Гинекология бойынша тестілер.
351. Эмбриогенез үрдісі кезінде парамезонефрикалық (Мюллерлық) өзектерден дамиды:
Жатыр түтігі;
Жатыр;
Қынаптың жоғары үштен бірі;
*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс;
Жоғарыдағы көрсетілгендердің оқасы жоқ.
352. Гонадтардың дамуының бейтараптық (индифферентік) сатысы аяқталады:
Гестацияның 1-ші аптасында;
Гестацияның 14-ші аптасында;
Гестацияның 30-шы аптасында;
*Гестацияның 7-ші аптасында;
Ерте неоналды кезеңде.
353. Ұрықтың әйел түрі бойынша жіктелуі кезінде, біріншілік бүйректің өзектері айналады:
Жатыр түтіктеріне;
Аналық бездердің арқауына;
Жатыр денесіне;
Жатырдың жұмыр байламдарына;
*Регрессияға түседі және қалдықты құрылым түрінде сақталады.
354. Урогениталды синустан дамиды:
Қынаптың төменгі 2/3;
Қыздық перде;
Қынап кіреберісі;
*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы дұрыс;
Жоғарыдағы көрсетілгендердің оқасы жоқ.
355. Жатыр денесінен және жатыр түтіктерінен лимфа ағысы (жүруі) тарайды:
*Бел және сегізкөз лимфа түйіндеріне;
Қолқа маңындағы лимфа түйіндеріне;
Жалпы мықын лимфа түйіндеріне;
Шат лимфа түйіндеріне;
Ішкі мықын лимфа түйіндеріне.
356. Жатырдың және қынаптың иннервациясын жүзеге асырады:
Құрсақасты және пудендалды жүйкелері;
*Жамбас және құрсақасты жүйкелері;
Жамбас жүйкелері;
Пудендалды және жапқыш жүйкелері;
Жапқыш жүйкелері.
357. Аналық бездерді қанмен қамтамасыз етуді жүзеге асырады:
Жатыр артериясы;
Аналық бездің артериясы;
Мықын –бел артериясы;
Ішкі жыныс және аналық бездің артериялары;
*Жатыр және аналық бездің артериялары.
358. Жатыр артериясы тармағы болып есептеледі:
Қолқаның;
Жалпы мықын артериясының;
Сыртқы мықын артериясының;
*Ішкі мықын артериясының;
Мықын –бел артериясының.
359. Жатырдың кең байламына кіреді:
Жатыр түтіктері;
Түбегейлі (ең басты) байламдар;
Жатыр тамырлары;
*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы;
Жоғарыдағы көрсетілгендердің оқасы жоқ.
360. Аналық бездердің топографоанатомиялық ерекшеліктері:
Іш пердемен жабылған.
Жамбас қабырғаларымен өзіндік байламдармен қосылған;
Парамезонефрикалық өзектің туындысы болып есептеледі;
Барлық жауаптары дұрыс;
* Барлық жауаптары дұрыс емес.
361. Қалыпты етеккірлік циклдің ұзақтығы:
28-29 күндей;
28-40 күндей;
3-7 күндей;
*21-35 күндей;
14-28 күндей.
362. Қалыпты етеккірдің ұзақтығы:
1-3 күн;
3-5 күндей;
*3-7 күндей;
4 күн;
1-8 күндей.
363. Қалыпты етеккір кезінде орташа қан жоғалту құрайды:
200-250 мл;
100-150 мл;
30-40 мл;
50-70 мл;
*40-60 мл.
364. Эндометрияның функциялық қабатының десквамациясы мыналардың салдарынан жүреді:
Лютеотропин «шыңының» лақтырысының;
*Қандағы прогестерон және эстрогендер деңгейлерінің төмендеуінің;
Қандағы пролактин деңгейінің төмендеуінің;
Қандағы эстрадиол деңгейінің төмендеуінің;
Фоллитропин «шыңының» лақтырысының.
365. Етеккірлік циклдің негізгі екіфазалық критериясы болып есептеледі:
Етеккірдің дұрыс ырғағы;
Бірінші етеккірдің басталу уақыты;
Жыныстық жетілу кезеңінде етеккірлік функцияның қалыптасуының ерекшелігі;
*Овуляция;
Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.
366. Етеккірлік циклдің екіфазалық болуы туралы функциялық диагностиканың тестілердің ішінде қайсысы дәлел бола алады:
«Қарашық» симптомы немесе феномені;
Кариопикнотикалық индекс;
*Базалды термометрия;
«Қырық құлақ» симптомы немесе феномені;
Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.
367. Базалды температураны өлшеу тестісі гипертермиялық нәтижеге негізделген:
Эстрадиолға;
Простагландиндерге;
*Прогестеронға;
ЛГ;
ФСГ.
368. Етеккірлік циклдің ортасында лютеотропиннің «шыңы» осылардың салдарынан болып есептеледі:
Қандағы пролактиннің деңгейінің бірталай жоғарылауынан;
Фоллитропиннің шығарылуының төмендеуінен;
Гонадотропин-релизинг-гормонның шығарылуының төмендеуінен;
Прогестеронның және эстрогендердің деңгейлерінің төмендеуінен;
*Эстрадиол деңгейінің бірталай жоғарылауынан.
369. Лютеотропин және фоллитропиндердің циклдік секрециясын қамтамасыз етеді:
60-90 минутта 1 рет гонадотропин- релизинг-гормонның лақтырысы;
*Аналық бездегі стероидогенездің теріс және оң қарама-қарсы байланысының механизмі;
Фолликулярлық сұйықтықта простагландиндердің құрамының кезеңді жоғарылауы;
Нейротрансмиттердің кезеңді лақтырысы;
Гипофиздің порталдық жүйесінде қан жүрісінің өзгерісі.
370. Гонадолибериннің синтезі іске асады:
Гипофиздің алдыңғы бөлігінде;
Гипофиздің артқы бөлігінде;
*Гипоталамустың ядроларында;
Мидың қыртысының нейрондарында;
Мишықтың қыртысының нейрондарында.
371. Овуляцияның болуы туралы төмендегі көрсетілген барлық зерттеулердің нәтижелері бойынша білуге болады, біреуінен басқасын:
Базалды температураның графигінің анализі;
Доминанттық фолликуланың даму ультрадыбыстық мониторингісі;
Эндометрияның қырындысын гистологиялық зерттеуі;
Лапароскопия (аналық бездердің беткейінде нысананы (ститманы) анықтау);
*Етеккірлік циклдің 12-14-күндері қанда жыныс стероидтық гормондардың шоғырлануын анықтаудан.
372. Олигодисменорея-бұл:
*Сирек және мардымсыз етеккір;
Сирек және ауыратын етеккір;
Етеккір келгенде қан жоғалтудың азаюы;
Етеккірдің арасындағы мардымсыз қанды бөлінділер;
Жоғарыдағы көрсетілгендердің оқасы жоқ.
373. Меноррагия-бұл:
Ациклдік жатырдан қан ағу;
*Циклдік жатырдан қан ағу;
Ауыратын және көп келетін етеккір;
Етеккірдің алдында және соңында келетін қанды бөлінділер;
Етеккірлік циклдің ұзақтығының азаюы.
374. Метроррагия-бұл:
Етеккірдің ырғағының өзгеруі;
Етеккір кезінде қан жоғалтудың ұлғаюы;
Етеккірдің ұзақтығының ұзаруы;
*Ациклдік жатырдан қан ағу;
Етеккірдің сиреуі.
375. Альгодисменорея төмендегі көрсетілгендердің барлығымен байланысты, біреуінен басқасы:
Гениталды инфантилизммен;
Жыныс мүшелерінің даму ауытқуларымен;
*Жатыр мойнының дисплазиясымен;
Гениталды эндометриозбен;
Жатырдың ретродевиациясымен.
376. Пубертатты кезең үшін тән:
Бойдың «кенет көтерілуі»;
Етеккірдің алғашқы көрінуі;
Қаса және аксиллярлық (қолтықтық) жүн шығудың пайда болуы;
Сүт бездерінің ұлғаюы;
*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.
377. Мезгілінен бұрын жыныстық дамудың себебі төмендегі көрсетілген барлық аурулар болуы мүмкін, біреуінен басқасы:
Бас миының ісіктері;
Аналық безінің фолликулярлық кистасы;
Адреногениталды синдром;
*Гонадтардың дисгенезиясы;
Аналық бездердің гранулез жасушаларының ісіктері.
378. Жыныс жолдарынан қанды бөлінділер кезінде 9 жасқа дейінгі жасөспірім қыздарға қажет:
Гормондық гемостаз;
Бақылау;
Жатырға қан тоқтататын және жиырылтатын заттарды тағайындау;
*Қан кетудің жергілікті «мүшелік» себептерін алып тастау;
Хирургиялық гемостаз.
379. Ювенилдік кезеңде дисфункциялық жатырдан қан ағудың дамуының ең жиі механизмі болып есептеледі:
Гиполютеинизм;
Фолликулалардың персистенциясы;
* Фолликулалардың атрезиясы;
Қанның ұю жүйесіндегі өзгерістер.
380. Пременопаузалық кезеңде дисфункциялық жатырдан қан ағуды тоқтатудың әдісі болып табылады:
Синтетикалық эстроген-гестагендік препараттарды қолдану;
Жатырға қан тоқтататын және жиырылтатын заттарды енгізу;
Андрогендерді пайдалану;
17-оксипрогестерон капронатты (17-ОПК) үзбей режімде қолдану;
*Жатыр қуысының және мойын каналының шырышты қабықтарын жеке-жеке диагностикалық қыру.
381. Овуляцияны ынталандыру үшін төмендегі көрсетілген барлық препараттарды қолданады, біреуінен басқасын:
«Кломифенді»;
«Хумегонді»;
*«Премаринді»;
«Профазиді»;
«Клостилбегитті».
382. Тері асты имплантаттардың (норпланттың) контрацевтивтік әсерінің механизмі мыналардың негізінде жүреді:
Овуляцияны басудың;
Мойын жалғықтарының тұтқырлығының жоғарылауы және мөлшерінің азаюының;
Мезгілінен бұрын лютеолизді туғызу мүмкіншілігінің;
*Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс;
Барлық жауаптары қате.
383. Иньекциялық контрацептивтердің құрамына кіреді:
*Әсері ұзартылған прогестагендер;
Эстрогендердің конъюгациясы (қосылуы);
Прогестагендердің микродозалары;
Антиандрогендер;
Антигонадотропиндер.
384. Монофазды құрастырылған эстроген-гестагендік препараттарға жатады:
«Фемоден»;
«Нон-овлон»;
«Марвелон»;
*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы;
Жоғарыдағы көрсетілгендердің бірі емес.
385. Контрацепция мақсатында құрастырылған эстроген-гестагендік препараттарды қабылдауды бастайды:
Овуляция кезінде;
Етеккір алдында;
*Етеккірлік циклдің 1-ші күнінен бастап;
Етеккірлік циклдің күніне тәуелсіз;
Барлық жауаптары қате.
386. Құрастырылған ауыздық контрацевтерді қолдану төмендегі көрсетілген барлық әйелдерге ұсынуға болады, біреуінен басқасын:
Аналық бездерінің обырының дамуына байланысты тұқымқуалаушылыққа бейімділігі бар әйелдерге;
Түсіктен кейін лезде жүктіліктен сақтануды қажет ететін әйелдерге;
Анамнезінде кесар тілігі немесе жатырдан тыс жүктілігі болған әйелдерге;
*Артериялық гипертензиясы бар ауруларға;
Альгодисменореясы бар ауруларға.
387. Құрастырылған эстроген-гестагендік препараттарды (ауыздық контрацевтивтерді) тағайындау қарсы-көрсету болып есептеледі:
Бауыр функциясының бұзылыстары кезінде;
Эпилепсия кезінде;
Тромбофлебиялық синдром кезінде;
Семіздіктің ІІІ-ІV –дәрежелері кезінде;
*Жоғарыда көрсетілген барлық ауруларда.
388. Антиэстрогендік белсенділігімен қабілетті, препараттарды көрсетіңіз:
«Кломифен»;
«Фарестон»;
«Тамоксифен»;
*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы;
Жоғарыдағы көрсетілгендердің бірі емес.
389. Жалған аменорея байланысты болуы мүмкін:
*Жатыр мойнының каналының атрезиясымен;
Жатыр денесінің аплазиясымен;
Гонадтардың дисгенезиясымен;
Жоғарыдағы көрсетілген барлық аурулармен;
Жоғарыдағы көрсетілген барлық аурулардың бірімен емес.
390. Шын (патологиялық) аменорея төмендегі көрсетілген барлық аурулардың салдарынан болуы мүмкін, біреуінен басқасы:
Гипотиреоздың;
Нейрогендік анорексияның;
Тестикулярлық феминизация синдромының;
*Қыздық перденің атрезиясының;
Гипофиздің микро және макроаденомасының.
391. Физиологиялық аменорея тән:
Балалық шақ кезеңі үшін;
Постменопауза үшін;
Лактация кезеңі үшін;
Жүктілік үшін;
*Барлық жауаптары дұрыс.
392. Аменорея генезін дәлелдеу үшін зерттеудің қандай қосымша әдістерін пайдалану қажет:
Ішкі жыныс мүшелерінің УДЗ-ін;
Функциялық диагностиканың тестілері бойынша зерттеуін;
Краниографияны;
Функциялық гормондық сынамаларды;
*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығын.
393. Құрастырылған эстроген-гестагендік препараттармен функциялық сынаманың теріс нәтижесі аменореяның қандай түрін дәлелдейді:
Гипоталамустық;
Гипофиздық;
Аналық бездік;
*Жатырлық;
Жоғарыдағы көрсетілгендердің қайсысы болсада.
394. Постменопаузалық боркеміктің (остеопороздың) ең тән клиникалық көрінісін атаңыз:
Омыртқаның бел-сегізкөз және кеуде бөлігіндегі ауырсынуы;
Бойдың кішіреюі, мүсінділігінің өзгеруі;
Дене салмағының азаюы;
Омыртқаның қозғалыс функциясының үдемелі шектелуі;
* Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.
395.Постменопаузалық боркеміктің (остеопороздың) ерте диагностикасының ең нәтижелі әдісін көрсетініз:
Омыртқаның бел-сегізкөз бөлімінің рентгенографиясы;
*Моно және бифотондық абсорбциометриясы;
Компьютерлік томография;
Саусақ білезіктің рентгенографиясы;
Қандағы паратиреоидтық гормонның және кальцийдің деңгейлерін анықтау.
396. Постменопаузалық боркеміктің (остеопороздың) емінің ең нәтижелі әдісі болып есептеледі:
Емдәм терапиясы;
Физиотерапия;
*Гормонотерапия;
Дәрументерапия;
ЕДШ (ЛФК).
397. Атрофиялық кольпитті емдеу үшін қолданады:
«Фарматексті»;
«Полижинаксты»;
«Ваготилді»;
*«Овестинді»;
Жоғарыдағы көрсетілген барлық пепараттарды.
398. Климактериялық кезеңде алмастырғылық гормон терапиясы үшін төмендегі көрсетілген барлық препараттарды пайдаланады, біреуінен басқасын;
«Клименді»;
«Ливиалді»;
*«Даназолді»;
Конъюгацияланған эстрогендермен бірге медроксипрогестерон ацетатты;
«Клиогестіні».
399. Аналық бездерінің поликистоздық синдромы кезінде төмендегі көрсетілген барлық симптомдар көрінеді, біреуінен басқасы:
Жатырдың гипоплазиясы;
Аналық бездердің екіжақты ұлғаюы;
Гипертрихозы;
*Сүйек массасының азаюы;
Біріншілік бедеулік.
400. Прогестеронның(прогестагендердің) синтетикалық аналогтарына (ұқсастықтарына) төмендегі көрсетілген барлық препараттар жатады, біреуінен басқасы:
«Дуфастон»;
«Неместран» («гестренон»);
*«Овестин»;
«Оргаметрил»;
«Норколут».
401. Прогестагендерді тағайындауға қарсы көрсетулері:
Жатыр миомасы;
Кистозды мастопатия;
Альгодисменорея;
Жоғарыдағы көрсетілген аурулардың барлығы;
*Жоғарыдағы көрсетілген аурулардың бірі емес.
402. Прогестагендерді қабылдаған кездегі мүмкін болатын асқынуларын атаңыз:
Аллергиялық реакциялар;
Етеккірлік циклдің аралығындағы қанды бөлінділер;
Лоқсу, құсу;
Дене салмағының ұлғаюы;
*Жоғарыдағы көрсетілген барлық асқынулар.
403. Дексаметазонмен функциялық сынаманы жүргізеді:
Гиперэстрогенияны анықтау үшін;
Ановуляцияның диагностикасы үшін;
*Гиперандрогенияның генезін табу үшін;
Гонадтардың дисгенезиясының типтік түрін диагностикалау үшін;
Циклдің лютеинді фазасының құндысыздылығын анықтау үшін.
404. Сүт бездерінің емізігінен шыққан патологиялық бөлінділердің себебі болып төмендегі көрсетілгендердің барлығы болуы мүмкін, біреуінен басқасы:
Гипофиздің микроаденомасы;
Гипотиреоз;
Фенотиазиндердің туындыларын ұзақ қолдану;
*Андреногениталды синдром;
Сүт безінің өзекішті папилломасы.
405. Ановуляторлық циклдік жатырдан қан ағу қалыптының варианты болып есептеледі:
Пубертатты кезеңде;
Перименопаузалды кезеңде;
Лактация кезінде;
*Барлық көрсетілген жағдайларда;
Осындай қан ағу қалыптыға жатқызуға болмайды.
406. Постменопауза кезінде жыныс жолдарынан қанды бөлінділердің ең жиі себебі болып саналады:
Жатыр мойнының обыры;
*Эндометрияның обыры;
Жатырдың шырышасты миомасы;
Аналық бездерінің обыры;
Эндометрияның полипі.
407. Микоздық кольпитті емдеу үшін қолданады:
«Полижинакс»;
«Клотримазол»;
«Пимафуцин»;
*Жоғарыдағы көрсетілген препараттардың барлығы;
Бір жауабы да дұрыс емес.
408. Жыныс мүшелерінің вирустық инфекциясы үшін төмендегі көрсетілгендердің барлығы тән, біреуінен басқасы:
Жоғары түйіспеншілігі;
Жыныс жолдарын инфекциялау;
*Жатыр түтіктерінің зақымдану артықшылығы;
Қайталану ағымы;
Қоздырғыштардың жоғары онкогендік потенциалы.
409. Гениталды ұшықтың емі үшін қолданады:
«Далацин С»;
«Полижинакс»;
*«Зовиракс»;
«Золадекс»;
Жоғарыдағы көрсетілген препараттардың барлығы.
410. Жыныс мүшелерінің туберкулезі кезінде біріншілік ошақ ең жиі орналасады:
*Өкпеде;
Сүйектерде;
Зәршығару жүйеде;
Лимфа түйіндерінде;
Іш пердеде.
411. Туберкулез кезінде әйелдің жыныс жүйесінің қандай бөлімдері ең жиі зақымданады:
*Жатыр түтіктері;
Аналық бездері;
Жатыр;
Сыртқы жыныс мүшелері;
Қынап.
412. Ішкі жыныс мүшелерінің туберкулезін қай жас кезінде ең жиі анықтайды:
Бала –шақ кезеңінде;
Пубертатты кезеңде;
*Ұрпақ өрбіту кезеңінде;
Пременопаузалды кезеңде;
Постменопаузалды кезеңде.
413. Жатыр қосалқыларының туберкулездік зақымдануының негізгі клиникалық симптомы:
Созылмалы жамбас ауырсынуы;
Аменорея;
Менометроррагия;
*Біріншілік бедеулік;
Екіншілік бедеулік.
414. Түтіктік –ішперделік бедеуліктің диагностикасының зерттеу әдістерінің қайсысы ең ақпаратты:
Кимографиялық пертубация;
Гистеросальпингография;
Трансқынаптық эхография;
*Хромосальпингоскопиямен бірге лапароскопия;
Биконтрасты пельвиография.
415. Созды сальпингит үшін төмендегі көрсетілгендердің барлығы тән, біреуінен басқасы:
Етеккірлік циклдің ерте фолликулярлы фазасындағы аурулардың бастамасы;
Жатыр қосалқыларының екі жақты зақымдануы;
Антибактериялық препараттардан тез нәтиже беруі;
*Қанның жедел фазалық көрсеткіштерінің белсенділігінің жоқтығы;
Зақымданудың көп ошақтығы.
416. Создық инфекцияның таралу жолының артықшылығы:
Лимфогендік;
Гематогендік;
Периневралдық;
Түйіспелі;
*Интраканаликулярлық.
417. Өрлеме соз- бұл зақымдануы:
Жатыр мойнының каналының;
*Жатыр түтіктерінің;
Парауретралды бездерінің;
Үрпінің;
Жоғарыдағы көрсетілген мүшелердің барлығының.
418. Гонококктар үшін келесі белгілер тән:
Грам бойынша оң түсі:
*Жасуша ішінде орналасуы (цитоплазмадағы мононуклеарлар);
Дөңгелек нысаны;
Көп қабатты жалпақ эпителияға зақымдау әсері;
Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.
419. Создың диагнозын белгілеу келесі негізінде болуы мүмкін:
Диплококктар түрінде, жұптап орналасқан, микроорганизмдердің жыныс жолдарынан бөлінген жағындысында табу;
Грам бойынша кокктардың теріс түсі;
Жасуша ішінде орналасуы;
Көрсетілген белгілердің ішінде қайсысын болсада табу;
*Диагнозды анықтаған кезде көрсетілген белгілердің барлығы.
420. Гонококктың ең нәтижелі теңестіру (идентификация) әдісі:
Серологиялық;
*Дақылды;
Бактериоскопиялық;
Иммунофлюоресценттік;
Биологиялық өршітуден кейін бактериоскопия.
421. Жатыр қосалқыларының жедел қабынуының мүмкін болатын асқынуларын көрсетініз:
Созылмалы түріне ауысу;
Жайылған перитонит немесе жергілікті дамуымен инфекциялардың таралуы;
Абсцестену (іріңқалталану);
Созылмалы жамбас ауырсыну синдромының қалыптасуы;
*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.
422. Спецификалық емес вульвовагинитке тән клиникалық көріністердің барлығы қажет, біреуінен басқасы:
Ақкір;
Бұтаралық және қынаптың қышуы;
Диспареуния;
*Ациклдік қанды бөлінділер;
Вульвовагинит үшін барлық көрсетілген симптомдар тән.
423. Бактериялық вагиноздың негізгі клиникалық симптомын атаңыз:
Сыртқы жыныс мүшелерінің және бұтаралығының қышуы;
Диспареуния;
*Жағымсыз иісі бар көп келетін ақкірлер;
Дизурия;
Жамбастың ауырсынуы.
424. Бактериялық вагиноз бар болуы туралы куәландыратын диагностикалық тестілерді көрсетіңіз:
Кілтті жасушаларды табу;
Қынаптық секреттің рН жоғарылауы;
Ақкірдің аминотестсі оң;
*Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс;
Жоғарыда көрсетілгендердің оқасы жоқ.
425. «Біріншілік бедеулік» термині көрсетеді:
*Бірде бір жүктілігі болмаған;
Тірі бала тумаған;
Барлық жүктілігі медициналық көрсетулерімен үзілген;
Әйелдің ішкі жыныс мүшелері жоқ;
Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.
426. Эндокриндік бедеулік байланысты болуы мүмкін, біреуінен басқасы:
Гипофиздің пролактин шығаратын ісіктерімен;
Адреногениталды синдроммен;
*Дисгерминомалармен;
Аналық безінің текомаларымен;
Гипоталамды-гипофизарлық дисфункциясымен.
427. Жатыр түтіктерінің жиырылу белсенділігінің функциялық бұзылыстары мыналардың салдарынан болуы мүмкін.
Психоэмоциялық стресстің;
Аналық бездердің гипофункциясының;
Гиперпростагландинемияның;
Гиперандрогенияның;
*Жоғарыда көрсетілгендердің барлығының.
428. Функциялық түтіктік бедеуліктің емі үшін төмендегі көрсетілген заттардың және әдістердің барлығын қолданады, біреуінен басқасын:
*Емдік гидротубацияны;
Седативтік препараттарды;
Стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды;
Физио және бальнеотерапияны;
Спазмолитиктерді.
429. Жатыр түтіктерінің өткізгіштігінің бұзылысы мыналардың салдарынан болуы мүмкін:
Гениталды хламидиоздың;
Сыртқы гениталды эндометриоздың;
Құрсақ қуысы және кіші жамбас мүшелеріне оперативтік араласудың;
Создық сальпингиттің;
*Жоғарыда көрсетілгендердің барлығымен.
430. Сарпайдың преинвазивтік обыры және дисплазиясының диагностикасының негізгі әдісі болып саналады:
*Биопсиядан кейін оны гистологиялық зерттеу;
Вульвоскопия;
Радиоизотоптық зерттеу;
Жағынды-таңбаларды цитологиялық зерттеу;
Вульваның флюоресценттік микроскопиясы.
431. Сарпайдың меланомасын және обырын емдеудің негізгі әдісі:
Дистанциялық сәулелі терапия;
Химиотерапия;
Гормондық терапия;
*Хирургиялық;
Жақын фокусты рентгенотерапия.
432. Жатыр мойнының қынаптық бөлігі қалыптыда жабылған:
Цилиндрлік эпителиямен;
Бірқабатты көпқатарлы эпителямен;
Безді эпителиямен;
*Көпқабатты жалпақ мүйізгектену емес эпителиямен;
Көпқабатты жалпақ мүйізгектену эпителиямен.
433. Жатыр мойнының астарлас ауруларына төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы:
Жай лейкоплакия;
*Дисплазия;
Эритроплакия;
Эктропион;
Жатыр мойны каналының қайталанушы полипі.
434. Жатыр мойнының обырының ерте диагностикасы үшін ең ақпаратты скрининг-тест:
Жай кольпоскопия;
Бимануалдық ректовагиналдық зерттеу;
*Жатыр мойны каналынан және жатыр мойнының беткейінен жағындыны цитологиялық зерттеу;
Жатыр мойны каналынан вакумм-кюретаж жасау;
Эндометрияның аспираттын цитологиялық зерттеу.
435. Жатыр мойны дисплазиясы диагностикасының ең ақпаратты әдісі:
Кеңейтілген кольпоскопия;
*Жатыр мойнының биоптатын гистологиялық зерттеу;
Жатыр мойны каналынан және жатыр мойнының беткейінен алынған жағындыны цитологиялық зерттеу;
Жатыр мойны каналын вакуум-кюретаж жасау;
Бимануалдық ректовагиналдық зерттеу.
436. Жатыр мойны дисплазиясын емдеу үшін төмендегі көрсетілген әдістердің барлығы қолданылады, біреуінен басқасы:
*Диатермокоагуляция;
Электроконизация;
Лазеротерапия;
Штурмдорф бойынша жатыр мойнының конус тәрізді ампутациясы;
Жатыр мойнының жоғары ампутациясы.
437. Жатыр мойнының эпителия іші обырының диагнозын тек нәтижелердің негізінде қою мүмкін болады:
Цервикоскопияның;
Гистероскопияның;
*Эндоцервикстің қырындысын және жатыр мойнының биоптатын гистологиялық зерттеудің;
Кеңейтілген кольскопияның;
Жатыр мойны каналынан және жатыр мойнының беткейінен алынған жағындыны цитологиялық зерттеудің.
438. Жатыр мойны обырының негізгі клиникалық симптомын атаңыз:
Жамбастың ауырсынуы;
Шырышты-іріңді ақкірлер;
*Түйіспелі қан кету;
Ациклдік жатырдан қан ағу;
Диспареуния.
439. Жатыр мойнының қынаптық бөлігінің обыр алды өзгерістерін көрсетіңіз:
Цервикалды каналдың қайталанушы полипі;
Шын эрозия;
*Дисплазия;
Эктропион;
Эндометриоз.
440. Жатыр мойнының инфильтративтік обырымен байланысты қан кету кезінде, күттірмейтін көмектің көлемін анықтаңыз:
Жатыр мойны каналы және жатырдың қуысының шырышты қабығын емдеу-диагностикалық жеке қыру;
*Қынапты тығыз тығындау;
Ішті кесу, жатыр экстирпациясы;
Жатыр мойнына циркулярлы қысқыштарды салу;
Ішті кесу, ішкі мықын артериясын байлау.
441. Жатыр миомасының тәндік ерекшеліктері:
*Бұл қатерсіз, гормон тәуелді ісік;
Көлденең жолақты бұлшық ет тіндерінен шығады;
Пубертатты шақта және ерте ұрпақ өрбіту кезеңіндегі әйелдерде ең жиі кездеседі;
Малигнизацияға жақын;
Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс.
442. Жатырдың бұлшық ет арасындағы миоманың диагностикасының ең ақпараттық әдісі:
Қынаптық зерттеу;
*Ультрадыбысты зерттеу;
Гистеросальпингография;
Гистероскопия;
Лапароскопия.
443. Жатырдың шырышасты миомасының негізгі клиникалық симптомы:
Созылмалы жамбастың ауырсынуы;
Альгодисменорея;
*Меноррагия;
Екіншілік бедеулік;
Теміртапшылықтық анемия.
444. Жатырдың шырышасты миомасының тууы кезінде асқынуы төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы:
*Декубиталды жараның пайда болуы;
Түйіннің инфекциялануы;
Жатырдан көп қан ағуы;
Жедел ишурияның болуы;
Жатырдың айналып кетуі.
445. Туып жатқан миоматозды түйіннің диагностикасының ең ақпаратты әдісі:
Трансқынаптық эхография;
*Жатыр мойнынын айнада қарап, сосын бимануалды зерттеу жүргізу;
Рентгенотелевизиялық гистеросальпингография;
Гистероскопия;
Лапароскопия.
446. Жатырдың шырышасты миомасының болуы туралы төмендегі көрсетілген зерттеулердің нәтижелерінің негізінде білуге болады, біреуінен басқасын:
Трансқынаптық эхографияның;
Рентгенотелевизиялық гистеросальпингографияның;
Гистероскопияның;
Жатыр қуысын сүнгілеудің;
*Лапароскопияның.
447. Жатыр миомасының болуы кезінде мойында түйіннің орналасуында хирургиялық емнің оңтайлы көлемі:
Жатырдың қынапүстілік ампутациясын жасау;
Қынап арқылы концервативтік миомэктомияны жасау;
Гистерорезектоскопияны жасау;
*Жатырдың экстирпациясын жасау;
Жатыр миомасын хирургиялық емдеуде мынадай орында жүргізбейді.
448. Гениталды эндометриозды анықтау бойынша:
Бұл эндометрия тәрізді тіндердің эндометриядан тыс жерде ұлғаюы;
Гормондық және иммундық бұзылыстардың аясында пайда болады;
Ұрпақ өрбіту жастағы әйелдерде жиі кездеседі;
Үдемеліге және қайталануға жақын;
*Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс.
449. Жатыр денесінің ішкі эндометриозының рентгенологиялық белгілерін көрсетіңіз:
Контурарты көлеңке;
Жатыр қуысының контурысының тегіс еместігі;
Жатыр мойыншасының кеңеюі, түтіктер бұрыштарының дөңгелек контуры;
Жоғарыда көрсетілгендердің оқасы жоқ;
*Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.
450. Сыртқы гениталды эндометриозға төмендегі көрсетілгендердің барлық түрі жатады, эндометриоздың біреуінен басқасы:
Аналық бездер;
*Жатыр денесі;
Жатыр мойны;
Жатыр арты кеңістігі;
Жатыр түтіктерінің интерстициалды бөлігі.
451. Гениталды эндометриоз кезінде ұрпақ өрбіту қызметінің бұзылыстарының мүмкін болатын себептерін атаңыз:
Жатыр түтіктерінің функциялық белсенділігінің өзгеруі;
Құрсақ қуысындағы жабысқақ үрдіс;
Миометрияның морфологиялық ашық өзгерістері;
Ішперделік сұйықтықтың құрамының өзгеруі;
*Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.
452. Жатыр мойнының эндометриозының негізгі клиникалық симптомы:
Альгодисменорея;
Менометроррагия;
*Етеккірлік циклдың алдында және соңында болатын қанды бөлінділер;
Бедеулік;
Барлық жауаптары қате.
453. Сыртқы гениталды эндометриоздың диагностикасында қандай құрал-аспаптық зерттеудің әдістері ең ақпаратты:
*Лапароскопия сосын биоптаттарды патоморфологиялық зерттеу;
Трансқынаптық эхография;
Гистероскопия сосын эндометрия қырындысын патоморфологиялық зерттеу;
Рентгенотелевизиялық гистеросальпингография;
Компьютерлік томография.
454. Ретроцервикалды эндометриозды төмендегі көрсетілген барлық аурулармен салыстыру қажет, біреуінен басқасын:
Тік ішектің обырымен;
Аналық бездердің обырымен;
Сүт бездерінің обырының көшіктерімен;
Асқазан обырының көшіктерімен;
*Зәр қуығының обырымен.
455. Аденомиоз-бұл:
Жатыр денесінің шырышты қабығының қабынуы;
Эндометрияның обыралды ауруы;
Жатыр мойнының обыралды ауруы;
*Жатыр денесінің ішкі эндометриозының таралуының ІІІ-дәрежесі;
Жатырдың қатерсіз ісігі.
456. Эндометрияның обырының бірінші патогенетикалық варианты үшін төмендегі көрсетілгендердің барлығы тән, біреуінен басқасы:
*Эндометрияның атрофиясы;
Анамнезінде тұрақты ановуляция;
Бала туу функциясының бұзылысы;
Аналық бездің тека-тінінің гиперплазиясы;
Семіздік немесе қант диабеті.
457. Эндометрияның обырының екінші патогенетикалық варианты үшін төмендегі көрсетілгендердің барлығы тән, біреуінен басқасы:
*Ісіктердің саралауының жоғары дәрежесі;
Тез өсуі және көшіктенуі;
Прогестиндерге ісіктердің сезімталдығының жоқтығы;
Жуан ішекте, сүт бездерінде, аналық безінде ісіктердің бірмезгілдік дамуының төмен жиілігі;
Миометрияға терең кіруі (инвазиясы).
458. Жатыр денесінің обырының негізгі клиникалық симптомы:
Созылмалы жамбастың ауырсынуы;
Түйіспелі қан кету;
*Ациклдық қан ағу;
Көрші мүшелердің қызметінің бұзылысы;
Бедеулік.
459. Жатыр денесінің обырының диагностикасының негізгі әдісі:
*Эндометрия қырындысын гистологиялық зерттеу;
Жатыр қуысының аспираттын цитологиялық зерттеу;
Трансқынаптық эхография;
Гистероскопия;
Рентгенотелевизиялық гистеросальпингография.
460. Эндометрияның қандай жағдайлары обыралдыға жатады:
Безді-кистозды гиперплазия;
Эндометрияның безді полипі;
Эндометрияның атрофиясы;
*Атипиялық гиперплазия;
Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.
461. Эндометрия обыры және обыралды аурулардың дамуының қауіп-қатер факторларына төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы:
Тұрақты ановуляция;
Семіздік және артериялық гипертензия;
*Жатырішілік контрацептивтерді ұзақ пайдалану;
Қант диабеті;
Эндокриндік генездің бедеулігі.
462. Аналық бездердің ісік тәріздес құрылымдарына төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы:
*Дермоид кистасы;
Фолликулярлық киста;
Сары дененің кистасы;
Пиовар;
Тека-лютеинді киста.
463. Аналық бездердің кисталарының тәндік ерекшеліктері:
*Бұл-ретенциялық құрылым;
Жасушалардың пролиферациясының салдарынан өлшемдері ұлғаяды;
Капсуласы болмайды;
Малигнизацияның болуы мүмкін;
Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс.
464. Аналық бездердің кистомалары:
Бұл қатерсіз ісіктер;
Жасушалардың пролиферациясының салдарынан өлшемдері ұлғаяды;
Капсуласы болады;
Малигнизацияның болуы мүмкін;
*Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дұрыс.
465. Аналық бездердің эпителиялық ісіктеріне барлығы жатады, біреуінен басқасы:
Серозды цистаденома;
Муцинозды цистаденома;
Цистаденокарцинома;
Бреннер ісіктері;
*Текомалар.
466. Аналық бездерінің ісіктерінің қайсысы ең жиі малигнизацияға ұшырайды:
Фиброма;
Муцинозды цистаденома;
*Серозды цистаденома;
Текома;
Тератома.
467. Аналық бездерінің гормондық-белсенді ісіктеріне төмендегі көрсетілгендердің барлығы жатады, біреуінен басқасы:
Гранулезді жасушалық ісіктер;
Тека-жасушалық ісіктер;
Андробластомалар;
Арренобластомалар;
*Дисгерминомдар.
468. Аналық бездерінің қатерсіз ісіктері кезінде қандай асқыну ең жиі кездеседі:
*Ісіктің аяқшасының айналуы;
Ісіктің қуысына қанқұйылуы;
Қабтың жыртылуы;
Ішіндегісінің іріңдеуі;
Көрші мүшелердің қысылуы.
469. Гидроторакс-клиникалық көріністердің бірі:
Гранулезді жасушалық ісіктерінің;
Аналық бездерінің дисгерминомаларының;
*Аналық безінің фибромаларының;
Муцинозды цистаденомалардың;
Жетілген тератомалардың.
470. Крукенберг ісігі:
Асқазан-ішек жолының обырының көшігі болып есептеледі;
Қағида бойынша, екі аналық безін зақымдайды;
Орнықты құрылымы бар;
*Барлық жауаптары дұрыс:
Барлық жауаптары қате.
471. Аналық бездерінің көшікті зақымдануы мүмкін:
Сүт безінің обыры кезінде;
Жатыр денесінің аденкорциномасы кезінде;
Аналық бездерінің біреуінің қатерлі зақымдануы кезінде;
Асқазан-ішек жолының обыры кезінде;
*Жоғарыда көрсетілген барлық жағдайларда.
472. Аналық бездерінің обырының ІІ-ІІІ-сатысы кезінде оперативтік араласудың қандай көлемін түбегейлі (радикалды) деп санауға болады:
Кеңейтілген жатырдың экстирпациясы (Вертгейм операциясы);
*Біруақытта үлкен шарбының резекциясы немесе экстирпациясымен жатырдың қосалқыларымен экстирпациясы;
Қосалқыларымен жатырдың қынапүстілік ампутациясы;
Пангистерэктомиясы;
Жоғарыда көрсетілгендердің оперативтік араласу көлемінің қайсысы болсада.
473. Ұрпақ өрбіту жастағы аналық безінің қатерсіз ісігі бар ауру әйелдің емінің шара-тәсілін анықтаңыз:
2-3 ай бойы гормондық терапия, нәтижесі болмаса-ішті жару, аднексэктомия;
1-2 ай бойы қабынуға қарсы терапия, нәтижесі болмаса –ішті жару, аналық безді резекциялау;
Шұғыл ішті жару немесе лапароскопия, аднексэктомия;
*Жоспарлы түрде ішті жару, аналық безді резекциялау;
Бақылау, асқыну болған кезде-ішті жару, аднексэктомия.
474. Хориокарцинома-қатерлі жаңа өскін:
Децидуалды қабықтардан;
Миометриядан;
*Трофобластыдан;
Тека-тіндерден;
Эндометриядан.
475. Хориокарцинома кезінде көшіктердің ең жиі орналасуы:
*Қынапта;
Аналық безде;
Параметрияда;
Бауырда;
Бүйректе.
476. Хориокарцинома үшін төмендегі көрсетілгендердің барлығы тән, біреуінен басқасы:
Жатыр жүктілігімен немесе жатырдан тыс жүктілікпен міндетті түрде байланысы;
Ерте және тез көшіктенуі;
Жыныс жолдарынан қайталанушы ациклдік қанды бөлінділер;
*Үлкен шарбыға көшіктену;
Аналық бездерде тека-лютеиндық кисталардың пайда болуы.
477. Трофобластикалық аурудың емінің нәтижесін бағалаудағы негізгі диагностикалық әдіс:
Динамикалық трансқынаптық эхография;
Компьютерлік томография;
*Хориондық гонадотропиннің титрін қан және зәр сарысуының динамикасында анықтау;
Гистероскопия жасау, сосын жеке диагностикалық қыру;
Лапароскопия.
478. Хориокарциноманың емінің негізгі әдісі:
Хирургиялық;
Дистанциялық сәулелітерапия;
*Моно немесе полихимиотерапия;
Гормондық терапия;
Симптомдық терапия.
479. Хориокарцинома жиі дамиды:
Жатырдан тыс жүктіліктен кейін;
Босанудан кейін;
Жүктілікті жасанды үзуден кейін;
*Көпіршікті тығыннан кейін;
Кеш индуцирленген түсіктен кейін.
480. Жатырдан тыс жүктілік төмендегі көрсетілген барлық мүшелерде орналасуы мүмкін, біреуінен басқасы:
Жатыр мойнында;
Жатырдың рудиментарлық мүйізінде;
Аналық безде;
Құрсақ қуысында;
*Қынапта.
481. Жатырдан тыс жүктіліктің ең жиі себебі болып саналады:
Гениталды инфантилизм;
Сыртқы гениталды эндометриоз;
Жатырдың шырышасты миомасы;
*Созылмалы сальпингит;
ЖІС ұзақ «көтеріп жүру».
482. Түтіктік жүктіліктің диагностикасының ең ақпаратты әдісі:
Трансқынапты эхография;
Хориондық гонадотропиннің титрін қан және зәр сарысуының динамикасында анықтау;
*Лапароскопия;
Рентгенотелевизиялық гистеросальпингография;
Құрсақ қуысына қынаптың артқы күмбезі арқылы пункция жасау.
483. Жатырдан тыс жүктілік кезінде эндометриядағы ең тәндік өзгерістер:
Атрофия;
Пролиферация;
Безді-кистозды гиперплазия;
*Децидуалдық өзгеріс (трансформация);
Эндометрияның полипі.
484. Үдемелі жатырдан тыс жүктіліктің негізгі клиникалық симптомдары қандай:
Іштің төменгі жағындағы ұстамалы ауыру сезімі;
Жыныс жолдарынан «жағынды сияқты» қанды бөлінділер;
Іш перденің тітіркенуінің әлсіз оң симптомы;
*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы;
Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығының оқасы жоқ.
485. Құрсақ ішілік қан ағудың себебі төмендегі көрсетілген аурулардың барлығы болуы мүмкін, біреуінен басқасы:
Аналық безінің апоплексиясы;
Медициналық түсік кезінде жатыр перфорациясы;
Талақтың (көкбауырдың) қабыасты жыртылуы;
Жатырдан тыс жүктіліктің түтіктік түсігі бойынша бұзылысы;
*Аналық бездің ісігінің аяқшасының айналуы.
486. Геморрагиялық шоктың негізгі клиникалық симптомдары:
Артериялық гипотензия;
Олигурия және анурия;
Жиі жіңішке пульс;
Акроцианоз;
*Жоғарыдағы көрсетілген симптомдардың барлығы;
487. Жедел шомбалды қан жоғалту кезінде аурудың жағдайының ауырлығын бағалаудағы клиникалық критериялары:
Жүрек жиырылуының жиілігі;
Артериялық және орталық веноздық қысым;
Сағаттық диурез;
Терінің түсі және дене температурасы;
*Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы;
488. Парамезонефроздық өзектердің толық емес қосылуы кезінде дамиды:
Қыздық перденің атрезиясы;
*Екімүйізді жатыр;
Қынап атрезиясы;
Гонадтардың дисгенезиясы;
Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы.
489. Қыздық перденің атрезиясы көрінуі мүмкін:
Зәрдің кідіруімен;
Гематокольпоспен;
Дефекацияның қиындығымен;
Іштің төменгі жағында циклдік пайда болатын ауыру сезімімен;
*Барлық жауаптары дұрыс.
490. Гинекологиялық стационарға шұғыл жатқызу төмендегі көрсетілген барлық жағдайларға болады, біреуінен басқасы:
Аналық бездің ісігінің аяқшасының айналуы;
Шырышасты миоматозды түйіннің тууы;
*Эндометрияның атипиялық гиперплазиясы;
Жатыр қосалқыларының жедел іріңді қабынуы;
Жатырдан тыс жүктіліктің түтіктік түсігі бойынша бұзылысы.
Есеп.
33 жастағы ауру әйел, етеккірдің алдында 1 апта бұрын олигурияға, бетінің және қол-аяқтарының ісінуіне және терісінің әлсін-әлсін пайда болатын қышуына шағымданып келді. Етеккірлік функциясы бұзылмаған. Анамнезінде бір қылмысты түсік. Гинекологиялық зерттеу кезінде патологиялар табылмаған.
Диагнозды таңдаңыз?
Невроз;
Альгодисменорея;
Пиелит;
Экзема;
*Етеккіралды синдром.
Есеп.
35 жастағы ауру әйел еттеккіралды синдроммен зардап шегеді. Осы жастағы ең дұрыс гормондық терапияны атаңыз:
Эстриол;
*Норколут;
Сустанон-250;
Эстрадиолдипропионат;
Амбосекс.
Есеп.
Ауру әйел 51 жаста. Шағымы: жиі құйылу, бас ауыруы, гипергидроз, жүрегінде ауыру сезімі. Анамнезінде гипертониялық аурумен ауырған. Соңғы етеккірі 1,5 айдан бұрын болған, ауырмай келген. АҚ-140/80 мм.с.б. гинекологиялық зерттеу-патология жоқ.
Диагнозы:
Стенокардия;
Альгодисменорея;
Миокардит;
*Климактериялық синдром;
Гипертониялық криз.
Есеп.
28 жасар ауру әйел стационарға жатырдан қан кетумен келіп түсті, 2 жыл бойы бедеулікпен зардап шегеді. Анамнезінде 1 жасанды түсік. Тексерген кезде жалпы және жыныстық инфантилизм анықталған.
Диагноз қойыңыз?
* ДЖҚА;
Плаценталық полип;
Жатыр қосалқыларының қабынуы;
Басталған түсік;
Эндометриоз.
Есеп.
Ауруды оң үлкен жыныс еріннің аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Еріні ісінген, қатты ауырады, оның үстіндегі терісі қызарған, жұмсарған учаске білінеді.
Сіздің диагнозыңыз:
Жедел вульвит;
Бартолин безінің кистасы;
Жедел лимфоаденит;
*Бартолин безінің жалған абсцесі;
Қысылған шап жарығы.
Есеп.
Ауруда дене қызуының 38,5 0 дейін көтерілуі, іштің төменгі жағының ауырсынуы, бір рет құсу болған. Еттеккірлік циклдің 5-күні ауырған, іші жұмсақ, пальпация кезінде төменгі бөліміне ауыру сезімі және Щеткин-Блюмберг симптомы оң екені байқалған. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза, бөлінділері іріңді.
ҚЗ: жатыр мойны цилиндр тәрізді, ернеу жабық. Жатыр қалыпты мөлшерде, пальпация кезінде ауыру сезімді, қосалқылардың екі жағынан овоид тәрізді, тығыздылығы жұмсақ, ауыру сезімді құрылым анықталады.
Сіздің диагнозыңыз:
*Жедел екі жақты аднексит(сальпингоофорит);
Жедел пельвиоперитонит;
Жедел параметрит;
Жайылған перитонит;
Жедел аппендицит.
Есеп.
Ауру дене қызуының 380-дейін көтерілуіне, жыныс жолдарынан іріңді-қанды бөлінділердің, іштің төменгі жағында ауыру сезімінің болуына шағымданып гинекологиялық бөлімшеге келіп түсті. Етеккірлік циклдің 8-ші күні ауырған, осыдан 3 күн бұрын ЖІС салғызғын. Объективті, айнада: жатыр мойны таза. Цервикалды каналда ЖІС-нің өткізуші жіптері. Іріңді –қанды бөлінділер.
ҚЗ: жатыр біршама үлкейген, қатты ауырады, қозғалысы шектелген. Қосалқылары анықталмайды. Күмбездері терең, ауыру сезімді.
Сіздің диагнозыңыз:
Пельвиоперитонит;
Параметрит;
ЖІС енгізу кезінде жатырдың перфорациясы;
Аднексит;
*Эндометрит.
Есеп.
Ауру М. 28 жаста, етеккірінің 14 күндей кідіруінің пайда болған кезінде, жыныс жолдарынан қара қоңыр-қанды бөлінділерге және ішінің төменгі жағында толғақ тәрізді ауыру сезімге шағымданып келіп түсті. 5 жүктілігі болған, оның бірі босанумен және 4 медициналық түсікпен аяқталған. Түсіктің соңғысы эндометритпен асқынған. Жағдайы қанағаттанарлық. Пульсі-80, АҚ-110/70 мм.с.б.
Айнада: жатыр мойны және қынаптың шырышты қабығы көгерген, бөлінділері қара қоңыр-қанды.
ҚЗ: жатыр дұрыс орналасқан, қалыптыдан біршама үлкейген, қозғалмалы, ауыру сезімсіз. Қосалқылардың сол жақ маңында қамыр тығызды, ауырмайтын құрылым анықталады. Оң жақтан қосалқылар анықталмайды. Артқы күмбез тегістелген, ауыру сезімді.
Диагноз қойыңыз:
Толық емес түсік;
*Жатырдан тыс жүктілік;
Аналық бездің кистомасы;
Эндометрит;
Жедел сол жақты аднексит.
Есеп.
Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 3041 | Нарушение авторских прав
1 | 2 |
|