АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Жалпы медицина. Іштегі нәрестенің жекелеген дене бөліктерінің өзара қарым-қатынасы

Прочитайте:
  1. B Жалпы наркоз
  2. АЙЮРВЕДИЧЕСКАЯ МЕДИЦИНА
  3. АЛЬТЕРНАТИВНАЯ МЕДИЦИНА
  4. Анонс по конференции «Био: Молодежь. Медицина. Май»
  5. БЕЗОПАСНОСТЬ ЖИЗНЕДЕЯТЕЛЬНОСТИ И МЕДИЦИНА КАТАСТРОФ
  6. Внутренняя медицина
  7. Внутренняя медицина
  8. ВОЕННО-ПОЛЕВАЯ ТЕРАПИЯ И РАДИАЦИОННАЯ МЕДИЦИНА
  9. Доказательная медицина. Систематические обзоры. Метаанализ
  10. Древняя медицина

1 кезең

Тест

Іштегі нәрестенің жекелеген дене бөліктерінің өзара қарым-қатынасы, бұл://

Орналасуы//

Позициясы//

Түрі//

+Мүшеикемділігі//

Қондырылуы

***

Нәресте басы мен келген, арқасы артқа қараған – бұл//

Басымен келу, алдыңғы түрі//

1-ші позициясы, артқы түрі//

+ Басмен келу, артқы түрі//

Басымен келу, 1-ші позиция, артқы түрі//

Басымен келу, 2-ші позиция

***

Кіші жамбас кіре берісіндегі қасаға симфизбен мүйіске сагитальды жікке қатысты орналасуы: //

Мүшеикемділігі//

Жатуы //

+ Қондырылуы//

Орналасуы //

Позициясы

***

Мүйіс пен қасағалық симфиздің төменгі жағының арасындағы қашықтық: //

11 см//

13,5 см//

20-21 см//

+ 12,5-13 см//

25-26 см

***

Оң қиғаш мөлшер – бұл ненің арасындағы қашықтық: //

Қасағалық симфиздің жоғарғы шеті//

Сегізкөз-мықын сол жігі және қасағаның оң жақ төмпешігі//

Аты жоқ сызықтың ең қашық нүктелері//

+ Сегізкөз-мықын оң жігі және қасағаның сол жақ төмпешігі//

Ұршық ойығының түбі

***

Жамбастың қай мөлшерілері тең: //

+ Нағыз коньюгата//

Диагональдық коньюгата//

Сыртқы коньюгата//

Бүйір коньюгата//

Қиғаш коньюгата

***

Сагитальдық жіп түзу өлшемде, нәрестенің арқасы алға қараған: //

Бірінші позиция, алдыңғы түрі//

+ Баспен келу, алдынғы түрі//

Екінші позиция, алдынғы түр//

Баспен келу, артқы түрі//

Екінші позиция, артқы түрі

***

Бастың үлкен еңбегінің алдынғы бұрышы мен шүйде арты шұнқыры арасындағы қашықтық – бұл: //

Түзу өлшем//

Тік (вертикальды) өлшем//

+ Кіші қиғаш өлшем//

Ортаңғы қиғаш өлшем//

Үлкен қиғаш өлшем

***

Иек пен нәрестенің шүйде төмпешігінің арасындағы қашықтық – бұл: //

Бастың түзу өлшемі//

Бастың тік (вертикальды) өлшем//

Кіші қиғаш өлшем//

Ортаңғы қиғаш өлшем//

+ Үлкен қиғаш өлшем

***

Шүйдесімен келудің артқы түрінде нәресте басының бекіну (айналу) нүктесі: //

Шүйде төмпешігі//

+ Шүйде асты шұнқыры мен бас маңдайдың шашты бөлігінің шекарасы//

Шүйде асты шұнқыры //

Шүйде төмпешігі және кеңсірік//

Бастың шашты бөлігінің шекарасы

***

Шын коньюгатаны төменде көрсетілген өлшемдермен анықтауға болады, қайсысы ол өлшемге жатпайды: //

Сыртқы коньюгатамен//

+ Соловьев индексімен//

Диагональдық коньюгатамен//

Михаэлис ромбасының ұзындығымен//

Франк өлшемімен

***

Жай кең жамбас кезінде кіші жамбасқа кіргенде бас қандай қозғалыс жасайды:

+ Жазылу//

Бүгілу//

Түсуі

Максимальды жазылуы//

Максимальды бүгілу

***

Бетімен келу кезінде нәрестенің басы кіші жамбастың кіре берісіне қандай өлшеммен кіреді: //

Кіші қиғаш өлшеммен//

Ортаңғы қиғаш өлшеммен//

Үлкен қиғаш өлшеммен//

+ Тік (вертикальды) өлшеммен//

Түзу өлшеммен

***

Айы- күні жеткен жүктілік кезінде аппендицит асқынса акушер қандай амал қолданады: //

Кесар тілігі//

Кесар тілігінен кейін жатырдың қынапүстілік ампутациясы//

Кесар тілігінен кейін қосалқыларсыз жатырдың экстирпациясы//

Кесар тілігінен кейін жатыр түтіктерімен бірге жатырдың экстирпациясы//

+ Консервативті түрде босандыру

***

Төмендегі көрсетілген гестациалық қантты диабеттің дамуы мүмкін қауіп-қатер тобына қайсысы жатпайды:

Глюкозауриямен ауыратын жүкті әйелдер//

Анамнезінде ірі нәресте босанған//

+ Гестозы бар жүкті әйелдер//

Артық салмағы бар әйелдер//

Ата-анасы немесе жақын туыстары қантты диабетпен ауыратын әйелдер

***

Төмендегі барлық көрсетілген үрдістер эстрогендердің әсерімен жүреді, біреуі қате: //

Қынап эпителиінің және несептік жыныстық жолдың мүйізгектенуі//

Сүтбездер пролиферациясы//

+ Аскорбин қышқылының зәрмен көп шығуы//

Сүтбездер паренхимасының пролиферациясы//

Жатыр мойнағының сілемейлі өндірілуі

***

Жүктілік кезінде қынаптық сүртіндіде қандай жасушалар басым келеді: //

Беткейлік мүйізгектенетін//

+ Аралықтағы//

Базальдық//

Парабазальдық//

Беткейлік мүйізгектенбейтін

***

Босанғаннан кейін жатыр инволюциясының бұзылыстары қай жағдайда анық байқалады: //

Босанғаннан кейінгі босану әрекетінің I және II әлсіздігімен асқынуы кезінде//

+ Кесар тілігінен кейін//

Мезгілінен бұрын босанудан кейін//

Босанғаннан кейінгі жатырды қолмен тексеру жағдайында//

Егіз немесе ірі нәресте кезінде

***

Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен ерте ажырауы кезінде ШТІҚҰ синдромының жіті түрінің дамуын анықтайтын негізгі фактор болып: //

Жатыр-плацентарлық апоплексия//

Плацентаның морфофункциялық өзгерістері//

Тамырлар эндотелийінің зақымдануы//

+ Ананың қантамыр жүйесіне тромбопластикалық тіндік субстанциялардың түсуі (енуі)//

Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы

***

Төменде көрсетілгендердің қайсысы босанғаннан кейінгі ерте кезеңде гипотониялық қан кетудің қауіп-қатер тобына жатпайды, біреуі қате: //

Жатыр миомасы бар науқастар //

Босану әрекетінің әлсіздігі салдарынан босануы асқынған әйелдер//

Көп босанған әйелдер//

Дене салмағы 4000 гр-нан асқан бала туған әйелдер//

+ Қағанақ суы мезгілінен бұрын кеткен әйелдер

***

Босанғаннан кейін жатырды қолмен тексеруге негіз болатын, клиникалық жағдайларды көрсетіңіз: //

+ Жатыр мойны жыртылуының 1-2 дәрежесі//

Физиологиялық нормадан көп қансырау//

Жатырда тыртықтың болуы//

Плацентаның бүтіндігіне күмәнданғанда//

Жатырдың жыртылуына күмәнданғанда

***

Плацента жабысып қалған жағдайында хорионның бүрлері қайда бекиді: //

Эндометрияның функциялық қабатына//

+ Миометрияға//

Эндометрияның базальды қабатына//

Периметрияға //

Параметрияға

***

Клиникалық тар жамбас диагностикасы кезінде қандай симптом негізгі болып саналады: //

+ Босану әрекетінің жақсы болуы кезінде кіші жамбастың кіру жазықтығында тұрған нәресте басының ілгерілемелі қозғалысының болмауы//

Вастен белгісі оң немесе Вастен белгісі «теңбе-тең»//

Зәршығарудың кідіруі//

Сыртқы жынысқт мүшелердің және жатыр мойнының ісінуі//

Қалыпты босану механизмінен ауытқу

***

Ана өлім-жітімінің деңгейі өлген аналар санының неге қатынасы бойынша анықталады: //

1000 тірі туғандарға//

10000 тірі туғандарға//

+ 100000 тірі туғандарға//

1000 жүктілікке//

100000 жүктілікке

***

Нәресте жамбаспен келген кезде босану механизмінің төртінші сатысы: //

Бөксенің артымен алға қарай ішкі бұрылуы//

Құйрықтың жамбас түбіне түсуі//

+ Бөксенің шығуы және жарып шығуы//

Бөксенің шығуы кіші жамбас қуысына түсуі//

Бөксенің шығуы арқасымен артқа қарай ішкі бұрылуы

***

Олигодисменорея – бұл: //

Сирек және мардымсыз етеккір//

+Сирек және ауырып келетін етеккір//

Етеккір кезінде қан кетудің азаюы//

Етеккір аралық мардымсыз аралас шығындылар//

Дұрыс жауап жоқ

***

Төмендегі көрсетілгендердің басқасы альгодисменореяға себеп болуы мүмкін, біреуінен басқасы: //

Генитальды инфантилизм//

Жыныс мүшелерінің дамуының ауытқулары//

+ Жатыр мойнының дисплазиясы//

Генитальды эндометриоз

Жатырдың ретродевиациясы

***

Пременопаузалық кезеңде дисфункциялық жатырдың қанауын тоқтатудың негізгі әдісі: //

Синтетикалық эстроген-гестагендік препараттарды қолдану//

Қан тоқтататын және жатырды жиырылтатын заттарды енгізу//

Андрогендерді пайдалану//

17-ОПК-ны үздіксіз режимде қолдану//

+ Мойын мойнағының және жатыр қуысының сілемейлі қабықтарын диагностикалық қырнау

***

Жатырдан тыс жүктілік кезінде эндометриядағы өзгерістер: //

Атрофия //

Пролиферация//

Безді-кисталы гиперплазия//

+ Децидуальдың өзгеру//

Эндометрилік полип

***

Төменде көрсетілген барлық жағдайларда гинекологиялық стационарға шұғыл жатқызу қажет, біреуі қате: //

Ана без ісігі сабағының бұратылуы//

Сілемей қабықасты миома түйінінің туындауы//

+ Эндометридің атипиялық гиперплазиясы//

Жатыр қосалқыларының жіті іріңді қабынуы//

Жатырдан тыс жүктілік

***

Ішперде ішіндегі қан кетудің себебі төмендегі көрсетілген аурулардың біреуінен басқалары болуы мүмкін: //

Ана без апоплексиясы//

Медициналық түсік кезінде жатырдың тесілуі //

Көкбауыр қаптамасы астының жыртылуы//

+ Ана без ісігі сабағының бұратылуы //

Жатырдан тыс жүктілік

***

Жатыр қосалқыларының туберкулездік зақымдануының негізгі клиникалық симптомы: //

Жамбастың созылмалы ауыруы//

Аменорея//

Менометроррагия//

+ Біріншілік бедеулік//

Екіншілік бедеулік

***

Емшек ұшының патологиялық шығындылардың себептерін көрсет, біреуі қате: //

Гипофиздің микроаденомалары//

Гипотиреоз//

Өндірілген немесе қолдан жасалған фенотиазинді ұзақ қолдану//

Адреногениталдық синдром//

Сүт безіді өзекішілік папилломасы

***

Жатырдан ановуляциялық циклдік қан ағу қалыпты жағдай болып есептеледі: //

Пубертатты кезеңде//

Перименопаузалдық кезеңде//

Лактация кезеңін//

+ Көрсетілген барлық жағдайларда//

Бұндай қан ағуды қалыптаға жатқызуға болмайды

***

Құрастырылған эстроген-гестагендік препараттармен функциональдық сынаманың теріс нәтижесі аменореяның қандай түрін дәлелдейді: //

Гипоталамикалық //

Гипофизарлық//

Аналық бездік//

+ Жатырлық//

Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы

***

Шын (патологиялық) аменорея төмендегі көрсетілген аурулардың біреуінің басқасының салдары болуы мүмкін: //

Гипотиреоз//

Нейрогенді анорексия//

Тестикулярлық феминизация синдромы//

+ Қыздық перденің атрезиясы//

Гипофиздың микро және макроаденомалары

***

Инъекциялық контрацептивтер құрамына кіреді: //

+ Пролангацияланған әсері бар прогестагендер//

Конъюгацияланған эстрогендер//

Прогестагендердің микродозалары//

Антиандрогендер//

Антигонадотропиндер

***

Метроррагия – бұл: //

Етеккір циклінің өзгеруі//

Етеккір кезінде қан шығынының көбеюі//

Етеккір кезеңінің ұзаруы//

+ Жатырдан ацилдық қан ағу//

Етеккірдің сиренуі

***

Жатыр артериясы: //

Қолқаның,//

Мықынның ортақ артериясының,//

Мықынның сыртқы артериясының,//

+ Мықынның ішкі артериясының,//

Мықын- бел артериясының тармағы болып саналады

***

Әйелдер кеңесінің жанұяны жоспарлау бойынша жұмысы тиімділігінің негізгі көрсеткіші://

Участкедегі әйелдер саны//

Жыл бойы түсік жасауға жіберілген бағытталған әйелдердің абсолютті саны//

Түсіктен кейінгі асқынулар саны//

+Фертильдік жастағы 1000 әйелге шаққандағы түсік саны//

Фертильді жастағы 1000 әйелге шаққандағы өздігінен болған түсік саны

***

 

Хирургиялық ерікті стерилизация үшін шарттар: //

+Әйел жасы 35 жастан жоғары болуы, 3 және одан көп баланың болуы//

Операция жасауға көрсеткіштің болмауы, әйел келісімінің болмауы//

Ерлі - зайыптылардың келсімін құжат түрінде рәсімдеу, тірі балалардың болмауы//

Кесар тілігі операциясынан кейін жатырда үш тыртықтың болуы, ерлі-зайыптылардың келісімінің болмауы//

3 және одан көп баланың болуы, операция жасауға қарсы көрсетілімнің болмауы

***

 

Гормоналдық контрацептивтердің негізгі әсер ету механизмін ата: //

+Овуляцияны тежеу//

Эндометридің физикалық-химиялық қасиетінің өзгеруі//

Сперматозоидтар фагоцитозы//

Жатыр түтікшелерінің жиырылу белсенділігінің артуы//

Жұмыртқа жасушасы имплантациясының бұзылуы

***

Партограммада жатыр мойнының ашылуы 2 см Х белгіленген. Толғақ белсенділігінің фазасын анықтаңыз: //

+жасырын//

белсенді//

баяулау фазасы//

тез//

дайындық

***

Жай кең жамбас кезіндегі босану биомеханизмінің ерекшеліктері: //

Ұрық басының жоғары тік орналасуы//

+Сагитальдық тігістің төмен көлденең орналасуы//

Басытың иілуі//

Басттың максимальді иілуі//

Бастың синклитикалық орнығуы

***

Жатыр мойны дистоциясының этиологиясы: //

Бала басының дұрыс емес орнықпауы//

Ірі бала//

Баланың жамбаспен келуі//

+Жатыр мойнының тыртықты өзгерістері//

Эстрогеннің төмен деңгейі

***

Симптомокомплекс: жатырдың әр аймағындағы қысымның біркелкі болмауы, толғақтардың кенеттен ауырсындыруыуы, бел аймағындағы ауырсыну, жатыр мойны ашылуының баяулауы, ұрық басының кіші жамбас кіреберісінде көп тұруы неге тән: //

Босану әрекетінің біріншілік әлсіздігі//

Босану әрекетінің екіншілік әлсіздігі//

+Босану әрекетінің дискоординациялануы//

Босану әрекетінің қарқындылығы//

Жатыр мойнының дистоциясы

***

 

Бала басының алдыңғы бөлігімен келген кезде кіші жамбас жазықтықтарынан қалай өтеді: //

Кіші қиғаш өлшеммен//

Орташа қиғаш өлшеммен//

+Тік өлшеммен//

Үлкен қиғаш өлшеммен//

Вертикальді өлшеммен

***

Лактогенездің бірінші кезеңі: //

Сүттің жетілу кезеңі//

Сүттің көп секрециялану кезеңі//

+Сүт түзілу компетенттілігінің даму стадиясы//

Сүттің эндогенді ингибиторының түзілу кезеңі//

Эндогенді окситоцин өндірілу кезеңі

***

Лактогенездің екінші кезеңі: //

+Сүттің жетілу кезеңі//

Сүттің көп секрециялану кезеңі//

Сүттің түзілу компетенттілігінің даму стадиясы//

Сүттің эндогенді ингибиторының түзілу кезеңі//

Эндогенді окситоцин өндірілу кезеңі

***

Дене салмағының индексі қалай есептеледі: //

Салмағы (кг)/бойы (см) //

Салмағы (кг) / бойы (кв.см) //

Салмағы (г)/ бойы (м) //

Салмағы (г) / бойы (кв.м) //

+Салмағы (кг)/ бойы (кв.м)

***

Эндометри қалыңдығы қанша болғанда УДЗ мәліметі бойынша эндометрий гиперплазиясы деген диагноз қояды: //

6 мм//

8 мм//

10 мм//

12 мм//

+15 мм

***

ГнР гормондар агонистін қабылдауда add-back терапиясы дегеніміз не: // КОК-ды қабылдау//

гестагендерді қабылдау//

антиандрогендерді қабылдау//

антипрогестеронды (мифепристон) қабылдау//

+ГОТ (ЗГТ) дәрілерін қабылдау

***

35 жасқа дейінгі әйелдерде ДЖҚ және эндометрий гиперплазиясы кезінде қолданылатын таңдаулы дәрі болып табылады: //

Гестагендер//

ГнРг агонистері //

+КОКтер//

Андрогендер//

ГОТ (ЗГТ) дәрілері

***

Эндометрий полипін диагностикалаудың ең ақпаратты әдісі: //

Гинекологиялық тексеру//

УДЗ //

+Гистероскопия//

гормондарды зерттеу//

Диагностикалық қыру

***

Шұғыл контрацепция үшін Юспе әдісі – бұл: //

ЖІС енгізу //

+жыныстық қатынастан кейін 1 сағат ішінде постинор қабылдау//

12 сағаттық интервалмен постинордың 2-мөлшерін қабылдау //

КОК-ді 2 рет 12 сағаттық интервалмен қабылдау //

жыныстық қатынастан кейін спермицидтер қабылдау

***

Біріншілік аменореяда міндетті түрде нені зерттеу керек: //

Эстрогендер, прогестерон, пролактин, кариотип//

Эстрогендер, прогестерон, пролактин, сүйек жасы//

Кариотип, ФСГ, пролактин, эстрогендер//

+ФСГ, кариотип//

Кариотип, эстрогендер

***

Салмақ жоғалту фонында байқалған аменореяны емдеудің негізгі принципі: //

II фазада гестагендер қолдану//

Циклдік тәртіпте ГОТ үшін дәрілерді қолдану //

Ағзаны таза эстрагендермен қанықтыру//

овуляцияны күшейту үшін кломифенді қолдану //

+Бастапқы дене салмағын қалпына келтіру

***

Төмен дозадағы КОКқұрамындағы ЭЭ мөлшері қандай: //

50 мкг//

+30-35 мкг//

20 мкг//

15 мкг//

150 мкг

***

Пролактин қайда өндіріледі: //

аналық бездерде//

Бүйрекүсті бездерінде//

+гипофиздің алдыңғы бөлігінде//

гипофиздің артқы бөлігінде//

май тіндерінде

***

Пролактин өндірілуіне ненің реттелуі әсер етеді: //

Эстрогендер//

Прогестерондер//

ХГ//

+Дофамин//

ФСГ

***

Біріншілік гипотиреозда ненің деңгейі жоғарылауы мүмкін: //

ФСГ//

ЛГ//

АКТГ//

Эстрогендер//

+Пролактин

***

Жамбас түбі бұлшықетінің ортаңғы қабаты неден тұрады: //

шонданай-қуысты, буылтық-борпылдақ тәрізді, аралықтың беткейлі көлденең бұлшықеті және артқы сфинктерді қысатын сыртқы бұлшықет//

+ несеп-жыныс диафрагмасы//

жамбас диафрагмасы//

несеп-жыныс диафрагмасы және жамбас диафрагмасы//

шонданай-қуыстық, буылтық-борпылдақ тәрізді бұлшықет, несеп-жыныс диафрагмасы және жамбас диафрагмасы

***

Іншектің артқы күмбезіне пункция жасаған кезде ине қайда өтеді//

+жатыр-тік ішек ойығына//

жатыр-қуық ойысына//

жатыр маңы кеңістігіне//

шонданай-тік ішек шұңқырына//

жатыр қуысына

***

Жатырдан тыс жүктілікті анықтауда қолданылытын әдіс: //

жүктілікке иммунологиялық реакция//

УДЗ//

артқы күмбезге пункция жасау//

+лапароскопия//

жатыр қуысын диагностикалық фракциялық қыру

***

Шынайы (патологиялық) аменорея төмендегі аурулардың біреуінен басқасының салдары бола алады: //

гипотериоза//

нейрогенді анорексия//

тестикулярлы феминизация синдромы//

+қыздық перденің атрезиясы//

гипофиздің микро- және макроаденомасы

***

Физиологиялык дамыйтын жүктілік кезінде гемостаз жүйесінде келесі өзгерістер байқалады://

+гиперкоагуляция//

гипокоагуляция//

қолданыс коагулопатиясы//

тек тамыр-тромбоцитарлы звено белсенділігінің жоғарлауы//

тек плазмалық звено белсенділігінің жоғарлауы

***

Босану биомеханизмінің ерекшеліктері:

– кіші жамбас кіреберісінде сагитальді тігістің қиғаш өлшемінде бастың ұзақ тұруы

– нәресте басының айқын иілуі

– нәресте басының синклитикалық орнығуы

 

Анотамиялық тар жамбастың келесі формасына тән://

+жалпы біркелкі тар жамбас//

жалпы біркелкі кең жамбас //

жай жалпақ//

көлденеңінен тарылған //

жалпақ-рахитті

***

Босану биомеханизмінің көрсетілген ерекшеліктері:

– кіші жамбас кіреберісінде сагитальді тігістің қиғаш өлшемде бастың ұзақ тұруы

– нәресте басының кіші жамбас кіреберісінде шалқаюы

– нәресте басының қатал асинклитикалық орнығуы

анотамиялық тар жамбастың келесі формасына тән://

қиғаш аралас жамбас//

+жалпақ-рахитті //

жалпы біркелкі тар жамбас//

көлденеңінен тарылған //

жалпақ жалпы тар жамбас

***

Жатыр мойны жыртылған кезіндегі қан кету себебі://

Ішкі пудендалді артерияның зақымдануы//

Сырткы мыкын артериясының зақымдануы//

Жатыр артериясының ішек-көпіршек тармағының закымдануы//

+Жатыр артериясының мойын-кынаптық тармағының зақымдануы//

Клитордің кеуекті денесінің зақымдануы

***

Босанудан кейінгі ерте кезеңде қынапта ұлғаятын гематома анықталған кезде дәрігер қолданылатын амал://

Қынапты тығыз тампондау//

Гематома аймағына дозаланған мұз қою//

+Гематоманы тігу (ашып немесе жармай)//

Жақпамай жағып таңғыш қолдану//

Бұлшық етке дицион салу

***

Босанғаннан кейінгі 5- тәулікте жатыр түбінің биіктігі (перзентханадан шығару алдында //

кіндік пен қасағаның ортасында //

кіндіктен 2 саусақ төмен //

+қасағадан 3 саусақ жоғары //

касағаның жоғары қыры деңгейінде //

кіндік деңгейінде

***

Ауыр преэклампсия кезіндегі босану ауырсынуын басудың қазіргі кездегі әдісі: //

Венаішілік ауырсынуды басу//

акупунктура әдісімен ауырсынуды басу//

интубациялық наркоз //

+перидуралық анестезия //

пудендалық анестезия

***

Пременапауза қалай сипатталады://

Эстрогендердің деңгейі төмендеуімен//

Эстрогендердің деңгейі жоғарылауымен//

+Прогестерон деңгейі төмендеуімен//

Прогестерон деңгейі жоғарылауымен//

Гиперэстрогенемия, гипоандрогения

***

Гиперпролактинемия қалай сипатталады://

Ана бездің поликистозды өзгерісімен//

Гирсутизм, акне, себорея//

+Галактероя, аменорея//

Галакторея, гиперполименорея//

Эндометри гиперплазиясы

***

Предменструациялық синдромның болуы неге байланысты://

Гиперэсрогенияға//

Гипопитуитаризмге//

Гиерандрогенияға//

Гиперпролактинемияға//

+Жыныстық стероид гормондардың дисбалансы

***

Бұтаралықтың І дәрежелі жыртылуы://

Бұтаралық тері бүтіндігінің, қынап және жамбас түбі бұлшықетерінің бұзылуы //

Барлық аталғандар және тікішектің сыртқы сфинктерінің жыртылуы//

Тікішектің жыртылуы//

+Тек артқы жабыспа бүтіндігінің бұзылуы

***

Dictancia cristarum://

Мүйіс пен қасаға аралығы//

Мықынсүйектің алдыңғы жоғарғы қырларының аралығы//

+Мықынсүйектің қырларының ең алыс нүктелерінің ара қашықтығы//

Ортанжіліктің үлкен ұршықтарының аралығы//

Аты жоқ сызықтардың қашық нүктелерінің арақашықтығы

***

Экстрагениталилік патология болғанда 12 апталық мерзімге дейін ауруханаға прфилактика үшін жатқызудың мақсаты //

+Тексеру және жүктілікті әрі қарай сақтау туралы мәселені шешу//

Босанудың тиімді амалын табу//

Қосымша зерттеу үшін//

Босағаннан кейінгі режим дұрыс болуы үшін

***

Эндометрит дегеніміз?//

Жатырдың бұлшықет қабатының қабынуы.//

+Жатырдың сілемейлі қабығының қабынуы. //

Ана бездің қабынуы. //

Ішперденің қабынуы. //

Жатыр шелмайының қабынуы

***

Перинатальдық кезең және ол неден басталады//

ұрықтану мен нәрестенің туылуымен аяқталатын кезеңнен//

+ұрықтың өмір сүруге қабілетті болуынан және туылғаннан кейінгі 7-ші тәулікке дейінгі (168 сағат) кезеңі//

нәрестенің туылған сәті мен босанғаннан кейінгі бір ай аралығындағы кезең//

жүктіліктің 20 аптасы мен туылғаннан кейінгі 14 тәулікпен аяқталатын кезең//

жүктіліктің 21 аптасы мен туылғаннан кейінгі 14 тәулікпен аяқталатын кезең

***

Акушериялық сыртқы тексеру барысында ішті пальпациялағанда: нәресте жатырда ұзынынан жатыр, баланың басы кіші жамбасқа кіре берісте тұр, баланың арқасы жатырдың сол жақ қабырғасына бұрылған. Нәресте жатысы мен позициясын көрсетіңіз: //

Нәрестенәі басымен келуі, II позиция//

Нәрестенәі басымен келуі, позициясының алдыңғы түрі//

Нәрестенәі басымен келуі, позициясының артқы түрі//

+Нәрестенің басымен келуі, I позиция//

Нәрестенің жамбасымен келуі, I позиция

***

Босанудың келесі биомеханизмі нәрестенің басымен келуінің қай түріне жатады: кіші жамбасқа кіре берісте басы иілген, бастың ішкі бұрылысы кіші жамбас қуысында, шүйдесімен артқа қарайды, бастың қосымша иілуі, бастың жазылуы: //

төбемен//

маңдаймен//

бетпен//

шүйдесімен келудің алдыңғы түрі//

+шүйдесімен келудің артқы түрі

***

Бірінші рет босанатын әйел 17 жаста, босанудың 1 кезеңі 12 сағат бойы жалғасуда, толғақтары әлсіз, босанып жатқан әйел шаршаған, қағанақ суы кетпеген. Не істеу керек: //

кесар тілігі//

+акушериялық ұйқы//

амниотомия жасау//

босануды стимуляциялау//

Николаев үштігін жүргізу

***

Нәресте басы кіші жамбас кіре берісінде үлкен сегметпен болғанда іншек арқылы зерттегенде анықталды: //

+Нәресте басы қасағаның жоғарғы үштен бір бөлігін және сегізкөздің жоғарғы бөлігің жабады, мүйіске саусақты жетпейді, шонданай сүйегінің қыры оңай анықталады//

сегізкөз ойығы бос, сакусақты иіпмүйіке жетуге болады, қасағанының ішкі бетіне қол жетеді//

қасағананың ішкі қабырғасынының 2/3 бөлігі және сегізкөз ойығының жартысы ұрық басымен жабылған//

сегізкөз ойығының 2/3 бөлігін және қасағаның ішкі жағының бәрін баланың басы жауып тұр, шонданай сүйегінің өсінділері қиындықпен анықталады//

жамбастың терминал сызықтары сегізккөз және қасағанының ішкі жақтары оңай анықталады

***

Қалыпты етеккір циклының ұзақтығы... күн//

28-30//

+21-35//

19-28//

26-35//

22-36

***

Партограммада.... көрсетіледі//

anamnesis vitae //

жатыр мойнының жетілу дәрежесі//

қанның биохимиялық көрсеткіші//

+бастың жамбас жазықтықтарына қатынасы//

anamnesis morbi

***

Бастың 5/5 өлшенетін кіші жамбастың... өлшеміне сәйкес келеді//

+кіреберіс жазықтығынан жоғары//

кіреберіс //

кең бөлігінің//

тар бөлігінің//

шығаберіс

***

Бастың 4/5 өлшенетін кіші жамбастың... өлшеміне сәйкес келеді//

кіреберіс жазықтығынан жоғары //

+кіреберіс//

кең бөлігінің//

тар бөлігінің//

шығаберіс

***

Бастың 3/5 өлшенетін кіші жамбастың... өлшеміне сәйкес келеді//

+кең бөлігінің//

кіреберіс//

кіреберіс жазықтығынан жоғары//

тар бөлігінің//

шығаберіс

***

Бастың 2/5 өлшенетін кіші жамбастың... өлшеміне сәйкес келеді//

+тар бөлігінің//

кең бөлігінің//

шығаберіс//

кіреберіс жазықтығынан жоғары//

кіреберіс

***

Бастың 1/5 өлшенетін кіші жамбастың.. өлшеміне сәйкес келеді//

тар бөлігінің//

кең бөлігінің//

+шығаберіс //

кіреберіс жазықтығынан жоғары//

кіреберіс

***

Қайта босанушы әйелде жатыр мойнының өзгерісі... басталады//

+бір уақытта жатыр мойнының ашылуы мен оның тегістелуінен//

ішкі аңқа аймағынан//

сыртқы аңқа аймағынан//

жатыр мойны ашылғанан кейін тегістелуінен//

қағаннақ суының кету уақытынан

***

Жетілмеген жатыр мойнына.. тән емес//

тығыз консистенциялы//

оның сегізкөзге ығысуы//

ұзындығы 2-2,5 см //

жабық цервикалдық канал//

+жұмсақ консистенциялы

***

Жетілген жатыр мойнына... тән емес//

+жабық цервикальды канал//

жұмсақ консистенциялы//

ұзындығы 1-1,5 см //

еркін өтетін цервикальды канал//

жамбас осі бойында орналасуы

***

Босану басталды деп санау керек://

Шырышты тығын кеткенде//

Қағанақ сулары кеткенде//

+ Ретті толғақтар дамығанда//

Нәресте жатқан бөлік түскенде//

Жатыр тонусы тұрақты жоғарылағанда

***

Жүктілік кезінде перифериялық қандағы гемоглобиннің физиологиялық концентрациясының төменгі шекарасы://

120 г/л//

118 г/л//

114 г/л//

+110 г/л//

105 г/л

***

Жүктілік кезінде физиологиялық гематокриттің төменгі шекарасы://

46//

42//

38//

+34//

***

Жүкті әйлдерде симптомсыз бактериурия кезінде қолданылатын амалды таңдаңыз://

Бақылау//

3-5 күннен кейін зәрді қайталап тексеру//

Өсімдік диуретиктерінің курсы//

+Антибактериалық терапия курсы//

Урологтың консультациясы

***

Төменде көрсетілгендердің қайсысы жүктілік кезіндегі жүрек ауруының белгісі?//

Аяқ басының мен жіліншіктің ісінуі//

Функциялық систолалық шу//

Дем алу белсенділігінің жоғарылауы//

+Аритмия//

Физикалық жүктеме кезінде ентігу

***

Бірінші рет босанатын әйел нәрестенің алғашқы қимылын, ереже бойынша, жүктіліктің қай мерзімінде сезеді://

16 апта//

18 апта//

+20 апта//

22 апта//

24 апта

***

Жүкті әйелдерде І триместрде зәр шығарудың жиілеуі неге байланысты://

Қуық тонусының жоғарылауына//

Үрпінің ішкі сфинктері тонусының төмендеуіне//

Үрпінің сыртқы сфинктері тонусының төмендеуіне//

+Шумақшалық сүзілудің жоғарылауыне//

түтіктік реабсорбцияның төмендеуіне

***

Жүкті әйелдердің іш қатуға бейімділігі ішек перистальтикасының босаңсуы әсеріне байланысты://

Хориондық гонадотропиннің//

+ Прогестеронның//

Плаценталық лактогеннің//

Нәресте андрогендерін//

Эстрогендер

***

Жүктіліктің қай мерзімінде ҚММ (МОК) максимальды жоғарылайды және ҚАЖҚ (ОЦК) максимальды өседі://

8-12 аптада//

20-24 аптада//

+28-32 аптада//

16-18 аптада//

36-40 аптада

***

Жүктіліктің белгілері://

+Кезекті етеккірдің кешігуі//

Іштің ақ сызығының және емізіктерднің пигментациясы//

Ішқатпаға бейімділіктің пайда болуы//

Жатыр өлшемінің ұлғаюы//

Нәрестенің жүрек соғысының тыңдалуы

***

Жүктіліктің 12-13 аптасында жатыр түбінің биіктігі анықталады://

+Қасағаның жоғарғы шеті денгейінде //

Қасағадан 1 көлденең саусаққа жоғары//

Қасағадан 2 көлденең саусаққа жоғары

Қасағадан 3 көлденең саусаққа жоғары//

Қасағадан 4 көлденең саусаққа жоғары

***

Жүктіліктің І триместріндегі ең жиі асқыну://

Ісінулер//

Тері қышымасы//

+Жүкті әйелдердің құсуы//

Жеңіл преэклампсия//

Ауыр преэклампсия

***

Жүктіліктің жатыр миомасымен қосарлануы кезіндегі көп асқыну – бұл://

+Жүктіліктің үзілу қаупі//

Нәрестенің кемтарлығы//

Жүкті әйелдердің құсуы//

Нәрестенің өлімі

***

Жүктілік кезінде қантты диабеттің клиникалық көрінісінің 1-ші сатысындағы өзгерістер басталады://

+Жүктіліктің 10-шы аптасынан//

Жүктіліктің 24-28 аптасынан//

Босану кезінде//

Босануға дейін 3-4 апта бұрын//

Босанғаннан кейінгі кезеңде

***

Жүктілік кезінде қантты диабеттің клиникалық көрінісінің 2-ші сатысындағы өзгерістер басталады://

Жүктіліктің 10-шы аптасынан//

+Жүктіліктің 24-28 аптасынан//

Босану кезінде//

Босанғаннан кейінгі кезеңде //

Босануға дейін 3-4 апта бұрын

***

Амбулаториялық жағдайда овуляция күні анықталады://

Жатыр қуысынан сорып алу арқылы//

+Базальдық температураны өлшеу арқылы//

Гистероскопия//

Кольпоскопия арқылы//

Кольпоцитология арқылы

***

Екіншілік аменореяның себебі болуы мүмкін://

Жатыр миомасы//

Аднексит//

Пневмония//

+Дене салмағының аздығы//

Хламидиоз

***

Климактериялық кезеңде гормондық гомеостаздың өзгерісі былай сипатталады://

ФСГ мен ЛГ азаюымен//

+ ФСГ мен ЛГ көбеюімен//

Прогестеронның көбеюімен//

Пролактиннің көбеюімен//

Эстрогендердің азаюымен

***

Қалыпты жағдайда менструациялық циклдың ІІ-ші фазасында базалдық температураның жоғарылауына не әсер етеді://

Эстрогендер//

+Прогестерондар//

Андрогендер//

Бүйрекүсті безі гормондары,//

Қалқаншабез гормондар.

***

Перименопаузалық кезең – бұл://

40-45 жас аралығы//

+46-53 жас аралығы//

53-60 жас аралығы//

соңғы етеккірден кейінгі бір жыл//

соңғы етеккірден кейінгі үш жыл

***

Пременопаузаның белгісі://

Эстрогендер деңгейінің төмендеуі//

Эстрогендер деңгейінің жоғарылауы//

+ Прогестерон деңгейінің төмендеуі//

Прогестерон деңгейінің жоғарылауы//

Гиперэстрогенемия, гипоандрогения

***

Гиперпролактинемия сипатталады://

Ана бездердің поликистоздық өзгерістерімен//

Гирсутизммен, безеумен, себореямен//

Галактореямен, аменореямен//

+ Галактореямен, гиперполименореямен//

Эндометридің гиперплазиясымен

***

Етеккір алды синдромның болуы неге байланысты://

Гиперэстрогенияға//

Гипопитуитаризмге//

Гиперандрогенияға//

Гиперпролактинемияға//

+ Жыныстық стероид гормондардың дисбалансына

***

Диспареуния – бұл://

Менструациялық циклдың ортасындағы ауырсыну сезімі//

Етеккір кезіндегі ауыру сезімі//

+Ауырсындыратын жыныстық қатынас//

Жатыр ішілік контрацептивті енгізу кезіндегі ауырсыну синдромы//

Аталғандардың барлығы

***

Бедеуліктің эндокриндік себептерге байланысты екендігіне күмәнданған кезде тексеруді неден бастайды://

+ Пролактинді анықтаудан//

Прогестерондық сынама жасаудан//

Эстрогендік сынама жасаудан //

ФСГ анықтаудан

***

«Қарашық» феномені... байқалады://

Жүкті әйелдерде жедел іш кезінде//

Жүктіліктің үзілу қаупі кезінде//

Миоматозды түйін қоректендіруінің бұзылуы кезінде//

+ Овуляция кезінде//

Жүктіліктің ерте мерзімінде

***

Менопауза – бұл://

етеккірдің 6 ай бойы болмауы//

+ Соңғы етеккірден кейінгі бірінші жыл//

Соңғы етеккірден кейінгі 5 жыл//

Соңғы етеккірден кәрілікке дейінгі кезең//

Менархеден кейін етеккірдің болмауы

***

Бактериялық вагиноз – бұл://

Анаэробты флораның әсерінен болған қабыну//

Аэробты бактериялардың әсерінен болған қабыну//

Анаэробты-аэробты флораның әсерінен болған қабыну//

Аэробтермен қоса хламидиялардың әсерінен болған қабыну//

+ Дисбиотикалық үдеріс

***

Сүйір кондилома дамуы себеп болады://

Анаэробты флораға//

+ Папилломовирустық инфекция//

Хламидиоз//

Герпесвирустық инфекция//

Кандидозбен қосарласқан микоплазмоз

***

Қыз балалардың жыныстық мүшелерінің қабынбалы ауруларының негізгі түрі://

+ Вульвовагинит//

Цервиковагинит//

Эндоцервицит//

Сальпингоофорит//

Жатыр мойнының туа біткен эктропионы

***

Сальпингоофориттің ерекшеліктері... сипатталады://

Жіті бастамамен, жоғары қызбамен//

Пиосальпинкстердің жиі жиналуымен//

Жамбастың ауырсыну сезімі синдромының дамуымен//

+Өшірілген түрлердің басымдылығымен//

Пиелонефритпен қосарласуымен

***

Жатыр мойнының обыралды ауруы – бұл://

+ Дисплазия//

Псевдоэрозия//

Эктропион//

Туа біткен эрозия//

Полипоз

***

Эктопиялық жүктіліктің даму қаупін... жоғарылатады://

ішілетін контрацептивтер//

Құрамында прогестаген бар контрацептивтер//

+ Жатырішілік контрацепция//

Жыныстық қатынастың үзілуі//

Әйел диафрагмасы

***

Эктопиялық жүктіліктің ең жиі кездесетін түрі://

Ана бездік жүктілік//

+ Түтіктік жүктілік//

Жатырлық және түтіктік жүктіліктің қосарлануы//

Құрсақтық жүктілікті//

Іш пердеден тыс жүктілік

***

Контрацептивтерді ұзақ уақыт ішкеннен кейін бақылау керек://

Сүйек жүйесін//

+ Бауыр қызметін//

Нерв жүйесін//

Бүйрек қызметін

***

Жатырішілік контрацептивті енгізуге қарсы көрсетімдер://

Жалған эрозия//

+ Жыныстық мүшеледің қабынбалы аурулары//

Анамнезінде соз болса//

Өттас ауруы//

Варикозды ауру

***

Жатырішілік контрацептивті енгізуге қарсы көрсетімдер://

Семіздіктің ІІІ дәрежесі//

+ Менструациялық циклдың бұзылуы//

Анамнезінде гепатит болса//

Гипертониялық аурудың ІІ Б дәрежесі//

Анамнезінде аяқ веналарының тромбофлебиті

***

Эстроген-гестаген контрацептивтерін тағайындауға қарсы көрсетімдер://

Жатыр мойнының эрозиясы//

Етеккір алды синдром//

Гиперполименорея//

+ Гипертония ауруының ІІ дәрежесі//

Жатыр миомасы

***

Спермицидтер ұрықтануға қарсы қалай әсер етеді://

Жатыр мойнағының рН сілемейін төмендету арқылы//

Қынаптың қышқыл ортасын бейтараптау арқылы//

Овуляцияны басу арқылы//

+ Сперматозоидтардың қозғалысын төмендету арқылы//

Сперматозоидтардың сыртқы мембранасын тығыздау арқылы

***

Менструацияық циклдың тұрақталуы қай факторға тәуелді://

Гипофизден пролактиннің көп бөлінуі//

+ Гипоталамустан гонадолибериннің ырғақты бөлінуі //

Аналық бездерден эстрогендердің ырғақты бөлінуі //

Аналық бездерден прогестеронның ырғақты бөлінуі //

Бүйрекүсті безінен глюкокортикоидтардың көп бөлінуі

***

Ішетін контрацептивтерді... обырының алдын алуы үшін қолдануға болады://

Қынап//

Жатыр түтіктері//

+ Эндометрия//

Жатыр мойны//

Тоқ ішек

***

Түтіктік жүктілікті түтіктік түсік типті бойынша үзілу жүктіліктің мерзімінде қай болады://

11-12 аптада//

9-10 аптада//

7-8 аптада//

+ 4-6 аптада//

Көрсетілгендердің барлығы дұрыс емес

***

Науқаста жатырдан тыс үдемелі жүктілік анықталды. Қабынуға қарсы қандай консервативті ем қолданылады://

+ операция//

Гемотрансфузия//

Көрсетілгендердің барлығы//

Көрсетілгендердің барлығы дұрыс емес

***

Түтіктік жүктілік үзгеннен науқастың жағдайы ауыр болғанда не істеу керек?//

тез арада қан құю//

қан шығып жатқан жерді (жүкті түтікті) тез арада алып тастау//

сенімді гемостаз//

+ Көрсетілгендерден барлығы//

Көрсетілгендердің барлығы дұрыс емес

***

Жатырдан тыс жүктілікке операция жасалынған науқастың уақытша жұмысқа жарамсыздық мерзімі аз болмауы керек://

2-3 аптадан//

+4-5 аптадан//

6-7 аптадан//

8-9 аптадан//

10-11 аптадан

***

Лапароскопия кезінде түтіктік үдемелі жүктілік анықталды. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Дәрігер қолданылатын амал://

+ жедел түрде операция//

операцияны жоспарлы түрде жасауға болады//

консервативті түрде емдеуге болады//

Көрсетілгендердің барлығы дұрыс//

Көрсетілгендердің барлығы дұрыс емес

***

Жатырдан тыс жүктілікке операция жасалынған науқастарды оңалту шараларына кіреді://

Дәрілік заттармен электрофорез жасау//

ультрадыбыстық терапия//

гормондық терапия//

а) мен б)дұрыс//

+ Көрсетілгендердің барлығы дұрыс

***

Жатырдан тыс жүктіліктің жатыр түтігінің жыртылу салдарынан бұзылуы, ереже бойынша келесі симптоматикамен өтеді://

бір жақ мықын аймағында кенеттен пайда болған ауырсыну сезімінің ұстамасы//

ауырсыну сезімінің иыққа берілуі//

жүрегі айну (немесе құсу)//

а) мен в) дұрыс//

+ Көрсетілгендердің барлығы дұрыс

***

Перитониттің клиникалық белгілері://

іштің кебуі//

ішек парезі//

үдемелі тахикардия//

+ Көрсетілгендердің барлығы дұрыс

Көрсетілгендердің барлығы дұрыс емем

***

Жатырдан тыс жүктіліктің түтіктік аборт әсерінен бұзылуы келесі симптоматикамен өтеді://

жыныстық жолдарынан қан аралас мардымсыз шығындылар//

іштің төменгі жағы мен мықын-шап аймағындағы ауыру сезімдер//

қынапты зерттегенде – қосалқылар ұлғайғандығы және ауырғыштығы байқалады//

б) мен в) дұрыс//

+ Көрсетілгендердің барлығы дұрыс

***

Ана без ісігі сабағының бұратылуы бойынша операция жасалынған науқастың медициналық оңалту мынадан тұрады://

қабынуға қарсы сорылу терапиясы//

қалған аналық без функциясының коррекциясы//

еркектік механикалық құралмен контрацепция жасау//

+ Көрсетілгендердің барлығы//

Көрсетілгендердің барлығы дұрыс

***

Шок индексі – бұл://

пульс жиілігінің систолалық мөлшері қатынасы 1-ге тең//

пульс жиілігінің диастолалық АҚ мөлшеріне қатынасы 1-ге тең//

+ пульс жиілігінің систолалық АҚ мөлшеріне қатынасы 1-ге тең//

пульс жиілігінің диастолалық АҚ мөлшеріне қатынасы 0,5-ке тең//

Көрсетілгендердің барлығы дұрыс емес

***

Ана безден қан ағу көзі болуы мүмкін://

сары дене//

ана бездің фолликулалы кистасы//

сары дене кистасы//

+ Көрсетілгендердің барлығы//

Көрсетілгендердің барлығы дұрыс емес

***

Ана бездің апоплексиясы – бұл://

ана безден жіті түрде пайда болған қан ағу//

ана бездің жыртылуы//

ана бездің қанмен қамтамасыз етілуінің жіті түрде бұзылуы//

+ а) мен б) дұрыс//

Көрсетілгендердің барлығы

***

Жатырдан тыс жүктіліктің бұзылуын диагностикалау кезіндегі амалдардың реті://

гемотрансфузия, операция//

терапевтің және анестезиологтың консультациясы, операция//

УДЗ, гемотрансфузия, операция//

+ операция, гемотрансфузия//

Жүрек ауруына ішетін дәрлерді қолдану, гемотрансфузия, операция

***

Перитонит – бұл://

висцералық ішперденің,//

париетальдық ішперденің,//

кіші жамбас шелмайының қабынуы//

+ а) мен б) дұрыс//

Көрсетілгендердің барлығы

***

Гинекологиялық науқасқа перитонит кезінде жасалатын операция көлемі://

жатыр мен қосалқылардың экстирпациясы //

қынап үстілік жатыр мен қосалқылардың ампутациясы //

+ жатыр мен түтіктердің экстирпациясы //

қынап үстілік жатыр мен түтіктердің ампутациясы //

Көрсетілгендердің барлығы дұрыс емес

***

Ішкі жыныстық мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы салдарынан болған «жіті іш» себептері://

жатырдан тыс жүктілік//

ана безі ісігі сабақтарының бұралуы//

миоматозды түйін инфарктісі//

+ б) мен в) дұрыс//

Көрсетілгендердің барлығы дұрыс

***

Инфекциялануға жауап ретінде нәрестеде қабынбалы реакциясы, ереже бойынша, жүктіліктің қай мезгілінде қалыптасады://

8-12 аптада//

12-15 аптада//

16-27 аптада//

+ 28-32 аптада//

33-36 аптада

***

Құрсақтық инфекциялану кезіндегі эмбриопатиялар қай инфекцияға тән://

микотикалық,//

бактериялық,//

+ вирустық,//

паразиттік инфекция//

б) мен г) дұрыс

***

Жүкті әйелде созылмалы пиелонефрит өршіген кезінде, ереже бойынша...://

құрсақтағы нәрестеге трансплацентарлық жолмен инфекция жұғады//

құрсақтағы плацентаға гематогендік жолмен инфекция жұғады,//

нәресте мен плацентаға құрсақ ішінде инфекция жұғады//

+ а) мен б) дұрыс//

көрсетілгендердің барлығы

***

Жүкті әйелдің қызамықпен ауруы... дамуына әсер етеді://

жүктіліктің мезгілінен бұрын үзілуінің,//

+ ұрық дамуындағы ауытқулардың//

ана организмінің ауыр зақымдалуының//

көрсетілгендердің барлығы дұрыс//

көрсетілгендердің барлығы дұрыс емес

***

Жүктілік кезінде қызамықпен ауырған науқасқа акушер-гинеколог қолданылатын амал неге қарап таңдалады://

анадағы клиникалық көріністің ауырлығына,//

+жүктілік мерзіміне,//

қосымша патологияның бар болуына,//

көрсетілгендердің барлығына байланысты.//

көрсетілгендердің барлығы дұрыс

***

Егер жүкті әйел жүктіліктің 32-34 аптасында тұмаумен ауырса, онда оны... дамуы бойынша қауіп-қатер тобына жатқызуға болады://

плаценталық жеткіліксіздік//

нәрестенің созылмалы гипоксиясы,//

босанғаннан кейінгі септикалық инфекция,//

а) мен б) дұрыс,//

+ көрсетілгендердің барлық қауіп-қатер тобына жатқызуға болады

***

Жүктілік кезінде әйел гениталдық ұшықты бірінші рет жұқтырған... жиі байқалады://

өздігінен түсік түсу//

мерзімінен ерте босану//

нәрестенің антенаталдік өлімі//

+ көрсетілгендердің барлығы//

Көрсетілгендердің барлығы дұрыс емес

***

Жүктіліктің І триместрінде тұмаумен ауру кезінде келесідей асқынулар болуы мүмкін://

ұрық дамуындағы ауытқулар//

құрсақ плацентаға инфекция жұғуы//

өздігінен түсік түсуі//

а) мен в) дұрыс//

+ көрсетілгендердің барлығы

***

Босанғаннан кейін ревматизмнің өршуі... болады://

Жиі//

+ сирек//

ереже бойынша//

ешқашан

***

Жүктілік кезінде ревматизм өршуінің қауіпті кезеңінің болуы неге байланысты://

нәрестенің өсуіне//

жүрекке түсетін жүктеменің көбеюіне//

+ гиперволемияның дамуына//

анемияның дамуына//

а) мен г) дұрыс

***

.Жүктілікке қарсы көрсетулері://

ревматизмнің жіті және жітілеу ағымы//

егер соңғы ревматизмдік атакадан кейін 6 айдан аз уақыт өтсе//

баяу ағымды ревматизм//

үздіксіз қайталамалы ревмокардит//

+ көрсетілгендердің барлығы

***

Жүкті әйелде жүрек ауруының сенімді белгісі... қарау керек://

Ентігуді//

жүрек мөлшерінің айқын ұлғаюын//

жүрек аймағында систолалық және диастолалық шуылдың болуын//

жүрек соғысы ырғағының бұзылуы//

+ көрсетілгендердің барлығы

 

 

Акушерство және гинеколгия пәні бойынша 4 ші курсқа арналған тесттер


Дата добавления: 2015-03-04 | Просмотры: 2392 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.265 сек.)