АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Урогенитальді инфекция
№11 кестеде урогенитальді инфекциялық ауруларды зерттеудің зертханалық тесттерінің тізімі көрсетілген.
№11 кесте
| Зертханалық тест атаулары
| Негізгі
| Зерттеу әдістері
| Зерттеу құралдары
| Қысқаша клиникалық зертханалық мағына
|
| ИФА Гарднерелла Ig G, Ig M
| +
| Иммуноферментті
| Stat-Fax
Sunrise TS
| Гарднереллез (синонимі: бактериалді вагиноз) қынаптың микрофлорасының дисбалансымен сипатталынады. Нәтижесінде спринцевания; құрамында 9-нонокси-нол бар жүктілікке қарсы заттарды қолдану (Патентекс Овал, Ноноксинол); жынстық әріптесті ауыстыру қынаптағы микрофлорадағы лактобацилла саны азаяды. Бір уақытта Gardnerella vaginalis, Mycoplasma hominis және анаэробты бактериялар саны да көбееді.Гарднереллез деп аталатың қынаптың дисбактериозы пайда болады.
|
| ИФА Трихомонас Ig G
| +
| Иммуноферментті
| Stat-Fax
Sunrise TS
| Трихомоноз- урогенитальді тракттің қоздырғышы, яғни бір жасушалы микроағза Trichomonas vaginalis тудыратың ауру.Инфекция жұққанда қандағы иммундық жауаптың нәтижесінде ИФА әдіспен спецификалық антидене классындағы Ig G пайда болады.Қанда олардын анықталуы бұрын инфекция өткергендігін немесе ағымын көрсетуі мүмкін.
|
| ИФА Токсоплазмоз Ig G, Ig M
| +
| Иммуноферментті
| Stat-Fax
Sunrise TS
| Токсоплазмоз ауруы қарапайым облигатты жасуша ішілік Toxoplasma gondi шақырылады. Нақты иесі мысық болып табылады. Ал адам болса аралық иесі, бірақ қоздырғышты бөлмейді және қоршаған ортаға қауіпті болып саналмайды. Негізгі жұғу жолы пероральді немесе құрсақішілік яғни анасынан плацента арқылы жұғады.Комплексті спецификалық антидене классы Ig G, Ig M анықтау арқылы диагнозды негіздеуге немесе жоққа шығаруы мүмкін, процесс ағымының сипатың нақтылауғат көмектеседі - тасымалдаушы немесе ауруды. Антидене Ig M қанда жедел кезеңінде пайда болып, шыңға айлар бойы жоғарлайды және 2-3 ай өткен соң жоғалады.Реинфекция кезінде антидене Ig M деңгейі қайтадан жоғарлайды, ал иммундық тапшылық жағдайда өспейді.Реконвалесценция 2 ден 5 айға дейінгі кезеңінде қанда антидене Ig G пайда болады.Инфекция жұққаннан кейін және ауырып болғаннан соң10 жылға дейін сақталады.Жалған оң нәтижені СКВ және ревматоидты артритпен ауырған науқастардан алуымыз мүмкін.
|
| ИФА Трепонема паллидум Ig G, Ig M
| +
| Иммуноферментті
| Stat-Fax
Sunrise TS
| ИФА әдісін сифилисті диагностикалауға, РВ алған жалған оң нәтижені дифференция жасау үшін, емнің эффективтілігін бағалау үшін қолданады.Барлық серологиялық әдістердің ішінен сифилисті диагностикалауға ИФА әдісі әсіресе сезімтал және спецификалық болып табылады.Трепонемді антидене Ig M классын анықтау арқылы науқастың біріншілік, екіншілік, туа пайда болған сифилисі бар болғанаң айтады және бұл антиденелер жұққаннан кейін екінші аптадан бастап анықталады.Антидене Ig G аурудың жедел кезеңінде пайда болып, емделгеннен соң өмір бақи сақталады мүмкін. ИФА әдісін қолдану арқылы сифилисті ерте уақытта диагностикалайды.
|
| ПЦР Хламидий трахоматис
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| Хламидиозды диагностикалауға ПЦР көмегіне жүгінеді- қазіргі таңда лабораторияда қолданатың барлық әдістерге қарағанда ол аса сезімтал және спецификалық әдіс болып саналады.ПЦР Chlamydia t. ДНК –сын уретраның шырышты қабатындағы емізкшелерден, цервикалды каналдан, қынап қабырғасынан, простата секретінен, зәр тұнбасынан, көз конъюктивасынан, синовиалді сұйықтықтан сапалы түрде анықтауға көмектеседі.
|
| NASBA
| +
| Молекулярлы-биологиялық
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| NASBA әдісі-ИППП диагностикасының жаңа стандарты, диагностика мен емді қадағалаудың заманауаи молекулярлы-биологиялық әдісі болып саналады.Қоздырғыш жасушасынан РНҚ анықтайтың тікелей әдіс. РНҚ рибосома өмір сүруге төзімді микроағзалардың маркері. NASBA әдісі тірі қоздырғыштарды анықтайды және ИППП емін қадағалаудың аса адекватты әдісі болып саналады. Дәрілік терапия әсерінен жасуша өледі де РНҚ молекуласы тез бұзылады және қайта қалпына келмейді.РНҚ қарағанда ДНҚ молекуласы өте төзімді болып келеді.Тіпті ПЦР анализінде ДНҚ қысқа бөлікшелері оң нәтиже береді. ПЦР әдісі тек қоздырғыштың тірі жасушасымен қоса өлі жасушаларымен генетикалық материалдың бөлінділерінде анықтайды. Олардың толықтай жойылуы үшін уақыт керек. Сондықтанда хламидиоз емінің эффективтілігін қадағалауға ең адекватты әдіс болып саналады..басынан, көз конъюктивасынан, синовиалді сұйықтықтан кін. н сифилисті диагностикалауға ИФА әдісі алуымыз
|
| ПЦР Цитомегаловирус
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| ПЦР ЦМВ –тің ДНҚ жыныс ағзалардың шырышты қабаттарының емізікшелерінен және басқада биологиялық сұйықтықтардан сапалы анықтайды. ЦМВ инфекциясын диагностикалауға және вирусқа қарсы емнің эффективтілігін қадағалауға қолданады.ПЦР әдісі субклиникалық түрдегі өтіп жатқан аурудың этиологиялық факторын анықтауға көмектеседі.
|
| ПЦР Гемолитикалық стрептакокк
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| Гемолитикалық стрептакокк вирулентті және жедел инфекциялық-қабыну ауруларымен байланысты. ПЦР әдісі ДНҚ Streptococcus pyogenes жыныс ағзалардың шырышты қабаттарының емізікшелерінен сапалы анықтауға көмектеседі. ПЦР әдісі аурудың этиологиялық факторын анықтауға және дұрыс ем тағайындауға көмектеседі. ПЦР бактериологиялық зерттеумен салыстырғанда 3 есе В тобындағы стрептакокк колониясын анықтайды.
|
| ПЦР Уреаплазма уреалитикум
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| ПЦР әдісі ДНҚ U. Urealyticum жыныс ағзалардың шырышты қабаттарының емізікшелерінен сапалы анықтауға көмектеседі. Скрининг әдісі ретінде урогенитальді трактта созылмалы инфекциялық процестің дамуына уреаплазмалық этиологиялық рөлін нақтылау үшін қолдануы мүмкін.Уреаплазмоз әйелдерде, тіпті еркектерде де бедеуліктің дамуына себеп болуы мүмкін.
|
| ПЦР Кандида албиканс
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| Candida albicans- ашытқы саңырауқұлағы. Қалыпты жағдайда кандидалар- ауыз қуысының, АІЖ және әйел жыныс ағзаларының (бактериологиялық зерттеуде 10 төрттік дәрежені КОЕ/мл аспайды) микрофлорасының резидентті таныстырушылары. Кандидоз көбінесе иммунитеті төмендеген науқастарда кездеседі. ПЦР ДНҚ Candida albicans-ті уретра емізікшесінен немесе цервикальді каналдан сапалы түрде анықтайды.ПЦР әдісінің аналитикалық сезімталдылығы 5 мкл бұрын бөлінген ДНҚ сынамасынан ДНҚ 200 молекуласына дейін құрайды(басқа қоздырғыштарда 100 молекула). Емізікшелерден ДНҚ анықтау инфекциялық-қабыну процесіне саңырауқұлақтың этиологиялық рөлі бар екендігін көрсетеді.
|
| ПЦР Гарднерелла
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| ПЦР жыныс ағзаларының шырышты қабатындағы емізікшелерінен ДНҚ Гарднерелланы сапалы түрде анықтап береді.Бұл әдіс зерттелінген биоматериалдан Cardnerella vaginalis-ті тез және нақты анықтауға, аурудың этиологиялық диагнозын нақтылауға және дұрыс ем тағайындауға көмектеседі.
|
| ПЦР Адамның папиломасы вирус (АПВ);
АПВскрин, АПВ 16,18
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| АПВ аз ДНҚ-дан тұратын онкогенді вирус болып табылады. ПЦР АПВ-сін анықтаудың жалғыз ғана әдісі болып саналады. ПЦР-дің кең көлемдегі скрингінде жоғары қаупі бар 16,31,35,52,58,67 онкогенді ДНҚ вирусты типтерін сапалы түрде анықтап береді.Осы типтерін анықтау арқылы жасуша эпителиі көбінесе қатерлі ісікке айналып кетуіне негіз туғызады. Жатры мойнының ісігі материалынан жиі 16 және 18 типті АПВ анықталынады.Көбінесе 90 пайызы барлық цервикалды карциномада вирустың барлығына позитивті.
|
| ПЦР Сифилис
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| ПЦР бозғылт трепонема ДНҚ-сын жыныс ағзалардың шырышты қабаттарының емізікшелерінен, зақымдалған тері қабаттарынан сапалы түрде анықтайды және қанда сифилисті диагностикалап, емнің эффективтілігін бағалайды. Тест әсіресе ерте сифилисті диагностикалауға керек.
|
| ПЦР үшкір ұшты кандиллома вирусы
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| Бұл 6,11,42,43,44,45 типті адамның папилома вирустары үшкір ұшты кандиломамен шақырылады.
|
| ПЦР Микоплазма хоминис
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| Микоплазмалар шартты-патогенді микроағзаларға жатады. Этиологиялық факторы ревматоиды артрит пен гломеруло-пиелонефрит болып саналатын шырышты қабаттарда колония түзуінен урогенитальді және респираторлы трактің созылмалы қабыну процесін шақырады. ПЦР әдіспен емізікшелерден ДНҚ микоплазмасын анықтау арқылы урогенитальді трактің этиологиясы созылмалы инфекциялық процесс болғандығын қоюға қолданады.
|
| ПЦР Микоплазма гениталиум
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
|
|
| ПЦР Жай герпес вирусы-1,2
(HSV-1,2)
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| Жай герпестің 1,2 вирусының ДНҚ анықтау арқылы аса сезімтал, спецификалық және тез ПЦР әдісі герпестік инфекцияны диагностикалауға пайдаланады. ПЦР-дің оң нәтижесі адам ағзасында вирустың бар екендігін көрсетеді, бірақта тасымалдаушына активті инфекция ағымынан ажыратуға көмек бермейді. ПЦР-дің теріс нәтижесі герпестік инфекцияның жоқтығын көрсетпейді, ол қоздырғыштың қысқа репродуктивті цикліне байланысты (20 сағат) зерттеуге алынған материал өте ерте немесе кеш алынуы мүмкін.
|
| ПЦР Нейссерия гонорея
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| Гонококктар жыныс жолдарының ірінді қабынуын-гонореяны шақырады.Жыныс жолдармен берілетін, венерологиялық ауруларға жатады. Ерлерде уретрит, простатит, эпидиди-мит, орхит және басқада ұма ауруларын тудырады. Ал әйелдерде уретрит, бартолинит, эндоцервицит, эндометрит, сальпингит, пельвиоперитонит түрде өтеді.Әйелдердің созылмалы гонорея ауруында симптомсыз жүруі мүмкін.Бактероскопия мен бактериологиялық нәтиже теріс берседе, гонореяның ПЦР диагностикасы аурудың созылмалы түріндеде оң нәтиже береді
|
| ПЦР Трихомонас вагиналді
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| ПЦР жыныс ағзаларының шырышты қабатындағы емізікшелерінен ДНҚ Трихомонасты сапалы түрде анықтап береді. Бұл әдіс зерттелінетің биоматериалдан тез және нақты Trichomonas vaginalis-ті анықтап, аурудың этиологиялық диагнозын нақтылайды және дұрыс ем тағайындауға көмектеседі.
|
| ПЦР Токсоплазмоз
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| ПЦР арқылы қаннан ДНҚ Toxoplasma gondii сапалы түрде анықтап береді. ПЦР әдісін қолдана отырып, жүктілерде инфекцияның жұққан мерзімін бағалауға қиындық туғанда, этиологиясы белгісіз қызбаларда, ұзақ миалгия мен лимфааденопатиясы бар науқастарды анықтауға қажет.
|
| A.F. Genital System
| +
| Микробиологиялық
| Liofilchem
| Санын анықтауға арналған, идентификация мен урогениталді микоплазманың (U. Urealyticum мен M. Hominis) антимикробты дәрілерге сезімталдығын анықтауға және бір уақытта 10-ға жуық жиі кездесетін микроағзаларды анықтайды: Trichomonas vaginalis, Candida sp., Escherchia coli, Proteus, Pseudomonos, Gardnerella vaginalis, Staphylococcusaureus, Streptococcus faecalis, Neisseria gonorrhoe, Streptococcus agalactiae (В тобы). Микоплазманың антимикробты дәрілерге сезімталдығын анықтауға жүйе құрамына 9 антибиотик кіреді: тетрациклин 8 мг/л, пефлокса-цин 16 мг/л, офлоксацин 4 мг/л, доксициклин 8 мг/л, эритромицин 16 мг/л, кларитромицин 16 мг/л, миноциклин 8 мг/л, джозамицин 8 мг/л, клиндамицин 8 мг/л.
|
| Mycoplasma System Plus
| +
| Микробиологиялық
| Liofilchem
| «MYCOPLASMA SYSTEM Plus»- урагенитальді микоплазма диагностикасында «алтын стандарт» болып саналады. Жедел 18- түнекті жүйе арқылы санын анықтайтын, идентификация мен қынап бөлінділер мен уретральді секретпен эякулятты урогениталді микоплазманың (U. Urealyticum мен M. Hominis) антимикробты дәрілерге сезімталдығын анықтайды. Сонымен қатар жүйе Trichomonas vaginalis, Candida sp бар екендігін параллелді түрде бағалайды және екі концентрациядағы 9 антибиотикті құрайды (тетрациклин 4 мг/лнемесе 8 мг/л, пефлокса-цин 8мг/л немесе 16 мг/л, офлоксацин 1 мг/л немесе 4 мг/л, доксициклин 4 мг/л немесе 8 мг/л, эритромицин 8 мг/л немесе 16 мг/л, кларитромицин 8 мг/л немесе 16 мг/л, миноциклин 4 мг/л немесе 8 мг/л, азитромицин 4 мг/л немесе 8 мг/л, клиндамицин 4 мг/л немесе 8 мг/л.)
|
| Жыныс ағзаларынан бак. егу
| +
| Бактериологиялық
| Mini-Api,
Vitek
Bio-Merye
| Патологиялық процестің этиологиясын анықтауға және тиімді антибактериалді терапияны тандау үшін, бір уақытта биоматериалдан кең спектрлі микроағзалар бөлінуіне бағытталған бактериологиялық зерттеуді жүргізу қажет болып табылады.
|
| Микроскопиялық жағынды
| +
| Жалпы клиникалық
| Микроскоп
| Диагностика белгілерін мен қынаптағы қабыну процесінің сипатын (лейкоцит, макрофаг болуы) және инфекциялық агент бар болуын ()
|
| Простата бөліндісі
|
| Жалпы клиникалық
| Микроскоп
| Микроскопиялық зерттеу қабыну процесс элементің анықтау үшін қуықасты без сөлін пайдаланады.
|
| Микрореакция (РМП),
Вассерман реакция (РСК)
| +
| Серологиялық
|
| РМП кардиолипиномды антигенді бозғылт спирохетаның антиденесін анықтауға көмектеседі. РМП жекешеленген түрде қолданғанда диагностикалық болып саналмайды, позитивтілігіне байланысты сифилис деген диагноз қойылмайды, керісінше сұрыптаушы тест ретінде қаралады. Ал науқасқа диагностикалық тест жүргізіледі (РВ, ИФА, ПЦР).
РВ кардиолипинді және трепонемді антигені сифилистің барлық түріне диагностика қоюға және емнің ұзақтығын нақтылау мен науқастың бақылау уақытын негіздейді. Алғашқы 15-17 аптадан кейін қатты шанкрдің пайда болуына байланысты РВ теріс нәтижекөрсетеді. Әрі қарай ол оң болады да, уақыт ұзарған сайын оң нәтиженің пайызыда ұлғая береді.
|
| Адамның иммундық тапшылық вирусы (АИТВ)
| +
| Экспресс-тест, ИФА
|
| АИТВ- инфекциясының антиденесін анықтау зертханалық диагностиканың негізгі әдісі болып саналады. АИТВ-қа антидене жұққаннан кейін 3 ай ішінде 90-95 пайыз инфекцияланғандарда анықталынады, ал 6 айдан кейін 5-9 пайызда және кеш уақытында 0,5-1 пайызда кездеседі. АИТВ сатысына байланысты антидене саны азаяды, тіпті жоқ болуыда мүмкін. Біздің клиникада экспресс-әдісі арқылы антиденені анықтаумызға болады.
|
Онкологиялық аурулар
№12 кестеде онкологиялық ауруларды зерттеудің зертханалық тесттерінің тізімі көрсетілген.
№12 кесте
| Зертханалық тест атаулары
| Негізгі
| Зерттеу әдістері
| Зерттеу құралдары
| Қысқаша клиникалық зертханалық мағына
|
| Альфа-фетопротеин (АФП)
| +
| Иммуноферментті
| Elecsys 2010
Roch
| АФП жоғарғы мөлшері мынандай науқастарда анықталынады: гепатоцеллюлярлы карциномасы бар науқастарда, өт қабының, өт жолдарының, ұйқы безінің қатерлі ісігінде; тестикулярлы ісік, тератома, тератобластома; эмбриональді туынды ісігінде. Жүкті әйелдерде АФП анықтау көрсеткіші жүргізіледі: 1 триместрде жүктілік ағымын бақылау, түсік тастау, туа пайда болған ақауын диагностикалау және хромосомдық абберация.
|
| СА 19,9
| +
| Иммуноферментті
| Elecsys 2010
Roch
Ассеss 2
Beckman
| Онкомаркер СА 19,9 концентрациясын диагностикалауға, ем маниторингі үшін және ұйқыбезі мен асқазан ісігінің метастаздануын ерте анықтау үшін қолданылады. СА 19,9 ағзадан тек өт арқылы шығалылып отырады. Сондықтанда аз ғана холестаздың өзі қандағы маркер құрамын жоғарлатып жібереді. Концентрацияның жоғарлауы тіпті қатерсіз ісіктер мен муковисцидоз кезіндегі АІЖ мен бауырдың қабынуларда байқалады. Соны ескере отырып СА 242 мен РЭА диагностикасы және тоқ ішек пен тік ішек ісігінің дамуын маниторлау үшін СА19,9 қосымша маркер ретінде қолданылады.
|
| СА 15, 3
| +
| Иммуноферментті
| Elecsys 2010
Roch
Ассеss 2
Beckman
| СА 15-3 онкомаркері негізінен емнің маниторингісіне және сүт безі ісігінің (СБІ) рецидивін диагностикалау үшін қолданылады. Бұл маркер жеткілікті мөлшерде осы патологияға байланысты қатерсіз ісікпен салыстырғанда жоғарғы спецификалық болып саналады. Жоғарғы деңгейі 80 пайызы СБІ метастаз берген әйелдерде байқалады. Операциядан кейінгі кезеңде СА 15-3 жоғарғы мөлшерінің болуы ісіктің қалдығын көрсетеді, ал рецидив клиникалық белгілері болмасада жиі қан сарысуында біраз жоғарлау деңгейімен бірге жүреді. Кейбір кезде маркердің аса жоғары емес деңгейі циррозда, гепатитте, аутоиммунды бұзылыстарда, аналық без мен сүт безінің қатерсіз ісігінде байқалады. Аналық без, жатыр мойны, эндометридің карциномасында және басқада ісіктерде СА 15-3 жоғары деңгейі тек кеш сатыларында кездеседі.
|
| СА 125
| +
| Иммуноферментті
| Elecsys 2010
Roch
Ассеss 2
Beckman
| СА-125- әртүрлі аналық без ісігінде (серозды, эндометриалді, ашықжасушалық) терапия эффективтілігі мен ағым мониторингінде маңызды онкомаркер болып табылады. СА-125 тесті ауру рецидиві 3-4 ай клиникалық белгілері болмаған кезде анықтап беруге көмектеседі. Сонымен қатар АІЖ ісігі, сүт безінің, өкпенің карциномасы, жатыр мойнының, фаллопи өзегінің ісігінің өзі СА 125 деңгейінің біршама жоғарлауына алып келеді. Жүктіліктің бірінші триместірінде, кейбір қатерсіз ауруларда да маркердің деңгейі біраз жоғарлауы мүмкін. Бірақта СА 125 мөлшерінің қалыптыдан жоғарлауы аналық без ісігі бар науқастардың 80 пайызында анықталынады: 90 пайызы кең таралған аналық без ісігімен 50 пайызы ерте сатыларында, ал қатерсіз ауруларда оның концентрациясының жоғарлауы 10 пайыз жағдайда байқалады.
|
| ß -ХГЧ
| +
| Иммуноферментті
| Elecsys 2010
Roch
Ассеss 2
Beckman
| Еркектерде және әйелдерде бета-ХГЧ жоғары мөлшері анықталуы қатерлі түзілістің дамып жатқандығын көрсетеді. Пренаталді диагностикада ұрық ақауын анықтау үшін пайдаланады.
|
| Ісікті эмбриональді антиген (ІЭА)
| +
| Иммуноферментті
| Elecsys 2010
Roch
Ассеss 2
Beckman
| Әртүрлі жерде орналасқан ісік дамуында ІЭА деңгейі жоғарлайды және қатерлі процестің жағдайын нақтыкөрсете алады. Қан сарысуында ІЭА анықталуы шалғай жатқан ісік метастаздарын диагностикалауға мүмкіндік туғызады. ІЭА жоғары деңгейі әртүрлі асқорыту тракт карциномасында, сонымен қатар өкпе, сүт безі, бас пен мойын, дәнекер тінді туындысы бар қатерлі түзіміндерде байқалады. ІЭА органоспецификалықпен бірге анықтау тағайындалады (СА-242, СА-19-9, СА-15,3, СА 125). ІЭА жедел фазаның ақуызы болып табылады, сондықтанда оның деңгейі әртүрлі аутоиммунды, жедел және созылмалы қабыну ауруларында жоғарлауы мүмкін.
|
| СА 72, 4
| +
| Иммуноферментті
| Elecsys 2010
Roch
Ассеss 2
Beckman
| СА 72,4 онкомаркері- асқазан ісігінің, аналық без карциномасының ісікті маркері болып саналады. Тағайындауға негізгі көрсеткіш: асқазан ісігі, шырыш түзетің (муцинозды) аналық без карциномасын диагностикалауға, сонымен қатар осы аурулардың ағымын маниторингілеу үшін қажет.
|
| CYFRA 21,1
| +
| Иммуноферментті
| Elecsys 2010
Roch
Ассеss 2
Beckman
| Cyfra 21,1- өкпенің кішкентай емес рагінің ісік маркері болып саналады. Тағайындауға негізгі көрсеткіш: өкпенің қатерлі ісігін диагностикалауға, қуықтың бұлщықет-инвазивті карциномасы ағымын маниторинг жасау үшін қолданылады.
|
| Нейронспецификалық энолоза NSE
| +
| Иммуноферментті
| Elecsys 2010
Roch
Ассеss 2
Beckman
| NSE өкпенің кішкентай емес рагінің және нейробластоманың онкомаркері болып саналады. Бұл маркерді мидың ишемиядан кейінгі зақымдануды анықтау үшін қолдануымызға болады. Басқада неврологиялық процестерде де (эпилепсия, субарахноидалді қан құйылу) жоғарлауы мүмкін.
|
| S100
| +
| Иммуноферментті
| Elecsys 2010
Roch
Ассеss 2
Beckman
| S100 диагностикалық және болжаушы онкомаркер ретінде қатерлі меланомада, глиомада, жоғарыдифференциялық нейробластомада қолданады. S100-дің плазмадағы жоғары концентрациясы бас миының зақымдануын көрсететің маркер болып табылады. S100 тестің сонымен қатар жүрек соғысы тоқтаған науқастарда неврологиялық асқынулары мен миы зақымдану болжамын жасауға қолданады. Мидың қанайналым бұзылыстарында ми микроинфаркті қосарласқанда ерте анықтайтын маркер ретінде қолданылады.
|
| Тиреоглобулин (ТГ)
| +
| Иммуноферментті
| Elecsys 2010
Roch
Ассеss 2
Beckman
| ТГ қалқанша бездің жаңа түзілімін анықтау маркері. ТГ деңгейі әртүрлі ауруларда, әсіресе дифференцияланған қалқанша без карциномасында жоғарлауы мүмкін.
|
| Простатоспецификалық антиген (ПСА) жалпы
| +
| Иммуноферментті
| Elecsys 2010
Roch
Ассеss 2
Beckman
| Жалпы ПСА қуықасты бездің жаңа түзілімінің скрининг тесті болып саналады, ал концентрациясы жоғарлағанда бос ПСА зерттелінеді.
|
| Простатоспецификалық антиген (ПСА) бос
| +
| Иммуноферментті
| Elecsys 2010
Roch
Ассеss 2
Beckman
| Бос ПСА- қуықасты без рагінің простатоспецификалық антигені болып саналады.Кең көлемде қолданатын жоғарыда көрсетілген онкомаркерлер субклиникалық рецидивтерді және онкологиялық науқастардың ісікке қарсы терапия эффективтілігін бағалауға көмектеседі.
|
| 2ПроПСА, дені сау простата индексі phi
| +
| Иммуноферментті
| Elecsys 2010
Roch
Ассеss 2
Beckman
| 2ПроПСА, дені сау простата индексі phi- Beckman Coulter жаңа параметрі, үш сарысу тест тің нәтижесіне саналатын, соның көмегімен РПЖ биопсия арқылы қауіп сатысын болжауымызға болады. Beckman Coulter phi PSA, Free PSA қолданғанда саналады және жаңа тестті p2PSA, простатспецификалық изоформасын шығарлуын[-2]proPSA, РПЖ диагностикалауда әсіресе спецификалық болып табылады. Phi 50 жастан асқан ерлерді зерттеуде ПСА деңгейінің 2 ден 10 нг/мл айқын мағынаны анықтайды және қуықасты безін саусақпен ректальді зерттеуде ешқандай өзгеріс болмайды. Жүргізілген зерттеу көрсеткіштері ПСА мен ПСА бос пайызына қарағанда phi спецификалық индексі жоғары екендігін көрсетеді. Осыған байланысты дәрігер сенімділікпен науқас қуықасты безінің биопсиясына мұқтаж екендігін нақтылауға болады. Бұл қуықасты безінің биопсия жүргізілу санын азайтады.
Төменгі көрсеткіші phi қаупі жоғары емес потенциалды көрсетеді,жоғарғы ал жоғарғы phi мөлшері қуықасты без рагін биопсия жүргізу керектігін көрсетеді.
|
| Ақуыздарды иммунды типтеу
| +
| Электрофорез капилярлы
| MiniCap
| Қан сарысуында және зәрде иммунотиптіленеді (скрининг Ig G, Ig A, Ig M, kappa және lambda, М-градиентті типтілеу). Парапротеинді гемабластозды, миеломды ауруды диагностикалау.
|
Бактериалды және вирусты инфекция
№13 кестеде бактериалды және вирусты инфекция кезінде зерттеудің зертханалық тесттерінің тізімі көрсетілген.
№13 кесте
| Зертханалық тест атаулары
| Негізгі
| Зерттеу әдістері
| Зерттеу құралдары
| Қысқаша клиникалық зертханалық мағына
|
| Жалпы қан анализі
| +
| Гематологиялық
| Sysmex
XT2000i
| Қанның 33 параметрі, лейкоформула, ЭТЖ
| Жалпы зәр анализі
| +
| Жалпы клиникалық
| Urisys
Микроскоп
| Зәр анализі жалпы оның құрамын зерттеуден тұрады, сонымен қатар химиялық пен микроскопиялық зерттеуден тұрады.
| Жалпы қақырық анализі, ТМ
| +
| Жалпы клиникалық
|
| Қақырықтың құрылымы мен жасушалық құрамы зерттелінеді де, туберкулез микобактериясы да тексеріледі.
| Биоматериалдың микрофлорасын бактериологиялық зерттеу
| +
| Бактериологиялық
| Mini-Api,
Vitek
Bio-Merye
| Патологиялық процестің этиологиясын нақтылау және тиімді антибактериалді терапияны тандауда біруақытта биоматериалдан кең спектрлі микроағзаларды бөлінуіне бағытталған бактериологиялық зерттеу жүргізу қажет.
| Туберкулез микобактериясы
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| Бактериологиялық зерттеудің жауабын алғанша серологиялық әдіспен полемиразды тізбекті реакциясы қолданылады. ПЦР пайдалану арқылы зертханалық уақытты қысқартып клиникалық диагнозды нақтылауға көмектеседі, өкпеден тыс туберкулез диагностикалауға қолданады және әсіресе балалардағы туберкулезді диагностикалауға бағалы болып саналады (қақырықты жинау қиындығында, көптеген рентгенологиялық зерттеулер).
| ПЦР Эбштейн-Барр вирусы (EBV)
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| EBV- В-лимфоциттерге тропизмді әсірімен байқалатын герпес вирустар тобына жатады және жасырын инфекция ретінде адам жасушасында ұзақ уақыт бойы жүреді. Жалпы жүйелік лимфопролиферативті аурулар инфекциялық мононуклеоз шақырады. Этиологиясын берілген вирустармен назофарингиальді карциноманы және Беркит лимфомасын байланыстырады. ПЦР шырышты қабаттың емізікшелерінен және қаннан ДНҚ EBV-ті сапалы түрде анықтап береді.
| ПЦР Токсоплазма гонди
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| ПЦР қаннан ДНҚ Toxoplasma gondii сапалы түрде анықтап береді. ПЦР әдісін қолдану әсіресе инфекцияланудың уақытың бағалағанда туындаған қиындықтарды анықтауға және этиологиясы белгісіз қызбалар мен ұзаққа созылған миалгия мен лимфааденопатия анықтауға көмектеседі.
| ПЦР Ротавирус
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| Ротавирус- РНҚ құрамды Reoviridae тұқымдастығына жататың вирустар болып саналады. Кіші жастаға балаларда гастроэнтерит инфекциясының басты себебі болып табылады, ал жасөспірімдер мен үлкендерде сирегірек кездеседі. Қауіп тобына кіретін нәрестелер, қарт адамдар және иммунитеті төмен науқастарда ротавирусты гастроэнтерит соңғы нәтижеге алып келуі мүмкін.
| ПЦР Энтеровирус
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| Энтеровируспен шақырылатын энтеровирусты инфекция түсігіне асқазан-ішек жолдарының жедел аурулары жатады. Көбінесе энтеровирусты инфекция Коксаки мен полиемиелит вирустарын өрбітіп отырады. Кейбір кезде күрделі асқынуларға алып келуі мүмкін: менингит, энцефалит, өкпе ісінуі мен тіпті параличке де алып келеді. Балаларда және үлкендерде энтеровирусты инфекцияның кеш түрі өлім мен бас миының аз болсада зақымдануына және мүгедектілікке алып келуі мүмкін.
|
| ПЦР Листериоз
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| Listeria monocytogenes- оң грамды таяқшаға жатады. Листериоз ауруы ОЖЖ, көз, лимфа түйіндері, АІЖ, эндокардтын, тері қабаттардың зақымданумен жүретін жедел инфекциялық аурулармен шақырды. Инфекция көзі жануарлар болып табылады. Инфекция жұқтыру жүктілер мен балалар үшін қауіпі жоғары. Аурудың этиологиясын диагностикалауда ПЦР, ИФА және бактериология әдістері қолданылады.
| ПЦР Иерсения энтероколит
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| Yersinia enterocolitica- АІЖ зақымдайтың ішек иерсениясының грам теріс микроағза қоздырғышына жатады. Басты зерттеу әдістеріне ИФА мен ПЦР жатады.
| ПЦР Аденовирус
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
|
| Аденовирусты инфекция жедел респираторлы инфекцияны шақыратын және ротавирусы сияқты кіші жастағы балалардаинфекциялық гастроэнтериттің себебі болып саналады. Этиологиясын диагностикалау үшін ПЦР әдісіне жүгінеді.
| ПЦР Бруцеллез
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| Бруцеллез- тірек-қимыл аппаратын, нерв жүйесін, жыныс ағзаларын және басқада жүйелерді зақымдаумен сипатталынатың жиі созылмалы ағыммен өтетін инфекциялық ауру. Зоонозтобына жатады. Бруцеллез қоздырғышы (Brucella abortus, B. melitensis) ұсақ қозғалмайтың грам теріс бактерияға жатады.Диагностикаға бактериологиялық (10 тәулік), серологиялық (Райт, Хедделсон), ИФА және ПЦР әдісі қолданылады.
| ПЦР Герпес 6типті вирус (HSV 6)
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| HSV 6 типі жиі нәрестелерде розеоланың дамуын туындатады. Балалардағы инфекцияланудың шыңына 4 тен 24 жасқа дейін жатады.Инфекция қызылша мен қызамықтың клиникалық белгілерін еске түсіреді.Бұл вирус бір уақытта ағзағатүсіп, өмір бақи жүруі мүмкін немесе иммунитет төмендегенде қайта белсенді түрге ауысуы мүмкін. Инфекцияның басты зертханалық диагностикасы ПЦР болып саналады.
| ПЦР Шигелла/салмонеллез/кампилобакт
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| ПЦР әдісін қолдану барысында диареямен, контакті немесе бактерия тасымалдаушыларда ЖІИ (шигелла, салмонеллез, кампилобактерилар)ерте қоздырғышын анықтайды.
| ПЦР Микоплазма пневмания/хламидофилдер
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| Адамның респираторлы жүйесінің ауру қоздырғышы жасуша мембранасы деңгейінде зақымдайды. Микоплазма пневманиясы жалпы пневмания санының 10-17 пайызын құрайды. Chlamydia pneumoniae адамның респираторлы жүйесін зақымдайды. Көп жағдайларда (70 пайыз инфекцияланғандарда) инфекция симптомсыз жүреді, ал басқа жағдайларда наофаренгиалді және пневманиялық түрде зақымдаумен жүреді. Пневманиямен біріншілік инфекциялану жас адамдарға тән, ал реинфекциялану жиі кәрі адамдарға тән. Қақырықтан қоздырғыштың ДНҚ анықтау трахеит, бронхит және пневманияны дамытатың микоплазма мен хламидофилдердің этиологиялық рөлін нақтылауға көмектеседі.
| A.F. Genital System
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| Санын анықтауға арналған, идентификация мен урогениталді микоплазманың (U. Urealyticum мен M. Hominis) антимикробты дәрілерге сезімталдығын анықтауға және бір уақытта 10-ға жуық жиі кездесетін микроағзаларды анықтайды: Trichomonas vaginalis, Candida sp., Escherchia coli, Proteus, Pseudomonos, Gardnerella vaginalis, Staphylococcusaureus, Streptococcus faecalis, Neisseria gonorrhoe, Streptococcus agalactiae (В тобы). Микоплазманың антимикробты дәрілерге сезімталдығын анықтауға жүйе құрамына 9 антибиотик кіреді: тетрациклин 8 мг/л, пефлокса-цин 16 мг/л, офлоксацин 4 мг/л, доксициклин 8 мг/л, эритромицин 16 мг/л, кларитромицин 16 мг/л, миноциклин 8 мг/л, джозамицин 8 мг/л, клиндамицин 8 мг/л.
| ПЦР Хеликобактер
| +
| ПЦР генді-молекулярлы
| Real-Time
Rotor-Gyne 6000
| Биоптат алу үшін асқазан шырышты қабаты қолданылады. Аса сезімталтал пен спецификалық қасиеті тән ПЦР әдісі қорытынды диагнозды қою үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесі қоздырғыш ДНҚ анықтағанына байланысты оң немесе теріс жауап шығарылады.
| ПЦР Хеликобактер
| +
| Иммуноферметті
| Stat-Fax
Sunrise TS
| Серологиялық әдістердің ішінен қандағы Helicobacter pylori антиденесін анықтау, әсіресе иммуноферметті әдіс аса сезімтал болып саналады. Теріс нәтиже беретің уреазалық қарағанда оған аса сезімталдық пен спецификалық тән. Helicobacter pylori антиденесін анықтау арқылы емнің эффективтілігін қадағалауға таптыртпайтын әдіс болып саналады. Антидененің деңгейі ем курсының алдында немесе емнің 1-1,5 айдан кейін аяқталғанда анықталынады. Науқас қанында антидененің жоқ болып кетуі емнің нәтижелі аяқталғаның көрсетеді.
|
№14 кесте -Орталық зертханалық диагностиканың зертханалық көрсеткіштерінің физиологиялық ауытқулары.
Дата добавления: 2016-06-06 | Просмотры: 1399 | Нарушение авторских прав
1 | 2 |
|