АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Дезинфекция камералары
Дезинфекция
Ауру адамның заттарын өртеу, күлді пайдаланып жуындыру, жараны күйдіру, металл бұйымдары қыздыру және т.б осы сияқты дезинфекцияға байланысты алғашқы тәжірибелер біздің дәуірден көп бұрын аса іске асырыла бастады.
Дезинфекцияның көптеген мәселелерін зерттеуге Н.Н. Доброславин (ласты залалсыздандыру, бұйымдарды дезинфекциялау үшін жоғары қысымды буды пайдалану) В.К.Крупин (өз атымен аталған дезинфекция камерасын құрды).
Кең мағынада «дезинфекция» француздың «des» деген теріс қосымшасынан және латынның enfection (инфекция) деген сөзінен құралады, оны ауру көзі мен қабылдаушы организм арасындағы жұқпалы аурудың қоздырғыштарын беретін жолдарда объектілердегі патогенді микроорганизмдерді (бактериялар, вирустар, риккетсиялар, токсиндер, саңырауқұлақтар-грибтер) жою немесе аулақтау деп түсіну керек. Дәл осылайша қоздырғыштарды тасымалдаушы жәндіктер, кенелер жойылады (дезинсекция) және кеміргіштер де құтылады (дератизация).
Дезинфекция шараларын (олардың көлемі, түрі, мақсаты) іске асыру көпшілік жағдайда жұқпалы аурудың түріне, оның қоздырғышына, әрине, берілу механизміне байланысты болады.
Тыныс жолдарындағы аспирациялық механизмді жұқпалы аурулардың (грипп, скарлатина, туберкулез және т.б) қоздырғышына көпшілік жағдайда ауа-тамшы жолымен, фекальды-оральды механизмді ішек ауруларының қоздырғыштары су, тамақ, қол және ластанған тұрмыс бұйымдары арқылы беріледі. Трансмиссивтік аурулардың (бөртпе және қайталама сүзектер, безгек, кейбір зооноздар және т.б) қоздырғыштары қанда орналасқан, сондықтан олар қоршаған ортаға өздігінен шықпайды, бірақ тасымалдаушы буынаяқтылар арқылы таралады. Жанасу механизмді инфекциялардың қоздырғыштары ауру немесе тасымалдаушымен тұрмыс заттарын бірлесіп пайдаланғанда жаралардың, күйген, үсіген жерлердің ластануы, залалды киімді пайдалану немесе тікелей жанасу (жыныс қатынасы, қол алысу) арқылы таралады. Одан басқа парентеральдық жолдардың да болуы мүмкін. Дезинфекция бөлімдері дезинфекция шараларын жоспарлап, оларды іске асырады, балалар және емдеу-алдын алу мекемелерінде санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіптің сақталуын қадағалайды, оның үстіне медицина бұйымдарын залалсыздандырумен қамтамасыз етеді.
Мақсатқа байланысты дезинфекцияны ошақтық және алдын алу түрлеріне бөлінеді. Ошақтық дезинфекция жұқпалы аурудың (немесе тасымалдаушылықтың) ошағы табылғанда жасалады. Эпидемия ошағында қоздырғыштың көзінің бар-жоғына байланысты дезинфекцияның күнделікті және қорытынды түрлері болады.
Дезинфекцияның түрлері:
Ошақтық дезинфекция Алдын алу дезинфекциясы
Күнделікті Қорытынды
Ошақтық дезинфекция жұқпалы аурудың ошағы табылғанда жасалады. Эпидемия ошағында қоздырғыштың бар-жоғына байланысты дезинфекцияның күнделікті және қорытынды түрлері болады.
Күнделікті дезинфекция науқастың айналасында жасалады, бұны науқасты күтуші адам жасайды, оның мақсаты науқас бөліп шығарған, қоршаған ортаға түскен қоздырғыштарды дер кезінде, сол кезде жою.
Күнделікті дезинфекция жұқпалы аурулар ауруханасында, оңашаланғандарда (изоляторларда), емханаларда, егер ауру өз алдымен келіп емделетін болса, оның мекен-жайында өткізіледі. Бұл жұмыстың мақсаты – қоздырғышты ошақтан шығармау, аурудың маңындағы адамдарды инфекциядан қорғау. Аурудың қайда орналасуына байланысты күнделікті дезинфекцияны медицина қызметкерлері немесе күні бұрын дайындалған ауруды күтуші адамдар жасайды.
Қорытынды дезинфекция ошақтан жұқпа көзі кеткеннен кейін жасалады: науқас ауруханаға жатқызылғаннан кейін, сауығып болған соң, басқа жаққа кеткеннен кейін немесе қайтыс болғаннан кейін. Қорытынды дезинфекцияның мақсаты күнделікті дезинфекциядан кейін қалып қойған қоздырғыштарды жою.
Қорытынды дезинфекцияның мақсаты – ошақтан қоздырғыш көзін аластағаннан кейін, ошақтағы әр түрлі заттарда қалып қойған патогендік микробтарды жою. Әдетте, қорытынды дезинфекция «Ауру туралы жедел хабарлама қағаз» түскесін, ауру ауруханаға орналасқаннан кейін 3 сағаттан 12 сағат уақыт арасында санэпидқадағалау мекемелерінің арнайы мамандарының күшімен бір рет жасалады. Бұл шараларды дезинфекция бөлімі бөледі. Ауылдық дәрігерлік учаскелерде және фельдшерлік пункттерде дезинфекцияны олардың құрамына кіретін дезинфекция мамандары жасайды. Қорытынды дезинфекцияны 2-3 адамнан құралған дезинфекциялау бригадасы жүргізеді, оның құрамына дәрігер – дезинфекционист немесе эпидемиолог көмекшісі және 1-2 дезинфектор кіреді.
Алдын алу дезинфекциясы деп эпидемиологиялық маңызы бар заттардағы орын алуы мүмкін жұқпалы аурудың қоздырғыштарын кетіруге немесе жоюға арналған шараларды айтады. Алдын алу дезинфекциясы жұқпалы ауру шықпай тұрғанда, оның шығуы мүмкін деген кезде және таратпау мақсатында жасалады.
Бұған қатыстылар: ішетін суды тазалау (хлорлау, озондау, сүзу, қайнату және т.б), сүт тағамдары мен сүтті пастеризациялау, шикі жемістер мен жидектерді жуу және т.б. Сонымен, алдын алу дезинфекциясының ошақтық дезинфекциядан айырмашылығы мынада – ол қоздырғыштың көзі табылмай тұрғанда, бірақ оның болуы мүмкіндігін ескеріп, күні бұрын жасалады.
Алдын алу дезинфекциясы қоғамдық тамақ мекемелерінде, ветеринария, ауыл шаруашылық және агрономия жұмыстарында, тамақ өндірісінде және басқа салаларда қолданылады. Ол сумен қамтамасыз ету жүйелерінде, канализацияда, қоғамдық тамақтандыру, өсімдік және малдың шикізаттарынан тағам дайындап, тарататын мекемелерде, асханаларда, т.б үнемі қолданылады
Адам көп жиналатын, сол себептен жұқпа қоздырғыштарының көзі болуы мүкін жерлерде (вокзалдар, ойын-сауық мекемелері, қоғамдық көлік, моншалар, ортақ дәретханалар, жүзу бассейндері, шаштараздар және т.б) алдын алу дезинфекциясы өткізіліп отырады. Емханаларда, ауруханаларда және тағы осы сияқты мекемелерде алдын алу дезинфекциясын клиенттерді қабылдап болғаннан кейін немесе үзіліс кезінде жасаудың маңызы ерекше, ол жұқпа қоздырғыштарының қоршаған ортада таралуына мүмкіндік бермейді. Мысалы, балалар емханасында дезинфекция ауаны УФ сәулелерін пайдалану, бөлмелерді әрдайым желдету арқылы ескі ауаны ығыстыру, жабықтарды, ойыншықтарды, горшоктарды және т.б қайнату жолдарымен іске асырылады.
Дезинфекция әдістері
Залалсыздандырылатын заттың ерекшеліктеріне байланысты дезинфекцияның 3 әдісі қолданылады (суреттер №1, №2, №3):
1. Физикалық.
2. Химиялық.
3. Биологиялық.
4. Механикалық.
1. Биологиялық әдісі.
Объектілерді биологиялық әдіспен өңдегенде биологиялық сүзгілер, биотермиялық камералар және компостар пайдаланылады, табиғи жағдайда өтетін биологиялық процестерге негізделеді. (сурет 3)
2. Механикалық әдісі: ылғалды түрде жинау, жуу, қағу, сілку, шаңсорғышты қолдану, желдету, ауаны және суды сүзу, сыпыру, заттарды шаю арқылы орындалады.
Адамдар көп жиналатын ғимараттарда (емдеу-алдын алу мекемелері, балалар мекемелері, оқу орындары, ойын-сауық ғимараттары және т.б.) желдетуді жиі пайдалану қажет, ол тыныс жолы инфекцияларын алдын-алуға көмектеседі. Дезинфекцияда ауаны, суды микробтардан тазарту үшін сүзу әдісі қолданылады. Тыныс мүшелерін зиянды заттардан жан-жақты қорғайтын газқағарда да сүзу әдісі пайдаланылады. Бетперде, респираторларды пайдалану да дем алатын ауаны ауру қоздырғыштарынан тазалауды көздейді.
3. Физикалық әдісі.
Сәулелер әдісі: күн сәулесі, кептіру, бактерицидтік шамдар, ультрадыбыс, УВЧ, ультракүлгін және радиоактивті сәулелер.
Термиялық әдістер: жоғары және төмен температура, қайнату, ыстық бу, күйдіру, өртеу.
Төменгі температура көптеген микробтарды өлтіре алмайды. Облигаттық паразиттердің ішінде тек қана менингококк пен гонококктар тоңазытуға сезімтал, әдетте олар үйреншікті атмосфера қысымында бірнеше минуттан кейін қырылады. Төменгі температураларда патогенді микробтардың көпшілігі көбеюін тоқтатады, бірақ толығымен жойылмайды.
Жоғары температура дезинфекция әдісі ретінде қайнату, пастеризациялау, қыздыру, өртеу, судың буы, ыстық ауа, кептіру жолдарымен жүзеге асырылады.
Пастеризация – тағам өнімдерін температура 70-80 градуста 30 минут қыздыру арқылы вегетативті формадағы микробтарды жоюға болады, бірақ споралы микробтарды жоя алмайды (не 90 градуста 3 секунд қыздыру). (сурет 2)
4. Дезинфекцияның химиялық әдісі.
Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын - бактерияларды өлтіретін химиялық заттар бактерицидтік деп аталады.
Микроорганизмдердің өсіп-өнуін, дамуын тоқтататын, тежейтін заттар - бактериостатикалық деп аталады.
Спораларды өлтіруші химиялық заттар - спороцидтік, вирустарды өлтіруші – вирулицидтік, саңырауқұлақтарды өлтіруші - фунгицидтер деп аталады.
Химиялық заттарға қойылатын талаптар:
· Аз мөлшерде, қысқа мерзімде қоздырғыштарды тиімді өлтіретін болуы керек.
· Суда жақсы толығымен еритін немесе эмульсия түзетін болуы керек.
· Ұзақ уақыт әсер ететін, сақтауға төзімді, сапасы нашарлап, бұзылмайтын болуы керек.
· Сақталу мерзімінде өз қасиетін жоғалтпайтын болуы керек.
· Адамға, үй жануарларына зиян келтірмейтін, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз болуы керек.
· Арзан және тасымалдауға, қолдануға, сақталуға ыңғайлы және қолайлы болуы керек.
Химиялық заттардың әсері қан, қақырық, сілекей секілді органикалық бөлінділерде төмендейді, сондықтан әсер ету уақытын ұзарту қажет. Жоғары температура химиялық заттардың әсерін күшейтеді.
Дезинфекциялық препараттардың тиімділігі оның мөлшерінен, концентрациясынан, өлтіруші өңдеу әдісінен, залалсыздау уақытынан байланысты. Сонымен қатар, залалсыздау көлемі мен мөлшері қоздырғыштардың төзімділігінен, қоршаған ортада тұрақтылығынан, вегетативті немесе споралы формасына да байланысты. Споралы формадағы микробтар қоршаған ортада өте төзімді болады, сондықтан дезинфекциялау үшін қолданатын заттың мөлшері көп, әсер ету уақыты ұзақтау болуы шарт (түйнемеде - 10%, вирусты гепатитте - 3%). Вегетативті түріндегі микробтар төзімсіз, тез өледі, сондықтан дезинфекциялық препараттың мөлшері аз, залалсыздау уақыты қысқа болса да жеткілікті. (сурет1)
Қолданатын ерітіндіні дұрыс дайындау өте маңызды және оны толық еріту керек, өйткені түйіршік болса немесе түбінде қалып қойса әсері төмендейді. Дезинфекциялық ерітінділерді дұрыс дайындап, толық ерітілгендігін бақылау қажет.
Дезинфекциялық ерітінділерді қолдану әдістері:
- Ылғалды әдіс - химиялық зат ерітінді немесе аэрозоль түрінде заттардың бетін немесе бөлмені залалсыздандыру үшін қолданылады.
- Батыру әдісімен киім, ойыншық, төсек жабдықтары залалсыздандырылады.
- Себу әдісімен еден, жиһаз, бөлме қабырғалары залалсыздандырылады.
- Сүрту әдісімен сурет, бөлме заттары залалсыздандырылады.
- Аэрозоль әдісімен ауа залалсыздандырылады.
Дезинфекциялық заттар құрамына сәйкес бірнеше топқа бөлінеді:
- Галоид құрамдас заттар (хлор, бром, йод заттары).
- Қышқылдатқыштар (озон, калий перманганаты, Н2О2, дезоксон).
- Спирттер (метил, этил, бутил, амил, пропил спирттері).
- Фенолдар (фенол, лизол, гексахлорофен).
- Жуатын ерітінділер (нитран, катамин).
- Қышқылдар (күкірт, азот, сірке, тұз, сүт қышқылдары).
- Сілтілер (аммиак, натрий гидрооксиді, әк).
- Сабындар (нафтен сабыны, жасыл сабын).
- Ауыр металл тұздары (сулема).
- Тұрмыстық дезинфекциялық заттар (Санита, Блеск, Дезус, Сомет).
Хлорорганикалық заттар тәжірибе жүзінде ең жиі қолданылады: хлор, хлор әгі, хлорамин, кальций гипохлориді, деохлор, пресепт, дезам, пантоцид, неапантоцид, хлордезин, хлорцин.
Хлор сарғыш-жасыл түсті газ, ауадан 2,5 есе ауыр. Хлор иісі өте өткір, тыныс алу жүйесін тітіркендіреді. Температура 0+150С градуста суда жақсы ериді. Газ түріндегі хлорды металдан жасалған баллондарда, жоғары қысымда сақтайды, оны ауыз суын және қалдық суларды залалсыздау үшін қолданады. Хлордың көлемі судың органикалық заттармен ластауына байланысты болады, ауыз су үшін 1-5 мг, қалдық суларды залалсыздау үшін 1 литрге 5-100 мг алынады.
Хлорлы әк - ақ-сарғыш түсті құрғақ ұнтақ, күшті хлор иісі бар, дезинфекциялық тәжірибеде қолданған кезде вегетативтік және споралы микроорганизмдерді тиімді өлтіреді. Хлор әгінің құрамында кальций тұзы, хлор қышқылы, әк қоспасы және кальций гипохлориті (аса маңызды бөлігі) бар. Ерітінді жасағанда кальций гипохлориті суға өтіп белсенді хлор болып бөлінеді. Хлорлы әк суда толығымен ерімейді, суспензия және тұнба пайда болады. Хлор әгі 3 сорт болып шығарылады: 26, 32, 35% белсенді хлормен. Белсенді хлор дегеніміз – ерітінді құрамындағы микробтарға әсер етуші белсенді хлордың мөлшері, хлор әгіне тұз, күкірт қышқылдары әсер еткенде бөлініп шығады, пайызбен көрсетіледі. Хлор әгіндегі белсенді хлор 15% кем болса, оны дезинфекциялау үшін қолдануға болмайды, өндірісте шығарылатын хлор әгінің құрамында белсенді хлор 25% кем болмауы қажет. Хлорлы әк суды жақсы тартады, сондықтан оны дұрыс сақтау керек; дұрыс сақталмаса хлордың белсенділігі азаяды, түйіршіктенеді. Сонымен қатар, күн сәулесі, жоғары жылу мен ылғалдылық та хлордың белсенділігін төмендетеді. Сондықтан сақтау ережесін орындау қажет:
- қараңғы жерде;
- бірқалыпты суық жерде;
- құрғақ жерде, жабық ыдыста сақталады.
Дұрыс сақталған жағдайда да хлордың белсенділігі айына 1-3% төмендейді. Хлор әгінің белсенділігін 3 айда 1 рет тексеру қажет. Хлор әгінің кемшіліктері: хлор белсенділігі азаяды, сақталуы қиын, суда толық, жақсы ерімейді, маталдарға коррозия береді, заттың сапасын төмендетеді, мақта матасын ыдыратады. Ұзақ уақыт сақталса өздігінен өртеніп, жануы да мүмкін.
Кальций гипохлоритінің ДС тұзы - ақ түсті, хлор иісті ұнтақ, құрамында 55% және 50% белсенді хлормен шығарылады, суда жақсы ериді, тұндырмай қолдануға болады, белсенділігі тұрақты, 5 жылға дейін сақталады. Кальций гипохлоритінің бактерицидтік, спороцидтік әсері жоғары, сондықтан хлорамин, хлор әгінен 2 есе төмен мөлшерде қолданылады.
Хлорамин -ақ түсті кристалды ұнтақ, аздаған хлор иісімен, құрамында 26-28% белсенді хлоры бар. Бөлме температурасында 20% дейін ериді. 2 жыл сақтағанда хлор белсенділігі 0,3% төмендейді. Хлораминнің сулы ерітіндісі қараңғыланған шыны ыдыста 15 тәулікке дейін сақталады. Сулы хлорамин ерітіндісі барлық жұқпалы ауруларда 0,1-ден 10% концентрациясында қолданылады. 1% сулы хлорамин ерітіндісін жасау үшін 100 грамм хлораминді 10 литрге дейін су құйып дайындайды, 3% - 300 грамм. Залалсыздандыру жұмысында көбінесе белсендірілген хлорамин ерітіндісі қолданылады, бұл кезде заттың концентрациясы 2-10 есе кемиді, залалсыздандыру уақыты 3-4 рет азаяды, хлораминнің шығыны 2 -10 дейін кемиді. Белсендірілген хлорамин ерітіндісіне активатор-белсендіргіш, белсенді хлор жедел шығып, бактерицидтік әсерін күшейту мақсатында қосылады. Белсендіргіш ретінде аммоний хлориды, сульфаты немесе аммиак – 10% нашатыр спирті қолдану алдында қосылады
Хлорамин Б (бензол); хлорамин ХБ (хлорбензол); Т (толуол) түрлері бар. Ақ түсті, хлор иісті ұнтақ, белсенділігі 24-27%.
Дезам -ақ түсті немесе сары түсті әлсіз хлор иісті ұнтақ. Құрамына 50% хлорамин Б және 5% шавел қышқылы бар, белсенді хлор 15%. Суда жақсы ериді, мөлдір ерітінділері заттардың сапасын бүлдірмейді. Сақталу мерзімі 1 жыл. Микробты өлтіру қасиеті өте жоғары.
Пантоцид таблеткасы құрамында 4мг белсенді хлор. 1 таблетка 1литр суды залалсыздау үшін қолданылады.
Дезэффект – 0,4-3,8% ерітінді бөлмені, жиһаз, ыдыстарды, төсек жабдықтарын және медициналық аспаптарды залалсыздау үшін қолданылады.
«Дезаксон-1», «Дезаксон-4» - аурудың заттарын, пласмасс, шыны, резинадан жасалған медициналық аспаптарды залалсыздандыру үшін 0,1 –1% ерітінділер түрінде қолданылады.
Н2О2 - сутегінің қостотығы, 30% пергидроль, 33-40% концентрацияда шығарылады, одан 3%; 6% ерітінді дайындалады. Түссіз, мөлдір, сұйықтық зат, иіссіз, өз еркімен су және оттегіге бөлінеді, күшті қышқылдатқыш. 3% сутегінің қостотығы дезинфекция ретінде, 6% стерилизациялау үшін қолданылады. Көбіне ыдыстарды, бөлмені, көлікті, медициналық аспаптарды залалсыздандыру үшін, жуылатын 0,5% «Лотос», «Айна», «Экстра» ұнтақтарымен бірге қолданады.
Деохлор таблеткасы
- Ақ түсті, әлсіз хлор иісті, таблетка түріндегі дезинфекциялық зат.
- Белсенді хлор 44,2%.
- Таблетка салмағы 3,4гр.
- Әсер етуші зат: дихлоризоциан қышқылының натрий тұзы;
- Шығару түрі: 300, 100, 9 таблеткалы пластик банкілер.
- Қолдану мерзімі: 3 жыл.
- Ерітіндіні сақтау мерзімі: 3 күн, жабық ыдыста.
- Қауіптілігі бойынша орташа қауіпті 3 класқа жатады.
- Грам теріс және грамоң бактерияларға (туберкулез, ішек таяқшалары, стрептококктар, стафилококктар, вирустар және саңырауқұлақтарға қарсы қолданылады.
Дюльбак ДТБЛ (Франция.)
- Дезинфекция және стерилизация алдында өңдеуге арналады: көк түсті, иіссіз, суда жақсы ериді.
- Әсер етуші зат: 4,5% дидецилдиметил аммоний хлориді.
- Концентрат рН 11,0±0,5.
- Шығару түрі: канистра 5л, флакон 1л.
- Қолдану мерзімі: 3 жыл.
- Ерітіндіні қолдану мерзімі 10 күн.
Пресепт – бактерия, вирустар және аса қауіпті жұқпалы аурулар (оба, тырысқақ, түйнеме) қоздырғыштарына қарсы қолданылады.
- 5,0 грамм таблеткада 1,44 грамм белсенді хлор бөлінеді.
- Таблетка мөлшерленген, тез ериді.
- Бөлме температурасында дайындалады және сақталады.
- Қауіптілігі төмен.
- Қолдану мерзімі: 5 жыл.
- Жұмыс ерітіндісі 5 тәулік жарамды.
НУ – Сайдекс 0,35% сірке қышқылы негізінде жасалған, бактерия, вирус, микобактерия және спораларға қарсы қолданылады, металл бұйымдарына коррозия бермейді, қауіпсіз. Медициналық бұйымдарды қысқа уақытта залалсыздау жасау үшін пайдаланылады, экспозиция уақыты 10-15 минут.
Део-Бактер (Россия)
- Дезинфекциялауға арналған сұйық ерітінді(ЧАС).
- Хлорсыз.
- Флакон 1 литр.
- Қолдану мерзімі 3 жыл.
Хлоргексидин 0,5-1% су, спирт ерітінділері хирургиялық жабдықтарды, эндоскопиялық аппараттарды залалсыздандыру үшін қолданады.
Глутар альдегиді 25% ерітінді дезинфекциялау және медициналық аспаптарды стерилизациялау үшін қолданады.
Этил спирті 50,70% - ота жасағанда, ине егу алдында қолды залалсыздау үшін қолданады.
Йод қосындылары – суда жақсы ерімейтін қара кристалдар, спирт, эфирде жақсы ериді. 5% - 10% спирт ерітіндісі, 5% йод ерітіндісі түрінде қолданылады. қолғап, кетгут, қол, теріні залалсыздау үшін қолданады.
Бром қосындыларынан метилбромид кеміргіштерге қарсы қолданылады.
Озон - суды залалсыздандыру үшін қолданылады.
Бактерокс Ментол (Франция)
- Аэрозоль дезинфекциялық әсерімен (бактерия, грипп вирусы).
- Ментол иісті.
- Көлемі: баллон 405 мл (130 м2 -ге).
- Қолдану мерзімі: 3 жыл.
- Сақтауы: құрғақ желдетілетін бөлмеде.
Лизол. Бұл таза крезол мен жасыл калий сабынының қоспасы. Қою, мөлдір, қызыл күрең түсті сұйықтық. Лизол суда жақсы ериді, мөлдір ерітінді, көпке шыдайды. 3% лизол ерітіндісі заттардың бетін залалсыздандыру үшін қолданылады. Лизолдың инсектицидтік қасиеті бар.
Формалин. Бұл 40% формальдегидтің сулы ерітіндісі, мөлдір, тітіркендіргіш иісті сұйықтық. Көбіне камералық дезинфекцияда қолданылады және шаштаразда қырынатын щеткалар 2-4% сулы ерітіндісімен залалсыздандырылады.
Фенол - түссіз кристал, өткір иісті, суда жақсы ериді. Ауада сақтағанда кристалл қызғыш түске айналады, кейін қызарады және ериді. Фенол қара шыныдан жасалған ыдыста, беті жабық, суық жерде сақталынады.
3-5% сулы ерітіндісі және 2-5% сабынды-фенол ерітіндісі қолданылады. 5% фенол, 5% сабынды- фенол ерітіндісі күшті, сондықтан беті ластанған жерлерді залалсыздандырады.
Жуатын ерітінділер (детергенттер-тазалағыштар): синтетикалық заттар, олардың дезинфекциялайтын, жуатын, еріткіш қасиеттері бар. Катамин, кетанин, катионат - иіссіз, түссіз, коррозия бермейтін бактериостатикалық заттар. 0,5% ерітінді 30 минутта залалсыздайды. Нитран - әлсіз иісті, сары түсті ұнтақ, суда жақсы ериді, бактерицидтік әсері өте күшті, заттың сапасын, түсін бұзбайды, 5 жылға дейін сақталады. 3% ерітінді бөлмені, заттарды, төсек, ыдыстарды залалсыздау үшін қолданады.
Сабындар – бұл калий, натрий тұздары және майлы қышқылдар (пальмитин, стеарин, олеин). Натрий тұздары қосылса қатты сабын, калий тұзы қосылса сұйық калий сабыны, нафтен қосылса нафтен сабыны, ароматизатор, эфир майлары қосылса иіс сабыны болады. Сабындардың бактерицидтік әсері төмен болғанымен кірді тазалап жууға, микробтарды түсіріп тастауға, майларды ерітуге ықпал етеді.
Қышқылдар – вегетативті формадағы микробтарға әсер етеді. Температура 10 градусқа көтерілсе бактерицидтік әсері 2-3 есе арта түседі, бірақ мата, ағаш, металлдан жасалған заттардың сапасын бұзады.
Тұз қышқылы – негізі малдардың терісі мен жүнін залалсыздау үшін қолданылады.
Күкірт қышқылы - 5% ерітінді түрінде мал дәрігерлік тәжірибеде, мал қораларын, суды залалсыздау үшін қолданылады.
Азот қышқылы - 2% ерітінді қырынатын щетканы залалсыздау үшін қолданылады.
Сірке қышқылы - 40% ерітінді аяқ киімдерді залалсыздайды.
Сілтілер тәжірибеде жиі қолданбайды, өйткені сыртқы теріні, көзді тітіркендіреді, заттың сапасын бұзады.
Натрий гидрооксиді 0,5% ерітінді малдың терісін, жүнін залалсыздау үшін қолданылады.
Ас содасының 2-5% ерітіндісі ыдыстар, ойыншықтар, киімдерді залалсыздау үшін қолданылады.
Әктің 10-20% ерітіндісі қоқыстарды, қоқыс жәшіктерін, әжетханаларды залалсыздау үшін қолданылады.
Дезинфекцияның химиялық заттары.
1-сурет.
Дезинфекцияның физикалық әдісі (кварц, УФО).
2-сурет.
Биологиялық фильтрлер.
3-сурет.
Мед.инструменттердің дезинфекциясы.
Стерилизация
Стерилизацияның негізігі мақсаты - медициналық бұйымдар мен дәрілердегі болуы мүмкін микробтар мен спораларды толығымен жою.
Қолданылатын медицина бұйымдары әрбір мекемеде стерилизациядан өтеді; бір рет қолданылатын бұйымдар өндіріс орындарында стерилизациядан өтеді.
Стерилизация - микроорганизмдердің барлық түрін және олардың спораларын жоғары температура немесе басқа да физикалық факторлардың, химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерімен толық жою.
Стерилизацияның түрлі әдістері мен тәсілдері хирургиялық, гинекологиялық, акушерлік, стоматологиялық және т.б емдеу-сауықтыру мекемелерінде хирургиялық құралдарды, аппараттарды, таңатын, тігетін материалдарды залалсыздандыру үшін қолданылады.
Қан құю, микробиологиялық, клиникалық зертханаларда қолданатын ыдыстар, құралдар, қоректі орталар залалсыздандырылады.
Асептика – теріде, шырышты қабықшаларда, жаралар мен қуыстарда ауру қоздырғыштарының қоныстануы мен көбеюінің алдын алу әдістерінің жиынтығы;
Асептика - хирургиялық емдеу, таңу және түрлі манипуляция жасау кезінде науқас адамның жарасына түрлі микроорганизмдерді түсірмеуге бағытталған алдын алу шаралар.
Антисептика - емдеуді қамтамасыз ету және жұқпалы процестің дамуының алдын алу мақсатында терідегі, шырышты қабықшалардағы, жаралар мен қуыстардағы ықтимал қауіпті микроорганизмдердің тіршілік етуіне бөгет жасау немесе жою әдістерінің жиынтығы. Антисептика - түрлі химиялық және антисептикалық заттарды қолдану арқылы операция алдында қолды, теріні, жараны залалсыздау.
Антисептика мен асептика бір-бірімен тығыз байланысты, бір-бірін толықтырып тұрады. Антисептика мен асептика іріңді-септикалық ауруларды алдын алу үшін, хирургиялық, гинекологиялық, стоматологиялық тәжірибеде кеңінен қолданылады.
Антисептиктердің микробтарға қарсы әсері өте күшті болуы керек. Ауруханаішілік жұқпаларды алдын алуда стерилизация өте маңызды, өйткені ауруханада ауа, кір қол, төсек заттары, таңу материалдары, медициналық құралдар, медицина қызметкерлері арқылы түрлі жұқпалар таралуы мүмкін. Дұрыс залалсызданбаған медициналық аспаптар арқылы вирусты В,С,Д гепатит, АИВ жұқпасы, безгек аурулары таралуы мүмкін.
Стерилизация 2010 ж. ДСМ № 533 «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптарға» сәйкес жүргізіледі.
Бір рет қолдануға арналған медициналық аспаптар (шприц, система, скарификатор) кем дегенде 6000 температурада арнайы немесе муфель пештерінде өртеу арқылы жойылады. Қанмен, жаралы жермен, егілетін жермен қатынаста болмайтын медициналық аспаптарды дезинфекцияланады, кейіннен 2 рет шайылады. Қанмен, жаралы жермен, егілетін жермен, шырышты қабаттармен қатынаста болатын медициналық аспаптар алдымен дезинфекцияланады, кейіннен стерилизация жасау шарт.
Стерилизация 3 кезеңде жасалады:
1 кезең – Медициналық аспаптарды дезинфекциялау.
2 кезең – Стерилизация жасау алдында тазалау.
3 кезең – Стерилизациялау.
1 кезең – Медициналық аспаптарды дезинфекциялау.
Дезинфекциялайтын заттармен жұмыс істегенде, яғни құрғақ заттарды – өлшегенде, ерітінділерді дайындағанда залалсыздағанда қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
1) барлық жұмыстарды арнайы халатпен немесе комбинезонмен, резеңкелі биялай, көзілдірік, алжапқыш, респиратормен жасау қажет.
2) жұмыстан кейін қолмен бетін ағынды суда сабынмен жуу керек, көзге ерітінді тиіп кетсе таза сумен немесе арнайы ерітіндімен шаю керек (1-кесте).
№1-кесте
Дезинфекция
әдісі
| Дезинфекциялау
тәртібі
|
Қолдануы
|
Дезинфекциялау жағдайы
|
| Температура,
уақыт, минут
|
С
%
|
Көлемі
| Қайнату
Са содасын қосу
| 980
|
2,0
|
| Шыны, резеңке коррозияға төзімді
полимерлі материалдар
| Суға толық батыру
ішек, ауа тамшы іріңді аурулар туберкулез вирусты гепатит
| Химиялық әдіс:
Н2 О2
| 180
кем
емес
| 3,0
3,0
4,0
|
| Н2О2 + 0,5 гр жуатын ерітінді
| 3,0
3,0
4,0
|
| Кальций гипохлориді
| 0,25
1,0
1,0
|
| Дезэффект
| 1,0
4,0
2,5
|
| 2 кезең: Медициналық аспаптарды стерилизация алдында тазалау - медициналық аспаптарды дезинфекциялаудан кейін залалсыздау алдында тазалау. Мақсаты – дезинфекциядан кейін қалып қойған ақуыз, май, механикалық кірлер және дәрі-дәрмек қалдықтарын кетіру.
Залалсыздау алдында өңдеу үшін жуатын ерітінділер қолданылады, қолмен немесе механикаландырылған әдіспен тазартылады. Жуу үшін «Лотос», «Астра», «Прогресс», «Три-А», «Биолат» және т.б. рұқсат етілген ұнтақтар қолданылады. Жуатын ерітіндіні 1 тәулік ішінде қолдануға болады. Егер ерітіндінің түсі қызғылт түске өзгермесе қайта қыздырып қолдануға болады. Қызғылт түстің пайда болуы заттардың қанмен ластанғанын білдіреді.
Медициналық аспаптарды стерилизациялау алдында тазалау тәртібі:
№2 кесте
№
| Өңдеу барысы
| Ерітіндінің алғашқы Т0С
| Өңдеу ауқыты
|
| Дезинфекциялаудан кейін медициналық бұйымдарды ағын суда шаю
|
|
0,5 мин
|
| Жуатын комплексті ерітіндіге толық батыру (17 гр Н2О2 +5 гр жуатын ұнтақ 1 литр суға)
| 50-600 дейін қыздыру
|
15 мин
|
| Әрбір бұйымды ершпен немесе мақта-дәке орамымен жеке жуу
|
| 0,5
|
| Ағын сумен шаю
|
| 10 мин
|
| Дистилденген сумен шаю
|
| 0,5
|
| Кептіргіш шкафта ыстық ауамен құрғату
| 850С
| кепкенше
|
Механикалық түрде тазалау кезінде жуатын ұнтақтың көлемі, судың температурасы, өңдеу уақыты мен кезеңдерін сақтау өте маңызды.
Термиялық дезинфекцияда залалсыздау уақыты мен судың температурасы маңызды.
Зертхана және анестезиология бұйымдарын жуу-дезинфекциялау машиналары
Қазіргі кезде Жуу-дезинфекциялау машиналары хирургиялық аспаптар, түтікше, наркоз аппараты, медициналық бұйымдар мен зертханалық ыдыстарды тазалау және дезинфекциялау үшін қолданылады.
Сурет
Тазалау сапасын бағалау үшін жуылған бұйымдардың 1% тексеріледі:
а) қанның қалдықтарын 1% азопирам немесе амидопирин сынамасымен тексереді, егер қан қалдықтары болса көк-сия түске өзгереді, заттарды қайтадан комплексті ерітіндіге батырып жуу қажет;
б) жуатын ұнтақ қалдықтарын фенолфталеин сынамасымен тексереді, егер ұнтақ болса қызғылт түске өзгереді, заттарды қайтадан шаю қажет.
3 кезең – Стерилизация кезеңі.
Стерилизация үшін 2 әдіс қолданылады:
1. Физикалық әдіс – ыстық құрғақ ауа, жоғары қысымдағы су булары,
инфрақызыл және радиациялық сәулелер.
2. Химиялық әдіс – химиялық ерітінділер, газдар.
Булы әдіспен стеризациялау үшін жоғары қысымдағы су буларын қолданады, автоклавта жасалады. Жоғары қысыммен берілген ыстық бу заттардың ішіне терең еніп өте тиімді әсер етеді.
Булау әдісі аурухана, емхана, микробиологиялық зертхана, фармацевтикалық өндірісте хирургиялық материал, таңу заттарын, резеңкелі түтікше, катетер, биялай, шыны заттарын залалсыздау үшін кеңінен қолданылады. Көлеміне, құрылымына, берілетін қысымына қарай дөңгелек және төртбұрышты; тікелей және көлденең орналасқан автоклавтар қолданылады (суретті қара № 4, 5).
Вертикалды автоклавтарда бұйымдарды алып-салу төбесінен жасалады, көлденең автоклавтар 1 есіктік және 2 есіктік болып шығарылады.
Екі есіктік автоклавты 2 бөлме арасына қойып лас-дайындау және таза-стерильді бөлімдерге бөлуге болады.
Вертикалды автоклавтар 3 бөлімнен құралады:
- Стеризациялау камерасы.
- Суды булау камерасы
- Сыртқы қорғайтын қорап.
Суды булау камерасына электр жылытқыштар қосылады, ыстық будың қысымын және температурасын автоматталған түрде бақылайды. Будың қысымын манометр көрсетеді, қажетті қысымды өзгертуге болады.
Судың температурасын термометр өлшейді, судың көлемін бақылау қажет болса су құятын воронка арқылы дистилденген сумен толтыруға болады. Автоклавтың сыйымдылығы 4, 10, 12, 30, 50, 75, 100, 280, 400, 560, 760 дм3 (3-кесте).
№3 кесте
Стерилизациялау тәртібі
|
Қолдануы
| Стерилизациялау камерасында бу қысымы (кг/см2)
| Стерилизация камерасында жұмыс температурасы Т0С
| Стерилизация уақыты, минутта
|
2,2
|
|
| Коррозияға төзімді металлдар, шыны, резеңкелі бұйымдар
|
1,1
|
|
| Резеңке, латекс, полимерлі материалдан жасалған бұйымдар
|
Алдымен булау камерасына су құйылады, кейін стерилизациялау камерасына бикстерді салып қақпағын бұрап қатты жабады, камерадан буды шығарады. Камерада қысым мен температура қажетті деңгейге жеткен уақыттан бастап залалсыздау уақытын белгілейді. Стерилизациялау біткен соң бетін ашып буды толық шығарады, бикстерді арнайы стөлга қойып, шетіндегі тесіктерді дереу жабу керек. Бикстерді стерильді матамен жауып, толық суынғаннан кейін бөлек есіктен таратады.
Автоматтандырылған булы стерилизатор әлемдік талаптарға сай, қашықтан басқарылады, стерилизация тәртібі бағдарламаға енгізілген.
Медициналық стерилизатор «STERRAD 50» - соңғы технология жетістіктеріне сәйкес жасалған, жоғары температура мен ылғалдылыққа төзімді медициналық аспаптарды тез және қауіпсіз стерилдеуге мүмкіндік береді, коррозия бермейді, аспаптардың өткірлігі сақталады. Стерилизация уақыты қысқартылған – 45 минут.
5-сурет. Құрғақ-ыстық шкаф
Дезинфекция камералары
Дезинфекция камералар ы – бұл булау, ауамен булау, бу - формалинмен өңдеу, ауамен, газдармен залалсыздауға арналған құралдар немесе қондырғылар (сурет №6).
Дезинфекция камераларында киім, төсек заттары, жүн, кілем, кітап және т.б. заттар тиімді және толық залалсызданады. Қайнату да өте тиімді әдіс, бірақ сырт киімдерді, көрпе-төсектерді қайнатуға болмайды, оларды тек арнайы камераларда залалсыздау қажет.
Дезинфекция камераларында физикалық (су булары, ыстық құрғақ ауа), химиялық (формальдегид) тәсілдер немесе екеуі де бірігіп қолданылады.
Дезинфекция камералары емдеу-сауықтыру, санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерде, өндірістік мекемелерде орнатылады.
Барлық дезинфекциялық камералардың құрылысы ұқсас:
- Заттарды салатын жұмыс камерасы.
- Жылу көздері (булы пеш, от, электр тоғы).
- Бақылау-өлшеу құралдары (термометр, психрометр, манометр, клапандар).
- Химиялық заттарды құятын апараттар (сепкіш, шашыратқыш).
- Желдету құралы мен қондырғылары.
Стерилизациялауәдісіне қарай дезинфекциялау камераларының түрлері:
- Булы-формалинды камералар – ылғалды ыстық ауа және бу-формальдегид қосындысы қолданылады.
- Булы камералар – қаныққан су буларымен өңделеді.
- Ауалы камералар – ыстық құрғақ ауамен өңделеді.
- Газды камералар – күкірт ангидриді, этилен оксиді, метилбромид, хлорпикринмен өңделеді.
- Аралас әдісте бірнеше затпен бірге өңделеді.
Құрылысына қарай дезинфекциялық камералар тұрақты, жылжымалы және жиналатын болып бөлінеді.
Тұрақты камералар арнайы бөлмелерде орналастырылады, кедергі қойып 2 бөлімге бөледі, біреуінде лас заттарды қабылдап камераға салады, екіншісінен таза заттарды камерадан шығарып, таратады, онда бақылау құралдары, бұрайтын вентилдер, термометр де болады. Камера бөлмесінде заттарды сорттау үшін сөрелер, бақылайтын сағат, арнайы киімдерді және жеке киімдерді сақтайтын шкафтар, қол жуғыш, сабын, сүлгі болуы керек. Заттарды салу бөлмесінде камераның жұмыс істеу тәртібі, ішкі тәртіп ережелері болуы қажет.
Жылжымалы камераларды көлікке тіркейді, жинамалы камералар толық және жартылай жиналатын болып шығарылады. Жылжымалы және жинамалы камераларға арнайы бөлме қажеті жоқ, бірақ төбесі жабық жерге орнату керек.
Алдымен заттың сапасына қарай, залалсыздау әдісіне қарай сорттап алады, өте сулы заттарды кептіріп алады. Алғашқы партияны салар алдында камераның есіктерін жауып, 10-15 минут қыздырып алады: булы формалин әдісінде температура 50-600 градус, ыстық ауаман залалсыздау әдісінде температура 800 С градусқа дейін.
Дезинфекциялау және дезинсекциялау көлемі, өңдеу температурасы жұқпаның түрінен, қоздырғыштың төзімділігінен және заттың сапасынан байланысты.
Тері және жағалы киімдерді ішін сыртына қаратып, бірі біріне жақындатпай іліп қояды, жүн етіктерді төмен қаратын қояды, бәтеңкелерді сеткаға іліп қояды.
Дез. камераның жұмысын бақылау:
1. Дез. бөлімнің қызметкерлері бақылайды.
2. Арнайы журналда белгіленетін инструкцияға сәйкес режимді сақтау.
3. Температуралық режим туралы мәліметті бақылау-өлшеу приборлары арқылы камераның жұмысын білеміз.
4. Киімдегі температураны білу үшін, киімдерге max. t-ны (15 нүктеге) яғни, әртүрлі деңгейде орналастырыңыз.
5. Мысалы, max. t-ның орнына балқу t-ның, мысалы наориталин (+800С), резорцин (+1100С), күкірт (+1200С). Бұл заттарды шыны трубочкаға салып, киімге саламыз. Егер уақыты біткен соң, олар балқыса t-ра дұрыс деп есептелінеді.
Бірақ max. t-ны; хим.заттар арқылы қанша уақыт өткенін айтуға болмайды. Ең маңызды әдіс – биологиялық.
Сурет. Дез. камера
7-сурет
Залалсызданған заттарды таза бөлмеден алады, жағалы киімді қағады немесе 15 минутқа таза бөлмеге іліп қояды, басқа заттарды шамалы кептіріп шығарады.
Камерада залалсыздау жұмыстарына кеткен уақытты дезинфекциялау циклы деп атайды (7-сурет).
Дезинфекциялау кезеңдері:
- Сорттау, заттарды камераға салу - 5-10 минут.
- Камераны қыздырып алу және заттарды кептіру – 10-15 минут.
- Температураны көтеру (булы камерады қысымды да) –10-15 минут.
- Камераға формальдегид қосу – 3-10 минут.
- Залалсыздау - 10 минут – 4 сағат.
- Қысымды төмендету, қалпына келтіру - 2-10 минут.
- Формальдегидті нейтрализациялау, камераны заттарымен бірге желдету - 10-40 минут.
- Заттарды шығару –5-10 минут.
Дезинфекциялық камераларда 2 дезинфектор жұмыс істейді, біреуі лас бөлмеде заттарды сорттап салады, екіншісі бақылап, таза заттарды алып, журналға жазады, таратады. Лас бөлмеден таза бөлмеге өткенде халат, қалпақты шешіп, камераға салады, қолын сабындап жуып таза киім киеді.
Булау пештерінде суды жылытып буға айналдырады, шығатын будың қысымын манометр арқылы өлшеп тұрады.
Дезинфекцияның сапасын бақылау
1.Визуальды.
2.Бактериологиялық.
3.Химиялық.
Дезинфекция құралдары
Қолданатын дезинфекциялық заттың сапасына қарай дезинфекция құралдары ұнтақ себетін және аэрозоль шашырататын болып бөлінеді.
Дезинфекция құралдары қолдану тәсіліне қарай қол аспаптары және механикалық аппараттар болып бөлінеді, оларды пневматикалық, гидравликалық немесе пневмогидравликалық жолдармен жұмыс істетеді.
Жер бетінде жүретін жәндіктерге және заттардың бетіндегі микроорганизмдерге қарсы қолданатын дезинсекция заттары ұнтақ пен сұйықтық түрінде ірілеу болуы керек. Ауада ұшатын жәндіктерге қарсы өте майда түріндегі заттар қолданылады.
Қазіргі кезде дезинфекцияны жүргізуде квазар, тұманшашқыш және т.б. қолданады (сурет №8).
Сурет. Квазар
9-сурет. Дезинфекция өткізгенде дезинфекторлар арнайы киім киеді.
Санитарлық өңдеу және санитарлық өткізгіштер
Санитарлық өңдеу - адамның сыртқы терісін, киімдерін, төсек заттарын залалсыздауға арналған шаралардың комплексі. Санитарлық өңдеу толық және толық емес түрде жасалады.
Алдын алу мақсатпен санитарлық өңдеу жасағанда адамдары жуындыру, өңдеумен қатар камералық әдіспен заттар дезинфекция және дезинсекция жасалады. Мысалы, транзитпен өтетін халықты санитарлық өңдеуден өткізу
Жартылай санитарлық өңдеу кезінде шаш қиып, душта шомылдыру, киімдерін ауыстыру, дезинфекция (немесе дезинсекция) жасайды.
Толық санитарлық өңдеуде адамдарды, олардың киімдерін өңдеумен бірге төсек заттары камералық әдіспен залалсызданады, үйдегі инфекция ошағы дезинфекцияланады. Санитарлық өдеу арнайы санитарлық өткізгіште жасалады.
Санитарлық өткізгіш құрамына монша және бірнеше дезинфекциялық камералар кіреді. Моншаның шешінетін жерінен лас заттарды қабылдап камераға салады, адамдарды дәрігер тексеріп, қажет болса шашын қидырады, өңдеуден өтеді, 20 минут шомылып болған соң, залалсызданған заттарын таза бөлімнен қайтарып береді. Санитарлық өңдегіште лас затпен таза зат қатынаста болмауы керек. Санитарлық өңдегіштің едені, қабырғалары плиткаланған немесе боялған, жууға, дезинфекциялауға төзімді болуы керек, жиһаздары тегіс, залалсыздауға төзімді болуы тиіс. Санитарлық өңдегіштерді СЭҚД, дезстанция, карантиндік пункттерде, вокзалдарда орналастырады. Ерлер мен әйелдерге 2 паралельді өткізгіш болады, егер мүмкіндік болмаса кезекпен өткізіледі. Санитарлық өңдегіш болмаса жалпы моншаны қолдануға болады, жылжымалы дезинфекциялық камераны қосымша орнату қажет. Жылжымалы дезинфекциялық – душ қондырғылары автоприцеппен көлікке қосылады. Қондырғыда булау пеші, 2 дез камера, душ, қол насосы, түтікшілер бар. Әр камераның 2 есік бар, бір есіктен лас заттар салынады екіншісінен таза залалсызданған заттар алынады.
Дезинсекция және оның сапасын бағалау
«Des» – теріс, қарсы, «insectum» - жәндік мағынаны білдіреді. Дезинсекция – инфекциялы ауруларды тарататын және адамға зиянкестік тигізетін буынаяқтыларды жою. Кең мағынада дезинсекция - адам, тұрғын үй мен табиғат аймақтарында буынаяқтыларды жоюға бағытталған шаралар.
Буынаяқтыларды түбегейлі жою мүмкін болмағандықтан соңғы жылдары дезинсекцияның мақсаты - зиянды жәндіктердің санын санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіз деңгейге дейін жою болып табылады.
Жәндіктер орман және ауылшаруашылығына кері әсерін тигізеді, тағамдар, жиһаз бен үй құрылысының ағаш бөлшектеріне зиян келтіреді, бүлдіреді, жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдайды.
Дезинсекция медициналық, ветеринарлық және ауылшаруашылық шараларына бөлінеді. Тәжірибеде буынаяқтыларды жою үшін түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады, олардың тиімділігі жәндіктердің биологиялық, экологиялық, фенологиялық ерекшеліктерімен байланысты.
Буынаяқтылардың құрылысын, тіршілігін және экологиясын энтомология ғылымы зерттейді. Медициналық арахноэнтомология – медициналық маңызы бар буынаяқтылар типінің биологиясы, даму кезеңдері, құрылысы, экологиясы туралы ғылым.
Медициналық дезинсекция трансмиссивті ифекциялардың, яғни буынаяқтылар арқылы таралатын жұқпалы аурулар эпидемиологиясымен тығыз байланысты. Жұқпалы ауруларды таратушы жәндіктерді зерттеу, олармен күресу шараларын, жою әдістерін СЭҚБ энтомолог мамандары ұйымдастырады.
Дезинсекция шаралары арнайы (маса, бит, бүрге, кене) және арнайы емес механикалық таратушыларға бағытталады (шыбын, шіркей, таракан, құмырсқа).
Дезинсекция шаралары 2 топқа бөлінеді:
1. Алдын алу дезинсекциясы.
2. Жоятын дезинсекция.
Алдын алу дезинсекцияның мақсаты: жәндіктердің тіршілік етуіне, көбеюіне жол бермеу, тұрғын үйлерде таралуын, адамға зиян келтіруін алдын алу. Мұнда жеке бас гигиенасын сақтау мен тұрғын үйлердің санитарлық жағдайын сақтаудың маңызы өте зор. Мысалы, таракандарға қарсы бөлмені уақтылы жинау, қоқыстардан, тамақ қалдықтарынан үнемі тазалау, тағамдарды жабық түрде сақтау. Маса мен шіркейлерге қарсы агротехникалық жұмыстар жүргізу, мелиорация жасау, батпақты жерлерді жою, өзен мен арықтарды тазалау.(суреттерді қара?)
Жою дезинсекцияда қолданатын әдістер:
1. Механикалық әдіс.
2. Физикалық әдіс.
3. Химиялық әдіс.
4. Биологиялық әдіс.
Механикалық әдісте тазалау, қағу, ұстау қолданады. Мысалы, шыбындарды ұстау үшін шыбын ұстағыш, шыбын ұрғыш, жабысқақ қағаз пайдаланылады.
Физикалық әдісте жоғары және төмен температура қолданылады.
Мысалы: бүрге басқан қажетсіз заттарды өртеу немесе бит басқан заттарды ыстық сумен жуу, қайнату. Дезинфекция камераларында ыстық ауа мен бу кеңінен қолданылады.
Химиялық әдісте түрлі химиялық қосындылар қолданылады: жоятын, үркітетін (репеленттер), иіс немесе дәммен тартатын (атраканттар), стерилизациялайтын және өсіп-өнуін тоқтататын заттар - регуляторлар қолданылады.
Жәндіктерді жоютын заттарды инсектицидтер деп атайды, кенелерді жоятын заттар – акарицидтер, жәндіктердің жұмыртқаларына қарсы заттар –овоцидтер, дернәсілдеріне қарсы заттар - ларвицидтер деп аталады.
Жәндіктерге қарсы қолданатын химиялық заттар жәндіктерді толығымен, тиімді жоятын, бірақ адамға және үй жануарларына зиянсыз болуы керек. Барлық қолданатын заттар у болғандықтан оларды пайдаланғанда сақтық шараларын қарастыру қажет, тағамдарды, өсімдіктерді, жайылым жерлерді, ашық су қоймаларын ластамайтын болуы керек. Инсектицидтердің тиімділігі қолданатын препараттың улылығынан, мөлшерінен, қолдану уақытынан, ауаның температурасынан, залалсызданатын жердің санитарлық жағдайынан байланысты.
Инсектицидтер жәндіктердің денесіне түрлі жолдармен түседі - сыртқы қабат, тыныс алу, ас қорыту жүйесі арқылы.
Денеге түсу жолына қарай инсектицидтер 3 топқа бөлінеді:
- Контактты инсектицидтер.
- Ішек инсектицидтері.
- Фумиганттар.
Контактты инсектицидтер жәндіктердің сыртқы қабаттары арқылы денесіне түседі. Контактты инсектицидтер қолданатын заттың химиялық құрылысына қарай хлорорганикалық, фосфорорганикалық, карбаматтар, пиретроидтар және өсімдік заттары болып бөлінеді.
Хлорорганикалық заттарға гексахлоран, ГХЦГ, линдан, ДДТ жатады, олар қоршаған ортада ұзақ уақыт сақталады, адамның, малдардың денесінде, өсімдіктер мен топырақта жиналып, бірнеше жылға дейін кері әсерін тигізеді.
Гексахлоран - кристалл түрдегі ақ түсті зат, органикалық ерітінділерде жақсы ериді, α, γ, β изомерлері бар. Иісі өткір жағымсыз, ұзақ сақталады. Гексахлоран 15 % эмульсия, 6-12 % дуст, 3 % инсектицидтік сабын түрінде шы
Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 6533 | Нарушение авторских прав
|