АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

STАTUS PREАSENS. Жалпы жағдайы: орташа ауырлықта-ауру сезімі мен интоксикация белгілері есебінен, есі анық

Прочитайте:
  1. STАTUS PREАSENS

Жалпы жағдайы: орташа ауырлықта-ауру сезімі мен интоксикация белгілері есебінен, есі анық, төсектегі қалпы-орташа белсенділікте, тері жабындылары- қалыпты, тамақтануы-қалыпты, ұйқысы-тыныш. Тері қабаты: түсі ақ, эластикалық қабілеті сақталған, терісі таза, тері асты май қабаты жақсы дамыған. Лимфа түйіндері: қалқанша безінің қолға сезілуі байқалады. Пальпацияда ауырсыну байқалған жоқ. Бұлшық ет жүйесі: күші-қанағаттанарлық, тонусы-қалыпты, дамуы-жақсы. Сүйек жүйесі: деформациясы жоқ, аяқ-қолы симметриялы, деформация жоқ. Кеуде қуысы конус тәріздес. Буын жүйесі: конфигурациясы қалыпты, қозғалыстығы белсенді, буын айналасындағы тері гиперемиясы мен жергілікті температурасы жоқ.

 

Status localis -тілі ылғалды,ақтаңтақдақталған.Іші кеппеген,симметриялы,тыныс алу актісіне оң жақ мықын аймағы қатыспайды.Пальпацияда іші жұмсақ,оң жақ мықын аймағында ауру сезімді.Ішек перистальтикасы естіледі,газдары болған.Симптомдар Ситковский,Воскресенский,Ровзинг,Щеткин- Блюмберг оң.Бауыр қабырға доғасында,ауру сезімсіз,көкбауыры пальпацияланбайды.Өт қуығы пальпацияланбайды.Нәжісі қалыпты,регулярлы.

ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ

Тыныс алу: мұрын арқылы, еркін. Мұрыннан бөліністер: жоқ. Баланың даусы: ашық, таза. Тыныс алу жиілігі: 24 минутына. Тыныс түрі: аралас, тынысы терең, ырғақты. Кеуде қуысының қозғалысы біркелкі.

ПЕРКУССИЯ: Өкпенің төменгі шекарасы: Сызықтар атауы Оң жақ Сол жақ Бұғана орта сызығы 6қабырға Бұғана орта сызығының бойында өкпенің төменгі шекарасы жүрекке қуыс жасай, төстен 4қабырға үстінен қайырылып, шұғыл төмен түседі. Қолтық орта сызығы 8қабырға 9қабырға Жауырын сызығы 9-10қабырға 10қабырға Омыртқа жиегі сызығы 11кеуде омыртқасының жоталы өсіндісінің деңгейінде

Аускультация: тыныс везикулярлы.Сырылдар жоқ.

ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫР ЖҮЙЕСІ

Пульс-108, қалыпты, біркелкі. АҚ-90\60 Перкуссиясы: Абсолютті тұйықтық: Шекаралары Жоғарғы қыры 4-қабырға. Сол жақ сыртқы қыры Сол емшек және төс маңы сызықтың аралығында Оң ішкі қыры Төстің сол жақ қыры Тұйықталған аймақтың көлденеңі 5,5см САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҰЙЫҚТЫҚ: Шекаралары Жоғарғы қыры 3-қабырға Сол жақ сыртқы қыры Емшек сызығы бойында Оң жақ қыры Оң жақ төс маңы сызығымен төстің оң жақ қырының ортасы Тұйықталған аймақтың көлденеңі 9-14см.

АСҚОРТУ ЖҮЙЕСІ

Іші қалыпты, тыныс алуда оң жақ бөлігі қалыңқы. Ауыз қуысын қарау: тілі ақ жабынмен жабылған, миндалинаның ұлғаюы жоқ. Іш пальпациясы: беткей пальпацияда ауырады. Терең жылжымалы пальпацияда: іштің оң жақ бүйірінде ауырсыну. Симптомы: Ситковского, Воскресенского, Ровзинга, Щеткина- Блюмберг оң. Іштің перкуссиясы: Курлов бойынша бауыр өлшемі: Бауырдың оң бөлігі-9см Бауырдың ортаңғы бөлігі-8см Бауырдың сол жақ бөлігі-7см Аускультацияда: шулар естілмейді

ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ

Бүйрек сезілмейді. Ауырсыну жоқ. Пастернацкий симптомы теріс.

ЭНДОКРИНДІ ЖҮЙЕ

Қалқанша безі ұлғаймаған.

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ:

Сана-сезімі: қалыпты,есі анық,адекватты.Уақыт пен кеңістікте тұрақты.Рефлекстері сақталған.Менингиалді симптомдар теріс.

Жоғарда айтылған мәліметтерге сүйене отырып диагноз қойылды.


Дата добавления: 2015-12-15 | Просмотры: 428 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)