АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Гинекология 1 страница

Прочитайте:
  1. A. дисфагия 1 страница
  2. A. дисфагия 1 страница
  3. A. дисфагия 2 страница
  4. A. дисфагия 2 страница
  5. A. дисфагия 3 страница
  6. A. дисфагия 3 страница
  7. A. дисфагия 4 страница
  8. A. дисфагия 4 страница
  9. A. дисфагия 5 страница
  10. A. дисфагия 5 страница

193. Науқас 29 жаста, іштегі ауру сезімі және іштің кебуі, дене қызуының 38 0 С-қа

көтерілуі, лоқсу, құсу, тілінің құрғауы, тахикардия, Щеткин-Блюмберг белгісінің оңдығы

байқалады. Қынаптық тексеруде: жатыр көлемі үлкеймеген, оң жағында ауру сезімі

анықталады, қозғалысы шектелген, көлемі 5,0×6,5×7,0 см, түзіліс пальпацияланады.

Клиникалық көрініс диагнозға сәйкес келеді:

* Жедел калькулезді холецистит

* Аналық без ісігі аяқшасының бұралуы

* Жатырдан тыс жүктілік

* Жедел аппендицит

* Жедел панкреатит

194. 29 жастағы науқаста операция кезінде аналық без ісігі аяқшасының 360° бұралуы

анықталды. Операциялық емнің көлемі:

* Оң жақ аналық безін алып тастау

* Оң жақ аналық без резекциясы

* Аналық без кистасын сылып алу

* Жатыр қосалқыларын оң жағынан алып тастау

* Аналық без кистасының құрамының аспирациясы

195. Макроскопиялық зерттеу кезінде анықталған аналық без ісігінің капсуласының ішкі

бетінде емізікшелі өсінділер, келесі патология болуы мүмкін:

* Аналық без кистасы

* Аналық без фибромасы

* Дермоидты киста

* Папиллярлы кистома

* Жай серозды кистома

196. 28 жастағы науқасқа құрсақішілік қан кетуге байланысты лапароскопия жасалынған,

оң жақ аналық без кистасының жарылуы анықталды. Хирургиялық емнің көлемі:

* Цистэктомия

* Аднексэктомия

* Овариоэктомия

* Аналық без дриллингі

* Аналық без кистасының капсуласын алып тастау

197. Әйелдер кеңесінен 23 жастағы науқас жатырдан тыс жүктілікке күмәнданып шұғыл

гинекология бөлімшесіне түсті. Жүргізілетін іс-әрекет:

* Жатыр қуысын зондтау

* Жоспарлы лапаротомия, тубэктомия

* Реанимация бөлімшесінде динамикалық бақылау

* Шұғыл түрде диагностикалық лапароскопия жасау

* Жатыр қуысын қыру, қырындыны гистологиялық зерттеу

198. Науқас 19 жаста, оң жақ аналық без кистасы көлемі 5,0×5,5×6,0 см анықталды,

лапароскопия кезінде көрсетіледі:

* Овариолизис

*Цистэктомия

* Аналық без резекциясы

* Оң жақ жатыр қосалқыларын алып тастау

* Аналық без кистасы құрамын аспирациялау

199. Науқас 36 жаста, дисфункционалды жатырдан қан кетумен репродуктивті жастағы

науқасқа гемостаз мақсатында көрсетілген:

* Гормондық гемостаз

* Гемостатикалық терапия

* Утеротоникалық терапия

* Циклдық витаминотерапия

*Жатыр қуысын диагностикалық қыру

200. Науқас 15 жаста, менархе 13 жастан, жыныстық қатынаста болмаған, етеккірдің 3

айға кідіру фонында жыныс жолдарынан қан кету 10 күнге созылған. Ректоабдоминальді

және ультрадыбысты зерттеуде патология анықталмаған. Клиникалық көрініс келесі

патологияға сәйкес келеді:

* Аналық безінің ісігі

* Жатыр фибромиомасы, қан кету

* Ювенильді дифункционалды жатырдан қан кету

* Ерте өздігінен түсік

* Үзілген жатырдан тыс жүктілік

201. Науқас 50 жаста, бір жыл бойы менструалдық циклдың бұзылысын байқаған. Үш ай

етеккір кідіруінен кейін соңғы 2 аптада жыныс жолдарынан қанды бөлінділер бөлінеді.

Объективті: жатыр мойны таза, жатыр мен қосалқылары өзгеріссіз.

Клиникалық көрініс келесі патологияға сәйкес:

* Жатыр денесінің эндометриозына

*Климактериялық жатырдан қан кетуге

* Жатыр фибромиомасы, қан кету

* Жатыр денесінің ісігіне

* Жатыр мойнының ісігіне

202. Науқас 49 жаста, бір жыл бойы менструацияның 3 айға кідіруі ретінде, кейіннен қан

кету сипатында менструалдық цикл бұзылысын байқаған. Объективті: жатыр мойны таза,

жатыр және қосалқылары өзгеріссіз. Қойылған диагноз –климактериялық жатырдан қан

кету. Жүргізілетін іс әрекет келесі зерттеуден алынған нәтижені, макропрепаратты

гистологиялық тексеруді болжайды:

* Жатыр мойнының биопсиясын

* Аспирациалық биопсия

* Жатыр ампутациясы қосалқыларымен

* Жатыр экстирпациясы қосалқыларымен

* Цервикалды өзек пен жатыр қуысын жеке-жеке диагностикалық қыру

203. Субмукозды жатыр миомасына тән белгі болып табылады:

* Аменорея

* Диспареуния

* Көп мөлшерлі ақкір

* Гиперполименорея

* Жыныстық қатынастық қанды бөлінділер

204. Эндометриоздың кіші түрлеріне жатады:

* Аденомиоз

* Аналық без эндометриозы

* Жатыр мойны эндометриозы

* Кіндік маңы эндометриозы

* Кіші жамбас ішпердесінің гетеротопиясы

205. Ішкі эндометриозға келесі орналасуы жатады:

* Ішастар, жатыр түтіктерінің ампулярлы және истмикалық бөлімдерінде

* Жатыр мен жатыр түтігінің интерстициальді бөлігіндегі

* Жатыр мойнындағы, ретроцервикальді

* Жатыр мойны, жатыр, аналық бездердегі

* Ішек, несепағардағы

206. Сыртқы генитальді эндометриоздың жиі орналасатын орны:

* Жатыр, жатыр түтіктері

* Жатыр түтіктері

* Ішек, кіндік

* Жатыр мойны

*Аналық бездер

207. Аденомиоз диагностикасында ең ақпаратты әдіс:

* Ультрадыбыстық зерттеу

* Метросальпингография

*Гистероскопия

* Кульдоскопия

* Кольпоскопия

208. Құрсақ қуысы ағзаларының эндометриозының диагностикасында «алтын» стандарт

болып табылады:

* Ультрадыбыстық зерттеу

* Гистероскопия

*Лапароскопия

* Кульдоскопия

* Кольпоскопия

209. Жатыр мойны эндометриозы диагностикасында ең ақпаратты әдіс болып табылады:

* Лапароскопия

* Кульдоскопия

* Кольпоскопия

* Цервикография

* Ультрадыбыстық зерттеу

210. Жатыр денесінің эндометриозын анықтауда менструалдық циклдың келесі күнінде

гистероскопия жүргізіледі:

*7-8

* 9-10

* 11-12

* 13-14

* 15-16

211. Науқас 37 жаста, менструалдық циклдың 8-ші күні аяқастынан іштегі ауру сезімі,

іштің кебуі, дене қызуының 37,8˚С көтерілуі, тілдің құрғауы, Щеткина-Блюмберг

белгісінің оғ екендігі байқалды. Қынаптық зерттеуде: жатыр үлкеймеген, оң жағында ауру

сезімді, қозғалысы шектеулі, көлемі 11,0×12,0×13,0 см тығыз эластикалық түзіліс

анықталды. Клиникалық көрініс келесі патологияға тән:

* Жедел панкреатитке

* Аналық безінің апоплексиясына

* Жатырдан тыс жүктілікке

* Аналық без ісігі аяқшасының бұралуына

* Тубоовариальді түзіліс перфорациясына

212. 37 жастағы науқаста оң жақ аналық без ісігі аяқшасының бұралуы анықталды.

Зақымдалған жаққа жасалатын операциялық емнің көлемі:

* Аналық безді алып тастау

*Аналық без резекциясы

* Кистаны сылып алып тастау

* Жатыр қосалқыларын алып тастау

* Киста құрамының аспирациясы

213. Жатырдан тыс жүктілікке эндометрийдің келесі морфологиялық өзгерісі тән:

* Безді-кистозды гиперплазия

* Децидуальды трансформация

* Хорион бүрлері

* Пролиферация

* Атрофия

214. Макропрепараттың гистологиялық зерттеуінде келесі ұйғарым негізінде жатырдан

тыс жүктілік диагнозы қойылады:

* Атрофия

* Пролиферация

* Хорион бүрлері

* Децидуалды трасформация

* Безді-кистозды гиперплазия

215. Науқас 25 жаста, диагностикалық лапароскопияда сол жақтағы жатыр түтіктері

цианозды, ампулярлы бөлігі 2,0×2,5×1,5 см, қалыңдаған, бүтіндігі бұзылмаған, ампулярлы

бөлігінен қан кетіп жатыр. Жүргізілетін іс-әрекет:

* Ампулярлы бөліктен ұрық жұмыртқасын бөлу және алып тастау

* Іш қуысын дренаждау

* Сол жақты аднексэктомия

* Сол жақты тубэктомия

* Сол жақты туботомия

216. Науқас 29 жаста, медициналық жасанды түсіктен кейін қалтырау, іштің төменгі

бөлігіндегі ауру сезімі, дене қызуының 38,2 С көтерілуі, пальпация кезінде іші жұмсақ,

ауырсынады. Айнамен қарағанда: цервикалды өзектен көп мөлшерде іріңді ақкір бөлінуде.

Қынаптық тексеруде: жатыр мойнының сыртқы ернеуі жабық, жатыры қалыптыдан сәл

үлкен, консистенциясы жұмсақ, ауырсынады, қосалқылары анықталмайды. Бұл көрініс

сәйкес келеді:

* Параметритке

* Эндоцервицитке

* Сальпингоофоритке

* Метроэндометритке

* Пельвиоперитонитке

217. Науқас 25 жаста, сақтанбаған жыныстық қатынастан кейін аралық аймағында қышу,

ашу сезімі пайда болды. Сыртқы жыныс мүшелер ісінген, гиперемияланған. Айнамен

қарағанда: қынаптың шырышты қабаты гиперемияланған, бөлінділер көп мөлшерде,

іріңді. Қынаптық тексеруде: жатыр мен қосалқылары ерекшеліксіз. Бұл клиника келесі

патологияға сәйкес:

* Эндометритке

* Эндоцервицитке

* Вульвовагинитке

* Сальпингоофоритке

* Жатыр мойнының эрозиясына

218. Науқас 23 жаста, антибиотикотерапиядан кейін көп мөлшерде ақкір бөлінуі, аралық

аймағында қышу, ашу сезімі байқалады. Айнамен қарағанда: қынаптың шырышты қабаты

гиперемияланған, бөлінділер көп мөлшерде, ұнтақ түрінде, ақ түсті. Бұл патологиясын

этиологиясын диагностикалаудағы негізгі ақпаратты әдіс:

* Цитологиялық

* Гистологиялық

* Иммунологиялық

* Бактериоскопиялық

* Бактериологиялық

219. Науқас 47 жаста, етеккірі 3 айға кідіргеннен кейін жыныс жолдарынан көп мөлшерде

қанды бөлінділердің бөлінуіне шағымданады. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза,

бөлінділер қанды. Қынаптық зерттеуде: жатыр және жатыр қосалқылар өзгеріссіз.

Клиникалық көрініс келесі патологияға сәйкес келеді:

* Климактериялық кезеңдегі дисфункционалды жатырдан қан кетуге

* Репродуктивті кезеңдегі дисфункционалды жатырдан қан кетуге

* Басталған өзіндік түсікке

* Субмукозды жатыр миомасына

* Аденомиозға

220. Климактериялық синдром – әйел ағзасындағы өзгерістер келесінің үдеуі фонында

дамиды:

* Эстрогеннің шамадан тыс бөлінуі

* Андрогеннің шамадан тыс бөлінуі

* Пролактиннің жетіспеушілігі

* Андрогеннің жетіспеушілігі

* Эстрогеннің жетіспеушілігі

221. Науқас 51 жаста, менструацияның 9 айға болмауы фонында тәулігіне 10 реттен көп

ыстықтау сезімі, «құйылулар», тершеңдік, жүрек қағуы, ашуланшақтық, күйгеліктік,

ұйқы бұзылысы, жұмысқа қабілетінің төмендеуі пайда болған. Бұл көрініс келесі

патологияға сәйкес келеді:

* Метаболикалық синдромға

* Адреногенитальды синдромға

* Климактериялық синдромға

* Предменструалды синдромға

* Посткастрациялық синдромға

222. Науқас 29 жаста, қорғанбаған кездейсоқ жыныстық қатынастан 5 күннен кейін дене

қызуының 38,2 0 С көтерілуі, ішінің төменгі бөлігінің ауру сезімі пайда болды. Айнамен

қарағанда: цервикалды өзектен көп мөлшерде іріңді ақкір бөлінуде. Қынаптық зерттеуде:

жатыры үлкеймеген, ауру сезімді, жатыр қосалқылары мен күмбезі ерекшеліксіз. Бұл

көрініс келесі диагнозға сәйкес келеді:

* Параметритке

* Эндоцервицит

* Сальпингоофоритке

* Метроэндометритке

* Пельвиоперитонитке

223. Науқас 29 жаста, көп мөлшердегі іріңді ақкір бөлінуіне шағымданады. Айнамен

қарағанда: қынаптың шырышты қабаты гиперемияланған, көп мөлшерде, көпіршіктенеді.

Қынаптық зерттеуде: жатыр мен қосалқылар ерекшеліксіз. Клиникалық көрініс келесіге

сәйкес келеді:

* Кольпит

* Эндометрит

* Эндоцервицит

* Сальпингоофорит

* Пельвиоперитонит

224. Науқас 25 жаста, сыртқы жыныс мүшелері аймағында қышу сезіміне, көп мөлшердегі

ақкірге шағымданады. Бактериоскопиялық зерттеуден кейін келесі диагноз қойылды:

Кандидозды вульвовагинит. Емдеу тактикасы:

* Антимикотикалық препараттар, қынаптың биоценозын қалпына келтіру

* Калий перманганат ерітіндісімен қынапты былаулау

* Калий перманганат ерітіндісімен қынапты бүркіп жуу

* Метронидазол, қынап биоценозын қалпына келтіру

* Қынап биоценозын қалпына келтіру

225. Науқас 25 жаста, сыртқы жыныс мүшелері аймағында қышу сезіміне, көп мөлшердегі

ақкірге шағымданады. Бактериоскопиялық зерттеуден кейін келесі диагноз қойылды:

Трихомонадтық кольпит. Емдеу тактикасы:

* Антимикотикалық препараттар, қынаптың биоценозын қалпына келтіру

* Калий перманганат ерітіндісімен қынаптық былаулау

* Метронидазол, қынап биоценозын қалпына келтіру

* Фурациллин ерітіндісімен қынаптық былаулау

* Қынап биоценозын қалпына келтіру

226. Науқас 48 жаста, етеккірінің 2 айға кідіруінен кейінгі 8 күнге созылған жыныс

жолдарынан көп мөлшерде қанды бөлінділердің бөлінуіне шағымданады. Айнамен

қарағанда: жатыр мойны таза, бөлінділер қанды. Қынаптық тексеруде: жатыр және

қосалқылар ерекшеліксіз. Клиникалық көрініс келесі диагнозға сәйкес келеді:

* Климактериялық кезеңдегі дисфункционалды жатырдан қан кетуге

* Басталған өзіндік түсікке

* Субмукозды жатыр миомасына

* Эндометрийдің қатерлі ісігіне

* Аденомиозға

227. Науқас 29 жаста, біріншілік бедеулік кезінде етеккірінің 4 аптаға кідіруі байқалады.

Қынаптық тексеруде: жатыр мойнының сыртқы ернеуі жабық, жатыры қалыптыдан үлкен,

жұмсақ, жатырдың оң жағында жұмсақ түзіліс пальпацияланады, сезімтал, күмбездері

бос, ауырмайды, бөлінділер шырышты. Бұл клиника келесі диагнозға сәйкес келеді:

* Сальпингоофорит

* Ерте өздігінен түсік

* Дамып келе жатқан жатырдан тыс жүктілік

* Репродуктивті кезеңдегі дисфункционалды жатырдан қан кетуге

* Түтіктің жыртылуы түрін үзілген жатырдан тыс жүктілік

228. Науқас 29 жаста, етеккір басталар алдында ашуланшақтық, күйгеліктік, ұйқының

бұзылысы, жұмысқа қабілеттің төмендеуі байқайды. Бұл көрініс келесі синдромға сәйкес

келеді:

* Метаболикалық

* Климактериялық

* Адреногенитальді

* Кастрациядан кейінгі

* Менструацияалды

229. Науқас 41 жаста, қосалқыларымен бірге гистерэктомия жасалғаннан кейін тәулігіне

20 реттен көп ыстықтау сезімі, «құйылулар», тершеңдік, жүрек қағуы, ашуланшақтық,

күйгеліктік, ұйқы бұзылысы, жұмысқа қабілеттің төмендеуі байқалады. Бұл көрініс келесі

синдромға сәйкес келеді:

* Метаболикалық

* Климактериялық

* Адреногенитальді

* Менструацияалды

* Кастрациядан кейінгі

230. Науқас 34 жаста, етеккір кезінде және алдында күшейетін іштің төменгі бөлігіндегі

ауру сезімі мазалайды. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таз* Қынаптық зерттеуде: жатыр

мен оң жақ қосалқылары ерекшеліксіз, жатырдың сол жағы мен артында көлемі

4,5×5,0×5,5 см тығыз эластикалық, қозғалысы шектеулі, ауру сезімді түзіліс анықталды.

Бұл көрініс келесі диагнозға сәйкес келеді:

* Сол жақ аналық бездің эндометриоидты кистасына

* Сол жақ аналық бездің дермоидты кистасына

* Сол жақ жатырдан тыс жүктілікке

* Субмукозды жатыр миомасына

* Аденомиозға

231. Науқас 22 жаста, профилактикалық қарау кезінде қынаптық зерттеуде: жатыры

ұлғаймаған, сол жағында қозғалмалы, көлемі 5,0×6,0×7,0 см, біртекті емес

консистенциялы, бұдыр беткейлі түзіліс анықталды. Ультрадыбыстық зерттеуде: оң жақ

аналық безде 5,5×6,2×7,5 см, акустикалық көлеңкемен, гиперэхогенді қосылыстармен

түзіліс бар. Бұл көрініс келесі диагнозға сәйкес келеді:

* Субсерозды жатыр миомасы

* Оң жақтық эктопиялық жүктілік

* Оң жақ аналық бездің дермоидты кистасы

* Оң жақ аналық бездің фолликулярлы кистасы

* Оң жақ аналық бездің эндометриоидты кистасы

232. Аналық бездің ісігіне жоспарлы түрде операция жасар алдында міндетті түрде

жүргізілетін тексеру әдісіне жатады:

* Пельвиография

* Пневмоперитонеум

* Цервикогистерография

* Метросальпингография

*Асқазан рентгенографиясы

233. Науқас 52 жаста, климактериялық синдром диагностикаланды. Патогенетикалық

емдеудің келесі түрі көрсетіледі:

* Физиоем

* Орынбасушы гормондық терапия

* Гонадотропин-рилизинг гормон агонистері

* Қосарланған оральды контрацепциялар

*Таза прогестинді оральді контрацепциялар

234. Психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын науқасқа контрацепцияның келесі

түрі тағайындалады:

* Тосқауылдық

* Химиялық

* Гормондық

* Симпто-термальды

*Жатырішілік серіппе

235. Әйел 29 жаста, 3 ай бұрын жатырдан тыс жүктілікке байланысты тубэктомия

жасалған. Контрацепцияның қолайлы әдісі:

* Тосқауылдық

* Химиялық

* Х ирургиялық

*Гормональді

* Жатырішілік серіппе

236. Бедеу некелік жұптарды тексеру келесі зерттеуден басталады:

* Гистероскопиядан

*Спермограммадан

* Кольпоцитологиядан

* Гистеросальпингографиядан

* Функциональді диагностика тестілерінен

237. 2-8 жастағы қыздарда ең жиі кездесетін гинекологиялық патология:

* Жатырдан аномальды қан кетулер

* Генитальді эндометриоз

* Аналық без ісіктері

* Сальпингоофорит

* Вульвовагинит

238. 35 жастағы науқаста лапароскопия кезінде екі жақты пиосальпинкс анықталды.

Операцияның көлемі:

* Екі жақты стоматопластикасы, іш қуысын дренаждау

* Жатырдың қынапүстілік ампутациясы түтікшелермен бірге

* Жатыр экстирпациясы қосалқылармен бірге

* Екі жақты тубэктомия

* Екі жақтың қосалқыларын алып тастау

239. Созбен ауырған науқастардың сауығу критерийлері ем жүргізілгеннен кейін келесі

уақыт аралығында қойылады (ай):

* 1

* 2

* 3

* 4

* 5

240. Жатыр қосалқыларының қалыптасқан іріңді қабыну түзілісінде келесі емдік іс –

әрекет көрсетіледі:

* Артқы қынап күмбезі арқылы түзілістің пункциясы

* Антибиотиктерді лимфогенді енгізу

* Хирургиялық ем

* Консервативті ем

* Физиотерапиялық ем

241. Науқас 28 жаста, жедел екі жақты сальпингоофорит, жедел эндоцервицитпен

цервикалды өзектен алынған жағындыны бактериоскопиялық тексергенде: жасуша ішінде

және жасушадан тыс орналасқан грам-теріс диплококктар анықталды. Қабынудың

болжамалы қоздырғышы:

* Ішек таяқшасы

* Стафилококктар

* Стрептококктар

*Гонококктар

* Хламидиялар

242. Науқас 27 жаста лапороскопиялық операция кезінде көлемі 5,0×5,5×6,0 см оң жақ

аналық бездің кистасы анықталды. Операциялық ем көлемі:

* Аналық без киста сұйықтығын аспирациялау

* Жатырдың оң жақ қосалқыларын алып тастау

* Оң жақ аналық безін алып тастау

* Оң жақ аналық без резекциясы

* Оң жақ цистэктомиясы

243. Науқас 30 жаста, лапороскопиялық операция кезінде оң жақ аналық без кистасының

жыртылуы анықталды. Операциялық ем көлемі:

* Аналық без киста сұйықтығын аспирациялау

* Аналық бездің киста капсуласын алып тастау

* Жатырдың оң жақ қосалқыларын алып тастау

* Оң жақ аналық безін алып тастау

* Оң жақ цистэктомиясы

244. Макроскопиялық зерттеуде: алынған аналық без ісігі ақ-сұр түсті, консистенциясы

біртекті емес, көлемі 10,0×9,5×8,0 см, кесіп қарағанда капсуланың ішкі беті тегіс, ішінде –

серозды сұйықтық. Макроскопиялық көрініс келесі диагнозға сәйкес келеді:

* Аналық бездің эндометриоидты кистасына

* Жай серозды кистома

* Папиллярлы кистома

* Аналық без фибромасы

* Дермоидты киста

245. Макроскопиялық зерттеуде: алынған аналық без ақ-сұр түсті, консистенциясы

біртекті емес, бұдырлы, көлемі 5,0×6,0×7,0 см, кесіп қарағанда: капсуланың ішкі беті тегіс,

ішінде – шаш, тістер, май тіні бар. Макроскопиялық көрініс келесі диагнозға сәйкес

келеді:

* Аналық бездің эндометриоидты кистасына

* Папиллярлы кистома

* Дермоидты киста

* Аналық без фибромасы

* Жай серозды кистома

246. Науқас 25 жаста, біріншілік бедеулікпен, менструалдық циклдың бұзылысымен,

семіздікпен, гирсутизммен, диагностикалық лапароскопия кезінде екі жақ аналық

бездерінің үлкейгені, беттерінің тегістігі, жылтырлығы, қабығы тығыз екендігі анықталды.

Клиникалық көрініс келесі диагнозға сәйкес келеді:

* Аналық без текомасына

* Гонадалар дисплазиясына

* Аналық без поликистозына

* Аналық без эндометриоидты кистасына

* Аналық без тестикулярлы феминизациясына

247. Науқас 25 жаста, лапароскопиялық операция кезінде екі аналық безінің поликистозы

анықталды. Жүргізілетін хирургиялық іс-әрекет:

* Аналық без дриллингі

* Аналық безді алып тастау

* Аналық без пункциясы

* Аднексэктомия

* Цистэктомия

248.Ішкі жыныс мүшелерінің даму ақаулары келесі даму ақауларымен жиі бірігіп

кезедеседі:

* Ащы ішек

* Тоқ ішек

* Зәр шығару жолдары

* Сүйек-шеміршек жүйесі

* Нерв түтігінен дамитын

249.Эндокринді бедеулік байланысты:

* Овуляция бұзылысына

* Хромосомды ақауларға

* Генитальді эндометриозға

* Жатыр түтіктерінің бітелуіне

* Сперматозиодтарға қарсы антидене пайда болуы

250. Насқас 30 жаста, бедеулік байқалады, 7 жыл көлемінде 2-3 айға кідіру түрінде

менструалдық циклы бұзылған. Объективті: әйел фенотипті, сыртқы жыныс мүшелері

ерекшеліксіз. Қынаптық тексеруде: жатыры қалыптыдан кішкентай, қосалқылар

аймағында тығыз, көлемі 3,0×4,0×4,5 см, қозғалмалы, ауру сезімсіз түзіліс анықталады.

Базальды температура – монофазалы. Күйеуінің спермограммасы – қалыпты. Клиникалық

көрініс бедеуліктің келесі генезіне сәйкес келеді:

* Түтіктік

* Жатырлық

* Психогендік

* Эндокриндік

* Перитонеалдық

251.Түтіктік-перитонеалдық бедеулікті дәлелдеу мақсатында ең ақпаратты зерттеудің

келесі түрі:

* Гидротубация

* Гистеросальпингография

* Трансвагинальді эхография

* Кимографиялық пертубация

* Лапароскопия хромосальпингоскопиямен

252.Экстракорпоральды ұрықтандыруға абсолютті көрсеткіштердің бірі болып табылады:

* Субсерозды жатыр миомасы

* Жатыр түтігінің болмауы

* Тұқым қуалайтын аурулар


Дата добавления: 2015-03-04 | Просмотры: 1394 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.066 сек.)