АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Патогенезі мен клиникасы.

Кіріспе

Цитомегаловирус пен герпетік вирустың қазіргі қоғамдағы өзектілігі

Қазіргі таңда генитальді герпес пенцитомегаловирус ауруы бүкіл әлемде үнемі өсіп келеді, бұл әсіресе аурудың белгісіз өтетін түріне байланысты. Генитальді герпес пен цитомегаловирусқа көбінесе әйел адамдар шалдығады, әйел адамдардың арасында таралуы ер адамдарға қарағанда 6 есе көп. Сондықтан қазіргі замандағы қарапайым герпестің вирус пен цитомегаловирусты анықтауға арналған тест жүйелері вирустың екі түріне де әсер етеді.Цитомегаловирус пен гепестік вирустың кеңінен таралғандығын медициналық статистика сандары көрсетіп отыр 10—15% жасөспірімдерде және 50% 35 жастан жоғары адамдарда цитомегаловирус пен герпестік вирусқа антиденелер анықталған. Бала туу жасындағы әйел адамдардың цитомегаловирусқа шалдығуы 80 %-ға дейін жетті деген дерек те бар

 

Цитомегалия – кеңінен таралған вирустық инфекциялық ауру, оның көрінуі белгісіз түрлерден ішкі органдар мен орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануынан байқалады. Цитомегаловирустық инфекция алғаш рет XIX ғасырдың соңында «поцелуйной болезни» атымен белгілі болған, себебі ауруды жұқтыру сүйіскен кезде сілекей арқылы болады деп болжалған болатын. Цитомегалийдің шынайы «қоздырушысы» – цитомегаловирус тек 1956 жылы ғана ашылды. Сол кезде аурудың тек сілекей арқылы ғана емес, сондай-ақ жыныстық жолмен, жүкті әйелден балаға, сондай-ақ тығыз тұрмыстық қарым-қатынас кезінде жұғатындығы анықталды. Сондай-ақ қан құю және мүшелерді ауыстыру кезінде цитомегаловирусты жұқтыру жағдайлары кездескен.

 

 

Цитомегаловирустың құрлысы.

 

Цитомегаловирусты инфекцияның түрлері:

туа біткен цитомегаловирустық инфекция (неғұрлым қауіпті деп саналады)

сары аурумен, бауырдың ұлғаюына, ішкі мүшелерге қан кетуіне, жүйке жүйесінің зақымдануының әртүрлі белгілеріне алып келуі мүмкін.

цитомегаловирусық инфекцияның өткір түрі

 

Жыныстық жолмен ауру жұқтырғаннан кейін немесе науқас адамнан қан құйған кезде туындауы мүмкін. Әдетте суық тиюге ұқсас түрде жүреді. Белгілері: әлсіздік, жалпы ағзаның нашарлауы, тез шаршау, бас аурулары, тұмау, жиі сілекей бездерінің қабынуы және ұлғаюы.

Эпидемиологиясы.

ЦМВ-ен инфицирлеу барлық елдерде тіркелген.Қоздырғыш тек қана адамдарға патогенді.

Берілу механимі -респираторлық,тұрмыстық жанасу,жыныстық қатынас,ал кейде фекальды-оральды жолмен беріледі,бала емізгенді,қан құйғанда.

Инфекция көзі -жедел немесе латентті түрімен айырған адамдар.Вирус қан,несеп,шәуетпен,емшек сүтімен,трансплантация жасағанда бала туылу кезінде беріледі.АИВ және лейкозбен ауырған адамдар.

Патогенезі мен клиникасы.

ЦМВ-ң бездік тіндерге троптылығы бар,сол жерде персистенцияланып цитопатогендік әсер етеді.ЦМВ-ң ерекшелігіне оның алып клетка түзуі жатады.ЦМВ симптомсыз тасымалдаушылық туғызып,барлық ағзалар мен тіндерді зақымдай алады.Сонымен қатар ЦМВ-ң сілекей бездер мен бүйрек арнашаларының эптиелиялық жасушаларға жақындығы бар.

Аурудың жедел түрінде ішкі ағзалар бауыр,буйрек,бас миы және қан түзуші ағзалар зақымдалады.

ЦМВ-ң жедел түріне-интерстициалды атипті өкпе қабынуы тән.

Жүктілік,бірнеше рет қан құю иммунитеттің әлсіреуі латентті персистенциялаушы белсенділігінің күшеюі тән.

Жасырын кезеңі-белгісіз,өйткені инфекция латентті түрде өтеді.Вирусемия кезінде ЦМВ-н ДНҚ молекулаларын моноциттерде,лимфоциттерде нейтрофильдерді табуға болады.Мононуклеарлық жасушаларға қарағанда ЦМВ-тың нуклеарлық фагоциттерге тропизмділігі басымырақ.Ауру көпжағдайда симптомсыз өтеді,бирақ кейде ұзаққа созылған қызба және жеңіл түрде гепатит,жиі тамақтың ауырснуымен көрінеді.

Диагностика. зерттеуге несеп,қан,мұрыннан жұғынды алынады.Соңғы кезде ПТР қолданылады.Зерттеуде СМV Ig M анықталады.

Иммунитеті. Гуморальдық және жасушылық иммунитеттер қалаптасады.

Емдеуі. Симптоматикалық емдеу шаралары және арнайы препараттар қолданылады:ацикловир,иммуномодулятор,фоскарнет және интерферон индукторы.

Алдын алуы. Аттенуацияланған тірі вакцина(моновакцина Дивакцина.(қызамыққа қарсы вакцинамен бірге)

 

 

 

Герпестік инфекция

Герпес вирустар биологиялық қасиеттері бойынша 3 үлкен топқа бөлінеді: α, β, γ (Aephaherpes-vieinae, Betaherpesvirinae, Yamma-herpesvirinae). Олардың ішінде вирустар тип бойынша бөлінеді: Адамдар арасында кең таралған І,ІІ типтері (α) –HSV-1; HSV-2 (simplex-қарапайым);ІІІ типы-VZV (zoster)-желшешек пен белдеуленген лишайды тудыратын вирус.ІV типы-Энштейн-Барр вирусы (EBV) (γ)-инфекциялық мононуклеоздың қоздырғышы.V типы-цитомегаловирус (ZMV) (B), цитомегаловирусты инфекцияны тудырады.VI-VII типтері-лимфа жүйеге өтіп, иммунитеті төмен адамдарды келесі жағдайларға ұшыратады: генерализденген түрлері, энцефалиттер, пневмониялар, лимфаденопатия.VII типы- созылмалы шаршағыштық синдромының себебі деген ғылыми пікірлер бар.VIIІ типы (γ-типы) – 1994ж. ашылған. Тудыратын аурулары (иммунды жетіспеушілік кезінде) саркома Капоши, біріншілік лимфомалар, Kастлеманн ауруыҚарапайым герпес (HSV І-ІІ типы) көбінесе тері және шырыш қабаттарының зақымымен өтеді, кейде ОНЖ, көз, ішкі ағзаларға түсіп өршуіне тиісті.

Ұшықтың 2 түрі ажыратылады.

ü Жай ұшық, оның бірнеше түрі бар: тері ұшығы, ауыз қуысы ұшығы, жыныс ұшығы, көз ұшығы, т.б. Аурудың бұл түрі нәрестеге алғашқы күндері-ақ жұғады, бірақ сәбидің анасынан алғаниммунитетінің нәтижесінде бір жасқа дейін ауру белгісі білінбейді. Баланың бұл қорғаныш қасиеті бір жастан кейін әлсірейді де, өзіне қолайлы жағдай туса болды, вирус күшейіп, ауру туғызады. Организмге түскен жай ұшықтың вирусы адамның денесінде өмір бойы сақталады. Аурудың белгісі: ұсақ, тұтасқан, түссіз көпіршіктер.

ü Белдеме ұшығы (кейде мұны белдеме теміреткісі деп атайды), ол жел шешек вирусының жұғуынан шығады. Ұшықтың бұл түрімен тек үлкен адамдар ғана ауырады. Дерттің қоздырғышы тек адам терісін ғана емес, жүйкені де зақымдайды, сондай-ақ бұл кезде бас ауырады. Вирус түскенжергежақынжатқан лимфа түйіндеріісінеді, науқастыңқызуыкөтеріліп, адамәлсізденеді. 6 — 8 күнненкейінкөпіршіктеркеуіп, қабыршақтанабастайды. 2 — 5 аптаданкейін ауру толықтайжазылыпкетеді.

 

Этиологиясы.

Құрамында Herpesviridae тұқымдасына жататын Herpes simplex вирусы бар ДНК. Ең көп тарағаны – 1-тип (ерінге ұшық шығады), ал 2-типтегі вирусқа гениталиге (жыныстық ағзалар) шығатын герпес және жаңа туған нәрестелердің генерализацияланған жұқпалары жатады.Вирустың жиі зақымдайтын жерлері:тері мен сілемейқабықтар (герпесті экзема, герпесті гингивостоматит, лабиалды герпес, герпесті панариций)көз – герпесті кератоконъюктивитжыныс ағзаларының сілемейқабықтары – генитали герпесіорталық нерв жүйесін – герпесті энцефалит, менингит. Герпес жұқпасы терісі герпеспен зақымдалып, ашық жарасы бар адаммен тығыз қатынаста болу арқылы жұғады. Герпес вирусы тері тіндеріне тез орналасып, жылдам көбейе бастайды. Оның асқынуы адамның иммунитет жүйесіне байланысты.

Клиникалық көрінісі. Бөртпе пайда болғанға дейін 1-2 күн бұрын немесе бөртпенің пайда болуымен бірге ісік, терінің қызаруы, ашуы және қышуы пайда болады. Герпес ауруының типтік және атиптік түрлері бар. Терінің қарапайым герпесінің типтік түрінде көптеген түйіншектер пайда болады, кейін олар ішінде мөлдір сұйықтығы бар қапшықтарға айналады (сулы бөртпелер немесе күлдір бөртпелер). Олар 2-3-еуден бастап ондаған сандарға жетуі мүмкін. Өлшемдері 1-4 мм болады, кей кездері бірігіп, көп камералы күлдірлерге айналады. Бірнеше күннен кейін күлдір ішіндегі сұйықтықтың түсі өзгеріп, лайланып, тілген кезде эрозия пайда болады. 3-5 күннен кейін сарғылт қоңыр түсті қабыршаққа айналады, оның астынан жаңа тері пайда болады. Аурудың басталғанынан 3-5 күн өткеннен кейін регионарлы лимфаденит байқалуы мүмкін.Аурудың жергілікті белгілерінен басқа да, әсіресе, балаларда жалпы интоксикация белгілері болады: әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы және т.б.. Аурудың басталғанынан 6-9 күннен кейін қотыр түсіп, оның орны дақ болып қалады, бірақ ол уақыт өте кетеді. Типті кездерде барлық үрдіс 1-2 апта бойы жалғасады.

Қорытынды:

Соңғы кезде жер шары тұрғындарының арасында әртүрлі типті вирустар туындатқан аурулардың саны көбеюде. Сондай аурулардың бірі – қарапайым герпес вирусы туындататын аурулар. Жер шары тұрғындарының 90%-на қарапайым герпес (ұшық) вирусы жұққан және олардың 25%-да ауру белгілері білінеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:


Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 606 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)