АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Цитомегаловирусты инфекция этиологиясы. Негізгі қоздырушысы— вирус-Herpes viridae
Негізгі қоздырушысы— вирус-Herpes viridae. Бұл вирустың екі серотипі бар. Цитогендік әсер етеді және көбейгенде гигантты клеткалар пайда болады. Бөлме ішіндегі температураға тұрақты, ал эфирге, дезерітінділерге сезімтал болып келеді.
Цитомегаловирусты инфекцияның эпидемиологиясы
Цитомегаловирусты инфекциябарлық жерде таралған. Жұғуы: қан, сілекей, зәр, ана сүті, шәует және басқа сұйықтықтар арқылы жұғады.
Балалардың құрсақ ішілік және постнатальды даму кезінде кіру жолдары:
плацента, тері, шырышты қабаттар, тыныс жолдары болуы мүмкін. Сондай-ақ қан құю және мүшелерді ауыстыру кезінде цитомегаловирусты жұқтыру жағдайлары кездескен. Цитомегаловирустың кеңінен таралғандығын медициналық статистика сандары көрсетіп отыр 10—15% жасөспірімдерде және 50% 35 жастан жоғары адамдарда цитомегаловирусқа антителдар анықталған. Әрине цитомегаловирусты тасымалдаушы әрбір адам ауру деп санала бермейді. Көбінесе цитомегаловирус өз тасымалдаушысына ешқандай қиындық тудырмай оның ағзасында ұзақ жылдар бойында өмір сүріп жүре береді. Кейде ауру қарапайым суық тиюге ұқсас түрде көрінеді. Бұл жағдайда тығыз қарым-қатынаста вирусты басқа адамдарға беруі мүмкін.
Цитомегаловирусты патогенезі Цитомегаловирус организмге енген соң қанға түседі, не болмаса лимфоидты мүшелерге, мононуклеарларға барады. Бұл кезде вирус персистентті жағдайда болады. Вирустың әсерінен жасуша ішіндегі ДНК, РНК, белок синтезі басылады. Клетканың мембранасы мен хромосомды аппараты өзгереді. Осылардың әсерінен клетка біртіндеп өледі. ЦМВИ организмге токсикалық әсер етеді, сондықтан ДВС синдромы және бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі дамиды.
Вирус дені сау адамның қанына түседі және көзге көрінетін иммунды жауапты туғызады, ол дене қарсылығының – ерекшелік қорғаныш белоктарының – иммуноглобулиндер М (Anti — CMV — IgM), сондай-ақ жасушалы – вирустарға қарсы басты қорғаныш реакциясының пайда болуымен білінеді. CD4 және CD8 лимфоциттер цитомегаловирустарға қарсы қуатты белсенділікке ие болады. Сондықтан да жасушалық иммунды жауаптың сырқыраған кезінде, мысалы ЖИТС кезінде CD4 лимфоциттері пайда болуының бұзылуы кезінде цитомегаловирусты инфекция белсенді түрде дамып, бұрынғы жасырын инфекцияның реакцияға түсуіне әкеледі. Цитомегаловирусқа қарсы М иммуноглобулины, шамамен жұқтырылғаннан кейін 4-7 аптадан кейін пайда болады және қан құрамында 16-20 апта бойына болады. Бұл мерзімде осыларды қан құрамынан анықтау, бастапқы цитомегаловирусты инфекцияның айғағы болуы мүмкін. Содан кейін М иммуноглобулиндерG (Anti — CMV — IgM) иммуноглобулинымен ауыстырылады, бұл осыдан кейінгі бүкіл ғұмыры бойына сондай не өзгедей дәрежеде қан құрамында болады.
Цитомегаловирусты инфекцияның клиникалық көрінісі
ЦМВИ: туа пайда болған және жүре пайда болған деп бөлінеді. Ағымы бойынша: жедел және ұзақ созылмалы түрлері бар. Туа пайда болған цитомегаловирус негізгі симптомдары, құрсақ ішілік жұғу кезінде патологиялық өзгерістердің ауырлығы ұрықтың жетілу дәрежесіне байланысты. Жедел ЦМВИ жүкті әйелдің алғашқы 20 апталығында нарестенің ауыр патологиясына, соңында өздігінен түсікке, құрсақ ішілік өлімге, өлі туылу, ақау және т.б. пайда болуына алып келеді. Манифесттік формасы ЦМВИ жаңа туылған нәрестелерде гепатоспленомегалия, тұрақты сарғыщтану, геморрагиялық-дақты папулезді бөртпе, айқын тромбоцитопения, қанда АЛТ және байланысқан билирубиннің жоғарылауы, эритроциттердің гемолизі. Нәрестелер жиі шала туылған, салмағының жеткіліксіздігімен құрсақ ішілік гипоксия белгілерімен туылады. ОЖЖ бұзылысымен микроцефалия, жиі гидроцефалия, энцефаловентрикулит, тырысу синдромы, естудің төмендеуі болады. ЦМВИ-негізгі симптомы туа пайда болған кереңдік. Сондай-ақ энтероколит, интерстициальды нефрит, сілекей бездерінің фиброзы, көру нервінің, ДВС синдром және нәрестенің өліміне әкеледі. Жүре пайда болған цитомегаловирусты инфекция: Бұл ересек жастағы балаларда кездеседі. Жиі мононуклеозға ұқсас синдромдармен өтеді. ЦМВ мононуклеоздық шынайы белгілері: енжарлық, бас ауру, миалгия, ұзаққа созылған дене қызуының көтерілуі, бауыр функциясының бұзылуы, гепатоспленомегалия, атипикалық лимфоцитоз. Ауыр түрінде асқынулар болуы мүмкін-ол интерстициалды өкпенің қабынуы, миокардит, энцефалит, менингит, гепатит. Жайылған цитомегаловирусты инфекция. Барлық органдарды зақымдайды, соның ішінде бірінші болып зақымдалатын өкпе болып табылады. Біртіндеп құрғақ немесе ылғалды жөтел, айқын ентігу, интоксикация белгілері көріне бастайды. Рентгенологиялық зерттеулер бастапқыда көрініс бермейді кейін инфильтративті көлеңкелер пайда болады. Өкпенің зақымдалу деңгейі пневмониядан фиброздалған бронхиолитка дейін зақымдалады.
Цитомегаловирусты диагностикалау әдістер і: Цитологиялық Вирусологиялық Серологиялық ПЦР Цитологиялық-зақымдалған клеткаларда ауруға тән қосындылар болады(цитомегаловирустарды зәр тұнбасынан, сілекейден, ликвордан, қақырықтан табу мүмкін). Вирусологиялық— әр түрлі биологиялық сұйықтардан вирус бөлінеді. Қазіргі кезде вирустың ДНК сын табу үшін ПЦР реакциясы қолданылады. Серологиялық— РСК, РН, РПГА, ИФА. Ең сенімді әдіс ИФА болып табылады. Онда спецификалық антиденелер IgM,IgG анықталады.
Цитомегаловирусты алдын алу. Цитомегаловирусты инфекцияның алдын алуды, қауіпті топқа жататын адамдарға жүргізген орынды болмақ. Оған АИТВ жұқтырылған, әсіресе ЖИТС бар адамдар; ішкі органдарын трансплантация жасатқан адамдар; басқа да себептерден иммунды тапшылықпен зардап шегетін адамдар жатады. Өте тиянақты түрде жеке басы гигиенасының ережесін сақтаудың өзі, цитомегаловирусты жұқтырмауын болдырмауға мүмкіндік бермейді, себебі, вирустар барлық жерге бірдей тарайды және әуе-тамшысы жолымен беріледі. Сондықтан да қауіпті топтағы науқастар бойындағының алдын алу, вирусқа қарсы препараттармен: ганцикловирмен, фоскарнетпен, ацикловирмен жүргізіледі. Бұдан бөлек, ішкі органдары мен жұлын ауруының қайталанғандары арасында цитомегаловирусты инфекцияның пайда болу ықтималдығын төмендету үшін, осылардың цитомегаловирусты инфекцияны жұқтырылғыштығын есепке ала отырып, донорларды мұқият іріктеп алу ұсынылады.
Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 570 | Нарушение авторских прав
1 | 2 |
|