АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Максималді балл- 20

 

 

«Туа пайда болған жүрек ақауы. Фалло тетрадасы диагностикасы және жүргізу тактикасы»

клиникалық есептің жауап эталоны

 

Қадамдарды бағалау критерийлері Жауап эталоны
1. Науқастың шағымдарын анықтау. Барлық сұрақтар қойылды ма? Ентігу сипатын, физикалық және эмоционалды жүктемемен байланысын нақтылау. Цианоздың пайда болу уақытын анықтау. Физикалық дамудың артта қалушылық жасын анықтау.
2. Анамнез жинау. Ауру анамнезі(физикалық дамудың артта қалуын, шаршағыщтықтың пайда болу және өршу уақытын анықтау) және өмір анамнезі (бұрын басынан өткерген бронхөкпелік аурулардың болмауы)
3. Жалпы қарау кезеңділігін сақтау және жүргізу дұрыстығы Объективтіқарағанда:науқастың жағдайын бағалау -ауыр; гипотрофия дәрежесі – III дәреже (қазіргі кездегі дене салмағы 7 кг, болу керек 10кг, дефицит – 3 кг – 30%), қан айналу бұзылысының көріністері,жағдайы ауыр.(Тері қабаты цианозды реңді, шеткері цианоз, барабан таяқшасы және сағат әйнегі симптомы анықталады.)
4. Тыныс алу жүйесінің физикалды зерттеу кезеңділігін сақтау және жүргізу дұрыстығы Тыныс алу жүйесінің физикалды зерттеу кезеңділігі сақталды және дұрыс жүргізілді. Өкпе перкуссиясы бойынша -өкпелік тыныс; аускультация бойынша- өкпеде пуэрилді тыныс, сырыл жоқ.
5. Жүрек қан тамыр жүйесін физикалды тексеру жүргізу дұрыстығы Жүрек – қан тамыр жүйесінің физикалды зерттеу кезеңділігі сақталды және дұрыс жүргізілді: жүректің салыстырмалы шекарасы оң жаққа кеңейген, аускультацияда: шамалы тахикардия,төстің сол жақ қырында қатқыл тембрлі систолалық шу естіледі, II үн екінші қабырғааралықта сол жақта әлсіреген.
6. Ас қорыту жүйесін физикалды зерттеу жүргізудің дұрыстығы және кезеңділігін сақтау Ас қорыту жүйесінің физикалды зерттеу кезеңділігі сақталды және дұрыс жүргізілді.Іші жұмсақ, сипағанда ауырсынусыз. Бауыр және талағы ұлғаймаған.
7. Медициналық симуляция жағдайында келтірілген симптомдарды дұрыс талдау Науқас жағдайын дұрыс бағалады. Науқаста ентігу – цианотикалық ұстамаларымен жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі симптомдары бойынша жағдайы ауыр; физикалық дамуда артта қалушылық, 3 ші дәрежелі гипотрофия, ентігудің өршуі, шаршағыштық, перифериялық цианоз, «барабан таяқшалары», «сағат әйнекшесі» симптомдары, шамалы тахикардия
8. Туа пайда болған жүрек ақауының негізгі симптомдарын анықтау   Физикалық дамуы қалыс қалған,ентігу, цианоз, цианоз, барабан таяқшасы және сағат әйнегі симптомы (көк типті ЖТБА тән), аускультацияда жүрек тұсында - төстің сол жақ қырында қатқыл тембрлі систолалық шу естіледі, II үн екінші қабырғааралықта сол жақта әлсіреген(ақаудың туа біткен екендігін анықтады)
9. Болжам диагнозды негіздеу Науқастың щағымдарын - физикалық дамуда артта қалушылық, ентігудің пайда болуы, перифериялық цианоздың өршуі;объективті мәліметтер – қан айналым бұзылысының симптомдары (цианоз, «барабан таяқшалары», «сағат әйнекшесі» симптомдары, тахикардия), аускультативті мәліметтер - - төстің сол жақ қырында қатқыл тембрлі систолалық шу естілуі, II үн екінші қабырғааралықта сол жақта әлсіреуінескеріп болжам диагноз: Туа пайда болған жүрек ақауы, көк типті екендігін негіздеді.  
10. Ажырату диагнозын жүргізу Эбштейн аномалиясы, өкпе артериясының атрезиясы, жалғыз қарынша, жалпы артериалды баған диагноздарымен ажырату диагнозын жүргізді.
11. Зерттеу жоспарын тағайындау -ЖҚС, ЖЗС - кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы. -ЭКГ, ЭХО-КГ
12. ЖҚС талдау ЖҚА: эритроцит және гемоглобин деңгейінің жоғарылауы (полицитемия), организмнің ұзақ уақыттық гиперкапнияға компенсаторлық жауабы ретінде бағаланды (көк типті ЖТБДА- на тән.)
13. ЖЗС талдау Жалпы зәр сынағы-өзгеріссіз.
14. ЭКГ талдау Жүректің электр осінің оңға ауытқуы, оң жақ қарыншаның гипертрофиясы.
15. ЭХОКГ талдау - қарыншааралық перденің ақауы - қолқаның оңға ығысуы және парастерналды проекцияның ұзынша осі бойымен дилятациясы -өкпе артериясының стенозын, оның орналасқан жерін және айқындық дәрежесін тікелей көру. - оң қарынша миокардының гипертрофиясы.
16. Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенограммасын талдау Өкпе суреті азайған, жүрек көлеңкесі «аяқ киім» түрінде, өкпе васкуляризациясының азаюы, өкпе артериясының доғасының төмен түсуі, оң жақ жүрекше дилятациясы.
17. Қорытынды диагнозды негіздеу Науқастың щағымдарын - физикалық дамуда артта қалушылық, ентігудің пайда болуы, перифериялық цианоздың өршуі;объективті мәліметтер – қан айналым бұзылысының симптомдары (цианоз, «барабан таяқшалары», «сағат әйнекшесі» симптомдары, тахикардия), аускультативті мәліметтер - төстің сол жақ қырында қатқыл тембрлі систолалық шу естілуі, II үн екінші қабырғааралықта сол жақта әлсіреуі;ЭКГ қорытындысы: жүректің электр осінің оңға ауытқуы, оң жақ қарыншаның гипертрофиясы, ЭхоКГ: қарыншааралық перденің ақауы, қолқаның оңға ығысуы және парастерналды проекцияның ұзынша осі бойымен дилятациясы; өкпе артериясының стенозын, оның орналасқан жерін және айқындық дәрежесін тікелей көру, оң қарынша миокарды гипертрофиясы; кеуде клеткасының рентгенографиясында: ө кпе суреті азайған, жүрек көлеңкесі «аяқ киім» түрінде), ЖҚС – полицитемия ескеріп, баладағы диагноз: «Жүректің туа біткен даму ақауы, Фалло тетрадасы ентігу – цианотикалық ұстамалармен» деп негіздеді.
18. Емдеу алгоритмі Ентігу – цианотикалық ұстаманы тоқтату мақсатында: 1% промедол (0,05 мл/жылына)+кордиамин 0,1 мг/жылына есеппен бір шприцте бұлшықетке Оттегі Көктамырішіне ағынды түрде натрий бикарбонаты Ұстаманың алдын алу үшін: бетта адреноблокатор- обзидан 1 мг/кг тәулігіне. Оперативті ем.
19. Емдеу тиімділігін бақылау Ентігу-көгеру ұстамасын тоқтату, қан айналу бұзылысы симптомдарының азаюы, оперативті емнен кейін –қан айналу бұзылысы симптомдарын жоғалуы, физикалық даму параметрлерінің қалпына келуі.
20. Пациентпен дұрыс қарым қатынас қалыптастыру Пациентпен дұрыс қарым қатынас қалыптастыру және қорқыныш сезімін басу.

Симуляцияны жабдықтау:

1. Тапсырмамен парақ, волонтерге (науқасқа) арналған сценарий, қадамдарды бағалау критерийлері

2. Жалпы қан сынағы, жалпы зәр сынағы, ЭКГ, ЭхоКГ,кеуде клеткасының рентгенографиясы қорытындылары

3. Тонометр, фонендоскоп

Әртіс – науқас

Жихаз-саймандар: оқу бөлмесі – дәрігер бөлмесі.

1. Жастықты тақтай төсек (кушетка) – 1

2. Құжаттарға арналған үстел – 1

 

Құрастырған: Хитуова Л.К., № 2 педиатрия бойынша интернатура және резидентуракафедрасының доценті

Рецензенттер:

Майтбасова Р.С., м.ғ.д., ПжәнеБХҒО кардиоревматология бөлімшесінің меңгерушісі,

Катарбаев А.К., м.ғ.д., ҚазҰМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі.

ПОД ББК (11.12.2015ж.) мәжілісінде талқыланып, №4 хаттамасында бекітілді.

 

 

Кафедра меңгерушісі, доцент Нұрғалиева Ж.Ж.


Дата добавления: 2016-06-05 | Просмотры: 314 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.008 сек.)