Ішкі секреция бездері
Ауру тарихы
Науқас: Серіков Асыл Берікұлы 5 жаста
Клиникалық диагнозы: Жедел екі жақты ошақты ауруханадан тыс пневмония, обструктивті синдром. Ринофарингит
Орындаған:4-021 Абильтаева М.Е
Тексерген:Морозова Ж.М
Қарағанды-2016ж
Паспорттық бөлім.
Аты-жөні:Серіков Асыл Берікұлы
Туған күні:14.02.2010.ж 5 жаста
Ұлты:қазақ
Жынысы:ұл
Мекен жайы:Қарағанды облысы Степной-2 кв 56
Түскен күні:01.03.2016.ж 19:00
Алғашқы диагноз:Ауруханадан тыс пневмония
Клиникалық диагноз: Жедел екі жақты ошақты ауруханадан тыс пневмония, обструктивті синдром. Ринофарингит
Шағымдары:
Анасының айтуы бойынша қақырықты жөтелге, мұрын бітелуіне, дене қызуының 39 С көтерілуіне шағымданады, ұйқысы және тәбеті сақталған. Тері қабаты таза, бозарған.
Anamnesis morbi
Мұрын бітелуіне, жөтел, температура 38-39 С көтерілген.Науқас поликлиникаға қаралған, сол жерде алғашқы көмек ретінде цеф ІІІ №1 тағайындалған.Қалалық балалар ауруханасынан стационарлық емге жіберілген.
Anamnesis vitae
І.Туғанға дейінгі кезең.
Науқас 2010 жылы 2-ақпан күні Қарағанды қаласында дүниеге келген. Отбасында бірінші жүктіліктен бірінші бала болып туылды. Анасының жүктілік ағымы қалыпты өтті, инфекциялық аурулармен ауырмаған. Анасының тамақтануы қалыпты болған, кәсіптік зиянды әсерлері жок. Босану уақыты жоспарлы түрде болған.
ІІ.Жаңа туу кезеңі.
Науқастың туғандағы салмағы 3600грамм, бойы -52см. Туғаннан соң бірден жылаған. Реанимациялық шаралар жүргізілмеген. Жарақаттары болмаған. Кіндігі 5 күннен соң түскен. Перзентханада 6 күннен соң 3600грамм салмақпен шығарылған. Нәрестелік шақта ешқандай аурумен ауырмаған. 2015 жылдың қаңтар айында екі жақты пневмония, ЖРВИ мен ауырған. Басын 2 айда ұстай бастаған, 5 айлығында қырына аунаған, 9 айында еңбектей бастаған. 11 айда өз бетінше тұрған, 1 жасында жүрген.
ІІІ.Баланың тамақтануы.
Туғаннан бастап 3 жасқа дейін табиғи қоректенген, 6 айдан бастап ана сүтімен қоса басқа тағамдар берілген.Емшектен 11 айында айырған.Өсіп жетілуі жасына сай болған.Профилактикалық егулер уақытылы жүргізіліп отырған.Науқас жиі ЖРВИ, ЖІИ, 4 жасында пневмониямен ауырған.Тұқымқуалау ауруларын жоққа шығарады.Аллергиялық анамнезы тыныш.Әлеуметтік тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық.
Қорытынды: Өмір анамнезінен науқастың ЖРВИ, пневмониямен ауырғаны қазіргі уақыттағы ауруына негіз болды деп есептеймін.
Status prаesens
Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, интоксикация синдромына байланысты.Төсектегі қалпы активті, есі анық, көңіл күйі жақсы, тәбеті қанағаттанарлық, ұйқысы сақталған.Цианоз жоқ.Эксикоз симптомы жоқ.Тері асты май қабатының дамуы қанағаттанарлық және тең.Шеткері лимфа түйіндері ұлғайған.Жұмсақ тіндердің тургоры қанағаттанарлық.Бұлшықет тонусы сақталған. Сүйек-буын жүйесінде өзгеріс жоқ.Тыныс алуы:мұрын арқылы қиындаған, серозды, шырышты, орташа дәрежелі.
Тыныс алу жүйесі.
Дем алу мұрын арқылы қиындаған, кейде ауыз арқылы дем алады.Дауысы қалыпты, тыныс түрі аралас, тыныс тереңдігі қалыпсыз, біркелкі емес, көмекші бұлшықеттер тыныс алуға қатысады.Тыныштық кезде ентігу жоқ, ал күш түскенде осы белгілермен экспираторлы ентігу аздап байқалады.Тынысы минутына 40 рет.Пульс 124.
Пальпациялағанда кеуде серпімді.Дауыс дірілі күшейген.
Перкуссиялық дыбысқа сипаттама
Перкуторлық тон:қорапты дыбыс, омыртқа маңы аймағында оң жақ, сол жақ, артқы-төменгі бөлімдерде дыбыс қысқарумен сипатталады.
Өкпе ұшының орны:алдынан – оң жағы – 3см, сол жағы – 3см.
Артынан – VII мойын омыртқа тұсы.
Өкпенің төменгі шекарасының жылжымалылығы: артқы қолтық сызығы бойынша оң жағы – 4 см, сол жағы – 4,5см.
Ылғалды плевриттік симптомдар (барлық үшбұрышы, Грокка-Раухфуса және Демуазе сызығы) барлығында теріс.
Аускультативті тыңдағанда:жауырын ұшында қатаңдау дыбыс естілді.Өкпе негізінде құрғақ, ұсақ көпіршікті және крепитациялық сырылдар естілді.
Қорытынды:Тыныс алу жүйесі бойынша өзгерістер байқалады: мұрын қуысы, ентігу, тыныс алу жиілігі жоғарылауы, тынысқа көмекші бұлшықеттердің қатысуы.
Аускультацияда: қатаң тыныс, құрғақ ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі.
Жүрек – тамыр жүйесі
Жүрек аймағы визуальды өзгермеген, мойын тамырларының соғуы байқалмайды.Жүрек ұшы түрткісінің 5 қабырғааралықта. Күші қатты, биік, көлемі шектелген. Тамыр соғуының жиілігі-124/мин, синхронды, біркелкі, күші орташа. Мысық пырылы анықталмайды.
Жүректің салыстырмалы шекарасы: жоғарғы қыры 2- қабырғааралықта, сол жақ қыры-бұғана ортаңғы сызығынан сыртқа 1 см, оң жақ қыры- оң жақ омыртқа маңы сызығынан сәл ішке қарай. Көлденеңінен 10см.
Абсольютті шекарасы-жоғарғы қыры-3-қабырға бойында, сол жақ қыры-сол жақ төс маңы мен сол жақ бұғана ортаңғы сызықтарының ортасында орналасқан, оң жақ қыры-төс маңы сызығына жақындау орналасады, көлденеңінен-4см.
Аускультацияда жүрек соғу дыбысы анық, екпіні түседі, біркелкі, шу жоқ. Қан қысымы-100/60мм. С.б.б.
Штанге байқауы-26 сек, Генче байқауы-13 сек.
Қорытынды: жүрек тамыр жүйесі бойынша өзгерістер жоқ. Жүректің функциялық қабілеті өзгермеген.
Асқорыту жүйесі
Ауыз қуысы таза, тілі жабындымен жабылмаған, кілегей қабаты ылғалды, таза. Бадамша бездері ұлғаймаған, жабындымен жабылмаған.Тілі ашық қызыл түсті, ылғалды, бүртіктері көрінеді.
Беткей пальпация:Іші жұмсақ, эпигастрий алдыңғы бұлшықет ауырсынуы байқалмайды.
Терең пальпация: сигма тәрізді ішек, соқыр ішек, тоқ ішек, асқазан өзгермеген қалыпты жағдайда.Бауыр қабырға доғасынан шықпайды, беті тегіс, ауырсынусыз.
Перкуссия:Бауыр шеті бұғана ортаңғы сызық бойынша 8 см.Алдыңғы ортаңғы сызық бойынша 6см.Сол жақ қабырға доғасы бойынша 5 см.
Ұйқы безі мен өт қабының симптомдары: Кера, Мерфи, Ортнер – Боас, Мейо-Робсон теріс.Шоффар аймағының ауырсынуы байқалмайды.
Қорытынды:Асқорыту жүйесі бойынша өзгерістер жоқ.
Несеп жүйесі
Бет, көз, бел аймағында ісіну жоқ.Визуальды қарағанда өзгерістер жоқ.Бүйректің терең пальпациясы ауырсынусыз, пальпацияланбайды.Қуық пальпацияланбайды.Несеп шығару еркін, ауырсынусыз.
Қорытынды:Зәр шығару жүйесінде өзгерістер байқалмайды.
Қан жүйесі
Терісінде бозару бар, қанталау жоқ.Жақ асты лимфа түйіндері ұлғаймаған, айналасымен бітіспеген, ауырсынусыз.
Көкбауыр пальпациясы ауырсынусыз пальпацияланбайды.Көкбауыр перкуссиясында ені – 4см, ұзындығы – 6см.
Қорытынды:Терісінде бозару бар, қан жүйесінде өзгерістер жоқ
Ішкі секреция бездері
Бой өсуінің ауытқуы, салмақ ауытқуы жоқ.Май шелі біркелкі таралмаған.Қалқанша безі ұлғаймаған, жұмсақ, визуальды өзгермеген. Айырша без анықталмайды.
Екіншілік жыныс белгілері: Ме0Р0Ах0Ма1
Қорытынды:Ішкі секреция бездері бойынша өзгерістер жоқ.
Сүйек бұлшықет жүйесі
Мүсіні өзгермеген, қалыпты.Бұлшықетінің даму дәрежесі жасына сай, күші 3 балл.Басының пішіні домалақ, көлемі – 50см.Кеуде шеңбері цилиндр пішінді.Қолында «білезік», «інжу жібі» - анықталмайды.Омыртқа және аяқ қисаюы байқалмайды.Буынының көлемі қалыпты.Пішіні өзгермеген, ауырсынулар жоқ.
Барлық тісі – 29. Кареозды тістері жоқ.
Тиіс тісі формула бойынша 4n-20=4*13-20=32
Қорытынды: Сүйек – бұлшықет жүйесі бойынша өзгерістер жоқ.
Науқастағы симптомдар мен синдромдар
Синдромдар
| Симптомдар
| Өкпе тінінің қатаю синдромы
| Ақшыл түсті шырышты, көбінесе таңертеңгі уақытта түсетін қақырықты жөтел.
Екі жақ өкпенің төменгі бөлігінде дауыс дірілінің күшеюі.
Перкуторлы дыбыстың екі жақ
өкпенің төменгі бөліктерінде қысқаруы.
Екі жақ өкпенің төменгі бөлігінде везикулярлы тыныстың әлсіреуі.
Өкпенің аталған аймақтарында ұсақ көпіршікті сырылдардың естілуі.
| Интоксикациялық синдром
|
| Ауырсыну синдромы
| Дене қызуының 39-ға дейін жоғарлауы.
Жалпы әлсіздік
Жұмысқа қабілетінің төмендеуі
Терлегіштік
Тәбетінің төмендеуі
Басының ауыруы
Калтырау
Жөтелгенде, дем алғанда күшейетін кеуденің шаншып ауруы.
|
Аталған синдромдардың ішінде науқастың жағдайын нашарлатып,өміріне қауіп тудыратын, яғни жетекші синдром өкпе тінінің қатаю синдромы болып табылады.
Бұл синдром келесі ауруларда анықталады:
1.Өкпенің инфильтративті туберкулезі
2.Өкпенің бөліктік пневмониясы.
Ажыратпалы диагноздың І этапы
1.Өкпенің инфильтративті туберкулезі.
Шағымдарынан:анықталмаған генезді ұзақ субфебрилитет 37,6-37,9 С-қа дейін, әлсіздік, дене салмағының төмендеуі, ұзақ уақыт жөтелу,үнемі тершеңдік, қан аралас қақырықтың түсуі және кеуде клеткасындағы ауырсыну айқын емес,әдетте жауырын аралық аймағында төменгі бөліктің апикальды сегментіне сәйкес анықталады.
Ал менің науқасымның шағымдарында дене қызуы аз уақытта 39 С-қа көтерілуі,тершеңдік тер қызуы жоғарылаған сәтте айқын болуы, қақырықтың шырышты болуы және қиын түсуі, кеуде клеткасында ауырсыну айқын, күшті болуы, кенеттен болуымен сипатталады.
Анамнезіндегі мәліметтер:Науқаста «Өкпенің инфильтрациялы туберкулезі» деген күмән тудыратын мәліметтер:науқас жанұясында туберкулездің анықталуы, бұрын кез-келген локализациядағы туберкулезбен ауруы.
Ал менің науқасымның анамнезінде мұндай мәліметтер жоқ: инфильтрациялы туберкулезде ауру біртіндеп, кейде мүлдем байқалмай басталуы мүмкін, ал жоғарыдағы науқаста ауру кенеттен басталады.
Басынан өткен аурулары жайындағы мәліметтерден өкпенің инфильтрациялы туберкулезінде экссудатты плеврит, жиі қайталанатын құрғақ плеврит, қанды қақырықты жөтел анықталады, ал менің науқасымда басынан өткен аурулары ішінде бұл аурулар жоқ.
Қарағанда:туберкулезбен ауыратын адамдарға тән бет әлпеті, жүдеуі, көздерінің жылтырауы, беттері бозғылт реңде.Тыныс жеткіліксіздігі дамығанда тер жамылғысы алдымен бозарып, одан кейін көгере түседі.Ұзақ ағымды үрдістер кеуде клеткасының деформациясына алып келеді, қабырға аралықтардың, бұғана үсті, бұғана асты ойыстардың ішке кіріп кетуі, кеңірдектің ығысуына, тыныс алғанда зақымдалған жақтың қалыңқы болуына себеп болады.
Пальпацияда ұлпалар тонусының төмендеуі, тері жамылғысының ылғалдылығы, мойын және қолтық асты лимфалық түйіндердің ұлғаюы және тығыздалуы анықталады.
Перкуссияда патологиялық үрдіс ошақ өлшемі 3-4 см-ден жоғары болғанда ғана анықталады.Патологиялық перкуссиялық және аускультациялық феномендердің көбіне өкпенің жоғарғы бөліктерінде орын алуы – туберкулезге тән.
Туберкулезде үрдіс өкпенің ұшында болса, перкуторлық дыбыс бұғана үсті және бұғана асты аймақтарында, трапеция тәрізді бұлшықеттің жоғарғы қыры бойымен тұйықталады.Ал егерде кеуде ішілік лимфа түйіндері үлкен зақымдалуында тұйықталады.
Ал менің науқасыма қарағанда дене бітімі дұрыс, тері жамылғысы қалыпты түсті, серпімділігі сақталған.Шеткері лимфа түйіндері пальпацияланбайды.Кеуде сарайы дұрыс пішінді, тыныс алуға екі жағы бірдей қатысады.Патологиялық перкуссиялық тұйықталу және аускультациялық феномендер өкпенің төменгі бөліктерінде –l.axillaris media және l.scapularis сызықтары арқылы V- VІІІ қабырғалар деңгейінде орын алған.Шағымдары, анамнез мәліметтер объективті белгілері менің науқасымда байқалған белгілермен сәйкес келмегендіктен, өкпенің инфильтрациялы туберкулезі ауруын жоққа шығарамын.
2.Жедел бөліктік пневмония
Шағымдарынан шырышты қақырықты жөтелге, дене қызуының көтерілуі, кенеттен кеуде клеткасында ауырсынудың болуы, жалпы әлсіздік пен ауырсынудың дем алғанда және жөтелгенде күшеюі.Физикалық күш түскенде дем алудың қиындап, ентігудің пайда болуы, жалпы әлсіздік, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі, терлегіштік тән.
Менің науқасымда да жоғарыда атап өткен шағымдарды айтады.Анамнезінен:аурудың кенет басталуы, алдымен дене температурасының жоғарлауы, одан кейін барып қақырықты шырышты жөтел мен кеуде клеткасының ауырсынуы.Менің науқасымның анамнезінде жоғарыдағы мәліметтер толық анықталады.
Қарағанда:тері жамылғысы мен беті бозғылт тартқан.
Пальпацияда:тынысы үстіртін, дауыс дірілі күшейген, кеуденің зақымданған бөлігі қозғалысы қалыңқы, кейде сарайының серпімділігі төмендейді.
Алғашқы диагнозды негіздеу
Жоғарыда жазылған мәлімет және жүргізілген ажыратпалы диагноздың қорытындысына сүйене отырып, келесі алғашқы диагнозды негіздедім.
Ауруханадан тыс, екі жақтық, өкпенің төменгі бөліктік, ошақты пневмониясы
Орташа ауырлық дәрежеде.ТАЖ 1
Орташа ауырлық дәрежесін негіздеу – дене қызуы 39 С, ТАЖ минутына 40 рет, интоксикация орташа айқындылықта, есі анық.
ТАЖ-нің І дәрежесі – диагнозды шамалы күш түскенде ентігудің пайда болуы.
Тексеру жоспары:
Лабороториялық зерттеу:
1.Қақырықты егу(Кох таяқшасына)
2.ЖҚА
3.ЖЗА
4.Биохимиялық қан анализі
Аспаптық зерттеу
1.ЭКГ
2.Кеуде клеткасының рентгенографиясы
3.Фтизиатор консультациясы
Лабороториялық анализдер
1.Қақырықты егу(Кох таяқшасына)
І - теріс
ІІ – теріс
ІІІ – теріс
Жалпы қан анализі гемоглобин-92г/л
Эритроциттер-3,7*1012 г/л
Түсті көрсеткіш-0,8
Лейкоциттер-10,3*109
ЭТЖ-10мм/сек
Э
| Б
| Нейтрофильдер
| Л
| М
|
|
| Жас
| Таяқ.ядр
| Сег.ядр
|
|
| 1%
|
|
| 1%
| 45%
| 44%
| 9%
|
Қорытынды:Лимфоцитопения, лейкоцитоз, нейтрофилез.
Жалпы зәр анализі.
Түсі – сарғыш сабан
Тығыздығы – 1020
Лейкоцит 10-15 көру аймағында
Жалпақ эпителий 2-2 көру аймағында
Белок – жоқ
Глюкоза – жоқ
Шырыш - ++
Тұздар – жоқ
Қорытынды:лейкоцитурия.
Жалпы белок
| 62 г/л
| Креатинин
| 48 г/л
| Альбумин
| 28 г/л
| Алат
| 27ммоль/л
| Несепнәр
| 2,9ммоль/г
| Жалпы кальций
| 2,5
| Калий
| 3,9
| Натрий
|
| Жалпы билирубин
| 10г/л
| Тура билирубин
|
| Сиал қышқылы
|
| Жалпы амилаза
|
|
Қорытынды: Патологиялық өзгерістер жоқ.
ЭКГ – барлық көрсеткіштер қалыпты.
Рентгенография
Кеуде торына жасалған рентгенограммада екі өкпенің төменгі бөліктерінде инфильтрация ошағы, пішіні дұрыс емес, артқы контуралары жайылған, біртіндеп сау тініне ауысқан.Көлеңке сипаты – интенсивтілігі аз да, гомогенділігі жоғары.Инфильтрация фонында өкпе суреті күшейген, өкпе түбірі кеңеюі байқалады.Диафрагма күмбезі биіктеген.
Қорытынды:Екі жақтық төменгі бөліктік ошақты пневмония.
Фтизиатор консультациясы:
Өкпеде белсенді туберкулездік процестер жоқ.Екі жақтық төменгі бөліктік ошақты пневмония.
Ажыратпалы диагноздың ІІ этапы
1.Өкпенің инфильтрациялы туберкулезі.
Жалпы қан анализінде кең жайылған процесс дамыған науқастарда және айқын интоксикациясы бар науқастарды гипохромды анемия, туберкулезді үрдістің өршу периодында ЭТЖ жоғарлауы тән.Лейкоцит санының және лейкоцитарлы формуланың өзгеруі жедел процесстерде және өкпе тіні ыдырауында байқалады.
Лейкоцитоз, таяқша ядросының, нейтрофилдердің жоғарлауы, лимфопения, моноцитоз, эозинопения.
Ал менің науқасымда ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы.
ЖЗА:айтарлықтай диагностикалық ақпарат байқалмайды.Бірақ кейде негізгі аурулардың күрделі асқынулары аяқталады.Бүйрек туберкулезінде зәрде ақуыз, лейкоциттер кейде эритроциттер, туберкулез микобактериялары анықталады.Ал менің науқасымның жалпы зәр анализінде шамалы протеинурия.
Қанның биохимиялық анализінде көп көлемде қақырық бөлетін науқастарға – гипопротеинемия.
Жедел туберкулезде, қабынуда альбумин – глобулинді коэффициенті төмендейді, қан плазмасында фибриноген, сиал қышқылдары жоғарлайды.С реактивті ақуыз пайда болады. (альбумин деңгейі төмендеп, глобулин мөлшері жоғарлайды.Менің науқасымның биохимиялық анализінде - жалпы ақуыз фракциясының а2,г- глобулиндерінің, сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарлауы.
Өкпе инфильтрациялық туберкулезіне келесі клиникалық- рентгендік варианттар ажыратылады.1)бұлт тәрізді вариант – айқын емес контурлы нәзік интенсивті емес гомогенді көлеңкемен сипатталады.
2)дөңгелек вариант – айқын контурлы, дөңгелек гомогенді, аз интенсивті көлеңке оның диаметрі 1 мл-ден жоғары.
3)лобин инфильтрациялы үрдіс өкпе бөлігін түгел қамтиды, көлеңкесі гомогенді емес.
4)периоциссурит бөлік аралық саңылауларда орналасатын кең көлемді инфильтрат.Көлеңкенің контуры бір жағында айқын, ал екіншісінде – жайылған.
5)лобусты вариант ірі және ұсақ ошақтардың бірігуімен түзілген гомогенді емес көлеңкемен сипатталды.
Сондай-ақ көлеңкеден басқа екі өкпедегі бронхогенді тұқымдану ошақтары тән, перибронхиальды, периваскулярлы өзгерістердің әсерінен инфильтраттан өкпе түбіріне бағытталған жол және туберкулезді инфильтраттың пішіні дөңгелек немесе овальды, сыртқы контурлар айқын, көлеңкенің сипаты – интенсивтілігі жоғары да, гомогенділігі аз.
Ал менің науқасыма жасалған рентгенограммада инфильтрация ошағының пішіні айқын емес, сыртқы контурлары – жайылған, сау өкпе тініне қарай біртіндеп ауысқан, көлеңкенің сипаты - интенсивтілігі аз, гомогенділігі жоғары.
Туберкулезді инфильтрат көбінесе өкпенің жоғары бөлімдерінде, бұғана асты аймағында, латеральды зонасында орналасады.
Ал менің науқасыма жасалған рентгенограммада инфильтрация ошағы өкпенің төменгі бөліктерінде орналасқан.
Қақырықты қоректік орталарға еккенде - қақырықты туберкулез микобактерияларын бірнеше аздаған тіршілік етуге қабілетті қоздырғыш бар болған жағдайда анықтайды.Туберкулез микобактериялары егілгеннен бастап, 15-25 күн өткен соң, ақшыл, қызыл-қошқыл таяқшалар түрінде көрінеді.
Ал менің науқасымның қақырығын егу нәтижелері 3 мәрте зерттегеннің өзінде теріс мәнді болып шықты.
Өкпенің инфильтративті туберкулезінде анықталатын зертханалық-аспаптық зерттеу нәтижелері (кеуде клеткасының рентгенограммасы, ЖҚА, ЖЗА, қанның биохимиялық анализі, қақырықты егу)
Менің науқасымда анықталған зерттеу нәтижелеріне сәйкес келмегендіктен «Өкпенің инфильтрациялы туберкулезі» диагнозын жоққа шығарамын.
2.Өкпенің бөліктік пневмониясы
Аталған аурудың зертханалық сипаттық зерттеу көрсеткіштеріне ЖҚА де нейтрофильді лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы, нейтрофильдердің уытты түйіршіктенуі, лимфопения, ЭТЖ ның жоғарлауы.
Менің науқасымның ЖҚА анықталған патологиялық өзгеріс лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы.
Қанның биохимиялық анализінде а2, г-глобулиндердің, сиал қышқылының, фибрин, гаптоглобулин, лактат-дегидрогеназа деңгейің жоғарлауы, СРП пайда болуы тән. Менің науқасымның биохимиялық анализінде ақуыз фракциясының, а2, г-глобулиннің, сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарлағаны байқалады.
Өкпенің бөліктік пневмониясына тән ренгенологиялық белгілері, өкпе тіні инфильтрациясының аймақтары өкпенің түгел дерлік бөлігін немесе оның үлкен бөлігін қамтып, интенсивті қараюды береді. Көлеңкесі біртекті, гомогенді, центральды бөліктерінде анағұрлым интенсивті, инфильтрация фонында өкпе суреті күшейген,өкпе түбірінің кеңеюі өкпенің бөліктік пневмониясына тән зертханалық аспаптық зеттеу көрсеткіштері менің науқасымда анықталған көрсеткіштерге сәйкес болғандықтан ажыратпалы диагноздың І,ІІ-этаптарының мәліметтеріне сүйене отырып клиникалық диагнозды қоямын.
Ауруханадан тыс 2 жақты пневмония орташа ауырлық дәрежеде.
Клиникалық диагнозды негіздеу
Қойылған алғашқы диагноздың негізінде және зертханалық-аспаптық зерттеу нәтижесінде қанда- нейтрофиллез, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы кеуде клеткасының ренгенографиясында-2 өкпенің төменгі бөліктерінде инфильрация ошағы. Инфильтрация, инфильтрация ошағының пішіндері дұрыс емес, сыртқы контурлары жайылған, біртіндеп сау өкпе тіндеріне ауысқан. Көлеңке сипаты-интенсивтілігі аз, гомогенділігі жоғары. Инфильттрация фонында өкпе суреті күшейген, өкпе түбірінің кеңеюі байқалады. Диафрагма күмбезі биіктеген, синустар бос. Орташа ауырлық дәрежесі- науқас қызуы 38-39С, ТАЖ- 40рет, ЖЖЖ-124, қан қысымы 100/60 с.б.б. Санасы дұрыс, R-зерттеулердегі өкпенің зақымдалу көлемі төменгі бөлікті тұтас қамтыған.
Тыныс жеткіліксіздігі І – науқаста оттегі жетіспеушілік белгілері пайда болды.Тыныштық жағдайда мазалайтын физикалық күш түскенде ентігудің күшеюі.
Этиопатогенез
Пневмония – тіннің барлық құрылымдық элементтерін зақымдайтын, оның ішінде міндетті түрде, альвеолаларда экссудативті дамитын жедел қабынулық ауру.Жедел пневмония түрлі қоздырғыштармен, бактериялармен, вирустармен, саңырауқұлақтармен, қарапайымдылармен, риккетсиялармен шақырылады.Пневмония этиологиясы айтарлықтай дәрежеде оның эпидемиологиялық сипаттамасымен анықталады.1993 жылы Еуропалық респираторлық қоғам пневмонияны клиникалық – патогенездік және эпидемиологиялық принциптері бойынша жіктеді.1)ауруханадан тыс 2)ауруханаішілік 3)иммунодефицитті жағдайларда дамитын 4)атипті пневмония аталған пневмония формаларының әрқайсысында өзіндік жиі кездесетін инфекциялық қоздырғыштар бар.
Аруханадан тыс пневмония қоздырғыштары: Streptococcus Pneumoniae, Haemofilis influensae, Mycophlazma pneumoniae, Chlamadia pneumoniae, Legionella pneumophilia, Maraxtlla catoralis, Klebsiella pneumoniae, Eschirihia coli.
Ауруханаішілік пневмониялар госпитализациядан кейін 48-72 сағаттан кейін дамитын аурулар тобы.Госпитальды пневмониясын қоздыратын қоздырғыштар: грамм оң флора – Staphilococcus aureus, Eschirihia coli, Psevdamonus aurugineus жатады.
Пневмония этиологиясындағы вирустың рөлі. Пневмонияны туғызатын вирустар:грипп, парагрипп, аденовирустар, респираторлы: риновирустар, кейбір энтеровирустар. (Коксаки, ЕСНО) және т.б
Пневмонияны дамуына бейімдейтін факторлар:
-темекі шегу, алкогольді ішімдікті қолдану,
-жүрек жеткіліксіздігі, қан айналым шеңберіндегі қан іркілісі,
-бронхтардың созылмалы обструкциялы аурулары,
-агрессивті-экологиялық және кәсіби өндіріс факторларының тыныс алу жүйесіне кері әсері,
-созылмалы мұрын-жұтқыншақ инфекция және мұрынның қосалқы қойнауларының аурулары,
-иммундық-дефицитті жағдайлар және иммуно депрессанттармен емдеу,
-салмақтың төмендеуіне әсер ететін аурулар: операциялар, ұзақ төсектік режим,
-қарт,егде жас.
Пневмонияның негізгі патогенездік факторлары:
1.Пневмонияның қоздырғыштарының өкпе тініне енуі. Олардың ену жолдары келесілер: бронхогенді жол-ауруханадан тыс және госпитальді пневмониялардың дамуында негізгісі: гематогенді жол-сепсис кезінде, 3 жармалы қақпақша эндокардитінде, жамбас веналарының сепсистік тромбофлебиттерінде, жалпы инфекциялық ауруларда, өкпеге инфекцияның ену жолдарының үшіншісі микроағзалардың көрші зақымдалған мүшелерден таралуы: төртінші сирек жолы-лимфогенді.
2.Жергілікті бронхтық перимональды қорғаныс жүйесінің зақымдалуы, бұл жүйеге: бронхтың пульмональды иммунды жүйесі, мукоцилиарлы тасымал: бронх секретінің инфекцияға қарсы факторлары(лизоцим, лактоферрин, интерферон және т.б.), альвеолярлы макрофагтар, сурфактант.
3.Инфекция әсерінен жергілікті қабыну үрдісінің дамуы және иммунды-қабынулық реакциялар.
4.Инфекциялық агенттерге сенсибилизацияның дамуы және иммунды-қабынулық реакциялар. Дәстүрлі бөліктік пневмония организмнің гиперергиялық реакция көрінісі болып табылады. Ал ошақты пневмонияда қалыпты немесе гиперергиялық реакция дамиды.
5.Өкпе микро айналымды жүйесіндегі бұзылыстар, тромбоциттер агрегациясының жоғарлауымен және көптеген микро тромбтармен түзілуімен сипатталады.
6.Өкпе тінінде липидтер тотығуының және протеолиздің активациясы.
Емдік жоспары
1.Емдік режим
2.Емдік тамақтану
3.Этиотропты ем
4.Патогенезді ем(бронхтардың дренажды функциясын қалпына келтіру,жергіліктік бронхтық-пульмоналды қорғаныс жүйесінің қызметін жақсарту,имундық модуляциялық ем)
5.Интоксикациямен күрес
6.Симптомды ем
7.Жедел пневмонияның асқынуларының алдын алу
8.Физиотерапия, емдік дене шынықтыру, массаж, тыныс гимнастикасы
9.Санаториялы-курортты ем, реабилитация, диспансеризация.
1.Режимді науқастың жағдайына байланысты тағайындау керек. Пневмонияның ауыр түрімен ауырғандар және ілеспелі аурулары бар немесе емханалық ем алуға жағдайы жоқ науқастар ауруханада емделеді.
2.Емдік тамақтану. Қызба кезінде, жүрек жеткіліксіздігі болмаса, тәулігіне 2,5-3л сусын ішкізу керек, минералды, лимон қосылған сусындар, витаминді тұнбалар. Алғашқы күндері жеңіл қорытылатын тағамдарды, жеміс қоспаларын береді.
3.Этиотроптық ем. Жеңіл пневмонияның этиотропты емнің негізі-антибактериалдық дәрі-дәрмектер этиотропты емге қойылатын талаптар қоздырғыш түрінің анықталуын күтпей емді неғұрлым ерте бастау, емді қоздырғыш түрі антибиотиктерге сезімталдығына сәйкес жүргізу, антибактериялық дәрілерді қанда және өкпе тінінде емдік концентрациясын қамтамасыз ететіндей дозада, тиімді уақыт аралығында қолдану.
Антибактериялық емді қызба мен интоксикация толық жазылғанға дейін жалғастыру антибиотиктер 2-3күн әсер етпесе, оны басқасын алмастыру керек. Қоздырғыштардың вируленттілігі күшті және дәріге төзімді түрлерінің пайда болу қаупі туатындықтан, антибактериалды дәрілерді бейберекет қолдану.
4.Бронхтардың дренаждық қызметін қалпына келтіру. Өкпенің қабыну инфильтратының тарқауын жылдамдатады. Иммунды жүйенің қуатын арттыратын ем. Жедел пневмонияның дамуында иммунды жүйе маңызды. Әдетте жедел пневмонияның дамуы 2-шілік иммундық дефициттің үстінде және нейтрофильді фагоцитозды қасиетінің төмендеуінде болады.Сондықтан пневмонияның емінде қолданатын антибактериалдық дәрілердің иммунды жүйесінің қорғаныш қуатына әсер ету мүмкіндігін ескерген жөн. Антиоксидантты ем. Жедел пневмонияның патогенезінде бронхты-өкпе жүйесінің жасушалық,мембраналардың зақымдануына алып келетін, аса тотығу үрдісінің нәтижесінде болатын көптеген бос радикалдар маңызды роль атқарады.
5.Интоксикациямен күресу. Интоксикациясы аса ауыр, қатаң жедел пневмонияда, дезинтоксикациялау мақсатымен гемодез, NaCl изотоникалық ерітінді, глюкозаның 5% ерітіндісін көк тамырға тамшылатып енгізеді.
6. Симптомды ем. Жөтелге қарсы дәрмектер пневмонияның алғашқы күндерінде ауырсындыратын, құрғақ, түнде ұйқы бермей мазалайтын жөтелде ғана беріледі. Дене қызуын төмендететін және ауырсынуды басатын қабынуға қарсы, жергілікті ісінуді азайту және микроайналымды жақсарту мақсатында беріледі.
Емдік дене шынықтырумен айналысу кеуденің қозғалысын жақсартады, өкпенің тіршілік сыйымдылығын ұлғайтады, қан айналымды жылдамдатып, организмнің қорғаныс қуатын және оттегімен қамтамасыз етуін күшейтеді, бронхтардың желденуі мен дренаждың функциясын жақсартады.
Кеуде массажы өкпе микроқанайналымын және бронхтардың дренаждық функциясын жақсартады, қабыну инфильтратының тез жойылуына себепкер болады.
Емі:
1. Антибактериалдық ем.
Rp: Cephazolini 0.5mg
D.t.d.n/ 10
s.50mg 2% NaCl ерітіндісімен араластырып 165 мл тамыр ішіне күніне 3рет енгізу
2.Интоксикацияға қарсы.
Rp: Solutiones glucose 10%-400ml
Acidum ascorbini 5ml
Sterilisetur
Misce.
Da Signa:көк тамырға тамшылатып.
3.Бронхтық өкпе жүйесінің жергілікті қорғаныс қуатын күшейту:
Rp:Bromgecsini 0.05ml.N20
Da Signa: күніне 1таб. 3рет
4.
Rp:Solutiones spasgani 5.0 ml.
Solutiones dimedroli 1ml.
Sterilisetor
Misce.
Da. Signa: Дене қызуы жоғарылағанда бұлшықетке.
5.Антиоксиданттық ем: Е витамині, 1 капсуладан күніне 2-3рет қабылдау керек.
6.Қақырық түсіру үшін:
Rp: Tab. Mucaltini 0.05 N20
Da.Signa: 1 таблеткадан 3 рет тамақ алдында.
Сальбутамол 3дозадан, әр 4 сағат сайын №12
Вентолинмен ингаляция №8
Физ.ерітіндімен ингаляция №5, электрофорез KJ №7, мұрынды физ.ерітіндімен шаю, аңқаны Люголь ерітіндісімен өңдеу, 2 рет.
7. Физиотерапия қыша қағаздарын, банкаларды және спиртті-майлы компресстерді,кальций хлориді, гепаринмен электрофорез.
8.Кеуде массажы
Күнделік
Күні
| Жалпы жағдайы
| Қабылдаған ем
| 02.03.16
ТАЖ 30
ЖЖЖ 110
t 36,4
| Бала белсенді, ұйқысы тыныш,өзін-өзі жақсы сезінеді
| Гентамицин 4%-28мгр, күніне 2 рет.
Бромгексин ½ таб, күніне 2 рет.
| 06.03.16
ТАЖ 34
ЖЖЖ 122
T 36,7
| Бала жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, интоксикация, катаральды белгілер себебінен;жөтел қақырықпен,терісі бозарған, аңқа гиперемияланған.
| Гентамицин 4%-28мгр, күніне 2 рет.
Бромгексин ½ таб, күніне 2 рет.
| 06.03.16
ТАЖ 28
ЖЖЖ 105
T 36,5
| Бала жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, интоксикация, катаральды белгілер себебінен;жөтел қақырықпен,терісі бозарған, аңқа гиперемияланған.
| Гентамицин 4%-28мгр, күніне 2 рет.
Бромгексин ½ таб, күніне 2 рет.
|
Эпикриз
Науқас: Петренко Елена Александровна
Қалалық балалар ауруханасының респираторлы бөлімінде 05.10.2015.ж бастап стационарлық ем қабылдады.
Диагнозы: Жедел оң жақты ошақты ауруханадан тыс пневмония.Ринофарингит
Ауруханаға түскендегі негізгі шағымдары:Анасының айтуы бойынша ұстама тәрізді жиі жөтелге,мұрын бітел уіне,дене қызуының 37 С көтерілуіне шағымданады,әлсіздік,тәбеті төмендеген.Тері қабаты таза,бозарған. Басынан өткізген аурулары:ЖРВИ
Туберкулез, тері-венерологиялық аурулары, гепатит, Боткин, аурумен ауырған.
Зиянды әдеттері:жоқ
Аллергиялық анамнезі:жоққа шығарылады.
Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, интоксикация синдромына байланысты.Есі анық, төсектегі қалпы орташа.Дене бітімі – нормостениялық.
Тері жамылғысының түсі қалыпты, таза, ылғалды, жылы, ісіктер жоқ.Тургоры аздап төмендеген.Лимфа түйіндері пальпацияланбайды.
Бұлшықет жүйесі қалыпты дамыған, күшті сақталған.
Сүйек – буын жүйесі соғуда ауырсынусыз, деформациясыз, буындардың қозғалыс аймағы шектелмеген.
Тыныс алу жүйесі
Тыныс алу қиындаған, жиі.Кеуде клеткасы дұрыс пішінді.Тыныс алу жиілігі минуты 40рет.
Пальпацияда:кеуде клеткасының серпімділігі аздап төмендеген. Дауыс дірілі күшейген. Салыстырмалы перкуссияда екі өкпеде перкуторлы дыбыс қысқарған.
Аускультацияда:везикулярлы тыныстың әлсіреуі, екі жақ өкпенің төменгі бөлігінің деңгейінде ұсақ көпіршікті құрғақ сырылдар естіледі.
Зерттеу нәтижесінде:ЖҚА:нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлаған.
ЖЗА өзгерістер жоқ. Қақырықты зерттегенде пневмококк табылды.Кеуде клеткасының рентгендік тексерісі кезінде өкпе суреті күшейген, өкпе түбірі кеңейген, инфильтрация ошағының пішіні дұрыс емес, артқы контуры жайылған.
Науқасқа тағайындалған ем мынадай:
Режим ІІ, Диета 15, Антибиотиктер Цефазолин 0,5г
Дене қызуын төмендететін дәрмектер: Бромгексин 8 мг күніне 3 рет.Термоксис шөбінің тұнбасы 0,8г 250мл суға араластырып, 1 ас қасықпен күніне 6 рет, глюкоза ерітіндісі 10% 400 мл тамыр ішіне 5күн.Емдік дене шынықтыру 7 күн.Емнің нәтижесінде науқастың жағдайы жақсарды.
Дата добавления: 2016-03-26 | Просмотры: 955 | Нарушение авторских прав
|