АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Курс Жалпы медицина. Отбасын жоспарлау сұрақтары бойынша тиімді кеңес жүргізуде студентке ескертпе
Жалпы медицина
Отбасын жоспарлау сұрақтары бойынша тиімді кеңес жүргізуде студентке ескертпе.
Жалпы ұсыныстар:
· Науқаспен сөйлесу барысында шыдамдылық танытыңыз.
· Сыпайылық қарым – қатынаста болыңыз.
· Отбасын жоспарлаудың барлық тәсілдерін жақсы біліңіз
· Науқасқа кеңес беру барысында алынған мәлімттердің барлығы құпия түрде сақталатындығын түсіндіріңіз.
· Науқастың сөзін бөлмей, зейін қоя отырып тыңдаңыз.
· Тек маңызды мәліметтерді жеткізіп,қысқа сөйлеңіз.
· Орынды сұрақтар қойыңыз
· Жәй қысқа «ИЯ» немесе «ЖОҚ» деумен шектелмейтін, сұрақты толық жауап беретіндей етіп қойыңыз.
· Науқасты сұрақ қоятындай етіп көңілін өзіңізге аударыңыз
· Науқасқа түсінікті тілде сөйлеңіз
· Анық инструкция беріңіз
«Астана Медицина Университеті» АҚ
Акушерия және гинекология кафедрасы.
курс Жалпы медицина
Станция: ОҚКЕ Жанұяны жоспарлау бойынша сұрақтарға кеңес берудің коммуникативті дағдылары
№
| Бағалау дағдысындағы критерий
| Балл бойынша баға
|
| Науқаспен сәлемдесу
| Науқаспен сыпайы түрде сәлемдесу
Отыруын өтіну
Науқасқа өзін таныстыру
Науқастың атын және жасын сұрау
Қандай мақсатта келгенін сұрау.
|
| Науқастың өмірінен қысқа анамнез жинау
Репродуктивті мақсатын анықтау
| Технологияны пайдалана отырып науқастан жүктілік пен босануларының санын, тірі балааларының санын, олардың жастарын сұрау керек. Анамнезінде операция немесе жарақаттардың, ЖЖБА болған-болмағандғын анықтау.
Науқастан оның репродуктивті мақсатын сұрау: әлі қанша бала болуын қалайды, жүктілік арасында үзілісті қалай ма, келесі босануын қашанға жоспарлайды, контрацепцияның қандай түрін пайдаланған.
Қосымша: бұрын отбасының жоспарлауда - қандай әдістерін қолдагғанын: қаншалықты ұзақ пайдаланғанын, неге тоқтатылды,қолданғанда жағымсыз жайларды анықтау.
Емшекпен қаншалықты жиі емізеді, қосымша тамақ немесе су беретіндігін анықтау.
Ұсыныстар: науқаспен сөйлесу барысында мынадай қалыпты таңдау керек: науқасқа басын бұрып, денесін босаң ұстап, еркін отыру. Ашық сұрақтар қолданып, науқастың сөзін бөлмей мұқият тыңдау. Сөйлеу ырғағын сәл бәсеңдетіп, аздап үзінді жасап, сыпайы түрде әңгімені маңызды тақырыпқа ауыстыру керек.
|
| Науқасқа отбасын жоспарлаудың әдістерін ұсынды.(лактационды амонарея тәсілін)
| Лактационды амонарея тәсілі туралы айту: туғаннан кейін 6 ай ағымында қолдануға болады, бұл әдіс жыныстық қатынаспен қатынасы, жанама әсері жоқ, қаралудың қажеті жоқ, тегін, оңай қолданылады.
Әдістің тиімділігі 98%, ана сүтімен баланы емізгенде, жыныс жасушасының жетілуіне қажетті гормондардың
түзілуін тежейді.
|
| Осы тәсілді дұрыс қолдануды үйрету.
| Науқасқа осы тәсілді дұрыс қолдануын үйрету: баланы емізу күніне 6-10 рет, түн мезгілінде кемінде 1 рет болуы тиіс.Емізу арасы 6 сағаттан аспуы керек. Қосымша тамақ қолданбау қажет.
|
| Кемшіліктерін айту
| Әдістің кемшіліктерін айту. Бұл тәсіл тек туғаннан кейін 6 айға дейін тиімді. Ол ЖЖБА, ЖИТС (СПИД) қорғамайды. Қосымша тамақ қолдану мен емізу аралығы ұзарса әдіс тиімділігі бұзылады. Егер етеккірі келген жағдайда гинекологқа тексеріліп, әдісті жалғастыру мүмкіндігін сурау.
|
| Науқастан инструкцияны қайталауын өтіну
| Ақпаратты дұрыс меңгеру мақсатында науқастан нұсқауларды қайталауын сұрау.
|
| Науқастың әдіс туралы түсінбеген сұрақтары бар ма, егер бер болса жауап береміз.
| Науқастан сұрақтарын немесе күмәндерін сұрау, бар болса жауап беру.
|
| Науқаспен сыпайы түрде қоштасу
| Науқаспен сыпайы түрде қоштасып, кез келген уақытта. Сізге келе алатынын айту.
|
«Астана Медицина Университеті» АҚ
Акушерия және гинекология кафедрасы.
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 578 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 |
|