Инфекционды аурулар (180)
Инфекциялық процесске анықтама беріңіз.
A)табиғи ошақтың болуы
+B)микро және макро ағзалардың әрекестігі
C)жұқпалы аурулардың тасмалдаушысының болуы
D)қоршаған ортадағы микро ағзалардың персистенциясы
E)жануарлар ағзасындасы микро ағзалардың персистенциясы
Инфекциялық үрдістің субклиникалық түрі дегеніміз не?
A)ағзадағы қоздырғыштың болуы
B)инфекциялық үрдістің жеңіл ағымы
C)инфекциялық үрдістің атипті ағымы
+D)спецификалық антиденелері бар болғанымен, клиникалық көріністің болмауы
E)қоздырғыштың ағзада бар болғанымен,клиникалық көріністің болмауы
Бактериотасмалдаушылық деп нені айтамыз?
A) ағзадағы қоздырғыштың болуы
B) инфекциялық үрдістің жеңіл ағымы
C) инфекциялық үрдістің атипті ағымы
+D) қоздырғыштың ағзада бар болғанымен,клиникалық көріністің болмауы
E) спецификалық антиденелер бар болғанымен,клиникалық көріністің болмауы
Төменде келтірілгендердің қайсысы жұқпалы аурулардың негізгі критерийіна жатады?
A) циклдық
+B) арнайлылық
C) жұқпалылық
D) сенсибилизациялау
E) иммунитеттің қалыптасуы
Жұқпалы аурулар диагностикасының қай әдісі «Алтын стандарт» болып табылады?
A)биологиялық
B)серологиялық
C)аллергиялық
+D)бактериологиялық
E) молекулярлы – генетикалық
СЭС-ға жедел хабарламаны қашан жібереді?
A) науқасты ауруханаға жатқызғаннан кейін
B) инфекционист кеңесінен кейін
C) ошақты дезинфекциялағаннан соң
D) +жұқпалы ауруға күдіктенгенде
E) аурудың бактериологиялық дәлелдемесінен кейін
Жұқпалы ауруға күдіктенгенде дәрігер ең бірінші кезекте қандай шара қолдаунуы тиіс?
A)инфекционисті шақыру
B)бас дәрігердің орынбасарын шақыру
+C) жедел хабарлама жіберу
D)бөлмені дезинфекциялау
E) жұқпалы аурулар ауруханасына жолдау
Жұқпалы ауруханасының қабылдау бөлімшесіне бір уақытта ЖРВИ,ЖІИ,вирусты гепатитпен ауыратын науқастар келді. Бұл науқастарды қабылдау қалай жүргізіледі?
A) науқастардың барлығы бір бокста кезекпен қабылданады
B) бірінші болып ЖРВИ-мен науқас қабылданады
C) ЖРВИ-мен науқас соңынан қабылданады
D) +жұғу жолына байланысты науқастарды бөлек бокстарда қабылдайды
E) науқастарды жедел жәрдем машинасының ішінде қабылдайды
Сүт зауытына орналасып жатқан әйелдің нәжісін зерттегенде Sh. Flexneri. табылды. Клиникалық көрінісі жоқ.
Дәрігерқандай әрекет жасағаны тиімді?
A) ем тағайындамайды
B) диспансерлік бақылауға алады
C) амбулаторлы жағдайда емдейді
+D) инфекциялық ауруханаға жатқызу
E) бактериологиялық зерттеуін қадағалау
24 жастағы ер адам орталық аудандық ауруханаға жедел жәрдеммен «Жедел ішек инфекциясы» деген диагнозбен жеткізілді. 2 күн бұрын, жедел ауырған.Шағымдары: жүрек айну, 2 рет құсу, 1 рет сұйық нәжіс, ішінің төменгі оң жақ бөлігінің ауру сезіміннің күшейуі. Тексеру барысында оң жақ мықын аймағында қатты ауру сезімінің күшейюі байқалады, ішперденің тітіркену симптомы теріс, ішек перистальтикасы бар. Лейкоциттер саны 18 х 109/л. Қан сарысуындағы амилазаның белсенділігі қалыпты жағдай шамасында. Нәжісті жасырын қанға тексеру анализі теріс.
Қандай аурумен дифференциалды диагностика жүргізген жөн?
A) перитонит
B) жедел панкреатит
C) жедел холецистит
+D) жедел аппендицит
E) шап жарығының түсуі
65 жастағы әйел орталық аудандық ауруханаға жедел жәрдеммен жедел ішек инфекциясы диагнозымен жеткізілді. 2 күн бұрын жедел ауырған. Шағымдары: жүрек айну, 3 рет құсу, 2 рет сұйық нәжіс, ентігу, эпигастрий аймағында ауырсыну сезімінің болуы, АҚ 90/50 мм.с.бб. пульс 105 минутына.
Қандай аурумен дифференциалды диагностика жүргізген жөн?
A)перитонит
+B) миокард инфаркты
C) жедел панкретит
D) жедел холецистит
E) жедел аппендицит
Университеттердің бірінде профилактикалық тексеру кезінде дәрігер студенттің беттіңде, бастың шаш бөлігінде, аяқ-қолдарында дакты -папулезді, везикулезді кей жерлері қабыршақпен қапталған бөртпені байқады.
Ошақта қарым-қатынаста болғандарды қанша бақылайды:
A) 5 күн
B) 10 күн
C) 14 күн
+D) 21 күн
E) 30 күн
18-19 апталық жүктілік мерзімімен 22 жастағы әйел орталық аудандық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілді. 7 күн бұрын жедел ауырған, шағымдары: жүрек айну, 1-2 рет құсу, эпигастрий аймағындағы ауырсыну сезімі, зәрдің қоңырлануы. Эпидемиологиялық анамнезінде: жер үйде тұрады, қайнамаған су ішеді. Объективті қарағанда: тері жабындысы мен склералары сарғайған, бауыры қабырға доғасынан + 2,0 см төмен. Зәр анализін өт пигменттеріне тексергенде ˗ оң, билирубин 120 ммоль/л, тікелей 98 ммоль/л, АЛТ 463 бірлік/л(қалыпты жағдайда 44 бірлік/л), тимол сынамасы 15 бірлік.
Жүкті әйелді қайда жатқызады?
A) жұқпалы аурулар ауруханасына
+B) терапия бөлімшесіне
C) гастроэнтерология бөлімшесіне
D) перзентхананың обсервация бөлімшесіне
E) перзентхананың жалпы бөлмесіне
20 жасар студент емхананың терапевт дәрігеріне жалпы әлсіздік, жүрек айну, 2 рет құсу, эпигастрий және оң жақ қабырға асты аймағында ауырсыну сезімінің болуы, зәрдің қоңырлауына шағымданды. Эпидемиологиялық анамнезі: жатақханада тұрады, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтанады. Объективті: тері жабындысы мен склералары сарғайған, бауыры қабырға доғасынан + 2,0 см төмен. Зәр анализін өт пигменттеріне тексергенде ˗ оң, билирубин 120 ммоль/л, тікелей 98 ммоль/л, АЛТ 463 бірлік/л(қалыпты жағдайда 44 бірлік/л), тимол сынамасы 15 бірлік ИФА- aHAVIgM оң.
Ошақта қарым-қатынаста болғандарды қанша уақыт бақылайды:
A)7 күн
B)14 күн
+C)35 күн
D)3 ай
E)6 ай
40 жастағы ер адам, Қызылорда облысының тұрғыны, орталық аудандық ауруханаға жолықты. Жедел ауырған: қалтырау, жоғары дене қызуы, басының ауыруы мазалаған. Шап аймағындағы ауру сезіміне байланысты төсектегі қалпы мәжбүрлі. Тексеру барысында – шаптың лимфалық түйіндері жұдырық көлемінде ұлғайған, қатты ауырады, қызарған, шекарасы анық емес теріге жасқан. Табаны мен балтырында бүрге шаққан және тырналған іздер байқалады.
Дәрігердің ең бастапқы іс-әрекеті қандай:
+A)науқасты оқшаулау
B)науқасты ауруханаға жатқызу
C)жедел хабарлама жіберу
D)науқаспен қарым-қатынаста болғандардың тізімін жасау
E)инфекционисттің кеңесін алу
33 жастағы ер адам, жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне ауруының 6-шы күні жеткізілді. Шағымдары: басының қатты ауруы, айқын әлсіздік, ұйқының бұзылуы, дене қызуының 39,8°С-қа дейін жоғарылауы. Эпидемиологиялық анамнезі: 2 апта бұрын қала шетіндегі көлге барып демалған. Объективті: жағдайы ауыр, әлсіз, сұрақтарға бірден жауап бермейді. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, ыстық. Өкпеде құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі – 78 рет/мин. ҚҚ – 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, сұр-қоңыр жабындымен жабылған, шеттері мен ұшы таза. Іші кепкен. Іші қатқан.
Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?
A) безгек
B) бруцеллез
C) бөртпе сүзегі
+D) іш сүзегі
E) Ку-қызбасы
25 жастағы ер адам, жұқпалы аурулар ауруханасында 10 күн бойы «Іш сүзегі» диагнозымен ем қабылдап жатыр. Ауруханаға ауруының 8-ші күні түсті. Диагноз қаннан S. typhi дақылының анықталуымен дәлелденді. Науқас цифран 1,0/тәул. қабылдап жатыр. Барлық күндері дене қызу 38,2-38,5ºС-қа дейін жоғарылаған, бүгін дене қызуы қалыпты. Қарап тексергенде: есі анық, бірақ тежелген. Тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Пульсі 102 рет/мин. ҚҚ-90/60 мм с.б. Екі рет қара түсті сұйық нәжіс болған.
Науқаста қандай асқыну дамыған?
A) ТШҚҰ-синдромы
B) гиповолемиялық шок
+C) ішектен қан кету
D) инфекциялық-токсикалық шок
E) іш сүзегі жарасының перфорациясы
22 жастағы студент Алматыға Африка мемлекетінен келген, ауруханаға айқын қалтыраумен, тершеңдікпен қатар жүретін қызба ұстамаларына шағымданып түсті. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы – 38,9ºС. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,0-1,5 см-ге төмен анықталады, көк бауыры ұлғайған. Жалпы қан анализінде: эритроциттері-2,9×1012/л, Нв-101 г/л, лейкоциттері - 6,9×109/л, ЭТЖ-30 мм/сағ.
Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?
+A) безгек
B) іш сүзегі
C) бруцеллез
D) Ку-қызбасы
E) бөртпе сүзегі
42 жастағы ер адам, қабылдау бөліміне дене қызуының жоғарылауына, айқын қалтырау мен тершеңдікке шағымданып түсті. Анамнезде: 2 апта бұрын Африкаға іс-сапарға барған. Эпид.анамнез ескере отырып, қанның жұқа жағындысы зерттелінген, Pl. Falciparum қарапайымдылары анықталды.
Қандай диагнозды негіздеу керек?
A) оvale-безгек
B) үш күндік безгек
+C) тропикалық безгек
D) екі күндік безгек
E) төрт күндік безгек
48 жастағы әйел адам, аяқ бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне, дене қызуының жоғарылауына, әлсіздікке, бас ауыруына шағымданады. Анамнезде: жаз бойы табиғатқа шығып демалған, Қапшағай көлінде шомылған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы – 38,9ºС. Тері жабындыларының түсі қалыпты, көз склералары субиктериялы. Денесі мен қолдарында петехиальді бөртпе байқалады. Барлық лимфа түйіндері улкейген. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Зәрінің түсі – қанық-сары.
Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?
A) бруцеллез
B) иерсиниоз
+C) лептоспироз
D) вирусты гепатит
E) геморрагиялық васкулит
40 жастағы ер адам, ауруханаға балтыр бұлшық еттерінің айқын ауыру сезіміне, дене қызуының жоғарылауына, әлсіздікке, бас ауыруына, бел аймағының ауыру сезіміне шағымданып түсті. Анамнезде: жеміс қоймасында жүк тасушы болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, дене қызуы – 38,7ºС. Тері жабындыларының түсі қалыпты, склералары субиктериялы. Беті ісінген. Денесі мен аяқ-қолдарында петехиальді бөртпе көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,0-1,5 см-ге төмен анықталады. Бел аймағында соққылау симптомы «оң». Зәр көлемі азайған. Қанның жалпы анализінде: лейк.-11,3×109/л. Зәрдің жалпы анализінде: белок-2,0‰, лейк.-30-40 к./а., эритр.-15-25 к./а. Қанның биохимиялық анализінде: креатинин 221 ммоль/л, мочевина – 18 ммоль/л.
Қандай асқыну дамыған?
A) гиповолемиялық шок
B) инфекциялық-токсикалық шок
+C) бүйректің жедел жетіспеушілігі
D) бауырдың жедел жетіспеушілігі
E) бүйрек үсті бездерінің жедел жетіспеушілігі
19 жастағы студент жұқпалы аурулар бөлімшесіне ауруының 4-ші күні тамағының ауыру сезіміне, дене қызуының 39ºС-қа дейін жоғарылауына, бас ауыруына, әлсіздікке шағымданып түсті. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Аңқасында: шырышты қабаты қызарған, бадамша бездер үлкейген, жабындымен жабылған. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарған. Склерлары субиктериялы. Мойын, жақ асты лимфа түйіндері үлкейген. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,0 см-ге төмен анықталады. Қанның жалпы анализінде: лейк.-12,5×109/л, т/я нейтр.-1%, с/я нейтр.-40%, лимф.-42%, мон.-11%, атипті мононуклеарлар-8%.
Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?
A) иерсиниоз
B) лептоспироз
C) вирусты гепатит
D) жедел тонзиллит
+E) инфекциялық мононуклеоз
47 жастағы ер адам, қабылдау бөліміне ауруының 4-ші күні жеткізілді. Шағымдары: бас ауыруы, әлсіздік, қалтырау, дене қызуының 39,0ºС-қа дейін жоғарылауы, ұйқысыздық. Анамнезде: алыс жолға жүретін жүк тасымалдайтын машина жүргізушісі болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Эйфориялы, қозған. Беті қызарған. Көз склераларының тамырлары инъекцияланған. Денесі мен аяқ-қолдарында көптеген розеолезді-петехиальді бөртпе байқалады. Жүрек тондары бәсеңдеген, тахикардия. Тонометр манжетінің орнында теріде петехиялар көрінеді.
Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?
A) грипп
B) лептоспироз
C) іш сүзегі
D) кенелік бөртпе сүзегі
+E) эпидемиялық бөртпе сүзегі
32 жастағы ер адам, ауруханаға 10-шы қазанда, ауруының 4-ші күні түскен. Шағымдары: дене қызуының 38,8ºС-қа дейін жоғарылауы, қалтырау, әлсіздік, бас ауыруы, тамағының ауыру сезімі, тұмау, 3 рет іші өткен. Анамнезде: жұмыс істемейді, жеке меншік үйде тұрады. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Денесінде аздаған дақты-папулезді бөртпе байқалады. Көз склералары аздап сарғайған. Аңқасында: шырышты қабаты қызарған, бадамша бездері үлкейген, жабындылары жоқ. Мойын, жақ асты, қолтық, шынтақ лимфа түйіндері үлкейген. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады.
Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?
+A) иерсиниоз
B) лептоспироз
C) сальмонеллез
D) вирусты гепатит
E) жедел тонзиллит
45 жастағы әйел адам ауруханаға ауруының 7-ші күні түсті. Дене қызуының 38,5-39,5ºС-қа дейін жоғарылауына, қалтырауға, тершеңдікке, буындары мен бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне, бас ауыруына, құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнезде: фермада сауыншы болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындыларының түсі қалыпты. Өкпеде – тыныс әлсіреген, сырылдар жоқ. Бауыры ұлғайған. Зертханадан серологиялық зерттеу нәтижесі алынды: R. Burnetti антигеніне қарсы антиденелер титрі 1: 32.
Қандай диагноз дәлелденді?
A) иерсиниоз
B) бруцеллез
C) лептоспироз
+D) Ку-қызбасы
E) түйнеме
19 жастағы студент 3-ші наурызда ауруының 2-ші күні ауруханаға түсті. Шағымдары: басының қатты ауыруы, әлсіздік, дене қызуының 40,0ºС-қа дейін жоғарылауы. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Есі анық, солғын. Аңқада: жұтқыншақтың артқы қабырғасының жайылған гиперемиясы мен түйіршектенуі анықталады. Тері жабындылары ыстық. Аяқтарында көптеген геморрагиялық бөртпе көрінеді. Қанның жалпы анализінде: лейк.-25×109/л, таяқша ядролы нейтр.-11%, сегмент ядролы нейтр.-72%, лимф.-12%, мон.-5%.
Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?
A) грипп
B) эпидемиялық бөртпе сүзегі
C) геморрагиялық лихорадка
+D) менингококкты инфекция
Е) инфекциялық мононуклеоз
35 жастағы ер адам, бір ай бұрын ауырып бастаған: дене қызуы 39-40°С-қа дейін толқын тәрізді жоғарылаған. Бірте-бірте жалпы жағдайы нашарлаған: жүдеген, сол жақ қабырға астында ауырлық сезімі мен ауыру сезімі мазалайды. Эпид.анамнез: Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекарада қызмет етеді. Асхаада тамақтанады. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт, барлық лимфа түйіндері үлкейген, бауыр мен көк бауырдың төменгі шекаралары кіндік деңгейінде анықталады, консистенциясы тығыз. Жалпы қан анализінде: эритр.-3,0×1012/л, Нв-117 г/л, лейк.-4,2×109/л, ЭТЖ-45 мм/сағ.
Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?
A) токсоплазмоз
B) гепатокарцинома
C) вирусты гепатит
+D) висцеральді лешманиоз
E) геморрагиялық қызба
Үндістаннан келген медицина университетінің студентінде дене қызуының жоғары сандарға дейін ұстама тәрізді жоғарылауы, қалтыраулар, айқын тершеңдік болған, көз склераларының сарғыштығы байқалған, бауыры мен көк бауыры ұлғайған. Қан жағындысында микроскопиялық әдіспен Pl. Vivax қарапайымдылары анықталған. 3 күн бойы делагил қабылдаған.
Ауру рецидивтерін алдын алу үшін қандай дәрі қолдану керек?
A) хинин
+B) примахин
C) мефлохин
D) доксициклин
E) сульфадиазин
45 жастағы әйел адам ауруханаға ауруының 7-ші күні түсті. Дене қызуының 38,5-39,5ºС-қа дейін жоғарылауына, қалтырауға, тершеңдікке, буындары мен бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне, бас ауыруына, құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнезде: фермада сауыншы болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындыларының түсі қалыпты. Өкпеде – тыныс әлсіреген, сырылдар жоқ. Бауыры ұлғайған. Зертханадан серологиялық зерттеу нәтижесі алынды: R. Burnetti антигеніне қарсы антиденелер титрі 1: 32.
Қандай антибиотик тағайындау қажет?
A) линкомицин
B) пенициллин
C) ампициллин
+D) доксициклин
E) ципрофлоксацин
32 жастағы ер адам, ауруханаға 10-шы қазанда, ауруының 4-ші күні түскен. Шағымдары: дене қызуының 38,8ºС-қа дейін жоғарылауы, қалтырау, әлсіздік, бас ауыруы, тамағының ауыру сезімі, тұмау, 3 рет іші өткен. Анамнезде: жұмыс істемеді, жеке меншік үйде тұрады. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Денесінде аздаған дақты-папулезді бөртпе байқалады. Көз склералары аздап сарғайған. Аңқасында: шырышты қабаты қызарған, бадамша бездері үлкейген, жабындылары жоқ. Мойын, жақ асты, қолтық асты, шұнтақ лимфа түйіндері үлкейген. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5-2,0 см-ге төмен анықталады.
Қай этиотропты дәрі ең тиімді болып табылады?
A) делагил
B) линкомицин
C) пенициллин
+D) доксициклин
E) ципрофлоксацин
19 жастағы студент 3-ші наурызда ауруының 2-ші күні ауруханаға түсті. Шағымдары: басының қатты ауыруы, әлсіздік, дене қызуының 40,0ºС-қа дейін жоғарылауы. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Есі анық, солғын. Аңқада: жұтқыншақтың артқы қабырғасының жайылған гиперемиясы мен түйіршектенуі анықталады. Тері жабындылары ыстық. Аяқтарында көптеген геморрагиялық бөртпе көрінеді. Қанның жалпы анализінде: лейк.-25×109/л, т/я нейтр.-11%, с/я нейтр.-72%, лимф.-12%, мон.-5%.
Қай этиотропты дәрі ең тиімді болып табылады?
+A) левомицетин сукцинаты
B) ампициллин тригидраты
C) линкомицин гидрохлориді
D) бензил-пенициллиннің калий тұзы
E) бензил-пенициллиннің натрий тұзы
22 жастағы студент Алматыға Африка мемлекетінен келген, ауруханаға айқын қалтыраумен, тершеңдікпен қатар жүретін қызба ұстамаларына шағымданып түсті. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы – 38,9ºС. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0-2,5 см-ге төмен анықталады, көк бауыры ұлғайған. Қанның жалпы анализінде: эритр.-2,9×1012/л, Нв-101 г/л, лейк.-6,9×109/л, СОЭ-22 мм/сағ.
Диагноз дәлелдеу үшін ең ақпаратты зерттеу әдісі?
+A) қанның қалың тамшысы мен жұқа жағындысы
B) қанды қосарланған ортаға себу
C) Провачек риккетсиялармен КБР
D) қанды өтті ортаға себу
E) қанды транспортты ортаға себу
33.
Ер кісі 22 жаста, ауруының 3 ші күні қабылдау бөліміне келесі шағымдармен келді: ауызының құрғауына, заттардың екі еселенуіне және көруінің нашарлауына, жутынудың қиындауына, шашалуына шағымданады. 3 күн бұрын қонақта болып салат, кәуап, консервіленген қызанақ жеген. Келесі күні әлсіздік, ауызының құрғауы, эпигастрии аймағында ауырсыну, 2 рет құсу болған. Көз алдында “тор”, заттың екі еселенуі, жұтудың қиындауы, даусының қарлығуы пайда болғанын байқаған. Қарау кезінде: есі анық, екі қабақта птоз, мидриаз. Сұйық тағамды жұтуы қиындаған, тамағында жайсыздық сезінеді.
Қай диагноз ең ықтимал?
+А) ботулизм
В)қантты диабет
С) тағамдық токсикоинфекция
D)артерильді гипертензия. Криз
E) Бас ми қанайналымының жедел бұзылысы
34.
Әйел 25 жаста. Емханаға эпигастрии аймағындағы ауру сезімімен, көп реттік құсу, жиі үлкен дәретке бару, аяқ –қолдарындағы ұстамаларға шағымданып келген. Анамнезінен: барахолкада асханадан тамақтанған соң 6 сағаттан кейін жедел ауырған. Қараған кезде температура- 37,5С, терісі боз, көздері шүңірейген. Іші кепкен, пальпацияда ішіндегі ауру сезімі анықталады. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ 80̸ 40сын.бағ.бой., пульсі 120 соқ/мин. Кіші дәреті болмаған. Үлкен дәреті сұйық, көп, түсі «ет жуындысындай».
Қай диагноз ең ықтимал?
А) амебиаз
В)сальмонеллез
С) жедел дизентерия
+D) тағамдық токсикоинфекция
E) жедел гастроэнтероколит
35.
Ер адам 25 жаста ауруының екінші күні инфекциялық аурухананың қабылдау бөліміне қаралды. Ішіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, ішінің өтуіне, басының ауруына, сұйық нәжіске күніне 10 рет, тенезмдерге, жалған шақыруларға шағымданады. Қараған кезде: дене температурасы - 36,0С, АҚҚ 90/60сын.бағ.бой.,.пульсі - 110 соқ/мин, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті нәжіссіз, шырыш, қан араласқан. ЖҚА;эр.-4,0*1012/л, HB-145 г/л, лейк.-11,4*109/л, э-1, п-1, с-75, л-18, м-5. СОЭ -17мм/сағ.
Қай диагноз ең ықтимал?
А) тырысқақ
В)сальмонеллез
+С) жедел дизентерия
D) тағамдық токсикоинфекция
E) жедел гастроэнтероколит
Әйел кісі, 44 жаста ауруының 3-ші күні терапевтке ауызындағы құрғақтыққа, көзінің нашар көруіне, тыныс алуының қиындауына шағымданып келді. 4 күн бұрын қонақта болып маринадталған саңырауқұлақ жеген. Түскен кезде тыныс алуы қиындаған, есі анық, екі қабағының птозы, мидриаз, страбизм байқалған. Дауысы мыңғырлаған. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульс-118 соқ/мин, АҚҚ 70/50 сын.бағ.бой., Өкпесінде- төменгі аймақта тынысы әлсіреген, аздаған ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Іші аздап кепкен, ішек перистальтикасы естілмейді.
Қандай ем ең тиімді?
А) пробиотиктер
В) симптоматикалық терапия
С) антибактерилды терапия
D) дезинтоксикациялық терапия
+E) ботулизмге қарсы сары су
Ер адам 28 жаста, терапевтке ауруының 1-ші күні қаралды. Ауруы қонаққа барғаннан кейін 3 сағаттан кейін басталды; эпигастридегі, кіндік аймағындағы ауру сезімі, құсу 4-5 рет, кіші дәреті 7-8 рет күніне мазалаған. Түскен кезде; дене температурасы-38С. Іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастридегі және оң жақ мықын аймағындағы ауру сезім анықталадыі. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -110/60сын.бағ. бой.,Р-90соқ/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті сұйық, шырышпен, қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті.
Қандай диагноз ең ықтимал?
А) тырысқақ
+В)сальмонеллез
С) жедел дизентерия
D) жедел гастоэнтероколит
E) тағамдақ токсикоинфекция
Ер адам 20 жаста, ауруының 1-ші күні стационарға қаралды. Студенттік асханадан тамақтанғаннан кейін 5 сағат өткеннен соң жедел ауырды; эпигастридегі, кіндік аймағындағы ауру сезімі, құсу 2-3 рет, улкен дәреті 5-7 рет күніне мазалаған.Түскен кезде; дене температурасы - 38С. Іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастридегі және оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -110/70сын.бағ. бой.,Пульсі -100соқ/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті сұйық, шырышпен, қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті.
Диагнозды нақтылауда қандай тексеру жүргізу керек?
A) ЭКГ
B) ИФА
C) қананның жалпы ализі
D) зәрдің жалпы анализі
+E) нәжісті бактериологиялық себінді жасау
39.
Ер кісі 26 жаста ауруының 1-ші күні терапевтке қаралды. Қонақта болғаннан кейін 8 сағат өткеннен кейін жедел ауырды; эпигастридегі, кіндік аймағындағы ауру сезімі,мазалап, 3-4 рет құсқан, үлкен дәреті 10 рет күніне.Түскен кезде; дене температурасы-38С. Іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастридегі және оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі анықталған. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -90/60сын.бағ. бой., пульс-100соқ/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті сұйық, шырышпен,қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті. Ауруханаға жатқызылған.
Қандай клиникалық көрсеткіштерге сәйкес (№33 қаулы бойынша) осы науқасты ауруханаға жатқызуға жолдама берген?
А) ұзаққа созылған диарея
В) ересектердегі аурулардың барлық формалары
С) дизентерияның созылмалы формалары
D) ауыр сусызданумен өтетін аурулардың барлық формалары
E) артериальді гипертензиямен бірге жүретін диарея синдромы
{ Дұрыс жауабы }=D
{ Қиындығы }= 2
{Оқулық}= Инфекциалық аурулар. Шувалова Е.П.,2005 г.
{Курс}= 7
{Семестр}= 14
{Тест тапсырушының білімі }= ZO
01_07_каз.
$$$040
Ер кісі 20 жаста, жатақханада 5 адам болып турады, емханаға қаралды. Қонақта болғаннан кейін 6 сағат өткенде жедел ауырды; эпигастридегі, кіндік аймағындағы ауру сезімі мазалап, 3-4 рет құсқан, улкен дәретке жиі барады.Түскен кезде дене температурсы -38С. Іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастридегі және оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі анықталады. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -90/60сын.бағ. бой., Пульс-100соқ/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті сұйық, шырышпен,қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті. Ауруханаға жатқызылды.
Қандай эпидемиялық көрсеткіш бойынша (№33 қаулыға сай) науқасты госпитализациялауға болады?
А) балалармен жұмыс
В) мектепке бару
С) жеке меншік үйде тұру
D) көп қабатты үйде тұру
E) тұратын жері бойынша эпидемияға қарсы режимдердің сақталуына мүмкіндіктің болмауы
{ Дұрыс жауабы }=Е
{ Қиындығы }= 1
{Оқулық}= Инфекциалық аурулар. Шувалова Е.П.,2005 г.
{Курс}= 7
{Семестр}= 14
{Тест тапсырушының білімі }= ZO
01_07_каз.
$$$041.
Ер адам 26 жаста, терапевтке ауруының 2-ші күні қаралды. Шағымдары; ішіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іш өту, бас ауру, сұйық нәжіс күніне 30 рет, тенезмдер жалған шақырулар. Қараған кезде: дене температурасы- 37,5С, АҚҚ 100/60сын.бағ.бой., пальпация кезінде оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті нәжіссіз, шырыш пен қан араласқан. ЖҚА;эритроциттер.-4,0*1012/л, HB-145 г/л, лейкоциттері.-11,4*109/л, эозинофилдері-1%, таяқша ядролы -2%, сегментті ядролы -75%, лимфоциттер-18%, моноциттер ˗5%. ЭТЖ -17мм/сағ.
Қандай дәрі ең тиімді?
A) мелофлам
B) пенициллин
C)эритромицин
D) доксициклин
+E) ципрофлоксацин
Қандай науқастар (№33 қайлыға сай) дизентерия диагнозымен диспансерлік бақылауға алынады?
А) жұмыскерлер
В) студенттер
+С) тағам өндірісінде істейтіндер
D) оқушылар
E) институт қысметкерлері
Ер адам 28 жаста, терапевтке ауруының 2-ші күні қаралды.Шағымдары: ішіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іш өту, бас ауру, сұйық нәжіс күніне 15 рет, тенезмдер жалған шақырулар. Қараған кезде: дене температурасы- 37,5С, АҚҚ 100/60 сын.бағ.бой., пальпация кезінде оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті нәжіссіз, шырыш пен қан араласқан. ЖҚА эритроциттер.-4,0*1012/л, HB-145 г/л, лейкоциттер.-11,4*109/л, эозинофилдер-1%, таяқшалы ядролар-2%, сегмент ядролы-75%, лимфациттер -18%, моноцитер-5%,. ЭТЖ - 17мм/сағ.
Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу тағайындау керек?
A) зәрдің жалпы анализі
B) қанның жалпы анализі
С) гемокультураға қан тапсыру
+D) нәжісті бактерилогиялық зерттеу
E) зәрді бактерилогиялық зерттеу
(№33қаулыға) сәйкес сальмонеллезбен ауыратын науқастарды ауруханадан шығару ережелері қандай?
А) үлкен дәретінің қалпына келгеннен кейін
В) температурасы қалпына келгеннен кейін
С) үлкен дәретінің қалпына келгеннен кейін
D) емнен кейін нәжістің бактериологиялық себіндісі алынғаннан кейін
+E) антибактериальді терапияны аяқтағаннан кейін 3 күн өткеннен соң бір реттік бактериологиялық зерттеу жүргізілгеннен кейін.
45.
(№33) қаулысына сәйкес сальмонеллезбен ауырғандардың қандай құрамы диспансерлік бақыланады?
А) балалар
В) студенттер
С) әскерлер
D) қызметкерлер
+E) тек декретке шыққандар
46.
Ер кісі, 25 жаста, емханаға қаралды. Қонақта болғаннан соң 6 сағаттан кейін жедел ауырды; эпигастридегі, кіндік аймағындағы ауру сезімі, 3-4 рет құсу, улкен дәретке жиі барау мазалады. Түскен кезде: дене температурасы-38С. Іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастридегі және оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі анықталады. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -90/60сын.бағ. бой.,пульсі -100соқ/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті сұйық, шырышпен, қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті.
Қандай ем ең тиімді?
А) макропен500х2р
В) амоксиклав 625х2р
С) доксициллин0,1х 2р
D) пенициллин 1,0х4р б/е
+E) ципрофлоксацин 500х2р
47.
Ер кісі, 30 жаста ауруының екінші күні емханаға қаралды.Шикі қуырылған жұмыртқаны жегеннен 8 сағ кейін жедел ауырды.Шағымдары; эпигастридегі, кіндік аймағындағы ауру сезімі,жүрек айну, 3-4 рет құсу,тәулігіне 7-8 ретке дейін іш өту. Түскен кезде; температура-38С.Пальпация кезінде эпигастридегі және оң жақ шап аймағындағы ауру сезімі. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -100/70сын.бағ. бой.,пульсі-100соқ/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті жайылған, шырышпен,қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті. Дәрігер науқаста сальмонеллез бар екенін болжады.
Осы жағдайға сальмонеллездің қай клиникалық формасы сәйкес келеді?
А) сүзек тәрізді
В) гастриттік
С) септикомиемиялық
+D) гастроэнтериттік
E) гастроэнтероколиттік
45 жастағы ер адам қарқынды терапия бөліміне айқын әлсіздікке, жүрек айнуына, кофе түстес құсуға, ұйқының нашарлауына, қорқынышты түстер көруіне шағымданып түсті. 2 апта бойы ауырады: алғашқы күндері жүрек айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі, буындардың ауыру сезімі. Анамнезде: 2 ай бұрын жарақат себебімен операция жасалынған және қан құйылған. Объективті: жағдайы ауыр, ауызынан бауырлық иіс сезіледі, тері мен шырышты қабаттарының сарғыштығы өте айқын. Ұйқышылдық, адинамия байқалады. Бауыр қолмен сипап тексергенде сезілмейді. Перкуссия: бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге жоғары анықталады. ИФА нәтижелері: antiHAV IgM теріс, HbsAg оң, anti Hbc IgM оң, antiHCV теріс.
Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?
А) созылмалы вирусты гепатит С
В) созылмалы вирусты гепатит В
+C) жедел вирусты гепатит В
D) жедел вирусты гепатит А
E) жедел вирусты гепатит С
45 жастағы ер адам қарқынды терапия бөліміне айқын әлсіздікке, жүрек айнуына, кофе түстес құсуға, ұйқының нашарлауына, қорқынышты түстер көруіне шағымданып түсті. 2 апта бойы ауырады: алғашқы күндері жүрек айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі, буындардың ауыру сезімі. Анамнезде: 2 ай бұрын жарақат себебімен операция жасалынған және қан құйылған. Объективті: жағдайы ауыр, ауызынан бауырлық иіс сезіледі, тері мен шырышты қабаттарының сарғыштығы өте айқын. Ұйқышылдық, адинамия байқалады. Бауыр қолмен сипап тексергенде сезілмейді. Перкуссия: бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге жоғары анықталады.
Қандай асқыну ең ықтимал болып табылады?
A) созылмалы бауыр энцефалопатиясы
B) созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
+C) жедел бауыр энцефалопатиясы
D) жедел бүйрек жетіспеушілігі
E) ТШҚҰ-синдромы
25 жастағы ер адам жұқпалы аурулар ауруханасына әлсіздікке, жүрек айнуына, құсуға, дене қызуының жоғарылауына шағымданып түсті. Бір апта бойы ауырады. Аурудың басталуынан 2 апта бұрын 10 жастағы інісі балалар жұқпалы ауруханасына ұқсас клиникалық кқріністермен түскен. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары мен көрінетін шырышты қабаттары сарғайған. Бауырдың төменгі шекарасы қабыра доғасынан 1,0-1,5 см-ге төмен анықталады. Бауыр консистенциясы тығыз-эластикалық. Зәрі қоңыр түсті.
Қандай ем шарасы ең тиімді болып табылады?
A) ферменттер қолдану
+B) дезинтоксикация
C) иммунокорректорлар қолдану
D) өт айдайтын дәрілер қолдану
E) вирусқа қарсы дәрілер қолдану
19 жастағы ер адам профилактикалық тексеру кезінде вирусты гепатит маркерлеріне ИФА тапсырған. Нәтижесі: барлық көрсеткіштері «теріс».
Вирусты В гепатитті алдын алу шарасы қандай?
A) анатоксин енгізу
B) қорғаныс бетпердесін қолдану
C) гамма-глобулин енгізу
+D) арнайы вакцинация
E) тек қана қайнаған су қолдану
40 жастағы әйел адам жұқпалы аурулар ауруханасына айқын әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, бірнеше рет құсуына, жүрек айнуына, оң жақ қабырға астындағы және эпигастрий аймағындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Ауырғанына 15 күн болған. 3 ай бұрын жатыр миомасы бойынша операция жасалынып, қан құйылған. Жағдайы ауыр, айқын интоксикация, ұйқышылдық мазалайды. Тері жабындысы мен көз склералары айқын сарғайған. Бауыры ұлғайған. Зәрі қоңыр түсті. Нәжісі түссізденген.
Қандай лабораторлы көрсеткіштер аурудың ауырлығын көрсетеді?
A) АЛТ-ң қалыпты деңгейі
B) тимол сынамасының жоғарылауы
C) билирубин деңгейінің жоғарылауы
+D) протромбин индексінің төмендеуі
E) сілтілі фосфатазаның жоғарылауы
46 жастағы ер адам, жұқпалы аурулар ауруханасында 2 апта бойы ем қабылдап жатыр. Қыжылға, жүрек айнуына, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, терінің айқын қышынуына, қорқынышты түстер көруіне шағымданады. Анамнезде: екі ай бұрын тіс дәрігерінде тісін емдеткен. Қарап тексергенде: тері жабындылары мен шырышты қабаттары сарғайған, тырнақ іздері байқалады.
Лабораторлық мәліметтер: Жалпы қан анализі: лейк.-4,0×109/л; эритр.-4,5×109/л; Нв-126 г/л; т/я нейтр.-2%; с/я нейтр.-52%; лимф.-40%; мон.-5; эоз.-1%. Қанның биохимиялық анализі: АЛТ-640 Ед/л; АСТ-240 Ед/л; жалпы билирубин-250 ммоль/л; тікелей билирубин-185 ммоль/л; тікелей емес билирубин-65 ммоль/л.
Клиникалық көріністердің қайсысы аурудың ауырлық дәрежесін көрсетеді?
A) қыжыл
B) сарғаю
+C) қорқынышты түстер
D) терінің айқын қышуы
E) эпигастрий аймағындағы ауырлық сезімі
18 жаста бойжеткен жұқпалы аурулар ауруханасына әлсіздікке, дене қызуының жоғарлауына, жүрек айнуына, құсуа, зәрдің қоңырлауына, көз склералары мен терісінің сарғаюына шағымданып түсті. Ауру бір апта бұрын басталған. Колледжде оқиды, тобындағы бір адам жұқпалы ауруханада емделуде. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, жүрек айнуы, құсу жоқ. Тәбеті жақсарған. Тері жабындысы мен шырышты қабаттары сарғыш түсті. Тілі сұр жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты сезімтал. Бауыры қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анқталады, тығыз-эластикалық консистенциялы. Нәжісі түссізденген, зәрі қоңыр түсті.
Диагнозды дәлелдеуге қай зерттеу әдісі нақты мәлімет береді?
A) зәрдің жалпы анализі
B) қанның жалпы анализі
+C) иммуноферментті анализ
D) биохимиялық анализ
E) бактериологиялық анализ
28 жастағы әйел адам жұқпалы аурулар ауруханасына айқын әлсіздікке, жүрек айнуына, құсуға, жүрген кездегі бас айналуына, тері қышуына. шағымданып түсті Ауырғанына он күн болды. 2 ай бүрын кесар тілігі арқылы босанған. Қан кету болған, жаңа тоңазытылған плазма құйылған. Қарап тексергенде: терісінің және склераларының айқын сарғаюы, терісіндегі трнақ іздері байқалады. Бауыры 1,0-1,5 см-ге ұлғайған. Іш қатуы мазалайды. Зәрі қоңыр, өт пигментіне «оң».
Қай белгі аурудың ауырлық ағымын көрсетеді?
A) сарғаю
B) терінің қышуы
C) гепатомегалия
+D) айқын әлсіздік
E) іш қатуға бейім
21 жастағы бойжеткен жұқпалы аурулар ауруханасына айқын әлсіздікке, жүрегінің айнуына, құсуға, жүрген кездегі бас айналуына, тері қышуына, мұрыннан қан кетуіне, буындарының ауруына шағымданып түсті. Ауырғанына 15 күн болған, 3 ай бұрын стоматологта тістерін емдеткен. Қарап тексергенде: терісінің және склерасының айқын сарғаюы, терісінде тырнақ іздері байқалды. Бауыры 1,0 см-ге ұлғайған. Зәрі қоңыр түсті, өт пигментіне «оң».
Қандай синдром вирусты гепатиттің ауыр ағымын сипаттайды?
A) артралгиялық
B) диспепсиялық
C) холестатикалық
+D) геморрагиялық
E) астеновегетативті
Ер адам, 31 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына дене қызуының жоғарлауына, тәбетінің төмендеуне, құсуға, жүрек айнуына шағымданып түсті. Бір аптадан бері ауырады. Ауру басталғаннан кейін бір аптадан соң терісінің және склерасының сарғаюын байқаған. 4 жастағы баласы баратын бала бақшада сарғаю синдромымен ауырған балалар болған. Объективті: жалпы жағдайы орташа аурлықта, тері жабындысы және көзге көрінетін шырышты қабаттары сарғайған. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында сезімтал. Бауыры қабырға доғасынан 1,0 см-ге төмен анықталады, консистенциясы тығыз. Нәжісі түссіз, зәрі қоңыр түсті. Анализінде: АЛТ-650 ммоль/л, АСТ 240 ммоль/л, жалпы билирубин - 65.0 ммоль/л, тікелей - 48.0 ммоль/л.
Қай лабораторлы көрсеткіш диагнозды дәлелдейді?
A) HbsAg анықталуы
B) HbeAg анықталуы
+C) aHAV IgM анықталуы
D) aHAV IgG анықталуы
E) aHDV IgM анықталуы
Ер адам, 35 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына терісінің және шырышты қабаттарының сарғаюына, зәрінің қоңырлануына, нәжісінің түссізденуіне шағымданып түсті. Екі ай бұрын стоматологта тістерін емдеткен. Бір аптадан бері ауырады: жүрек айнуы, құсу, буындарының ауыру сезімі мазалаған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, адинамия, тері жабындысы және көзге көрінетің шырышты қабаттары сарғайған. Тілі сары жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, бауыры 2,0 см-ге ұлғайған. Анализінде: АЛТ-1050 Ед/л (қалыптыда 41 Ед/л), АСТ-650 Ед/л, жалпы билирубин -265 ммоль/л, тікелей - 197 ммоль/л. ИФА мәліметтері: antiHAV IgM теріс, HbsAg оң, anti Hbc IgM оң, antiHCV теріс.
Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?
А) созылмалы вирусты гепатит С
+В) созылмалы вирустыгепатит В
C) жедел вирустыгепатит В
D)жедел вирусты гепатит А
E) жедел вирусты гепатит С
Әйел адам, 32 жаста, ауруханаға ауруының 8-ші күні түсті. Ауруының бірінші күнінен бастап тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, дене қызуының жоғарлауы, оң жақ қабырға астындағы тұйық ауру сезімі мазалаған. Аурудың 7-ші күнінде склерасының сарғаюын, зәр түсінің өзгеруін байқаған, ал екі күннен кейін сарғаю айқын көріне бастады. Жүктілік 16-17 апта. Объктивті: жағдайы қанағаттанарлық. Бауырлық улану белгілері жоқ. Терісі мен көзге көрінетін шырышты қабаттары сарғыш түсті. Бауыры 1,5-2 см-ге ұлғайған, әлсіз ауырсыну сезімді. Нәжісі түссіз, холурия. ИФА мәліметтері: antiHAV IgM оң, HbsAg теріс, anti Hbc IgM теріс, antiHCV теріс.
Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?
A) иерсиниоз
B) жүктілік гепатозы
C) механикалық сарғаю
+D) жедел вирусты гепатит А
E) жедел вирусты гепатит В
Ер адам 37 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына психомоторлы қозу жағдайында жеткізілді. Ауызынан «бауырлық» иіс сезіледі. Жүрек тондары бәсеңдеген. Тахикардия - 120 рет минутына. Бауырдың төменгі қыры қабырға доғасынан 2,0 см-ге жоғары анықталады. Терісінің және шырышты қабатының сарғаюы кеше байқалды. Бірнеше күн бұрын жүрек айнуы, құсу, бас айналуы, ұйқысының бұзылуы мазалаған.
Науқаста қандай асқыну дамыған?
A) инфекциялық-токсическалық шок
+B) жедел бауырлық энцефалопатия
C) жедел тыныс жетіспеушілігі
D) жедел бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі
E) жедел жүрек-қантамырлар жетіспеушілігі
Қай аурумен ауырған науқастарға ҚР ДСМ-ң №92 бұйрығы бойынша (12 ақпан 2012 жылы) науқасқа вирусқа қарсы терапия үрдістің белсенділігіне және вирусты жүктемесіне байланыссыз міндетті түрде тағайындалады:
A) жедел вирусты гепатит В
B) созылмалы вирусты гепатит В
+C) созылмалы вирусты гепатит С
D) созылмалы вирусты гепатит Д
E) созылмалы вирусты гепатит В+Д
Ер адам, 42 жаста, емханаға зерттелуден кейін келді. Шағымдары жоқ. Обьективті: ішкі мүшелер және жүйелер бойынша өзгерістер жоқ.
ИФА мәліметтерң: аntiНСV оң, ПЦР: HCV-RNА оң, вирусты жүктеме 2600000 МЕ/мл, 1 генотип.
Қай ем дұрыс болып табылады?
A) глюкокортикостероидтер тағайындау
B) 3 айдан кейін анализді қайталау және бақылау
C) нуклеозид аналогын 48 апта бойы тағайындау
D) гепатопротектор мен өт айдағыш препараттарын тағайындау
+E) пег-интерферон мен рибавиринді 48 апта бойы тағайындау.
63.
75- жастағы әйел адам стационарға жатқызылды. 2 күн бойы қалтырауға, бас ауруға, сол жақ балтыр аймағының ісінуіне,қызаруына шағымданады. 5 күн бұрын іріңді отитке байланысты ем қабылдаған. Дене қызуы 39°С, сол жақ балтыры мен табан аймағында айқын гиперемия, шектелген, айқын шекарасы бар, пальпация кезінде ауру сезімді, терісі күйіп тұр.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
+А)тілме
B) пастереллез
C) эризипелоид
D) сібір жарасы
E) аллергиялық дерматит
64.
50- жастағы ер адам стационарға түсті.2 күн аралығында қалтырау, басының ауруы, оң жақ балтыр мен табан аймағындағы ісіну, ауру сезімі, қызару анықталды. 50 жасында бет тілмесі болған. Дене қызуы 39,6°С, пульсі 130 рет бір мин., АҚҚ 110/70 мм.сб. Оң жақ балтыр мен табан аймағында айқын гиперемия, жайылмалы геморрагия, қызару шеттері тегіс емес, шекарасы периферялық валикпен айқындалған. Алдыңғы және артқы аймақтарында бірнеше жайылмалы сарғыш және қоңыр түсті көпіршіктер бар.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
A) біріншілік тілме, эритематозды-буллезды түрі
B) қайталанған тілме, эритематозды-буллезды түрі
C) біріншілік тілме, буллезды-геморрагиялық түрі
+D)қайталанған тілме, буллезді-геморрагиялық түрі
E) рецидивтелген тілме, эритематозды-буллезді түрі
65.
65- жастағы әйел адам стационарға түсті. 2 күн бойы дене қызуы 38,50С дейін көтерілген, басы ауруған, әлсіздік, қызару, сол жақ балтырда ауру сезімі және ісіну мазалаған. Анамнезінде артериалды гипертония, қант диабеті. Жағдайы ауыр, дене қызуы 36,00С, пульсі 130 рет бір мин., АҚҚ 90/50 мм. сб.,кешегі кештен бері кіші дәреті болмаған, сол жақ балтырында айқын шекарасы бар тері гиперемиясы, ұстағанда ыстық, переферялық валик, балтырдың ісінуі байқалады.
Науқасқа бірінші кезекте не тағайындау керек?
A) пенициллин
+B) преднизолон
C) супрастин
D) парацетамол
E) диклофенак
66.
70- жастағы әйел адам стационарға түсті. 2 күн бойы дене қызуы 38,50С дейін көтерілген, басы ауруған, әлсіздік, оң жақ балтырда қызару, керінелген ауру сезімі және ісіну мазалайды. Анамнезінде артериалды гипертония, қант диабеті. Жағдайы ауыр, дене қызуы 36,0С, пульс 130 рет бір мин., АҚҚ 90/50 мм. сб.,кешегі кештен бері кіші дәреті болмаған, оң жақ балтырында айқын шекарасы бар тері гиперемиясы, ұстағанда ыстық сезімі, переферялық валик, балтырдың ісінуі байқалады.
Дәрігердің қандай іс – әрекеті жасайды?
A) инфекциялық ауруханаға жатқызу
B) хирургия бөлімшесіне жатқызу
+C) реанимация бөлімшесіне жатқызу
D) эндокринология бөлімшесіне жатқызу
E) кардиология бөлімшесіне жатқызу
67.
46- жастағы ер адам стационарға жатқызылды. 9 күн бойы басының ауруы, әлсіздік, қызба, ұйықысыздық байқалған. Оңтүстік Қазақстан обылысының тұрғыны. Жағдайы ауыр, дене қызуы 39,00С, науқас тежелген,сұрақтарға бір бағытта жауп қайтарады. Терісі бозарған, ішінің жоғарғы бөлігінде розеолезді-папулезді бөртпе.Тілі құрғақ, қабырғасында күлгін түсті жағынды бар, шеткі аймақтарында тістің ізі бар. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағынан перкуторлық дыбыстың тұйықталуы, бауыр +1,0 см.
Бірінші кезектегі дәрігердің іс-әрекеті?
A) ошақтың дезинфекциясы
+B) жедел түрде хабарлама жіберу
C) қарым-қатынаста болған адамдарды зерттеу
D) серологиялық зерттеу
E) бактериологиялық зерттеу
26- жастағы ер адам стационарға жатқызылды. 9 күн бойы басының ауруы, әлсіздік, қызба, ұйықысыздық байқалған.Оңтүстік Қазақстан обылысының тұрғыны. Жағдайы ауыр, дене қызуы 39,00С, науқас тежелген,сұрақтарға бір бағытта жауап береді, сөйлегісі келмейді. Терісі бозарған, ішінің жоғарғы бөлігінде біркелкі розеолезді-папулезді бөртпе анықталады. Тілі құрғақ, қабырғасын кір күлгін түсті жағынды жапқан, шеткі аймақтарында тістің ізі бар. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағынан перкуторлық дыбыстың тұйықталуы, бауыр +1,0 см.
Қай диагноз ең ықтимал болады?
A) листериоз
B) иерсиниоз
C) бруцеллез
D) бөртпе сүзек
+E) іш сүзегі
69.
36- жастағы әйел адам стационарға жатқызылды. 8 күн бойы басының ауруы, әлсіздік, қызба, ұйықысыздық байқалған. Оңтүстік Қазақстан обылысының тұрғыны.Жағдайы ауыр,дене қызуы 39,00С, науқас тежелген, сұрақтарға бір бағытта жауап береді, сөйлегісі келмейді. Терісі бозарған, ішінің жоғарғы бөлігінде біркелкі элементік розеолезді-папулезді бөртпе.Тілі құрғақ,қабырғасын күлгін түсті жағынды басқан, шеткі аймақтарында тістің ізі бар. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағынан перкуторлық дыбысы тұйықталған, бауыры +1,0 см.
Қандай дәріні тағайындаған ең тиімді?
+A) левомицетин
B) гентамицин
C) тетрациклин
D) цефазолин
E) амикацин
Дата добавления: 2016-06-05 | Просмотры: 561 | Нарушение авторских прав
|