АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Итсигек(Ежовник безшестый, Anabasis aphylla)

Кіріспе

Табиғатта адам және мал тіршілігіне керекті өсімдіктермен қатар,олардың өміріне қауіпті улы өсімдіктерде кездеседі.Улы өсімдікетердің таралу аясы өте кең,түрлері алуан түрлі.Олардың химиялық құрамы көптеген ғалымдардың еңбектерінің нәтижесінде айтарлықтай зерттеліп,бөлетін улары,уытты бастамалары анықталған.Дегенмен,әлі де құрамы толық зерттелмеген өсімдіктер баршылық.

Өсімдіктердің барлығы бірдей улы әсер етпейді.Арасында емдік мақсатта қолданылатын өсімдіктерде жетерлік.Бірақ,ғұлама ғалым Парацельс айтқандай,егер белгіленген ереже,мөлшермен қолданылмаса дәрілік заттың бәрі у.

Улы өсімдіктерді мал жемейді.Олардың көпшілігінің өзіне тән жағымсыз иісі,дәмі болады.Жайылымдарға және астаудағы азық қалдықтарына ботаникалық тексеру жүргізген кезде,мұндай азықтардың желінбей,сол қалпында қалғанын көруге болады.Егер улы өсімдіктер басқа азықтармен толық араласып кеткенде(сүрлем,күнжара) немесе қатты ашыққанда,мал азықты талғамсыз жейді.Нәтижесінде мал организмі уланады.

Өсімдік тектес улардың жалпы қабылданған, арнайы жіктелуі жоқ. Тек клиникалық белгілеріне қарай жіктелуі ғалым, И.А.Гусынинның еңбектерінде кездеседі. Бұл жіктелім, өсімдік құрамында кездесетін улы заттарға байланысты:

- Құрамында адкалоидтар бар өсімдіктерден улану: у қорғасын (аконит), ақ тамыр (чемерица), меңдуана (белена), сасық меңдуана (дурман), үй бидайық (плевел), у балдырған (болиголов), тегеуірінгүл (живокость), итсигек (ежовник) т.б

- Құрамында гликозидтер және сапонин бар өсімдіктерден улану ұыша (горчица), қарамықша (куколь), беде (клевер) зығыр (лен), жалынгүл (горицвет), оймақгүл (наперстянка) т.б;

- Құрамында эфир майлары бар өсімдіктерден улану: у сарғалдақ, (лютик), жусан (полынь), шайқурай (зверовой), кенедән (клещевина) т.б;

- Құрамы әлі толық зерттелмеген өсімдіктерден улану: у кекіре (горчак), сүттіген (молачай), қырықұбуын (хвощ) т.б;

- Мәдени және азықтық заттардан улану. Картоп (картофель), қарақұмық (гречиха), жүгері (кукуруза), тары (проса), қызылша (свекла) т.б.

- Техникалық азық қалдықтарынан улану: күнжара және шроттар.

Қазақстанда кездесетін улы өсімдіктерге меңдуана,уқорғасын,ақ тамыр,

бөрібұршақ,итсигек т.б жатады.

 

Негізгі бөлім

Қазақстанда кездесетін улы өсімдіктерге мыналар жатады:

Меңдуана
(Белена, Hyoscuamus)

Меңдуана қара алқа тұқымдасына жатады. Биіктігі 30-150 см сабақтары тік, әрі тарамдалып келген, 2 жылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтары үлкен, кезектесіп орналасқан, тісті, жұмыртқа тәрізді, гүлдері үлкен, орамдалған, көгілдір түсті, жемісі екі ұялы, көп тұқымды, қақпағы ашылатын қобдишаға орналасқан. Пішіні көкнәр тұқымына ұқсас.

Уытты бастамасы. өсімдік құрамындағы алколойдтар - атропин, гиосциамин, гиосцин. Өсімдіктің барлық бөлігі улы әсер етеді.

Патогенезі. Итжидектен улануға ұқсайды.

Құрамында скаполаминнің көп болуына байланысты меңдуана тыныштандырып әсер етеді. Меңдуана балауса жэне кептірілген күйінде де улы. Соның ішінде дәнінің уыттылығы өте жоғары. Жағымсыз иісіне, ащы дәміне байланысты мал жемейді.

Клиникалық белгілері. 2 сағаттан соң уланған мал құлайды, біраз уақыттан кейін кұрысып-тырысу белгілері білінеді, тыныс алғанда сырыл естіледі, аузынан көбік ағып, іші өтеді, көз қарашығы кеңейеді. Дер кезінде көмек көрсетілсе, уланған мал жазылып кетеді. Бұзаулар уланғанда жогарыдағы белгілер мен қатар көзі көрмей қалады.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Меңдуанадан улануға тән патологиялық-анатомиялық белгілер, өзгерісгер жоқ.

Алдын алу. Меңдуанадан көбінесе бұзаулар мен шошқалар уланады. Уланудың алдын алу үшін гүлдемей тұрып, өсімдікті тамырымен жүлып тастау керек. Жайылымды үнемі бақылауда ұстаған жөн.

Уқорғасын

(Аконит немесе борец, Aconitum)

Уқорғасын (Аконит немесе борец, Aconitum) - әлемдегі ең улы өсімдіктердің бірі болып табылады. Бұл көпжылдық шөпте- сін өсімдіктердің сарғалдақтар туысына- Ranunculaceae жатады. 80-ге жуык түрі белгілі; ТМД елдерінде 50-ге жуық түрі кездеседі. Осылардың ішінен жоңғар уқорғасыны, қаракөл уқорғасыны жэне дэріханалық уқорғасын үлкен токсикалогиялық көзқарасқа ие.

Улы бастамасы. Барлық уқорғасындардың эсер ететін бастапкы негізі алкалоиды аконитин болып табылады (ацетилбен-золиаконин). Ол өсімдіктің барлық бөліктерінде кездеседі. Аконитиннен басқа өсідік құрамынан баска да алкалоидтар табылған. Олар: аконифин, зонгорин, караколин, караколидин, зонгорин, норзонгорин, талатизин, талатизамин, талатизидин, изоталатизидин сияқты алколоидтар. Олар өсімдіктерде біркелкі орналасқан.

Токсикалогиялық мэні жэне мөлшері. Жайылымды жер- лерде (орталық Азия) уқорғасынды басқа өсімдіктермен шата- стырып жеп коюына байланысты жануарлардың, соның ішінде, қойлардың жиі улануы, ал сирек жағдайда ірі қаралардың жэне жылқылардың улануы кездеседі.

Өсімдіктер балауса жэне кептірілген түрінде де улы.

Патогенезі. Уқорғасынның уытты қасиетінің жоғары екені бұрыннан белгілі болғанына қарамастан (алкалоидтар француз химигі Пешьмен зерттеулері нэтижесінде 1820 жылы белгілі болтан, ал таза күйінде неміс токсикологы Гейгор жэне Гессе 1838 жылы бөліп алған), олардың уытты эсер етуінің механизімі толық зерттелмеген. Алкалоидтар ағзаға қандай түрде, қалай енгізілсе де жеңіл сіңіріледі жэне алғашқыда қоздыру тудырады. Содан кейін холинорецепторларды, сонымен қатар, Н-холи- нореактивтердің қаңқалық бұлшықет жүйесін тежейді.

Клииикалық белгілері. Уланудың белгілері алғашқыда қат- ты мазасызданумен, сілекейдің көп бөлінуімен, қүсумен, жиі нэжіс бөлумен жэне несеп шығарумен сипатталады. Дем алуы қиындайды, жиілейді, сырылдар пайда болады. Жүрек кызметі, тамыр соғуы әлсіреп жиілейді жэне аритмия байқалады. Көз қарашығы алғашқыда тарылады, содан кейін кеңейеді. Барлығы күшейіп, жалпы әлсіздікке әкеліп соқтырады, жануар құлап, тұралмай қалады. Бұлшық еттер тырысып-құрысады, бұл кезде дене температурасы 1-1,5С°-қа көтеріледі. Күйістілерде тимпа- ния туындайды. Бірте-бірте ауырсыну сезімі жэне түйсік сезімі жоғалады. Тырысып-бүрісудің нэтижесінде жануардың тыныс алуы тоқтап, өледі.

Паталогиялық- анатомиялық озгерістер айқын емес. Эпикардтың астында нүктелік канталаулар кездеседі, өкпесі ісінеді. Уакыт өге келе жіті гастроэнтерит байқалады.

Жануарларды союға мәжбүр болған жағдайда ішкі мүшелері жарамсыздыққа (утилизацияға) жіберіледі, етін шартты түрде тамаққа колдана береді.

Алдын алу. Жануарларды уқорғасынмен азықтануына жол бермеген жөн

Бөрібұршақ

(Люпин, Lupinus)

ТМД елдерінде тек қана мәдени түрлері кездеседі. Биіктігі 100-150 см. сабағы тік, тамыр жүйесі өзектенген, тарамдалған, топыраққа терең еніп түрады. Жапырақтары кезектесіп орналасып, жіңішке келіп, сабаққа бекінген. Гүлдері эртүрлі түсті, тік түрған шошаққа жиналған. Түқымы 3-5 үрықтан түратын, көлемдері, пішіні эртүрлі бұршақ. Тұқыммен көбейеді.

Улы бастамасы. Өсімдіктердің барлық бөліктерінде температурасы тұрақты және суда жақсы еритін уытты люпинин, лю- панин, люпинидин, спартеин, гидроксилюпанин, ангустофолин алкалоидтары кездеседі. Алкалоидтардың ең көп жинақталатын жері ұрығында, сондықтан олар жануарларға, әсіресе, піскен кезінде жэне піскеннен кейін өте қауіпті.

Бөрібұршақтың дәніне қарағанда жасыл бөлігінде алкалоидтар шамамен 5-10 есе аз, ал сабанда жасыл бөлігіне қарағанда 4-5 есе көп.

Токсикологиялық мэні және мөлшері. Бұршақ гұкымдас- тылардың ішінен люпин азотфиксацияға (азотты өзіне жинау) бейімділігімен ерекшеленеді. Вегетативті бөліну кезінде ол өз бойына Іга-ға шаққанда 150-200 кг дейін азот, фосфор, калий және т. б. заттарды жинайды. Сонымен катар, люпин ақзатқа бай келеді. Жасыл массасының күрамында протеин 20%, ал дэнінде 40% құрайды.

 

Люпиндерді тұқымындағы алкалоидтардың мөлшеріне байланысты алкалоидсыз (0,025%-ға дейін), аз алка- лоидты (0,025% - дан 0,1%-ға дейін) жэне алкалоидты немесе ащы (0,1%-дан көп) деп бөледі. Азықтык максатта тек кана алкалоидсыз жэне аз алкалоидты түрлерін қолданады. Жануарлар үшін люпиннің дәндері, жасыл массасы, пішендемесі, сүрлем, сонымен қатар оларды астық жиналғаннан кейін сол жерге жаю (әсіресе шаруашылықта сортын төрт жылға дейін жаңартпаған жағдайда) өте кауіпті.

Ірі қара малдар үшін алкалоидтардың уытты мөлшерін 20 мг/кг, ал өлтіретін мөлшері- 30 мг/кг дейін. Түқымындағы жэне сабағындағы алкалоидтардың кауіпсіз дэре- жесі 0,06% дейін. Алайда люпин жануарлардың негізгі азығы болғандықтан жэне оны жануарлар жақсы жейтіндіктен, олар- дың жаппай улану жағдайлары да жиі кездеседі.

Патогенезі. Люпин алкалоидтары орталық жэне шеткі жүй- ке жүйесіне уытты эсер етіп, қысқа уақытта негізгі орталықтар- ды қоздырып, соның ішінде, тыныс алу жэне қозғалтқыш жүй- келердің холинорецепторларын салдандырады. Сиырларда жэне бұзауларда жиі кетоз дамиды. Созылмалы улану кезінде (люпи- ноз) мырыштың жетіспеуінен жэне селен мен мыстың кумуляци- ясы күшеюінен бауыр зақымданады. Уланып жазылған жануар- ларда люпинге сезімталдығы жоғарылайды, ол бір жылға дейін сақталады.

Клиникалық белгиері. Жіті улану кезінде жануарларда кысқа уақытты мазасыздану жэне қозудан кейін терең күйзеліс лайда болады. Олар бастарын салбыратып, кейде астауға немесе қабырғаға сүйеніп ұзак түрады. Уланған күннен бастап жануар- лардың тәбеті жойылады. Нэжіс бөлінуі бүзылады. Алғашында іші катып, содан кейін іші өтеді.

Бірте-бірте жүрек жэне тыныс алу қызметі бүзылады. Дене температурасы жоғарылайды. Ең негізгі белгісі кілегейлі қабыктардың сарғаюы. Мал арықтайды. Уланудың 2-5-ші күнінде уланган мал асфиксиядан өлімге ұшы- райды. Созылмалы улану жануарлардын тәбетінің төмендеуі- мен, жалпы қатты күйзелумен, кілегейлі кабықтарының сар- гаюымен, сиырлардың сүт өнімділігінің төмендеуімен, жазда күнге шыкканда тері астында ісіктердің пайда болып, соңы некроз ошақтарына айналуымен сипатталады. Акырындап жануар арыктап, жүдейді.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Жануарларды сой- ғанда ең біріншіден көзге түсетіні кілегейлі қабықтардың жэне ішкі мүшелердің сарғаюы. Бауыры үлғайған, солған, майлану жэне белокты дистрофиясы көрінеді. Созылмалы жағдайда колем! үлғайған, тьн ыз, беті тегіс емес (цироз). Бүйректері жэне бүйректің беткі кабығы майлану дистрофиясына үшыраған, жүрек бұлшык еттері солған, өкпесі ошақты ісінген.

Ішек-карын жолдарының жэне қуықтың кілегейлі кабыктары геморрагиялық кабынған.

Алдын алу. Құрамында 5% жоғары алкалоиды бар дәндерді себуге жол берілмейді. Шаруашылыкта кем дегенде төрт жыл- да бір рет өсімдіктің сұрыпын жаңарту кажет. Азык рационында люпиннің жасыл массасының 30%-дан жоғары болмағаны абзал.

 

Астык, сабан жэне сүрлемнің қүрамындағы алкалоидтарды анықтағаннан кейін ғана олармен азыктандыру керек. Сондай- ақ, егінді жинағаннан кейін, ол жерге малды жоюға, люпинозбен ауырған жануарларға 2 жылға дейін люпинді азықтарды жеуге жол бермеген жөн.

Итсигек(Ежовник безшестый, Anabasis aphylla)

Итсигек (Ежовник безшестый, Anabasis aphylla) - биіктігі 30-80см, жартылай бұталы, көпжылдық өсімдік. Сабақтары жа- лаңаш, жапырақтары майда, қысқа, гүлдері де майда, сарғыш- жасыл түсті, масақ тэрізді жиналған. Түқымы шырынды. Көбі- несе қүмды, тасты, сор жерлерде өседі. Еуропалық бөліктер, Оң- түстік-Шығыста, Орталык Азияға, Қазақстанға кең таралған. Бұл өсімдіктің Қырғызстанда 9 түрі кездеседі.

Улы бастамасы. Анабазин, афиллин, афиллидин, люпинин жэне басқа да алкалоидтар негізінен өсімдіктің жасыл күйінде кездеседі. Алкалоидтардың өсімдіктер құрамында мөлшері то- пыраққа, климат жағдайларына байланысты. Көптеген авторлар алкалоидтардың өсімдіктің жасыл сабағындағы мөлшерін 3-5 % дейін жетеді деп көрсеткен.

Токсикологиялық мэні жэне мөлшері. Бұл өсімдік негізінен қойларға өте қауіпті, бірақ ірі кара малдардың да улану жағдай- лары кездескен. Бұл көбінесе жайылымы сирек жерлерде болады. Итсигектің қүрамында 0,66% дейін ас тұзының болуына байланысты дәмі тұзды, ащы келеді. Анабазиннің қойлар үшін өлгіретін дозасын 1 басқа 70-150г құрайды, ал алкалоидтар мөлшері дене массасына 40-60мг/кг. (Серов В.М., Егошин С.Б, 1971).

Патогенезі. Анабазин никотинге ұқсас, аз мөлшерде қоздырады, ал көп мөлшерде бүйрек үсті безінің ми қыртысын, вегетативтік ганглийлерді, орталық нейронаралық синапстардың никотиндік рецепторларын блокадалайды.

Бұдан орталық және шеткі жүйке жүйесінің қызметі бірден бүзылады. Анабазин сульфатын өсімдіктерді қорғау үшін жоғары әсерлі инсектицид сияқты қолдану кездейсоқтык емес.

Клиникалық белгілері. Қойларда итсигек жегеннен кейін 2-3 күннен соң, күйзелу байқалады, қатты сілекей бөлінеді, қаңқа, бұлшық еттері дірілдейді.

Түймешетен. Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын, көп жылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 1 метр, жапырақтары түсті, шетен ағашының жапырақтарына ұқсайды. өзіне тән камфораға ұқсас иісі бар: құрамындағы эфир майы гүл шоғырында 1,5-2% жапырақтарында 0,2-0,6% ға дейін болады. Бұл майдың 47% - ы туйлон затынан тұрады. Май құрамында 1% камфора, бор және пинен, сонымен қатар, альколоидтар, органикалық ұышқылдар бар. өсімдіктің токсикологиялық қасиеті бар эфир майына байланысты, ол жергілікті жерге тітіркендіріп әсер етеді.

Клиникалық белгілері. Басында қатты қозып, кейіннен депрессия байқалады, көруі нашарлайды, уланған мал басында мазасызданады, кенеттен жабырқайды. Көз қарашығы тарылып, көруі нашарлайды, іші кебеді, құсады. Улану іш тастауға әкеліп соқтырады. Мал бір тәулік ішінде өліп кетуі мүмкін.

 

Емі. Іш айдағыш дәрілермен азық қалдығын шығарып тастап, содан кейін симптоматикалық ем жасайды, жануардың жағдайына қарай, ем қолдану керек.

Жусан (полынь). өсімдіктер түрлері өте көп. Қазақстанда 81 түрі өседі, бірі-бірінен морфологиялық ерекшеліктері бар. Көпшілігін дәрілік зат түрінде пайдаланылады. Қазіргі уақытта тек тавриялық жусанның ғана улы әсер ететіндігі белгілі. Үй жануарлары ішінде жылқы сезімтал келеді. Тавриялық жусанның летальды мөлшері жылқы үшін 500-700г, улану белгілері 200-500г жегеннен кейін байқалады.

Клиникалық белгілері. Улану ірі қара, және ұсақ малда жіті, созылмалы түрде өтеді. Кілегей қабықтар бозаруы, зәр құрамында ақ зат табылған.

Жылқыда. Мал жалпы қозады, қорқақтық байқалады, тері сезімталдығы жоғарылайды, алға ұмтылу, соғылу. Басын жерге ұрады, тісін шықырлатады. Терісі ылғалданады, тыныс алуы салданып, тоқтауға әкеледі.

Патологиялық өзгеріс. Улануға тән патологиялық өзгерістер болмайды. Кілегейлі және сірілі қабықтар (жүрек, плевра, қуық) және де ми ұлпасында қан ұюлар кездеседі. Катаральды қабынулар. Бүйрек, бауыр және юұлшық етте дегенерациялық өзгерістер байқалады.

Емі. Уланудың жіті түрінде тыныштандырғыш заттар береді. Симптоматикалық ем. Жылқы жусанмен уланғанда П.Н.Будников мынадай у қайтарғыш ұсынды: 15-30г марганец қышқылды калиймен бірге 60-100г қос көмір қышқыл содасын 3-6 литр суда ерітіп, танау зонд арқылы енгізеді. Тік ішек арқылы 50-70г хлоралгидратты кілегейлі қайнатпа ретінде енгізеді тері астына кофейнді егеді.

Балау. Жусанмен улану жылқының инфекциялық энцефаломиелитіне ұқсас келеді. Улану күшті өтеді, ауыз қуысы сарғаяды, жусан иісі шығып тұрады.

Болжау. Уланудың жіті түрінде эпилептиформды құрысып тырысу дене қзуының көтерілуі (40С) терлеу болса болжам жағымсыз. Тырысып-бүрісі дене қызуы көтерілмесе, созылмалы түрінде жазылады.

Мал шаруашылығы саласында кейбір жағдайларда азық ретінде картоп, қарамықша, тары сияқты өсімдіктерді пайдалануға тура келіп, дұрыс азықтандырмаудан малдар улануы мүмкін. Осы себепті бұл жағдайды токсикоз ретінде қарастыруға болады.

Мысалы жүгерідегі нитриллгликозидтердің, ал картоппен және жабайы алқа тұқымдастарымен азықтандырғанда, олардың құрамындағы солониннің жинақталуынан улану туады.

Картоппен улану. Вегетациялық белгілі бір фазасында көптеп ерекше зат – гликозид солонин бөледі. Оның ерекше бөлу себебі гликозидтікте, алкалоидтықта (солонидин) қасиет көрсете алады. Сондықтан ол гликоалколоидтарға жатады.

Солонин картоптың, қызанақтың, баклажанның және т.б. да алқа тұқымдастардың құрамында болады. Солониннің токсикологиясы. Солонинді 1820 жылы көрнекті ғалым Деффос ашқан.

Солонин суда және эфирде ерімейді, спиртте және ыстық суда әлсіз ерид, ал 1-2% қышқылда өте жақсы ериді. Солонин күйдіргіш, ащы дәмді, кристалды түрде болады.

Солониннің гликозид ретінде қайнату кезінде құрамы бұзылса, ал алкалоид солонидин өзгеріссіз қалып, улану белгілерін тудырады. Солонин теріні қабындырып, құрғатады және тітіркендіріп әсер етеді. Солониннің барлық әсері бүйректің зақымдануына (қатерлі нефрит), гастритке әкеп соқтырады. Сонымен қатар, тыныс алу мүшелері, жүрекөқан тамыр жүйесі зақымдалынады.

Құсу процессі тән болғандықтан шошқалар солонинмен көп уланбайды. Қанға жиналған солонин сапонин секілді әсер етіп, эритроциттерді гемолиздейді. Нәтижесінде несеп қызыл түстеніп кетеді.

Зертханалық тәжірибеде: қоянға 0.02г вена арқылы енгізгенде уланса. Аз мөлшерін (0.01) жылдам енгізсе өлімге ұшыратады, ауыз арқылы енгізілген 0.06-0.12г солонин қоянға өлтіре әсер етсе, итті 0.6г жіті уландырады 0.005г мөлшерін венаға енгізсе ит өлімге ұшыратады.

Клиникалық елгілері. Солониннен улану жіті, жітілеу, созылмалы түрде өтеді. Бұл азық құрамындағы гликоалкалоидқа және жануарлардың сезімталдығына байланысты өтеді. Жіті түрінде – жүйке жүйес ізақымданады;

Жітілеу - жүйкелік-гастриттік белгілері;

Созылмалы- гастритке ұшырайды және тері зақымдалады.

Ірі қара мал – құрамында солонині бар өсімдікті жегенде бірнеше сағаттан соң уланып, салданып, өлімге ұшыратады, жүйке жүйесі зақымданады. Қатты уланғанда сілекей ағады, іші кебеді, іш өту, тері сезімталдығы төмендейді.

Жіті уланғанда – ас қорыту жолы қабынып, 2-3/ күнде өлімге ұшыратады. Ірі қара терісінің әр жерінде экзема (бөртпе) п.б. тұяқтары жарылып, жүре алмай ауырсынады, жалқы аяқ ағады. Улану белгілері ұқсас.

Ірі қараны көп мөлшерде ботвамен (өсімдіктің жер үсті бөлігі) азықтандырса атония, бауырдың зақымдануы, жүйкелік өзгерістер, кальций алмасуының бұзылуы, тері экземасы, сондай-ақ, іш тастау байқалады. Барданы көп бергенде терінің ойық жарасы (язвасы), гангрена, іріңді артрит, стоматит, асқазан қызметінің бұзылуы, дене қызуының көтерілуі, арықтау мен сепсиске әкеп соқтырады.

Ұсақ малдар. Солонинге қойлар төзімді, анемияға, уремияға, қошқарда ен қабы (препуция) қабынуына соқтырады. Ешкі өте сезімтал.

Шошқа. Солонинмен улану шошқаларда жиі кездеседі. Гастрит, жүйкелік зақымдану, іш өту, салданып 2-3/ күнде өлімге ұшыратады.

Жылқы. Басқа жануарлармен салыстырғанда едеуір сирек байқалады. Уланудың жүйкелік-гастриттік едәуір жиі байқалады. Нәжісі сұйық, түсі қоңыр-қызыл, құрамында кілегейлі масса болады. Кейде шаншу байқалады. Бүйрек қабынғанда зәр құрамында белок көбейеді, сірілі қабықтары қызарып, қанталайды.

Балау. Анамнез, клиникалық белгілерін талдау. Ірі қара улануы, аусылға, шошада обаға ұқсас келеді.

Болжам. Көпшілік жағдайда сауығады. Тек қана ірі қараның улануының экзантематозды формасы ғана сепсиске айналып кететіндіктен қауіпті, гастриттік түрде өткенде шығынға ұшырайды.

Емі. Негізгі ветеринариялық іс шаралар. Вератрин – 0.02-0.03г спиртке қосып тері астына енгізуге. Гастрит кезінде іш өткізгіштер (кастор майы) және тұтқыр заттар (танин) қолданады. Ішке 20-30% глюкоза ерітіндісін 500-1000 мл енгізу керек. Глюкоза ерітіндісін бір рет енгізудің өзі салдануды тырысуды қалпына келтіреді. (ихтиол, креолин т.б) кофейн, камфора ұолданады.

Патологоанатомиялық өзгерістер. әртүрлі формада өтуіне байланысты. Жүйкелік форманың патологиялық өзгерістері көзге көрінбейді.

Алдын алу шаралары. Картоп қайнатындысының суын малға беруге болмайды. Буаз малға шикі картоп барда берілмейді.

Мәдени және жабайы өсімдіктердің арасында топырақтан өз бойына көп мөлшерде азоты нитрат немесе нитрит түрінде жинақтайтын түрлері көптеп кездеседі.

Қызылшадан улану белгілері

Ірі қара малда жіті түрде өтеді. Кейде нәжіске қан аралас болады. Шошқаларда улану ірі қараларға қарағанда тез өтеді. Бұл шошқалардың сезімталдығын жоғары екендігінің дәлелі. Денесі сіріесіп шығынға ұшырайды.

Балау. Клиникалық көрініс пен анамнез мәліметтеріне қарап қойылады.

Болжам. Шошқаларда қолайсыз, шығын көп боады. Қанға метилен көгін енгізгенде жақсы нәтиже беруі мүмкін. Оны малдың 1кг салмағына 0.01-0.02г есебінен 2% дық ерітіндісін құлақ көк тамырына енгізеді.

Патологоанатомиялық өзгерістер. Кілегей қабығы бозарған. Паренхиматозды мүшелер қан тамырлары қанға толған. Қан қара немесе қара күрең түсті нашар ұйыйды. Ішектер геморрагиялық қабынған.

 

Қорытынды

Мәдени және жабайы өсімдіктердің арасында топырақтан өз бойына көп мөлшерде азоты нитрат немесе нитрит түрінде жинақтайтын түрлері көптеп кездеседі.

Қызылшадан басқа – нитрат жинақтайтын астық тқымдастар: қара бидай, сұлы, арпа бидай, жүгері, күнбағыс т.б. жатады.қант қызылшасының үстіңгі бөлігін кесіп, сабағымен азықтандырғанда ауыру туындайды. әсіресе шірігенде қауіпті.

Шошқалар қызылшаны шикідей жегеннен уланбайды. Қызылшаны нашар булағанда, баяу суытқанда қызылша құрамындағы азот қышқылы тұздары денитрификацияға ұшырайды да күшті уларға жататын нитриттер түзіледі.

Нитриттер кәдімгі қызылша шикі күйінде шірігенде түзіледі. Ірі қара мал шіріген қызылшаны жеп қойса улану туындайды. Шошқалар үшін қызылшамен ас тұзынан улану ең қауіпті болып саналады.

Улы өсімдіктер құрамындағы әсер ететін уытты заттарына байланысты жіктелгенімен – құрамында алкалоидтары не гликозидтері бар өсімдіктердің бірі орталық жүйке жүйесіне әсер етсе бірі, бауырға, ал келесі біреуі ас қорыту және тыныс алу жүйесіне әсер етуі мүмкін.

Алколоидтар-құрамында азот атомы бар табиғи текті органикалық негіздер; құрамында азоты бар сілті қасиетті органикалық зат; улы және емдік қасиеттері бар (хинин кофеин никотин т.б.)

Улы өсімдіктерді мал жемейді.Олардың көпшілігінің өзіне тән жағымсыз иісі,дәмі болады.Жайылымдарға және астаудағы азық қалдықтарына ботаникалық тексеру жүргізген кезде,мұндай азықтардың желінбей,сол қалпында қалғанын көруге болады.Егер улы өсімдіктер басқа азықтармен толық араласып кеткенде(сүрлем,күнжара) немесе қатты ашыққанда,мал азықты талғамсыз жейді.Нәтижесінде мал организмі уланады.

 


Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 2083 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.015 сек.)