АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Сілекей-тас дерті (Сиалолитиазис) 10 страница

1. Күйіктік шок. 2. Жедел күйіктік токсемия. 3. Күйіктік септикотоксемия. 4. Реконвалесенция.

Күйіктік шок. Этиологиясы мен патологиясы. Термиялық жарақат әсеріне болатын организмнің біріншілік реакциясы күйік шоғы деп аталады. Ол дене беткейінің 15% алатын кең және терең күйіктерде пайда болады. Күйік шогы күйіктен кейін немесе бірнеше уақыттан соң шеткі қан тамырларының жиырылуы нәтижесінде 4—6 сағат ішінде дамиды. Сондықтан оның клиникалық белгілері болмайды. Клиникалық көрінісі қосымша жа-рақаттанғанда, әсіресе тасымалдағанда болуы мүмкін. Патофизиологиялық және биохимиялық тексерулер күйік шоғының патогенезінің күрделілігін көрсетеді. Оның механизмі толық ашылмаған. Диагнозды негізгі зерттеулерге, патофизиологиялық және биохимиялық мәліметтеріне сүйеніп қояды. Күйіктің ауырлығы оның көлемі мен аумағына байланысты және тыныс алу жолдарының жағдайына назар аудару керек. Бұл аймақтың күйігі ауырлығы бойынша дене бетінің 10% терең күйігіне тең болады. Күйік шо-гының клиникалық көрінісі 20% және 15% терең күйікте байқалады. Мұндай науқастарда ОНЖ-нің бұзылуына байланысты қозу байқалып, тәбеті бұзылады. Науқастар төсекте дөңбекшиді, айқайлайды, 1—2 сағаттан соң ауыру сезімі басылып қозу тежелуге ауысып апатияға әкеледі. Кейде жарақаттан кейін селқостық байқалады, тоңып дірілдейді. Дене температурасы қалыпты немесе төмендеген. Терісі суық, ылғалды, көгерген, науқастар шөлдейді, бірақ су ішсе жүрегі айнып құсады. Тыныс алуы біркелкі емес. Пульс минутына 110—120-ға дейін жиілейді. Ар-териялық қысым көтеріліп немесе түсуі мүмкін. Гемодинамиканың маңызды көрсеткіші қан айналымындағы қан көлемі (ҚАҚК) болып табылады. Ол қалыпты жағдайда еркектерде 75 мл/кг, ал әйелдерде 65 мл/кг.

Күйік шоғын емдеу. 1. Афферентті импульсациямен күрес жүргізу (психоэмоционалдық тыныштықты қамтамасыз ету, нейролептиктер енгізу, аналгетикалық наркоз).

2. Оксигенотерапия.

3. Айналымдағы қан көлемін қалыпта сақтау.

4. Су-тұз алмасуы бұзылуының және бүйректің зәр бөліп шығару қызметінің бұзылуын емдеу және алдын алу.

5. Метаболикалық ацидозбен күрес жүргізу.

6. Энергиялық алмасуды реттеу.

7. Фармокологиялық заттарды қолдану — ауыру сезімін басып, жүрек, ОНЖ қызметін реттейтін заттар, спазмолитиктер, витаминдер, гормондар, антибиотиктер.

Бас, бет және мойын күйіктерінің ерекшеліктері. Жалпы дене аумағының 3,1 2%-ін беттің беткейі қүрайды. Беттің жақсы иннервациясы мен васкуляризациясы, аурудың психикалық жағдайының нашарлығы, беттің үсқынсыздануы, II—IV дәрежедегі беттің оқшауланған күйігінде науқастың жағдайын нашарлатады. Бет әлпеті тегіс емес, терісі жұқа және әртүрлі аймақтарда қалыңдығы бірдей емес. Сондықтан бетте бір-біріне жақын аймақтардың өзінде күйіктің тереңдігі әртүрлі болуы мүмкін: беткей күйіктен терең күйікке дейін. Терең күйіктер беттің шығыңқы аймақтарында қас үстіндегі доғада, құлақта, мұрында, бетсүйек аймағында, ерінде, иекте кездеседі. Құлақ қалқаны терең күйсе шеміршек мүлдем зақымданады, сөйтіп хондрит дамып ісінеді, қатты ауырады. Іріңдеген аймақта жалқықтың жиналуынан флюктуация пайда болады. Шеміршектің жансызданған аймақтары түскендіктен құлақ қалқанының ақаулары мен деформациясы пайда болады. Құлақ қалқанының түгелдей зақымдануында сипағанда қатты ауырмайды, ақ немесе қара түсті келеді. Мұрынның анатомиясы күрделі, қырының терісі жұқа. Оның астында теріасты май клетчаткасы болмайды, тек аздаған борпылдақ дәнекер тін қабаты болады. Мұрын қанатшалары аймағында жұқа шеміршектер орналасқан. Күйік кезінде мұрын ұшы және мұрын қанатшалары, кейде үшбұрышты және қанатша шеміршектер зақымданады. Ол хондриттің дамуына әкеліп одан әрі некрозға ұшыратады. Мұрын тіндерінің ақауын тудырып, деформацияға әкеледі. Бет сүйегі аұмағының тіндері мен ұрт күйген кезде құлақ маңындағы фасция зақымданып, құлақмаңы сілекей бездері ашылып қалуы мүмкін.

Бұл аймақтар тіндерінің тыртықтануы төменгі қабақтың айналып, ауыз бұрышының сыртқа қисаюына әкеледі. Бет сүйектері некрозға ұшырауы мүмкін.

Ерін — беттің қозғалмалы бөлігі. Олар тамақ қабылдауда үлкен рөл атқарады. Еріннің қызыл жиегінде тер және кілегейлі бездер түкті талшықтар болмайды. Жабынды эпителий жұқа және мөлдір.

Ерін күйген кезде қызыл жиегі өліп жансызданады және қалпына келмейді. Түзілген қабықтар жарақаттанады, қан кетеді. Ерін жарылып, тамақ қабылдаған кезде ауырады. Ісіну салдарынан айналып, „балық ауыз" түзіледі. Еріннің күюінен микростома пайда болады. Төменгі ерінмен бірге иек те зақымданады. Ер адамдарда күйік жарақаты беттегі түктерге байланысты әр түрлі тыртықтың пайда болуына әкеледі. Маңдайдың терең күйігінде маңдай сүйегі зақымданып өлеттенеді, фронтит дамиды. Одан әрі ми қабатына қабыну процесі таралуы мүмкін. Қабақ аз зақымданады, себебі термиялық әсер еткен кезде бұлшықет рефлекторлы жиырылады, қабақпен бірге көздің склерасы мен мүйізді қабығы зақымданады. Көз аймағының ісінуі 5—6 күндерге қарай басылады. Кірпіктері өлеттеніп іріңді қабықпен жабылады. Кератит дамуы мүмкін. Қабақтың тыртықтануы шеміршекті пластинканың деформациясымен жалғасады. Қабақ күйген кезде көз тіндері жарақаттанса науқасты емдеуге окулист қатысуы керек. Мойын күйігі беттің төменгі бөлігімен, көкірек клетчаткасымен бірге жүреді. Мойынның алдыңғы беті жиі, бүйір беті сирек күйеді. Ал артқы беті мен оның айнала күюі сирек кездеседі. Тереңдігі әртүрлі болып терең тыртықтардың дамуымен жалғасып деформацияға ұшырайды (49-сурет).

49-сурет. Термиялық күйіктен кейін дамыған келлоидты тыртықтар және деформациялар.

 

Бұл мойынның теріасты бүлшықеттерінің жарақаттануына байланысты. Күйіктің ауырлығын жүздік (100) ереже арқылы анықтайды. Науқастың жасына күйіктің жалпы аймағын қосады, егер барлығы 101-ге тең немесе көп болса болжам нашар, 81 — 100 күмәнді, 61—80 салыстырмалы жақсы, 60 жақсы болады. Бұл ереже тек ересектерде қолданылады.

ЭЛЕКТРКҮЙІКТЕР

Электркүйіктер электр тогы тіндермен жанасқан жерінде пайда болады. Мұнда электр энергиясы жылуға айналып 3000— 4000 С° дейін жылу түзеді де әртүрлі мүшелердің бірінші кезекте жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйелерінің қызметін бұзады. Электр тогы қысқа уақыт қана әсер еткеннің өзінде тыныс алу, тоқтап, жүрек бұлшықеттерінің фибрилляциясы жүреді. I—II дәрежеде есін жоғалтуы немесе жоғалтпауы мүмкін, III дәрежеде жүрек бүлшықеті қызметі бұзылып естен тану, ал IV дәрежеде клиникалық өлімге әкеледі.

Электр тогімен жарақаттанғанда күйік пайда болса, жарақаттың ауырлық дәрежесі анық болмайды, өйткені көмірге айналған тін изолятор болады.

Атмосфералық электр (найзағай) тоғының күші мен кернеуі өте үлкен әрі өте ауыр зақымдануға әкеледі.

Беттің электркүйігі күйік жарақаттарының 1,3% құрайды. Олар кәдімгі термиялық күйіктен өзгеше және терімен жанасу алаңына байланысты нүктелі (нысана және „ток белгісі" түрінде) немесе үлкен көлемді болады. „Ток белгісі" құрғақ, жылтыр, терінің ауырмайтын аймағы ақшыл сары немесе сұрғылт түсті. Олар терінің сау бөлігінен анық көтеріліп тұрады. Кейін тығыз қабыршаққа айналады. Найзағай түскенде „ток белгісі" қызыл жолақты бұтақ пішіндес болады. Электркүйтіктер терең болады, сондықтан теріасты май клетчаткасы ғана емес, бұлшықеттер мен бет сүйек қаңқасының бөліктері де күйеді (5 1-сурет). Бұлардың ерекшеліктері, тері жарақаты локальды, ал бұған жататын тіндерде көлемі жағынан кеңірек таралған болуы мүмкін. Бұл әртурлі тіндердің электр өткізгіштігінің бірдей еместігіне және қан айналымының бұзуларына байланысты. Жарақатты процесс, термиялық күйіктердегі сияқты дамиды, бірақ мұнда тіндердің бұзылуынан анық интоксикация белгілері болады. Егер іріңді инфекция қосылса терең іріндіктер (абсцесс, флегмона) дамуы мүмкін. Электр жарақат алғаннан кейін 2—4 аптадан соң ірі тамырлардан эрозивті қан кетуі мүмкін. Жанасқан электр тогының әсерімен түзілген беттің күйік беткейі ауырмайды, кейде аздап ауырады. Күйік маңында тіндердің ісінуі мен терінің гиперемиясы болмайды. Жарақат іріңді микрофлораға тұрақты. Трофикалық бұзылулар айқын. Тіндердің регенерациясы баяу.

Біріншілік көмек науқасқа электр тогының әсерін тоқтатуға бағытталады. Өздігінен тыныс алу мен жүрек жиырылуы болмаса, жүрек-өкпе реанимациясьш, жүрекке жабық массаж, қолдан тыныс алдыру (ауыздан ауызға немесе ауыздан мүрынға) керек.

Науқасты стационарға жатқызылған күйінде жеткізіп, электр-жарақаттың дәрежесіне қарамай, реанимациялық бөлімге жіберу қажет.

Химиялық күйіктер

Химиялық күйіктер тұрмыста немесе өндірісте теріге қышқылдардың (азот, күкірт, түз, фторсутегілік), сілтілер (натрий, калий, өшпеген известь), ауыр металл түздарының (көмір нитраты, цинк хлориді) түсуінен пайда болады. Күйіктің тереңдігі химиялық заттардың концентрациясына, температурасына, терімен жанасу ұзақтығына байланысты. Химиялық күйіктер химиялық агенттің сипатына байланысты термиялық күйіктен ерекшеленеді. Қышқылдар ұйытады, ал сілтілер — сұйылтады. Қышқылдар мен сілтілер сау тіндердің трофикасы мен микроциркуляциясын бұзады. Сондықтан химиялық күйіктер кезінде жарақаттардың жазылуы баяу жүреді. Қышқылдармен, сілтілермен, ауыр металдармен күйгенде тіндер коагуляциялық (қүрғақ) тип бойынша некрозданады. Олар белоктардың ыдырап, тіндердің құрғап, коагуляцияланған аймақтардың түзілуіне әкеледі. Күкірт қышқылымен күйгенде зақымданған тері сұрланып немесе қарайып кетеді, тұздармен күйсе — сары, фтор сутегімен күйсе — лас-сары немесе ақ болады. Сілтілермен күйгенде колликвациялық (ылғалды) некроз дамиды. Сілтілер белоктарды, сілтілі протеин түзіп, майларды ерітеді. Теріге түскенде бірінші эпидермисті бүзады. Ол жерде ашық-қызыл эрозия пайда болады. Некрозға үшыраған тіндер, бірнеше күндер бойы сілтіні сақтайды да жақсы сіңетін улы альбулинаттар түзеді. Сілтілер баяу, ұзақ әсер етіп тіндерге терең сіңеді. Сондықтан басқаларға қарағанда сілтімен күю тереңдігі кеш анықталады.

Көмек көрсеткенде мүмкіндігінше теріні химиялық заттан тез тазарту керек. Концентрациясын азайтып, тіннің зақымданған аймағын суытады. Бәрінен де жеңіл, қарапайым түрі зақымданған аймақты ағынды сумен 20—30 минут бойы жуу. Өшпеген известь, күкірт қышқылы суға тигенде жылу бөліп химиялық реакцияға түседі. Сондықтан қосымша тіндердің химиялық зақым-дануына әкелуі мүмкін. Диэтиламин гидриді мен және триэтиламинмен күйген кезде сумен шаюға болмайды, себебі олар қосылғанда жалын береді.

Біріншілік көмек көрсеткен кезде күйіктің бетін бейтараптайтын ерітінділермен жуып шаяды (гидрокарбонат натрийдің әлсіз ерітіндісі, 0,01% тұз қышқыл ерітіндісі, 1—2% сірке қышқылы ерітіндісі).

Химиялық заттар неғүрлым ерте алынса, тіндер соғұрлым аз зақымданады. Бүдан басқа көмек көрсететін және зақымданған адамдардың өзі химиялық заттардың табиғатын біле бермейді, сондықтан бейтараптайтын ерітінділерді емдеу мекемелерінен тыс қолдануды білмейді. Стационарда химиялық агенттің табиғатын анықтап, оны бейтараптау қажет. Бул тері қалыңдығына және теріасты май клетчаткасына қышқылдар мен сілтілердің енуіне байланысты. Қышқылды бейтараптау үшін 2—5% натрий гидрокарбонатының ерітіндісі, сілтілерді бейтараптау үшін қышқылдар ерітіндісі (1 — 2% сірке, лимон қышқылдары және т. б.) қолданылады.

Егер зақымданған адам кеш жеткізілсе, күйіктің бетіне (паста) қойырытпақ жағып қояды. Улану белгілері білінсе дезинтоксикациялау емі жүргізіледі. Тиісті антидоттарды белгілейді.

Химиялық күйіктерді жергілікті емдеудің термиялық күйікті емдеуден айырмашылығы жоқ.

ҮСІК

Үсік төменгі температураның әсерінен дамиды. Бетте, әсіресе мұрын, құлақ, бет сүйегі аймағының тіндері үсікке жиі шалдығады. Төменгі температураның әсерінен тері аз зақымданса да шеміршек зиян шегеді. Перихондриттер дамуы мүмкін, олар ұзаққа созылып, құлақ қалқаны мен мұрын ақауланады. Бет қаңқасының сүйек-тері үсікке өте сирек шалдығады. Ерін мен тілдің (балаларда) металды заттарға жанасуынан үсуі кездеседі. Төменгі температура әсерінен зақым тіндерге тереңдеп таралады. Бет тіндерінің үсуі госпитализациялау көрсеткіші болып табылады.

Үсік кезіндегі патологиялық өзгерістердің дамуының екі кезеңін ажыратады: а) тіндік гипотермия; б) тіндердің жылынуынан кейін басталатын реактивті кезеңі. Дәл осы екінші кезең бүзылуларының клиникалық көріністерін анықтайды. Бул алдында спазммен, кейін қан тамырлардың тромбозымен көрінеді.

Алғашқы кезеңде науқастар шаншып, ысыған, бет аймағында ауыру сезімін байқайды. Кейін мүлде жансызданғанын сезеді. Науқастар үсікке шалдыққанын байқамай қалады. Бүл кезеңде терінің бозарғаны, зақымданған аймақта температураның төмендегені, ауыру сезімінің жоғалғаны анықталады. Үсікке шалдыққан тіндерді жылытқан соң анық ауыру сезімі пайда болады.

Зақымдану тереңдігіне байланысты үсіктің 4 дәрежесін анықтайды:

I — Тіндер өлмейді. Науқастар қышынып, анық ауыратынына, ысыған, жансызданған сезімге шағымданады (парестезия). Тері қызарған, көкшілденген таңбалар бар. Тіндердің айқын ісінгені көрінеді. Ауыру сезімі төмендеген. Аталған өзгерістер 3—7 күннен кейін басылып, эпидермистің түлеуі байқалады.

II — Эпидермис өледі, шағымдар I дәрежедегідей, бірақ ауру сезімі күшейеді, әсіресе түнде 2—3 күндей ауыру сезімі сақталады. Өлген эпидермис сыдырылып бір немесе бірнеше күлдіреуіктер түзіледі. Олар сары немесе геморрагиялық сүйықтықпен толған. Егер күлдіреуіктің қабығын сыдырса ауыратын ашық-қызыл дерма көрінеді. II дәрежелі үсікте жаралар 10— 15 күннен кейін эпителиймен жабылып жазылады.

III — Терінің барлық қабаты және жүмсақ тіндері өледі. Науқастар қатты және ұзақ ауыру сезіміне, парестезияға шағымданады. Іштері геморрагиялық сұйықтықпен толған күлдіреуік астындағы дерма қоңыр түсті болып келеді. Күлдіреуіктің орнына 6—7 күннен кейін қара түсті өлеттенген қабық пайда болады. Қабық 3-*4 аптаның соңына таман сыпырылып түсіп, гранулденеді. Жиектік эпителизацияның біртіндеп жүруімен тыртық түзіліп барып жазылады.

IV — Жүмсақ тіндер өліп, сүйек жалаңаштанады. Кейде зақымданады. Шағымы III дәрежедегідей. Ісіну өлген тіндерден асып, таралып айқын көрінеді. Қабық түзіліп, біртіндеп түседі. Улану белгілері байқалып, науқастың жалпы жағдайы ауырлайды. Үсіктің III және IV дәрежелерінде 5—7 күннен кейін өлетті шекрасы көріне бастағаны анықталады.

Үсіктің IV дәрежесінде бет, мүрын, құлақ, ұрт, бет доғасының жұмсақ тіндері жойылуы мүмкін.

Бетке пластикалық (қалпына келтіру) операциялар жасалған адамдар, әсіресе Филатов сабақшасын қолданғанда, суықтан сақтануы қажет. Филатов сабақшасы тіндердің суыққа сезімталдығы әрқашанда жоғары болады. Олар ауа температурасы — 5 С° 2—3 сағат аралығында үсікке шалдығуы мүмкін.

Дұрыс және уақытында көрсетілген көмек үсік кезіндегі өзгерістердің жайылуын тежеуі мүмкін. Бұл тіндерге қан келуді қалпына келтіру жылдамдығьша байланысты. Терінің зақымданған аймағы қызарып, жылынғанша қолмен жеңіл, жылы массаж жасау тиімді. Кейін теріні спиртпен немесе йодтың әлсіз тұнбасымен сүртіп, вазелин немесе басқа жылытатын таңғыш салған жөн. Үсіген жерді қармен уқалауға болмайды, себебі одан әрі салқындап, зақымдану ағымын үлғайтады. Бұдан басқа қардың кристалдары теріні жырып тіндердің инфекциямен зақымдануына жағдай жасайды. I дәрежеде біріншілік көмек көрсетілгеннен кейін арнайы емді қажет етпейді.

II дәрежелі үсікте көпіршіктердің бүтіндігін сақтауға тырысу қажет, өйткені оның астында жарақаттың эпителизациясы жүреді. Егер көпіршік ішіндегі сүйықтық іріңдесе, көпіршік алынады. Бет тіндерін құрамында антибиотик немесе антисептик бар май, эмульсиямен жабады.

III дәрежелі күйіктерде жарақаттың бетіне 5% йод түнбасын жағады және қабықты алады. Жараның іріңдеуін болдырмау үшін жиі антисептик ерітінділерімен жуады. Қабық алынып, гранулденген соң ылғалды-қүрғататын таңғыш салады, яғни жабық әдіспен жазылғанға дейін. Таңғышты сулау үшін антисептик ерітінділері қолданылады. Осы кезге дейін үсікті емдеу ашық әдіспен жүргізіледі. Үсік салдарынан ақауланған бет тіндері мен мүшелерді реконструктивті операциялар көмегімен қалпына келтіру қажет. Үсікке шалдыққан науқастарға сіреспеге қарсы сарысу енгізген жөн. Үсікке шалдыққан тіндердің төменгі температура әсеріне сезімталдығы жоғары келеді. Суық аз әсер еткен күнде де қайтадан үсуі мүмкін.

Бет пен ауыз қуысы тіндерінің аралас радиациялық жарақаттары

Екі немесе одан көп зақымдаушы факторлар әсерінен болатын жарақат — аралас жарақаттар деп аталады. Аралас радиациялық жарақаттар бет-жақ аймағының оқпен немесе оқсыз жарақаттануы. Сәуле ауруын тудыратын радиоактивті заттармен зақымданғанда көрінеді. Сәуле ауруы 8, а — бөлшектерімен және ренттен сәулесімен сәулену салдарынан дамуы мүмкін немесе а және /3 — бөлшектерінің организмге жарақат, тыныс алу, ас қорыту жолдары арқылы енген кезде дамиды /3, а — бөлшектері және жүмсақ рентген сәулелері радиоактивті күйіктер шақырады.

Жедел ағымды сәуле ауруы патогенезінде бөлінген клеткалар мен лимфйциттердің өлуі маңызды рөл атқарады. Сәуле ауруының пайда болуы ионданушы радиацияның сіңген мөлшеріне байланысты. Бүл ауру кезінде организмнің иммунобиологиялық қасиеті жойылады, ол тіндердің репаративті мүмкіндігін төмендетеді: сынықтар баяу бітіседі, жумсақ тіндер жарақатының жазылуы баяу және үзақ өтеді. Сәуле ауруы жарақаттың жазылуын асқындырады, ал механикалық жарақат ауруы ағымын ауырлатады.

Радиацияның сіңген мөлшеріне байланысты, сәуле ауруының бірнеше дәрежесін ажыратады.

Адамда сәуле ауруының жеңіл дәрежесі радиацияның сіңген 1—2 Гр, мөлшерінде дамиды, орта ағымы — 2—4 Гр, ауыр 4—6Гр, өте ауыр 6 Гр жоғары. Егер 10 Гр мөлшерінен жоғары болса өлімге әкеледі. Сәуле аурының ағымы — қосалқы аурулардың санына байланысты. Сәуле ауруын 4 кезеңге бөледі:

I — біріншілік реакциялар. Сәулемен зақымданғаннан 24 сағаттан соң дамып бірнеше сағаттан бірнеше күнге созылуы мүмкін (көбіне 2 күнге). Науқас әлсіздікке, бастың айналып ауыратынына, ауыздың қүрғақтығына, дәмді сезбеуіне, шөлдейтініне шағымданады. Тері қабатының гиперемиясы, дене қызуының артуы, ентігу, тахикардия, артериялық қысымның түсіп кетуі анықталады. Кейде қозу, ұйқышылдық, әлсіздік болады. Менингиалды белгілер көрінуі мүмкін: бүлшықет тонусы артуы, іштің түйіліп ауыруы, кебуі, динамикалық іштің жүрмей қалу белгілері көрінеді. Қанда уақытша лейкоцитоз, анықталады, ЭТЖ артқан. Сәуле ауруының жеңіл дәрежесінде клиникалық біріншілік реак-циялар көрінбейді. Жоғары сіңірілген мөлшерде науқастар кома жағдайында болады. Бул кезеңде жарақатқа біріншілік хирургиялық емдеу жүргізуге болмайды. Ол жарақатқа қосымша зиян әкеледі. Хирургиялық көмек өмірлік көрсеткіштер бойынша ғана қолданылады.

II — жасырын (латентті) ұзақтығы 12—14 күндей. Бұл уақытша клиникалық жеңілдікпен сипатталады. Жоғарыда аталған белгілер жоғалып, қан көрсеткіштері қалыпқа келеді. Бет тіндерінің аралас радиациялық жарақаттануы кезінде 1 -ші хирургиялық өңдеуді мерзімнен кейін жүргізеді. Ол бір мезгілдік, радикалды және ақырғы ем болуы тиіс, міндетті түрде тұйық тігістер салумен аяқталады. Осы талаптарды мүлтіксіз орындағанда ғана сәуле ауруының шыңына дейін жарақаттың жазылуына жағдай жасалады. Тіндердің механикалық жарақаттануында новокаинмен блокада жасалу көрсетілген. Антибиотиктерді міндетті түрде қолданады. Кеш біріншілік хирургиялық өңдеу (48 сағаттан соң) жарақаттың іріңдеуін жоймаса де инфекциялық асқынудың ауырлығы мен ағымын азайтуға жағдай жасайды. Біріншілік хирургиялық өңдеу жүргізгенде тіндерді аз, үнемдеп кесу керек. Мүқият түрде бөгде денелерді алып тастайды, әйтпесе олар ойық жаралар тудыруы мүмкін. Зақымданған тамырларды тігеді. Сәуле ауруы шыңына жеткенде аққан қанды тоқтату өте қиын, кейде геморрагиялық синдромдар көрінуі мүмкін. Сынық түсындағы тістер міндетті түрде жұлынады, ал сынықтардың өткір шетін тегістейді.

Сүйек жарақатын өңдеген кезде барлық сүйек жарқыншақтары мен сынық түсындағы тістер жұлынады. Сүйек сынықтары хирургиялық остеосинтез әдістерімен орнына келтіріліп бекітіледі, яғни сынық мықтап тігіледі (сүйек тігісі сыммен, бізбен т. б.). Сүйектік қысқышты бар аппараттар сынықтарға жоғары аталған иммобилизациялау әдістерін қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда пайдаланылады. Тістік шиналарды қолдануға болмайды, себебі олар қызыл иектің шырышты қабығын жарақаттайды. Жақ сынықтарын мықтап бекіткеннен кейін, сүйек жарақатын ауыз қуысынан мұқият оқшаулайды да кілегей қабықты тігеді. Кейін жақ маңындағы жүмсақ тіндер мықтап сыртынан тігіледі. Ақауды жабу үшін жергілікті тіндермен пластика әдісін қолдануға болады.


Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 548 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.008 сек.)