АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Инфекционные болезни. 1. Микроорганизм және инфекциялық аурулар зерттейтін пәнінің негізгі объектісін атаңыз

1. Микроорганизм және инфекциялық аурулар зерттейтін пәнінің негізгі объектісін атаңыз, оған анықтама беріңіз және пәнаралық байланыстық саласына блок схема құрыңыз. Инфекция- микроорганизмнің макроорганизмге енуі және ондағы көбеюі.Инфекциялық процесс – Микроорганизмнің макроорганизммен селбелесіп (паразитизм) өсуі.Инфекционды ауру –инфекциялық процесстің соңғы түріИнфекция, инфекциялық процесс,инфекциялық ауру. Этиологиялық инфекциялық аурулар. Ауру тудырушы – микроорганизмдердің қасиеттері. Инфекцияның әкелетін қауіп қатері: 1) бактериотасымалдағыш, персистенция, тірі вакцинация; 2) инфекциялық ауру: клиникалық көрсеткіші бар инфекция, бұндай реакциялар организмді өлімге ұшыратады. Микроорганизм және макроорганизмнің патогенетикалық және клиникалық қарым-қатынасы инфекционды ауру деген терминмен белгіленеді. Патогенды микроорганизмдерді инфекциялық ауруларды ауырмаған адамға жұғу арқылы тудырады. Олар организмге белсенді түрде еніп, паразиттік түрде тіршілік етеді. Инфектология - инфекциялық процессті зерттеуші ғылым, Инфекциялық ауру, инфекциялық патология, организмнің шартты және патогенді ауру туғызушы микроорганизмдерімен конкуренцияга тұруы, диагностика әдістерін дайындау, инфекциялық ауруларды емдеу. Медициналық микробиология бактериология, вирусология, микология, иммунология, протозоологияға бөлінеді.Медициналық микробиология ауру адамның инфекция түрін, олардың морфологиясын, физиологиясын, экологиясын, биологиялық және генетикалық қасиетін зерттейді, оларды өсірудің, идентификациясын, арнайы диагностикасын, емдеуін және профилактикасын құрастырады. МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАНЫҢ ӘДІСТЕРІ: 1. Микроскопиялық әдіс. 2. Микробиологиялық (бактериологиялық) әдіс. 3.Биологиялық әдіс. 4. Иммунологиялық әдіс. - серологиялық, аллергологиялық. 5. Молекулярлы-генетикалық әдіс.

2.Микроорганизмдер және ифекцилық аурулар пәнінің даму тарихына сипаттма беріңіз.Микроорганизмдер- көбінесе бір клеткалы, өте ұсақ, жай көрінбейтін тірі организмдер. Олар миллиметрдің мыңнан бірлігі- микронмен өлшененді. Бұлардың құрылысын, сыртқы пішінін және қозғалысын зерттеу үшін кем дегенде 400-500 есе үлкен арнаулы аспап-микроскоп қолданылады. Қазір 800-1300 есе үлкейтіп көрсететін биологиялық микроскопты пайдаланады.Микробиология – жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі организмдерді, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғалым. Микроорганизмдердің басым көпшілігі — бактериялар. Сонымен қатар микробиология төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды, ашытқы саңырауқұлақтарын, ұсақ балдырларды, қарапайым организмдерді, вирустарды да зерттейді.
Микробиология ботаника мен зоология ғылымдарының қарапайым организмдерді зерттейтін салаларымен тығыз байланысты. Микробиология — микроорганизмдердің биохимиялық әрекеттерін, қоректік заттарды өзгертудегі олардың негізгі ролі қарастырылады.Микроорганизмдер тіршілігінің ең бір айқын байқалатын жері-ашу процесі.Күнделікті көріп жүрген сыра мен түрлі шараптар, тағамдардың шіріп, бүлінуі және көгеруі бәрі де осы микроорганизмдердің әсерінен болады. Микробиология тарихында римнің профессоры Афанаси Қирхердің (1601-1680)есімі де аталуы тиіс. Қирхер сасыған ет, щарап сіркесін, сүтті қарап, онда түрлі құрттардың кездесетінің байқады.Ол қанды қарап, онда түрлі клеткаларды көреді.
Микроорганизмдерді алғаш рет ашу Голландия әуесқойы Антон ван Левенгуктің (1632-1723)есімімен тікелей байланысты. Жас кезінен шыныларды құрастырумен көп айналысқан ол, заттарды 160-300есеге дейін үлкейте алатын алғашқы микроскопты құрастырған. Орыс оқымыстысы И.И.Мечниковтың 1845-1916 еңбегі зор. Ол микробиологияда бір қатар жаңалықтар ашты. Соның ішінде, әсіресе иммунитет және бактериология жайындағы еңбектері өте бағалы. И.И.Мечников фагоцитоз және оның иммунитетттегі ролі туралы тыңғылықтық ілім жасады.Бактериялар-бір клеткалы ағзалар, хлорифилі жоқ, өсімдіктердің бір түрі. Олар көптеген инфекцияның ауру қоздырғыштарынан тұрады. Олардың өте үлкен және ұсақ, орташа түрлері болады. Ең ірі бактериялар сібір жарасы, гангрена қоздырғыштары.Бактериялардың негізгі 3 түрлі формалары бар:шар тәрізді коккалар, таяқша тәрізді бактериялар, бациллалар және клостидиялар және спирал тәрізді спирилла және виброндар.Шар тәрізділер түрлері форма-коккалар сыртқы пішіні шар тәрізді строфилкоккалар, ст.рептоктар.Көптеген коккалар-сапрофиттер, олар спора түзбейді. Қозғалмайды, табиғатта кең таралған. Коккалар жеке-жеке бір-бірмен қосылмаған-микрококктар деп аталады Диплококктардан адам ағзасында ауру туғызатын қоздырғыштар, гонореия, минингит қоздырғыштары.Таяқша пішінді түрлері- спора түзушілер және спора түзбейтін түрлері болады. Пішініне қарай ірі, орташа ұсақ таяқша түрлері, цилиндр, овал формалары түрлері кездеседі.Спирал пішінді түрлері-табиғатта кең таралған. Оларға споралар және виброндар жатады. Споралар тығын тәрізді спирал формалы болып келеді.Спирохиттер-штопр тәрізді иілген формалы бактериялар және қарапайымдардың аралық формасы. Көлемі, ені-0,3-1,5м, ұзындығы-7-500м. Клетка қабықшасы жоқ, ядросы болмайды. Спирохиттер қозғалғыш. Бөліну арқылы көбейеді.Бүктелу және қозғалғыш қасиеті орталық жіпше арқылы жүзеге асады. Саңырауқұлақтар-хлорофилсіз өсімдік әлеміне жатады. Дифферециялық ядросы бар, спора арқылы көбейеді. 5 классқа жіктеледі.1.Архилициттер класы (archimycetes)-жыныссыз жолмен көбейетін қарапайым саңырауқұлақтар. Жоғары сатылы өсімдіктердің паразиттері. 2.Фикомициттер класы(Phycomycetes)-жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді.Жұқа бұтақша пішінді саңырауқұлақтар. Бұл классқа мукор үлпілдек мақта тәрізді плесень түзіледі. Мукор мақтасы жынысты жолмен де көбейеді. Адамда өкпе, құлақ қалқандарын ауруға ұшыратады.
3.Аскомициттер класы(ascomycetes)-тағамдарда, қанның бетінде кездеседі. Адамдарда тыныс жолдарын, көз, құлақты зақымдайды
4.Пенициллин(penicillium)-көп клеткалы, пенициллин алады.
5.Акомицитез класы- ашытқы саңырауқұлақтар. Нан өсімдіктерде, шарап өндіруде қолданады.Қарапайымдылар бактерияларға қарағанда күрделі дамыған. 4 классқа жіктеледі:70 мың түрлері бар.
1.Саркодиналар класы-тынымсыз қозғалады, қабықшасы болмайды,дене пішіні тұрақсыз, бөліну арқылы көбейеді.
2.Спорофиттер(Sporozoa)- жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді,арнайы қозғалу органы жоқ.
3.Жгутиктілер(Flogollata)-овал және шар тәрізді, белсенді қозғалады. Бөліну арқылы көбейеді.
4.Талшықтар(Infusoria)-инфузориялар кірпікшелер арқылы қозғалады, адамда ішек инфузориясы кездеседі.Гнотобиология-микробсыз жануарлар ғылымы. Жасанды ортада өсірілген, табиғатта микробсыз жануарлар кездеседі. Сүтқоректілер ұрығы жатырда стерилді ортада дамиды. Оларды гнотобионттар деп атайды. Инфекциялық аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды.Олар: а) ішектің; б) жоғарғы тыныс жолдарының; в) қанның; г) сыртқықабықтардың аурулары болып бөлінеді.
Ішек ауруларында (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді. Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді. Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі. Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешек, қызылша, полиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі — баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді.Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды.Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.Антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин және т. б.) — бактерия туғызған белгілі бір ауруларды емдеуге көмектесетін дәрілер. Вирустардан пайда болған салқын тию, тымау, қызылша, мысқыл және т. б. сияқты ауруларға антибиотиктер әсер етпейді. Вирустық инфекцияларды антибиотиктермен емдеуге болмайды. Олар көмектеспейді, тіпті зиянды да болуы мүмкін.

3. Микробиологиялық ж\е вирустық инфекцияға анықтама беріңіз. Инфекциялық процестің жүзеге асу схемасын көрсетіңіз. Инфекциялық ауру. Инфекциялық процестін сатылары мен даму жағдайлары. Инфекциялық аурулардың ерекшелігін көрсетіңіз. Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар: а) ішектің; б) жоғарғы тыныс жолдарының; в) қанның; г) сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.

Ішек ауруларында (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді. Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді. Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі. Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешек, қызылша, полиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі — баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ. Антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин және т. б.) — бактерия туғызған белгілі бір ауруларды емдеуге көмектесетін дәрілер. Вирустардан пайда болған салқын тию, тымау, қызылша, мысқыл және т. б. сияқты ауруларға антибиотиктер әсер етпейді. Вирустық инфекцияларды антибиотиктермен емдеуге болмайды. Олар көмектеспейді, тіпті зиянды да болуы мүмкін. Жұқпалы аурулардың түрлері. Жұқпалы аурулар инфекциялық аурулар (лат. іnfectіo–жұқтыру) – 1)тірі организмдерге ауру тудырушы микроорганизмдердің (бактерия, риккетсия, вирус, саңырауқұлақ) енуінен пайда болатын кесел; 2) осы аурулардың белгісі мен даму барысын зерттеп, оның дәл диагнозын қойып, емдейтін клиникалық медицинаның арнайы бір саласы. Жұқпалы аурулар туралы деректер ертеден белгілі болған. Ежелгі грек ғалымы Гиппократ, ортағасырлық ғалым Әбу Әли ибн Сина өз еңбектерінде кейбір аурулардың науқас адамнан, жануарлардан жұғып, тез таралатыны, оған көзге көрінбейтін “миазмалар” себепкер болатыны туралы айтқан. 15 ғасырда жазылған Ө. Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты еңбегінің қолжазбасында дерттің пайда болуын адам денесіне құрттардың (көзге көрінетін және көрінбейтін) енуімен түсіндірген. 19 ғасырда бактериология, микробиология және иммунология ғылымдарының дамуы Жұқпалы ауруларды толық зерттеуге мүмкіндік берді. Әсіресе, француз ғалымы Л.Пастер, неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910), орыс ғалымдары И.И. Мечников (1845 – 1916), Н.Ф. Гамалея (1859 – 1949), т.б. еңбектерінің маңызы зор болды. Жұқпалы аурулар пайда болуының үш факторы бар: ауру қоздырғышы (микроб), сыртқы орта және қабылдаушы сезімтал организм. Ауру қоздырғышына әр түрлі патогенді микроорганизмдер (мыс., бактерия, вирус, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, риккетсия, микоплазма, хламидия, т.б.) жатады. Бұлар адам организміне әр түрлі жағдайда енеді. Мысалы, іш сүзегі, паратиф, дизентерия, т.б. – су, тағам, шыбындар арқылы; тұмау, қызылша, дифтерия, т.б. – ауру адамнан; әр түрлі тері дерттері – ауру адам мен жануарлардан; бөртпе сүзек, кене энцефалиті, безгек – сау адамға ауру адамнан (жануарлардан) қан сорғыш буынаяқтылар (мысалы, бит, безгек масасы, кене, т.б.) арқылы; сондай-ақ құрсақтағы анасының қанымен жұғады. Жұқпалы аурулар жасырын (инкубациялық), күмәнді (продромалдық), ауру дамуы және айығу (реконвалесцениттік) кезеңдерінен тұрады. Әрбір кезеңнің өту мерзімі аурудың түріне, организмнің жағдайына байланысты болады. Жалпы Жұқпалы ауруларға шалдыққан адамдарға ортақ белгі: селсоқтанып мазасы кетеді, дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, ұйқысы қашады. Бауыр мен талақтың ісінуі мүмкін. Осындай ерекше белгілеріне қарай іш сүзегін тырысқақтан, безгекті бөрте сүзектен, т.с.с. ажыратуға болады. 20 ғасырда диагноз қою, емдеу және одан сақтану әдістерінің жетілдіруіне байланысты Жұқпалы аурулардың кейбір түрлері жойылды. Бірақ микроорганизмдердің эвол. даму өзгергіштігінің, әлеуметтік, экология, ғұрып-дәстүрлік, т.б. себептердің нәтижесінде Жұқпалы аурулардың жаңа түрлері пайда болды. Мысалы, жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы, гепатиттің ерекше түрлері, т.б. Жұқпалы аурулардың белгісі білінісімен-ақ санитарлық-эпидемиология стансаларға хабарлануы тиіс. Науқас адам ауруханаға алынып, аурудың түріне қарай емделеді. Жұқпалы аурулар клиникалық медицинаның арнайы бір зерттейтін саласы болғандықтан – бактериология, вирусология, иммунология, эпидемиология, паразитологиямен тығыз байланысты.

4. Инфекцияның таралу жолдары. Инфекцияның таралу механизмдерін атаңыз. Трансмиссивті механизм,вертикальді механизмнің таралу жолдарын көрсетіңіз.

Инфекцияның 6 таралу механизмі бар: Ауа-тамшы жолы немесе аэрозольды Фекальды-оральды Трансмиссивті Контакты Вертикальды Гемобайланысты 1,Трансмиссивті инфекцияның таралу механизмі - инфекцияның таралу механизмінде, инфекция қоздырушысы қантамырлары және лимфада орналасады.Спецификалық және спецификалық емес таратушының шағуыарқылы беріледі.Мысалы, жәндіктер немесе кенелер. Трансмиссивті инфекцияның таратушылары: қансорушы жәндіктер: Биттер- бас биті,қайтымды тиф, вопындық лихорадка;

Масалар – Anopheles(аналық)-малярия,Aedes- сары лихорадка. Блохи-чума Кенелер (дернәсіл,нимфа, жетілген кене-әрбір стадия өз қожайымен қоректенеді.)Қоздырушының трансовариальді берілуі(тек қана таратушы емес,табиғи резервуарда). Иксодалы - кенелі энцефалит,омск және крымдық гемморагиялық лихорадка, марсельдік лихорадка, туляремия. Аргасалық –қайтымды кенелі тиф,Ку-лихорадкасы. Трансмиссивті механизм таралу жолдары: 1. Қоздырушы қанда орналасады(жабық система); 2. Қоршаған орта(таратушы); 3. Қабылдағыш организмге қоздырушының енуі (қанда)

>Қоздырушының адам организміндегі негізгі локализациясы- қанда. >Қоздырушының биологиялық түр ретінде сақталуы (эпидемиологияның 11заңы) оның бір индивидумнан екінші индивидумға берілуі тек қана таратушы көмегімен жүзеге асады.Сол организмде ол тек қана сақталмайды, белгілі даму циклдары өтеді.>Таралу механизмі-трансмиссивті. > А.В.Грамашевскии классификациясы бойынша- қанды инфекциялар. Трансмиссивті механизм таралу жолдары:

I. Антропоноздар- адамнан адамға беріледі (малярия, сыпной тиф, қайтымды тиф)

II. Зоонозды (туляремия, кенелі энцефалит,боррелиоз,гемморрагиялық лихорадка)

III. Источник қоздырушысы ретінде адамда бола алады, немесе жануар,көбіне кеміргіштер (чума, гемморрагиялық лихорадка,сібірлік язва)

Әртүрлі таралу механизмдері бар инфекциялар (чума, туляремия, гемморрагиялық лихорадка, сібірлік язва)

2,Вертикальды механизм таралу жолдары. Вертикальды механизм- (герминативті, жатырішілік,трансплацентті) инфекция қоздырушысы ұрыққа анасынан туылғанға дейінгі бүкіл период кезінде беріледі.

Вертикальды (трансплацентті)- бұл ауру қоздырушысының берілу жолы плацента арқылы анасынан ұрыққа берілуі.Вирусты инфекция үшін әсіресе трансплацентті берілу жолы маңызды. Вирустар: қызылша, цитомегалик,ветрянка, Вгепатиті, энтеровирустар. Бактериялы инфекциялар арасында: мұндай берілу жолы пептоспироз,стафилококкты, стрептококкты инфекцияларда мүмкін. Трансплацентті берілу жолы бар инфекциялар: >cаңырауқұлақтар

>бактериялар, көбінесе шартты патогенді

> вирустар.

· Қызылша

· Цитомегалик

· Герпес

· Коксаки

· Гепатит

· Респираторлы вирусты инфекциялар (грипп,парагрипп,аденовирусты инфекциялар)

· Адам иммунотапшылығы (СПИД)

5. Инфекцияның таралу механизмдерін атаңыз.аэрозольды,фекальды-оральды механизмнің таралу жолын көрсетіңіз. Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше «миазма» — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. «Іnfесіо» деген латын сөзі«ластану» дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет).

Инкубациялық кезең ауыруды жұқтырғанннан бастап клиникалық белгілердіңшығуына дейінгі кезең.

6 түрі бар:

1.Ауа тамшылары арқылы аэрозольды.

2. Контактті

3. Трансмиссивті

4. Фекальді оральді

5. Вертикальді

6. Гемоконтактті

Ауа тамшылары арқылы: түшкіргенде, жөтелде ауа тамшылары арқылы тарайды.

Фекальді оральді: Ішек жолдарындаболады. Іш өткенде диарея күйінде болады. Ауыз қуысы арқылы ластанған тағамдардан немесе судан всқвзвн ішек жолдарына түседі.

6. Инфекцияның таралу механизмдерін атаңыз. Гемоконтактты механизм, трансплацентарлы механизімнің таралу жолдарын көрсетіңіз.

Инфекцияның 6 таралу механизмі бар:

1. Ауа-тамшы жолы немесе аэрозольды

2. Фекальды-оральды

3. Трансмиссивті

4. Контакты

5. Вертикальды

6. Гемобайланысты

Гемобайланысты механизм таралу жолдары. Гемобайланысты механизм- инфекция қоздырушысы қан арқылы беріледі. Гемобайланысты берілу жолы бар инфекциялар: вирустар, гепати Гемобайланысты механизм, яғни (қан құю, кілегейлі қабықтар мен тері жамылғыларының зақымдалуымен қоса жүретін манипуляциялар, шағын жарақаттар арқылы тұрмыстық жанасу), сондай-ақ анасынан балаға босану жолдары арқылы жұғады. Бұл инфекцияға бейім адамдар -нашақорлар, яғни аурушаңдылық бір шприцты қолдану арқылы жұғады. Денеге сурет салу, пирсинг жасату кезінде де жұқтыру қауіпі бар.

Вертикальды механизм таралу жолдары. Вертикальды механизм- (герминативті, жатырішілік,трансплацентті) инфекция қоздырушысы ұрыққа анасынан туылғанға дейінгі бүкіл период кезінде беріледі. Вертикальды (трансплацентті)- бұл ауру қоздырушысының берілу жолы плацента арқылы анасынан ұрыққа берілуі.Вирусты инфекция үшін әсіресе трансплацентті берілу жолы маңызды. Вирустар: қызылша, цитомегалик,ветрянка, Вгепатиті, энтеровирустар. Бактериялы инфекциялар арасында: мұндай берілу жолы пептоспироз,стафилококкты, стрептококкты инфекцияларда мүмкін. Трансплацентті берілу жолы бар инфекциялар: >cаңырауқұлақтар

>бактериялар, көбінесе шартты патогенді

> вирустар.

• Қызылша

• Цитомегалик

• Герпес

• Коксаки

• Гепатит

• Респираторлы вирусты инфекциялар (грипп,парагрипп,аденовирусты инфекциялар)

• Адам иммунотапшылығы (СПИД)

7.Инфекциялық процестің классификациясын құрастырыңыз.Инфекциялық аурулардың формалары және олардың сипаттамасын көрсетіңіз.

Инфекциялық процесс-типті патологиялық процесс.Микроорганизмдердің іс- әрекетін тудыратын патологиялық процесс.И.п. түрлері:1.Сепсис-қандағы микроорганизмдердің көбеюімен сипатталатын ауыр генералогиялық инфекциялық процестің формасы.2.Септикопиемия-сепсиспен бірге пациенттің органымен бірге әр түрлі ұлпалары асқыну ошағы 2-ші ретті дамуымен сипатталатын инфекциялық процесс.3.Бактериемия,вирусемия-қанда бактериялардың болуы немесевирустардың көбею белгісі жоқ болуы.Инфекциялық процестің реттелуінің дамуының 1-ші этапы болып бабылады.4.Миксті инфекция –бәр уақытта екі немесе одан да көп қоздырғышты шақыратын инфекциялық процесс.5.Реинфекция-инфекциялық процестің қайтадан пайда болуы.6.Суперинфекция-сауыққанға дейінгі организмнің сол қоздырғышпен қайта инфекциялануы.7.2-ші ретті инфекция- 1-ші ретті инфекциялық аурудың дамуымен пайда болатын инфекциялық процесс.

Инфекциялық аурулар-биологиялық белсенді макроорганизм мен микроорганизмнің өзіндік екі биосистеманың әрекеті негізінде пайда болатын аурудың ауқымды тобы.Инфекциялық аурудың қоздығышы патогенді вирустар,бактериялар.

Инфекциялық аурудың формалары:1.Манифестік-өткір және сақтайтын инфекциялық аурудың формалары.Манифестік инфекциялардың жеңіл және ауыр түрлері болады.2.Манифестік инфекцияның өткір формалары-аурудың организмге қоздырғыштың созылмайтындығы болатындығымен сипатталады. Өткір формасымен- ауырған қоршаған ортасына патогенді инфекцияларды белсенді бөледі.3.Сақ-организмге қоздырғыштың ұзақ уақыт болуымен сипатталады.Көптеген инфекциялық аурулар тек қана осындай формада болады:шешек,оба,қызамық.Ал кейбіреулері өткір формада қандай болса сақтайтын формада да солай болуы мүмкін.Мыс:Вирусты гепатит,брюцеллез,дизентерия.4.Реинфекция-бұрынғы қоздырғыштың қайтадан зақымдауымен аурудың пайда болуы.Егер реинфекция толықтй сауыққанға дейін болса,онжа оны суперинфекция дейді.5.Тасымалдаушылық-субклиникалық деңгейде өтетін инфекциялық процестің формасы.кейбір инфекциялық аурулпр қоздырғыштың тасуымен байланысты:дифтерия,салмонеллез,вирусты гепатит В.6.Субклиникалық формада-ауру адам резорвормен қоздырғыш көзі.7.Латентті форманың қоздырғышы иесінің клеткаларының ішіінде ғана болып,сыртқы ортаға инфекция бөлмейді.8.Баяу инфекция-басқаларға қарағанда өауіпті формасы.Мыс:СПИД.

8.Инфекциялық процестің эпидемиологиясы. Қоздырғыштың таралу механизмдерін көрсетіңіз. Микроорганизмдердің тіршілік етудің негізгі заңдылықтарын атаңыз. Әртүрлі жұқпалы аурулар эпидемияларының пайда болу себептерін талдау кезінде Л.В.Громашевский (К.Сталлибрасс,1936 сияқты) үш жағдайға көңіл аударды. Эпидемия пайда болу үшін бірінші,ең қажет жағдай,инфекция қоздырғышының көзі болуы қажет. Инфекция көзі болмаса, ешқандай эпидемия да,тіпті, жеке ауру да пайда болуы мүмкін емес. Бірақ эпидемиялық процестің пайда болуы үшін міндетті түрде екінші бір қажетті жағдай керек болады. Ол сыртқы ортадағы азды-көпті өзіндік факторлар арқылы қоздырғыштың эстафетамен (үзілмей) берілу мүмкіншілігінің болуы болып табылады. Бұл процесс эволюциялық дамуы кезінде қоздырғыштың жұққан организмнен қабылдаушыға жылжу әдісі арқылы іске асады (берілу механизмі). Эпидемиялық процестің пйда болуы үшін үшінші міндетті щарт осы аурудың қоздырғышын қабылдаушы халықтың болуы қажеттілігі. Осы көрсетілген үш алғы шарттың (инфекция қоздырғышының көзі, берілу механизмі,қабылдаушы халық)қосылған жиынтық жағдайында ғана жұқпалы аурудың,яғни эпидемиялық процестің пайда болу мумкіндігі туады. Қоздырғыштың берілу механизмі үш саты арқылы жүзеге асады: ● жұқтырылған организмнен бөліну сатысы; ● қоршаған ортада айналымы(циркуляции) сатысы; ● келесі организмге ену сатысы; Берілу факторлары- қоздырғыштардың бір организмнен басқа организмге өтуін қамтамасыз ететін, сыртқы орта элементтері. Сыртқы ортаның алты біріктірілген элементін бөледі:● ауа; ● су; ● тағам; ● топырақ; ● тұрмыстық және өндірістік жағдайдағы заттар; ● тірі тасмалдағыштар; Берілу жолдары- қоздырғыштардың бір организмнен басқасына өтуін қамтамасыз ететін, сыртқы орта элементтерінің жиынтығы. Микроорганизмдердің өніп-өсуі, тіршілігі сыртқы орта жағдайларына тікелей байланысты. Орта жағдайы неғұрлым қолайлы болса, соғұрлым ол белсенді тіршілік етеді. Табиғатта микроорганизмдерге әсер ететің жағдайларды негізінен үш топқа бөлуне болады: 1. Физикалық. 2. Химиялық 3. Биологиялық факторлар. Физикалық факторлардың ішінде температураның микроорганизмдер үшін маңызы зор. Бірақ микроорганизмдер өсімдіктер мен жануарларға қарағанда температураның құбылуына төзімді келеді. әр түрлі микроорганизмдер топтары үшін температураның үш нүктессі бар: оптималь - ең тіршілікке қолайлы температура; Минималь – бұл тіршілікке қажетті температураның ең төменгі шегі; макисаль - микроорганизмдер тіршілік ететін температураның жоғарғы шегі. Бұдан жоғарыласа, тіршілік ете алмайды. Жалпы микроорганизмдердің температураға қатысын зерттегенде оларды үш топқа бөлуге болады: 1. Психрофилдер. 2. Мезофилдер. 3. Термофилдер. Микроорганизмдер ылғалды ортада ғана тіршілік ете алады. Суда еріген қоректік заттарды микробтар клеткасы сорып алып, қоректенеді. Мұнда суда еріген заттардың концентрациясыныңзор маңызы бар. Егер бұлзаттардың концентрациясы суда аз болса, онда оны гипотоникалық ерітінді деп атайды. Ал ол заттар концентрациясы оптималды болса, микроорганизмдер тіршілігі үшін жақсы жағдай жасалады. Заттар концентрациясы молайған сайын сыртқы ортадағы осмостық қысым арта бастайды. Ондай ерітіндіні гипертоникалық ерітінді деп атайды. Осмостық қысым жоғары ерітінділер микроб клеткасындағы ылғалды тартып алады да, клетка тіршілігін жоя бастайды. Мұндай құбылысты плазмолиз деп атайды. Кейбір микроорганизмдерге ортаның жоғарғы осмостық қысымы олардың тіршілік етуіне зиян келтірмейді. Олардың осмофильді, яғни жоғары қысымды “сүзгіштер” деп атайды. Бірқатар микроорганизмдер ас тұзының жоғары концентрациясында тіршілік етуге бейімделген. Оларды галофильдер, яғни тұздың жоғары концентрациясын “сүйгіштер” деп атайды.

9. Инфекционды аурулардың клиникалық айқындалу түрлерін өзара салыстыра отырып сараптаңыз. Манифесті және симптомсыз инфекцияларға блок-схема құрастырыңыз және оған қысқаша анықтама беріңіз?

Инфекцияның пайда болу жолдары.

Клиникалық касиетіне бойланысты инфекционды аурулар.

1. Жеңіл.2. жартылай ауыр.3. Ауыр.

Инф-ң ауырлығын анықтау үшін жалпы симптомдарды зерттейміз.

• Жалпы интоксикация,• Құсу.• тәбеттің жоғарлауы• бас ауру• жүрек және тамыр ауруы, мидың ауруы. Инфекциялық аурулардың формаларының ішінде манифесті және симптомсыз инфекцияға тоқтала кетер болсақ.

Манифесті иинфекция үшке бөлінеді.

Олар:

1. типтік - симптодардың айқын көрінуі.

2. атиптік - клиникалық белгілерінің анық емес.

3. созылмалы - организімдер де қорғаныштықтың ұзақ уақыт айналымда болуы.

Симптомсыз дегеніміз ол ағзада аурудың белгілердің білінбеуі.

1. Абортивті 2. Дремлюшия3. Латенті белгісіз ауру4. Микробтық

10. Вирусты персистенцияның таралу механизмін түсіндіріңіз. Мысалдар келтіріңіз. Вирусты персистенция (Virus persistence) –күрделі инфекцияның, организм клеткасында н\е ұлпаның културасында вирустың функционалды белсенділігін сақтап тұрады. Сәйкесінше инфекциялар, вирусты персистентты инфекциялар деп аталатын, вирусты персистецияның феномены. Вирусты перситентты инфекцияның 3 тобын ажыратамыз:

1. созылмалы,2. латентті,3. баяу

Созылмалы инфекцииның екеуінен айырмашылығы, вирустың болуын кәдімгі лабораториялық әдіспен анықтайды; мысалы, гепатита В жатқызуға болады. Латентті инфекцияның герпесвирустың кәдімгі, меншікті қоздырғыштары ұлпаларда жасырылады, ж\е ол қозу кезінде пайда болуы ықтимал. Баяу инфекцияның, Крейцфельда-Якоба ауруының өкілдері болуы мүмкін, вирусты персистенция өте ұзақ (несколько лет) инкубациялық кезеңге келеді, өте ақырын дамитын ауруға шалдыққан кезде болады. Клетка культурасын вирусты персистенциясы цитопатогенді емес қөздырғыштарымен клетканың зақымдануы болады, олардың көбеюі клетканың кұрылымының бұзылуы ж\е ондағы негізгі биологиялық фунциялардың бақыланбауы н\е көрінбеуімен смпатталады; және де клеткалар өз алдына интерфероның шығу жолында вирусты репликациядан тұрады. Экспериментальды мысалдардан белгілі клетка линиясында вирусты персистентті инфекции жағдайында гепатит А ж\е гепатит Е вирусы болады. Персистенцияның басқа механизмі болып ағза клеткасында хромосомада вирусты геномның интеграциясы, осы түрде клетка линияларында онкогенді вирустар сақталып қалады. Осыған байланысты, клетка линиясында гепатиттің антигені байқалады, біріншілік гепатоклеткалы карциномадан қалыптасады; соңғысы, этиологиялық гепатит В инфекциясы орнатылды. Бұл антигеннің продукциясы кейбір клетка линияларында, соның ішінде PLC/PRF/5 ж\е Александера гепатомы (Alexander hepatoma cell line) деген атпен белгілі, диагностикалық мақсатта осыларды бастау ретінде антиген алу үшін карастыру мүмкіндігі өте жоғары болып табылады. Себебі, бөлек клетка линияларында вирусты персистенция аяқасты контаминированды түрлі агенттер болып шығып, сонымен қоса организмнің ұлпаларынан пайда болатындарды да, бастапқы клеткалардан бөлініп шыққан, н\е биологиялық компоненттерден (мысалы, сұйықтық), тағамдардың құрамына кіретін зат болып табылады.

11.Дефекті интерферациялық вирустық инфекцияның түзілу механизміне схема сызып көрсетіңіз. Дефекті интерферациялық бөлшектер-стандартты инфекциялық вирустың геномынан қысқа болатын дефекті геномнан тұрады.Дефекті геномы бар вирустық бөлшектер өзінің репликациясын жүзеге асыру үшін,көмекші ретінде гомологиялық вирустық инфекцияны қажет етеді.ДИ бөлшектердің интерферацияға қабілеттілігі,көмекші гомологиялық вируыстың көбеюіне кеедергі болуында.ДИ-бөлшектер өздерінің репродукциясы үшін көмекші гомологиялық вирустың гендерін пайдаланадыда сол арқылы олардың көбеюіне жол бермейді.ДИ бөлшектер барлық вирустық жануаралардан табылған (оспа вирусынан басқа).ДИ бөлшектік вирустар инфекциялық емес вирустық бөлшектер оның себебі олар геномның дефективтілігіне байланысты өздерінің автономды репликацияға қабілеттілігін жоғалтқан.Кейбір жағдайларда инфекциялық емес ди бөлшектердің бөлігі өңдеу барысында инфекцияланған түрге айналуы мүмкін.Мысалы,пикорнавирустардың препаратында вириондардың концентрациясы инфекцияланған бөлшектердің концентрациясынан 100-1000 рет жоғары болуы мүмкін.ДИ бөлшектердің инфекциялық емес тұрге айналудың дефектісінің табиғаты белгісіз.Мұндай инфекциялар абортивті инфекцияларға алып келуі мүмкін:бұл кезде вирусспецификалық функциялардың бірқатары жүзеге асырылады бірақ жаңа инфекциялық вирус түзілмейді.Интерферацияның екі түрі болады: гетерологиялық -бір клетканың негізінде бір фирус инфекциялану екінші вирустың репликация мүмкінділігін толығымен тежейді; гомологиялық интерференция- көптеген дефекті вирустарға тән:дефекті вирустар өзіндік репродукцияға қабілетсіз және көмекші вирустың көмегімен репродукциясын жүзеге асырады.ДИ бөлшектер толық вирус геномының тек бір бөлігін ғана алады;дефекттің табиғаты бойынша ДИ бөлшектерді летальды мутанттар ретінде қарауға болады;ДИ бөлшектер қалыпты гомологиялық вируспен интерференцияға қабілетті;Ди бөлшектер адсорбцияға қабілетті және клеткаға ене алуы капсидтің қалыпты құрылысына байланысты.

12. Жай инфекциялық процесс концесциясын түсіндіріңіз? Инфекция қоздырғышы микробтардың енуі өрбуі және тіршілік етуі микроорганизмнің қорғаныс – бейімделу реакциясының тууына себепкер болады. Осы реакциялар комплексінің дамуын инфекциялық процесс деп аталады. Инфекциялық процесс – микробты агенттің енуі және айналымда болуы. Инфекциялық процестің дамуы және факторлары: 1.Микроорганизм қоздырушы. 2.Макроорганизмнің қабылдауы. 3.Қоршаған ортаның әсері. Инфекциялық процесс термині микроорганизмдердегі патогенді микробтарға қойылатын қарсы әрекетін білдіреді. —Инфекциялық процесс - ол эволюция барысында қалыптасқан микробтар мен микроорганизм арасындағы өзара әсерінің ең өзгермелі түрлерінің бірі.Процесс өзара қатынастың себеп- салдарының тұрақты түрде ауысып отыруымен жүреді.Шартты түрде бірнеше сатыға бөлуге болады. Бірінші саты микробтардың микроорганизмге енуі.Микробтың енуі және инфекцияның кіру есігінің аумағында адаптациялануы (лат.adaptatio – бейімделу),яғни жұғуы,және де микробтардың микроорганизм жасушасына жабысуы инфекциялық процестің басталу сәті болып табылады.—Екінші саты колонизациялау (лат.colonia – қоныстану)-кіру есігі аумағындағы тері жабындылары мен шырышты қабықтарда горизантальды бағытта микробтардың жайылып қоныстануы. Үшінші сатысы-диссеминациялану (лат. Disseminaze – шашылу,таралу),яғни микробтардың бірінші енген жерден айналасына,басқа аумақтарға таралуы және лимфагематогенді,бронхогенді,периневральды жолмен жаңа жерге қоныстануы. Төртінші сатысы-микроорганизмнің қорғаныс факторларын жұмылдыру. Бесінші сатысы-инфекциялық процестің аяқталуы және ақыры Инфекциялық процесс жұқпалы аурулардың негізін құрайды.Инфекциялық процестен айырмашылығы сол,жұқпалы ауруды,әр кезде зертханалық әдіспен анықталатын немесемикробтардың,олардың токсиндерінің әсерінен әр түрлі дәрежеде гомеостаздың бұзылуымен сипатталатын осы макроорганизмнің айқын клиникалық көрініс беретін жағдайы деп түсіну қажет.Бұл әрбір нақты дарада инфекциялық процесс байқалатын жеке жағдай.Ауру кезінде патологиялық,морфологиялық субстрат қалыптасып,макроорганизмнің функциясы бұзылған жағдайда ғана жұқпалы ауру туралы айтылады. Инфекциялық процесс әр түрлі клиникалық түрде өтеді.

13.Инфекцияның таралу нәтижесіне байланысты бөліп көрсетіңіз.Пандемия және эпидемияны өзара салыстырыңыз.

Инфекциялық аурулардың таралуы: Инкубациялық кезең –ауруды жұқтырғаннан бастап клиникалық белгілерінің шығуына дейінгі уақыт. Продромальдік кезең-ең алғашқы клиникалық белгілердің көрінуі. Аурудың асқынған кезеңі-аурудың кезеңі. Реконвалесценттік кезең-симптомдардың жойылып, аурудың жазылу кезеңі. Бактерия тасушы-ағзадағы патогенді микробтар ауаға, айналаға тарап, бірақ организм клеткасын зақымдайды. Тасымалдаушының қауіпті кезеңі-ауру организмде 3ай сақталса хронический-ұзақ уақытқа созылады. Инфекциялық аурудың жұғуы-ауру адамнан қоздырғыштар сау адамға жұғуы. Ауру тез шалдыққыш ағзада инфекциялық аурулар жұғушы қасиетін көбейтеді. Инфекциялық аурулардың таралу деңгейін 5топқа бөледі: 1.Ең жиі таралған аурулар (1 000 000 халыққа 1 000 оқиға)-тұмау, ОРВИ 2.Кең таралғандар (1 000 000 халыққа 100 оқиға)-вирустік гипотит А, жедел ішек инфекциялар, қызылша, қарамық т.б. 3.Жиі кездесетіндер (1 000 000 халыққа 10 оқиға)-көк жөтел, вирустік гипотит В. 4.Сирек кездесетіндер (1 000 000 халыққа 1-10 оқиға)-бруцеллез. 5.Өте сирек кездесетіндер (1 00 000 адамға 1 оқиға)-дифтерия, құтыру, сібір жарасы т.б. Эпидемиялық процесс туралы ілімнің негізін қалаған Л.В.Громашевский болып саналады (1941,1949,1965). Ол бірінші болып эпидемиологияның негізгі заңдарын жете зерттеп, құрастырады, инфекцияның берілу механизмінің теориясын және эпидемиялық процестің қозғаушы күштерін анықтады. «Эпидемиялық процесс» деген терминді де бірінші рет енгізген Л.В.Громашевский болды, «Эпидемия» деген ұғымды тар мағынада «Эпидемия» деп, кең мағынада «эпидемиялық процесс» деп екіге бөледі.Әртүрлі жұқпалы аурулар эпидемияларының пайда болу себептерін талдау кезінде Л.В.Громашевский (К.Сталлибрасс,1936 сияқты) үш жағдайға көңіл аударды. Эпидемия пайда болу үшін бірінші,ең қажет жағдай,инфекция қоздырғышының көзі болуы қажет. Инфекция көзі болмаса, ешқандай эпидемия да,тіпті, жеке ауру да пайда болуы мүмкін емес. Бірақ эпидемиялық процестің пайда болуы үшін міндетті түрде екінші бір қажетті жағдай керек болады. Ол сыртқы ортадағы азды-көпті өзіндік факторлар арқылы қоздырғыштың эстафетамен (үзілмей) берілу мүмкіншілігінің болуы болып табылады. Бұл процесс эволюциялық дамуы кезінде қоздырғыштың жұққан организмнен қабылдаушыға жылжу әдісі арқылы іске асады (берілу механизмі).Эпидемиялық процестің пйда болуы үшін үшінші міндетті щарт осы аурудың қоздырғышын қабылдаушы халықтың болуы қажеттілігі.Осы көрсетілген үш алғы шарттың (инфекция қоздырғышының көзі, берілу механизмі,қабылдаушы халық)қосылған жиынтық жағдайында ғана жұқпалы аурудың,яғни эпидемиялық процестің пайда болу мумкіндігі туады. Керісінше, осы көрсетілген үш шарттың тек біреуі ғана болмай қалса, онда жұқпалы ауру,яғни эпидемиялық процесс пайда болмайды. Л.В.Громашевскийдің осы теориялық тұжырымдамасы эпидемиологияда толыққанды заңның негізін қалады. Ол заңның тұжырымы былай: «Эпидемиялық процестің пайда болуы және үзілмеуі үшін оның міндетті үш элементінің өзара әрекеті қажет: инфекция қоздырғышының көзі, берілу механизмі,осы ауруды қабылдағыш халық. Осы элементтер болмаса немесе олардың өзара әрекетін үзсе,онда эпидемиялық процесс тоқтайды». Л.В.Громашевский эпидемиялық процестің үш құрамдас бөлігін оның тұрақты (ішкі) тікелей қозғаушы күштері деп атады. Олардың маңызы толық бірдей емес.Бірінші бөлік инфекция қоздырғышының көзі-жұқпаның сақтаушысы болып есептелінеді,онда қоздырғыш өсіп-өніп, көбейеді,қоздырғышты сыртқы ортаға шығаратын да сол болып саналады. Эпидемиялық процесте ол басты роль атқарады. Екінші бөлік –қоздырғыш факторын тасымалдау (берілу механизмі) - оның қоздырғыштың таралу процесінде белсенді,шешуші маңызы бар. Үшінші бөлік – қабылдағыш халық. Оның ролі елеусіз болады. Бұл бөлік белгілі дәрежеде сұрыптаушылық роль атқарады: организмнің қабылдаушылық қабілеті болса, қоздырғыш жұғады және ауру пайда болады., ал ол жоқ болса.яғни қабылдаушылық қабілеті болмаса (мысалы иммунды организм), ауру пайда болмайды.

Пандемия дегеніміз - жұқпалы аурудың дүние- жүзіне таралуы немесе үлкен аумақта таралуы.Жалпы танымал пандемия:1.қара шешек 2.Оба 3.тырысқақ 4.сүзек 5.тұмау 6.туберкулез 7. безгек 8.алапес проказа 9.ВИЧ инфекциясы

14. Эпидемиологиялық процесстің интенсивтілігі деген ұғымды түсіндіріңіз, оған мысалдар келтіріңіз? Эпидемиология” (эпидемия және грек. logos – ілім) – жұқпалы және инвазиялық аурулардың пайда болуы мен таралу заңдылықтары, сол ауруларды жою шаралары туралы ғылым. Эпидемиология екі бөлімінен тұрады: 1) жалпы Эпидемиология – жұқпалы аурулардың заңдылықтары мен олармен күресу, жою және олардың алдын алудағы теорияның, әдістемелік және ұйымдастыру негіздері туралы білімнің жиынтығын қамтиды; 2) жеке Эпидемиология – белгілі бір жұқпалы ауруға тән ерекшеліктерді жан-жақты зерттейді. Эпидемиология микробиология, гигиена, паразитология, иммунология, жұқпалы аурулар клиникасы, т.б. жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланысты.

Эпидемиологиялық процесстің интенсивтілігі бұл белгілі бір жағдайда белгілі бір территорияда инфекциялық жағдайдың шығу жиілігі. Аурушаңдық халықтың 100 мың, 10 мың, 100 адамдар көрсеткіштерімен көрінеді. Бұл көрсеткіштер аурушаңдық деңгейін әр түрлі халықтар арасында, әр түрлі уақытта, әр түрлі территорияда қоюға мүмкіндік береді. Эпидемиялық аурушаңдық – спорадикалыққа қарама – қарсы, инфекциялық аурудың уақытша жоғарылауы. Эпидемиялық бұрқ етпе – 1-2 инкубациялық периодқа созылатын бір коллективтің көлеміндегі аурушаңдықтың қысқа уақытты көтерілуі. Эпидемия – бір жыл мезгілін қамтитын және бүкіл бір облысты қамтитын аурушаңдық деңгейінің көтерілуі. Пандемия – бірнеше жылға немесе онжылдықтарға созылатын және бүкіл бір континентті алып жататын аурушаңдық деңгейінің көтерілуі.

15.Эпидемиологиялық процесс деген ұғымға анықтама беріңіз және инфекция көзі,таралу механизмі және қабылдағыш топтарын айқындап мысал келтіріңіз. Эпидемиология-инфекциялық аурулардың пайда болуын және таралуын сонымен қатар олармен күресу жолдарын және алдын алу шараларын зерттейтін ғылым. Эпидемиологиялық процесс- аурудың ауру адамнан сау адамға берілуі.Эпидемиологиялық процесс бір-бірімен байланысты 3 негізгі бөлімнен тұрады:1)микроорганизмдерді бөлу көзі-қоршаған, ортаға микробтарды бөлуші.Ол адам немесе жануар болу мүмкін.Олардың әрқайсысы ауру.емделуші,бактериотасымалдаушы болуы мүмкін.2)берілу механизмі.3)ауруды қабылдағыш адам. Инфекция көзі- ауру қоздырушыларының тіршілік ететін ортасы,инфекцияның таралуы.Инфекция көзі адам немесе жануарлар,қоршаған орта болуы мүмкін.Инфекцияның таралу механизмі: 1.Ауа тамшылы -сілемейлі тыныс алу қабатында орналасу арқылы организмді зақымдауы.Таралу механизмі:1.түшкіру,жөтелу,сөйлеу,демалу арқылы шығарылуы.2.сыртқы ортада тамшы және шаң фазасы түрінде болуы.3.қабылдағыш организмге енуі. 2.Фекальды-оральды. Құсу және фекальдердің бөлінуі арқылы көрінеді.Қабылдағыш организмге ауыз арқылы жұғады.Сальманеллез,диарея,дизентерия,холера ауруларын жатқызуға болады.Таралу механизмі:1.қоздырғыштардын организмнен бөлінуі (түкірік,кал,құсу арқылы).2.сыртқы орта (су,тағамдар).3.қоздырғыштың қабылдағыш организмге ауыз арқылы енуі.3. Трансмиссівті- қоздырғыш қан жүйесінде және лимфада болады,спецификалық және спецификалық емес тасымалдаушылардың шағуынан туындайды.Мысалы:маса-малярияны,бүрге-чуманы,кне-энцефалитті жұқтырады.Берілу механизмі:1.қоздырушы қанда болады.2.сыртқы ортамен тасымалдаушылар арқылы байланысады.3.қоздырғыштың тері арқылы енуі. 4.Контактілі-туыстық ортақ заттар арқылы жұғады.Мысалы ортақ сүлгі арқылы сифилис жұғады.Берілу механизмі:1.Антропоноз (сифилис,спид,гонорея).2.Зооноз (сап,содока,құтырма).3.Атропоноз (столбняк). 5.Вертикальды- анадан балаға жұғатын ауру.Берілу механизмі:1.Жатыр ішіндегі аурулар.2.Плацентарлы аурулар.3.Герминтативті аурулар.Анасынан жұғатын арулар:Гепатит В,свинка,корь,цитомегалиялар,спид және т.б. 6.Гемобайланысты- қан арқылы берілетін аурулар.Спид,гепатит тағыда басқада аурулар.Қабылдағыш топтар дегенімзі инфекциялық аурудың қоздырғыштарын жұқтыратын организм.Мұндай организм адам және жануарлар болуы мүмкін.

16)Антропонозды және зоонозды инфекцияны өзара салыстырыңыз.


Дата добавления: 2016-06-05 | Просмотры: 4151 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.022 сек.)