АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

НЕФРОЛОГИЯ, ЭНДОКРИНОЛОГИЯ

№ 1 АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР

 

1.Несеп-жыныс жүйесінің визуалды диагностикасының негізгі және бірінші дәрежелі әдісі:

A. КТ

B. МРТ

C. жалпы шолу рентгенографиясы

D. цистография

E. венаішілік урография

2. Несеп-жыныс жүйесінің жалпы шолу рентгенографиясы қандай мәлімет береді?

A. бүйрек пен несепағарда рентген контрасты тастардың бар екендігі туралы

B. бүйрек пен несепағарда рентген контрасты емес тастардың бар екендігі туралы

C. бүйректің тостағаншасы мен астаушасының өзгерістері туралы

D. несепағар жолдарының өзгерістері туралы

E. қуықтағы өзгерістер туралы

3. Несеп-жыныс жүйесінің рентгенологиялық зерттеуіне қандай жағдай қажет?

A. тиісті дәрі-дәрмекті қабылдау

B. ауруды зерттеуге дайындау

C. зерттеудегі дейін 1-1,5 литр сұйықтықты қабылдау

D. зерттеуге дейін бір апта диета сақтау

E. жауаптың бәрі дұрыс

4. Экскреторлық урография жасаудың ерекшелігі:

A. катетер енгізу

B. денеге көп мөлшерде сұйықтықты енгізу

C. апталық диета

D. контрасты зат қолдану

E. жауаптың бәрі дұрыс емес

5. Ауруларды экскреторлық урографияға дайындаудың мәнісі неде?

A. жұмыртқаны қолдану

B. зерттеуге дейін тазалау клизмасын қолдану

C. зерттеуден кейін тазалау клизмасын қолдану

D. майлы тамақпен провокация жасау

E. арнайы массаж қолдану

6. Цистография дегеніміз не?

A. бүйректі контрасты затсыз зерттеу

B. бүйректің паренхимасын зерттеу

C. бүйректің астаушасы мен тостағаншасын зерттеу

D. өт қапшығын контрасты затпен зерттеу

E. қуықты контрасты затпен зерттеу

7. Цистрография нені зерттейді?

A. бүйрек астаушасының жағдайын

B. қуықтың жағдайын

C. несепағардың жағдайын

D. бүйрек паренхимасының жағдайын

E. бүйрек үсті безінің жағдайын

8. Ретроградты пиелографияның өзіне тән ерекшелігі қандай?

A. контрасты затты қуыққа енгізу

B. контрасты затты көк тамырға енгізу

C. бүйрек қабаттарын зерттеу

D. зерттеу үшін контрасты зат қолданылмайды

E. контрасты затты катетер арқылы несеп жолына енгізу

9. Несепағардың тасы қандай визуалды диагностика әдісімен анықталады?

A. НЖЖ жалпы шолу рентгенографиясымен

B. томографиямен

C. КТ

D. экскреторлық урографиямен

E. УДЗ

10. Нефроптоздың рентгенологиялық диагностикасында қолданылады:

A. әртүрлі уақытта жатқан және тұрған қалыпта жасалған рентгенограммаларда салыстыру

B. әртүрлі уақытта жатқан қалыпта жасалған рентгенограммаларды салыстыру

C. әртүрлі уақытта тек тұрған қалыпта жасалған рентгенограммаларды салыстыру

D. қапталынан және тұрған қалыпта жасалған рентгенограммаларды салыстыру

E. тек тұрған қалыпта жасалған рентгенограммаларды салыстыру

11. НЖЖ ауруларының жалпы шолу рентгенграммасындағы ең ықтимал белгілері:

A. ішекте көп мөлшерде газдың болуы

B. газбен керілген ішек тұзақтарында көлденең сұйықтық деңгейінің болуы

C. бел-мықын бұлшық еттерінің шеттерінің анық болуы

D. асқазанның газды көпіршігінің болмауы

E. бүйрек көленкесінің ұлғаюы

12. Қандай рентгенологиялық әдіс бүйректің қосарлануын анықтауға мүмкіндік береді?

A. НЖЖ жалпы шолу рентгенографиясы

B. томография

C. экскреторлық урография

D. бүйректердің көздемелі рентгенографиясы

E. ретроградты пиелография

13. Экскреторлық урография кезіндегі созылмалы пиелонефритке тән симптом:

A. бүйректің орналасу деңгейінің өзгеруі

B. тостағанша -астауша жүйесінің деформациясы

C. несепағардың кенеюі

D. бүйрек түбікшесіндегі конкремент көленкесі

E. бүйректердің орналасқан жақтарының өзгеруі

14. Мына белгілердің қайсысы нефроптозды анықтауда өте маңызды болып табылады?

A. бүйрек мөлшерінің ұлғаюы

B. бүйректің орналасу деңгейінің өзгерісі

C. бүйрек пішінінің өзгеруі

D. бүйректердің орналасқан жақтарының өзгермеуі

E. бүйрек мөлшерінің кішіреюі

15. Бүйрек тостағаншасы мен астаушасының кенеюі қандай ауруға тән?

A. пиелонефритке

B. бүйрек тостағаншасындағы тасқа

C. бүйрек ісігіне

D. гидронефрозға

E. нефроптозға

16. Түрік ершігінде қандай без орналасқан?

A. бүйрек үсті безі

B. гипофиз

C. қалқанша бездер

D. қалқанша маңы бездері

E. ұйқы безі

17. Түрік ершігін анық визуализациялауға мүмкіндік беретін әдіс қандай?

A. рентгенография

B. УДЗ

C. МРТ және КТ

D. ангиография

E. рентгено-контрасттық зерттеу

18. Қалқанша безінің қызметін тексеру үшін қандай зерттеу әдісі қолданылады?

A. МРТ

B. КТ

C. рентгенография

D. УДЗ

E. радиоизотоптық диагностика

19. Бүйрек үсті безі қайда орналасқан?

A. бүйректердің төменгі полюсінде

B. бүйректердің латеральды бөлімінде

C. бүйректердің төменгі медиальды бөлімінде

D. бүйректердің жоғарғы медиальды бөлімінде

E. бүйректердің ортаңғы 1/3 артында

20. Ұйқы безінің басы қай жерде орналасқан?

A. асқазан денесінің артында

B. асқазан денесінің алдында

C. бауырдың артында

D. 12 елі ішек доғасында

E. көкеттің сол жақ күмбезінің астында

21. Қалқанша безі қанша үлестен тұрады?

A. 2

B. 3

C. 4

D. 1

E. 5

22. Қалқанша маңы безі қайда орналасқан?

A. бүйректердің жоғарғы-ішкі полюсінде

B. бүйректердің төменгі-ішкі бөлімінде

C. қалқанша бездерінің полюстерінде

D. 12 елі ішектің доғасында

E. қалқанша безінің мойыншығында

23. Қалыпты жағдайда қалқанша маңы безінің саны қанша?

A. 1

B. 2

C. 3

D. 4

E. 5

24. Гипофиздің микроаденомасын анықтауда ең тиімді әдіс қандай?

A. рентгенография

B. УДЗ

C. радионуклидтік ідіс

D. ПЭТ

E. КТ және МРТ контрасттаумен

25. Балаларда қалқанша безді сәулелік зерттеудің негізгі әдісі:

A. рентгенологиялық

B. МРТ

C. УДЗ

D. КТ

E. ПЭТ

26. 2-3 қатардағы ұсақ панкреатикалық өзектердің бейнесін қалай зерттеуге болады?

A. асқазан мен 12 – елі ішектін рентгеноскопиясы

B. УДЗ

C. радионуклидтік диагностика

D. эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография

E. ангиография

27. Айырша (вилочковая) без қай жерде орналасады?

A. кеуде қуысының жоғарғы-алдыңғы бөлігінде, төс сүйегінің сол жағында

B. кеуде қуысының жоғарғы-алдыңғы бөлігінде, төс сүйегінің оң жағында

C. кеуде қуысының жоғарғы-алдыңғы бөлігінде, төс сүйегінің артында

D. кеуде қуысының орта бөлігінде, төс сүйегінің артында

E. барлық жауаптары дұрыс емес

28. Эхограммадағы аналық бездің көлемді процессі:

A. шеттері анық емес және тегіс емес эхогенді тұзіліс түрінде

B. шеттері анық және тегіс гиперэхогенді тұзіліс түрінде

C. шеттері анық бірақ тегіс емес анэхогенді түзіліс түрінде көрінеді

D. барлық белгілердің жиынтығы тән

E. екі белгінің қосындысы тән

29. Аналық бездің кистасы компьютерлік томографияда:

A. шеттері анық, құрылымы біртекті, тығыздығы 14-тен 30 ға дейінгі HU дөңгелек немесе оваль пішінді түрінде

B. шеттері анық емес, құрылымы әртекті,тығыздығы 30-40 дейінгі HU дөңгелек немесе оваль пішінді түрінде

C.шеттері анық емес, құрылымы әртекті, тығыздығы 40-60 дейінгі HU дөңгелек немесе оваль пішінді түрінде

D. аталған белгілердің жиынтығы

E. барлық жауаптары дұрыс емес

30. Балалардың бүйрек үсті безін визуализациялайтын ең ақпаратты әдіс:

A. экскреторлық урография

B. микционды цистография

C. ультрадыбыс зерттеуі

D. іш қуысы мүшелерінің жалпы шолу рентгенографиясы

E. барлық белгілердің жиынтығы

31. 42 жастағы науқас созылмалы гломерулонефритпен және артериальды гипертензиямен ауырады. Түскен кезде: АҚҚ 200/120 мм.с.б.б., пульс 75-80 рет минутына. Бетінде, белінде, балтырында ісіктер бар. Қан сарысуындағы жалпы белок – 3,8 г/л, зәрдегі белок 16 г/л Науқасқа гипотензивті терапия ретінде қай препарат тиімді?

А. энанаприл

В. атенолол

С. допегит

D. гуанетидин

Е. фуросемид

32. Индометацин және гентамицинмен қосарланғанда жиі тудырады:

А. бүйрек функциясының бұзылуы

В. гентамициннің нейротоксикалығының күшеюі

С. анемия дамуына қауіптілік

D. гентамициннің белсенділігінің тежелуі

Е. индометациннің белсенділігінің тежелуі

33. «Тұзақты» диуретиктердің жағымсыз әсерлерінің пайда болуына қауіп факторларды көрсетіңіз:

А. науқастың жас болуы

В. гиперальдостеронизм

С. диуретиктерді енгізгеннен кейін тәуліктік диурез 3 л жоғары

D. диуретикалық әсердің тез пайда болуы

Е. амилоридті бірге тағайындау

34. Спиронолактинның әсерінің басталуы:

А. 30 минут

В. 2-4 сағат

С. 6-8 сағат

D. 10-12 сағат

Е. 4-5 күн

35. Көк ірің таяқшасымен тудырылған зәр шығару жолдарының инфекциясында таңдау препаратын көрсетіңіз:

А. 5-НОК

В. налидикс қышқылы

С. амоксициллин

D. азитромицин

Е. цефтазидин

36. Несеп-жыныс жолдарының хламидиялық инфекциясын емдеуде қандай препарат тиімді:

А. аптроксолин

В. цефотаксим

С. ровамицин

D. амоксиклав

Е. офлаксацин

37. Цефтриаксон антибиотигін 10 күн қолдану фонында псевдомембранозды колит белгілері дамыған. Дәрігерлік көмектің алғашқы қадамы қандай?

А. антибиотикті тоқтату, флуконазон тағайындау

В. цефтриаксионды тоқтату, цефепим тағайындау

С. қосымша сульфаниламидті преапаратын тағайындау

D. цефтриаксионды тоқтату, метронидазол тағайындау

Е. цефтриаксионды тоқтату, амикацин тағайындау

38. Инфекциялық процеске байланысты антибактериальды препарат қабылдайды. Тамырішілік инфузия кезінде дененің жоғарғы бөлігі, бет, мойын терісінің айқын қызаруы түрінде реакция байқалады. Қай препаратқа мұндай реакция байқалады?

А. цефтриаксон

В. ванкомицин

С. амикацин

D. ципрофлоксацин

Е. азлоциллин

39. Науқас 25 жаста, жедел оң жақты пиелонефрит белгілерімен бөлімшеге түсті. 3 күн бұрын салқындаудан кейін ауырған. Цефазолин тағайындалған. 2-ші инъекциядан кейін 10 мин. соң АҚҚ төмендеуі, бас айналуы, жүрек айну, құсу, еріксіз зәр шығару, құрысу синдромы байқалған. Науқаста қандай асқыну дамыған?

А. эндотоксинді шок

В. клиникалық көрінісінің әрі қарайғы даму белгісі

С. анафилактикалық реакция

D. жедел іш симптомы

Е. препараттың токсикалық әсері

40. Жегілік нефриттің глюкокортикоидтармен емі жиі асқынады:

А. сүйектің асептикалық некрозы

В. гипертония

С. туберкулез

D. қант диабеті

Е. салмақ қосу

41. Қандай жағдайда І типті қант диабеті кезінде базальды инсулин дозасын ұлғайту үшін абсолютті көрсетімдер орыналады?

A. аш қарынға жоғары гликемия

B. түнде және ашқарынға жоғары гликемия

C. тамақтан кейін 2 сағаттан соң жоғары гликемия

D. жоғары препрандиалдық гликемия

E. ұйқы алдындағы жоғары гликемия

42. Диффузиялық уытты зобты емдеу кезінде қандай препараттар патогенетикалық препараттарға жатады?

A. β-блокаторлар

B. тиреостатиктер

C. седативтік

D. АПФ тежегіштері

E. левотироксин

43. Сульфаниламидтердің қант төмендеткіш әсерінені негізге алады?

A. инсулин секрециясының β-клеткалармен күшейтілуі

B. бауыр глюконеогенезінің жанышталуы

C. эндогендік инсулин әсерінің жақсаруы

D. ішек-қарында глюкоза резорбциясының баяулауы

E. глюкагон секрециясының баяулауы

44. Қандай жағдайда қант диабеті бар науқасқа базальды инсулиннің дозасын азайту қажет?

A. ашқарынға жоғары гликемия, түндегі гипогликемия

B. түнде және ашқарынға жоғары гликемия

C. тамақтан кейін 2 сағаттан соң жоғары гликемия

D. жоғары препрандиалдық гликемия

E. ұйқы алдындағы жоғары гликемия

45. Аталған препараттардың қайсысы инсулиннің секрециясын жандандырмайды?

A. гликлазид

B. глимепирид

C. репаглинид

D. пиоглитазон

E. глипизид

46. Артық дене салмағы және ашқарынға гликемияның бұзылушылығы бар пациентке препараттардың қайсысы бәрінен бұрын көрсетілген?

A. глимепирид

B. метформин

C. репаглинид

D. глулизин

E. гликлазид

47. Артық денесалмағы және глюкозаға төзімділіктің бұзылушылығы бар пациентке препараттардың қайсысы бәрінен бұрын көрсетілген?

A. гликлазид

B. репаглинид

C. глимепирид

D. глулизин

E. акарбоза

48. Гипотиреоз және қалқан тәріздес безге антиденелердің жоғары титрі ілесетін аутоиммундық тиреоидит кезінде қандай препарат ең алдымен көрсетілген?

A. емдік дозадағы калий йодиды

B. профилактикалық дозадағы калий йодиды

C. орынын басушы дозадағы левотироксин

D. глюкокортикоидтер

E. супресстивтік дозадағы левотироксин

49. Диабеттік кетоацидотикалық кома кезінде бастапқы ерітінді ретінде не пайдаланылады?

A. натрий хлоридының гипотониялық ерітіндісі

B. физиологиялық ерітінді

C. натрий хлоридының гипертониялық ерітіндісі

D. 5% глюкоза ерітіндісі

E. 40% глюкоза ерітіндісі

50. Натрий хлоридының гипотониялық ерітіндісі қандай жағдайларда пайдаланылады?

A. диабеттік кетоацидотикалық кома

B. диабеттік гиперсмолярлық кома

C. диабеттік сүтқышқылды кома

D. диабеттік гипогликемиялық кома

E. гипотиреоидтік кома

51. Созылмалы гломерулонефритпен ауыратын және соған байланысты тәулігіне 80 мг преднизолон қабылдайтын науқаста асқазан жарасы анықталған. Сіздің әрекетіңіз:

A. преднизолон дозасын көбейту

B. преднизолон дозасын азайту

C. преднизолонды парентеральдік егуге ауыстырып, кейін баяу алып тастау

D. преднизолонды бірден алып тастау

E. преднизолонды азатиопринге алмастыру

52. Науқас 42 жаста. Бұрын өзін сау деп есептеген. Бір жарым жылдан бері – артериялық гипертония. Анда-санда, тәртіпсіз емделген. Негізінен еңбекке қабілеттілігі (администра-тивтік жұмысшы) сақталған. Кездейсоқ тексеруде (жұмыс ауыстырғанда) таңертеңгі зәр анализінде өзгерістер табылған: белок – 0,5 г/л, эр. 5-6 к/а, лейк. 4-6 к/а, гиалинді цилиндрлер – бірен-саран. Жалпы қан анализінде: Нв – 130 г/л, ЭТЖ – 12 мм/сағ. Қан сарысуында: креатинин – 0,12 ммоль/л (12%), қант – 5,5 ммоль/л. ЭКГ – қалыптыға жақын. Бір ай өткен соң қан мен зәр анализдерінде аталған өзгерістер бар. Науқаста ең мүмкін диагноз:

A. созылмалы гломерулонефрит

B. гипертония ауруы, ІІ сатысы

C. созылмалы пиелонефрит, латентті даму барысы

D. СБШ

E. вазоренальді гипертензия

53. Егер науқас стрептококкті инфекциямен ауырса, жедел гломерулонефрит әдетте басталады:

A. ауру кезінде

B. ауру басынан 5-7 күннен кейін

C. ауру басынан 10-14 күннен кейін

D. 1 айдан кейін

E. 3 айдан кейін

54. Қазіргі уақытта созылмалы пиелонефритті тудыратын қоздырғышы болып табылады:

A. энтерококтер

B. протей

C. ішек таяқшасы

D. клебсиелла

E. хламидиялар

55. Созылмалы пиелонефрит этиологиясына келесі тұжырымдардың қайсысы сай келмейді:

A. уродинамиканың бұзылысы бүйректің инфекциялануына әкеледі

B. бүйрек гематогендік жолға қарағанда, урогендік жолмен жиі инфекцияланады

C. инфекция несеп ағысына қарсы бағытта тарай алмайды

D. созылмалы пиелонефрит аутоинфекция болып табылады

E. пиелонефриттің дамуына иммундық жауаптың бұзылуы тән

56. 20 жастағы науқас, әскери қызметкер. ЖРВИ-дан соң 2 аптадан кейін зәрінің «ет жуындысы» түсіндей өзгергенін байқаған. Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлыққа жақын, ісік жоқ. АҚҚ с.б.б. 120/80 мм. ЖЗА: эритроциттер көру алаңын түгел жапқан, белок – 0,5 г/л. Қандағы жалпы белок – 72 г/л. Сіздің болжам диагнозыңыз:

A. Берже ауруы

B. созылмалы пиелонефриттің өршуі

C. интерстициальды нефрит

D. нефротикалық синдром

E. қатерлі жеделдеу нефрит

57. Анурияда тәулігіне бөлінетін зәр:

A. 100 мл аз несеп

B. 300 мл аз несеп

C. 600 мл аз несеп

D. 700 мл аз несеп

E. 800 мл аз несеп

58. 40 жасар науқас созылмалы пиелонефритке байланысты көп жылдан бері бақыланады. Зәр шығарған кездегі ауырғандыққа байланысты қаралған. Пульсі 70 рет мин. АҚҚ с.б.б. 160/90 мм тең. Нв – 100 г/л. Диурезі 1 л. Зәр анализінде: лейкоцитурияның жоғарылауы. Зимницкий сынамасы бойынша зәрдің меншікті салмағы 1,010. Зәр себіндісі жасалған. Қан сарысуындағы креатинин 0,5 ммоль/л (45 мг%). Науқаста қандай асқыну дамыған:

A. созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

B. жедел бүйрек жетіспеушілігі

C. нефротикалық синдром

D. гипертониялық криз

E. бүйрек коликасы

59. Қатал гломерулонефритте уремия дамиды:

A. 3-5 айдан кейін (аурудың басталуынан)

B. 1 жылдан кейін

C. 2 жылдан кейін

D. 3 жылдан кейін

E. 5 жылдан кейін

60. Қатал гломерулонефритті емдеуде қолданылады:

A. стероидты дәрілермен пульс-терапия, кейін преднизолон мен цитостатиктерді аса үлкен мөлшерде тағайындау

B. плазмаферез, пульс-терапия, кейін 4 компонентті терапия тағайындау (преднизолон, цитостатиктер, гепарин, курантил)

C. плазмаферез, пульс-терапия, кейін индометацин тағайындау

D. плазмаферез, кейін гепарин мен курантил тағайындау

E. плазмаферез, кейін преднизолон мен цитостатиктерді тағайындау

61. Пиелонефритте несеп синдромына тән:

A. гематурия

B. лейкоцитурия

C. цилиндрурия

D. протеинурия > 3 г/л

E. несеп тығыздығының жоғарылауы

62. Нефротикалық синдромды емдеу үшін тағайындау керек:

A. тек диуретиктер

B. диуретиктермен қосып альбумин инфузиясы

C. тек альбумин инфузиясы

D. спиронолактондар, альбумин инфузиясы, диуретиктер

E. спиринолактон

63. СБШ жағдайындағы ісіну синдромында жүргізілетін тиімді зәр айдағыш дәріні таңдаңыз:

A. фуросемид

B. гидрохлортиазид

C. спиронолактон

D. триамтерен

E. аминофиллин

64. 17 жасар науқас баспамен 3 апта бұрын ауырғаннан кейін жалпы жағдайы нашарлаған, басы ауырып, зәрінің қызғыш болуын байқаған. АҚҚ с.б.б. 160/100 мм тең, пульсі минутына 100 рет. Қанда: Нв – 125 г/л, ЭТЖ – 40 мм/сағ., креатинин 0,12 ммоль/л (1,2 мг%). Таңертеңгі зәрде: с.т. – 1,015, белок – 2 г/л, эр. – 30-ға дейін к/а, лейк. – 10-12 к/а. Болжам диагнозы жедел стрептококктан кейінгі гломерулонефрит. Осы науқастағы АҚҚ жоғарылауының негізгі механизмі қандай:

A. ренин-ангиотензин жүйесінің активтенуі

B. натрий мен судың кідіруіне байланысты болатын гиперволемия

C. шумақ фильтрациясының төмендеуі

D. жүрек жұмысының күшеюі

E. кинин-калликреин жүйесінің төмендеуі

65. Гломерулонефритпен ауыратын науқас преднизолон қабылдайды, соның фонында артериялық гипертензиясы күшейе түскен. Сіздің тактикаңыз қандай:

A. преднизолон мөлшерін азайту + цитостатик қосу

B. преднизолон мөлшерін көбейту + антигипертензиялық терапияны күшейту

C. преднизолонды тоқтату

D. преднизолон мөлшерін азайту + антигипертензиялық терапия

E. преднизолонды тоқтату + цитостатик қосу

66. Қандай дәрілік препараттар бүйректің зақымдануына жоғары қауіп тудырады:

A. глюкокортикостероидтар

B. психотропты дәрілер

C. аминогликозидтер

D. нитраттар

E. ААФ ингибиторлары

67. 20 жастағы студент қыз бас ауруына байланысты күніне 10-12 таблетка анальгетиктер тобының препараттарын (цитрамон, анальгин және т.б.) қабылдаған, ұйқышылдық, дел-салдық, жүрек айну мазалауына байланысты тұрғылықты жеріндегі емханада тексеру кезінде табылған: Нв – 98 г/л, ЭТЖ – 68 мм/сағ. Қарағанда: тері жамылғысының шамалы бозаруы, жүйелер бойынша ерекшеліксіз, АҚҚ с.б.б. 120/65 мм-ге тең. Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок – 62 г/л, альбумин – 40 г/л, креатинин – 0,185 мкмоль/л, зәр қышқылы – 184 мкмоль/л, калий – 5,0 ммоль/л. Зәр анализі: реакциясы тұрақты сілтілі, Зимницкий сынамасында меншікті салмағы 1001-1003, белок 0,3-0,1 г/тәул., эр.-7-15 к/а., лейк. 1-3 к/а., зәр себіндісі стерильді, шумақ фильтрациясы 70 мл/мин. Ең мүмкін диагноз:

A. жедел пиелонефрит

B. жедел гломерулонефрит

C. уратты нефропатия

D. жедел интерстициальды нефрит (дәрілік)

E. жедел гломерулонефрит. ЖБШ

68. Бүйрек амилоидозында қандай қосымша тексеру әдістері қажет:

A. бүйректің радиоизотопты сцинтиграфиясы

B. зәр тұнбасының фазово-контрасттық микроскопиясы

C. бүйректің экскреторлы урографиясы

D. тік ішек кілегей қабатының конго-қызылға бояуымен биопсиясы

E. бүйректі УДЗ

69. 27 жастағы науқас әйел клиникаға айқын әлсіздікке, аузының құрғауына, анорексияға, беті мен аяғының ісінуіне, ішінің ұлғаюына шағым айтып түсті. Объективті: тері жамылғысы бозғылт түсті, шеткі ісінулер, орташа гидроторакс, асцит. Лабораториялық тексерулерде: протеинурия, диспротеинемия, гиперлипидемия. Осы жағдайға көрсетілген синдромдардың қайсысы тән:

A. Конн синдромы

B. карциноидты синдром

C. нефротикалық синдром

D. қанның тамырішілік себінді ұю синдромы

E. Иценко-Кушинг синдромы

70. Ұзақ уақыттан бері гломерулонефритпен ауыратын 34 жастағы науқас әйел ауруханаға стационарлық ем алу үшін келіп түсті. Лабораторлық зерттеу кезінде АИК (айналымдағы иммунокомплекстер) деңгейінің жоғарылауы, гиперфибриногенемия, жоғары дәрежелі тромбоциттер агрегациясы, оң мәнді «В» фибриноген, көп мөлшерде ФДӨ (фибриноген деградациясының өнімдері), фибринолитикалы белсенділік пен протромбин уақытының төмендеуі, протеинурия, микрогематурия анықталды. Берілген лабораторлық мәліметтерді есепке ала отырып, қандай синдромның дамуы жөнінде ойлауға болады:

A. Клод-Бернар-Горнер синдромы

B. Иценко-Кушинг синдромы

C. Симмондс синдромы

D. қанның тамырішілік себінді ұю синдромы

E. Карциноидты синдром

71. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің терминальды сатысындағы радикальды емдеу әдісі:

A. плазмаферез

B. ішектік диализ

С. гемодиализ

D. перитонеальды диализ

Е. бүйрек трансплантациясы

72. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі кезінде шумақтық фильтрация төмендеуін бағалайтын ең ақпаратты лабораторлық әдіс:

A. қандағы фибриноген деңгейі

B. қандағы мочевина деңгейі

С. қандағы қалдық азот мөлшері

D. қандағы креатинин деңгейі

Е. қандағы калий деңгейі

73. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің терминальды сатысында шумақтық фильтрация жылдамдығы қандай болады:

A. 5-10 мл/мин

B. 20-25 мл/мин

С. 25-30 мл/мин

D. 50-70 мл/мин

Е. 70-120 мл/мин

74. Созылмалы пиелонефритте көбінесе анықталады:

A. Мендель симптомы

B. Мерфи симптомы

С. Пастернацкий симптомы

D. Гауссман симптомы

Е. Мейо-Робсон симптомы

75. Созылмалы гломерулонефке қандай несеп синдромы тән:

A. лейкоцитурия + бактериурия

B. глюкозурия + протеинурия

С. гематурия + орташа мөлшерлі протеинурия

D. пиурия + орташа мөлшерлі протеинурия

Е. айқын протеинурия + цилиндрурия

76. Қант диабетімен ауыратын 23 жасар науқас клиникаға түскен. Қан анализінде: қант – 25 ммоль/л, қанның рН – 7,16, Na+ – 120 мэкв/л, К+ – 5,6 мэкв/л. Осы жағдайда қандай дәрілердің тіркесуі тиімді:

A. инсулин және калий хлориді

B. инсулин, NaCl мен натрий бикарбонат ерітінділері

C. NaCl мен натрий бикарбонат ерітінділері

D. инсулин және глюкоза

E. инсулин, глюкоза және калий хлориді

77. Қант диабетімен ауыратын 23 жасар науқас клиникаға түскен. Қан анализінде: қант – 25 ммоль/л, қанның рН – 7,16, Na+ – 120 мэкв/л, К+ – 5,6 мэкв/л. Берілген жағдайда шұғыл көмек көрсетпегенде қандай асқыну дамуы мүмкін:

A. кетоацидоздық кома

B. гиперосмолярлық кома

C. гипогликемиялық кома

D. лактоацидоздық кома

E. барлық аталғандар

78. 23 жасар науқас ауруханаға есін жоғалтқан күйінде түсті. Терісі құрғақ, бетінің ұшы қызарған. Тыныс шығарған кезде өткір ацетон иісі шығады. Куссмауль тынысы. АҚҚ с.б.б. 130/90 мм тең. Пульсі 102 соққы минутына. Қандағы қант – 28,4 ммоль/л, зәрдегі қант – 6%, ацетонға реакция – өте жоғары, оң мәнді. Бірінші орындағы патогенетикалық емдік шаралар қандай:

A. натрий бикарбонатын көк тамырға егу

B. қысқа әсерлі инсулин, бөліп-бөліп егу

C. бигуанидтерді алып тастау

D. 5% глюкоза ерітіндісін көк тамырға егу

E. қысқа әсерлі инсулин, натрий бикарбонаты

79. 51 жасар науқас әйел қынаптың қышуына, аузының кебуіне, несеп бөлудің жиіленуіне, соңғы 3 айға созылған еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне шағым айтады. Қарағанда: науқастың күйлілігі жоғарылаған, терісі құрғақ. Жүрек тондары тұйықталған, АҚҚ с.б.б. 140/90 мм тең. Пульсі 72 рет минутына. Қан анализі: холестерин – 6 ммоль/л, бета-липопротеидтер – 7,2 ммоль/л, триглицеридтер – 1,9 ммоль/л, қант – 10,0 ммоль/л. Қандай диагноз туралы ойлау мүмкін:

A. НЦД (нейроциркуляторлық дистония)

B. ІІ типті қант диабеті

C. Иценко-Кушинг синдромы

D. қантсыз диабет

E. климактериялық синдром

80. ІІ типті қант диабеті мен семіздігі бар науқасқа ем тағайындаңыз:

A. седативті дәрілер

B. жыныс гормондары

C. сульфонилмочевина препараттары

D. преднизолон

E. инсулин

81. Төменде аталған жедел жағдайлардың қайсысы қант диабетінде дамуы мүмкін:

A. тиреотоксикалық кома

B. апоплексиялық кома

C. гиперкетонемиялық кома

D. бауырлық кома

E. милық кома

82. 32 жастағы әйел жүрегінің ауырғандығына, жүректің қатты соғуына, минутына 130 соққыға дейін болатын тахикардияға, ашуланғыштыққа байланысты стационарда тексеруден өткен. Қойылған диагнозы: нейроциркуляторлы дистония, гипертониялық түрі. Максимальды АҚҚ с.б.б. 160/80 мм тең. Гормондарға зерттеу жүргізілген жоқ. Қандай зерттеуді жүргізгенде Сіздің диагнозыңыз дәлелденеді:

A. қандағы адреналин, норадреналин деңгейін анықтау

B. глюкоза деңгейін анықтау

C. тиреотропты гормон деңгейін анықтау

D. пролактин деңгейін анықтау

E. жүректі УДЗ

83. Науқас 48 жаста, дене салмағының жоғарылауына, бас ауырғандыққа, бел аймағындағы ауырғандыққа, бетінде түктердің өсуіне шағым айтады. Бет ұштары күңгірт-қызарған, іші ұлғайған, аяқ-қолдары арықтаған. АҚҚ с.б.б. 190/110 мм тең. Рентгенограммада: жамбас сүйектерінің, омыртқа сүйектерінің остеопорозы. Қанда және зәрде гидрокортизон деңгейі шамалы жоғарылаған. Қандай ауру туралы ойлау керек:

A. семіздік

B. гломерулонефрит, СБШ

C. бірінші ретті альдостеронизм

D. Иценко-Кушинг синдромы

E. гипертония ауруы

84. Науқас 62 жаста, дел-салдық, ой қызметінің нашарлауы, беттің ісінуі, дене салмағының жоғарылауы, көз саңылауының тарылуы, қабақтың сыртқы 1/3-ң түктерінің түсуі, брадикардия және айқын гиперхолестеринемия табылған. Төменде келтірілген аурулардың қайсысы көрсетілген клиникалық белгілермен жүруі мүмкін:

A. Иценко-Кушинг ауруы

B. В12-жетіспеушілік анемия

C. гипотиреоз

D. жайылмалы-уытты жемсау

E. атеросклероз

85. 34 жастағы науқас әйел аздап тұншығу, мойынының үлкеюіне шағым айтады. Анамнезі бойынша көп жылдар бойы эндемиялық аймақта орналасқан таулы жерде тұрады. Қарағанда: қалқанша безі көзге көрінеді, пальпация ауырсынады, көлемі ІІ дәрежеге дейін ұлғайған. АҚҚ с.б.б. 140/70 мм-ге тең. Пульсі минутына 62 рет. ТТГ, Т3 және Т4 деңгейі қалыпты. Диагноз қойыңыз:

A. Хашимото ауруы

B. жайылмалы уытты жемсау

C. эндемиялық жемсау, түйінді түрі

D. бірінші ретті гипотиреоз

E. Ридель тиреоидиті

86. Киммелстил-Уилсон синдромының негізгі клиникалық көрінісі:

A. протеинурия, гипоальбуминемия, артериальды гипертензия

B. протеинурия, артериальды гипертензия, анемия

C. протеинурия, артериальды гипертензия, ісіктер

D. гематурия, артериальды гипертензия, ісіктер

E. гематурия, протеинурия, ісіктер

87. Кетоацидозда адекватты патогенетикалық терапия тағайындаңыз:

A. антитиреоидты препараттар

B. инсулинотерапия

C. гипотензивті препараттар

D. альдактон

E. преднизолон

88. Жайылмалы-уытты жемсауда қандай жүйелер басымырақ зақымданады:

A. асқорыту

B. жүрек-тамыр

C. несеп бөлу

D. тыныс алу

E. жүйке

89. Жайылмалы-уытты жемсауда жүрек-тамыр жүйесі жағынан тән өзгерістер:

A. брадикардия

B. пароксизмалді тахикардия

C. тұрақты тахикардия

D. жіптәрізді пульс

E. атриовентрикулярлы блокадалар

90. Тиреотоксикозда патогенетикалық емді тағайындаңыз:

A. антиструмин 1 тб аптасына1 рет

B. адиурекрин 0,05 тб күніне 2-3 рет

С. мерказолил 0,01 күніне 3 рет

D. тиреоидин 0,05 күніне 2 рет

Е. адреналин 0,1-1,0 тері астына

91. Тиреотоксикозға тән АҚҚ өзгерістері:

A. систолалық қысымның жоғарылауы

B. диастолалық қысымның жоғарылауы

C. пульстік қысымның жоғарылауы

D. кіші қан айналым жүйесінде қысымның жоғарылауы

E. пульстік қысымның азаюы

92. Тиреотоксикозда жүйке жүйесі жағынан байқалатын белгілер:

A. психикалық қозғыштығының жоғарылауы

B. реакцияларының тежелуі

C. Ахилл рефлексінің төмендеуі

D. полинейропатия

E. ұйқышылдық

93. Гипогликемиялық кома дегеніміз:

A. қанда глюкозаның тез төмендеуінен туындайтын жағдай

B. инсулин дефициті мен қанда көп мөлшерде сүт қышқылының жиналуынан ацидозға әкелетін жағдай

C. ауыр инсулин жетіспеушілігі мен тканьдермен глюкозаның утилизациясының төмендеуі – кетоацидозға әкелуі

D. дегидратация, гипергликемия, гиперосмолярлықпен сипатталатын кетоацидоз болмайтын жағдай

E. бауыр клеткаларының ауқымды некрозынан туындайтын жағдай

94. Гипергликемиялық гиперкетонемиялық кома дегеніміз:

A. қанда глюкозаның тез төмендеуінен туындайтын жағдай

B. инсулин дефициті мен қанда көп мөлшерде сүт қышқылының жиналуынан ацидозға әкелетін жағдай

C. ауыр инсулин жетіспеушілігі мен тканьдермен глюкозаның утилизациясының төмендеуі – кетоацидозға әкелуі

D. дегидратация, гипергликемия, гиперосмолярлықпен сипатталатын кетоацидоз болмайтын жағдай

E. бауыр клеткаларының ауқымды некрозынан туындайтын жағдай

95. Гиперосмолярлық кома дегеніміз:

A. қанда глюкозаның тез төмендеуінен туындайтын жағдай

B. инсулин дефициті мен қанда көп мөлшерде сүт қышқылының жиналуынан ацидозға әкелетін жағдай

C. ауыр инсулин жетіспеушілігі мен тканьдермен глюкозаның утилизациясының төмендеуі – кетоацидозға әкелуі

D. дегидратация, гипергликемия, гиперосмолярлықпен сипатталатын кетоацидоз болмайтын жағдай

E. бауыр клеткаларының ауқымды некрозынан туындайтын жағдай

96. Гиперлактацидемиялық кома дегеніміз:

A. қанда глюкозаның тез төмендеуінен туындайтын жағдай

B. инсулин дефициті мен қанда көп мөлшерде сүт қышқылының жиналуынан ацидозға әкелетін жағдай

C. ауыр инсулин жетіспеушілігі мен тканьдермен глюкозаның утилизациясының төмендеуі – кетоацидозға әкелуі

D. дегидратация, гипергликемия, гиперосмолярлықпен сипатталатын кетоацидоз болмайтын жағдай

E. бауыр клеткаларының ауқымды некрозынан туындайтын жағдай

97. Кетоацидозға ең тән белгі:

A. ашқарынға 8,0 ммоль/л-ден жоғары гипергликемия

B. тәуліктік зәрде 100 гр тең глюкозурия

C. гиперкетонемия

D. гликолизденген гемоглобин 3-6%

E. гипергликемия > 6,1 ммоль/л

98. Аталған факторлардың қайсысы қант диабетінің ең мүмкін себебі бола алады:

A. тұқымқуалаушылық

B. семіздік

C. психикалық стресс

D. аутоиммунды механизмдер

E. салқын тию

99. Қант диабетінің қауіп факторына жатады:

A. алиментарлық фактор

B. бүйрек аурулары

C. диабетпен ауыратын науқастың монозиготалық сыңары

D. салмағы 4,5 кг тірі немесе өлі бала туған әйелдер

E. бауыр аурулары

100. Инсулиннің көмірсу алмасуына әсерін атаңыз:

A. глюкорецепторлар активтігін төмендетеді

B. глюкогенезді күшейтеді

C. клеткалармен глюкозаның фосфорлануын активтендіреді

D. бауырда глюкогенезді тежейді

E. тамырлардың шеткі кедергісін азайтады

 


Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 831 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.088 сек.)