АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Офтальмология 3 уровень

Науқас 60 жаста, зейнеткер.Шағымдары: қабықшаның пайда болуы, көзде ластану сезімі. Объективті: ОИ кірпіктердің өсуі және қабақтардың қалпы дұрыс. Қабақ коньюнктивасының беті тегіс емес, мөлдірлігі төмендеген. Көз алмасының коньюнктивасы мұрын жақтан қасаң қабыққа үшбұрыш түрінде өсіп келе жатыр, қарашық аймағына дейін жақындаған; басқа жерлерде қасаң қабық мөлдір. Алдыңға камера, нұрлы қабық өзгеріссіз, көз бұршағы мөлдір, көз түбінде патологиялық өзгерістер жоқ. Диагнозы мен емі қандай?//

Фликтена. Хирургиялық//

Фликтена. Терапевтикалық//

+Птеригиум. Хирургиялық//

Фликтена. Десенсибилизациялык//

Птеригиум. Терапевтикалық

***

Науқас 18 жаста, студент. Шағымдары: жас ағу, қабақтың қышынуы, жарықтан қорқуы. Бір күн бойы ауырған. Ауру кенеттен басталды, таңертең көзін қиындықпен ашты, көздері жабысып қалған. Объективті: қабақтың ісінуі; кірпікте және қабақ терісінде құрғап қалған бөлінді. Қабақ коньюнктивасы және өтпелі қатпарлары жедел гиперемияланған, ісінген. Көз алмасының коньюнктивасының гиперемиясы айқын емес. Перикорнеальді инъекция. Қасаң қабық флюоресцеинмен және боялады. Қалған көз бөлімдері өзгеріссіз. VisOU=07. Қандай диагноз қоясыз?Қандай қосымша зерттеулер қажет?//

Жедел коньюнктивит. Бактериологиялық себу//

Жедел кератоконьюнктивит. Бактериологиялық себу және гонореяға зерттеу//

Жедел коньюнктивит. Бактериологиялық себу және гонореяға зерттеу//

+Жедел кератоконьюнктивит. Бактериологиялық себу//

Аденовирусты кератоконьюктивит

***

Науқас 25 жаста,ас пісіруші.Шағымдары:оң жақ көзінің қызаруы,бөліндінің көбеюі,таңертеңгілік қабақтың жабысуы,жарықтан қорқу, жас ағу.Екінші күн бойы ауырады.Объективті:OD көз қуысы тарылған, қабақтың ісінуі, кірпік бөліндімен жабысып қалған. Қабақ коньюнктивасы және кіре берісі гиперемияланған, ісінген, инфильтрацияланған. Кіре беріс коньюнктива қатпарларында іріңді бөлінді бар. Алдыңғы көз кесіндісі патологиясыз OS сау VisOD 1,0 VisOS 1,0 Диагноз? Зерттеу?//

Жедел коньюнктивит. Вирусологиялық зерттеу.//

Жедел кератоконьюнктивит. Бактериологиялық себу және гонобленореяға зерртеу//

+Жедел коньюнктивит. Бактериологиялық себу және гонобленнореяға зерртеу//

Жедел кератоконьюнктивит. Вирусологиялық зерттеу//

Аталғандардың барлығы

***

Науқас 52 жаста. Оң жақ көзінің тітіркенуіне және жас ағуына шағымданды. Мұндай өзгеріс бас миы ісігіне жасалған операциядан кейін пайда болды (бір жыл бұрын). Объективті: бет жүйкесінің парезі. Көз қуысы толық емес жабылады. Төменгі қабақ шеті көз алмасына жатпайды. Диагноз?//

Қабақтың сыртқа айналуы//

Қабақтың ішке айналуы//

Трихиаз//

+Лагофтальм//

Блефароспазм

***

Науқас оң көзінің ауырсыну сезіміне, көзжас ағуына, жарықтан қорқу сезіміне шағымданып келеді. Кеше бақшада жұмыс жасап жатқанда талдың бұтағымен көзін зақымдап алады. Қараған кезде оң көздің көру өткірлігі 0,4; сол көзі - 1,0. Перикорнеалдық инъекциялану, бүйір жарықтандыру арқылы қарау кезінде мөлдір қабық ортасында мөлдірлігі жоғалып, оптикалық аймағында жылтырлығы жоғалған. Дәрігер конъюктивальді қуысқа флюоресцеин ерітіндісін тамызды, өлшемі 2,0 х 1,5 мм қасаң қабық бөлігі жасыл түске боялады. Диагноз қойыңыз. Ем тағайындаңыз//

Қасаң қабықтың өрлеуші жарасы. Кортикостероидтар мен антибиотиктерді, парабульбарлы инъекциялау//

Қасаң қабықтың ақ дағы. Кератопластика //

+Қасаң қабықтың жарақаттың эрозиясы. Антибиотик, рибофлавин, альбуцид инстилляциясы //

Герпесті кератит //

Қасаң қабықтың ақ дағы, кортикостероид инъекциясы

***

Жас жігіт дәрігер окулистке жарықтан қорқу, жас ағуына шағымданады. Көз өткірлігін тексерген кезде әр бір көз 0,7 тең. Қарағанда перикорнеальді инъекция анықталады. Қасаң қабық стромасында лимбқа таяу көптеген нуктелі инфильтраттар анықталады: инфильтрат беті бұдырланған кейбіреулеріне эписклерадан қан тамырлар келеді. Қосымша қарау кезінде гетчинсонов тістері, ертоқым тәрізді мұрын, анық шығып тұратыен маңдай төмпесі. Диагноз қойыңыз. Ем тағайындаңыз://

Птеригиум. Стероидтармен инстилляциясы, оптикалық аймақ қатысса хирургиялық ем//

Қасаң қабық туберкуласы.Стероидтармен инстилляциясы, цистеин, рибофлавин, фтизиатр кеңесі//

Фликтенулезді кератит. Стероидтармен инстилляциясы, цистеин, рибофлавин, фтизиатр кеңесі//

+Сифилитикалық кератит. Мидриатик, 1 сары сынапты жақпамай, кортикостероид, венеролог кеңесі//

герпетикалық кератит

***

23 жастағы ер адам қабылдауда болды. Ұзын бойлы, саусақтары ерекше ұзын, алыстан нашар көреді, оқу кезінде басын еңкейтеді. Сыртқы келбетіне қарап қандай ауру екенін анықтауға болады. Осы ауруға қандай мінездемеге сәйкес келеді://

Бехчет ауруы. Увеит, қасаң қабық дистрофиясы, катаракта//

+Марфан ауруы. Бұршақ эктопиясы, сүйек-бұлшықет зақымдануы//

Рейтер синдромы//

Увеит, стоматит, жыныс мүшесінің тері қабатының жаралануы//

Стилл ауруы. Увеит, қасаң қабық дистрофиясы, катаракта

***

Поликлиникалық окулистке әйел екі көзініңде көру қабілетінің төмендеуінне шағымданып келді. Анамнезінде баланың шағымында тізе буынының қабынулық ауруын басынан кешірген. Қарағанда: ОU- жеңіл жарықтан қорқу, көз алмасының инъекциясы, көз алмасын пальпациялағанда ауру сезімі жоқ, қасаң қабықтың бау тәрізді дистрофиясы, ұсақ преципитаттар, жұлдыз тәрізді формалы қосылған қарашық, көру өткірлігі ОU -0,2. Сіздің ойыңызша қандай диагноз сәйкес келеді://

Увеит, Бехчет ауруы//

Туберкулезді-аллергиялық кератоувеит//

+Увеит, Стилл ауруы//

Увеит, Рейтер ауруы//

Увеит, Стивен-Джонсон ауруы

***

Науқас 50 жаста сол жақ көзінің, сол жақ бас ауруына, көруінің бұлыңғырлануына, кемпір қосақтық шеңбер, жүрек айну, құсуға шағымданады.ауру сезімі эпигастриялық аймаққа беріледі. Бұл шағымдар қандай ауруға тән. Дәрігер тактикасы://

Ашық бұрышты глаукома. Дәрі-дірмектік амбулаторлы ем//

Жабық бұрышты глаукома. Дәрі-дірмектік амбулаторлы ем//

+Глаукомалық жедел ұстама, миотиктер, жеңілдететін тыныштандырғыш ем, жедел госпитализация//

Жедел иридоциклит, амбулаторлы ем//

Увеит, стационарда қабынуға қарсы ем

***

Науқас 35жаста. Оң көзіндегі ауру сезіміне, көру жітілігінің күрт төмендеуіне шағымданады. Тексеру кезінде: ОД -аралас инъекциялану, қасаң қабықтың артқы беткейінде преципитаттар, қарашығы тарылған, артқы шеткері синехия, нұрлы қабықтың бомбажы. Көру жітілігі ОД-0.5 түзетілмейді. КІҚ -35 мм.сын. бағ. Көру өрістігі өзгермеген. Сол көзі сау. Сіздің диагнозыңыз? Осындай жағдайда емдеу тәсілі?//

Екіншілікті факоморфиялық глаукома. Пилокарпин 1%//

+Екіншілікті увеалдық глаукома. Атропин1 %, адреналин 0,1 %//

Гипертензиямен увеит. кортикостероидтар //

Екіншілікті факолитикалық глаукома. Бетоптик С 0.5% //

Екіншілікті факотопиялық глаукома. Хирургиялық емдеу

***

Үлкен жастағы әйел науқас басқа шағымдарсыз екі күн бойы сол көзінің 0,5 дейін төмендегенін байқады, көзішілік қысымы қалыпты, көзінің алдыңғы бөлімі өзгеріссіз, қарашық диаметрі 3 мм, жарыққа реакциясы тірі. Диагноз://

Глаукомалық жедел ұстама//

Торқабықтың орталық артериясының жедел өтімсіздігі//

+Торқабықтың орталық венасының жедел өтімсіздігі//

жедел орталық хориоретинит//

макулодистрофия

***

Гипертониямен ауратын кәрі жастағы науқас кенеттен бет алдында саусақтарды санай алмайтындай оң көзіндегі көру мүмкіндігінен айрылды. Осы жағдайға дейін аз уақыттқа оң көзінің көруі нашарлағанын байқайтын, бірақ қайта қалпына келетін. Көз түбінде көру нервісі дискінің жиегі анық емес, торқабаты ісінген. Макулярлы аймақта шие дәнегі көрінеді. Артериялар жіңішке. Бұл қандай ауру: //

глаукоманың жедел ұстамасы//

+торқабаттың орталық артериясының жедел өтімсіздігі//

торқабаттың орталық венасының жедел өтімсіздігі//

жедел орталық хориоретинит//

макулодистрофия

***

Гипертониямен ауратын кәрі жастағы науқас кенеттен бет алдында саусақтарды санай алмайтындай оң көзіндегі көру мүмкіндігінен айрылды. Осы жағдайға дейін аз уақыттқа оң көзінің көруі нашарлағанын байқайтын, бірақ қайта қалпына келетін. Көз түбінде көру нервісі дискінің жиегі анық емес, торқабаты ісінген. Макулярлы аймақта шие дәнегі көрінеді. Артериялар жіңішке. Жедел көмек://

миотиктермен инстилляциялау және гепаринді енгізу.//

мидриатиктермен инстилляциялау және тамырды кеңейтетін дәрілік заттарды енгізу.//

+гепаринді енгізу және тамырды кеңейтетін дәрілік заттарды енгізу.//

мидриатиктермен инстилляциялау//

миотиктермен инстилляциялау және гепаринді енгізу

***

67 жастағы науқас әйел екі тәуліктің ішінде сол жақ көзінің көру

қабілетінің 0,2 ге дейін төмендегенін байқады, басқа шағымдары жоқ. Көзі ақ түсті, көз ішілік қысым, көру алаңы қалыпты, қарашық диаметрі 3 мм, жарыққа реакция бар. Офтальмоскопия кезінде көз түбінде көру жүйкесінің дискісі аз мөлшерде ісінген, қызғылт реңк бар. Веналарымен көз түбінің ортаңғы бөлігі бойымен жағынды түріндегі қан құйылулар анықталды. Болжамды диагноз://

глаукоманың жедел ұстамасы//

торлы қабаттың орталық артериясының жедел өтімсіздігі//

+торлы қабаттың орталық венасының жедел өтімсіздігі//

жедел орталық хориоретинит//

макулодистрофия

***

Емхананың көзді қарау кабинетіне әйел бас ауруға, оң жақ көз аймағында

ауру сезіміне, көздің ішкі бұрыш аймағында қызару мен ісінуге, көздің ашылмай қалуына шағымданып келді. Қарау кезінде: ісіну, гиперемия, жас қапшығын пальпациялау кезінде кенеттен ауру сезімі, флюктуация, көз саңылауы ісінген қабақтармен жабылған. Ісінген ісік жақын жатқан мұрын және бет аймақтарына таралған. Диагноз қойыңыз, ем тактикасы?//

жедел дакриоаденит, хирургиялық//

жедел дакриоцистит, хирургиялық//

+жедел дакриоаденит, терапиялық//

блефарит, терапиялық//

теріскен, терапиялық

***

Окулист дәрігерге аз мөлшердегі фотофобия мен жас ағуға жас жігіт

шағымданып келді. Әр көздің көру өткірлігі 0,7. Бүйір жарықпен қараған кезде аз мөлшерде перикорнеальді инъекция байқалады. Лимбта қасаң қабық стромасында көптеген нүктелі инфильтраттар анықталады, олардың үстіндегі беткей бұдырлы, кейбір инфильтраттарға эписклерадан қан тамырлар келіп түседі. Қосымша тексеру кезінде анықталды: гетчинсон тістері, ершік тәрізді мұрын. Диагноз қойыңыз://

птеригиум//

фликтенулезді кератит//

+мерездік кератит//

бехчет ауруы//

қасаң қабықтың ойық жарасы

***

Окулист кабинетіне науқас көзде бөгде дене болу сезіміне, жеңіл

дәрежеде жарықтан қорқу, жас ағу, оң жақ көздің қызаруына шағымданып келді. Бір апта бұрын науқас суық тиіп ауырған. Қарау кезінде: оң жақ көздің көру өткірлігі – 0,6, сол жақ - 1,0. Аз мөлшерде перикорнеальді инъекция. Қарау кезінде қасаң қабықта эпителийде ұсақ көпіршіктер және «ағаш бұтағын» еске түсіретін өзара жабысқан сұр түсті инфильтраттар тобы анықталды. Диагнозды табыңыз. Ұсынылатын ем шара://

терең герпестік кератит, глюкокортикоидты ем//

+беткей герпестік кератит, вирусқа қарсы ем//

шеткі кератит, антибактериалды терапия//

туберкулезді кератит, туберкулезге қарсы ем//

диск тәрізді кератит, кортикостероидтар

***

Емханаға окулистке 50 жастағы ер адам сол жақ көздің көру алаңында

төмен-ішкі жақтан көтерілетін күңгірт перденің пайда болуына шағымданып келді. Қараю алдында осы көзде отты ұшқындары пайда болаған. Науқас жақыннан көргіштіктен зардап шегеді, -5,0 D (екі көз де) көзілдірік тағады. Объективті: оң жақ көздің көру өткірлігі коррекциямен – 0,8, сол көздікі – 0,07. Офтальмоскопиялық: көз түбінің жоғарғы-сыртқы квадрантында шыны тәрізді денеге шығып тұратын ірі қатпарлармен сұр-көкшіл көпіршіктер көрінеді. Диагноз қойыңыз, ұсынылатын ем://

ретинобластома, энуклеация, химиотерапия//

хориоидея меланомасы, энуклеация//

+торлы қабаттың ажырауы, хирургиялық ем//

көру жүйкесінің невриті, антибактериальді терапия//

гемофтальм, ісінуді басатын терапия

***

28 жастағы науқас оң жак көздің көру қабілетінің кенет төмендеуіне, көз алмасын қозғалтқан кездегі аз мөлшерде ауру сезіміне шағымданып келді. Шағымдар кешке таман пайда болған. Жақын уақытта тұмаумен ауырған, үйде емделген. Объективті: Vis OD=0,08 н /к, T=20 мм с.б., OS=1,0, T=20 мм с.б. Оң жақ көз сыртқы өзгеріссіз, үстінен басқанда орбита тереңдігінде аз мөлшердегі ауырсыну байқалады. Оптикалық орталар мөлдір, көз түбі: КТН- ақшыл-қызғылт, шекаралары анық, экскавация физиологиялық, тамырлардың жолы мен калибрі өзгермеген, макулярлы аймақ және торлы қабаттың перифериясы патологиясыз. Көру алаңында – орталық скотома. Сол көз қалыпты. Диагноз://

орбита флегмонасы//

үшкіл нервтің невралгиясы//

неврит//

иридоциклит//

+ретробульбарлы неврит

***

Науқас 45 жаста, оң жақ көзінен ұзақ уақыт жас ағуға шағымданып келді. Бұл белгілер пайда болғанына екі жыл болды. Әсіресе далада жүргенде байқалады. Объективті: Vis OD=1,0, T=21 мм с.б., OS=1,0, T=21 мм с.б. Оң жақта қабақ және жас нүктесі дұрыс. Жас-мұрындық сынамасы теріс. Жас ағу жолдарымен сұйықтық жібергенде мұрын аймағына өтпейді, жоғарғы жас ағу тесігі арқылы кері қайтады. Оптикалық орталар мөлдір. Көз түбі патологиясыз. Сол көзі сау. Жас-мұрын сынамасы оң. Сұйықтық жіберген кезде ол мұрын қуысына ағады. Сіздің диагнозыңыз://

созылмалы конъюнктивит//

+созылмалы дакриоцистит//

теріскен//

жас қапшығының флегмонасы//

төменгі қабақтың шығып кетуі

***

55 жастағы эметропқа оқу үшін қандай көзілдірік тағайындау қажет?//

1,0 дптр//

1,5 дптр//

2,0 дптр//

2,5 дптр//

+3 дптр

***

65 жастағы науқас 1,0 дптр миопқа қандай көзілдірік тағайындау қажет?//

1,0 дптр//

1,5 дптр//

2,0 дптр//

+2,5 дптр//

3 дптр

***

Науқас жарақаттан кейін сіңбіру, түшкіру кезінде экзофтальм

белгілері пайда болуына шағымданады. Пальпаторлы (қабақты басқан кезде) эластикалық кернеулік және нәзік крепитация сезіледі. Сіздің диагнозыңыз?//

тенонит//

соққылаушы экзофтальм//

+көз ұясының эмфиземасы//

көз ұясы венасының тромбофлебиті//

көз ұясы флегмонасы

***

Науқаста бір көздің меридианында эмметропиямен, екінші көзде

рефракция ақауымен сипатталатын қосарланған астигматизм. Ол келесідей аталады//

+қарапайым//

ауыр//

аралас//

дұрыс//

дұрыс емес

***

Науқаста көз күйігінен кейін конъюнктиваның терең некрозы,

«фарфорлы қасаң қабықтың» болуы. Бұл көрініс күйіктің қай дәрежесіне сәйкес келеді://

I дәреже//

II дәреже//

III дәреже//

+IV дәреже//

V дәреже

***

 


 


Дата добавления: 2016-06-05 | Просмотры: 727 | Нарушение авторских прав



1 | 2 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.018 сек.)