АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Билет № 2

1.Афтотрофты организмдер мен гетеротрофты организмдердің өзара ерекшеліктері.

Автотрофты ағзалар (гр. autos — өзі және trophй — қорек) аутотрофты организмдер — қоршалған ортадағы бейорганикалықзаттардан фотосинтез немесе хемосинтез процесі нәтижесінде тіршілігіне қажетті органикалық зат түзетін организмдер; химиялық реакциялар барысында босайтын энергияларды немесе сәуле энергиясын пайдалана отыра органикалық емес қоспалардан органикалық заттарды синтездеуші ағзалар. Автотрофты ағзаларға кез-келген жасыл өсімдіктер жатады. Автотрофты ағзаларгетеротрофты ағзаларға қарама-қайшы. Автотрофты ағзаларға жоғары сатыдағы өсімдіктер, балдырлар, кейбір бактериялар жатады. Автотрофты бактериялар минералды заттардан (H2S NaNO2 NH4 OH) органикалық қосылыстар түзеді. Бұл процесс химиялық реакциялар (хемосинтез) нәтижесінде атқарылады. Мысалы, топырақтағы нитросомонас және нитробактериялар аммиакты тотықтырып, азот қышқылының тұзына айналдырады да, одан босаған қуатты өз денесінің құрамына енетін заттарды түзуге пайдаланады. Кейбір Автотрофты ағзалар витаминдер мен өсуіне қажетті өзге де заттарды қоршаған ортадан алып отырады. Автотрофты ағзалардың басым көпшілігі СО2-ні қалыптастырғыш пентозофосфаттық жол арқылы, ал бактериялардың кейбір түрлері (мысалы, метан түзушілер) СО2-ні басқа жолмен сіңіреді. Осыған байланысты көміртегі көзі ретінде метанды пайдаланатын бактерияларды да автотрофты ағзаларға жатқызу жайлы пікірлер бар. Автотрофты ағзалардың табиғатта маңызы өте зор. Олар адам мен жануарлар түзе алмайтын органикалық заттарды жинақтайды. Автотрофты ағзалар — биосферадағы органикалық заттардың бастапқы өндіргіштері (продуценттері). Табиғатта фотосинтездеуші автотрофты ағзалар ерекше орны алады, себебі олар биосферадағы органикалық заттардың басым бөлігін (жылына шамамен 162. 100 т), ал оның 2/3-ін жер бетіндегі өсімдіктер түзеді. Басқа автотрофты ағзалар үлесі онша көп емес. Автотрофты ағзалар әрекеті басқа организмдердің тіршілігіне және де табиғаттағы заттардың биогеохимиялық айналымына маңызды ықпал етеді. Автотрофты ағзалар тағамдардық заттарды бүлдірмейді

Гетеротрофты ағзалар (грек. heteros – басқа, жат, trophe – қорек) – негізінен дайын органик. заттармен қоректенетінорганизмдер. Олар өз денесінің құрамын бейорганик. заттардан түзе алмайды. Гетеротрофты ағзаларге адам және барлық жануарлар, паразиттік жолмен тіршілік ететін өсімдіктер, саңырауқұлақтар, көптеген микроазғалар жатады. Гетеротрофты ағзалар энергияны органик. заттардың биол. тотығуының арқасында алады. Гетеротрофты ағзалардің қоректенуіне қарай үш түрі болады: сапрофитті немесе осмотрофты Гетеротрофты ағзалар – түрлі ағзалардың тіршілік әрекеті нәтижесінде ыдыраған немесе бөлінген өнімдермен қоректенетін азғалар (ашытқылар, зең микробтары, көптеген бактериялар); голозойлы немесе анимальды Гетеротрофты ағзалар – басқа ағза денесімен қоректенетіндер; паразиттік Гетеротрофты ағзалар – басқа ағза денесіндегі сөлдермен қоректенетін азғалар. Табиғатта аралас қоректенетін түрлері де бар, мыс., арам шырмауық басқа өсімдікке жабысып тіршілік етеді. Жасыл евглена денесінде жасыл пигменттер (хлорофилл) болғандықтан жарық кезде ол автотрофқа, ал қараңғыда – гетеротрофқа айналады. Гетеротрофты ағзалар күрделі органик. заттарды ыдыратып және минералдандырып отыратын табиғаттағы зат алмасуда маңызды рөл атқарады. Гетеротрофты ағзалар автотрофты азғалармен бірігіп, табиғатта біртұтас биол. жүйені құрайды.


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 2197 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)