АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Бруцеллез этиологиясы,эпидемиологиясы,патогенезі?

Бруцеллез-бруцеллалармен шақырылатын қоздырғышы әртүрлі механизммен берілетін, клиникасында созылмалы қызбамен, қимыл-қозғалыс аппаратының, жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, зәр шығару жүйесінің және т.б жүйелердің зақымдалуымен жүретін, созылмалыға ауысуға бейім, инфекция-аллергиялық, зоонозды инфекциялық ауру. Этиологиясы. Brucella тұқымына 6 түр кіреді: Br.melitensis- Қазақстанда жиі кездеседі Br.abertus Br.suis Br.cauris Br.neotomae Шар тәрізді, грам «-», эндотоксин бөліп шығарады, S-форма түзеді, сыртқы ортаға кең төзімді. Эпидемиологиясы. Барлық жерде кең таралған. Инфекция көзі: ұсақ мүйізді, ірі қара мал, шошқалар, маралдар және адамдар. Таралу механизмі: фекальды-оральды. Берілу жолдары: қатынас арқылы (зақымдалған тері)

  • алиментарлық
  • ауа-шаң (аэрогенді)

Көбінесе малшылар, шопандар, ауыл тұрғындары ауырады. Патогенезі. Бруцеллалар ағзаға тері немесе шырышты қабаттар арқылы енеді, сосын макрофактормен ұсталып, сол жерде көбейеді де, лимфа ағынымен регионарлық лимфа түйіндеріне енеді. Содан соң қан тамырлар арқылы бүкіл ағзаға жайылады. Патогенезінде инфекцияның дамуы бес фазадан өтеді:

  1. лимфогенді фаза
  2. гематогенді фаза
  3. көп ошақты себу жайылу фазасы
  4. экзоошақты себу фазасы
  5. метомффоз фазасы

Әр фазаның көрінуі және олардың дамуы организмнің индивидуальды ерекшелігіне байланысты, кіру жеріне, түріне қоздырғыш дозасына және зақымдану шартына байланысты.

  • 83.Бруцеллез клиникасы,жіктелуі,асқыныстары? Инкубациялық кезеңі 7-30 күн.Ол ыстық көтеріліп, қалтырап дірілдеуден басталуы мүмкін, бірақ әдетте бірте-бірте, тез шаршау, әлсіздіқ асқа тәбеттің болмауы, бастың асқазанның буындардың ауыруы формасында өрбиді.
  • Ыстықтың көтерілуі жеңіл және ауыр формада болуы мүмкін. Түстен кейін қалтырап-дірілдеу және ертеңгісін малшынып терлеп қалу бұл ауруға тән белгі. Созылмалы бруцеллёзде ыстық бірнеше күн басылады да сосын қайта көтеріледі. Тиісті ем қолданбаса, бірнеше жылға созылуы мүмкін.
  • Мойында, қолтықтың астында, шапта ісінген лимфа түйіндері пайда болуы мүмкін. Клиникалық симптомдары орташа алғанда 2-3 апта өтуімен сипатталады. Жіктелуі:Ағымы бойынша:
    1. жеңіл
    2. орташа
    3. ауыр
    4. латентті
  1. Ұзақтығы бойынша:
    1. жедел (3 айға дейін)
    2. жеделдеу (6 айға дейін)
    3. созылмалы (6 айдан кейін)
    4. ирезидуальды.

84.Бруцеллез диогностикасы,емі,күтім ерекшелігі,алдын алуы?Диогностикасы. 1.бактериологиялық: гемакультура жұлын сұйықтығы, синовиальды сұйықтықты қолдану.2биологиялық (теңіз шошқаларын зақымдау)3,иммунды ферментті анализді антиген, антидене табу үшін4.агрегатгемаглютинация әдісі (АГАР)5.серологиялық әдіс: комплемент байланыстыру реакциясы (КБР)6.аллергиялық әдіс (ГЗТ)-Бюрне сынамасы. Емі. Этиотропты: рифампицин, доксициклин, тетрациклин.Тетрациклинмен емдеңіз: ересектер: 250 миллиграмдық капсулды күніне 4 рет екі түйірден үш апта ішу керек. Сақтану шараларын орындаңыз. Немесе ко-тримоксазол ішіңіз. Алдын алу. Қайнатылған немесе пастерленген сүтті ішіңіз. Бруцеллёз тараған жерлерде қайнатыпмаған сүттен дайындалған ірімшікті жеуден тартынған жөн.Ауру малдарды бағып-күткен кезде аса сақ бопыңыз, әсіресе сіздің денеңізде жы-рылған немесе тілінген жер болса.Ветеринария қызметкерлерімен кеңесіңіз, қолыңыздағы малдың денсаулығын қадағалап отырыңыз.

85.Лептоспироздың этиологиясы,эпидемиологиясы,патогенезі? Лептоспироз (грек. leptos — жіңішке және грек. speіra — ирекше, бұрама; грек. osіs — ауру) — адамдарда, сүтқоректілерде және құстарда кездесетін тез жұғатын жұқпалы ауру.Қоздырғышы — спираль пішінді лептоспира бактериялары. Негізінен, онымен бауыр, бүйрек және майда қан тамырлары зақымданады. Лептоспирозды 1888 ж. Ресей ғалымы Н.П. Васильев анықтаған. Қоздырғышын жапон зерттеушілері 1914 — 15 ж. А.Инадо және А.Ол қоздырғышты денесі сарғайып ауырған адамдардан тапқан. Қазіргі кезде бұл дертті ауру қоздырғышының түрлеріне, клиникалық белгілеріне, ауру ағымына байланысты үш түрге бөледі:1.интерогеморрагиялық лептоспироз (дене сарғаяды) немесе Васильев-Вейль ауруы деп аталады;2.каникол лептоспироз (немесе Помон) (денеде қан құйылу байқалады);3. “су қызбасы” деп аталатын жеңіл өтетін (дене сарғаймайды) түрі.Қазақстанда лептоспироз “су безгегі” деп атайды, республиканың солтүстік және шығыс аймақтарында жиі байқалады. Лептоспироз тағамдық өнеркәсіп мекемелері қызметкерлерінің, шахтерлердің, қалалық қоқыс тазалаушылардың, ветеринарлар және ит питомнигі жұмысшыларының арасында жиірек кездеседі. Ауру таратушы, яғни инфекция көзі — дала және су тышқандары, егеуқұйрықтар; үй жануарларынан — ірі қара мал, шошқа (әсіресе иттер).[1]

 

 

 


Дата добавления: 2016-06-05 | Просмотры: 931 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)