вирустары тобынан шығатын вирус болып табылатын ауру, оған сонымен бірге 1- және 2 –кәдімгі ұшықтың вирустары, шешектің және белдеулі теміреткінің вирустары, Эбштейн-Баррдің вирусы және 6,7 және 8 типтегі адамның ұшық вирустары жатады.

Цитомегаловирусты инфекциясының таралуы өте жоғары. Бір кезде организмге енген, цитомегаловирусты инфекция одан шықпай қалады – ол көбінесе жасырын түрде болады және иммунитет төмендеген кезде ғана пайда болады.

Цитомегаловирустыинфекцияға шалдыққандар АИТВ жұқтырылғандарға, сондай-ақ ішкі органдарын немесе жұлынын транспалантация жасатқан, иммунды жауапты басатын препараттарды қабылдаушы адамдарға айналады.

Алайда, бастапқы жұқтырған кезде жедел өтетін инфекциялық ауру пайда болуы мүмкін. Жұқтыру көбінесе жаңа туған кезеңінде және ерте балалық шағында болады, әсіресе бұл дамушы елдерде жиі кездеседі, бұл елдерде, жас адамдар арасындацитомегаловирусты инфекциясының таралуы,дамыған елдермен салыстырғанда, едәуір жоғары.

Цитомегаловирусты инфекцияның жатыр ішіндегі түрі мейлінше қауіпті, бұл – жүктілігі кезінде бастапқы цитомегаловирусты инфекцияға шалдыққан анадан туған балалар үшін қауіпті.Туа біткен цитомегаловирусты инфекция көбінесе өсіп-жетілуін тежеуге, сондай-ақ көптеген қолайсыз салдарға, оның ішінде ақыл-есінің тежелуіне және саңыраулыққа әкеледі.

 

Цитомегаловирусты инфекцияның вирусы қалай әсер етеді.

Вирус дені сау адамның қанына түседі және көзге көрінетін иммунды жауапты туғызады, ол дене қарсылығының – ерекшелік қорғаныш белоктарының – иммуноглобулиндер М (Anti - CMV - IgM), сондай-ақ жасушалы – вирустарға қарсы басты қорғаныш реакциясының пайда болуымен білінеді.

CD 4 және CD 8лимфоциттер цитомегаловирустарға қарсы қуатты белсенділікке ие болады. Сондықтан да жасушалық иммунды жауаптың сырқыраған кезінде, мысалы ЖИТС кезінде CD 4лимфоциттері пайда болуының бұзылуы кезінде цитомегаловирусты инфекция белсенді түрде дамып, бұрынғы жасырын инфекцияның реакцияға түсуіне әкеледі.

Цитомегаловирусқа қарсы М иммуноглобулины, шамамен жұқтырылғаннан кейін 4-7 аптадан кейін пайда болады және қан құрамында 16-20 апта бойына болады. Бұл мерзімде осыларды қан құрамынан анықтау, бастапқы цитомегаловирусты инфекцияның айғағы болуы мүмкін. Содан кейін М иммуноглобулиндерG (Anti - CMV - IgM) иммуноглобулинымен ауыстырылады, бұл осыдан кейінгі бүкіл ғұмыры бойына сондай не өзгедей дәрежеде қан құрамында болады.

Қалыпты иммунитет кезіндегі көпшілік жағдайларда, организмде жасырын инфекция түрінде ұзақ уақыт қалатынына қарамастан, цитомегаловирусты инфекция симптомсыз өтеді. Вирустың дәл қай тұста сақталатыны белгісіз болады, ол көптеген органдар мен ұлпаларда болады деп жорамалданады.

Цитомегаловирусқа шалдыққан жасушалардың өзіне тән түрі болады, – олар мөлшері жағынан үлкейеді (сонымен вирустың атауы анықталады), ал микроскоппен қараған кезде «үкінің көзіндей» болады.

Тіпті симптомсыз тасымалдаушы, вирусты жұқтырылмаған адамдарға беруге қабілеті болады.Ерекше жағдайда анадан ұрыққа берілуі болып табылады, бұл негізінен белсенді инфекциялық үдерісте ғана жүзеге асады, алайда осындай жағдайлардың 5% ғана туа біткен цитомегалиге әкеледі, қалған нәрестелердің бойындацитомегаловирусты инфекция да симптомсыз өтеді.

 

Әлсіз иммунитеті бар адамдар.

Әлсіз иммунитеті бар адамдарға мыналар жатады:

- туа біткен иммун тапшылығының әр түрлі нұсқасы бар адамдар;

-жұқтырылған иммун тапшылығы синдормы (ЖИТС) бар адамдар;

- ішкі органдарын: бүйрегін,жүрегін, бауырын,өкпесін, сондай-ақ жұлынын трансплантация жасаған адамдар.

Клиникалық көріністердің ауырлығы, иммунитетті басу дәрежесіне қарай болады, алайда иммундыдепрессанттарды ұдайы қабылдау мұнан да ауыр көріністеріне әкелмек.

АИТВ-инфекциясын жұқтырылған науқастардың бойындағы цитомегаловирусты инфекция:

Цитомегаловирусты инфекциямен, іс жүзінде ЖИТС-пен сырқаттанатын барлық науқастар зардап шегеді.

Инфекцияның басталуы әдетте өткір өтеді: қалтырау, қатты сырқаттану, түнде терлеу, бұлшық еттері мен буындарының ауруы дамиды.

Өкпе қабынуы – аурудың бастапқы белгілеріне жөтелу, тыныс алуының жиіленуі қосылады.

Асқазан, қарын, ішек жаралары, қан кетуге және қабырғаларын бұзуға әкелуі мүмкін.

Гепатит

Энцефалит – ми заттарының қабынуы. ЖИТС-дементті синдром немесебас сүйегі жүйкесінің шалдығуымен, манаураумен, бағдарынан айырылуымен, көзінің жыпылықтауымен (көз алмасының ырғақты қозғалысы) білінуі мүмкін.

Ретинит – көз торшасының қабынуы – төмен иммунитеті бар науқастың бойындағы көзінің көруін жоғалтуының кең тараған себепшісі болады.

Көпорганының зақымдануы – іс жүзінде олардың функцияларын бұзуға әкелетін, барлық органдардың вирусқа шалдығуы. Көбінесе өлімнің себебі цитомегаловирусты инфекциядан болып табылады.

Цитомегаловирусты инфекцияның алдын алу.

Ц итомегаловирусты инфекцияның алдын алуды, қауіпті топқа жататын адамдарға жүргізген орынды болмақ. Оған АИТВ жұқтырылған, әсіресе ЖИТС бар адамдар;ішкі органдарын трансплантация жасатқан адамдар; басқа да себептерден иммунды тапшылықпен зардап шегетін адамдар жатады.

Өте тиянақты түрде жеке басы гигиенасының ережесін сақтаудың өзі, цитомегаловирусты жұқтырмауын болдырмауға мүмкіндік бермейді, себебі, вирустар барлық жерге бірдей тарайды және әуе-тамшысы жолымен беріледі. Сондықтан да қауіпті топтағы науқастар бойындағының алдын алу, вирусқа қарсы препараттармен: ганцикловирмен, фоскарнетпен, ацикловирмен жүргізіледі.

Бұдан бөлек, ішкі органдары мен жұлын ауруының қайталанғандары арасында цитомегаловирусты инфекцияның пайда болу ықтималдығын төмендету үшін, осылардың цитомегаловирусты инфекцияны жұқтырылғыштығын есепке ала отырып, донорларды мұқият іріктеп алу ұсынылады.

Цитомегаловирустық инфекция (цитомегалия, сілекей бездерінің вирустық ауруы, инклюзиялық цитомегалия, ЦМВ) соңғы он жыл ішінде таралған өркениет ауруларына жатады. Цитомегалия – кеңінен таралған вирустық инфекциялық ауру, оның көрінуі белгісіз түрлерден ішкі органдар мен орталық жүйке жүйесінің аыр зақымдануынан байқаладыЦитомегаловирустық инфекция алғаш рет XIX ғасырдың соңында «поцелуйной болезни» атымен белгілі болған, себебі ауруды жұқтыру сүйіскен кезде сілекей арқылы болады деп болжалған болатын.

Цитомегалидің шынайы «қоздырушысы» – цитомегаловирус тек 1956 жылы ғана ашылды.
Сол кезде аурудың тек сілекей арқылы ғана емес, сондай-ақ жыныстық жолмен, жүкті әйелден балаға, сондай-ақ тығыз тұрмыстық қарым-қатынас кезінде жұғатындығы анықталды. Сондай-ақ қан құю және мүшелерді ауыстыру кезінде цитомегаловирусты жұқтыру жағдайлары кездескен.

Цитомегаловирустың кеңінен таралғандығын медициналық статистика сандары көрсетіп отыр 10—15% жасөспірімдерде және 50% 35 жастан жоғары адамдарда цитомегаловирусқа антителдар анықталған. Бала туу жасындағы әйел адамдардың цитомегаловирусқа шалдығуы 80 %-ға дейін жетті деген дерек те бар.
Әрине цитомегаловирусты тасымалдаушы әрбір адам ауру деп санала бермейді. Көбінесе цитомегаловирус өз тасымалдаушысына ешқандай қиындық тудырмай оның ағзасында ұзақ жылдар бойында өмір сүріп жүре береді. Кейде ауру қарапайым суық тиюге ұқсас түрде көрінеді. Бұл жағдайда тығыз қарым-қатынаста вирусты басқа адамдарға беруі мүмкін.
Цитомегаловирус иммундық жүйені төмендететін аурулары бар адамдар үшін қауіпті.
Цитомегалия әсіресе жүктілік кезінде қауіпті: бұл жағдайда ол түсікке, баланың өлі болып тууына немесе баланың дүниеге кемтар болып келуі мүмкін. Сондықтан баланы жоспарлаған кезде алдын ала цитомегаловирустық инфекцияларға тексерілу қажет.
ЦМВ инкубациялық кезеңі нақты анықталмаған, себебі аурудың басталу уақытын анықтау қиын. Шартты түрде ол 20-60 күнге тең деп есептеледі.


ЦМВ бірнеше типі бар:
туа біткен цитомегаловирустық инфекция (неғұрлым қауіпті деп саналады)
сары аурумен, бауырдың ұлғаюына, ішкі мүшелерге қан кетуіне, жүйке жүйесінің зақымдануының әртүрлі белгілеріне алып келуі мүмкін.


цитомегаловирустық инфекцияның өткір түрі
Жыныстық жолмен ауру жұқтырғаннан кейін немесе науқас адамнан қан құйған кезде туындауы мүмкін. Әдетте суық тиюге ұқсас түрде жүреді. Белгілері: әлсіздік, жалпы ағзаның нашарлауы, тез шаршау, бас аурулары, тұмау, жиі сілекей бездерінің қабынуы және ұлғаюы.


цитомегаловирустық инфекцияның генерализдік түрі
Науқас адамның ағзасында әртүрлі қабыну үрдістерінің туындауынан көрінеді. Бірге жүретін құбылыс ретінде пневмония, көз тамырларының, ішек қабырғалараның, мидың және перифериялық жүйке жүйесінің зақымдануын атап өтуг болады. Қан құрамында тромбоцидтердің саны азаяды. Әйелдерде бұл түрі қабыну және жатыр мойнының эрозиясы, іш құрылысы ауруларына шалдықтырса, Ер адамдарда жұмыртқаны, несеп жолының қабынуына алып келеуі мүмкін.
Бұл вирустың ауыр түрлері сирек кездеседі, әдетте вирус тасымалдаушыға білінбей ешбір белгісіз немесе «созылмалы» суық тиіп ауыруВ түрінде жүруі мүмкін. Цитомегаловирус адам ағзасында өмір бойы қалады, алайда сәйкес ем алған жағдайда оның өткір түрде көрінуінің алдын алуға болады.


Цитомегаловирус екі жағдайда ғана аса қауіпті:
Кейбір аурулардың әсерінен (олардың ішінде ең бірінші орында, әрине, ЖИТС) иммунитет күрт төмендегенде,
Цитомегаловирустық инфекцияның туа біткен түрінде.
Әдетте адам цитомегаловирус ұзақ уақыт, тығыз арым-қатынаста болғанда немесе вирус тасымалдаушы адаммен көп рет физикалық қарым-қатынаста болған жағдайда жұғады.

 

 

Герпестік инфекция – (“герпес” грек тілінен аударғанда – жорғалаушы, жайылмалы) вирустармен қоздырылатын, жиі терінің, шырышты қабаттардың және ішкі ағзалардың зақымдалуымен сипатталатын ауру

Herptsviridae тұқымдас вирустармен тудырылатын, контактілі, аэрогенды және жыныс қатынас арқылы жұғатын, көбінесе тері мен шырышты қабаттарын зақымдап, латентты, локальды және генерализденген клиникалық түрлерінде өтетін кең жайылған антропонозды жұқпалы ауру. Қазіргі күнде анықталғангерпесвирустардың саны 80-нен астам, оның ішінде 8-і адам организмінен бөлінген, қалғандары әр түрлі жануарлардан. Адамдардың инфекциялану көрсеткіші 80-90%-ке дейін жетеді. Көбінде-латентты түрінде өтеді (антиденелер анықталады. HSV-антиденелер 70-100% адамдарда, Энштейн Баррвирусқа 25%, CMV-қа 60%, АИВ-ауруында герпесты инфекция-ең жиі кездесетін оппортунистикалық инфекция). Жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардың ішінде ІІ-ІІІ орын алады. Герпесвирустар биологиялық қасиеттері бойынша 3 үлкен топқа бөлінеді: α, β, γ (Aephaherpes-vieinae, Betaherpesvirinae, Yamma-herpesvirinae). Олардың ішінде вирустар тип бойынша бөлінеді: Адамдар арасында кең таралған І,ІІ типтері (α) –HSV-1; HSV-2 (simplex-қарапайым);

· ІІІ типы-VZV (zoster)-желшешек пен белдеуленген лишайды тудыратын вирус.

· ІV типы-Энштейн-Барр вирусы (EBV) (γ)-инфекциялық мононуклеоздың қоздырғышы.

· V типы-цитомегаловирус (ZMV) (B), цитомегаловирусты инфекцияны тудырады.

· VI-VII типтері-лимфа жүйеге өтіп, иммунитеті төмен адамдарды келесі жағдайларға ұшыратады: генерализденген түрлері, энцефалиттер, пневмониялар, лимфаденопатия.

· VII типы- созылмалы шаршағыштық синдромының себебі деген ғылыми пікірлер бар.

· VIIІ типы (γ-типы) – 1994ж. ашылған. Тудыратын аурулары (иммунды жетіспеушілік кезінде) саркома Капоши, біріншілік лимфомалар, Kастлеманн ауруы

Қарапайым герпес (HSV І-ІІ типы) көбінесе тері және шырыш қабаттарының зақымымен өтеді, кейде ОНЖ, көз, ішкі ағзаларға түсіп өршуіне тиісті. Инфекция рецидивтермен араласып латентты түрінде өтеді.

Этиологиясы

HSV I, HSV II-Alphaherpes-virinae тұқымдасқа кіреді. Зақымдайтын жасушаларды лезде жоюмен, қысқа мерзімді репродуктивті циклмен, жүйке жүйенің ганглийларында латентты түрінде ұзақ сақталуымен сипатталады. Жоғары температурада лезде жойылады (50-520 С-30), төмен теператураларда ұзақ сақталынады.

Эпидемиологиясы

Aурудың көзі: әр түрлі клиникалық түрлерімен ауыратындар, вирус тасымалдаушылар Тарау жолдары: тұрмыстық қатынас, ауа-тамшы, жыныс қатынас арқылы, вертикальды жолмен (мүмкін), интранатальды жолмен (көбінесе).


Дата добавления: 2016-03-26 | Просмотры: 2209 | Нарушение авторских прав



1 | 2 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.006 сек.)